Дипломдық жұмыс Қазақ тіліндегі омоним, синоним, антоним аффикстерді оқытудың амал-тәсілдер


Мәтінді түсініп, төмендегі кестені толтырыңыз



бет36/41
Дата28.05.2022
өлшемі296.95 Kb.
#458746
түріДиплом
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
диплом-Жупар

Мәтінді түсініп, төмендегі кестені толтырыңыз.

Сөздер

Синоним

Антоним

Дүниеге келу
Сауат ашу
Жұмыс
Ат салысу
Қамқорлық
Екіжүзділік
Тұңғыш
Шығармалары









24-тапсырма. «Қазақ пен қонақ» өлеңі бойынша «Қазақ қандай халық?» деген сұраққа сызба бойынша синонимдермен жауап беріңіз.



2.3. Антоним аффикстерін оқытуда тиімді амал-тәсілдер
Қазіргі қоғам талабына сай баланың ой-өрісін дамыту, біліктері мен шеберліктерін қалыптастыру, оны өз тәжірибесінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, ой дербестігін кеңейту, заман сұранысына сай ізденімпаз тұлғаны қалыптастырудың бірден-бір жолы - 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу екендігін әлемдегі өркениетті елдер мойындап отыр. Сондықтан да тәуелсіз Қазақстанда да 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу үшін талпыныстар жасалып жатыр.
Білім беру жүйесіндегі реформаның мақсаты - қазіргі қоғамдағы түбегейлі өзгерістерге сәйкес, ХХІ ғасыр мектебін жаңарта отырып, алған білімі мен біліктерін өмірде шығармашылық тұрғыда қолдана алатын, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Ол бүгінгі заман талаптарынан туындап, болашақ мамандардың даярлығын жетілдіруді көздейді. Олай болса, педагогтардың алдында тұрған бірден–бір мақсат – оқушылардың алған білімдерін, түрлі өмірлік жағдайда қолдана білетін, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды қатар меңгерген, өзіндік көзқарасы бар, азамат болып жетілуіне көмектесу.
Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. Бүгінгі жаңа қоғамдық формациядағы мектеп пен мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселелер «Баланы оқуға қалай үйрету керек?», «Ойлауға қалай үйрету керек?», «Қалай өз өмірінің менеджері болуға үйрету керек?» деген сұрақтарға жауап табатындай, білім нәрін беруге бағытталып отыр. Сонымен қатар оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады.[ ]
Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының (Астана, 2000 жыл) 18-бабының 8-тармағында: «Оқытудың жаңа технологияларын сынақтан өткізу, білім берудің жаңа мазмұнын енгізу үшін білім беру ұйымдарында эксперимент тәртібімен іске асырылатын білім беру бағдарламалары әзірлену мүмкіндігі», - атап көрсетілген [ ]
Міне, осы тұрғыда оқытудың жаңа технологиясын меңгеру мұғалімнің интелектуалды, кәсіптік, адамгершілік - рухани азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытады, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Ғалым М.Чошанов «Оқытудың технологиялары – дидактикалық жүйенің құрамдас, процессуалдық бөлігі»- деп көрсеткен болатын.[ ]
Жалпы, «технология» ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдебиеттердегі ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. «Технология» ұғымы грек тілінен енген екі сөзден тұрады: «техне»-өнер, шеберлік, «логос»-білім, оқу, ғылым деген мағыналарды білдіреді. Сондықтан, «технология» терминін қазақ тіліне «өнер туралы ғылым» немесе «шеберлік туралы ғылым» деп аударуға болады.[ ]
Еліміздегі әлеуметтік- экономикалық өзгерістер мен бүкіл өркениетті әлемдегі ақпараттық даму білім берудің дәстүрлі қалыптасқан жүйесін, әдістері мен технологиясын қайта қарауды талап етуде. Осыған орай, оқытудың әр түрлі технологиялары жасалынып, білім беру мекемелерінің тәжірибелеріне енгізілуде.
Сондықтан болар қазіргі таңда мектептердің іс-тәжірибелеріне дамыта оқыту жүйесі кеңінен енгізілуде. Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұштау, тұлғалыққа бағыттау.
Жалпы «дамыту», «даму» терминдеріне баланың белгілі мөлшерден шығып, саналы іс - әрекет сатыға ауысуы деп анықтама беріледі.[ ]
Дамыта оқыту технологиясын көрнекті ғалымдар Л.С Выготский, М.Я.Лернер, Л.В.Занков, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин толық зерттеп, дәлелдеген. В.В.Давыдов «Дамыта оқыту дегеніміз – ақыл – ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысы» - дейді.[ ]
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің осы кезге дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, білім алуға деген ынтасы артып әрекет жасайды.
Дамыта оқыту технологиясын қолдану - болашақ маманның ізденушілік - зерттеушілік және білім алуға деген ынта-ықыласын арттырып, кәсіби белсенділігі мен қызығушылығын молайтады.
Дамыта оқыту жүйесінің қағидаларын ұстанған машықтанушылар алған теориялық білімдерін саралап, қандай нәтижеге қол жеткізгендігін тексеріп, тәжірибе жүзінде толықтырды. Дамыта оқыту технологиясын қолдану барысында студенттер өз пікірін айтуға, оны дәлелдеуге, салыстыруға, болжам жасауға, қорытынды жасауға және өз білімін қажетінше орынды пайдалана білуге үйренді.
Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақ түрлері оқушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыруға өз септігін тигізеді. Заман талабына сай 12 жылдық орта білім беру мазмұнында мынадай түйінді құзыреттіліктер атап көрсетілген:
- проблемалардың шешімін табу;
- ақпараттық;
- коммуникативтік құзыреттіліктер.[ ]
Қазақстан Республикасы Жалпыға міндетті мемлекеттік стандартының жобасында: «Құзыреттілік – оқушылар іс-әрекетінің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі» деп көрсетілген.[ ] Олай болса, бастауыш сыныптардан бастап дамыта оқыту технологиясын қолдану оқушының түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыруға негіз болады.
Осындай түйінді құзіреттіліктердің шешімін табу оқу–тәрбие үдерісінің барысында, оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде ғана болады. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын дәлелдей білуге үйретіліп, әр оқушыға өз ойын, өз пікірін айтуға мүмкіндік беріледі. Мысалы: антонимдерді оқытуда проблеманың шешімін табу құзыреттілігіне (өзіндік менеджмент) байланысты берілетін тапсырманың үлгісін ұсынсақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет