Дипломдық ЖҮмыс тақырыбы: Адвокаттың қылмыстық іс жүргізуге қорғаушы ретінде қатысу мәселелерін жетілдіру



бет7/11
Дата14.06.2016
өлшемі0.82 Mb.
#134362
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

18

Кейбір қылмыстардың жасалу барысында кінэлі адам екінші бір адамның жеке басына (рухани, мүліктік немесе денесін жарақаттау) зиян келтіреді. Адамды қылмыстың заты деп тануға болмайды. Қылмыстың салдарынан зиян шеккен адам жэбірленуші деп аталады. Қылмыстан зардап тартқан адамның жеке басын зерттеумен криминологияның виктимология деп аталатын саласы айналысады. Көптеген қылмыстарда жэбірленушінің жеке басы да, қылмыстың заты сияқты қылмыстық-қүқықтық мэнге ие. Мысалы, жасы кэмелетке толмаған немесе жасы он төртке толмаған қызды зорлағаны үшін қылмыскердің жауаптылығы күшейе түседі. Сондай-ақ қылмысқа жэбірленуінің заңсыз қылығы себепкер болса, жэбірленушінің заңсыз қылығы жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мэн жайлар деп қаралуы мүмкін.



117

Ш-ТАРАУ ҚЫЛМЫСТЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫ

3.1 Қылмыстың объективтік жағына байланысты түсінік және

оның маңызы.

Қылмыс қүрамының объективтік жағы дегеніміз - қылмыстық заңда көрсетілген қылмыстын іс-эрекетнің сыртқы көрінісінің жиынтығы. Олардың қатарына мыналар жатады: қоғамға қауіпті іс-әрекет (эрекет немесе эрекетсіздік), қоғамға қауіпті салдар (қылмыстық нэтиже), қоғамға қауіпті іс-эрекет пен қоғамға қауіпті салдар арасындағы себепті байланыс, қылмысты жасаудың әдісі, орны, уақыты, жағдайы, қаруы жэне қүралы.

Қылмыстың объективтік жағы - қылмыстық жауаптылықтың маңызды алғы шарты. ҚР Қылмыстық кодексі қылмыс деп адамның жүзеге асырылған күнде жеке басқа, қоғамға жэне мемлекетке қауіп төндіретін ойын немесе пікірін емес, оның тек қылмыстық-қүқықтық нормаларды бүзушы қоғамдық қауіпті іс-эрекетті ғана мойындайды (ҚР ҚК 3, 9-баптары).

Қылмыстың объективтік жағы - қылмыстық жауаптылықтың негізін қалаушы болып саналады, онсыз жауаптылықтың болуы мүлдем мүмкін емес. Адамның жауаптылығы үшін іс-эрекеттің объективті жағының айырықша мағынасын өткен ғасырдың 40-шы жылдарында К. Маркс өзінің жас кезінде былай деп түжырымдаған: "Негізгі белгі ретінде істің өзін емес, эрекеттенушінің ойларының түрін алға шығарушы заңдар -заңсыздықтың жағымды жазалау шараларынан басқа түк те емес... Мен езімді көрсете білгендіктен ғана, шын болмыспен бетпе-бет келгенімде ғана - заң шығарушыға бағынышты ортаға енемін. Заң үшін менің эрекеттерімнен басқа өз басым, тіпті де жоқ нэрсемнің, мен тіпті де оның объектісі емес екенмін".

Сондықтан, қылмыстың объективтік жағы қылмыскердің ойы мен мақсатын бағалауға негізгі белгі болып табылады. Осыған байланысты, қылмыстық істі алдын-ала тергеу немесе сотта қарау кезінде, ең алдымен қылмыстың объективтік жағы анықталып алып, оның негізінде субъективтік жағы белгілі болады, қылмыстың заң жүзінде тыйым салуына қарамастан қоғамдық қауіпті эрекет жасаушының мақсаты, себебі жэне ниеті туралы шешім шығарылады. Объективтік жақтың белгілерінсіз субъективтік жақтың мэселелері қозғалмайды да, себебі соңғысы алғашқымен байланыссыз іске аса алмайы.

Қылмыстың объективті жағының маңыздылығын, қылмыс қүрамының дэл осы буыны қылмыстық жауаптылық пен қылмыс қүрамының түгел қүрылымының іргетасы екендігін, ҚР Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімі

баптарының диспозицияларында заң шығарушы қылмыстың объективті жағының белгілерін жиі атайтындығынан да көруге болады. Мысалы, қылмыстық заңда ылғи қоғамға қауіпті іс-эрекеттердің белгілері аталады, оларсыз Ерекше бөлім баптарының бірде-бір диспозициясы мүмкін болмай қалады, қылмыстық заңда объективтік жақтың басқа да белгісі жиі көрсетіліп отырады. Атап өтетін бір жай - олардың барлығы да қылмыстық-қүқықтық маңызға бірдей дәрежеде ие бола алмайды. Қылмыстардың барлық қүрамына міндетті нэрсе - қоғамдық қауіпті іс-эрекет (әрекет немесе эрекетсіздік). Объективтік жақтың басқа белгілері факультативті, атап айтқанда, олар кейбір қылмыстардың қүрамы үшін олардың объективтік жағының белгілері болып саналса, басқа біреулері үшін - олай саналмайды. Мысалы, адам өлтіру, зорлау (ҚР ҚК 96, 120-баптар) қылмыс қүрамдары үшін қылмыстың істелген орны еш рөл атқармайды жэне қылмыстық жауаптылық бүл қылмыстардың қай жерде істелгеніне қарамастан тағайындалады. Алайда, дэл осы белгі (орын), мысалы, су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу (ҚР ҚК 287-6.) қылмысының қүрамын анықтау үшін міндетті болып табылады.

Объективті жақтың факультативті белгілері - тіпті қылмыстың тиісті қүрамының белгілері болмағандықтан оның бағалауына эсер етпеген күнде де, жаза белгілеуге айтарлықтай эсер ететіндіктен үлкен материалдық-қүқықтық маңызға ие. Кейбір жағдайларда олар жаза белгілеу кезінде кінэлінің жауаптылығын жеңілдетуші немесе ауырлатушы жағдай болып табылады. Мысалы, ҚР ҚК-нің 54-бабына сэйкес қылмыстық жауаптылықты ауырлататын мэн-жайлар болып объективтік жақтың төмендегідей белгілері саналады: қоғамдық қауіпті салдар ("қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтіру"), қылмыстың жасалу эдісі ("аса қатыгездікпен, садизммен, қорлаумен, сондай-ақ жэбірленушіні қинап қылмыс жасау"), қылмыстың жасалу жағдайы ("қылмысты төтенше жағдайда жасау") жэне т.б.

Объективті жақтың факультативті белгілерінің қылмыстық іс бойынша эр қашан маңызды дэлелдік мағынасы бар екендігін ескерген жөн. Олардың барлығы да кез келген қылмыстық қажетті сипаттамасы болып табылады. Егер, мысалы, істелген қылмыстың уақыты мен орны анықталмаса, қылмысты ашылды деп санауға болмайды (тіпті кейібір қүрамда олардың қылмысты бағалауда маңызы болмаса да. Сондықтан, қылмыстың объективті жағынан барлық белгілері өзінің "міндеті" немесе "факультативті" болуына қарамастан кез келген қылмыстық іс бойынша қылмыстық -қүқықтық мағынада дэлелдеу затына жатады. [4,60 6]

ҚР Қылмыстық Кодексінің Ерекше бөлімінің бір тарауы көлемінде текті (арнайы) объект бойынша топтастырылған қылмыстар көбінесе объективті жағының белгілері бойынша ажыратылады. Себебі, қылмысқа сэйкес қоғамдық қауіптілікке тэн дэл осы белгілерді ажырату кезінде байқалады. Адамның жэне азаматтардың конституциялық қүқықтары

мен бостандығына қарсы жасалған қылмыстардың көпшілігі бір-бірінен қылмыстың объективті жағының белгілері бойынша, яғни қоғамдық қауіпті іс-әрекеттің сипатына қарай ажыратылады. Мысалы, сайлау қүқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссиясының жүмысына кедергі жасау (ҚР ҚК 146-6.), азаматтардың тең қүқылығын бүзу (ҚР ҚК 141-6.), сайлау қүжаттарын, референдум қүжаттарын бүрмалау немесе дауыстарды қате есептеу (ҚР ҚК 147-6.), түрғын үйге қол сүғылмаушылықты бүзу (ҚР ҚК 145-6.) жэне т.б.

Қылмыстың объективті жағының белгілері тек қылмыстық істерді бір-бірінен ажыратудың негізі болып қоймай, кейбір жағдайларда қылмыстарды жіктеуге де негіз болады - бір жағынан экімшілік, тэртіптік, екінші жағынан - басқа қүқық бүзушылық. Мысалы, ағаштар мен бүталарды заңсыз кесу (ҚР ҚК 291-6.), қылмыс ретінде дэл осындай экімшілік қүқық бүзушылықтан объективті жақтың белгісімен ажыратылады, ол - қүқық бүзушылық салдарынан тартылған залалдың мөлшері. Қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану (ҚР ҚК 307-6.) осыған үқсас тэртіптік теріс қылықтан келтірілген зиян мөлшері бойынша ажыратылады. Егер қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану кезінде азаматтар мен үйымдардың қүқықтарына немесе заңды мүдделеріне немесе қоғамның не мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне айтарлықтай зиян келтірілген болса, ондай теріс пайдаланушылық -қылмысты деп танылады. Егер келтірілген зиян мөлшері онша көп болмаса, бүл іс тэртіптік жауаптылыққа тартылуы керек.

Қылмыстық іс-эрекетті саралауда қылмыстың объективті жағының маңызы зор. Мысалы, Қазақстан Республикасының күші бар қылмыстың заңдары бөтеннің мүлкін талан-таражға салуға байланысты қылмыстық жауаптылықты, олардың жасалу нысанына қарай анықтайды (ҚР ҚК 175-179-баптар). Бүл қылмыстардың барлығы (үрлық, сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін ысырап ету немесе иеленіп алу, алаяқтық, шабуыл жасап тонау, тонау) тікелей қасақаналықпен жасалынып, бірдей объектіге қол сүғады. Сондықтан аталған қылмыстарды тек қана объективтік белгілеріне байланысты дүрыс - саралай аламыз, яғни мүлікті алу тэсіліне қарап (үрлық - жасырын алу, тонау - ашықтан-ашық алу жэне т.б.).

3.2 Қоғамға қауіпті іс-әрекет.

Қылмыстық іс-эрекет (эрекет немесе эрекетсіздік) - объективті жақтың ең маңызды белгісі болып табылады, себебі ол -объективті жақтың түгелдей алғанда, оның жеке бір белгілерінің де негізгі желісі, өзегі. Іс-эрекет эрекет немесе эрекетсіздік арқылы болады.

Күш жүмсау жағынан іс-эрекет адамның белсенді қылығы арқылы сипатталады. Ол эрдайым дене қозғалысынан байқалып отырады, бірақ

оған ғана тіреліп қоймайды, себебі дене қозғалысы қимылының бірнешеуінен түрады, Мысалы, атылатын қарумен кісі өлтіру барысында мынандай дене қимылдары болуы мүмкін: атылатын қаруды оқтау, көздеу жэне қарудың шүріппесін басып атуы. Бірақ қылмыстың эрекет үшін ең бастысы - оның элеуметтік сипаты, жэне бүл сипат оның қоғамдық қауіптілігі арқылы беріледі. Қоғамдық қауіп деп қылмыстық заңмен қорғалушы объектіге зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупін төндіруші эрекет айтылады. Егер эрекет қоғам үшін қауіпсіз болса, ол қылмыс деп табылмайды жэне қылмыстық жауаптылық тудыра алмайды. ҚР ҚК 9-бабы 2-бөлігіне сэйкес "Осы кодекстің Ерекше бөлімінде көзделген қайсібір эрекеттің белгілері формальды болса да бар, бірақ елеулі маңызы болмағандықтан қоғамдық қауіпті емес, яғни жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірмеген жэне зиян келтіру қаупін туғызбаған әрекет немесе эрекетсіздік қылмыс болып табылмайды".

Қылмыстық-қүқықтық сипатқа ие болу үшін, эрекет міндетті түрде ерікті болуы керек. Адамның басқа бір кісінің немесе бірнеше кісілердің күш қолдану арқылы мэжбүр қылған қысымына төтеп бере алмағандықтан жасаған белсенді қылығы қылмыстық сипат ала алмайды. Бүл жағдай - қоғамдық қауіпті эрекет жасауға адамды мэжбүр қылу үшін күшпен қорқыту (мысалы, оған қол жүмсау) деп түсініледі. Күшпен қорқытып мэжбүр қылудың қылмысты жауаптылығы болмас үшін, мэжбүрліктен эрекет жасаушы адамның ісі еркінен тыс болуы керек. Мысалы, атылатын қаруды кезенің түрып екінші бір адамды үрлық жасауға қатыстыру.

Егер күшпен қорқытқан күнде де адамның өз еркінен эрекеттенуге мүмкіндігі болған болса, ол қылмыстық жауаптылықтан қүтылмайды, бірақ оған қарсы көрсетілген зорлық жаза тағайындау кезінде жауаптылықты жеңілдетуші жағдай ретінде қаралады.

Психикаға эсер ету арқылы, яғни психикалық мэжбүрлеудің де белгілі бір қылмыстық-қүқықтық маңызы бар. Бүл - эйтеуір бір зиян шегу қаупін төндіру арқылы (кейде өмірге қауіпті) адамды үрейлендіріп оны қоғамдық қауіпті іс-эрекет жасауға мәжбүр ету деген сөз. Психикалық мэжбүрлік, эдетте, эрекеттің еріктілік сипатын жоймайды, сондықтан да, жалпы ережеге сэйкес, психикалық мэжбүрліктің итермелеуі мен қылмыстық заңда қарастырылған қоғамдық қауіпті істі жасаушы қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды. Сонымен қатар, күш қолдану сияқты, психикалық мэжбүрлеу де қылмыстық жауаптылықты жеңілдетуші жағдай болып танылады. Психикалық мэжбүрліктің эсерімен эрекет жасаған адам, бүл эрекетке ешбір амалдың қалмағандығынан барған болса, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Мысалы, өзінің өміріне дэл қазір қиылып кету қаупі төнгендіктен ақшаны қылмыскерлерге берген кассир қылмыстық жауаптылықтан босатылады, себебі, адам өмірі кез-келген материалдық

қүндылықтан қымбат. Мүндай іс-эрекетті аса қажеттіліктен туындаған деп түсіну керек. Аса қажеттілік қылмыстық кодекстің 34-бабында, - "Осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге аса қажет болған жағдайда зиян келтіру, яғни белгілі бір адамның немесе өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына, қүқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамының немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін зиян келтіру, егер бүл қауіпті басқа амалдармен жою мүмкін болмаса жэне бүл орайда аса қажеттілік шегінен шығып кетушілікке жол берілмесе, қылмыс болып табылмайды", делінген.

Сонымен, қылмыстық-қүқықтық эрекет адамның қауіпті, ерікті жэне белсенді қылықтарынан түрады екен.

Осыған дейін айтылғандай, объективті жағынан алғанда қылмыс тек эрекет арқылы ғана емес, эрекетсіздік арқылы жасалады. Қылмыстық-қүқықтық эрекетсіздік қоғамға қауіпті ерікті, енжар қылықтан түрады. Ол адамның өз мойнындағы міндеттері болғандықтан орындауға тиіс жэне де орындай алатын істерді орындамауына тіреледі. Адам қылығының енжарлығы - ол оның (қылығының) сыртқы көрінісі емес элеуметтік сипаты. Сырттан қарағанда адам белсенді әрекеттеніп жүруі мүмкін, бірақ ол сөйте түра белгілі бір міндетін орындамай, қылмыстық-қүқықтық түрғыдан салынған тыйымды бүзса - ол қылмыстық-қүқықтық эрекетсіздік деген сөз. Мысалы, куэгердің немесе жэбірленушінің жауап беруден бас тартуы немесе жалтаруы (ҚР ҚК 353-6.), қылмыс туралы хабарламау (ҚР ҚК 364-6.)

Адамның эрекеттену міндеті эр түрлі негізден туындайды. Ең алдымен, заң жарлығы бойынша. Айталық, заң кэмелетке толған балаларды өздерінің еңбекке жарамсыз ата-аналарына көмектесуге, ал ата-аналарды кэмелет жасына жетпеген балаларын асырауға міндеттейді. Бүл міндетті қасақана бүзу қылмысты түрде жазаланады (ҚР ҚК 136-6.). Екіншіден, эрекеттену міндеті таңдаған мамандыққа байланысты туындауы мүмкін. Мысалы, дәрігер өз мамандығына сэйкес ауру адамдарға көмек көрсетуге міндетті, егер ол осы міндетін дэлелді себепсіз орындамаса қылмыстық жауаптылыққа тартылады (ҚР ҚК 114-6.). Үшіншіден, мүндай міндет адам өзіне қабылдаған міндеттемеден туындауы мүмкін. Мысалы, балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді арнайы тапсырма бойынша орындаушы немесе мүндай міндеттерді ерікті түрде өзіне алған адамның тиісінше орындамауы, егер бүл жас баланың денсаулығына абайсызда ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге экеп соқса, абайсызда жас баланың өлуіне экеп соқса, қылмысты түрде жауап береді (ҚР ҚК 138-6.). Төртіншіден, эрекеттену міндеті қылмыстық заң қорғайтын объектілерге нақты қауіп төндірушінің қылығынан туындауы мүмкін. Мысалы, автокөлікті жүргізуші, адамды басып кетсе, жэбірленушіні ең жақын емдеу орнына жеткізуге немесе оған басқалай дэрігерлік көмек көрсетуге

міндетті. Бүл міндеттен бас тартушылық - қылмыстық жауаптылыққа экеліп соқтырады.

Қылмыстық-қүқықтық әрекет сияқты, эрекетсіздік те ерікті түрде ғана қылмыстық-қүқықтық сипатқа ие болады. Еріктен тыс болған енжар қылық қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. Сондықтан, эрекеттену кезіндегідей қарсы түра алмайтын күшпен мэжбүр қылған эрекетсіздік кезінде де қылмыстық жауаптылық орын алмайды. Мысалы, күзетшіні қылмыскерлер байлап тастап, оны қарсыласу немесе көмекке шақыру мүмкіндігінен айырган болса, ол өзіне күзетуге тапсырылған мүліктің тоналуына кедергі бола алмағаны үшін жауап бере алмайды. Әрекетсіздік кезіндегі психикалық зорлық жаза белгілеуде жеңілдетуші жағдай болып қаралады. Мысалы, қарамағындағы жүмыскерге бастығының, егерде үрлыққа қатыспасаң жүмыстан босатамын деп қорқытуы.

Адамның қарсы түра алмайтын табиғат күшінің эсерінен жасаған енжар қылығының да қылмыстық-қүқықтық сипаты болмайды. Қарсы түра алмайтын дегеніміз - объективті фактордың адамға жүріп-түру эрекетінен айырылатындай дэрежеде эсер етуші күші. Қарсы түра алмайтын күш қылмыстық жауаптылықпен үласпайды, себебі адам өзіне жүктелген эрекеттену міндетін атқару жолындағы кедергіден өтуге шамасы келмейді. Мысалы, дэрігер өзі қатты ауырып жатқандықтан ауыруға көмек көрсете алмаса, немесе ауырған адамға барар жолдағы өзен арнасынан тасып, дэрігер одан өте алмаса -оның бүкіл қылықтары қылмысты деп танылмайды. [5,18 6]

Алайда қарсы түра алмайтын күш мүлде өзгермейтін түсінік емес. Бүл мэселенің нақты шешілуі адамға жүктелген міндеттер аясына жэне оған белгілі бір жағдайларда қойылатын талаптарға байланысты, Мысалы. Өрт - қатардағы азамат үшін қарсы түра алмайтын күш болып табылады, сондықтан да оны өртеніп жатқан үйдің ішінде адамды тастап кеткендігі үшін жауапқа тартуға болмайды. Алайда, мамандығы өрт сөндіруші адамды бүл жағдай жауаптылықтан қүтқармайды. Жоғарыда айтылып өткен өзеннің тасуы дэрігер үшін оның кэсіби міндетін атқару жолындағы қарсы түра алмайтын күш деп танылған жағдай болса, эскери қызметкер үшін олай болып танылмайды. Себебі, ол өзіне берілген эскери бүйрықты орындау жолында кездесетін кедергілердің қандайын болмасын жеңуге міндетті (тіпті өз өміріне қатер төнген жағдайда да).

3.3 Қоғамдық қауіпті салдар.

Қылмыстық заң қылмыс қүрамын әрекет жасаудың тікелей өзімен, не белгілі бір қылмыстық іс-әрекеттен түскен нэтижемен байланыстырады.

Әрбір қылмыстық-қүқықтық іс-эрекет қылмысты заңмен қорғалатын объектілерді белгілі бір өзгерістерге үшыратады -ол объектілерге зиян келтіріледі немесе тікелей зиян келтіру қаупін төндіреді. Қауіпті салдар

деп қылмыстық-қүқықтық қорғау объектілеріне қоғамдық қауіпті іс-эрекет жасау нэтижесінде белгілі бір көлемде зиян келтіруді атайды. Қылмыстық салдар екі негізгі топқа жіктеледі: материалдық жэне материалдық емес. Материалдық-мүліктік сипаттагы салдар (мүлікке қол сүғу, оны жойып жіберу немесе зақымдау жэне т.б.) жэне азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру (мысалы, өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру) болып бөлінеді. Материалдық емес - мекемелер мен кэсіпорындардың қалыпты жүмысын немесе қоғамдық тэртіпті бүзу (қызмет бабына сэйкес қылмыстар, басқару тэртібіне қарсы қылмыстар, бүзақылық жэне т.б.) жэне азаматтардың намыс, абыройына, олардың жеке материалдық емес қүқықтарына (жала жабу, қорлау арқылы келтіретін рухани зардап, жэне т.б.) нүқсан келтіру кезінде орын алады.

Қылмыстық заңмен қоргалатын объектілердегі зиянды өзгерістердің сипатына қарай ҚК Ерекше бөлімі баптарының диспозициялары қылмыс қүрамының объективті жағын екі жақты қылып қүрастырған. Бірқатар жағдайларда қылмыстық заң қылмыстың қүрамының аяқталғандығын осы заңда көрсетілген кейбір салдардың пайда болуымен байланыстырады. Мүндай қылмыстар материалдық қүрамы бар қылмыстар деп аталады. Олардың қатарына кісі өлтіру, үрлық жасау, денсаулыққа қасақана зиян келтіру жэне басқа қылмыстар жатады.

Басқа жағдайларда қылмыстық заң қоғамдық қауіпті іс-эрекет (эрекет немесе эрекетсіздік) жасалып болған соң-ақ, қоғамдық қауіпті белгілі бір салдардың болу не болмауына қарамастан, қылмыс аяқталды деп санайды. Мысалы, адамды оның өміріне не денсаулығына қауіп төндіретін жағдайда көпе-көрінеу көмексіз қалдыру жэбірленушінің осы себепті қайта ауырып қалғандығы немесе өліп кеткендігі ескерілместен, аяқталған қылмыс деп саналады (ҚР ҚК 119-6.). Себебі, бүл жағдайда салдар қылмыс қүрамынан тыс болады. Бүл қылмыстық-қүқықтық норма қылмыстың орындалғандығын жэбірленушінің өмірге қауіпті жағдайда қалу фактісімен ғана байланыстырады. Мүндай қылмыстар қылмыстық қүқық теориясында формальды қүрамдас қылмыс деп аталады.

Шындап келгенде қандай қылмыс болмасын оның ішінде формальдысы да, айналаны, қылмыстық заңмен қорғалатын объектілерді әрдайым белгілі бір зиянды өзгерістерге үшырататындығы - ескерілетін жэйт (негізінде, зардапсыз қылмыстар жоқ жэне болуы мүмкін емес). Алайда бүл өзгерістерді, бүл салдарды заң шығарушы формальды қылмыстардың қатарына қоспаған жэне іс-эрекетте қылмыс қүрамының болу не болмауын шешерде ескерілмейді. Әрине, бүл салдардың қылмыстық-қүқықтық мағынасы болуы мүмкін, бірақ тиісті қылмыстық қүрамын анықтау үшін емес - жаза тағайындау кезінде жауаптылықты жеңілдететін не ауырлататын жағдай ретінде. Мысалы, балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-аналарын асырауға қажетті қаражатты төлеуден

қасақана бас тартудың қүрамы үшін (ҚР ҚК 136-6.) осының нэтижесінде жэбірленушілерге айтарлықтай зиян келтірілуі талап етілмейді. Ал егер осының нәтижесінде балалары немесе ата-аналары қатты науқастанып қалса, бүл жағдай жаза тағайындау кезінде ауырлататын мэн-жайлар ретінде ескеріледі.

Заң шығарушы қылмыстың объективті жагын қүрастырудың небір тэсілін өз бетімен таңдап алмайды, ол үшін тиісті қылмыстың қоғамдық қауіптілігін өзіне тэн ерекшеліктері мен сипаты жэне онымен күресудің қылмыстық-қүқықтық шараларының ерекшеліктері (эсіресе олардың мүмкіншіліктері) ескеріледі. Бір жағдайларда заң шығарушы қылмыстық істің қоғамдық қауіпті салдарын нақты анықтау мүмкін болмағандықтан немесе анықтаудың өте қиындығынан формальды қылмыстар қүрастыруға жүгінеді. Бүған қоса, қылмыстың эділет органдарының тэжірибелік қызметінде белгілі бір салдардың болуын іс жүргізу кезінде дэлелдеудің қиындығы да ескеріледі. Мысалы: жала жабу, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нүқсан келтіретін немесе оның беделін тәсіретін көрінеу жалған мэліметтер тарату (ҚР ҚК 129-6.) - жеке бастық ары мен намысына қол сүғушылық. Ар мен намысқа зиян келтірушілік - бүл қылмыстың салдары болып табылады. Егер заң шығарушы бүл салдарды жала жабу қүрамына қосқан болса, онда эр жолы тергеуші мен сот жәбірленушіні өзі туралы таратылған көрінеу жалған өсектін оның қаншалықты үятқа қалдырғандығына байланысты жала жабу қүрамының болуын не болмауын шешулеріне тура келер еді. Әрине, мүны анықтау өте күрделі, себебі бір кезеңде бір жэбірленушіге мүндай жала жабушы мэліметтер қайғы-қасірет экелсе, енді біреуі оны көңіліне алмайды. Жала жабу кезінде зиян келтіру фактісі дэл анықтауға көнбейді, ал оның мөлшерін анықтау мүмкін емес. Сондықтан, за шығарушының бүл қүрамның болуын нақты бір салдардың орын алуымен байланыстырмағаны орынды да. Заң шығарушы бүл тэсілін эсіресе қылмыс нэтижесінде азаматтардың конституциялық қүқықтар мен бостандығы аясына, адамгершілік аясына зиян келтіру жағдайларында жиірек қолданады. [6,42 6]

Басқа жағдайларда, зиянды салдарды нақтылау мүмкін болып түрса да, заң шығарушы оларды қылмыс қүрамына қоспайды, себебі қылмыс іс-эрекеттің жасалған кезінде-ақ өте қауіпті болып табылады. Мысалы, шабуыл жасап тонау, қорқытып алушылық сияқты қауіпті қылмыстардың қүрамынан салдар тыс қалады. Егер бүл қылмыстардың қүрамдары басқаша, мысалы. Материалдық сияқты қүрастырылған болса, олар белгілі бір салдар орын алғанда ғана аяқталған болып саналар еді (үрлық). Ал мүндай қүрастырудың жеке басты қорғау мүдделеріне жауап бермейтіндігі, эрі бүл қауіпті қылмыстармен күресуге залал келтірері хақ.



3.4 Қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік пен қоғамдық қауіпті салдардың орын алуының арасындағы себепті байланыс.

Себепті байланыс - материалдық қылмыстардың объективті жағының сипаты. Орын алған қоғамдық қауіпті салдар үшін адамның жауаптылығы туралы сөз (егер, эрине, кінэсі болса), егер бүл салдар адам жасаған қоғамдық қауіпті эрекетпен немесе эрекетсіздікпен себепті байланыста түрса ғана басталуы мүмкін. Себепті байланыс болмаған жерде зиянды салдардың орын алғандығы үшін қылмыстық жауаптылық та болмаңды.

Себебі, бүл жаратылыста және қоғамда болып жататын қүбылыстар мен процестердің, заттардың жалпыға бірдей объективті байланысының, өзара тэуелділігінің, өзара келіспеушілігінің түрлерінің біреуін бейнелейтін философиялық категория.

Себеп дегеніміз - бір қүбылыстың заңдылықты түрде, ішкі қажеттілікпен басқа қүбылыс тудыруы жэне ол - салдар деп қарастырылады. Байланыстылықты бүл философиялық түрғыдан түсінгендік білімнің барлық салаларына ортақ, сондықтан бүл түсінікті қылмыстық қүқықтың себепті байланысына да қолдануға болады.

Материалистік философия себепті байланысты объективті өмір сүруші жэне табиғат пен қоғамның жалпыға бірдей өзара эрекетінін бір көрінісі ретінде қарастырды. Объективті бола түра жэне біздің санамызға қарамастан, себепті байланыс адамға танылып білінуі мүмкін. Әрине, адам санасы объективті элемнің барлық себептері мен заңдылықтарына бірден жете алмайды. Бүған қарамастан, адам объективті элем туралы білімін толықтыра отыра бірте-бірте оны танып түсіне бастайды жэне оның неғүрлым жаңа сырларын ашады. Себепті байланыстардың сипаты мен оған адам санасының жету мүмкіндігін, мысалы, медицина тарихының дамуымен суреттеуге болады. Белгілі бір тарихи кезеңдерде адам көп аурулардың себебін, ол аурудан адамның неге өлетіндігін білмеді, ал ол аурулардың себептері, эрине, болды. Бертін келе ғалымдар бүл ауру процестерінің себептерін зерттеп біліп, алдын алу мен оны емдеуде табыстарға жетіп, ауруға қарсы эсер ете білді.

Себепті байланыстардың объективті жағының қылмыстық қүқық үшін де маңызы зор. Тергеу органдары мен сот қылмыстық істі алдын-ала тергеу жэне сотта қарау кезінде біреудің қоғамдық қауіпті қылығы мен бүл қылықтың зиянды салдары арасынан өздері шығаратын елес байланысты емес, олардың санасынан тыс түратын объективті себепті байланысты тауып көрсетеді. Алайда, бүл себепті байланысты табу процесі оңайға соқпайды. Адамның себепті заңдылықтар туралы түсінігі оларды көбінесе жеңілдетіп жібереді, ол (адам) объективті шындық процестерінің кей жақтарына шаң жуытпаса, басқаларының мағынасын төмендетіп жібереді. Осыған байланысты тергеу мен сот қылмыстық іс бойынша себепті байланысты анықтау үшін түрлі мамандар мен

сараптаманың көмегіне жүгінеді.

Кез келген себепті байланыс, оның ішінде қылмыстық қүқықта кездесетін себепті байланыс та бірқатар белгілер арқылы сипатталады. Барлық себепті байланыстардың ең ортақ белгісі -олардың көп мағыналылығы. Бүл шындап келгенде, өмірде, бір ғана салдар, бір ғана себептен туындайтын жағдайдың өте сирек екендігін көрсетеді. Әдетте себептің өзі бірнеше жағдайларға байланысты туындап, өз кезенінде бір емес, бірнеше эр түрлі қүбылыстарға - салдарға жол береді. Осыған байланысты, себепті байланыс көбінесе екі қүбылыстың өзара эрекеті емес, бірқатар қүбылыстардың жиынтығы. Себеп пен салдардың ортасын осы екеуін байланыстырушы буын ретінде танымал қүбылыстар мен жағдайлардың үзын саны бөліп түруы да сирек емес. Сондықтан, себепті байланыс - сырт көзге қарағанда жүйелі өтіп жатқан "көрші" оқиғалар арасындағы байланыс қана емес.

Сол сияқты, қылмысты салдар да бір ғана емес, бірнеше істің нәтижесінен болуы мүмкін, бүл жағдайда себептердің бүкіл жиынтығын ескеру керек. Мысалы, қүрылысшылар жолдың бойынан қазған орынды қоршамастан кетіп қалды делік, ал осы жолмен түнде келе жатқан жүргізуші дүрыс көңіл бөлмей жол апатына үшырады да, қасында отырған адам қайтыс болды. Мүндай жағдайларда эрбір қоғамдық қауіпті іс-эрекет пен орын алған салдардың арасында себепті байланыстың болу яки болмауын анықтап білу қажет. Оның ішінде бүл жағдайлардың өзара байланысының сипатын және әрқайсысының қылмысты салдарын орын алғандығына объективті маңыздылығының қаншалықты екендігін қадағалау қажет. Көптеген себептердің нэтижесінде орын алған бір ғана қылмыстық салдардың болуы - бір ғана қылмыстық қүқықтық баға беріледі деген сөз емес. Бірнеше адамның бір салдарды келтіруі түрлі қылмыс қүрамын білдіреді, осыған орай ҚР ҚК-нің Ерекше бөлімінің түрлі баптары бойынша сараланады. Жоғарыда келтірілген мысалда қүрылысшылардың эрекеттері ҚР ҚК-нің 245-бабы бойынша қүрылыс жүмыстарын жүргізу ережесін бүзу, ал жүргізушінің эрекеті жолда жүру жэне көлік қүралдарының басқару ережелерін бүзу (ҚР ҚК 296-6.) деп бағаланады.

Қылмысты істі алдын-ала тергеп не сотта қарап, қоғамға қауіпті іс-эрекет пен қоғамға қауіпті салдардың арасында себепті байланыстың болу-болмауын шешу барысында, қоғамға қауіпті салдардың шындығында орын алғандығын анықтаумен шектелмей, дэл сол кезде тиісті қылмыс қүрамына тән белгілері бар қоғамға қауіпті іс-эрекет жасалды ма - соны білу керек. Бүл жағдайды ең алдымен белгілі бір ережелер мен нүсқауларды бүзу - қылмыс қүрамының объективті жағының белгісі болып танылатын кездерді ескеру керек. Мысалы, егер жүргізуші жолдан өтіп бара жатқан жүргіншіні басып кетіп, ол өліп қалса, жүргізушінің эрекеті (басып кету) мен орын алған салдардың

(жэбірленушінің өлімі) арасындағы себепті байланыс туралы мэселені бірден шешуге болмайды. Жүргізушінің арнайы бір ережелерді (жол қауіпсіздігі жэне көлік қүралдарын пайдалану ережелерін) бүзғандыгын анықтау керек, себебі жолдан өтушінің өлімі бүл ережелерді бүзудың нэтижесінен болмауы да мүмкін. Бүл жағдайлардың барлығында тиісті ережелерді бүзу қылмысты іс-әрекеттің объективті жағына қосылады, ал егер ереже бүзушылық табылмаса, эрине, тиісті қылмыс қүрамы да болмайды. [7, 55 6]

Себепті байланысты анықтаудың келесі бір шарты - себеп пен салдар болып есептелетін қылмыстардың сыртқы бірізділігі. Қоғамдық қауіпті іс-эрекет (эрекет немесе эрекетсіздік) уақыты бойынша қылмыстық салдардың алдында болу керек. Мысалы, жинақ банкінің бақылаушысы қылмыскер ақша алған қүжаттың дөрекі түрде жалған жасалғанын байқамағандықтан өз ісіне үстіртін, қызметтік міндетіне немқүрайлы қарағаны үшін кінэлі деп табылады. Бір қарағанда бүл оқиға бойынша мүліктік зиян, шынында да, лауазымды адамның өзінің қызметтік міндетін өз міндетіне атқармауы нэтижесінен орын алған болып табылады. Алайда, істі сотта қарау барысында, бүл банктегі операциялар жүргізу тэртібіне сэйкес бақылаушының қолына төлем қүжаттары кассир ақшаны беріп болған соң ғана келіп түсетіндігі айқындалды. Сот банк бақылаушысының эрекеттері мен орын алған салдар арасында себепті байланыстың болмағандығын атап көрсетіп, бүл қылмыстық істі заңды түрде өндірістен қысқартты.

Екі қүбылыстың арасында себепті байланыстың болуын шешу үшін олардың сыртқы бір ізділігін ғана анықтау жеткіліксіз. Олардың біреуі (жасалған қылмыстың қауіпті іс-эрекет) екіншісінің (қоғамдық қауіпті салдар) орын алуына белгілі бір жолмен эсер етуі керек. Себепті байланысты анықтау кезінде қылмысты нэтиженің орын алу себебі ретінде адамға жүктеліп отырған қоғамдық қауіпті іс-эрекет бүл нэтиженің орын алуына қажетті шарт болғандығын айқындап алу керек. Сонымен қатар, аталған жағдай қылмыстық істі тергеу жэне сотта қарау кезінде сот пен тергеушінің себепті байланысты анықтау жүмысына қажетті буын ғана екендігін атап өту керек (салдар мен істердің оқиғаларының сыртқы бір ізділігін анықтау сияқты).

Сот жүмысында мынандай оқиға болған. Жүргізуші жол қозғалысы ережелерін бүза отыра, жүк артушы жүмысшыларды самосвал машинасының артқы қорабына отырғызып алады. Жол бойында олардың біреуі машинадан секіріп деңгелектің астына түседі де қайтыс болады. Жүргізушінің автокөлікпен жүргізу ережелерін бүзуы қылмысты нэтиженің орын алуының қажетті шарты бола түра (егер жүргізуші тиісті ережелерді бүзбаса, жэбірленуші де қайтыс болмас еді), сот жүргізушінің автокөлікпен жүру ережелерін бүзуы мен жэбірленушінің қайтыс болуының арасында себепті байланыстың болмағанын дүрыс анықтады.

Шетелдік қылмыстық-қүқықтық эдебиетте кезінде эквиваленттік теориясы таратылды. Бул теорияға сәйкес, жасалған іс-эрекет орын алған салдардың қажетті шарты болып табылатындығы анықталған жағдайлардың барлығына себепті байланыс мойындалып отырады. Қандайда болмасын бір жағдайлардың орын алған қылмыстың нэтижесінің қажетті шарты болғанын анықтау ісі тиісті оқиғаларды ойша шығарып тастау арқылы жүзеге асырылып отырды. Болып өткен шарттардың ішінен адамның көңіл аудартқан қылығы ойша алып тасталатын. Егер осы кезде бүл іс-эрекет болмағанда салдар туындамайтындай көрінсе, онда ол осы істің езі қылмысты нэтиженің орын алуының қажетті шарты, осыған орай, оның себебі дегенді де білдіретін. Бүл теорияның методологиялық дэрменсіздігі осы оқиғаның орын алуына дейін болып өткен шарттардың (бүрын немесе қазіргі) теңдігі туралы қате болжамнан өрбитіндігінде. Эквиваленттік теориясын жақтаушылар қажеттілік пен кездейсоқтық арасындағы айырмашылықты түсінбеді жэне қателікті күнделікті оқиғалардың жалғасы деп уағыздалады. [8,55 6]

Ресейлік қылмыстық-қүқықтық ғылым себептер мен шарттардың арасын елеулі айырмашылықтармен ажыратады. Шарттар себептермен салыстырғанда, өздігінен тікелей басқа қүбылыс тудыра алмайтын қүбылыстар, бірақ себептермен қосыла жэне оларға эсер ете отыра, олардың ары қарай дамуына жол ашады. Шарттар кейде себепті байланыстың дамуына маңызды рөл атқарады. Олар себептің эрекетін қамтамасыз ете алады, яғни салдардың орын алуына мүмкіндік жасайды, бірақ себепті байланыстың дамуын тежеуі де мүмкін. Себептің шарттан айырмашылығы - ол ішкі заңдылық бойынша белгілі бір салдар туғызады.

Болған оқиғаның шарты емес - себебі екендігі тиісті салдардың дэл осы оқиғадан туындағандығы анықталғанда ғана қүпталады. Ал шарттың болуы - қарастырылып отырған оқиғалар арасындағы байланыстың қажетті немесе кездейсоқ болуының негізінде шешіледі. Оқиғаның өзіне тэн ерекшеліктерімен бірге іштей өрбуіне, оның орын алып отырған нақты жағдайда қажеттіліктен туындаған байланыс - қажетті байланыс деп аталады. Мысалы, адам өліміне экеліп соққан мылтықтың атылуы. Аталған мысалда мылтықты ату арқылы қоғамға қарсы жасалған қауіпті іс-эрекет нәтижесінде қоғамға қауіпті зардап кісі өлімінің болуы.

Кездейсоқ байланыс егер салдар белгілі бір іс-эрекеттің іштей өрбуінің нэтижесі болмай, өзге бір себептерден не жағдайлардан туындаған кезде мойындалады. Мүндай жағдайларда қылмыстық нәтиже тиісті бір іске сырттан басқа жағдайлардың қосылуынан орын алады. Мысалы, бір кісі екіншісін жеңіл жарақаттады (ҚР ҚК-нің 105-бабы денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру). Денедегі жараға сіреспе ауруының таяқшалары жүғып, ауру асқына береді, ақыры жэбірленуші осының салдарынан қайтыс болады. Бүл жағдайда қажетті себепті байланыс тек адамның

эрекеттері мен жэбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтіруінің арасында ғана бар деп саналады. Жэбірленушінің өлімі мен оның эрекеттері себепті байланыспайды, себебі бұл салдар жэбірленушінің деңсаулығына жеңіл зиян келтіруші адамның қылығынан іштей қажеттілікпен туындаған жоқ, себепті байланыстың өз бетімен тиісті түрде дамуы барысына сырттан өзге жағдайлардың қосылуынан туындалады. Жэбірленушінің өлімі оның денсаулығына жеңіл зиян келтірілгендіктен емес, денесіндегі жарақатқа ауру қоздырушы таяқшаларының түсуінен болды. Сондықтан бүл оқиғада адам қылмыстық жауаптылыққа денсаулыққа қасақана жеңіл зиян үшін ғана тартылады.

Себепті байланыс объективті шындықтан қандай түрде болды, тек сол түрінде ғана зерттеліп, анықталады. Кейде нэтиже жэбірленушінің немесе қиянат бағытталған заттың ерекше өзгешелігінен не қасиетінен, болмаса жасалған қоғамға қауіпті іс-эрекеттің өзіне тэн ерекшелігінен туындауы мүмкін. Мысалы, басына қолмен жеңіл ғана соққы бергеннен жэбірленуші қайтыс болды. Тексеруде осыдан аз бүрын ғана оның басы ауыр жараланғаны, сондықтан да жеңіл ғана үрудың өзі оны өлтіретін жағдайға келтіретіні анықталған. Егер себептілікті субъективистік түрғыдан түсіндірсек, бүл жағдайда себепті байланыстың болмағандығын мойындауға тиіспіз. Шетелдік қылмыстық қүқықта тараған себептіліктің адекваты теориясының өкілдері дэл осы түрғыны сақтайды. Бүл теория қылмыстық нэтиженің орын алу себебі - нақты бір оқиғада емес, жалпы қылмыстық салдардың орын алуына себепкер бола алатын эрекеттер деп санайды. Өлімнің жеңіл соққыдан болатындығы ылғи кездеспейді, өлімге экеліп соқтырған нэтиже мен жеңіл соққы бір-біріне пара-пар, тең емес. Сөйтіп, адекватты (тең) себептілік теориясын жақтаушылар себепті байланыстың объективті сипатын жоққа шығарады жэне оны жасалған іс-эрекеттің орын алған нэтижесінің тэн-тэн еместігі туралы субъективті болжаммен алмастырады. [9,55 6]

Ал барлық оқиғалардың заңдылықты, қажетті байланысы мен олардың себепті шарттылықтары туралы ілім саналатын детерминизмнің түсіндіру түрғысынан қарасақ, осыған дейін айтылғандай, себепті байланыс объективті шындықтан қандай болса дэл сол түрінде зерттеліп анықталады. Әрине, белгі бір салдар жасалған іс-эрекеттің жағдайының ерекше өзгешелігінен туындауы мүмкін. Бірақ себепті байланысты зерттеу - байланыстың табиғатта болмайтын тэн түрін іздестірумен алмастырылмаса керек. Сондықтанда, аталған оқиғада (жэбірленушінің басынан ақырын үрғаннан қайтыс болуы) "тән емес" саналатын себепті байланыс, қажетті себепті байланыстың барлық қасиетіне ие.

Жалпы ереже бойынша, себепті байланыс материалдық қүрамы бар қылмыстарда жасалған қоғамдық қауіпті іс-эрекет (эрекет немесе эрекетсіздік) пен орын алған қоғамдық қауіпті салдардың ортасынан


анықталады. Алайда, себепті байланыс кейбір формальды қылмыстарда да анықталады. Сөз - объективті жағының сипаты ретінде адамның тиісті бір зиянның орын алуына шын мүмкіндік жасауы болып табылатын формальды қүрамы бар қылмыстар туралы (салдар іс жүзінде орын алғанда), мысалы, ҚР ҚК 278-бабы ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті жэне биологиялық заттарды өндіру, тасымалдау, сақтау, көму, пайдалану немесе өзге де жүмыс істеу кезінде экологиялық талаптардың бүзылуы, егер бүл эрекеттер адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру қаупін төндірсе қылмыстық жауаптылық тағайындайды. Мүндай жағдайларда шындығында нақты бір салдардың болмауынан, себептік байланыстың даму мүмкіндігі туралы мэселені зерттеу қажеттілігі туады. Яғни, егер қоғамдық қауіпті іс-эрекет жасаушының еркінен тыс белгілі бір жағдайлар қоғамдық қауіпті салдардың орын алуына бөгет бола алмаған кезде орын алуға тиісті себептер зерттелуі тиіс деген сөз. Белгілі бір қүбылыс белгілі бір салдардың шын мэнінде орын алуы қаупін тудырған жағдайларда себепті байланыстың дамуының мүмкін (болжамды) сипатын анықтау, себепті байланыстардың объективті сипаты жөніндегі ережеге қайшы келмейді.

Зиянды салдардың шын мэнінде орын алу мүмкіндігі болуы ықтимал оқиғалардың даму жолын субъективті түрде болжау ғана емес. Оның объективті сипаты да бар, себебі, шын мэніндегі мүмкіндік белгілі бір қүбылыс, өзінің объективті қасиеттеріне қарай, белгілі бір жағдайларда заңды түрде басқа бір қүбылыс тудыратындай жағдай орнатады. Қылмыстық қүқықта мүндай қүбылыс ретінде қоғамдық қауіпті салдардың орын алуына шын мүмкіндік туғызатын қоғамдық қауіпті іс-эрекет танылады. Себепті байланыстардың дамуына сырттан қосылған ерекше жағдайлардың арқасында ғана бүл зиянды салдар орындалмайды.

Себепті байланысты анықтау тек қоғамдық қауіпті эрекет қана емес, қоғамдық қауіпті эрекетсіздік жасалған кезде де қажет. Әрекет сияқты, адамның эрекетсіздігі де айнала дүниеге белгілі бір өзгерістер экеледі. Айта кететі жэйт - ҚР ҚК-да эрекетсіздік пен зиянды салдар арасындағы қажеттілік кейбір жағдайларда тікелей көрсетіледі. Мысалы, ҚР ҚК-нің 316-бабының 1-бөлігі қарастыратын салақтық, яғни лауазымды адамның қызметіне адал қарамауы немесе үқыпсыз қарауы салдарынан өз міндеттерін орындамауы немесе лайықты орындамауы, егер бүл азаматтардың немесе үйымдардың қүқықтары мен мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бүзуға экеп соқса қылмыстық жауаптылық тағайындайды. Сондықтан, белсенді эрекеттер арқылы қылмыс жасаудың себепті байланыстарын анықтаудың барлық талаптары мен шарттары адамның қоғамдық қауіпті эрекетсіздігі жэне осының нэтижесінде орын алған қоғамдық қауіпті салдардың арасындағы себепті байланысты анықтауға

да жарайды. Әрекетсіздік кезіндегі себепті байланысты анықтаудың эрекетсіздіктің элеуметтік жэне заңдылық сипаттарына қарай ерекшелігі бар. Аталып өткендей, эрекетсіздіктің қылмыстық-қүқықтық мағынасы -адамның өзіне жүктелген міндеттерді эрқашан орындамауы. Адам белсенді қылық, белгілі бір эрекеттер жасауға міндетті бола түра, осы міндеттерді орындамаса, жэне соның нэтижесінде қоғамдық қауіпті салдар орын алған жағдайда ғана, адамның эрекетсіздігі мен орын алған салдардың арасындағы себепті байланыс туралы айтуға болады. Адамның мүндай міндеттері болмаған кездерде, оның эрекетсіздігі мен орын алған салдар арасындағы себепті байланыс туралы сүрақ тумайды.

Әрекетсіздік кезіндегі себепті байланысты анықтаудың ерекшелігі -міндетті адам жасаған тиісті эрекет қауіпті нэтиженің орын алуының алдын алар ма еді деген сүрақты шешу қажеттілігінде жатыр. Бүл сүраққа оң жауап болғанда ғана себепті байланыс көз алдында болмақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет