2.2. Адвокаттар алқасы мүшелелерінің қүқықтары мен міндеттері
Адвокаттық қызметті реттейтін заңнама адвокаттық қызметтің рәсімдерін реттейтін және оның жүзеге асыру тәртібі мен мазмүнын анықтайтын, Қазақстан Республикасы Конституциясында белгіленген тәртіппен қабылданған нормативтік қүқықтық актілер болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы адвокаттық кызмет туралы заңнама көздерінің түрлері туралы мәселе ҚР Конституциясының 4-бабы және "Адвокаттық қызмет туралы" Заңның 2-бабының нормативтік үйғарымдарына сәйкес шешіледі. Конституция 4-бабының 1-бөліміне сәйкес, Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы күкық Конституцияның, оған сәйкес заңдардың, өзге нормативтік қүқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесі мен Жоғары Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады. "Адвокаттық қызметі туралы" заңның 2-бабында адвокаттық кызмет тәртібінің осы Заңмен және адвокаттык қызметті реттейтін өзге заңдармен тәртіптелітіндігі белгіленген.
Жеке және заңды түлғалар істері бойынша адвокаттар өздері қорғау мен өкілдік етуді жүргізген кездегі іс жүргізушілік қүқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленеді (1997 жылғы 13-желтоксандағы Қазақстан Республнқасының қылмыстық-істер жүргізу кодексі, 1999 жылға 13-шілдедегі Қазақстан Республикасының азаматтық істер жүргізу кодексі, 1999 жылғы 30-наурыздағы Қазақстан Республикасының "Қылмыстың жасалуына сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте үстаудың тәртібі мен шарттары туралы" заңы және т.б.).
Жоғарыда тізбеленген заңңама актілерінің ережелеріне сәйкес адвокаттык қызхметті реттейтін заң негіздеріне мыналар жатады:
1) Қазақстан Республикасы Конституциясы;
2) адвокаттық қызметті реттейтін нормалар мазмүндалған конституциялық заңдар;
3) "Адвокаттық қызмет туралы" заң;
4) адвокаттық қызметті реттейтін нормалар мазмүндал-ан өзге де зандар;
5) адвокаттық қызметті реттейтін нормалар мазмүндалған заңға негізделген нормативтік актілер;
6) адвокаттық қызметке қатысты нормалар мазмүндалған Қазақстан Республикасының халыкаралық шарттық және өзге міндеттемелері;
7) адвокаттық қызметке жататын мәселелер бойынша Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары;
36
8) адвокаттық қызметке жататын мәселелер бойынша ҚР Жоғарғы Соттының нормативтік қаулылары;
Бұл негіздер нормативтік құқықтық актілер деңгейін, яғни, нормативтік қүкықтық актілер сатысындаға нормативтік құқықтық актілердің орнын ескере отырып оның зандық күшіне байланысты тікелей реттілікпен орналасады. Аталған сатыдан тыс тек Қазақстан Республикасының Конституциялык Кеңесінің нормативтік қаулылары, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары ғана орналасады.
Заң күші - нормативті қүқықтық актінің белгілі бір қүқықтық салдар туғызу ерекшелігі. Осындай акті заң күшінің дәрежесі мемлекет органдарының жүйесінде осы актіні шығарған органның күқықтық мәртебесінің жағдайы мен қүзыретіне байланысты.
Адвокаттық қызмет туралы заңнаманың жоғарыда аталған негіздерін жан-жақты ашып, талдау қажет.
Барлық тізбеленген негіздерден 1995 жылғы 30-тамызда Республикалык реферерендумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын ерекше атап көрсету керек (Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 7-қазаңдағы заңына сәйкес).
Қазақстан Республикасының Конституциясы - бүл Қазақстан Реслубликасы заңдарының қүқықтық негізі, жоғарға заң күші бар және республика аумағында тікелей қолданылатын негізгі заң. Адвокаттық қызметте, қүқықтық реттеудің басқа салалары сияқты Конституциялық нормалар тікелей қолданылады.
Адвокаттық қызметке қатысты конституциялық үйғарым II тарауда мазмүндалады. Оның негізгі мазмүны адам мен азаматтың қүқықтары мен бостандықтарына арналған. Адвокат туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясыңда тек 1-бапта ғана аталатындығын бөле көрсету керек. 16-бапқа сәйиес үсталған, түтқындалған, қылмыс жасады деп айтып тағылған әрбір адам үсталған, түтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін тайдалануға қүкылы.
Әркімнің білікті заң көмегін алуға күқыға бар. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі.
Осы қағида жеке адамның қүқықтары мен заңды мүлделерін қорғау негізінде жатқан аса маңызды және принципті ережені мазмүндайды.
Келесі негіз Қазақстан Республикасының конституциялык; заңдары мен Қазақстан Республикасының Президентінің констутуциялық заң күші бар жарлықтары болып табылады.
Заңдар Конституциялық деп Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген мәселелер бойынша Парламенттің әрбір Палатасы депутаттары жалпы санының кемінде үштен екі дауысымен кабылданатындыктан аталған. Конституцияда тікелей көзделген жағдайларда бүл мәселелер Елбасының ерекше Жарлықтарымен тәртіптелуі мүмкін. Олар Конституциялық заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлыктары деп аталады.
37
Атап айтқанда, 2000-жылғы 25-желтоқсандағы Қазақстан Республикасының "Сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы" конституциялық заңының негізгі мақсаты сот жүйесі мен соттар қызметін одан әрі жетілдіру болып табылады.
Осы норматавтік құқықтық акті соттар құрылымьіның маңызды саяси-әлеуметтік мәселесін, олардың құзыретін, соттар мәртебесін анықтайды. Алайда, оларда адвокаттардың (қорғаушылардың) кызметіне тікелей қатысты, нақты мәселелерді шешу үшін цринципті маңызға ие нормарлар да бар. Осы мәселелер арасынан тиісті ретпен тәртіптелген мына хайттар айрықша ерекшенеледі:
- сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен үйымдардың қүқықтарын, бостандықтары мен заңды мүлделерін қорғауға, республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік қүқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етеді;
- әркімге мемлекеттік органдардың, үйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген қүқықтарға, бостандыктар мен заңды мүлделерге нүксан келтіретін немесе оларды шектейтін кез келген заңсыз шешімдері мен іс-қимылдарынан сот арқылы қорғануға кепілдік беріледі;
- ешкімді де оның ісін заңның барлық талаптары мен әділеттілікті сақтай отырып қүзыретті, тәуелсіз және алаламайған соттың қарау қүқығынан айыруға болмайды;
- сот билігі азаматтық, кылмыстық және заңда белгіленген сот жүргізу ісінің өзге де нысандарымен жүзеге асырылады (1-бап, 2-тармақ).
Норматиктік құқықтық актілер негіздерінде адвокаттардың қүкықтык жағдайын барынша толық реттейтін Қазақстан Республикасының "Адвокаттық қызмет туралы" 1997 жылға 5-желтоксандағы заңы ерекше орын алады (2001 жылғы 11-шілдедегі N235 және 2003 жылғы 3-мауысымдағы N424 өгерістермен және толықтарулармен). Онда адвокатура міндеттерінің үйымдастырылуы мен қызметтері анықталған, аса маңызды үғымдар, адвокаттардың қүкыктары мен міндеттері, адвокаттар көрсететін заң, көмегінің түрлері түсіндірілген.
"Адвокаттык қызмет туралы" заң негізгі болса да, адвокатураға катысы бар жалғыз заң емес. Өзінің бүкіл маңызына қарамастан осы Заң адвокаттар қызметін, әсіресе сот жүргізу ісіне катысатындардыкін, олардың өкілеттігін және т.б. толығымен реттей алмайды. Осы заңның кағидаларын дүрыс қолдану бірқатар заңдардың ережелерін білуді талап етеді Оған жататындар:
- 1997ж. 16-шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі;
- 1997ж. 13-желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі;
- 1994ж. 27-желтоқсандағы: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Жалпы бөлім.
- 1999ж. 1-шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі.
- 1999ж. 13-шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі;
2001ж. 30-қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік қүкық бүзушылық туралы кодексі.
- 2001ж. 15-қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" заңы.
- 2001ж. 12-мауысымдағы Қазақстан Республикасының бюджетке салықтар және басқа да міндетті төлемдер кодексі (Салық кодексі).
- 2000ж 5-шілдедегі Қазақстан Республикасының "Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы" заңы.
- 1999ж. 30-наурыздаға Қазақстан Республикасының "Қылмыстың жасалуына сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте үстаудың тәртібі мен шарттары туралы" заңы.
-1995ж. 17-сәуірдегі Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" N2200 заңы.
- және басқа да заңнама актілері.
Жоғарыда тізбеленген нормативтік қүкыктық актілер және өзге заңдар ! жалпы тиісті қүқықтық катынастарды реттеуге арналған. Мысалы, олар мемлекеттік күқық қорғау органдарының өкілеттігін, сондай-ақ басқа қатысушылармен қүқықтық қатынастардың өзара байланыс тәртібін реттей алады. Алайда, оларда сонымен қатар адвокаттык қызметте туындайтын накты мәселерді шешу үшін принципті маңызы бар нормалар мазмүндалған. [12, 76 б]
Заңға негізделген нормативтіқ актілер, яғнн- заңдар негізінде және мемлекеттік органдардың өз қүзірет шегіңде орындауы үшін шығарылған нормативтік қүқықтық актілер өзге негіздер болып табылады. Олар зандар нормаларын нақтылауы және тәртіптерді белгілеуі мүмкін, алайда, бүл жағдайда олар заңға сәйкес және оған қайшы болмауға тиіс.
Мысалы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Адвокаттар көрсететін заңи көмектер мен қорғауға және өкілдікке байланысты шығындардың орнын толтыруды республикалық бюджет есебінен төлеу ережелері туралы" 1999-жылға 26-тамыздағы Қаулысы. Осы Қаулыда заңнамада көзделген жағдайларда адвокаттар көрсететін заңи көмектер және қорғаумен, өкілдікпен байланысты шығын-дардың орнын толтыру тәртібі реттеледі (Адвокаттардың Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 72-бабына, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 114 және 304-баптарына, "Әкімшілік қүқық бүзушылық туралы" Қазакстан Республикасы Кодексінің 590-бабына және "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес). Заңға негізделген актіге сондай-ак, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001-жылғы 25-қыркүйектегі "Адвокаттық не нотариаттық кызметпен айналысу қүкығына үміткер адамдардың аттестациядан өту ережесін" және басқа да актілерді жаткызуға болады.
Адвокаттық кызмет үшін маңызды түжырымдамалық мәні бар қүқық негіздеріне Қаізақстан Республикасындағы қүқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасын (негізгі бағыттар) жатқызуға болады (1994 жылғы 12-ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысымен бекітілген), онда сот
жүйесінің тиімді жұмыс істеуі үшін күшті, білікті адвокатура қажеттігі атап өтілген.
Аталған мемлекеттік бағдарлама қабылданған сәтте қүқықтық реформа адвокатура туралы қолданыстағы заңдарды қайта қарауды көздеді. Оларда мына ережелер орын алуға тиіс болатын: адвокаттық қызметтің саналуан тәуелсіз, өзін-өзі басқаратын үйымдық нысандары; олардың міндетті лицензиялануы; тиімді қорғау мен өкілдік үшін кепілдік; азаматтарды қорғау және өзге заң көмегін көрсету бойынша адвокат қызметіне араласпаушылық; кез келген мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар мен мекемелерде сот ісінің кез келген сатысында кәсіби заң көмегі мен қорғау қүқықтары; мемлекет есебінен заңмен анықталған адамдарды корғау үшін шығындарды төлеу; адвокаттардың ерікті бірлестіктерінің, адвокаттық кеңселер мен фирмалардың женіндегіиген салыға. "Адвокаттық қызмет туралы" 1997-жылғы 5-желтоқсандағы заң және адвокатты қызметті реттейтін өзге де заңдар мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудың манызды нәтижесінің бірі болып табылады.
Жалпы осы қүкықтық реформаның өзінің рөлін орындағандығын атап көрсеткен жөн. Ол уақытша сипатта болған коғам дамуының белгілі кезеңі болды. Қазір реформалардан гөрі мемлекеттің қүқықтық дамуының түжырым-дамасы туралы көбірек айту керек. Енді қолданыстағы заңға қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен кодификациялы қабылданған актілердің кемшіліктері жойылуға тиіс. Атап айтқанда, негізсіз айыптаудан және соттаудан, адам—мен азаматтың қүқыктары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды калайша толығамен камтамасыз ету және сонымен қатар қылмыстық процестің өзін барынша онай, қарапайым және тиімді етуге болады. Соңдықтан ҚР Әділет министрлігінің Қазакстанның күқықтық дамуының түжырымдамасын жүзеге асыру жүмыстарын жалғастыруға тиістілігі әділ айтылған.
Қазакстан Республикасы Әділет министрлігінің бүл жүмысы Қазақстан Республикасы Президентінің 2002-жылғы 20-қыркүйектегі N949 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қүқықтық саясат Түжырымдамасына сәйкес орайластырылған. Қылмыстық іс жүргізу заңдарын одан әрі жетілдіру кажет. Бүл орайда негізгі мақсат қылмыстық іс жүргізудің адам қүқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған мынадай түбегейлі принциптерін нақты нормаларда одан әрі дәйекті жүзеге асыру болып табылады (басқалардың арасында): сот ісін жүргізуді сотта іс қарауда айыптау функциясын қорғау функциясы мен істі шепгу функциясынан бөлек болатындай етіп қүратын тараптардың бәсекелестігі мен тең күкықтыға, сол секілді Қазақстан Республикасының Конституциясы белгілеген, халықаралық күқықтық нормалармен және Республиканың қылмыстық іс жүргізу заңымен танылған басқа да принциптер негізінде жүзеге асыру. Оның ішінде Түжырымдама қылмыстық сот ісін жүргізудегі қылмыстық саясат ізгілігі үрдісінің көрінісі мыналар болып табылатылдығын белгілейді (басқалардың арасында): жәбірленушілердің, соның ішінде мемлекеттің қүқықтары мен заңды мүлделерін кеңейту іс жүзінде қылмыстық процестің негізгі басымдықтарының
бірі болуға тиіс. Осы мақсатта адвокаттар мен азаматтардың сот төрелігінің тиісті сатыларына қатысуының нақты тетігін қамтамасыз ететін нормаларды қарастыру қажет.
Адвокаттық қызметті реттеу үшін ерекше негіз ретінде азаматтық, отбасылық және қылмыстық істерді шешуге жәрдемдесу бойынша соттар, әділет, прокуратура және тергеу органдарының ынтымақтастық мәселелері жөнінде мемлекеттер жасаған қүқықтық көмек туралы халықаралық шарттарының үлкен маңызы бар.
Мысалы, 1993-жылы 22-қаңтарда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы 12 мемлекетінің басшылары қол қойған, 1994 жылы 10-желтоқсанда күшіне енген азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша қүқықтық көмек және қүқықтық қатынастар туралы Конвенция, бүған 1997 жылы 28-наурызда Конвенцияға қатысушы мемлекеттер қол қойған Хаттамамен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осы Конвенцияның IV бөлімінде Конвенцияға қатысушы -мемлекеттер өтініші бойынша қылмыс жасаған адамдарды беру, қылмыстық ізге түсу, өзара ақпарат алмасу, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша өндіріске байланысты кейбір басқа әрекеттерді жасау туралы келісілген тәртіп белгіленді
Осы көп қырлы конвенция осы тектес екі жақты келісімді жасауға кедергі жасамайды. Олар да адвокаттық қызметті реттеуде қүқықтық негіз болып табылады. Осылайша, Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы азаматтық және кылмыстық істер бойынша өз-ара күқықтық көмек көрсету туралы 1996-жылғы 26-тамызда Шарт жасалған, осы шарттың 37-бабына сәйкес "уағдаласушы тараптардың бірінің өкілдері екінші жақтың келісімімен өзге уағдаласушы тараптың қылмыстық іс бойынша қүқықтық көмек көрсету туралы өттінішін орындау кезінде қатыса алады".
Адвокаттар ролі туралы негізгі ереже БҮҮ Пактісі ерекше орын алады (Нью-Йоркте 1990-жылғы тамызда қылмысты ескерту жөніндегі БҮҮ сегізінші Конгресінде қабылданды). Бүл қүжатта адвокаттар, судьялар, прокурорлар, заң шығарушы және атқарушы билік өкілдері мен жалпы қоғам назарына ілігуге тиіс негізгі тәртіптер мазмүндалған: қатысушы-мемлекеттерге олардың міндеттеріне жәрдемдесу және үлттық заңдарды әзірлеу мен оны қолдану кезінде Үкіметтер сыйлауға және кепілдік беруге тиіс адвокаттың тиісті ролін қамтамасыз етуге. Бүл принциптер сонымен қатар адвокаттың формальды мәртебесін алмай адвокаттық міндеттерді жүзеге асыратын адамдарға да қолданылуға тиіс.
Қазақстан қүкығындағы жана негіздер, жоғарыда атап өтілгендей, Республиканың Коңституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары, олар қолданыстағы заңдардың қолданылуын міндетті түрде түсіндіруді мазмүндайтын актілер болып табылады. Адвокаттық қызмет туралы заңның мазмүнына және оны қолдану практикасына эсер еткен Конституциялық Кеңестің қаулысына, мысалы, "Қазақстан Республикасының Конституциясының 4-бабы 1-тармаған, 14-бабы, 1-тармаған, 77-бабы 3-тармағының 3-тармақшасын, 79-бабы 1-тармағын және 83-бабы 1-тармағын
ресми түсіндіру туралы" 1997-жылға 6-наурыздағы N3 Қаулысын жатқызуға болады.
Атап айтқанда, Конституция 77-бабы 3-тармағының 3-тармақшасында занды қолдану кезінде соттар басшылыққа тиіс сот төрелігін іске асырудын негізгі конституциялық принципттерінің бірі мазмүндалған: "өзіне заңмен көзделген сотталығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды". Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі ресми түсіндіруге байланысты Конституция 77-бабы 3-тармағының 3-тармақшасының нормасын төмеңгі түрған соттың соттау қүзырын жоғары түрған соттың өз іс жүргізуіне қабылдауы, сондай-ақ сотталықты өзгертуге әкеп соғатын сол денгейдегі басқа сотқа істі тапсыру ісі сотта қаралып жатқан адамның келісімімен ғана ықтимал деп түсіну керектігі туралы қаулы етті. Мысал ретінде, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің 1999 жылғы 2-шілдедегі N12/2 Қазақстан Республикасының "Адвокаттық қызмет туралы" Заңы 20-бабы 3-тармағының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі туралы Қаулысын жатқызуға болады. Атап айтқаңда, осы қаулыға сәйқес мына жайттар белгіленді:
- өз атауына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аты қосылатын облыс, республикалық маңыздағы қала мен астана аумағында бір адвокаттар алқасын қүру туралы норма Конституция 39-бабы 1-тармағының нормасына қайшы келмейді, өйткені "Адвокаттық қызмет туралы" Заңның 20-бабынын 3-тармағы адам мен азаматтың конституциялық және басқа да күқықтарын шектеуге бағытталмаған. Осы ереже Қазақстан Республикасының Конституциясының 13-бабына сәйкес оларға білікті және міндетті заң көмегін көрсетуге арналған. Бүл Қазакстан Республикасы Конституциясы 39-бабы 1-тармаға мақсаттарының бірі болып табылады;
- бірлестіктер бостандығана Республика азаматы ретіндегі адвокаттар қүқығын олар өз мүшелерінің заңды мүлделерін ортақ мақсатта қорғау үшін ерікті қүрылған қоғамдық бірлестік (ассоциация)- Қазақстан Адвокаттар одаға нысанында, сондай-ақ адвокаттық кызметке байланысты емес кез келген басқа қоғамдық бірлестікке кіру жолымен жүзеге асырады.
Осыларды және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 2-тармағаның, Қазақстан Республикасының Президентінің конституциялық заң күші бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" Жарлығының 37-бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республиқасының Конституциялық Кеңесі каулы етеді; "Адвокаттық қызмет туралы" Заңы 20-бабының 3-тармағының нормасы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес деп танылсын.
Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының "Қылмыстық істер жүргізетін органдардың заңға қайшы әрекеттерінен келтірілген зиян орнын толтыру жөніндегі заңдарды қолдану практикасы туралы", "Денсаулықка келтірілген залалды өтеу жөніндегі заңдарды республика соттары қолдануының кейбір мәселелелері туралы", "Медициналық сиппаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі сот практикасы туралы" 1999-жылғы 9-шілдедегі қаулыларын және баскаларын жатқызуға болады.
Атап айтқанда, "Қылмыстық істер жүргізетін органдардың заңға қайшы әрекеттерінен келтірілген зиян орнын толтыру жөніндегі заңдарды қолдану практиқасы туралы" Жоғары Сот қаулысының 1-тармағы қылмыстық ізге түсу және сот органдарының назарын қылмыстық жауапкершілікке негізсіз тарту, іс жүргізудің мәжбүрлеу шараларын заңсыз қолдану, негізсіз соттау деректерінің заңдылықты өрескел бүзу болып табылатындығына, соның салдарынан адам мен азаматтың заңды қүқықтары мен мүлделерінің қатты зардап шегетіндігіне, оларға және мемлекетке материалдық зиян мен моралдық залал келтіретіндігіне аударуды талап етеді.
2002 ж. 6-желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотаның нормативтік "Қорғану қүқығын реттейтін қылмыстық іс жүргізу заңнамасын қолдану тәжірибесі туралы" №26 Қаулысы ерекше назар аудартады. Бүл қаулы қорғану қүқығының кәсіпқой адвокаттың немесе тек арнайы заң білімі және қорғалушыға нактылы білікті заң көмегін көрсетуге қабілетті болған жағдайларда, қорғаушы ретінде жіберілген өзге де адамдардың - сезіктінің, айыпкердің, сотталушының жүбайының, жақын туыстарының немесе заңды өкілдерінің, кәсіподақтардың және басқа да қоғамдық үйымдардың өкілдерінің катысуымен жүзеге асырылатыны туралы қағиданы алғаш рет бекітіп берді. Анықтау, тергеу органдары мен соттар осы мәселені анықтап, егер сезікті, айыпкер, сотталушы, сотталған тандап алған қорғаушы қорғалушының мүлделерін білдіруге қабілетті болмаса, онда іске кәсіпқой адвокатты тарту туралы мәселені талкылауға тиіс. Мүндай жағдайда сезіктінің, айыпкердің, сотталушының жүбайы, жақын туыстары немесе заңды өкілдері, кәсіподақтардың және басқа да қоғамдық үйымдардың өкілдері іске адвокатпен бірге қатыса алады.
Адвокаттың еңбегіне төлейтін ақының болмауына байланысты оның қызметінен бас тартуға болмайды. Мүндай бас тарту амалсыздан бас тарту деп танылады және оны қылмыстық істі жүргізуші орган қабылдауға тиіс емес. Сезіктіні, айыпкерді, сотталушыны айғақ беруге, оған тағылған айыпты тануға, заттай дәлелдемелер беруге және оның өзіне карсы куәлік бермеу туралы күқығының бүзылуына үласатын өзге де әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу корғану қүқығын елеулі түрде бүзу деп қарастырылады. Осындай заңсыз тәсілмен алынған дәлелдемемелердің занды күші жоқ деп танылады. Осы шаралар істі жан-жақтылы, толық және объективті зерттеудің, әділ, заңды әрі негізді үкім шығарудың қосьшша кепілі ретінде қызмет етеді.
Мемлекттің қүқықтық негізін нығайтудағы Республика Конституциялық Кеңесі мен Жоғары Соты нормативтік қаулыларының ролі мен орнын бағалай отырып олардың колданыстағы заңның мәні мен мазмүнын олар қолданылған кезде алшақтық орын алған жағдайда ғана ашатындығын, сол аркылы түсініктеме берілген заңдарды соттардың, басқа органдар мен лауазымды адандардың дүрыс түсінуіне және бірізді қолдануына ықпал етеді.
Адвокаттық қызметті реттейтін нормалар қайнарларыла адвокаттар алқасының жоғары органдары қабылдаған қүқықтық қүжаттарды, адвокаттар алқасының Жарғысын және адвокаттардың Кәсіби әдебінің тәртіптерін жатқызуға болады. Алайда бүл қүжаттар заңнаманың қүрамдас бөлігі болып
табылмайды, өйткені олардың нормативтік құқықтық мәртебесі жоқ және сондықтан осы тараудың аясында қаралмайды.
3 ТАРАУ. АДВОКАТТЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ 1С ЖҮРПЗУГЕ ҚОРҒАУШЫ РЕТШДЕ ҚАТЫСУ МӘСЕЛЕЛЕРШ ЖЕТЩЩРУ
3.1. Адвокатгьщ қылмыстық іс жүргізуге адвокаттық қызметтің бір түрі
ретінде қатысуы
Адвоқат өзінің кэсіби қызметінде эртүрлі заң көмегін көрсетеді. ҚР ҚІЖК әрбір адамга білікті заң көмегін алудың үлкен және тең мүмкіндігін береді. Бүл жағдайда заң көмегі өзінің мазмұны бойынша іс-әрекеттің үлкен шеңберін қамтиды, оның ішінде анықтау, алдын ала тергеу, сот органдарында заңды жэне жеке тулғаларға өкілдік ету мен қорғауды жүзеге асырады. Адвоқаттың қылмыстық процеске қатысуы - бүл адвоқат қызметінің маңызды түрлерінің бірі, ол негізінен айыпталушыны (сезіктіні) қорғау әрекеттерін жүзеге асыруға байланысты. '•
Қорғау - қылмыс жасады деп сезік келтірілген адамдардың қүқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету, айыптауды жоққа шығару немесе жеңілдету, сондай-ақ заңсыз қылмыстық ізге түсуге үшыраған адамдарды ақтау максатында қорғау тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қызметі.
Қорғану тарабы сезікті, айыпталушы, олардың заңды өкілдері, қорғаушы, азаматтық жауапкер және оның өкілдері болып табылады.
Қылмыстық процестің эрбір сатысында айыпталушы қорғаушы көмегін қажетсінеді, онсыз айыпталушы өз кінэсіздігінің дәлелдерін келтіруге, соңдай-ак айыптауды теріске шығаратъш немесе жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайларды анықтауға дәрменсіз.
Қорғаушы - заңда белгіленген тәртіппен сезіктілер мен айыптаушылардың қүқықтары мен мүдделерін жүзеге асыратын жэне оларға заң көмегін көрсететін адам.
Тергеушы, анықтаушы қылмыс жасады деп күмэн келтірілгендігш хабарлап, соған байланысты ҚІЖК-де белгіленген негіздерде және тәртіппен өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған, не үстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейін бүлтартпау шарасы қолдалынған адам сезікті болып танылады.
Өзіне қатысты айыпталушы ретіңде жауапқа тарту туралы қаулы шыққан адам, не өзіне қатысты сотта жеке айыптайтын қылмыстық іс қозғалан адам, сондай-ак оған қатысты анықтау органының бастығы айыптау хаттамасын жасаған жэне бекіткен адам айыпталушы болып танылады.
Заң қорғаушы ретінде жіберілуі мүмкін түлғаларды нақты анықтайды.
Оған жататыңдар:
а) адвоқаттар, яғни адвоқаттар алқасыңда мүшелікте түрған түлғалар;
б) жүбайы (зайыбы);
в) жақын туыстары мен заңды өкілдері;
г) өз бірлестіктері мүшелерінің істері бойынша кәсіподактың жэне басқа да коғамдық бірлестіктердің өкілдері, олар өз өкіліп бөліп, қорғаушы ретіндегі оішң өкілеттігін айғактайтын тиісті қүжаттармен (шешім немесе хаттама, сенімхат) қамсыздандырады.
Қазақстан Республиқасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында (ҚІЖК 70-бап 2-тармақ) қорғаушы ретінде іске, егер бұл Қазақстан Республиқасының тиісті мемлекетпен халықаралық шартында өзара негізде көзделсе, заңнамада белгіленген тәртіппен іске қорғаушы ретінде шетел адвоқатарының қатысуына жол беріледі. .
Қорғаушылар (адвоқаттар) іске қатысуға түлға айып тағылған немесе үстажан, айыпталушы деп танылған не айыптағылғанға дейін бұлтартпау шарасы қолданылған сэттен бастап жіберіледі.
Бір адам, екі сезіктінің, айыпталушының біреуінің мүддесі екіншісінің мүддесіне қайшы келетін болса, екеуіне бірдей қорғаушы бола алмайды.
Қылмыстық іс бойынша кэсіби қорғауды тек адвокаттар ғана жүзеге асырады.
Білікті заң көмегін алу қүқығын жариялай отырып, Қазақстан Республиқасының Конституциясы барлық азаматтарды бостандықтары меи заңды мүдделерін кэсіби қорғау қүқығымен, қылмыстық ізге түсуден қорғану қүқығын қоса алғанда, қамтамасыз ету принципін орнықтырды (ҚР ҚІЖК 28-бап). Осы ережеге сәйкес анықтауды жүргізетін адам, терегеуші, прокурор, сот эрбір іс бойынша азаматка өз күқығын жүзеге асырудың нақты мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Құқықты тікелей немесе жанама шектеу я болмаса элеуметтік шығу тегі, лауазымдық немесе мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, үлты, тілі, діни үстанымы, көзқарасы, түрғылықты жеріне байланысты желеумен немесе кез келген баска мэн-жай бойынша өзге артықшылықты белгілеу заң бойынша жазаланады. _
ҚР ҚІЖК-да қылмыстық процесс барысында білікті заң көмегін алуға қүқығы бар субьектілір анықталды. Олар - қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қүқықтары мен мүдделері қорғалатын немесе білдірілетін түлғалар (сезікті, айыпталушы, сотталушы, жәбірленуші, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, азаматтык жауапкер, куэ).
Бүл арада кэсіби қорғаудың қылмыстық іс бойынша қорғаудың саналуандыға болып табылатындығын ескерген жөн. Онда қорғау үшін тэн барлық белгілер бар (ҚР ҚІЖК 7-бап 19-тармақ), алайда, сонымен қатар оның Қазақстан Республиқасының "Адвоқаттық қызмет туралы" заңымен реттелетін адвоқаттың қүқыктық мәртебесіне байланысты ерекшеліктері кездеседі. Оған адвоқат мінез-құлкының кәсіби нормалары, адвоқаттық қызметтің кепілдіктері, адвоқаттық қүпия, адвоқаттар алқасы мүшелерінің тәртіптік жауапкершілігі және т.б. жатады.
Сондықтан кэсіби қорғау - адвоқаттың білікті заң көмегін көрсету мақсатында қылмыстық іс жүргізу заңнамасында кезделген жэне белгіленген қүралдар мен эдістер негізінде ғана жүзеге асыратын іс жүргізу қызметі, оның қүрамдас бөлігі айыпталушының, сезіктінің құқықтары мен мүдделерін қорғауды, қылмыстық қудалауға заңсыз үшыраған адамның айыбын теріске шығару немесе жеңілдету мен ақтауды қамтамасыз ету болып табылады.
Кэсіби қорғаушының (адвокаттың) көмегін пайдалануға қажеттілік сондай-ақ, сот жүргізу ісі тәртібінің ерекше күрделілігінен және көптеген
заңи мәселелерді шешу кезіндегі қылмыстық рэсім барысында пайда болуы мүмкін орны толмас құқықтық салдардан туындайды.
Осы негізгі конституциялық принципті сот төрелігін жүзеге асыру кезінде сақтамауды қылмыстық іс жүргізу нормаларын өрескел бүзу деп санауға болады. Осы жайт мемлекеттік органдар мен лауазымды түлғалардың кез келген шешімінің, егер олар айыпталушының (сезіктінің) қоргану құқығын шектейтін болса, күшін жоюға әкеп соқтырады.
Қоғам мен мемлекет бірде бір азаматтың жеткілікті дәлелдерсіз қылмыстық жауапкершілікке хартылмауына дане сотталмауына мүдделі. Мемлекет, қорғану құқығын қамтамасыз етудің конституциялық кепілдігін атқара отыра, адвоқатқа айтарлықтай құқықтар, оның ішіңце адвоқаттық қызмет кепілдіктерін береді, олардың арасында анықтау, алдын ала тергеу органдары мен соттар адвоқат қылмыстық іске жіберілген сәттен бастап кешіктірмей, оған қорғауындағы адамның қамауда ұсталуының бүкіл мерзімі үшін іске қатысуға жіберілетіңдігі туралы жазбаша айғактама беруге міндетті; анықтау, алдын ала тергеу органдары, іс жүргізу заңында көзделген жағдайларда, адвоқатқа оның тергеуге және адвоқатпен келісілген мерзімдегі басқа да іс жүргізу эрекеттеріне қатысу кажеттігі туралы хабарлауға міндетті жэне т.б.
Адвоқат өз қызметін адвоқаттар алқасының мүшесі бола отырып жүзеге асырады. Жоғарыда адвоқат заң көмегін көрсететін негізгі тұлға екеңдігі айғыжанмен ол бірден бір түлға болып табылмайды. Алайда нақ кәсіби тэжірибе^ен құқықтық білім адвоқаттаң айыпталушыға (сезіктіге) аса білікті көмек көрсетуіне мүмкіндік береді. Заң көмегін көрсету жөніндегі адвоқаттық міндеттердің орындалуы мемлекет өкілеттеген адвоқат-қорғаушының кәсіби парызы болып табылады. Адвоқаттың қорғау жөнінде өзіне қабылдаған міндеттемелерінен бас тартуға қүқыға жоқ. Адвоқат үшін қорғауды жүзеге асыру кэсіби қызмет болып табылады.
Алайда, заңнамаға сэйкес қылмыстық процеске қатысуға қорғаушының өзге де санаты жіберіледі. Қазақстан Республиқасы Жоғарғы Сотының нормативтік 2002-ж. 6-желтоқсандағы N26 "Қорғану күқығын реттейтін қылмыстық іс жүргізу заңнамасын қолдану тәжірибесі туралы" қаулысымен қорғану қүқығының кәсіпқой адвоқаттың немесе тек арнайы заң білімі және қорғалушыға нақтылы білікті заң көмегін көрсетуге қабілетті болған жағдайларда, қорғаушы ретінде жіберілген өзге де адамдардың - сезіктінің, айыпкердің, сотталушының жүбайының, жақын туыстарының немесе заңды өкілдерінің, кәсіподактардың және басқа да коғамдық үйымдардың өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылатыны туралы қағиданы алғаш рет бекітіл берді. Анықтау, тергеу органдары хмен соттар осы мәселені анықтап, егер сезікті, айыпкер, сотталушы, сотталған тандап алған қорғаушы қорғалушының мүдделерін білдіруге қабілетті болмаса, онда іске кәсіпқой адвокатты тарту туралы мәселені талқылауға тиіс. Мүндай жағдайда сезіктінің, айыпкердің, сотталушының жүбайы, жақын туыстары, немесе туыстары, немесе заңды өкілдері, кәсіподақтардың жэне басқа да қоғамдық үйымдардың өкілдері іске адвокатпен бірге қатыса алады. Бүл қылмыстық жауапкершілікке тартылған
адамға қатысты толық, жан-жакты жэне объективті тергеуге, істі қарау мен шешуге жэрдемдеседі.
Адвокат - тек қорғаушы ғана емес, сондай-ақ сот ісі саласына тартылған кез келген түлғаның заңды қүқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ететін тәуелсіз кепіл, сондықтан да адвокаттың қылмыстық процеске қатасуы барлық уакытта Қазақстан Республикасының эрбір азаматының құқығын тіимді қорғауға ықпал ететін болады.
Айыпталушыға заң көмегін көрсете отыра, адвокат қылмыстық сот ісі міңдеттерін шешуге көмектеседі. Бұл қорғаушысыз (адвокатсыз) оның қатысуы міндетті істі тергеу немесе қараудың заңды елеулі бұзушылық болып табылатындығымен түсіңдіріледі. \
Қылмыстық істің барлық сатысында айыпталушыға (сезіктіге) қорғану үшін заңмен қүқықтардың ауқымды жиыны беріледі және кепілдік беріледі, олардың маңызды шарты жүргізу нормалары мен қылмыстық. сот ісі ережелерін, атап айтқанда, айыптау жэне қорғану тараптарының бәсекеле мен тең қүқықтығы принциптерін қатаң сақтау, істің мән-жайып жан-жақты, толық және объективті зерттеу болып табылады.
Айыпталушыға қорғану қүкығының берілуіне байланысты қылмыстық іске қорғаушының міндетті қатысу негіздемесін; адвокаттың қорғаушы ретінде катысуын болдырмайтын жағдайды; қорғаушыны шақыру, ауыстыру жэне тағайындау тәртібін; қорғаушының іс жүргізудегі жағдайып, міндеттері мен қүқықтарын қарау қажеттігі туындаңды.
Заң қорғаушының қылмыстық іс бойынша міңдетті қатысуының келесі негіздерін қарастырады.
Біріншіден, осындай негіздеме сезіктінін (айыпталушының) қорғаушы алғысы келетіндігі туралы өтініші болып табылады. Қорғаушыны міндетті қатыстыру институты оның қатысуын, ең алдымен, сезіктінің (айыпталушының) өз еркі және келісімі бойынша қарастырады.
Бүл жағдайда ешкім де сезіктіге (айыпталушыға) қорғаушы ретінде белгілі бір түлғаны үсына алмайды. Сезіктінің (айыпталушының) өзіне тандаған қорғаушысының көмегін пайдалану қүқығына кедергі келтіру іс жүргізу заңнамасын елеулі бүзушылық болып табылады. Қандайда бір себеп бойынша таңцаған корғаушы іске қатысуға мүмкіндігі болмаған жағдайда (демалыс, іс сапар, сырқаттану жэне т.б.) анықтауды жүргізетін түлға, тергеуші, прокурор сезіктіге (айыпталушыға), басқа қорғаушыны шақыруды үсынуға қүқылы немесе оны қорғаушымен заң консультациясы арқылы қамтамсыз етеді.
Процесті жүргізуші орган сезіктінің (айыпталушының) қорғаушы алғысы келетіңдігі туралы өтінішін елемеуге қүқығы жоқ. Оның қорғаушыны қандай сатыда шакырғандығының шешуші маңызы жоқ. Ең бастысы, заң көмегін айыпталушының өзіне қажет деп санағандығында, ал бүл өз кезегінде тергеуші мен сотін айпталушыны қорғаушымен қамтамасыз етуге міндеітейді.
Екіншіден, егер сезікті немесе айыпталушы кэмелетке толмаса, қорғаушының қатысуы міндетті. Қылмыс жасаған сәтте он сегіз жасқа толмаған, сондай-ақ бірнеше қылмысы үшін айыпталып, оның бірін он сегізге толмаған жасында жасаған түлға кэмелетке толмаған болып саналады.
Кэмелетке толмағандардың қылмыстары туралы іс бойынша қорғаушы кәмелетке толмағандардан сезікті немесе айыпталушы ретіңде алғаш рет жауап алынған сәттен бастап, ал айыптағынғанға дейін үсталған немесе тұтқыңдалған жағдайда үсталған немесе түтқындалған сәттен бастап жіберіледі.
Егер көмелетке толмаған сезікті (айыпталушы) не оның заңды өкілдерт адвокатпен келісім жасамаса, тергеуші, прокурор, сот қылмыстық іс бойынша қорғаушымен қамтамасыз етеді.
Үшіншіден, сезікті немесе айыпталушы дене немесе психикалық кемістігінен өзінің қорғану қүқығын өз бетінше жүзеге асыра алмайтын жағдайда. Бүл мән-жайдағы ахуалда сол тұлға әрекетке қабылетті болып танылғанымен, жуйкесінің үдайы немесе ара-тұра бұзылатындығынан, тіл, көз, қүлақ мүкістігінен немесе өзге де ауыр кемістігінен зардап шегетігіндігі меңзеледі.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінде дене кемістігі бар түлғалардың тізбесі толық келтірілмеген. Тіл, көз, қүлақ мүкістігінен зардап шегушілерден басқа осы сапаттаға қалған түлғаларға келсек, өзге тосын кемістіктеріне орай өз қүқыған қорғауды дербес жүргізе алмайтығындығы немесе осы кемістіктерінің айтарлықтай деңгейде заң көмегін алу қүқығын қиындататындыға өлшем болып табылады.
Психикалық кемістік - адамның санасында акиқаттың толық көрінетіндігіне ықпал ететін кез келген психикалық ауру. Алайда, бүл жерде айыпталушыны әрекетке қабілетсіз деп тануға мүмкіндік бермейтін және қылмыс жасағандыға үшін жауапкершілікті жоймайтын, алайда айыпталушыға өз қорғану қүқығын жүзеге асыруға кедергі келтіретін немесе қиыңдататын кемістіктер туралы айғылып отыр.
Төртіншіден, сезікті немесе айыпталушы сот ісі жүргізілетін тілді білмейді.
Қазакстан Республикасында қылмыстық сот ісі мемлекеттік тілде, ал қажеттілік болса сот ісінде мемлекеттік тілмен қатар орыс немесе басқа тілдер қолданылады. Басқа тіл ретінде сол жерде көп түратын халықтың тілі түсініледі.
Бір қылмыстық іс бойынша отырыс қылмыстық іс жүргізетін органның қаулысы бойынша белгіленген сот ісі тілдерінің бірінде жүргізіледі (жылдаңдық пен қамтушылық, тиімділік пен қажеттілік ескеріледі).
Іс бойынша отырыс жүргізілетін тілді білмейтін немесе шала білетін айыпталушы, адвокат қүқығының кез келген шектелуі жэне ана тілінде немесе олар білетін баска тілде сотта сөз сөйлеу құқығымен қамтамасыз етпеу қылмыстық іс жүргізу заңының нормаларын елеулі бүзушылық болып табылады.
Бесіншіден, адам жазалау шарасы ретінде он жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айырылу, өмір бойы бас бостандығынан айырылу не өлім жазасы тағайындалуы мүмкін болатын қылмыстық істі жасағаңдығы үшін айыпталады.
Жазаңың ауырлығын жэне адам үшін орны толмас салдарды ескере отырып, айыпталушының қорғану қүқығын қамтамасыз ету - маңызды да
қажетті шарт, сондықтан да мемлекет оған адвокат арқылы белсенді қорғануға және пікірін дәлелдеуге, ең алдымен қисынсыз айыптаудан өзін арашалауға, қылмыс жасағандығы үшін шынайы кінәлілердің эшкереленуі мен жазалануына мүмкіндік береді және т.б. Осының бәрі объективті, мүқият тергеуді жэне қылмыстық істі шешуді қамтамасыз етуге, осы жазалау шарасының қолданылу негізсіздігіне жэне жедіндетілуіне қол жеткізуге (шағымдану жолымен) мүмкіндік береді.
Алтыншыдан, айыпталушыға бүлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылса немесе ол мэжбүр етіліп стационарлық сот-психиатриялық сараптамаға жіберілсе.
Бүлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылған сезіктіні немесе айыпталушыны қамауда ұстау үшін прокурор санкцияландырған тергеуші, анықтаушы қаулысы, прокурор қаулысы немесе ҚІЖК-не сәйкес шығарылған түтқынға алу түрінде бүлтартпау шарасын қолдану туралы сот қаулысы негіз болып табылады.
Қамауда үстау - үсталған адамды, сезіктіні, сондай-ақ тұтқынға алу түрінде бүлтартпау шарасы қолданылған адамды арнайы мекемелер мен баспаналарда заңмен белгіленген уақытша оқшаулау.
Өзге бүлтартпау шараларымеи салыстырғанда түтқынға алу айыптау үкіміне, кінәсіздік презумпциясы күшіне дейін кінэсіз болып салатын адамның конституциялық қүқықтары мен бостаңдықтарын біршама шектейтін, ең қатаң шара болып табылады. Бүл жағдайда қорғаушының міндетті қатысуы қылмыстық іс жүргізетін органдар тарапынан болатын ықтимал қателер мен қиянаттарға қарсы, сондай-ақ қамауда отырған сезікті мен айыпталушыға тэндік немесе ізгіліктілік залал келтіруді мақсат ететін әрекеттерді болдырмау үшін сенінді кепіл болып табылады.
Істі жүргізу органдарының мэжбүрлеп жіберу кезінде ҚІЖК 14, 247-бабтарына сәйкес сот-психиатриялық сараптаманн жүргізу үшін қамауда отырған сезіктіні, айыпталушыны медициналық мекемеге мәжбүрлеп орналастыру бүл туралы тергеуші қаулысының нүсқауы негізінде жүзеге асырылады, ал камауға алынбаған адамға сот-психиатриялық сараптаманы жүргізу үшін медициналық мекемеге орналастыруға оның келісімімен, ал, мүндай келісім жоқ болса, сот қаулысы бойынша жол беріледі, Қорғаушының міндетті қатысуы айыпталушының іс жүргізу қүқығын тиісті ретпен сақтауға (СПС (СПЭК) үшін тергеушінің немесе соттың мәжбүрлеп жіберуіне негіздеме) мүмкіңдік береді, егер ол қылмыстық заңда тиым салынбаған қылмысты жасаған жэне психикалық ауруларға шалдыққан адамдар санатына жататын болса, онда бүл адамға осы тергеу әрекеттері қолданылмайды (қажет болса қауіпсіздік шаралары қолданылуы мүмкін).
Жетіншіден, сезіктілердің немесе айыпталушылардың мүдделері арасында қайшылық болып, олардың біреуінің қорғаушысы болса (айыпты біреу мойындап, екіншісінің дауласуы; бір сотталушының кінэні екіншісіне аударуы; эрқайсысына тағалған айыптау сипатынан туындаған наразылық жэне т.б.). Бүл сотталушыны бір іс бойынша өтетін, мүдделері қарама-қайшы және
қорғаушылары бар басқа сотталушылармен салыстырғанда оны қылмыстық іс жүргізуде тең емес жағдайға қоятындығымен түсіндіріледі.
Сегізіншіден, қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге жэбірленушінің (жеке айыпталушының) немесе азаматтық талапкердің өкілі қатысады. Тараптардың теңдігін және сот ісіне қатысушылардың бэсекелестігін қамтамсыз ету, сондай-ақ істід мән-жайып жан-жақты, толық және объективтік зерттеу үшін қорғаушының қатысуы міндетті болып табылады.
Тоғызыншыдан, іс сотта қаралған кезде мемлекеттік айыптаушы қатысады, прокурордың сот талқылауына қатысуы қорғаушысы жоқ сотталушыны тек соттың алдында ғана емес, сондай-ақ кәсіби заңгердің алдында да тең емес жағдайға үліыратады. Сондықтан заң осы жағдайларда қорғаушының (адвокаттың) міндетті қатысуын анықтады.
Оныншыдан, айыпталушы Қазақстаннан тысқары жерде жүр және алдын ала тергеу органдарына келуден жалтаруда.
Қорғаушының қатысуы алғашқы алты, соңдай-ак оныншы негіздеме болған жағдайда адам сезікті немесе айыпталушы болып танылған сэттен бастап, жетінші жағдайда сезіктілердің немесе айыптаушылардың мүдделері арасында қайшылық анықталған сәттен бастап қамтамасыз етіледі. Сегізінші жэне тоғызыншы негіздер бойынша айыпалушыны сотқа берген сэттен бастап қамтамасыз етіледі.
Сонымен, іске қорғаушының міңдетті қатысуы жоғарыдағы мән-жайларға орай қосымша кепілдіктерге мүқтаж түлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейту мақсатын көздейді. 2-4, 6-негіздерде көзделген жағдайларда (стационарлық сот-психиатриялық сараптамаға айыпталушыны мэжбүрлеп жеткізген кезде) айыпталушынын қорғаушыдан бас тартуын ; қылмыстық іс жүргізуші орган қабылдай алмайды.
Ен соңыңда, қылмыстық іс бойынша отырысқа қорғаушы міндетті түрде қатысатын соңғы негіз туралы, алайда, өкінішке орай ол қолданыстаға заңнамада келтірілмеген. Қылмыстық істі жүргізетін органдардың практикалық қызметіңде тергеушіні, прокурорды, судьяны немесе сотты айыпталушының өзінің қорғану қүқығын жеке жүргізу қабілетіне күмәндандыратын материалдары жеткілікті істер жиі кездеседі. Осындай күдік үшін негіздеме айыпталушы тарапынан өз ісіне немқүрайлықпен қарауы, ақыл-ой дамуы мен білімінің төмен деңгейі және іс үшін маңызы бар өзге ықтимал мән-жайдың туындауы болып табылады және т.б.
Егер осы негіздемелер болып, корғаушыны сезікті, айыпталушы шақырмаса, оның заңды өкілінің, сондай-ақ басқа да заңды тұлғалардың тапсырмасы бойынша қылмыстық процесті жүргізуші орган процестің тиісті сатысында қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге міндетті. Бүл туралы олардың қаулысы шығарылады. Бүл қаулы адвокаттар алқасының мүшелері үшін міндетті болып табылады.
ҚР ҚІЖК-нің 302-бабына сэйкес судьялардың бас сот талқылауын тағайындау кезінде айыпталушы тандаған адамды қорғаушы ретінде жіберу немесе айыпталушыға қорғаушы тағайындау туралы мәселе шешіледі. Бұл
жағдайда заң шығарушы қоргаушыны тағайындауды қандай да істердің тізбесімен шектемейді. Тиісінше бұл кез келген іс болуы мүмкін.
Тергеушінің, прокурордың, судьяның жэне соттаң шешімі - ҚР ҚІЖК-нің 71-бабында көзделген мэн-жайдағы сияқты, сондай-ақ өзге мән-жайларда қорғаушының қылмыстық іске қатысуы үшін құқықтық негіз қалайтын заңдық айғақ.
Егер қорғаушының қатысуы міндетті болса, оны айыпталушы, оның заңды өкілі немесе басқа адамдар шақыра алмайды, тергеуші, прокурор жэне сот қорғаушы тағайындау үшін шаралар қабылдауға міндетті.
Қорғау тапсырмасын алған нақты адвокат осы жағдайда өзін қалай үхтауы керек? Айыпталушынын заң консультациясының келісімі бойынша қорғау кезінде қорғаушыны тандауға құқығы бар. Айыпталушының тағайындау бойынша қорғау кезіңде нақты адвокатты болу туралы талабының міндетті түрде қанағаттандырылуы шарт емес.
Адвокаттар арасындаға міндеттерді бөлудің адвокаттар алқасы органдары мен лауазымды түлғалардының ерекше қүзыретіне жататындығын ескерген жөн. Бүл мэселе іс жүргізу санатында емес, сондықтан тергеушінің, прокурордың, судьяның және соттың нақты адвокатты тағайындауды талап етуге күқықтық негіз жоқ. Адвокаттар алқасы органдары мен лауазымды түлғалары қорғаушыны тағайындау кезінде адвокаттың өмірлік жэне кәсіби тәжірибесін, істің күрделілігін жэне баска да мән-жайларды ескереді.
Аталып өтілгендей, қылмыстық істер бойынша қорғауды жүзеге асыру кезінде адвокат айыпталушыны ақтайтын немесе оның жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайларды анықтау максатында занда көрсетілген барлық қүралдар мен әдістерді қолдануға және айыпталушыға қажетті көмекті көрсетуге міндетті.
Заң шығарушы қорғалатын адам күкығын қамтамасыз ету мақсатында адвокатқа сезіктіні, айыпталушыны, немесе сотталушыны, ҚР ҚІЖК 97-бабында көрсетілген жағдайларды (қылмыстық іс бойынша отырысқа қорғаушыны, жэбірленушінің өкілін, азаматтық талапкерді немесе азаматтық жауапкерді қатысудан шеттету) қоспағанда, қорғауды өзіне алуды міндеттейді.
Заңның осы барлық қағидалары жауапкершілікке тартылған түлғалар үшін қылмыстың ауырлығы мен өзге мэн-жайларға қарамастан кэсіби заңгердің көмегін пайдалануға кепілдік береді, қорғауындағы адамның немесе адвокаттаң көзқарасы түрғысынан заңсыз және әділетсіз үкім шығарылған жағдайда олар бежілентен тэртіппен шағымдана алады.
Адвокаттың өзіне қабылдаған сезіктіні немесе айыпталушыны қорғаудан бас тартуға қүқы жоқ.
Адвокаттың кылмыстық іс бойынша алған тапсырмадан (оның сырқаттануы мен өзге объективті мэн-жайларды қоспағанда) қаңдай да бір себептермен бас тартуы тәртіптік теріс қылық болып табылады. Тапсырманы орыңдаудың мүмкін еместігі туралы шешім қабылдасымен адвокат бүл жөнінде өзіне көмекке жүгінген түлғаны, оның басқа адвокатқа жүгіну мүмкіңдігін алуы үшін, алдын ала қүлақтаңдыруға міндетті.
Егер адвокат сот шешіміне шағаңцану үшін дәлел тапса, ал қорғауындағы адам осыған наразы болса, бүл жағдайда сотталушының жазбаша бас тартуын алуы қажет. Осы тәртіп кәмелетке толмағандар мен дене және психикалық кемістіктері бар адамдарға қолданылмайды.
Сөйтіп, адвокат (қорғаушы) айыпталушының іс жүргізу қүқығын жүзеге асыруына заң көмегін көрсету арқылы істің дүрыс және жан-жақты қаралуына және заңды, қисынды және эділ үкім шығаруға жәрдемдеседі.
Адвокаттар, кәсіби қорғау ғана айыпталушыға білікті заң көмегін қамтамасыз ете алатыңдыктан, қорғаушы бола алады.
Адвокат өз мэртебесін дэлелдеу үшін қажет жағдайда қылмыстық процес жүргізетін органға өзінің тиісті адвокаттар алқасына жататындығы туралы қүжаттарды, адвокаттаң осы іске қатысу қүқығы үшін заң консультациясының берген ордері немесе маңызы бойынша оған теңестірілген қүжатты (қорғаушыны тағайындау туралы қоғамдық бірлестіктің немесе онің басшы органдарының шешімі) тапсырады.
Сонымен қатар, заң қорғаушы ретіңде сезіктінің, айыпталушы мен сотталушының жүбайып (зайыбын), жақын туыстары мен заңды өкілдерін, кәсіподақтардың және басқа қоғамдық бірлестіктердің өқілдерін осы бірлестіктер мүшелерінің істері бойынша қатасуына жол береді. Бүл жағдайда заң шығарушы айыпталушының қорғауға өз жақын туысқандарын (олар сезіктімен немесе айыпталушынен туысқандық катынасын дәлелдейгін құжат тапсырады) немесе заңды өкілдерін шақыруға жэне қорғауға жіберуге мэжбүр ететін моралдық себептерді (бөгде- адамдарға отбасылық қүпияларының, өмірдегі жыныстық қатынастарының жария болуын қаламайды) ескереді.
Алайда бүл жерде сезіктіні (айыпталушыны) тек кәсіби емес қорғаушылардың жоғарыда аталған санатын жіберумен ғана шектеп, олардың іске катысуға кәсіби қорғаушыларды шакыру мүмкіндігінен айыруға болмайтындығын атап көрсету қажет. Өйткені, ол адамдардың қорғау міндетін жузеге асыруға қажет және жеткілікті білімдері әрдайым бола бермейді. Атап айтқанда, олар қорғаушы ретінде қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыратын органдардың шешімі немесе істі қарайтын соттың қаулысы бойынша жіберіледі. Алаңда, олардан ерекшелігі адвокаттар қылмыстық процеске кэсіби қорғаушы ретінде қатысады.
ҚР ҚІЖК-ге сэйкес жақын туыстар болып ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандар, бірге туған жэне бірге тумаған туыс аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері саналады.
Заңды өкілдер - олар сезіктінің, айыпталушының, жэбірленушінің, азаматтық талапкердің ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары, камқоршылары, сондай-ақ сезіктіні, айыпталушыны немесе жэбірленушіні қорғап немесе асырап отырған үйымдар мен адамдардың өкілдері.
Қамқорлығында немесе асырауында кәмелетке толмаған немесе эз қүқығы мен заңды мүддесін дербес қорғай алмайтын дене немесе психикалық кемістіктері бар адамы бар түлға заңды өкіл болып табылады. Заңды өкіл қылмыстық сот ісінін дербес қатысушысы болып табылады жэне мүддесін білдіретін түлға мен қорғаушының көзқарасымен байланысты емес. Іске
айыпталушы қорғаушысының қатысуы заңды өкілді шеттетуге экеп соқтырмайды.
Қандай да бір мән-жайлардың ықпалына орай кәсіби емес қорғаушының өз міндетін атқара алатындығьғаа күмән тууы мүмкін. Алайда бұл оны қорғаушы ретінде жіберуден бас тарту үшін емес, қайта оның адвокатпен қатар процеске қатысуы үшін негіз болып табылады. Әйтпесе, заңға орай адвокаттар ғана қорғаушылар бола алады.
Іс нәтижесіне мүдделілік қорғаушы ретіндегі түлғаның қатысуына кедергі келтірмеңді, мүдделілік бүл жағдайда тез, табанды жэне тиімді эрекет етуге мәжбүр етеді. Бүған заңда белгіленген тыйымдар тосқауыл болады. Мысалы, түлға мүдделері қайшы айыпталушыларға (кінәні біреуі мойындап, екіншісінін дауласуы; сотталушылардың бірін бірі қаралауы; олардың эрқайсысына тағылған айып сипатынан туындаған қайшылық жэне т.б.) немесе одан куә ретінде жауап алынған жағдайда қорғаушы бола алмайды.
Кэсіподақтар мен өзге қоғамдық үйымдардың қорғаушылар болу қүқығымен жүктелуіне келсек, бүны айыпталушы тарапынан ерекше сеніммен, Қазақстан Республикасының жекелеген аудандарында адвокаттардың жетіспеу-шілігімен, сондай-ақ осы үйымдар міндеттерінің қатарына өз мүшелерінің мүддесін білдіру мен қорғау кіретіндігімен түсіндіруге болады.
Адвокаттың қорғаушы ретінде қылмыстық іс бойынша қатысуынан шеттету үшін мыналар негіздер болып табылады, егер ол:
1) бүрын іске судья, прокурор, тергеуші, анықтаушы, сот отырысының хатшысы, сот приставы, куә, сарапшы, маман, аудармашы, немесе куэгер ретіңде қатысса;
2) осы істі тергеуге немесе соттын, қарауына қатысқан немесе қатысатын лауазымцы адаммен туыстық қатынаста болса;
3) қорғалушымен немесе сенім білдірушімен қарама-қарсы мүдделері бар адамға заңгерлік көмек көрсетіп жүрсе немесе бұрын көмек көрсеткен болса, сонымен бірге мүндай адамдармен туыстық қатынаста болса;
4) заңның күшімен немесе сотінң шешімімен Қорғаушы немесе өкіл болуға оның қүқыға жоқ болса.
Жоғарыда тізбеленген мән-жайлардың болуы адвокатты іс жүргізуден бас тартуға міндеттейді (ягни, ол қорғаушы бола алмайды).
Егер осылай жасалынбаса, іс жүргізуден шеттету мәселесін қылмыстық істі жүргізетін орган шешеді.
Адвокат тапсырма алған сәтте істі тергеуге оның туысының қатысатыңдығын білмеуі мүмкін. Әрине, кез келген адвокаттың өзіне заң көмегі үшін жүгінген түлғамен келісімді жасаған кезде істі кімнің жүргізетіндігін сүрамау жағдайып болжау киын. Алайда, алдын ала тергеуді әуел бастан тергеуші немесе жедел-тергеу тобы жүргізеді. Егер оның қүрамында адвокатпен туыстық қатынастаға лауазымды түлға (тергеуші, анықтаушы) болса, онда осы мән-жай тапсырма алғаннан кейін тергеушімен, топ жетекшісімен эңгімеде белгілі болуы әбден мүмкін. Бүл жағдайда, біздің ойымызша, іске қатысудан қорғаушыны емес (негізгі конституциялық принцип "эрбір айыпталушыда адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалану
құқығының бар екендігін" атап көрсеткен - ҚР Конституциясы 16- бабының 3-тармағы, ҚР ҚІЖК 72-бабының 1-тармағы "қорғаушыны сезікті немесе айыпталушы, олардың заңды өкілдері, сондай-ақ сезіктішң, айыпталушының тапсырмасы бойынша немесе келісіммен басқа да адамдар, шақыратындығы" тікелей көрсетілген) лауазымды тұлғаны шеттету қажет(оның үстіне негізгі конституциялық принципте "эркімнің" адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға қүқығы бар екендігі айтылған- ҚР Конституциясы 16-бабының 3-тармағы, осы ережені толықтыра отыра, ҚР ҚІЖК 72-бабының 1-тармағында "қорғаушыны сезіктінің, айыпталушының тапсырмасы немесе келісімі бойынша сезікті немесе айыпталушы шакыратындығы" тікелей көрсетілген, "Адвокаттьщ қызмет туралы" заңда "өтініш жасаған адамның адвокат тандауда ерікті екеңдігі" атап көрсетілген, ал 1966-жылға азаматтық жэне саяси құқықтар туралы Халықаралық пактіде олар нақтыланған: "Әркімнің өзіне тағылған кез келген қылмыстық айыптың қаралуына, өздері тандаған қорғаушымен кездесуге қүқықтары бар" (14-баптың 3 "ь" тармағы), ал занда осы жәйт керісінше айтылған.
Адвокат бір уакытта жәбірленушінің қорғаушысы, заңды өкілі, азаматтық талапкер жэне азаматтық жауапкер бола алмайды. Сезікті (айыпталушы, сотталушы) өзін қорғайтын адвокаттан бас тартуын мэлімдей алмайды, тек оның көмегінен бас тартуға ғана күқығы бар.
Қорғаушыдан судья, прокурор, тергеуші, анықтауды жүргізетін түлға және кейбір іске катысушылар бас тартуын мэлімдей алмайды.
Заң судьядан, прокурордан, тергеушіден, анықтауды жүргізетін түлғадан жэне кейбір іске қатысушылардан айыпталушының жауапкершілігін жеңілдететін және ауырлататын, сондай-ақ оның жауапкершілігін ақтайтын және жеңілдететін мән-жайларды; олардың істің нэтижесіне белгілі бір мүдделілігін аныктауды - бас тарту үшін мүлтіксіз негізді талап етеді Қорғаушыға келеек, ол айыпталушы жауапкершілігін ақтайтын, жоққа шығаратын жэне жеңілдететін мән-жайларды анықтауға және оларды істі жүргізушіге көрсетуге тырысады. Адвокат істің қорғауындағы адам үшін сәтті аяқталуына мүдделі, өйткені бүл оның беделін көтереді, заң көмегін алуға тілек білдіруші түлғалар шеңберін кеңейгеді. Судьядан, прокурордан, тергеушіден, анықтауды жүргізетін түлғадан және кейбір қатысушылардан қорғаушының айырмашылығы - ол айыпталушымен туыстық немесе достық қатынастаға іске де қатыса алады. Осы себептерге байланысты қорғаушы ҚР ҚІЖК 90-96-баптарындағы бас тарту мәлімделуі мүмкін түлғалар арасында жок, ҚР ҚІЖК 90-96-баптарында қорғаушының аталуы жэне істің нәтижесіне мүдделілігін немесе өз міндетін атқара алмайтындығын желеу етіп өз міндетінен бас тартуы айыпталушының қорғану қүқығын кдмтамасыз ететін конституцияшк принципті бүзуға экеп соқтырады.
Айыпталушы мен сезікті кез келген сәтте қорғаушыдан, басқа қорғаушыны шақырудан бас тартуға немесе өз бетінше қорғануға құқылы, тек мына жағдайларда жол берілмейді, егер:
- сезікті немесе айьптталушы кәмелетке толмаса; сезікті немесе айыпталушы дене немесе психикалық кемістігінен өзінің қорғану қүқығын өз бетінше жүзеге асыра алмаса;
- сезікті немесе айыпталушы сот ісі жүргізілетін тілді білмесе;
- айыпталушы мәжбүр етіліп стационарлық сот-психиатриялық, сараптамаға жіберілсе.
Бүл арада айыпталушының қорғаушыдан бас тартуын қылмыстық істі жүргІзетін орган қабылдай алмайды.
Бас тарту тек айыпталушының (сезіктінің) бастамасы бойынша және іске адвокаттың қатысу ықтималдығы айқын болған кезде процестің кез келген сатысында орын алуы мүмкін.
Қорғаушыдан бас тарту ерікті болуға тиіс, бастама айыпталушыдан, сезіктіден болуы қажет, ал бас тартудың өзі тікелей және белгілі нысанда білдіріледі.
Айыпталушы мен сезікті бас тарту себебін келтірмей-ақ қорғаушыдан бас тартуға қүқылы. Алайда, анықтауды жүргізетін тулға, тергеуші, прокурор жэне сот жадағай бас тартумен шектелмей, бас тарту себептеріне мэн беруге тиіс. Бас тартудың амалсыздан жасалынғандығын анықтаған соң, оларға қорғаушының оның еңбегіне төлемнің бар-жоғана немесе адвокаттың келмеуіне қатыссыз тағайындалуы хмүмкін екендігін түсіндіреді. Бас тарту жазбаша түрде ресімделеді немесе тиісті тергеу не сот әрекеттері хаттамасында көрсетіледі.
Қорғаушыдан бас тарту процеске басқа қатысушылардың жағдайына эсер етпейді және айыпталушы мен сезіктіні іс бойынша өндірістің кез келген сәтінде қорғаушыны шақыру немесе қорғаушы тағайындау туралы өтінішті мәлімдеу қүқығынан айырмайды. ,
Сөйтіп, жоғарыда көрсетілтен төрт негіз бойынша адвоқат алдын ала тергеуден тергеушінің немесе прокурордың қаулысымен, ал сотта істі қарайтын соттың қаулысымен шеттетіледі. Шеттету туралы шешім басқа қорғаушыдан заң көмегін алу мүмкіндігін айыпталушыға дәлелдеуге және камтамасыз етуге тиіс.
Қорғаушыны тергеушінің, прокурордың жэне соттың шеттетуін айыпталушының қорғаушыдан бас тартуымен теңестіруге болмайды.
Қылмыстық іс бойынша заң көмегін корсету туралы тапсырманы адвокатқа көмекке жүгінуші түлға (клиент) береді.
Қылмыстық істі жүргізу тапсырмасын адвокат кез келген түлғаның өтініші бойынша қабылдайды. Егер айыпталушы сол адвокаттың қылмыстық істі жүргізуіне келіспесе, мүндай келісім бүзылуға тиіс.
Қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңнамасы қорғаушыны айыпталушының немесе сезіктінің дербес шақыру, сондай-ақ оның жақын туыстары мен заңды өкілдерінің немссе айыпталушының және сезіктінің тапсырмасы не келісімі бойынша баска түлғалардың шақыру принципін орнықтырады. Айыпталушы немесе сезікті қорғану үшін бірнеше қорғаушы шақыруға қүқыны.
Қорғаушыны тандау қүқығын беру, ең алдымен, сол қорғаушыға айыпталушы тарапынан сенімді қамтамасыз ету қажеттігімен түсіндіріледі (яғни, айыпталушы өз адвокатына хабарлаған мэліметтердің тек іс бойынша жэне өз мүддесіне пайдаланылатындығына сенімді болуға тиіс). Сөйтіп, қорғаушыны тандау - түлғаның еркі мең тілегіне байланысты. Бұл құқық процестіқ барлық сатысында қолданылады және сізектінің, айыпталушының, сотталушының қорғану кұқығының қүрамдас бөлігі болып табылады.
Сезіктінің, айыпталушының өтініші бойынша қорғаушының қатысуың процесті жүргізуші орган қамтамасыз етеді.
ҚР ҚІЖК 72-бабының тұжырымдамасынан байқалып тұрғандай, заң қорғаушыны шақыруда айыпталушының еріктілігі жэне келісімі принципін ескереді. Қорғаушыны шақыру мен ауыстыру, эдеттегідей, заң консультациясының қорытындысы не адвокат кеңсесінің айыпталушымен келісімі арқылы немесе алдын ала тергеу органдары мен соттың тағайындауы бойынша ресімделеді. Заң шығарушы азаматтардың қорғаушыны еркін тандау қүқығын қарастырады. Тергеуші мен сот заңда көзделмеген себептерге сілтеме жасап, мысалы, қорғаушының тағайындау бойынша іске қатысуына байланысты, айыпталушының қорғаушы шақыруына кедергі келтіруге құқығы жоқ.
Қылмысткқ істі адвокаттың қорғауға қабылдау үшін практикада ең көп таралған негіз шақыру болып табылады. Оны адвокатты жеке таңдаған айыпталушының өзі жасайды және істің мән-жайып алдын ала талқылап, адвокатпен келісім жасайды. Осындай шақыртуды, сондай-ақ сезіктінің, айыпталушының заңды өкілдері, жақын туыстары жүбайы (зайыбы) немесе мүдделері түлғалар жүзеге асыра алады.
Бұл жағдайда аталған түлғалармен келісім жасалынады және соның негізінде ордер беріледі.
Адвокаттың нақты істі жүргізуге өкілеттігі ордермен куәландырылады. Ордердің нысанын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітеді. Ордерлердің берілуін бақылау мен есепке алуды адвокаттар алқасынан төралқасы жүзеге асырады.
Өзінің қызметін Қазакстан Республикасы бекіткен тиісті халықаралық шарт негізінде жүзеге асыратын шетелдік адвокаттың өкілеттігі жеке басын, адвокат мэртебесін және заң көмегін көрсету өкілеттігін белгілейтін күжатпен расталады.
Заң консультациясыңда қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатыса алмайды немесе адвокат кеңсесінде тіркеу кәртішкесі тиісті ретпен толтырылып, оңда: қылмыстық істі жүргізуге арнажан шарт; шартты орындау туралы келісім жасаған таралтар; қажет жағдайда - орындау мерзімі; қосымша шығын (мейманханада тұру, тамақтану, жол ақысы және т.б.) көрсетіледі. Оған заң консультациясының меңгеруішсі немесе адвокат кеңсесінің иесі жэне түлға (клиент) қол қояды. Тек осы негізде ғана адвокатқа заң консультациясының меңгерушісі немесе адвокаттық кеңсенің иесі қол койған іс жүргізуге арналған ордер беріледі.
Ордер - заң консультациясы немесе адвокат кеңсесі беретін және нақты іс жүргізуге адвокаттаң өкілеттігін айғақтайтын қатаң есептегі құжат.
Адвокаттар төралқасы адвокаттар алқасы ордерлерінің бірыңғай тізбесін жүргізеді және олармен заң консулътацияларын жэне адвокат кеңселерін қамтамасыз етеді.
Бұдан адвокаттаң заң консультациясы немесе адвокат кеңсесі ордерін ажаннан кейін және осы іске оның қатысу мүмкіндігін жоққа шығаратын мэн-жайлардың жоқ екендігіне көз жеткізгеннен кейін (ҚІЖК 97-бабында көзделген) ғана қорғаушы мәртебесін алатындығын көреміз. Өзіне қорғауды қабылдағаннан кейін клиентпен эңгімесінде оның қорғаушы межелеген көзқараспен келіспейтіндігіне көзі жеткен жағдайда, кейбір авторлар тұжырымдағандай, қорғаушының қорғаудан бас тартуға ешбір негіз жоқ. Бүл сезіктіде немесе айыпталушыда қорғаушыдан бас тарту және оны басқа қорғаушымен ауыстыру ниетін туғызуы мүмкін.
Қорғаушы шақырылып қойғанда, заң консультациясы немесе адвокат кеңсесі бүл туралы іс жатқан органға жазбаша хабарлауға қүқылы. Тергеуші мен сот қорғаушшіың шақырылғандығы туралы қамауда отырған айыпталушыға хабарлауға, заң консультациясы немесе адвокат кеңсесінің хатын іс материалына қосуға жэне адвокатқа тергеу эрекеттерінің уақыты мен орындалатын жері немесе сот талқылауының басталуы туралы хабарлауға міндетті.
Келісім бойынша қорғаушының қатысуын қамтамасыз етудің орнына корғаушыны тағайындау іс жүргізу санкцияларының қолданылуына экеп соғады.
Қорғаушының міңдетті қатысуы жағдайында анықтауды жүргізетін түлға, тергеуші, прокурор жэне сот қорғаушы шақырылатын мэн-жайды анықтамай түрып, қорғаушыны тағайындау үшін шаралар қабылдауға қүқығы жоқ. Тек қорғаушы шақырылмаған немесе сезікті не айыпталуиіы таңдаған қорғаушы келе алмайтын жағдайда ғана анықтауды жүргізетін түлға, тергеуші, прокурор сезіктіге (айыпталушыға) басқа қорғаушыны шакыруды үсынады немесе оған қорғаушыны заң, консультациясы арқылы қамтамасыз етеді.
Анықтауды жүргізетін түлға, тергеуші, прокурор жэне сот адвокаттар алқасының төралқасына, заң консультациясына немесе адвокат кеңсесіне қорғаушы тандау бойынша жүгінгенде адвокаттар алқасының төралқасы, заң консультациясының меңгерушісі немесе адвокат кеңсесінің иесі шақырылған қорғаушының іске қатысуы үшін қандай шаралардың қолданылғандығын анықтауға міңдетті. Алқа төралқасы, заң консультациясының меңгерушісі немесе адвокат кеңсесінің иесі тағайындау бойынша қорғаушыны келісім бойынша қорғаушы іске қатыса алмайтын жағдайда ғана бөледі.
Қылмыстык процесті жүргізуші орган сезіктіні (айыпталушыны) заң көмегі төлемінен, жеткілікті негіз болса, толық немесе ішінара босатуға қүқылы. Бүл жағдайда еңбек төлемі мемлекет есебінен жүргізіледі.
Қорғаушының міндетті қатысуы жағдайыңда қылмыстық процесті жүргізетін орган тағайындалған адвокат еңбегінің төлемін Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 72-бабына, "Адвокаттық
қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 5-бабының 2-тармағына (азаматтарды төлемнен заң консультациясының меңгерушісі немесе адвокат кеңсесінің қүрылтайшысы, я болмаса адвокаттық қызметпен заңды түлғаны тіркемей жеке дара айналасатын адвокат босататын жағдайларды қоспағанда) сэйкес және қылмыстық процесті жүргізген орган қаулысының негізінде республикалық бюджет қаражаты есебінен қорғауға байланысты шығындарды өтеуді жүргізеді.
Айыпталушы іске қатысу үшін өз тандаған адвокатты, егер оның процесте істі карауға ұзақ кешеуілдеусіз қатысу мүмкіндігі болса, шақыруға қүқылы. Кешеуілдеу ұзақтығы қаралатын істің сипаты мен ерекшелігін және тандалынған қорғаушының процеске нақты қатысу мүмкіндігін ескере отырып анықталады.
Шақырылған қорғаушьшы ауыстыруға ұзақ мерзім бойында оның қатысуы мүмкін емес жазздайда гәна жол беріледі.
"¥зақ мерзім" үғымы ҚІЖҚ 72-бабының 3-тармағында былайша нақтыланады: тандалып алынған немесе тағайындалған қорғаушының үзақ мерзім (кемінде бес тәулік) ішінде қатысуы мүмкін болмайтын жағдайларда.
Қылмыстық процесті жүргізуші орган сезіктіге (айыпталушыға) басқа қорғаушыны шақыруды үсынуға немесе адвоқаттардың кэсіптік үйымы немесе олардың қүрылымдық бөлімшелері арқылы қорғаушы тағайындауға шаралар қабылдауға қүқылы. Қылмыстық процесті жүргізуші органның қорғаушы ретінде нақты түлғаны шақыруға үсыныс беруге қүқыға жоқ.
Жаңа қорғаушының кандидатурасы туралы мэселені шешу кезінде, сондай-ақ айыпталушының пікірі ескеріледі.
Бір қорғаушыны екіншісімен ауыстыру мүмкіндігі — айыпталушының корғану қүқығы үшін елеулі кепілдік. Ауыстыру туралы өтінішті айыпталушы процестің кез келген сатысында мәлімдеуге қүкылы. Қорғаушыны ауыстыруды, соңдай-ақ анықтауды жүргізетін түлға, тергеуші мен сот жүзеге асыра алады, мысалы, қорғаушының сырқаттануына, үзақ сапарда болуына байланысты жэне т.б. Алайда, бүл жағдайда айыпталушының келісімі қажет.
Қылмыстық істі жүргізу үшін тапсырма алған уақыт адвокаттың клиентпен келісімі бойыша адвокаттар алқасынан сыйақыны толық немесе ішінара алған күн болып саналады. Міндетті тағайындау бойынша қылмыстық істі жүргізу тапсырмасын өзіне қабылдаған уақыт адвокатқа іс жүргізуге арналған ордерді тапсырған күн саналады.
Егер қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге бірнешс кррғаушы қатысқан жағдайда қорғаушының қатысуы қажетті іс жүргізу эрекеті тиісті сезікті немесе айыпталушы қорғаушыларының түгел қатыспауынан заңсыз болып таныла алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |