Дипломдық ЖҰмыс (жоба) 5В050200 Саясаттану



бет3/14
Дата03.09.2023
өлшемі122.36 Kb.
#476456
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Диплом Политология

Өзектілігі: Дипломдық зерттеу барысында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының бекітілген қағидаттарын жергілікті жерлерде іске асыру сапасын, оның штаттық режимдегі жұмысын және ауылдық округтер әкімдерінің менеджментін арттыруға мүмкіндік беретін бағыттарды теориялық тұрғыда айқындау бағытында жұмыс атқарылды. Сондай-ақ, билік пен қоғам арасындағы саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайдың жақсаруына әсер ету факторлары қарастырылды.
Зерттеу жүргізу кезінде негізгі шектеу барлық мүмкін ақпарат көздерін талдауға мүмкіндік бермейтін уақыт шеңберлері болып табылады. Сондықтан бастапқы дереккөздермен – мемлекеттік органдардың ашық дереккөздерде орналастырылған ресми деректерімен жұмысқа, сондай – ақ тәуелсіз дереккөздерді-зерттеу орталықтары мен халықаралық ұйымдардың материалдарын талдауға баса назар аударылатын болады.
Азаматтық қоғамның тиісті құрылымдарын қалыптастыру және дамыту үшін халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет. Кеңес қадағалау және тексеру органын құру және тіркеу бойынша жұмыс жүргізу. Мәслихаттар сайлаған әкімдердің мерзімі өткеннен кейін тікелей халыққа ауылдық округ әкімдерін сайлауға мүмкіндік беру. Мемлекеттік қызметте де, жеке меншік ұйымдарда да жоғары білім мен жұмыс тәжірибесін негізге ала отырып, ауылдық округ әкімінің орнына кандидаттарға қойылатын талаптар оңайлату жағына қарай өзгертілуі қажет. Осы теориялық тұжырымдарды дипломдық зертеу жұмысы барысында дәлелдеу міндетке алынды.
Зерттеудің мақсаты: Жергілікті билік институттарының қалыптасу негіздерін талдай отырып, саяси билік жүйесіндегі рөлін анықтап, жан-жақты талдау және тұжырымды идея ұсыну.
Зерттеу обьектісі: Қазақстандағы жергілікті билік институттары.
Зерттеу пәні: Саясаттану.
Зерттеудің міндеттері:

  • жергілікті маңызы бар мәселелерді халықтың өз бетінше шешуін қамтамасыз ететін азаматтардың қызметін ұйымдастыру бойынша жұмыс сапасының деңгейін анықтау, зерттеу;

  • жергілікті билік институтын дамытуға жағдай жасау үшін жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілді, атқарушы органдары қабылдайтын шаралар кешенін зерделеу;

  • жалпы жергілікті билік жұмысын дамытуды іске асыру кезінде туындайтын мәселелердің субъективті және объективті себептерін анықтау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет