Дипломдық ЖҰмыс 5В010800- мамандығы Дене шынықтыру және спорт мазмұны кіріспе 7



бет17/22
Дата29.04.2023
өлшемі2.01 Mb.
#473008
түріДиплом
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
dip -zhas-futbolshylardyn-tozimdilikke-tarbieleu-dayyndygynyn-adistemesi-2015-53

Футбол добымен
1. 10, 20 және 30 м қашықтықта допты тез енгізу. 3-4 рет қайталау.
2. Қолмен допты ұру, соңынан доппен ұмтылу, бірден жайлап бастапқы жағдайға келу. 3-4 рет қайталау.
3. Допты жаймен енгізу. Сигнал арқылы допты aлға бағыттап, ұмтылыс жасау. Допты тоқтатып алып, оны жаймен қақпаға енгізуді қайталау. 3-4 қайталау.
4. Аяқпен допты жерге түсірмей ойнау. Әріптестің сигналы бойынша айналу және допты, 20-30 м қашықтыққа апару. Үзілістен соң жаттығуды қайта қайталау.
5. Ойыншының біреуі допты тура апарып, допты бағыттайды да өзі шетке тұрады. Оның әріптесі допқа ұмтылып, оны тоқтатып, кері қарай жай темппен ендіреді т.б.
6. Екі ойыншы бір-бірінен 5 м қашықтықта тұрады. Біреуі допты әріптесіне бағыттайды. Ол допқа ұмтылып, ұстап алған соң айналады да допқа тағы да ұмтылыс жасайды. Мұнан соң екеуі орын алмасады, 3-4 рет қайталайды.
7. 10-12 қадам қашықтықтағы жатқан допқа ұмтылыс жасау және көзделген орынға түсіру үшін соққы беру. 4-5 рет қайталау.
8. Допты әкеле жатып, бірден тоқтау және жан жаққа 5-6 қадамға ұмтылыс жасау. 5-6 рет қайталау.


2.4 Күшті дамыту жаттығулары

Футбол алаңында ойыншы допты дұрыс қағу үшін, көзделген мақсатты дәлдеу үшін, әріптесіне допты дәл беру үшін және т.б. әрекеттерді жасау үшін күш жұмсау керек.


Күш - бұл ойыншының бұлшық ет көнегімен сыртқы кедергілерге төтеп бере алу қабілеті. Футболшы үшін негізінен аяқ күштерін дамыту қажет. Бірақ жаттығу барысында, аяқпен қатар, мойын иық, арқа, іш бұлшық еттерінің күштері дамуына назар аудару керек. Футболшы допты ұруда қағуда ұмтылыс жасауда кілт бұрылуда қажетті күштерді игеруі керек.
Күштің даму темпі негізінен кішкентай, және жасөспірім кездерде байқалады. 8 ден 9 жас, 10-11 жас және 14-15 жас. 8-11 жаста акробатикалық, гимнастикалық және секіру жаттығуларын орындау керек.
12-14 жастағылар үшін динамикалық жаттығуларды жасаған тиімді. 15-16 жастағылар үшін жаттығулар мөлшерін біртіндеп арттыра бастайды.
Әрбір жаттығудан кейін, қысқаша демалу керек (20-З0с). Үзілісте дем алу жаттығуларын жасау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет