Delphi курсының мазмұнын құрылымдау иерархиялық деңгейлерге бөлiнген құрылымдық бiрлiктерге жiктеу, олардың көлемдiк сипаттамаларын бағалау және пән мәселелерiнiң ашу т.с.с. оқу-әдiстемелiк жұмыстарды түрлендiрумен, жүйелеумен сипатталады.
КОҚ-ның құндылығы оның қолданыс аумағының көп бағыттылығына байланысты болады. Мазмұн тарапынан көп бағыттылық үш аспектiнi қамтиды:
оқу материалының түрлі деңгейде жүргiзiлуi;
түрлі мамандықтар мен пәнаралық байланыс;
оқушының бастапқы дайындығының түрлі деңгейi.
Көп бағыттылықты аспектiлерiн жүзеге асыру үшін КОҚ-сiн пайдаланудың сәйкес деңгейлерiн енгiзу қажет. Программаны бөлшектеу осы деңгейлердi ескере отырып орындалады.
КОҚ мазмұнын құрылымдаудың базалық екi принципi бар:
тақырыптық;
уақыттық (оқу процесiнiң барысында шешiлетiн педагогикалық мәселелер бойынша).
Бiрiншi принцип дәстүрлі оқулық мазмұнына ұқсас келетiн пәннiң иерархиялық құрылымы болып табылады. КОҚ құрамында ол мамзұн блогында жүзеге асырылады. Тақырыптық құрылым мазмұнның негiзгi компоненттерiнiң құрамы мен бағыныштылығын бейнелейдi.
Пән мазмұнын құрылымдаудың екiншi тәсiлi бойынша, ол құрылымдық бiрлiктердiң тiзбегiне бөлшектенедi. Бұл оқу сабақтарына ұқсас (лекциялар, жаттығулар, аралық бақылаулар, т.с.с.) болып келедi. Мұндай құрылым оқытуды Ұйымдасқан түрде өткiзудiң әдiстемелiк бағытталған және дәстүрлі құрлымы болып табылады.
КОҚ-сiнде жоғарыда атап өтiлген принциптердiң екеуiн қатар пайдаланған тиiмдi. Яғни мазмұн алдымен тақырыптық негiзде құрылымданады, сонан соң бұл құрылымға әдiстемелiк бағытты бейнелейтiн уақыттық принцип iске асырылады.
1-кестеде екi принцип бойынша құрылымданған «Delphi» курсының мазмұны келтiрiлген.
1 – кесте «Delphi» курсының мазмұны
Достарыңызбен бөлісу: |