3.2. Қорғаушының процессуалдық жағдайы, қүқықтары мен міндеттері
Қорғаушыда бір ғана іс жүргізу міндеті бар. Ол - қорғау міндеті. Қорғаушы процесте қорғау міндетін жүзеге асыру үшін қажет, одан
айыпталушының да, мемлекеттің де күтетіні осы. Қылмыстық істі жүргізуші мемлекеттік орғандар қорғаушының өз міндетін атқаруына нақты мүмкіндігінің болуы үшін барлық шараларды қабылдауға тиіс.
Адвокаттың өзіне қабылдаған сезіктіні, айыпталушыны немесе сотталушыны қорғаудан бас тартуга қүқы жоқ, бүл оның қызметінің кэсіптік сипатымен түсіндіріледі. Бас тартуға тек ерекше жағдайларда ғана жол беріледі (сырқаттану жэне өзге де объективтік себептер). Өзінің іс жүргізу міндетін бүзғаны үшін адвокат "Адвокаттық қызмет туралы" Занда және адвокаттар алқасының Жарғысында белгіленген тәртіппен тэртіптік жауапкершілікке тартылады.
Қорғаушы - қылмыстық іс жургізудің дербес субъектісі. Сонымен қатар ол айыпталушымен (сезіктімен) тығыз іс жүргізу қатынастарымен байланысты, сондықтан оның іс жүргізу дербестігінің белгілі бір шеқарасы бар. Қорғаушы заң шегінде қорғауды жүзеге асырудың нысандары мен әдістерінде еркін, оның көзқарасы, егер оның өзі тандаған қорғау бағытты айыпталушының жағдайына қолайлы болса, оның көзқарасы қорғауыңдағы адамдыкінен басқаша болуы мүмкін, ал кейбір жағдайларда тіпті оның көзқарасын теріске шығаруға міндетті (өзіндік үкім, айыбын айғақтарсыз мойындау). Алайда қорғаушының қорғауындағы адамның жағдайып қандай да бір деңгейде төмендететіңдей мэн-жайдан әрекетсіз қалуға қүқығы жоқ. Әйтпесе қорғану қүқығы өз маңызын жоғалтады.
Қорғауды табысты іске асыру үшін адвокатка ауқымды іс жүргізу қүқықтары берілген. Қатысуға-жіберілген сэттен бастап ол мыналарды жүзеге асыруға қакылы:
1) сезіктімен жэне айыпталушымен олардың саны мен ұзақтыты шектелместен оңаша жэне қүпия жолығуға;
2) заңгерлік көмек көрсету үшін қажетті заттарды, қүжаттарды жэне мэліметтерді жинауға және ұсынуға;
3) айып тағылған кезде қатысуға, сезіктіден немесе айыпталушыдан жауап алу кезінде, соңдай-ақ олардың қатысуымен немесе олардың өтініші бойынша жүргізілетін өзге де тергеу әрекеттеріне, сондай-ақ қорғаушының өз өтініші бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қатысуға;
4) қарсылықтар білдіруге;
5) үстау хаттамасымен, бүлтартпау шараларын қолдану туралы каулымен, сезіктінің, айыпталушының немесе қорғаушының өзінің қатысуымен жасалған тергеу эрекеттерінің хаттамаларымен, сезіктіге жэне айыпталушыға үсынылған не үсынылуы тиіс болатын құжаттармен, ал анықтау немесе алдын ала тергеу аяқталғаннан кейін істің барлық материалдармен танысуға, одан кез келген мэлеметті кез келтен көлемде көшіріп алуға;
6) өтініш жариялауға (өтініш жасау - тараптың немесе мәлімдеушінің қылмыстық процесті жүргізуші органға арналған өтініші);
7) кез келген сатыдаға сотта істі алдын ала тындауға, соттың талқылауына қатысуға, сот жарыссөздерінде сөйлеуге, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істі жаңарту кезілде соттың отырысына қатысуға;
8) сот отырысының хаттамасымен танысуға жэне оған ескертпе енгізуге;
9) ic жүргізу құжаттарының көшірмелерін алуға;
10) тарап пен қылмыстық істі жүргізуші адамның заңсыз әрекеттеріне қарсылық білдіруге, бүл қарсылықтарды іс жүргізу құжаттарына еңгізуді талап етуге (қылмыстық процесті жүргізу органдардың заңсыз әрекеттері болып мыналар танылады:
- ҚІЖК-нің 33-бабының 1-бөлігіңде, 34-бабының 1-бөлігінде көрсетілген, осы баптардың 2-бөліктеріңде көрсетілген реттерден басқа, қылмыстар жөніндегі істер бойынша жеке айыптаушының арызынсыз қылмыстық іс қозғау және қылмыстық ізге түсуді жүргізу;
- дәл сол айыптау жэне дәл сол адамға қатысты қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы бүзылмаған қаулы болған жағдайда қылмыстық іс козғау;
- істі қылмыстық ізге түсу органдарының қылмыстық істі тоқтату туралы бұзылмаған қаулысы, сондай-ақ дэл сол айыптау жэне дэл сол адамға қатысты қылмыстық ізге түсудің мүмкін еместігін белгілеген күшіне енген үкім немесе сот қаулысы бола түра қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыру;
- қылмыс оқиғасының немесе адамның эрекетінде қылмыс қүрамының болмағанын, прокурордың жэне жеке айыптаушының айыптаудан бас тартқанын, жеке айыптау ісі бойынша жеке айыптаушының айыптаудан бас тартқанын, (ҚІЖК-нің 33-бабының 2-бөлігінде көзделген реттерден басқа), ҚК-тің 69,75, 85-баптарыңда көзделген қылмыстық жауапкершілікке тарту мерзімінің ескеруін және адамның осы негіз бойынша істі тоқтатуға келісімін, ҚК-тің 67-бабында көрсетілген реттерде жәбірленуші мен айыпталушының, сезіктінің достасқанын, адамның жасаған эрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікті жоятын жаңа қылмыстық заңның қабылданғанын, жазадан босататын рақымшылық актінің шыкқанын және адамның осы негіз бойынша істі тоқтатуға келісімін, адамға кешірім жасау актісінің қабылдануын растайтын фактілер анықталғаннан кейін қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыру).
Сондай-ақ, қылмыстық процесті жүргізу органдарының заңсыз әрекеттеріне мыналар жатады: қылмысты дәрежелеу кезінде қылмыстық заң нормаларын дүрыс қолданбау; бүлтартпау шараларын иемесе заңда көзделген өзге де процессуалдық мәжбүрлеу шараларын заңсыз қолдану; қылмыс жасағаны үшін сезікті ретінде үсталған адамды немесе бұлтартпау шарасы ретінде түтқындау қолданылған адамды оның өміріне және денсаулығына қауіпті жағдайда үстау; қамауда үсталмайтын адаңды сот-психиатриялық немесе сот-медициналық сараптама жүргізу үшін, бұл туралы сот шешімі болмаса да, медициналық мекемеге мэжбүрлеп орналастыру; зорлық немесе адамның ар-намысын қорлайтын катаң шаралар қолдану; процессуалдық эрекеттерді оған қатысатын адамдардың өміріне және денсаулығына қауіп тудыратын жағдайларда өткізу; қылмыстық процеске қатысушы адамның абыройын қорлайғын немесе ар-намысын кемістетін шешімдер шығару және әрекеттер жасау; жеке өмірі туралы мәліметтерді, сондай-ақ адамның қүпия етуді қажеті көрген жеке сипаттағы өзге де мэліметтерді ҚІЖК-да көзделмеген мақсаттар үшін қолдану жэне жариялау; заңсыз соттау; медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын; тәрбиелік ықпал етудін, мәжбүрлеу шараларын жэне басқаларын заңсыз қолдану);
11) анықтаушының, тергеушінің прокурордың жэне соттың эрекеттері мен шешімдеріне шағым енгізуге және оларды қарауға қатысуға (шағым -процеске қатысушылардың анықтау, алдын ала тергеу прокурор немесе соттың іс-эрекетіне өздерінің құзыреті шегінде және ҚІЖК-де белгіленген тәртіппен енгізілген көңіл аудару актісі);
12) заңға қайшы келмейтін кез келген басқа да қорғау күралдары мен тэсілдерін пайдалануға қүқылы.
Іске қатысуға ҚР ҚІЖК-да белгіленген тэртіппен жіберілген қорғаушы заң көмегін көрсету үшін қажетті дэлелдемелерді көрсетуге және мэліметтерді жинауға, оның ішінде жеке тұлғалардан жауап алуға, сондай-ақ тиісті күжаттарды немесе олардың кешірмелерін заңда белгіленген тәртіппен беруге міндетті үйымдардан анықтамалар, мінез-демелер мен өзгеде қүжаттарды сұратуға, қорғауындағы адамның келісімімен заң көмегін көрсетуге байланысты туындаған мэселелер бойынша арнайы білімі бар адамның пікірін сүратуға қүқылы.
Қорғаушы, сондай-ақ апелляциялық шағымды әкелуге, апелляциялық тәртіппен істі қарауға қатысуға, қадағалау тәртібімен наразылық, білдіру себебі бойынша тиісті лауазымды түлғаларға жүгінуге қақылы.
Практикалық, қызметте адвокатқа (қорғаушыға) қатысты аталған заңнамалық ұйғарымдардың жиі бүзылатындығын атап ету қажет. Сондықтан ҚІЖК-не осы қүқықтардың сақталу кепілдігінің нақты тізбесін еңгізу қажет. Мысалы, адвокаттың іске қатысуға рүқсат етілген сәттен бастап сезіктімен жэне айыпталушымен олардың саны мен ұзақтығы шектелместен оңаша және _ құпия жолығуға қүқығының бар екендігіне қарамастан, ол сотта қамауда ұсталып отырған қорғауындағы адаммен қысқаша сұхбатта-су мүмкіндігінен айрылған. Адвокаттардың қорғауыңдағы адамдармен сұхбаттары аудиожазбасын заңсыз тындау, артынша алынған мәлеметтерді қылмыстық іс бойынша дэлелдеме ретінде пайдалануға эрекеттену айғақтары және т.б. кездеседі. Қүқыққа қарсы осы әрскеттерді жасыру жэне оларды жасағаңдығы үшін жауапкершіліктен жалтару мақсатында қызметкерлер бүл туралы хаттама жасамайды. Өздерінің осы құқыққа қарсы әрекеттерінің "заңдылығын" қиыстыруға эрекеттеніп, өз басшылықтары шығарған арнайы ведомстволық "нұсқаулықтарға" сілтеме жасайды, алайда оларды танысу үшін адвокаттарға көрсетпейді. Сөйтіп, ҚР Конституциясының 4-бабын көпе көрінеу бүзады, онда азаматтардың күқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты барлық нормативтік қүқықтык актілердің ресми басылымдарда жариялануға тиістінгі айтылған, ал 1998-ж. 24-наурыздағы "Нормативтік күқықтық актілер туралы" ҚР заңыңда барлық өкілетті орғандардың мемлекеттік құпиялар немесе заңмен қорғалатын күпиялар мазмүндалғандардан басқа қабылданған нормативтік қүқықтық актілермен танысу үшін мүдделі түлғаларға жағдай жасауға міндетті екендігі көрсетілген.
Қорғаушы өкіл ретінде қарастырылмайды. Ол іс материалдарын қүқықтық бағалауға негізделген ішкі сенімі бойынша өзінің іс жүргізу үстанымын еркін анықтайды. Өз қорғауындағы адаммен кеңеседі, оның айғақтары мен пікірлерін ескереді, алайда түпкілікті шешімді дербес
қабылдаңды жэне сол үшін жауапты. Қорғаушы айыпталушы мойындаған айыпты теріске шығарған, сондай-ақ қорғау құралдарын, әдістерін жэне тәсілдерін тандаған уақытта қорғаушы мен айыпталушы арасында келіспеушілік болуы мүмкін.
Адвокат қорғаушы ретінде эрекет ете отыра, өзінің қорғауындаға адамның мүдделеріне қарсы қандай да болмасын эрекет жасауға және оған тиесілі құқықтарды жүзеге асыруына кедергі жасауға, қорғауындағы адамның айқындамасына қарамастан оны қылмысқа қатысын және оны жасағанына кінәлігін мойындауға, қорғауындағы адамның жәбірленушімен татуласқандығы туралы мәлімдеуіге, азаматтық талапты мойындауға, қорғауындаға адам берген шағым мен өтінішті кері шақыруға, заңгерлік көмек көрсетуге өтініш білдіруге және оны жүзеге асыруға байланысты өзіне белгілі болған мэліметтерді жариялауға құқығы жоқ.
Заң көмегін көрсету кезінде адвокат алған мэліметтердің әйтеуір бір бөгде адамға белгілі болу оқиғасы мәліметтерді жариялау болып табылады.
Қорғаушынын ҚР ҚІЖК-да қарастырылған басқа да қүқықтары мен міңдеттері бар.
"Адвокаттық қызмет туралы" заңның 17-бабында анықтау, алдын ала тергеу органдары мен соттарды адвокат іске қатысуға жіберілген сэттен бастап оған өзі қорғайтын адам қамауда болатын бүкіл кезенде іске қатысуға жіберілгендігі туралы дереу жазбаша растау беруге міндеттейді, алайда, ҚР ҚІЖК-да мүндай норма жоқ. Біздінше, ҚР ҚІЖК-ін 70-бабы толықтыруды қажет етеді. —
Сөйтіп, адвокат-қорғаушы процеске қатысуға жіберілген сэттен бастап айыпталушының (сезіктінің) айыбын теріске шығаратын немесе жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайларды анықтау және қорғау міндетін бұзуы немесе тарылтуы мүмкін қандай да бір шектеулер мен шарттарсыз күқыктар жиынын пайдалана отыра, айыпталушыға қажетті білікті заң көмегін көрсету мақсатында өзіне заңмен берілген барлық қорғау қүралдар мен әдістерін пайдалануға қақылы.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Конституциясы білікті заң көмегін алу қүқығын жариялайды жэне кепілдік береді. Уақыт өткен сайын азаматтар мен ұйымдар тарабынан заң көмегіне деген қажеттілік ұдайы өсіп келеді. Бұл осы оқулықтың өміршендігі мен қажеттігін айқындай түсті.
Біз күнделікті жұмысында адвокаттар мен адвокатураны бұдан эрі жетілдіру бағытында жүмыс істейтін заңгер-ғалымдар тап болатын. Мәселені өз тұрғысынан түсіндіреді және барлық түйіндерді қарастырды деп санамайды. Көптеген мэселелерде нақтылыктың жоқ екендігін, адвокатура туралы қолданыстағы заңнамының адвокаттық қызметтің саналуан және көп қырлы тұстарын толық тэртіптей алмайтындығын атап өткен жөн. Адвокат мамандығы белгілі бір табандылықты қажет ететін қызықты да қиын жүмыс, өткен ол жекелеген азаматтармен және үйымдармен қатар жалпы қоғамның мүддесін қозғайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясыңда (II бөлім 12-бап) адам мен азаматтың қүқықтары мен бостандықтары танылады жэне оларға кепілдік беріледі.
Азаматтардың Конституцияда кепілдік берілген қүқықтарын сақталуын заңнамада көзделген органдар, соның ішіңде мемлекеттік, атап айтқанда, күқык қорғау органдары қамтамасыз етеді. Осы түрғыдан тұлғаның қүқықпен қорғалуы, азаматтың крғам мен мемлекеттің алдындағы міндеттерін орындай отыра, өзінің барлық қүқықтарын пайдалануына толық мүмкіндік жасау алдынғы сапқа шығады.
Конституциялық кепілдіктерді толық жүзеге асыру ушін қүқық қорғау органдары жүмысының нышаны мен тэсілдерін демократия ағымына икемдеу, болашақ заңгерлерді оқыту мен тәрбиелеудің сапасын көтеру қажет. Мемлекеттік органдардың азаматтардың қүқықтары мен бостаңдықтарын сақтауы және қорғауы белгілі бір дәрежеде азаматтар мен үйымдарға кәсіби заң көмегін көрсетуді жүзеге асыратын түлғалар қызметінің негізгі принциптерін анықтайтын адвокатура сияқты қоғами-қүқықтық институтпен де тығыз байланысты.
Бүл дипломның мақсаты - адвокатураның мәні мен мақсаттары және 1917 жылға дейінгі кезеңде, кеңес заманында және қазіргі уақытта Қазақстанда адвокатураның қалыптасуы, даму кезеңдері туралы, адвокаттар алкасы мен оның органдарының заңи тұрпаты, олардың мемлекеттік органдармен қарым-катынасы, адвокаттардың қүқықтары мен міндеттері туралы. Сонымен қатар, адвокаттық қызметтің негізгі бағыттары туралы айтылып, қылмыстық істерде корғаушы, азаматтық істерде өкіл ретіңдегі адвокат қызметінің ерекшеліктеріне аса назар аударылады.
Дипломға адвокаттық қызметті реттейтің қолданыстағы заңнама мен жоғарыда тізбеленген мәселелер бойынша жетекші қазақстандық жэне ресейлік ғалымдардың жарияланымдағылары мүмкіндік берді.
Адамды, оның өмірін, қүқықтары мен бостандықтары жоғары қүндылық деп жариялаған 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасы
Конституциясы талаптарына сәйкес 1997 ж. 5-желтоқсаңда Қазақстан Республикасының "Адвокаттық қызмет туралы" Заңы қабылданды. Осы заң адвокатура институтының рөлін айтарлыктай көтерді, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесті, сол арқылы жалпы заңдылықтың сақталу мен нығаюына ықпал етті. Сонымен қатар, бүл жаңа заң демократиялық, құқықтық мемлекетті күру жэне нарықты экономиканың тереңдеу жағдайында адвокатураның ұйымдастырылуы мен қызметін реттеуге орайластырылды.
Осы заңга сэйкес адвокаттар алқасы әртүрлі тэсілдермен кез келген қол сұғушылық пен тэртіп бүзушылықтан азаматтар құқығын қорғау жөніндегі міңдеттерді, атап айтқанда, қылмыстық және азаматтық істер бойынша білікті заң көмегін көрсету, үйымдар тапсырысымен сотта өкілдік ету, заң тұрғысынан ақыл-кеңес беру, азаматтық істердің сот талқысына айыпкердің, талапкердің жэне іске қатысушы басқа түлганың өкілі ретінде қатысу және де басқадай заң көмегін көрсету арқылы жүзеге асырады.
Адвокаттар алқасының жэне оның мүшелерінің жүмысымен соттардың, прокурорлардың, тергеушілердің қызметі тығыз байланыста. Азаматтар мен үйымдардың қүқығын қорғау айтарлықтай дэрежде солардың іс-эрекетіне байланысты. Құқық қорғау оргаңдары жүйесінде жүмыс істейтін кейбір лауазым иелері адвокатураның маңызын бағаламайды, ал кейбір жағдайларда адвокатура, адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету тэртібі туралы түсініктері шамалы болып келеді. Нэтижесінде, адвокатура туралы қауқарсыз қосалқы қоғамдық-қүқыктық институт сияқты күқықтық менсінбеушілік қалыптасады. Адвокатура қызметінің міндеттері мен қызметі туралы қажетті білімнің жоқтығы, түптің түбінде, заңдылық пен қүқық тәртібін нығайтуға септігін тигізбейді, осы түлғалар мен адвокаттар арасыңда жанжалдың шығуына алып келуі, азаматтар мен қоғам үшін жағымсыз салдарды тудыруы мүмкін.
Адвокаттың қызметі крлданыстағы заңнаманың теориясы мен тәжірибесін терең білуге негізделуге тиіс. Осыған байланысты кәсіби адвокаттық қызмет азаматтық және қылмыстық іс жүргізу, азаматтық, қылмыстық, экімшілік қүқық сияқты пәндер мен соттағы дэлелдеу теориясын жэне тага басқаларды жетік және дәйекті игеруді талап етеді.
ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. 2000 ж. 25-желтоқсаңцағы Конституциялық заң «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы».
2. 2001 ж. 12-мауысымдағы Қазақстан Республикасының «Салық жэне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексі (Салық кодексі).
3. 2001 ж. 30-қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік кұқық бұзушылық туралы кедексі.
4. 1999 ж. 13-желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі.
5. 1997 ж. 16-шілдегіҚазақстанРеспубликасыныңҚылмыстықкодексі.
6. 1994 ж. 27-желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Жалпы бөлім.
7. 2001ж. 15-қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заңы.
8. 2000 ж.5-шілдегі Қазақстан Республикасының «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» заңы.
9. Адвокатская деятельность. Учебно-практическое пособие/Под общ. ред. к.ю.н. В.Н. Буробина. -М.: Изд-во МНЭ-ПУ, 2001. - 536 с.
10. Правовая реформа в Казахстане. Рекомендации научно-практической конференции «10 лет независимости Республики Казахстан: достижения и проблемы адвокатуры». №2, 2001 г. _
11. Смирнова Е. М. Адвокатура/Учебное пособие. - СПб.: Изд-во Михайлов В.А. 2002 г.
12. Сулейменова Г. Ж., Воронина Л.В. Адвокатура и адвокатская деятельность в Республике Казахстан. Учеб. пособие. - Алматы: Алем, 2002 г.
13. Тыныбеков С. Т. Адвокатура и адвокатская деятельность в РК. - Алматы: Даникер, 2001 г.
14. Халиков К. ҚР кұкық қорғау органдары. Оку құралдары. - Алматы: Санат.
- 1995 ж.
15. Адвокатура и современность. - М, 1987 г.
16. Жалыбин С. М. Некоторые проблемы законодательства об адвокатской деятельности. Вестник Мин. Юст. - 1996г, №11.
17. Ивакина Н. Н. Культура судебной речи. - М., 1995 г.
18. Ивакина Н. Н. Профессиональная речь юриста. - М.: Бек, 1997 г.
19. Қазақ АССР заңдарының жинағы (1920-1936 жж.) - Алматы, 1960 г.
20. Сухарев А. Я. Кадровые вопросы деятельности адвокатуры.//Соц. Законность. 1987, №10.
21. Төлебеков Б. Қ. ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы. Жалпы бөлім: Окулық.
- Алматы: Жеті жарғы, 2000 ж.
22. 2001ж. 25-қыркүйектігі ҚР Үкіметінің «Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту ережесін бекіту туралы» Қаулысы.
23. Рогов И. И. Адвокатура сегодня и завтра. /Мысль, 1992 г. №11.
24. Досбол Г.Г. Почему буксует правовая реформа? //XXI век, 11 февраля 1991 г.
25. Булгакбаев А. Советская адвокатура. - Алма-Ата: Казакстан, 1982 г.
26. Бернам У., Решетникова И. В., Прошляков А. Д. Судебная адвокатура. -Екатеринбург, 1995 г..
27. Ватман Д. П. Право на защиту. - М., 1973 г.
28. Николаев Т. П. Деятельность защитника в судебном следствии. - Саратов, 1987 г.
ҚАЗАҚТүТЫНУШЫЛАРОДАҒЫ
ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
^,. Қорғауға жіберілді
//*г?' 11ІФ дирскторы
т.ғ.к.Тау асаров Б.Р.
« ; »-^ 2006г.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҮМЫС
Тақырыбы: «Қылмыс қү_рамы түрлеріне сипаттама»
Мамандығы: 050301 «Юриспруденция»
Студент: Усербаев Р. А. Тобы: Ю-22 в/о
Ғылыми жетекшісі: з.ғ.к. Жамбаев Е.С.
Қарағанды 2006 ж.
МАЗМҮНЫ
КІРІСПЕ.............................................. 3
І-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСҚҮРАМЫ
1.1 Қылмыс қүрамының түсінігі мен маңызы .......... 4
1.2 Қылмыс қүрамының түрлері........................ 7
1.3 Қылмыс қүрамы және қылмыстық дэрежелеу...... 9
П-ТАРАУ. ҚЫЛМЫС ОБЪЕКТІСІ
2.1 Қылмыс объектісі туралы түсінік жэне оның мәні.. 12
2.2 Қылмыс объектісінің түрлері..................... 15
2.3 Қылмыстың заты.................................... 17
III - ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫ
3.1 Қылмыстың объективтік жағына байланысты түсінік жэне оның маңызы........................... 19
3.2 Қоғамға қауіпті іс - эрекет............................. 21
3.3 Қоғамдық қауіпті салдар............................. 24
3.4 Қоғамға қауіпті эрекет немесе эрекетсіздік пен қоғамдық қауіпті салдардың орын алуының арасындағы себепті байланыс.......................... 27
3.5 Қылмыс жасаудың эдісі, орны, уақыты, жағдайы жэне қүралдары мен қарулары..................... 33
IV - ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЪЕКТІСІ
4.1 Қылмыс субъектісі туралы түсінік................. 36
4.2 Қылмыс субъектісінің жасына қарай белгілері...... 39
4.3 Жауаптылыққа қабілеттілік қылмыстық жауаптылықтың жағдайы ретінде. Жауаптылыққа қабілетсіздік үғымы................................ 42
4.5 Қылмыстың арнайы субъектісі..................... 47
V - ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫ
5.1 Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі жэне оның маңызы......................................... 49
5.2 Кінэ туралы түсінік жэне оның нысандары........... 51
5.3 Қасақаналық жэне оның түрлері.................... 54
5.4 Абайсыздықтың түсінігі жэне оның түрлері........ 60
5.5 Кінэнің екі нысанымен жасалынған қылмыс......... 65
5.6 Қылмыстың себебі мен мақсаты..................... 67
5.7 Қылмыс жасаушы түлғаның сезім күйі.............. 69
5.8 Қате жэне оның қылмыстық - қүқықтық мағынасы. 70
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................... 76
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................... 78
КІРІСПЕ
Еліміздің тэуелсіз, демократиялық, қүқықтық мемлекет болып жарияланғанына он жылдан аса уақыт болды. Осы жылдар ішінде көптеген іс тындырылғаны мэлім. 1997 жылы шілденің 16 - сында Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды күшіне енді.
Қазақ ССР - інің 1959 жылы қабылдаған Қылмыстық кодексінің нормалары өмірімізде орын алған саяси, элеуметтік, экономикалық өзгерістерге сай келмегендіктен, жаңа кодекстің қабылдауына байланысты өз күшін жойып, 1998 жылдың 1 қаңтарынан эрі қарай қолданылмады. 1959 жылғы Қылмыстық кодекс кеңестік таптық идеология түрғысында, экімшілдік - эміршілдік жүйе мен орталықтандырылған жоспарлы экономика принциптеріне негізделген еді. Сондықтан өмірдің өзі ескі идеологиядан арылған, нарықтық қатынастар жағдайына үйлесетін, адам қүқықтары мен бостандықтарын қылмыстық - қүқықтық қорғауды барынша қамтамасыз ететін жаңа қылмыстық заңның болуын қажет етті.
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі Қазақстан Республикасы Конституциясының жэне халықаралық қүқықтың жалпы жүрт таныған принциптері мен нормаларына негізделген.
I-ТАРАУ ҚЫЛМЫС ҚҮРАМЫ.
1.1 Қылмыс қүрымының түсінігі мен маңызы.
Қылмыстың анықтамасы кез - келген қылмысқа тэн қүқықтық жэне элеуметтік белгілерін көрсетеді. Бүл белгілер (қылмыстық қүқыққа қарсылық, қоғамға қауіптілік, кінэлілік жэне жазалық) басқа қылмыс болып табылмайтын қүқық бүзушылық пен қылмыстық эрекеттерді бір -бірінен ажыратуға көмектеседі. Бірақ көрсетілеген белгілер бойынша бір қылмысты екінші қылмыстан ажыратуға болмайды. Мысалы, үрлықты тонаудан, я болмаса кісі өлтіруден. Себебі аталған қылмыстар қылмыс түсінігін қүрайтын белгілерге ие.
Көптеген қылмыстардың ішінен нақты бір қылмыстарды бір - бірінен ажырату үшін (мысалы, кісі өлтіру мен зорлауды немесе қорқытып алушылық пен алаяқтықты) қылмыс қүрамы деген түсінікті пайдаланамыз.
Қылмыстық қүқық ғылымында қылмыс қүрамын ғылыми негізді зерттеуде А.Н. Трайнин үлкен үлес қосқан.
Қылмыстық қүқықтық теориясында қылмыс қүрамы деп, қылмыс болып табылатын қоғамға қауіпті эрекетті сипаттайтын, қылмыстық заңмен белгіленген объективтік жэне субъективтік белгілердің жиынтығы деп түсіндіріледі. Қылмыс қүрамының түсінігі, теорияда қылмыс қүрамының элементтері деп аталатын белгілердің төрт тобын қүрайды. Бүл қылмыстың объектісі, объективтік жағы, субъектісі жэне субъективтік жағы. Яғни, бүл элементтердің жалпы қүрамын қүрайтын белгілердің мазмүны бойынша бір қылмыс екінші бір қылмыстан ажыратылады. Қылмыс объектісі - қылмыстық қол сүғушылықтың нэтижесінде зиян тигізілетін немесе тигізілуі мүмкін жэне осы қол сүғушылықтан қылмыстық кодекстің 2 - бабының 1 - ші бөлігінде көрсетілген: адам мен азаматтың қүқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері, меншіктің, үйымдардың қүқықтары мен заңды мүдделері, қоғамдық тэртіп пен қауіпсіздік, қоршаған орта, Қазақстан Республикасының конституциялық қүрлысы мен аумақтық түтастағы, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделері жэне бейбітшілік пен адамзат мүдделері.
Қылмыстың объективті жағы - қылмыс объектісіне зиян тигізетін немесе зиян тигізу қаупін туғызатын, сонымен қатар белгілі шартты жағдайларда осы зиянды тигізетін қылмыстық заңмен қарастырылған қоғамға қауіпті эрекеттердің немесе эрекетсіздіктің сыртқы сипаттамасы. Сонымен қатар қылмыстың объективті жағының белгілеріне қоғамға қауіпті эрекет немесе эрекетсіздіктен және қоғамға қауіпті зардаптан басқа қоғамға қауіпті эрекет пен қоғамға қауіпті зардаптың арасындағы
себептік байланыстар, қылмыс жасаудың эдісі, қүралдары мен қарулары, орны, уақыты жэне жағдайлары жатады.
Қылмыс субъектісі болып, дені сау, қылмыс жасаған жэне жасаған эрекеті бойынша қылмыстың жауаптылыққа тартылуға қабілеттілігі бар жеке түлға. Мүндай қабілеттілік қылмыстың жауаптылық басталатын жас шамасымен (ҚР ҚК-нің 15-бабы) жэне түлғаның ақыл-есінің дүрыстығының, яғни өзінің істеген іс- эрекетіне жауап беретін жэне оны басқара алатындығымен анықталады. Мүндай қабілеттілікті жоққа шығаратын ақыл-есінің дүрыс еместігі жөнінде ҚР ҚК-нің 16-бабында көрсетілген. Кейбір шет ел мемлекеттерінің қылмыстық заңдарында жеке түлғалардың жауаптылығымен бірге заңды түлғалардың қылмыстық жауаптылығы бар екендігі жөнінде айта кету керек. Айталық, Нью-Йорк штатының ҚК-де кейбір қылмыстардың субъектісі болып корпорациялар табылады. Яғни оларға арнайы айып, өндірісті тоқтату тағы басқа сол сияқты санкциялар қолданылады. Заңды түлғаларға қылмыстық -қүқықтық санкцияларды қолдану (мысалы, экологиялық зиянды өндіріс орындарына) ондай өндіріс орындарының иесіне немесе басшысына "тисін" деген мақсатпен емес, сол өндіріс орнының барлық қызметкерлеріне бірдей экологиялық зиянды өндіріспен айналысу экономикалық пайдасыз екенін көрсету.
Еуропа кеңесінің жанындағы қылмыс мэселелері жөніндегі комитет 1978 жылы еуропалық мемлекеттің заңгерлеріне заңды түлғаларды экологиялық қылмысы үшін қылмыстық жауаптылықтың субъектісі деп тану жолына түру керек дегенді үсынған. Мүндай үсыныс қазіргі кезеңде Англияның қылмыстық заңдарында жэне Францияның жаңа қылмыстытқ кодексінде жүзеге асырылған. Әрине, заңды тэжірибеде жеке түлғаның жауаптылығымен бірге заңды түлғаның жауаптылығын көрсету, бүл прогресс пен демократияның салмақты жетістігі болып табылады. Сондықтан да ол жалғыз ғана мүмкіндік болып табылатын жерлерде, ол мүлтіксіз болу керек. Ал, өмірдің өзі осы қағиданы пайдалануды яғни заңды түлғаларды қылмыстық жауаптылыққа тартуды үсынса, онда ол алғашқысымен бірге өмір сүре алады жэне ол оны толықтыра түседі. Қылмыс қүрамының субъективтік жағы қылмыскердің қоғамға қауіпті эрекетіне немесе эрекетсіздігіне олардан туатын қоғамға қауіпті зардаптарына байланысты психикалық қатынасын сипаттайтын жағдайлар болып табылады. Бүған кінэ жэне оның нысандары, қылмыстың жасау мақсаты мен себептері жатады (ҚК-тің 19,20, 21-баптары).
Қылмыс қүрамы - бүл көрсетілген объективті жэне субъективті белгілердің міндетті жиынтығы. Ол осы белгілердің түтастығы арқылы болады. Сонымен қатар эрбір қүрамның белгісі басқа белгілермен тығыз байланыста болады жэне олардың қылмыс қүрамынан тысқары өз алдында болуы мүмкін емес.
Қылмыс қүрамының белгілері қылмыстық заңмен реттеледі, соның ішінде ең алдымен ҚК-тің ерекше бөлімімен құрастырылады. Бірақ қылмыс қурамының белгілерін көрсететін белгілер ҚК-тің жалпы бөлімінде де бар. Көбіне олар қылмыс қүрамының көпшілігіне немесе барлығына тән ортақ белгілеріне арналған. Мысалы, ҚК-тің 2-бабының 1-ші бөлігінде қылмыс объектісінің түрлері туралы 19-22-баптарда қылмыстың субъективті жағының белгілері туралы 14-16-баптарда қылмыстың субъектісі туралы, 27-31-баптарда алдын - ала жэне бірлесіп жасаған қылмыстың әрекеттері туралы айтылады.
Қылмыс қүрамының белгілері екі топқа бөлінеді: қажетті жэне факультативті. Ешқандай қүрамның сол белгілерсіз сипаты болмайтын белгілер қажетті деп аталады. Сондықтан олар кез - келген қылмыс қүрамының белгісі болып табылады. Мүндай белгілердің жоқтығы кез -келген қылмыс қүрамының жоқтығын көрсетеді. Мүндай белгілер мысалы, кінэ жэне қылмыстың заңмен рүқсат етілмеген эрекет еткен адамның ақыл - есінің дүрыстығы.
Факультативті белгілер деп қылмыс қүрамы үшін міндетті, ал екінші бір қылмыс қүрамы үшін міндетті емес белгілерді айтамыз. Мысалы, ауырлататын мэн - жайлар арқылы қасақана кісі өлтіруге, пайдақорлық немесе бүзақылық сияқты себеп ең керектісі болып табылады жэне ол ҚР ҚК-нің 96-бабының 1-ші бөлігі "3" жэне "И" тармақтары бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады, ал қасақана үрып соққаны үшін (ҚК-тің 106-бабы) себеп қылмыс қүрамына ықпал етпейді, сондықтан да ол факультативті болып табылады. Бірақ қылмыс қүрамының бар ма, жоқ па екеніне эсер етпесе де факультативті белгілер қылмыстық жауаптылықтан тысқары қала алмайды. Олар жаза тағайындаған кезде жауаптылықты жеңілдете немесе ауырлата алады.
Айтып өткендей қылмыс қүрамының белгілері қылмыстық заңда қаралады. Бүл барлық белгілер ҚК-тің арнайы баптарының дизпозициясында міндетті түрде аталады деген сөз емес, бірақ қылмыс қүрамының көпшілігіне байланысты бүл жағдайлар ҚК-тің диспозициясында көрсетілген. Бүл бойынша В.Н.Кудрявцев былай дейді, "заң шығарушы шын мэнінде қүрамды емес, қылмыстық - қүқықтық нормаларды қүрайды, ал оларда қылмыс қүрамының белгілері аз мөлшерде немесе көп мөлшерде болсын толығымен айтылады. Бүл белгілер адамның санасынан тысқары объективті өмір сүреді, сонымен қатар олар эрбір нақты қылмысқа тән, заң шығарушының міндеті, бүл жерде, заңда осы белгілерді дэл жэне тереңірек тауып анықтау болып табылады. Сондықтан да заңның баптарының дизпозициясы, қылмыс қүрамының элементтерін ғана көрсетеді, оның өзі толығымен емес". Сонымен, қылмыс қүрамының қажетті немесе факультативті белгілерін анықтау қылмыстық заңға түсінік беру барысында пайда болады.
ҚР ҚК-нің 3-бабында, қылмыс жасау, яғни осы кодексте көзделген
қылмыс қүрамының барлық белгілері бар эрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден - бір негізі болып табылады, - деп атап өткен. Қылмыс қүрамы қылмыстық жауаптылықтың негізі екендігі туралы қылмыстық іс жүргізу заңдарында да нақты айтылған. Сондықтан да оның нормаларына сэйкес, егер жасалынған эрекетте қылмыс қүрамы болмаса қылмыстық іс қозғалмайды, ал қозғалған қылмыстық іс қылмыс қүрамы жоқ болғандықтан өндірістен қысқартылуға жатады. Сонымен қатар сот үкім шығарған кездегі ең басты міндеті сол істелінген эрекетте қылмыс қүрамы бар ма, жоқ па соны анықтау деп көрсетілген. Егер жасалынған іс - эрекетте қылмыс қүрамының жоқтығы анықталса, онда сот ақтау үкімін шығарады. Ал қылмыс қүрамының жоқтығы деп біз жеке түлғаның істеген іс-эрекетінде жоғарыда атап өткен қылмыс қүрамының бір белгісінің болмауын айтамыз. Демек қылмыстық қүқықтағы қылмыс қүрамының мэні сол, ол қылмыстық жауаптылыққа тартудың бірден - бір жэне жеткілікті көрсеткіші болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |