25
Адвокаттардың негізгі қызметіне жоғарыда аталған міндеттермен қатар, өзіне өтініш жасаған түлғалардың құқықтары мен заңды мүлделерін қорғаудың қолданыстағы заңнамада қарастырылған барлық қүралдар мен әдістерін пайдалана отырып көрсететін заң көмегінің саналуан түрлері кіреді Бүл жағдайда кәсіби қорғаушы ретінде қылмыстық процесске тек қана адвокаттар ғана жіберіледі. Конституцияда айтылған білікті заң көмегін кәсіби негізде көбінесе тек адвокаттар ғана көрсете алатындығы осыдан келіп шығады.
Конституцияның білікті заң көмегін алуда азаматтар мен ұйымдарға кең және тең мүмкіндік беретіндігін атап өткен жөн. Конституциялық нормаларға сүйене отыра, "Адвокаттық қызмет туралы,, 1997-жылғы 5-желтоқсандағы Қазақстан Республикасы заңында адвокаттардың шешілімі кәсіби заң білімін қажет ететін мәселелер бойынша консультациялар, түсіндірмелер, кеңестер мен жазбаша қорытындылар беретіндігі; талап қою арыздарын шағымдар мен басқа да қүқықтық сипаттағы қүжаттарды жасайтындығы; қылмыстық және азаматтық сот жүргізу істері мен әкімшіліқ қүқық бүзушылық істерге қатысатындығы; азаматтар мен үйымдарға өзге де заң кызметін көрсететіндігі тікелей айтылған.
Халықтың қүқықтық мәдениеті деңгейінің өсуіне орай адвокаттарға өтініш жасаушылар саны үнемі артуда. Осындай өсу көрсеткішінің бірі ретінде Қазақстанда қазіргі уақытта заң көмегін адвокаттардың он алты аумақтық адвокаттық және бір аумақаралық алқасы көрсететіндігін атап өтуге болады. Адвокаттар алқасы қүрамында филиалдары бар 176 қалалық және аудандық заң консультациялары яине 217 ^адвокат кеңсесі жүмыс істейді, мүндағы адвокаттардың жалпы саны - 2475 адам [3, 124 б].
Адвокатураға қызмет мазмүны мен міндеті бойынша жақын, заң көмегін көрсететін өзге де үйымдар тартылуда. Бүл үрдіс соңғы жылдары қанат жая бастады. Олар - өзіне азаматтар мен заңды түлғаларға ақылы заң қызметін көрсету міндетін алатын, адвокаттық қызметпен байланысты емес қызметтерді көрсететін фирмалар мен өзге де кәсіпкерлік субъектілер.
Осыған байланысты заң көмегін қүкық көмегінен ажырата білу керек. Осылайша, Қазақстан Республикасының басқа елдермен жасаған халықаралық шарттарға сәйкес қүқықтық көмек - бүл сот, әділет және тергеу органдарының екі немесе бірнеше мемлекет жасаған шарттар негізінде бір-біріне азаматтық, отбасылык және қылмыстық істерді шешу үшін жәрдемдесу жөніндегі қызмет.
Қүқықтық көмек туралы шарттардың мақсаты - бір мемлекет азаматтарының басқа мемлекет аумағындағы жеке мүліктік және мүліктік емес күкықтарды өзара мойындауы мен сақтауын қамтамасыз ету [4].
Өз кезегінде заң көмегі өз мазмүны бойынша қүқықтық көмекке Караганда іс әрекеттердің өзге кең шеңберін қамтиды. Олардың арасында: қажетті нормативтік қүқықтық актіні іздеуге жәрдемдесу; оның мәнін түсіндіру; өтінішті немесе қузаухатты я болмаса өзге күжатты қүрастыруға көмектесу; заң көмегін корсету үшін заттарды, қүжаттар мен мәліметтерді жинау және тапсыру; туындаған мәселені аса тиімді шеше алатын органды анықтау, сотта немесе өзге органда уәкілдік ету; қылмыстық іс бойынша немесе әкімшіліктік жауапкершілікке байланысты қорғауды жүргізу және т.б.
Халықтың білім мен мәдениетінің жалпы деңгейінің артуы, олардың саяси-әлеуметтік тәжірибені алуы, демократияның дамуы және оның принциптерін, атап айтқанда, адам мен азаматтың құқығын және бостаңдығын қорғауды насихаттау және басқа да жәйттардың барлығы адвокатура сияқты маңызды құқықтық институтка талаптың көтерілуін туындатты. Бұл бағытта, практика көрсеткеніндей, тәуелсіз арнайы құрылған, өзін-өзі басқаратын кәсіби заңгерлердің ұйымы - адвокаттар алқасы өз қызметін барынша тиімді және сапалы жүргізеді.
Адвокатура өзінің манызы мен орны бойнша қоғам мен мемлекет тарапынан да басқа мемлекеттік күкық қорғау органдары сияқты өзіне соншалықты назар аударуды талап етеді, өйткені заң адвокаттан өзіне заң көмегін көрсетуді сұраған әрбір адамның конституциялық құқыға мен мүлдесін толық, обьектівті және білікті қорғауды талап етеді. Әңгіме бұл арада адвокаттардың пайдакүнемдік жеке мүлделері туралы емес, қайта өтпелі кезендегі қоғам үшін де, азаматтар үшін де көкейкесті заңдылық пен қүқық тәртібін сақтау мен нығайту мәселелері туралы болып отыр.
Нақ осыған байланысты, демократиялық және қүқықтық мемлекетті қүру жолындағы адвокатураның рөлін ескере отыра, ҚР Президенті Н. Назарбаев өзінің Қазақстаи халқына жолдауында күкьіқ қорғау механизміндегі адвокатураның рөлін күшейту жөнінде пәрменді шаралар қабылдау қажеттігін айрықша атап көрсетті.
Сөйтіп, адвокаттар кәсіби қызметінің маЗхМүны нақ осы заң көмегін көрсету болып табылады. Өз кезегінде адвокат көрсететін заң көмегі консультациялар, түсіндірмелер беру, талап қою арыздарын, шағымдар, кузаухаттар мен қүқық-тық, сипаттаға өзге қүжаттарды жасау және қүкықтық сипаттағы өзге де «қүжаттарды талап ету сот ісінде, сондай-ақ одан тыскары баска іс-әрекеттерді белсенді жасау жолымен азаматтар мен үйымдардың қүқыктары мен мүлдесін қорғаудын барлық заңды күралдары мен әдістерін пайдалану болып табылады.
Адвокатураның үйымдастырылуы мен қызметін жетілдіру - Қазақстан Республикасының Конституциясында жарияланған қүкықтық және демократиялық мемлекет күру жольшдағы маңызды міндеттердің бірі. Онда алға қарай даму болашағы бар, өйткені қазіргі қүқықтык жүйе жалпы тиімді күқықтық институттың болуын көздейді. Олардың арасында тәуелсіз адвокатура лайыкты орын алады. Нақ осы адвокатура жеке және заңды түлғалардың қүқыктарын, бостандықтарын және заңды мүлделерін қорғауды жүзеге асыру кезінде білікті заң көмегін көрсетуді қамтамасыз етеді.
Шетел терминдерінің қазіргі сөздігінде „Адвокатура" термині 1) үйымды, адвокаттар алқасын; немесе 2) адвокат қызметін білдіреді.
Заңи әдебиетте және қолданыстағы заңнамада адвокатураның нақты анықтамасы жоқ. Мысалы, "Адвокаттық кызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының бірінші бабы осы терминді түсіндіруден емес адвокатура мақсатын көрсетуден басталады. Ал 20-бапта тек адвокаттар алқасы үғымы ғана берілген. Сондықтан да, көрсетілген олқылық орнын толтыра және осы үғымды кеңейте оғара, өз түсінігімізше, адвокатураны азаматтар мен
ұйымдарға кәсіби заң көмегін көрсететін түлғалар қызметінің негізін анықтайтын қоғамдық құқықтық институт деп санаймыз.
Адвокатураның негізгі үйымдық-құқықтық нысаны нақ осы адвокаттар алқасы болып табылады және сондықтан "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңында адвокаттар алқасының адвокаттардың түбегейлі үйымы екендігі айтылған. Алайда бүл адвокатураның Қазақстан Республикасының Адвокаттар одағы, Адвокаттар халықаралық одағы (достастығы) Қазақ филиалы сияқты өзгеде нысандарының бар екендігін жоққа шығармайды. Ал болашақта белгілі бір міндеттер мен мақсаттарды алдына крятын басқа да адвокаттар бірлестігінің қүрылуы мүмкін.
Адвокаттар алқасы заңды және жеке түлғаларға білікті заң көмегін көрсету, адвокаттардың қүқықтары мен заңды мүлделерін білдіру және қорғау үшін, жоғарыда аталған Заңда белгіленген өзге де білдіру міндеттерді аткару үшін қүрылған адвокаттардың коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсіби, өзің-өзі басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын үйымы болып табылады.
Занда адвокаттар алқасы қоғамдық, үйым ретінде аталмаған. Алайда оның нақ осы қоғамдық үйымға тән белгілері бар. Бүл:
1. Кәсіби үйымды қүрған түлғалардың тендігіне негізделген, тиісті ретпен ресімделген мүшеліктің болуы. Адвокттар алқасы жоғары заң білімі бар және біліктілік емтиханын тапсырған және адвокаттық кызмет жүргізу қүқығына лицензия алған Қазақстан Рвспублиқасының азаматтары қатарынан күрылады.
Алкаға ерікті мүшелік туралы пайымдау біршама даулы пікірді туғызады, Бір жағынан, алка күрамына ешкім зорлықпен қабылданбайды, екінші жағынан
- онда адвокаттар алқасын тандау қүқығы жоқ, өйткені облыс аумағында бір ғаңа алқа жүмыс істейді. Алайда істің мәні басқада - қолданыстағы зан бойынша алка мүшесі болмай адвокаттық кызметпен шүғылдануға тиым салынады. Әрине, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен тиісті лицензия алуға болады, алайда лицензия алған және адвокаттық қызметпен айналыскысы келген адам адвокаттар алкасыла мүшелікке кіруге және "Адвокаттық кызмет туралы" Заң шегінде кәсіби негізде заң көмегін көрсетуге міндетті.
Алка мүшелігіне қабылдау және одан шығаруды сайланбалы алқа органы
- адвокаттар алкасының төралқасы жүргізеді. Әрбір адвокат алканың толық мүшесі және "Адвокаттық кызмет туралы" Заңның 14 және 15-баптарында қарастырылған қүқықтар мен міндеттемелердің жиынтығына ие болады.
2. Қоғамдық үйым мүшелерінің оның мүліктік негізін жасауға материалдық қатысуы тек кіру және мүшелік жарна түрінде ғана жүргізілмейді Адвокатурада үйымның мүліктік негізін қүруға арналған каражат, сондай-ақ өз қорларынан заң консультациялары аударған сома және адвокат кеңселері азаматтар мен үйымдарға заң көмегін көрсеткені үшін алған төлемнен қүралады.
Мүлік, сонымен қатар ерікті мүліктік жарналар мен садақалардан; демеушілік және қайырымдылық көмектен; заңда тиым салынбаған өзге түсімдерден қүралады.
28
3. Алқа мүшелерінің өз ұйымының ісін басқаруға, алқа бас органдарын сайлауға, оның басшы органдарының қызметін бақылауға қатысуы - осының барлығы тәуелсіз және өзін-өзі басқаратын қоғамдық ұйым ретінде осы қүқықтық институттың ерекшелігін көрсетеді.
Қазақстан заңнамасында ассоциация (одақ) нысаныңдағы мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік, заңды тұлғалар бірлестігі сияқты коммерциялық емес ұйымның осындай нысандарының және заңнама актілерінде қарастырылған өзге де нысандардың қызметіне рүқсат етіледі
Қолданыстағы заңнама коммерциялық емес ұйымның басқа да ұйымдық -қүқықтық нысанында құрыла алатындығын анықтайды. Бұл нысанға нотариалдық палаталар, адвокаттар алқасы, аудиторлар палатасы, пәтер иелерінің кооперативтері және өзге де коммерциялық емес ұйымдар жатады. Адвокаттар алқасының күқықтық жағдайының ерекшелігі "Адвокаттық қызмет туралы" ҚР Заңымен реттеледі.
Алайда бүл, біздіңше, адвокаттар алқасының комхмерциялық емес үйым бола отыра, үйымдық-қүқықтык нысаны бойынша қоғамдық бірлестікке бір табан жақын екендігі туралы қалыптаскан көзқарасты теріске шығара алмайды. Оның үстіне, ҚР Конституциясының 23-бабыйда "Қазақстан Республикасы азаматтарының бірлестіктерді еркін тандау күқығына ие екендігі, қоғамдык бірлестіктер қызметінің заңмен реттелетіндігі" атап көрсетіледі "Қоғамдык бірлестіктер туралы" ҚР Заңының осы конституциялық кағиданы орындау үшін "Бірлестіктерді еркін тандау қүқығының лдам мен азаматың маңызды конституциялық қүқығының бірі екендігі, оны іске асырудың қоғам мүлдесіне жауап беретіндігі және мемлекеттің қорғауында болатындығы" тікелей көрсетілген.
"Қоғамдық бірлестіктер туралы" ҚР заңына сәйкес Қазақстан Республикасында қоғамдық бірлестіктер болып саяси партиялар, кәсіптік одактар және өздері қойған мақсаттарға жету үшін ерікті негізде күрылған, қолданымдағы заңнамаға қайшы емес азаматтардың өзге де бірлестіктері танылады. Бүл маңызды принциптік кағида. 3-бап Заң күшінің діни бірлестіктерді, аумақтық жергілікті өзін-өзі басқару органдарын және қоғамдық ынталы органдарды қоспағанда, азаматтардың бастамасы бойынша қүрылған барлық қоғамдық бірлестіктерге таратылатындығын белгіледі, алайда саяси партиялар, кәсіподақтар мен қоғамдык бірлестіктердің жеке түрлерін қүруға, қызметіне және таратылуға байланысты ерекшеліктер өзге заңнама актілерімен реттелуі мүмкін. Осы бапка сәйкес, алайда қоғамдық бірлестіктерді қүру және қызметінің негізін жалпы анықтайтын ортак принциптер шегінде адвокатураның үйымдастырылуы мен қызметін реттейтін арнайы қүқықтық норматавтік актіні, яғни "Адвокаттьгқ қызмет туралы" ҚР Заңын қабылдау қисынды болып табылады.
Осы көзқарастың болуына Алматы қалалык сотының Конституциялық Кеңеске "Адвокаттық кызмет туралы" Заңның 20-бабы 3-тармаға екінші абзацының конституциялық еместігін мойындау туралы тапсырған үсынымы айғак болады, онда облыстың, республикалық маңыздағы қаланың, астананың
29
аумағында адвокаттар алқасы болмаған жағдайда алқаның осы заңның 7-бабының талаптарына сай келетін кемінде он құрылтайшының бастамашылығымен құрылатындығы айтылған. Осы қағида азаматтардың бірлестіктерді еркін тандау құқығын шектейді. Алайда Конституциялық Кеңес мыналарға сүйене отырып тапсырылған өтінішпен келіскен жбқ:
біріншіден, адвокаттар алқасына мүшелік міндетті болып табылады, оның үстіне адвокаттар қызметі лицензияландыруға жатады.
екіншіден, мемлекет адвокаттар алқасының мүшелеріне ҚР ҚІЖК-де карастырылған жағдайда қылмыстық процеске іміндетті түрде қатысуды, соңдай-ақ істердің кейбір санаты бойынша тегін заң көмегін көрсетуді жүктейді
үшіншіден, қоғамдық бірлестіктерге қарағаңда адвокаттар алқасына жеке және заңды түлғалар да кіре алады.
Осы түйінді ескере отара, Конституциялық Кеңес адвокаттар алқасының қоғамдық бірлестіктерден ерекшеленетін коммерциялық емес заңды түлғалардың дербес үйымдық-қүкықтық нысаны болып табылатындығы туралы қаулы шығарды. Ал тиісінше "Адвокаттық қызмет туралы" Заңда ешқандай да Конституцияны бүзушылық болған жоқ.
Алайда, түтастай, Конституциялық Кеңестің осы негізгдемесі, біздіңше, қойылған сүрактарға толык жауап бермейді, оның үстіне бір қатар ТМД елдерінде (Ресейде) адвокаттар алқасын қоғамдық, бірлестікке жатқызады.
Ақиқатында, адвокаттар алқасын бірқатар белгілері бойынша қоғамдык бірлестіктерге жатқызуға болады. Қатаң кәсіби принцип бойынша күрыла, ҚР Конституциясы мен заң (ең алдымен "Адвокаттық қызмет туралы,, 1997-жылға 5-желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңы, лицензия туралы заңнама және т.б.) негізінде іс-әрекет ете отыра, адвакаттар алқасы заңды түлғалар жүйесінде ерекше орын алады.
Адвокаттар алқасын қоғамдық бірлестік нысанындағы коммерциялык емес үйым ретінде тану облыс, Республикалык маныздаға қала мен астана аумағында бірнепіе алка күруға мүмкіндік берер еді. О л адвокаттьщ кызметпен айналысқысы келген кез келген адамға өз тандауымен адвокаттар алқасына әкімшіліктік-аумақтык бөлініске сәйкес кіруге қүқық берер еді. Бірнеше алканың болуы мыналарға мүмкіндік береді:
♦ заң көмегін көрсету сапасын көтеруге;
♦ азаматтар мен үйымдарға нақты алканы өз қалауымен тандауға;
♦ заң көмегі үшін төлем көлемін азайгуға;
♦ халық арасында қүкык білімін насихаттауды кеңейтуге және т.б. Жеке және заңды түлғаларға заң көмегін көрсете, анықтау, алдын ала
тергеу, сот, мемлекеттік және басқа органдар мен үйымдарда және азаматтармен қарым-катынаста өкілдік пен қорғауды жүзеге асыра, сот төрелігін жүзеге асыру процессінде сайысушы тараптардың бірі ретінде қатыса отыра, адвокаттар акы алады, оның бір бөлігін алқа қызметін қолдауға жүмсайды. Яғни, олар атқарған қызмет -коммерциялық әрекет емес.
Сөйтіп, адвокаттар алқасы қүрылу және жүмыс істеу әдісі бойынша мемлекеттік органдарға тәуелсіз өзте үйьшдык-қүқықтык нысандағы кәсіби бірлестікке жатады. Алайда олардың қызметінде кәсіби бірлестікке тән емес
імынадай белгілер де бар. Бұл ең алдымен олардың әділет органдарымен қарым-қатынас сипатына қатысты, атап айтқанда ҚР Әділет министрлігінде азаматтар мен заңды тұлғаларға, оның ішіңде адвокаттар алқасына қызмет көрсетуге байланысты, қылмыстық және азаматтар істерді қарау кезінде өкіл немесе қорғаушы ретіндегі адвокаттың жағ-дайын, адвокатты тәртіптік жауапкершілікке тартуды және т.б. ұйымдастыру үшін өзара байланыс және жағдай жасау жөніндегі бөлімнің болуы. Сонымен қатар, әділет органдары адвокаттық қызмет-пен шүғылдану қүқыға үшін лицензия беруге тиіс.
Алайда, бүл адвокаттардың тиісті лауазымдық міндеттемесін атқаратын қызметшілер екендігін білдірмейді.
Біріншіден, адвокаттар мемлекеттік органдарда қызмет атқармайды (тағайындау, сайлау немесе конкурс бойынша), яғни мемлекеттік қызметте жоқ. Олар адвокаттар алқасымен шарт жасамайды.
Екіншіден, мемлекеттік қызметшілер қызметтік міндеттемені орыңдайды, мемлекеттің немесе оның органының атынан және тапсырмасы бойынша әрекет етеді. Олардың көпшілігі мемлекеттік-биліктік өкілеттіктерді атқарады. Бүл қағида ешбір жағдайда да адвокаттарға қолданылмайды. Олар азаматтар мен үйымдарға заң көмегін көрсетеді, өз атынан сөз сөйлейді және азаматтар мен мемлекеттік органдарға катысты мемлекеттік-биліктік өкілеттіктер жүктелмеген.
Үшіншіден, адвокаттар өз еңбегі үшін мемлекеттік қызметшілер сияқты мемлекеттен сыйақы алмайды. Көрсеткен заң көмегі үшін төлем ретінде азаматтар мен үйымдардан адвокаттар кеңсесіне және заң консультациясына түскен қаражаттан еңбекақы алады (Заңның 5-бабы). Заңнамада азаматтарға тегін көмек көрсетілетін жағдайдың өзінде адвокат енбегі заң консультациясының немесе адвокат кеңсесінің қаражатынан, ал егер адвокат клиенті процесті жүргізген орган немесе сот қаулысы негізінде төлемнен босатылса, онда республика бюджеті қаражатынан төленеді. Заң консультацияларында меңгерушінің кесімді жалақы алуы да, мүнда да жалакы сол көздерден төленгендіктен істің мәнін өзгерте алмайды.
"Адвокаттық қызмет туралы" 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы заңының 1-бабына сәйкес адвокатураның негізгі міндеті азаматтар мен үйымдарға заң көмегін көрсету болып табылады, ал ҚР Конституциясының 13-бабы әрбір адамның білікті заң көмегін алу қүқығына кепілдік береді. Бүл көмекті көрсетудің сан алуан түрлері бар. Алайда қүқықтық кемек беруді, әр түрлі заң қүжаттарын қүрастыруды және заң көмегінің баска түрлерін кызмет көрсетумен толық теңестіруге болмайды.
Біздің ойымызша, кәсіпкерлік тәртібімен қызмет көрсету ретінде жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) негізделген тауарға (жүмысқа) сүранымды қанағаттандыру жолымен пайда немесе жеке кіріс алуға бағытталған қызмет түсініледі. Бүл жағдайда осы қызмет оның атынан, кәсіпкердің тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүргізіледі.
Адвокатураға қатысты ешқандай да кәсіпкерлік қызмет туралы әңгіме болуға тиіс емес. Адвокаттардың аталған іс-әрекеті азамматтар мен үйымдарға олардың мемлекеттік органдармен, қоғамдық үйымдармен және бір-бірімен
қарым-қатынасында өздерінің құқықтары мен мулделерін жүзеге асыруда жәрдемдесуге бағытталған.
"Заң қызметін көрсету" термині сонымен адвокаттардың сезіктілер мен айыпкерлерді. қорғаушы, жәбірленуші өкілі, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер ретінде алдын-ала тергеу мен сотқа қатысуы кезінде қолданылмайды. Бұл - "қызмет көрсету емес", кайта азаматтардың құқығы мен занды мүлдесін қорғаудың, сот төрелігіне жәрдемдесудің бір түрі.
Азаматтар мен үйымдарға көрсетілетін өзге заң қызметі де, ақыр аяғында, олардың қүқығы мен мүлдесін қорғауға және заңдылықты сақтау мен нығайтуға бағытталған. Айтылғандарға орай, "қызметтер", "заң қызметін көрсету" терминдері адвокатура қызметінің мәнін қүрайтындардың бәрін бірдей түсіндіруге келмейді. Ал осы мән "Адвокаттық қызмет туралы" заңның 1-бабында қарастырылғанда азаматтар мен үйымдарға тек заң көмегін көрсету болып табылады. Сөйтіп, қоғахмның қүқық қорғау жүйесінің маңызды элемен ттерінің бірі ретіңдегі адвокатураның мәнін былайша анықтауға болады: адвокатура - бүл азаматтар мен үйымдарға олардың қүқықтары мен заңды мүлделірін қорғау мақсатыңца кәсіби заң көмегін көрсетуді жүзеге асыратын түлғалар қызметінің негізін аныктайтын мемлекеттік емес қүкыктық институт. Бүл анықтаманың негізгі түйіні -адвокатура мемлекеттің немесе сот төрелігінің мүлдесін қорғау үшін қызмет етпейді, қайта мемлекеттік емес, жеке мүлдені білдіреді және қорғайды.
Адвокатура көрсететін заң көмегінің ерекше сипаты бар, өйткені ол азаматтар мен үйымдардың күқығы мен мүлдесін қорғау саласына жатады. Бүл түрғыдан адвокатура қүкық корғау органы болып табылады, ал оның маңызы басқа мемлек органдардан (прокуратура, сот және басқалар) ешбір кем емес.
Қазакстан Республикасы дамуында саяси лоне қүқықтық жүйе институты ретіндегі адвокатураның орны қүқық рөлінің сапалы артуымен, мемлекеттік және қоғамдық өмірдің қүқықтық негізін нығайтумен тікелей байланысты.
Әлеуметтік басқару саласы әкімшілік басқарумен салыстырғанда қүкықтық әдктті қолдануды талал етеді. Бүл үрдіс қазіргі уақытта айтарлықтай қанат жайын келеді. Мемлекет халыққа заң көмегі мен қызметтер саласында қүқықтық реттеуден бас тарта алмайды. Мүндай реттеудің мақсаты, ең алдымен, осы қызметтер нарығын әрбір азаматтың қорғану үшін өз конституциялық күкығын жүзеге асыруына кепілдік беретін жоғары сапалы қүқық қорғау жүмысымен толтыру.
Осыған байланысты адвокаттардые азаматтар мен үйымдарға көрсететін заң қызметінің әлеуметтік және саяси маңызы артады. Өкінішке орай, көрсегілетін көмектің қазіргі денгейі өз көлемі мен сапасы бойынша адвокатура алдында түрған міндеттерге жауап бермейді. Мәселе тіпті, бір жағынан, адвокатураның соншылықты жүмысбастылығында және заң көмегіне халықтың өсіп отырған сүранымын қанағаттандыра алмайтындығында, екінші жағынан, бүл көмек сапасының және көлемінің қазіргі талаптарға сәйкес болу үшін қажетті қүқықтары мен өкілеттіктерінің жоқтығында ғана емес. Басты себебі
заң денгейінде жедел шешу талап етілетін адвокатура қызметін ұйымдастыруға, түрлері мен әдістеріне қатысты мәселелердің орын алғандығында болып отыр.
Қазақстан Республикасы Конституциясының талаптарына сәйкес нарық экономикасының терендеу жағдайында адвокаттар ұйымы мен қызметін реттеуге арналған адвокатура туралы қолданымдаға заң қазіргі уақытта жетілдіруді қажет етеді. Уақыт пен практика талаптарына орай адвокаттық кызметті реттейтін ҚР заңнамасына өзгерістер мен толықлырулар жөнінде үсыныс даярлау кажет.
Адвокаттар алқасы Заңға сәйкес құқықтық құралдармен азаматтар құқығын заңмен қорғаудың сан алуан түрлерін көрсету үшін қүрылған және әрекет ететін білікті заңгерлердің кәсіби үйымы болып табылады.
Заң шығарушы адвокаттар алкасының азаматтар мен үйымдарға заң көмегін көрсететіндігін, олардың қүқықтары мен заңды мүлделерін қорғауды қамтамасыз ететіндігін атаумен шектелмейді. Сонымен қатар, адвокатураның Қазақстан Республикасында адамның өз күкықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заң көмегін алуға алуға мемлекет кепілдік берген және ҚР Конституциясымен баянды етілтен күкықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу керектігі атап өтіледі.
Адвокатураның алдында міңдеттердің бүлайша қойылуының көптеген мәселелерді дүрыс түсіну мен шешу үшін ерекше маңызы бар.
Адвокаттар алқасы - адам мен азахматтың, мемлекет пен қоғамдық үйымдардың заңды қүқықтарын қорғауға жәрдемдесу және өкілдік ету үшін кәсіби заңгерлер қүратын мемлекеттік емес және коммерциялық емес қүрылым.
Егер осы міндеттерді нақтылайтын болсақ, адвокатура қызметінің негізгі бағыттары әртүрлі заң көмегін көрсетуге жәрдемдесу болып табылады. Олар:
♦ шешілімі кәсіби заң білімін талап ететін мәселелер бойынша консультациялар, түсіндірмелер, кеңестер, жазбаша қорытындылар беру;
♦ талап қою арыздарын, шағымдар мен күқықтык сипаттағы басқа қүжаттарды жасау;
♦ адвокаттардың анықтау және алдын ала тергеу істері кезінде, сезіктілердің, айыпталушылардың және сотталған адамдардың қорғаушылары, жәбірленушілердің, азаматтық талап коюшылардың, азаматтық жауапкерлердің өкілі ретінде қылмыстық істер бойынша сотқа қатысуы;
♦ соттар мен мемлекеттік органдарда азаматтық және әкімшілік күкық бүзышылық істері бойынша өкілдік ету;
♦ азаматтар мен үйымдарға заңда тиым салынбаған баска да заң көмегін көрсету.
Заңды қолдану мәселесі бойынша кеңес беру адвокаттар қызметінің маңызды бағаты болып табылады. Оның мәні - қолданыстағы азаматтық іс жүргізу, отбаслық, еңбек, әкімшілік, қылмыстық іс жүргізу және басқа заңдардың нормаларын дүрыс түсіндіру мен дәл қолдану бойынша түсіндіру мән дәл қолдану бойынша түсініктеме беру.
Консультация:
♦ даудың материалдық-қүқықтық астарын;
33
♦ азаматта талап қою құқығының бар-жоғын (процессуалдық астар);
♦ іс бойынша тұпкілікті кеңесті, яғни қорғау үшін заңды негіздің бар-жоғын және қандай нысанда екендігін (соттық, әкімшілік және т.б.), бұл үшін не істеу керек екендігін қамтуға тиіс.
Құқықтық кеңес:
♦ заңды: құқық нормасына дұрыс сілтеме жасауға және оны дәл қолдануға, қүқықтық іске асыру жолдарын көрсетуге және т.б.;
♦ мазмұндау нысаны бойышпа жеңіл, яғни түсінікті;
♦ нақты: жалпы қүқық және оны қорғау жолдары туралы пайымдау емес, мәселені шешудін ықтимал жолдарын көрсетуге;
♦ нәтижелі: кеңес беру аяқталғаннан кейін азамат істің алдағы қозғалысының болашаған анық көруге тиіс.
Кейбір жағдайларда талап қою өтініштерінің (анықталып қойылған талаптарға сәйкестік), шағымдардың (азаматтар қүқықтарының, бостандықтарының және заңды мүлделерінің бүзылуы, өтініштер бойынша қабылданған шешімдердің орындалмауы, лауазымды адамдардың теріс қылықтары туралы) және қүқықтық сипаттағы өзге де қүжаттардың дүрыс жасалуы талап етіледі.
Адвокаттың қылмыстық сот ісіне қатысуы - адвокаттық қызметтің негізігі бағыттарының бірі. Мүнда адвокат қызметі негізінен айыпталушыларды (сезіктілерді) қорғау міндетін жүзеге асырумен байланысты. Оның кәсіби тәжірбиесі мен қүкықтық білііМІ қорғайтын адамына аса білікті көмек көр-сетуіне мүмкіндік береді. Қоғам мен мемлекет бірде-бір азаматтың жеткілікті айғақсыз қылмысшқ жауапкершілікке тартылмауын және сотталмауын көздейді.
Үсталған, түтқындалған, қылмыс жасады деп айыптағылған әрбір адам үсталған, түтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға қүқылы. [11, 68 б]
Заң сезіктілердің және қылмыс жасағандығы туралы айыпталғандардың, сондай-ақ сотталғандардың қорғану қүқығын қамтамасыз етеді Осы қүқықты қорғаушы ретінде заңмен қажетті кепілдіктер берілген адвокаттар жүзеге асырады. Атап айтқанда, қылмыстық істі жүргізу заңы сот талқысы кезінде (сот талқысы және нақты іс бойынша шығарылған үкімдердің заңдылығы мен қисындылығын ізінше тексеру сатысы), сондай-ақ алдын-ала тергеуде нехмесе анықтауды жүргізу кезінде, сонымен қатар қадағалау тәртібімен істі қарау кезінде адвокатқа (қорғаушыға) берілетін қүқықтардың үлкен шеңберін айқындайды.
Адвокаттар (қорғаушылар) іске қатысуға айып тағылған немесе сезікті адам мойындаған сәттен - үстау жүргізілген я болмаса айып тағылғанға дейін бүлтартпау шарасы қолданылған сәттен бастап жіберіледі. Бүл жағдайда ол үстау хаттамасымен немесе қамауға алу түріндеге бүлтартпау шарасы тандалғандығы туралы қаулымен таныса алады. Қорғайтын, адаммен оңаша жүздесе, одан жауап алуға қатыса алады және т.б. Жүздесу саны мен олардың үзақтылығы шектеусіз. Конституцияның 16-бабының 2-тармаға түтқындалған
адамға сотқа шағымдану құқығын береді. Бұл құқықтардың көлемі мен мазмүнын реттеу ұдайы жтіліп отырады.
ҚІЖК - де анықталған көп жағдайда, қылмыстық жауапкершілікке тартынған адамның қорғаушысы болуға міндетті. Егер бұл азамат немесе оның туысқандары не заңды өкілдері адвокатты шақыруға ынта білдірмесе, адвокат тергеушінің, прокурордың немесе соттың қаулысы бойынша тағайындалуға тиіс. Мүндай адвокат та айыпталушы немесе оның жақын туысқаңдары шақырған адвокаттардың қүқығын пайдаланады. Оның еңбегі толығымен бюджет қаражатынан төленеді.
Қылмыстық істі қарауға қатысқан адвокат айыпталушыны ақтайтын немесе оның жауапкершілігін жеңілдететін жағдайды анықтау мақсатында заңда барлық қорғау қүралдары мен тәсілдерін пайдалануға айыпталушыға кажетті қорғау мен заң көмегін көрсетуге міндетті.
Адвокат қылмыстық істі караған кезде тек айыпталушының қорғаушысы ғана емес, сондай-ақ жәбірленушінің мүлдесін білдіруші, азаматтық талап коюшы, азаматтық жауапкер ретінде де қатыса алады.
Адвокат азаматтық іетер бойынша талқылауға, сондай-ақ әкімішлік істерге талап қоюшының, жауапкердің және үшінші тараптың өкілі ретінде қатыса алады. Сотта процессуалдық әрекетті жасау үшін адвокат-өкілдер көмек сүраған адамның заңды қүқықтары мен мүлделерін тиімді қорғауға мүмкіндік беретін белгіленген өкілеттіктерді (күқықтарды) пайдаланады.
Занда заң көмегінің, алайда олар адвокаттық қызметтің ауқымды саласы болса да, тек негізгі түрлері ғана көрсетілген. Сондықтан заң шығарушы "заңдарда тиым салынбаған өзге де заң көмегін көрсетеді" деген жалпы үғыммен шектеледі
Атап айтқанда, мына кызмет түрлері мензеліп атыр:
- талап-кузау жүмыстары;
- қүқық бүзушылықпен күрес жүргізетін еңбек үжымдары мен органдарға заң көмегін көрсету;
- жарғылар әзірлеу және заңды түлғалар қүжаттарын тіркеуге даярлау;
- келісім-шарттар жасау;
- коммерциялық үйымдарға қызмет көрсету;
- заң кеңесшілері жоқ үйымдарды заң көмегімен камсыздандыру және заң көмегі ретінде заңда аталғандардан басқа заңда тиым салынбаған өзге де осындай қызмет түрлерін көрсету.
Қызметтің соңғы түрі үйымдардың заң консультацилармен жасалған шарттар негізінде жүргізіледі. О л шарттарда тараптардың күкықтары мен міндеттері қарастырылады. Үйымға оның меншік нысанына қарамай қызмет көрсететін адвокат саттарда және өзге органдарда қүқыктық мәселелерді қарау кезінде белгіленген тәртіппен оның мүлдесін білдіреді, басшылыққа қол коюға берілген бүйрық, нүсқаулық, шарт және қүқықтық сипаттағы өзге қүжаттың заңға сәкестілігін тексереді, бүл күжаттарға қол кояды және талап-шағым жүмыстарын жүргізеді, шаруашылық даярлауға қатысады және оларға қол қояды. Тараптардың өзге қүқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасы Министрлер Қабинетінің 1995-жылғы 5-мамырдағы N624 қаулысымен
бекітілген "Мемлекеттік басқару органдарының және оларға қарасты кәсіпорындардың, мекемелердің заң қызметі туралы Ережемен" белгіленеді
Адвокат ұйымдарға заң қызметін көрсетерден бұрын оның қызметінің ерекшелігімен мұқият танысуға, оның алдында түрған негізгі мақсат пен міндетті анықтауға және соған байланысты өзінің барлық жұмысын жоспарлауға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |