15-тапсырма. Көп нүктенің орнына мәтіндегі сөздердің синонимін қойып жазыңыз.
1.Бақытжан Бейсәліұлы Қаратаев – 1860 жылы 10 мамырда Қаратөбе
ауданы Ақбақай ауылында ... келді. 2. Қазақтың ... заңгері, көрнекті қоғам қайраткері, ағартушы-демократ. 3. Санкт Петербург университетінің заң факультетіне түсіп, 1890 жылы алтын медальмен ... 4. Бақытжан Қаратаев – езілген халықтың құқын қорғауда көп ... заңгер.
Қажетті сөздер: өмірге, алғашқы, аяқтайды , тер төккен
16-тапсырма. Берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз.
Берік, өмірі, батыр, дархан, әдемілей отырып, кемшілігін(олқылық, ақау, кемістік), мұңын.
«Қадыр Мырза Әли – ұлт ақыны. Қазақ деген тегі мықты, тарихы бай, тағдыры күрделі, түйсігі мың қатпар, қалтарысты, астарлы, тысты, алапат тілді, қабілетті қаһарман, қайсар халықтың тұңғиығына бойлап, кеңдігіне кепіл боп, бітімімен біте қайнасып, ұлылығын, рухын, ар-ұятын, үмітін барынша әспеттей отырып, кемшінің мінін, қайғысын, сорын азаматтық тұрғыда қазып айта алған, сыншыл да ойшыл ақын. Ұлы ақын».
Күләш Ахметова
17-тапсырма. Берілген сөздердің синонимін тауып, сөйлем құраңыз.
Бірсыдырғы ,жігерсіз, тартымды, әсерлі, тұжырымды.
18-тапсырма. Синонимдік қатарға назар аударыңыз.
Құдірет, құдіреттің күші, керемет, ғажап, қасиетті күш
Ақтау, жақсылыққа жақсы іспен жауап беру, өтеу
Мерей; абырой, атақ, мәртебе
Қара ниет, арам ойлы, ойы бұзық
Кеңпейіл, қолы ашық, жомарт, мырза
Кез келген, кім болса сол, кім көрінген
Ізгі қызмет, адал қызмет
Сағын сындыра алмау, бетін қайтармау
Тыныш, алаңсыз, уайым-қайғысыз
Ырыс, мол байлық, береке
19-тапсырма. Берілген сөздердің синонимдік қатарын табыңыз.
Ақпарат –
Нәтиже –
Сенімді –
Сипаттама -
20-тапсырма. Берілген сөйлемдерді оқып, жақшаның ішіндегі синонимдердің мәнмәтінге лайықтысын алып, көшіріп жазыңыз.
Қазақстанда Интернет, кабельді теледидар ( қарқынды, жылдамдатып, тез-тез, асығыс) түрде дамуда. 2006 жылғы бірінші тоқсанның (соңындағы, аяғындағы, бітуге тақаған кездегі, ақырындағы) жағдай бойынша Қазақстанның (аумағында, аясында, ішінде, территориясында) кабельді және эфирлі-кабельді теледидар желілерінің 80 нен астам операторы қызмет етеді. Республиканың ақпараттық нарығында (қазіргі, жаңа бүгінгі, модернизацияланған, жаңашыл) заманғы технологиялар (кеңінен, молынан) пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |