Түсінік хат.
Ағылшын тіліндегі оқушылардың ауыз екі сөйлеу мәдениетін қалыптастыра отырып ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттырады.
Жалпы үйірме-бұл балалардың жақсы көретін көрінісі. Ол балаларды өзінің әсемділігімен, динамикасымен қызқытырады, балалар өздеріне таныс бейнелермен жүздеседі: аю,қоян,ит,т.б. Көрініс өзіндік ерекшелігімен балаларды қызықты, сырлы әлемге бірден баурай кетеді.Бұл үйірме балаларға көп қуаныш, жағымды эмоция әкеледі. Бұның тәрбиелік мәні өте зор. Оқушылар үшін маңызды уақыт. Себебі осы уақытта оның талғамы, көз-қарасы, қызығушылық қалыптаса бастайды,сондықтан балаға достық, шыншылдық, өзаратүсіністік,тапқырлық, қайсарлық, т.б. мінез ерекшеліктерін үлгі ретінде көрсету маңызды. Осындай мақсаттарды іске асыруда септігін тигізеді. Бұл адамдарға бірталай әсер етеді: көркем образдар-персонаждар, безендіру мен әуен- бұның бәрі іспеттес. Баланың нақтылы ойлауын жеңілдетеді, әдеби шығарманың мазмұнын дұрыс, қанық түсінуге көмектеседі және оның көркемдік талғамының дамуына ықпалын тигізеді.. Шеберлікпен, образға кіріп ойнаған қойылым жағымсыз қылықтарды бағалауға ал жағымды кейіпкерге ұқсағысы келуі сезімін тудырады. Театрда көргені баланың дүниетанымын дамытып, мәңгілікке есте қалады. Балалар көрген-білгенін ата-анасына, жолдастырына айтады, сөйтіп ағылшын тілінде ой-өрісі дамып, өзінің сезімін білдіру машығы қалыптасады. Балалар салған суреттерінде қойылым эпизодтарын бейнелейді, ермексазбен мүсіндеп, өзара қойылымдар қоюға жетелейді. Бұндай ойындар шығармашылық күш пен балалардың қабілеттерін дамытады. Осылайша, баланың жан-жақты дамуына ықпалын тигізеді.
Мақсаты:
-Балаларды театр әлемімен таныстыру;
-«Образға кіру» туралы түсінік беру;
-Театр әлемінің есігін паш ету;
Бағдарламаның міндеттері:
-Театрды өнер ретінде таныстыру;
-Кітап оқу қызығушылығын арттыру;
-Сөйлеу тілін, дүниетанымын дамыту;
-Сезімін білдіріп, көпшілікте сөйлеп, өзін-өзі ұстауды үйрету.
-Балалардың өмірін қызықпен, қуанышпен толтыру;
-Театр қойылымдарында меңгерген машықтары мен біліктерін күнделікті өмірде қолдануын талап ету.
Педагогикалық қағидалар:
-Баланың оқуына дифференциалды қатынас, оның жас және тұлғалық ерекшеліктері мен қабілеттерін ескеру;
-Баланың мектептегі, жанұядағы орны;
-Тұлғалық ерекшелігін сыйлау;
-Пәндік оқу әдістерін үйрету;
-Жетістіктері мен шығармашылығын марапаттау;
-Көркемдік шешімдерді өз бетінше ізденуі;
-Әртүрлі іс-әрекеттерге қатысу мүмкіндіктерін жасау.
Ұйымдастырылуы
Бұл үйірмеге 20 балаға дейін қатыса алады. Бұл көрсеткші санитарлық-гигеналық нормаға сай.
Бұл өнерді балалар біртіндеп меңгереді. Тарихын меңгереді, Актерлік қабілеттерін ұштайды. Образға енуді үйренеді. Мұғалім қойылымның көркемдік жағына, безендірілуіне, қойылуына көп көңіл бөлуі керек. Сабақтардың ұйымдастырылу тәсілдері әртүрлі болады.
Жұмыс түрі:
а) Ауызша сөйлеу әдісі (лекция, түсіндіру, консультация)
б) Көркенілік әдіс
в) Жобалық әдіс (жоба жасақтау,жоспарлау жүзеге асыру)
г) Танымдық («Миға шабул», защита проекта)
Театрдлың негізгі жұмысы топтық, жұптық және жеке жұмыстану.
Шығармашылық процесы төмендегідей кезеңдерден тұрады.
I. Дайындық кезеңі : қойлымдардың тақырыбын талдау, қатысушылар тізімін анықтау, рөлдерге бөлу, сценарий құру, қойлымға қажет костьюмдер дайындау.
II. Негізгі кезең:
1.Мәтінмен жұмыс:
а) мәтінді оқу аудару;
б) рөлге бөліп оқу,
в) Лексикалық-граматикалық қияндық туындаған кезде жаттығулар орындау;
г) Мәтін оқу кезінде кейіпкерлердің мінез құлқын талдау, сай рөлге ену.
2.Дайындық:
а) Дауыс ырғағына жаттығулар;
б) Кейіпкерлерін рөлінің сөзін жатқа айту;
в) Шығармашылық тапсырмалар орындау;
г) Жағдаяттарды іс-қимылмен, ыммен түсіндіру;
д) Қойлымды қою.
III. Қортынды
1.Оқушылар алдында қойылым қою.
2.Шығармашылық жобаны орындау.
Кейіпкер рөлдерін бөлгенде оқушылардың шығармашылық қабілеті мен бейімін ескеру керек. Бір оқушы айтқанды іліп алатын, екінші оқушы понтанимді рөлді үшіншісі суфлер болу керек. Қойылым режисерын, дублерін, безендендірушісін қою керек. Мұндай жұмыс топтың шығармашылығы мен қоса ауызбіршілігін, ұйымшылдығын арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: |