1.2 Қылмыс қүрамының түрлері.
Қылмыстық қүқық теориясында барлық нақты қылмыс қүрамы, елеулі белгілерінің топтасуына байланысты белгілі бір топтарға бөлінеді. Қылмыс қүрамы топтастырудың алдына қойған міндеті. Әрбір нақты қылмыстың түсінігін, қүрылысын жэне оларға тэн жалпы заңдылықты тереңірек түсіндіру болып табылады.
Қылмыс қүрамын мынандай белгілерді қолдану арқылы топтастырады:
1. іс-эрекеттің қоғамға қауіптілік дэрежесі.
2. қылмыс қүрамын суреттеу тэсілі.
3. қылмыс қүрамының қүрылымы.
Қылмыстың қоғамға қауіптілік дэрежесін сипаттайтын жағдайларына байланысты қылмыс қүрамы негізгі, ауырлататын жэне жеңілдететін мэн - жайлар болып екіге бөлінеді.
Негізгі қылмыс қүрамы деп, қылмыстың іс - эрекеттерінің белгілі бір түрінің негізгі жэне түрақты белгілерінен түратын, сондай-ақ ауырлататын жэне жеңілдететін мэн - жайларсыз қүралған қүрамды айтамыз.
Айталық қасақана адам өлтірудің негізгі қүрамы ҚР ҚК-тің 96-бабының ішкі бөлімінде кісі өлтіру деп басқа адамға қүқыққа қарсы қасақана қаза келтіру деп көрсетілген. Айтылған анықтамада қасақана кісі өлтіруге байланысты нақты жэне түрақты белгілері ғана көрсетілген, ал ауырлататын жэне жеңілдететін мэн - жайлар көрсетілмеген. Демек, негізгі қылмыс қүрамында қандай да болмасын ауырлататын немесе жеңілдететін мэн - жайлар көрсетілмейді.
Егерде қылмыс қүрамында іс - эрекеттің негізгі белгілеріне қоса жеңілдететін мэн - жайлар көрсетілсе, онда мундай қылмыс құрамы жеңілдететін мэн-жайлары бар қылмыс қүрамы деп аталынады. [1,98 6]
Мысалы: жаңа туған сэбиді анасының өлтіруі (ҚР ҚК-тің 97- б.). Жан күйзелісі жагдайында болған адам өлтіру ҚР ҚК-тің 98- б.), қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (ҚР ҚК-тің 99- б.), қылмыс жасаған адамды үстау үшін кажетті шаралардың шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (ҚР ҚКЮО - б.). Осы келтірілген мысалдарға, негізгі белгілерге қоса қосымша белгілерде яғни жеңілдететін мэн -жайлар көрсетілген. Жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіруде қосымша белгі - жэбірленушінің күш қолдануынан, қорлауынан немесе ауыр балағаттауынан не өзге де заңға қарсы немесе моральға жат іс-эрекетінен болған, кенеттен пайда болған субъектінің жан күйзеліс жағдайы (қылмыс қүрамы жеңілдететін мэн - жайлармен).
Қылмыс қүрамында негізгі белгілермен қоса ауырлататын мэн -жайларда айтылса, бүл дэрежеленген қүрам, я болмаса іс - эрекетті қауіптілік қылып көрсететін ауырлататын мэн - жайлары бар қүрам деп айтылады.
Дэл осындай қүрам ҚР ҚК-тің 96 - бабының 2-ші бөлігінде көрсетілген. Бүл бапта ауырлататын мэн - жайлар арқылы адам өлтірудің он үш белгісін (а-н тармақтарындағы) көрсеткен, жэне ол белгілер мейлінше толық қамтылған белгілер болып табылады.
Кейде жасалынған қылмыстық ауырлық дэрежесіне қарай заң шығарушы дэрежеленген қылмыс қүрамының әр түрлілігін ерекше ауырлататын мэн - жайлары бар қылмыс қүрамы түрінде бөліп көрсетеді. Мысалы, ҚР ҚК-нің 131-бабының 3-ші жэне 4-ші бөліктері ерекше ауырлататын қылмыс қүрамы болып табылады.
Қылмыс қүрамының белгілерін суреттеу тэсіліне байланысты жэй жэне күрделі қылмыс қүрамы деп екіге бөлінеді.
Жэй қылмыс қүрамы деп - қандай да болмасын қылмыс қүрамы элементтерінің қиындатылған белгілері жоқ қүрамды айтамыз.
Мысалы, бөтеннің мүлкін жасырын үрлау ҚР ҚК-тің 175- б. Демек, жэй қылмыс қүрамында бір іс-эрекетпен бір ғана объектіге қол сүғушылықты сипаттайды.
Күрделі қылмыс қүрамы деп, - қандайда болмасын қылмыс қүрамының элементтерінің қиындатылған белгілері бар қүрамды айтамыз. Күрделі қылмыс қүрамында екі бірдей объект, екі бірдей эрекет жэне кінэнің екі бірдей нысаны болады. Мысалы, шабуыл жасап тонау кезінде қиянат жасаушы екі бірдей объектіге қол сүғады (меншік жэне адамның денсаулығы). Кінэнің екі бірдей нысаны арқылы жасалынған қылмыс деп кінәлінің қылмыстық іс - эрекетті қасақана жасауы бірақ, одан түсетін зардаптарға абайсыздықпен қарауын айтамыз. Мүндай жағдайға мысал келтіретін болсақ ҚР ҚК-тің 103-бабы 3-ші бөлігі,
9
денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірумен қатар жэбірленушінің өліміне абайсыздықпен қарауы.
Қылмыс қүрамын олардың қүрылымына қарай бөлудің тэжірибелік маңызы зор. Осы қүрылымына байланысты қылмыс қүрамы материалды, формалды, қысқартылған қылмыс қүрамы болып екіге бөлінеді.
Жасалынған қылмыстық іс-эрекеттің (эрекетсіздіктің) салдарынан заңда көрсетілген белгілі бір зардаптың түсуін қажет ететін қылмыс қүрамы, материалды қылмыс қүрамы деп аталады. Демек, мүндай қылмыс қүрамы қылмыстық іс-эрекет жасалған кезде емес, содан белгілі бір зардап түскен уақытта аяқталған болып табылады. Мысалы, қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану (ҚР ҚК 307- б.).
Формалды қылмыс қүрамы деп, жасалынған қылмыстық іс-эрекеттен (эрекетсіздіктен) белгілі бір зардаптың түсуін қажет етпейтін қүрамды айтамыз. Мүндай қүрамдағы қылмыстар белгілі бір зардаптың түскен -түспегенің қажет етпей - ақ жасалынған қылмыстық іс-эрекеті болса аяқталған қылмыс болып табылады. Мысалы, пара беру (ҚР ҚК 312-6.). Пара қандай түрде берілсе де оның келтірілген зардаптарына қарамай -ақ ол аяқталған болып табылады.
Кейде заң шығарушы қылмыстың аяқталу кезеңін қылмыстық іс -эрекеттің алдын-ала жасалу сатыларының біріне ауыстырады. Мүндай қылмыс қүрамының қүрылымы қысқартылған қылмыс қүрамы деп аталады. Мысалы, бандитизм (ҚР ҚК 237-6.). Заң бойынша бүл қылмыс аяқталған болып банда үйымдасқан кезең болып есептеледі.
1.3 Қылмыс қүрамы және қылмысты дәрежелеу.
Қылмысты дэрежелеу деп қылмыс жасаған адамның эрекетін немесе эрекетсіздігін қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінің, кейбір жағдайда жалпы бөлімнің нормалары бойынша толық жэне кең көлемде нақты қылмыс қүрамының белгілерін анықтау болып табылады.
Жасалынған қылмыстың шынайы жағдайларын дэл жэне толығымен анықтау - бүл қылмысты дүрыс дэрежелеудің негізгі талабы.
Қылмыстық эрекетті дүрыс дәрежелеу қылмыстық қүқық қағидаларын, сонымен қатар заңдылықты жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, ал қылмысты дүрыс дэрежелемеу эділділік қағидасын бүзады, демек, кінэлінің жауаптылығы дүрыс көзделмейді. Әділділік, жазаның мақсаты тек қылмысты дүрыс дэрежелегенде ғана нэтижеге жетеді. Қылмысты дэрежелегенде қателесу ауыр зардаптарға әкеліп соғады (негізсіз ауыр жаза тағайындау, үзақ мерзімге бас бостандықынан айыру).
Мысалы, кінэлі адам өзінің жеке бас араздықтарына байланысты бір
адамға жеңіл түрде дене жарақатын салды, ал оның істеген іс-эрекетін бүзақылық үшін қате дэрежелеген болсақ, онда кінэлі адамға үш жылға дейін бас бостандығынан айыруға жаза тағайындалады (ҚР ҚК 257- б. 1-ші бөлігі), ал денсаулыққа қасақана жеңіл түрде зиян келтіргені үшін (ҚР ҚК 105- б.) бір жылға дейін мерзімге түзеу жүмыстарына, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға жазаланады.
Қылмысты дүрыс дэрежелеу қылмыс жасаған адамның қүқықтарының сақталуына кепілдік береді.
Қылмысты дүрыс дэрежелеу дегеніміз - бүл қоғамға қауіпті іс-эрекетті қамтитын қылмыстың заңды толық қолдану және қылмысқа дүрыс қылмыстық-қүқылық баға беру.
Қайсібір эрекетті дүрыс дэрежелеу үшін ең алдымен кінэлінің істеген эрекетімен толық жэне түрлі жағынан танысуға қажетті болатын барлық шын мэніндегі жағдайларды, кінәлінің кім екенімен жэне қылмыс істелген уақытындағы жағдайлармен толық танысу керек, өйткені қылмысты дәрежелеудің өзі кінәлінің істеген қоғамға қауіпті эрекеттерінің сипатына, кінэлінің жеке басына, оның қылмысты істегені үшін қылмыстық жауапқа тартылып отырған эрекетінің қандай жағдайда істелуіне байланысты.
Егерде қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімнің қайсы тарауын болмасын зерттегенде, оның ішінде бір-біріне барлық белгілері сай келетін қоғамға қауіпті деп тапған екі қылмысты эрекетті таппайсыз.
Сондықтан қылмысты дүрыс дэрежелеу үшін эрбір жеке қылмыстың белгілерін білу айрықша қажет болып табылады. Мүны білу қылмысты бір-бірінен ажыратуға, оларды бір-бірімен араластырмауға, сөйтіп қылмысты дэрежелегенде қате жібермеуге мүмкіншілік береді.
Қылмыстың жеке қүрамдарын зерттегенде, эрбір қылмыстың неге қарсы бағытталғанын, оның қандай мүддені бүзатындығын, кімге немесе неге зиян келтіру мүмкіндігі барлығын анықтау қажет. Сонымен қатар қылмыс қүрамының барлық элементтері бойынша шынайы жағдайларды қылмыстық-қүқықтық нормалармен салыстыру керек.
Жалпы ереже бойынша дэрежелеу процесі ең алдымен қылмыстың объектісі мен объективтік жағын анықтаумен басталып, субъектісі мен субъективтік жағын анықтаумен аяқталады. Барлық жағдайлар қылмыстың заңға қарастырылған қандайда болмасын қылмыс қүрамының элементтері мен белгілері сэйкес келгенде ғана қылмыстық іс-эрекет дүрыс дэрежеленген деп табылады.
Қылмыстық іс-эрекетті дэрежелеудің қорытындысы, қылмыстық-қүқықтық нормаға сэйкес қылмыс қүрамы бар деген қорытынды маңызды қылмыстық іс жүргізу қүжаттарын, соның ішінде сот үкімі мен айыптау қортындысында көрсетіледі. Оларда қылмыс жасаган түлғаны қылмыстық жауапкершілікке тартуға жэне жазалауға мүмкіншілік беретін, қылмыстық-қүқықтық нормаларды реттейтін қылмыстық заңның баптарын дэл көрсету жолымен қылмысты дэрежелеу жүреді.
Айта кететін жағдай, эрекетті дэрежелеу кезінде, анықталған қылмыс құрамының барлық белгілері көрсетілген, ҚР ҚК -тің Жалпы жэне негізгі бөлімдеріндегі баптар дэл көрсетілуі керек. Соның ішінде қүрамның ерекше белгілері, қүрам түрлері, негізгі, ауырлататын жэне жеңілдететін мэн-жайлар, ҚР ҚК -тің Негізгі бөлімінің баптарының тармақтары көрсетілсе, онда оларды дэрежелеу барысында еске алынуы керек. Айталық, тонау адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша жасалса, олардың істеген іс-эрекеті ҚР ҚК-нің 178-бабы 2-ші бөлімі "В" тармағымен дэрежеленуі тиіс, ал азғырушы, көмектесуші немесе үйымдастырушы болса олардың қылмыстық эрекеті ҚР ҚК -тің Жалпы бөлімінің 28-бабына сілтеме жасай отырып дәрежеленуі тиіс. Егерде пайда табу мақсатымен қасақана кісі өтіру барысында орындаушымен бірге көмектесуші болса, онда соңғысының істеген қылмыстық эрекеті ҚР ҚК -тің 28-бабы 5-ші бөлігі жэне 96-баптың 2-ші бөлігі "И" тармағымен дэрежеленуі керек. Қасақана кісі өлтіру барысында орындаушы өзінің көздеген мақсатына жете алмаса, оның әрекеті қасақана кісі өлтіруге оқталғандық болып табылады (мүндай эрекет ҚР ҚК -тің 24-бабы 3-ші бөлігі жэне 96-баптың тиісті бөлігі, тиісті тармақтары бойынша дэрежеленеді).
Қылмыстық эрекетті дэрежелеудің маңызы ерекше. Қандайда болмасын қылмыстық іс-эрекетке сәйкес қылмыс қүрамын анықтау дэрежелеу жолымен жүзеге асады, онда соңғысы қылмыс жасаған түлғаны қылмыстық жауаптылыққа тартуға, кінә тағу үшін, сотқа беру, жаза тағайындау, я болмаса қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату үшін қүқықтық негіз болады. Барлық жағдайларда қылмысты дүрыс дэрежелеу дегеніміз соттардың, прокурорлық, тергеу жэне алдын-ала анықтау органдарының жүмыстарының заңдылығын сақтау болып табылады.
Қылмысты дүрыс дэрежелеу ерекше криминологиялық маңызға ие, себебі, соның негізінде қылмыстық қүрылымның дүрыстығы анықталып, қылмыстың алдын - алу жэне ескерту шаралары жасалынады. Сонымен қатар ол ҚР-дағы жасалынған қылмыстардың жағдайын, деңгейін, оның динамикасын, жалпы жэне жекелеген қылмыстардың түрлерін дүрыс анықтауға мүмкіңдік береді. [2,8 6]
ІІ-ТАРАУ ҚЫЛМЫС ОБЪЕКТІСІ
2.1 Қылмыс объектісі туралы түсінік және оның мәні.
Қылмысты іс-эрекет жасаушының қиянаты бағытталған, қылмыстың салдарынан зиян шеккен немесе шегуі мүмкін нэрсе қылмыс объектісі болып табылады.
Қылмыс объектісінің заңды тізімі ҚР қылмыстық кодексінің 2-бабының 1-ші бөлігінде көрсетілген. Олар адам мен азаматтық қүқықтары, бостаңдықтары мен заңды мүдделері, меншік, үйымдардың қүқықтары мен заңды мүдделері, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тэртіп, қоршаған орта. Қазақстан Республикасының конституциялық қүрылысы мен аумақтық түтастығы, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделері жэне бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігі.
Кеңестік заң эдебиеттерінде қылмыс объектісі, эдетте, қылмысты қиянаттан қылмыс заңымен қорғалатын қоғамдық қатынастар ретінде айқындалып келді. Ал қоғамдық қатынастар ретінде біз адамдар арасындағы бірлесіп атқарған эрекетті немесе өзара араласуы нэтижесінде пайда болған, қүқықтық жэне моральдық нормалармен бекітілген қатынастарды түсініп келдік. Көпшілік жағдайларда қылмыс объектісін кейбір қоғамдық қатынастар ретінде пайымдау орынды да, мысалы, бүған үрлау, тонау немесе басқа да бөтеннің мүлкін талан-таражға салу кезіндегі меншікке қатысты қылмыс объектісі деп танылуын жатқызуға болады. Бүл жағдайда, шынында да, қылмыс объектісі ретінде үрланатын мүліктің тікелей өзі емес (оған ешқандай зиян келтірілмеуі де мүмкін) меншік қүқығынан, атап айтқанда, мүлікті иелену, пайдалану немесе басқару қүқығынан туындайтын қатынастар танылады. Алайда, кейбір жағдайларда қылмыс объектісін қоғамдық қатынастар ретінде түжырымдайтын бүл теория "іске аспай" қалады, бүл эсіресе, жеке адамдарға қарсы жасалатын қылмыстарға, соның ішінде кісі өлтіруге қатысты, адамның маңыздылығы туралы оны "барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы" деген марксистік түрғыдан түсініп келгендіктен, кеңестік қылмыстық заң ғылымында кісі өлтіру объектісі адам өмірінің өзі емес, тек қана қоғамдық қатынастар жиынтығы деген түсінік орын алып келді.
Әрине, кісі өлтіру объектісі ретінде адам өмірін мүндай түрғыдан түсіну - адамның биологиялық тірі организм, тіпті жалпы өмірдің биологиялық қүбылыс ретіндегі абсолютті қүндылығын төмендетіп жібереді. Адам тэуелсіз абсолютті қүндылықтан жэй қоғамдық қатынастардың (еңбек, қорғаныс, қызметтік, отбасылық, меншіктік жэне т.б.) иесіне ғана айналып шығады. Сондықтан, қылмыс объектісін қоғамдық қатынастар деп түжырымдап келген теорияны, ол қылмыстық
заңмен қорғалған күнде де, жан-жақты деп қабылдауға болмайды. Тіпті, өткен ғасырдың соңында қылмыстық-қүқықтық классикалық жэне социологиялық мектептері көлемінде туындап, объектіні қүқықтық игілік деп уағыздаған теорияға қайта оралу керек сияқты. Р. Иерингтің қүқық жөніндегі анықтамасына сүйене отырып, неміс криминалисі Ф. Лист қылмыс объектісін қүқық пен қорғалған өмірлік мүдде деп түйінделген. Революцияға (кеңес заманына) дейінгі Ресейдің қылмыстық қүқық ғылымының ең ірі өкілі Н.С.Таганцев та бүл көзқарасқа жақын түрған. Оның анықтауынша, қылмыс нормамен қорғалатын өмір мүддесіне қиянат жасайтын іс-эрекет жэне ол мүдденің белгілі бір елде, белгілі бір кезеңде маңызды деп саналатындығы соншалықты, тіпті мемлекеттің ізі қиянат жасаушыны жазамен қорқытады". қылмыстық объектіні анықтау барысында оны қылмыскер арқылы қылмыстық-қүқықтық норманың бүзылуы деп қана қарастыратын тар нормативті түрғыны өзгертуге де Таганцевтің еңбегі зор. Қылмыстық объектіні мүндай түрғыдан қарастыру классикалық қылмыстық қүқық көлемінде өткен ғасырдың орта шеңінде ойлап шығарылған нормативті теорияға тэн, мысалы, ол В.Д.Спасовичтің еңбектерінде кездеседі.
Қылмыстың салдарынан зиян тартқан ғана қылмыс объектісі болып есептеледі. Сондықтан, қылмыстық-қүқықтық нормаларды бүзуға салынған тыйымға қарамастан қылмыскердің оны бүзуы ғана қылмыс объектісі болып есептелмейді. Қылмыстық-қүқықтық норма жасалған қылмыстың зардабына төзбейді жэне төзуі мүмкін де емес. Оған қоса, қылмыскердің қылмыстық-қүқықтық норманы бүзуына байланысты тиісті жазасын алуының өзі - бүл норманың қылмыстық-қүқықтық тыйымға қарсы шыққанды "жеңгендігінің" куэсі. Қылмыстық-қүқықтық норманы қылмыс объектісі ретінде қарастыратын нормативтік теория бүл жерде қылмысты қиянаттардан қылмыстық-қүқықтық нормалармен қорғалушы мүдделердің шын мэніндегі мағынасынан алшақтап кеткен. Таганцев кезінде қылмысты "шын болмыстық түріндегі заң нормасына қарсы қиянат жасаушы іс-эрекет" деп анықтаған болатын. Егерде бүл автордың дәл осы анықтамасын бүған дейінгі анықтамасымен салыстырсақ, Таганцев "шын мэніндегі" норма деп қылмысты қиянаттан қылмыстық-қүқықтық нормамен қорғалған мүдденің шын мағынасын түсінгендігі анық.
Сонымен, қылмыстық іс-эрекет зиян келтіретін жэне қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерді ғана қылмыс объектісі ретінде мойындауға тиіспіз.
Алайда, кейбір мүдделерді қылмыс объектілерінің қатарына қосуымыз бүл мүдделердің тек қана қылмыстық қүқықтық қорғаудың объектілері екендігінен емес. Бірдей объектілер қүқықтық эр түрлі саласының нормаларымен қорғалатындығы жиі кездеседі. Мысалы, меншіктік қатынастар ең алдымен азаматтық қүқықтық нормалары арқылы
қорғалып, реттеліп отырады. Ал бүл объектілерге аса қауіпті қиянат төнгенде (үрлау, тонау, алаяқтық жасау, шабуыл жасап тонау, қорқытып алушылық немесе басқа эдіспен мүлікті талан-таражға салу) оларды қылмыстық-қүқық өз қорғауына алады.
Меншікке қарсы бағытталған қиянат аса қауіпті болмаған жағдайда ол азаматтық қүқықтық нормаларымен қорғалады (мысалы, қарыз ақшаны қайтармау). Сонымен, белгілі бір мүдделерді қылмыстық-қүқықтармен қорғалатындардың қатарына жатқызу - бүл мүдделерге жасалған қиянаттың кез келген түрі қылмыстық жазаға тартылады деген сөз емес. Олардың қатарына, қылмыстық заңда қарастырылғандай, бүл объектілерге жасалған ең қауіпті қиянаттар ғана жатады.
Қазақстан Республикасының жаңадан шыққан қылмыстық кодексінде қылмыстық-қүқықтық қорғау объектілерінің иерархиясы мен олардың салыстырмалы қүндылығын бағалауда өзгерістер бар екендігін атап өту керек. Қазақ КСР-нің 1959 жылғы қылмыстық Кодексінде ең басты мэселе ретінде алдымен мемлекет мүддесі, тек содан кейін ғана жеке бастың мүддесі мен қоғамдық мүдделер қарастырылатын. Әрине, бүл -жеке бастың мүдделерін мемлекеттік - партиялық бағындырушы тоталитаризм көріністерінің біреуі. Адам бостандығы мен негізгі қүқықтары ешбір ескерілместен, мемлекеттік билік органдарының тарапынан жеке бастың барлық мүдделеріне, қоғам өміріндегі барлық өзгерістерге түгелдей дерлік бақылау орнатылған еді.
Қазақстан Республикасы қылмыстық заңының жалпы адамзаттық қүндылықтардың мүратына қайта оралуы - қылмыстық-қүқықтың қорғау объектілері жөнінде эбден қалыптасып қалған иерархияның айтарлықтай өзгергендігін көрсетеді, қылмыстық заңмен қорғалатын объектілер енді демократиялық қағидалар негізіңде мүлдем басқаша қарастырылатын болды, яғни, ең алдымен жеке бастың, сосын қоғамның жэне мемлекеттің мүддесі ескеріледі. Қылмыстық-қүқықтық қорғаудың табан тірер негізі ретінде ең алдымен жеке бастың мүддесі қарастырылуы тиіс. Дэл осы мүдденің сенімді эрі тиімді қорғалуы қоғамдық жэне мемлекеттік мүдделердің тиімді қорғалуына зор эсер етеді. Қылмыстық-қүқықтық қорғау объектілерінің заңдылықты анықтау саласындағы мүндай артықшылықтар, бүл проблеманы дамыған демократиялық елдердің (мысалы, Батыс Еуропа) қылмыстық кодекстерінде заңдылықты шешуіне сэйкес келеді.
Қылмыс объектілерін анықтаудың қылмыстық іс-эрекетті саралаудағы маңызы үлкен. Жасалынған қылмыс объектісін дүрыс анықтау қылмыстық іс-эрекетті дүрыс саралауға мүмкіндік береді.
2.2 Қылмыс объектілерінің түрлері.
Қылмыстық қүқық теориясында қылмыс объектісінің рөлі мен маңызына терең талдау жасау үшін, қылмыс объектілерін, эдетте, жалпы
тектік және тікелей деп ажырату қалыптасқан.
Қылмыстық жалпы объектісі ретінде қылмысты қол сүғушылықтан қылмыстық заң арқылы қорғалатын мүдделер жиынтығы айтылады. ҚР Қылмыстық кодексінің 2-ші бабы 1-ші бөлігіне сэйкес бүл адам мен азаматтық қүқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері, меншік, үйымдардың қүқықтары мен заңды мүдделері, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тэртіп, қоршаған орта, Қазақстан Республикасының конституциялық қүрылысы мен аумақтық түтастығы жэне бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігі бүл объектілердің ерекшелігі сол, кез келген қылмыс, бір жағынан, тек осы объектілерге қиянат көрсетуі мүмкін, ал екінші жағынан - қылмыстың кез келгені бүл объектілердің біреуіне ғана қиянат көрсете алады, себебі, жалпы объект дегеніміздің өзі қылмыстық заңмен қорғалатын объектілердің жиынтығы.
Объектіге қол сүғушылықты одан эрі айқындау қылмыстардың тектік жэне тікелей объектілері бойынша іске асырылады. [3,51 6]
Тектік объект - бүл жалпы объектінің бөлігі. Ол бірыңғай қылмыстардың тобы қиянат жасайтын бір текті мүдделердің тобын қүрайды. Тектік объект қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің жүйесін қүрастыруда маңызы зор. ҚР ҚК Ерекше бөлімінің қүрылыс жүйесі негізіне қылмыстардың тектік объектісі қойылған. ҚР ҚК Ерекше бөлімінің эрбір тарауында өзінің тектік объектісі бар. Айталық, ҚР ҚК 1-ші тарауына біріктіріліп, баптарында қарастырылған қылмыстардың тектік объектісі адамның жеке басы болып табылады.
Заңның өзі кейбір жағдайларда қылмыстардың бір тектес объектілерін атап көрсетеді. Мысалы, ҚР Қылмыстық кодексінің 366 -бабында эскери қылмыстың анықтамасы мен жалпы үғымын бере келе бүл қылмыстың тектік объектісін "Әскери қызмет атқарушы, әскери қызметшілердің, сондай-ақ запастағы азаматтардың жиындардан өту кезінде эскери қызмет атқарудың белгіленген тәртібіне қарсы қылмыстар", - деп атап көрсеткен.
Тектік объектілер бірқатар тараулардың атауларында да көрсетіледі (мысалы, ҚР ҚК 14-тарауы Басқару тэртібіне қарсы қылмыстар).
Кейбір жағдайларда тектік объект ҚР ҚК Ерекше бөлімінің тарауына енгізілген нақты қылмыс қүрамына талдау жасау арқылы анықталады.
Қылмыстардың тектік объектісін анықтаудың қылмыстарға, эсіресе сырттай үқсас қылмыс қүрамдарына байланысты қылмыстық іс-эрекетті саралауда тәжірибелік маңызы үлкен. Мүндай жағдайлар адамның жеке басына қарсы қылмыстар мен бүзақылық арасында кездеседі (біріншісінің объектісі адамның жеке басы болса, соңғысының объектісі -қоғамдық тэртіп).
Тікелей объект - бүл тектік объектінің бөлімі, яғни қылмыстық заңмен қорғалатын бір немесе бірнеше қиянат бағытталған нақты бір мүдде, я болмаса нақты бір қылмыстың салдарынан зиян шегуші нақты игілік.
Ерекше бөлімнің 1-ші тарауындағы баптарға сэйкес қылмыстардың тікелей объектілері болып табылатын адам өмірі мен денсаулығы жеке басқа түгелдей қатысты болғанымен, тектік объектінінің бөлігі ретінде қарастырылады. Тікелей объектінің қылмыстық тэртіпті анықтаудағы тэжірибелік маңызы зор, себебі ол кейбір жағдайларда қылмысты осы тектес басқа қылмыстардан ажыратып алуға мүмкіндік береді. Тікелей объект кейбір реттерде эртүрлі қылмыс қүрамында бірдей болуы мүмкін. Мысалы, ҚР ҚК -тің 96-бабының 1, 2-бөліктері, 97, 98, 99-баптар. Аталған қылмыстар тікелей объектіге қарап ажыратылмайды, қылмыс қүрамының басқа элементтерінің белгілеріне қарап ажыратылады.
Әдетте, эр қылмыстың өзінің тікелей бір объектісі болады. Алайда бір мезгілде екі тікелей объектіге қиянат көрсететін қылмыс түрлері де кездеседі (қос объектілі қылмыс). Бүл жағдайларда объектілердің біреуі басты (негізгі), ал екіншісі -қосымша болып есептеледі. Ал тікелей объектінің қайсысы -негізгі, қайсысы - қосымша екендігі туралы сүрақ қүқықтық түрғыдан қорғалушы игіліктің өз маңыздығына емес, оның тектік объектімен байланысына қарай шешіледі. Мысалы, сот төрелігін жүзеге асыруға немесе алдын-ала тергеу жургізуге байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері (341-6.) сияқты қылмыстардың тікелей объектісі сот төрелігінің мүддесі, эрі жеке басы болып табылады. Бүлардың алғашқысы негізгі объект, ал соңғысы бүл арада қосымша объект болып қарастырылад ы.
Негізгі объект - ол басты тікелей объект. Қылмыстық-қүқық нормасы, ең алдымен, оны қорғау үшін шығарылады. Демек, негізгі объект -қылмысты ҚК-тің белгілі бір тарауына қосу үшін негіз болатын басты объект.
Негізгі объектіге қарсы қиянат жасау барысында "жол-жөнекей" түсетін зардапқа төзетін (немесе осындай зардап түсу қаупі бар) объект, қосымша объект болып табылады. Мысалы, шабуыл жасап тонауда негізгі объект -меншік, қосымша объект нақты адамның денсаулығы.
Факультативті объект - қылмыс жасау барысында белгілі бір зиян тигізілуі де, тигізілмеуі де мүмкін қатынас (мүдде). Мысалы, бүзақылық жасау барысында негізгі объект қоғамдық тэртіп, ал жеке адамның мүддесі бүзылуы да, бүзылмауы да мүмкін.
Қылмыстың негізгі объектісін анықтау іс-эрекетке элеуметтік - саяси сипаттама беруге, оның қоғам үшін қауіптілік деңгейін бағалауға жэне ҚК-тің бөлімінің қай бабын қолдану мэселесін шешуге, яғни болған іс-эрекетті қалай саралау керектігін оңайлатып береді.
2.3 Қылмыстың заты.
Қылмыс объектісінен қылмыстың затын ажырата білу керек. Қылмыс затына қылмыскер тиісті объектіге қылмысты қол сүғу кезінде осы қылмыскердің тікелей эсеріне үшыраған, сыртқы ортадағы материалдық заттар жатады. Бөтеннің мүлкін үрлау кезінде (мысалы, автомобиль
11
делік) қылмыстың заты тікелей автомобильдің өзі болса, ал объектісі оған байланысты меншік қүқығы.
Материалдық заттарға - қылмыскер қандайда бір белгілі қылмыстық іс-эрекетті жасаған уақытта өзінің "ізін" қалдырған бүйым жатады. Қылмыстың заты мен қол сүғылған объект тығыз байланыста болғанымен оларды бір-бірімен шатастырмау керек.
Қылмыстың объектісі қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделер, қоғамдық қарым-қатынас болса, қылмыстың заты - материалдық дүние, алғы шарттар, қоғамдық қарым-қатынастардың өмір сүру, даму шарты. Қылмыскер материалдық бүйымдарға, заттарға тікелей ықпал жасай отырып, қылмыстық зат қорғайтын белгілі бір қоғамдық қарым-қатынасты жэне мүдделерді бүзады. Демек, қылмыстың объектісі қылмыскер ықпал жасаған заттар емес, заң қорғайтын белгілі бір қоғамдық қатынас пен мүдделер болып табылады.
Қылмыстың заты жэне оның заттық қасиеті қылмыстарды дүрыс саралауда, аралас қүрамдарды жэне қылмыстық эрекеттерді қылмыстық емес эрекеттен ажыратуда үлкен маңызы бар. Мысалы, атылатын қаруды үрлау қоғамдық қауіпсіздікке қол сүғу болса, ал аңшы мылтығын үрлау -меншікке қарсы қылмыс. Контрабандалық заттар болып ҚР кендендік шекарасынан заңсыз түрде өткізілетін белгілі бір заттар ғана болып табылады.
Заттың сипаты мен қасиеті жаза қолдануға да эсер етеді. Мысалы, үрлап алынған мүліктің мөлшері қылмысқа баға беруге жэне жазаның мөлшерін белгілеуге эсер етеді.
Қылмыстық қол сүғу кезінде зат, эдетте, зиян шегуі де, шекпеуі де мүмкін. Мысалы, үрланған зат өзінің алғашқы формасын өзгертпеуі де мүмкін (ақша оның жеке басының есеп-қисабы бойынша сақталып қалуы мүмкін). Басқа жағдайларда тағамдар толығымен өзгеріп, қүртылуы мүмкін.
Бірақта қылмыстың заты жасалынатын қылмыстардың барлығында кездесе бермейді. Ол жоғарыда айтылғандай, қылмыс объектісіне жасалынатын қол сүғушылық сыртқы ортаның материалдық заттарына әсер ету арқылы жасалған қылмыстарда кездеседі. Мысалы, эйел зорлау, қорлау, дизертирлік сияқты қылмыстардың заты жоқ.
Қылмыс затының қылмыс жасау қүралдарынан, яғни қылмыскердің қылмыс жасау кезінде пайдаланған заттарды ажырата білу керек (мысалы, кісі өлтіру мен шабуыл жасап тонау кезінде қолданылған атылатын қару мен пэтер тонау кезінде қолданылған кілт, аталған заттар қылмыс заты емес, қылмыс қүралы болып табылады. Кейде бір ғана зат кейбір қылмыстардан қылмыс затының рөлін атқарса, басқа қылмыстар кезінде - қылмыс жасау қүралы мен тэсілі болуы мүмкін. Мысалы, үрланған пистолет - қылмыстың заты, ал оны шабуыл жасап тонау кезінде пайдаланған болса, ол - қылмыс қүралына айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |