Дипломдық ЖҰмыс 5В011100 «Информатика»



бет3/15
Дата04.10.2022
өлшемі1.75 Mb.
#461928
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Битас Серикболат 1

Диплом жұмысының мақсаты – ЖОО мекемелерінің студенттеріне арналған информатикадан ең жақсы электронды оқыту құралын жасау, аспаптық құралмен тәжірибені игеру, мультимедиалық технологиясымен таныстыру, сонымен қоса өзге программаларды қосу арқылы электронды оқыту бағдарламасын құру.
Дипломдық жұмыста Delphi программалау ортасы мен оның мүмкіндіктерін және принциптерін оқыту бағдарламасын жасауда қарастыру және жаңа бір үлгідегі электрондық әдістемелік құрал жасау.
Білім жүйесіне электрондық оқулықтарды енгізу мынадай міндеттерді шешуге бағытталған:

  • оқытудың сапасын арттыру арқылы қоғамның интеллектуалдық деңгейін көтеру;

  • компьютерді студенттің өз бетімен білім алу машығы мен қажеттілігін құрайтын, белсенді шығармашылық еңбегінің тиімділігін арттыруда пайдаланудың әдістерін көрсету;

  • оқытудың міндетті мерзімін қысқарту, қалған уақьтты тиімді пайдалану;

  • студенттердің Интернетпен практикалық жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

Ғылыми жаңалығы: Delphi-де компьютерлiк оқыту жүйесi жасалынды.
Практикалық базасы: Шымкент қаласы, №72 С.Нұрмағамбетов атындағы ЖОББМ КММ
Диплом жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кiрiспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен және қосымшадан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің ғылыми аппараты, тақырыптың көкейкестілігі, зерттеу жұмысының мақсаты, объектісі, пәні, болжамы мен міндеттері, жетекші идеясы, зерттеу әдістері, оның ғылыми жаңалығы, практикалық маңыздылығы, тәжірибеге енгізілуі қарастырылады.
Дипломдық жұмыста негізінен екі бөлім қамтылған. Бірінші бөлімде, электронды оқыту бағдарламалары туралы түсінік, электронды оқыту бағдарламаларын оқулықты пайдалану саласы, электронды оқыту бағдарламаларының құрылымдық жолдары, электронды оқыту бағдарламаларын жасау құралдардың топтастырылуы, электрондық оқулыққа қойылатын талаптар қарастырылған.
Екінші бөлімде Дипломдық жұмыста қойылған тапсырманы шешу үшін программалық Delphi программалау ортасымен танысу, оның принциптері мен мүмкіншіліктері туралы, сонымен қоса Delphi программалау ортасында жоба құру сипаттамасы қаралған. Информатикада компьютердің қолданылуы, компьютерлік оқыту жүйелерін пайдалану, Delphi программалау ортасында «Delphi-де компьютерлiк оқыту жүйесiн жасау» атты компьютерлік оқыту құралын жасау қарастырылған.
Қамсыздандыруды жүзеге асырудағы Delphi программалау ортасы және объектілері, теориялық бөлімде Web-беттерін жобалау, интерфесін жобалауға графикалық және анимациялық бағдарламалар, тестілеуге арнайы сценарий құруға арналған алгоритмдер қолданылған.
Қорытындыда зерттеу жұмысының нәтижесi және оны қолдану нұсқаулары келтiрiлген.
Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнде жұмыста талданып қарастырылған мәселеге қатысты әдебиеттер көрсетiлген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет