14 диаграмма
15.Вакцинациялау жайлы халыққа ақпарат беруде БАҚ (теледидар,радио,ғаламтор,газет-журнал) көздерінің көмегі қажет пе?
Респонденттердің 80,3 (53респондент) иә деп жауап берсе,қалған 19,7(13 респондент) бұнымен келіспейтінін айтқан.
15 кесте
|
Саны
|
%
|
иә
|
53
|
80,3
|
жоқ
|
13
|
19,7
|
барлығы
|
66
|
100
|
15 диаграмма
Сауалнама қорытындысы
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының жалпы тұрғындар арасында вакцинопрофилактика жөнінде дұрыс ақпараттану деңгейі-60%ды құрады,қалған 15% тұрғынның вакцинопрофилактикаға деген көзқарасы орташа болса,25% тұрғын өз қарсылықтарын ашық білдірді.
Респонденттердің басым көпшілігі, яғни 27 респондент(40,9%) «25-40жас» аралығындағы адамдар болса, 19 респондент (28,8%) «18-25 жас»аралығындағы адамдар.Ал қалған 19 респондент (28,8%) «40-50жас» аралығы болса, соңғы 1 респондент 17 жаста.
Респонденттердің жынысы бойынша сауалнамаға қатысқан респонденттердің 89,4%,яғни 59 респондент «әйел» болса, 10,6% ,яғни 7 респондент «ер адам».
Респонденттердің басым көпшілігі,яғни 66 респонденттің 28і (42,4%) үй шаруасындағы адамдар болса, 15 респондент (22,7%) медициналық қызметкер.Ал 14 респондент (21,2%) мұғалім болса,7 респондент (10,6%) жеке кәсіпкер, қалған 2 респондент (3%) құқық қорғау органы қызметкері.
Респонденттердің 60,6% -ы екпелерді уақытылы аламын деп жауап берсе, 27,3%-ы екпелерді таңдау түрде ғана алатынын жеткізген.Ал 12,1%-ы екпе алудан мүлдем бас тартқан.
Адам ағзасындағы асқынулардың жиілігі қандай жағдайларда жоғары болады? Осы сұрақ бойынша ең көп респонденттер,яғни 78,8% (52рес) иммундық жүйенің әлсіреуінен деп жауап берсе, 15,2% (10рес) вакцинаның әсері деп біледі.Ал 6,1% (4рес) бұрынғы жұқпалы аурулардың салдарынан деп жауап берген.
Балаңызды жұқпалы аурулардан вакцина арқылы қорғау дұрыс деп санайсыз ба? деген сұрақ бойынша респонденттердің 65,2% иә, дұрыс деп жауап берсе, 34,8% бұл туралы әлі ойламаған.
Респонденттердің басым көпшілігі,яғни 66 респонденттің 41і (62,1%) барлық екпелерді уақытылы аламын десе, 14 респондент (21,2%) тек таңдаулы екпелерді аламын,7 респондент (10,6%) жеке себептермен екпе салдырмаймын десе, қалған 4 респондент (6,1%) медициналық себептермен екпе ала алмаймын деп жауап берген.
Респонденттердің басым көпшілігі,яғни 74,2% (49 респондент)вакцина туралы ақпаратты мед қызметкерлердің естідім десе, 19,7% (13респондент) теледидар,ғаламтор көздері арқылы деп жауап берген.Қалған 6% (4 респондент) вакцина жайлы таныстардан естіген.
Вакцинациялауды халыққа жеткізуде БАҚ өкілдері керек деп 80,3% жауап берсе, 19,7% респондент керек емес деп жауап берген.
Жалпы қорытындылай келе 60% респондент вакцинацияға ешқандай қарсылығым жоқ десе,15% респондент тек таңдаулы ғана вакциналарды аламын деп жауап берген.Ал 25% респондент вакцинацияға мүлдем қарсымын деп жауап берген.Қорытындылай келе 25% респондентке түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Оларға вакцинаның маңыздылығы туралы,оның қандай аурулардан сақтайтыны туралы айтылды.Балаларға арналған вакцинацияны алу өте маңызды екені түсіндірілді.Респонденттерге вакцина барлық аурулардан сақтайды деген түсінікті санадан алып тастауға кеңес берілді.Вакцина алған бала белгілі бір инфекцияны жұқтырып алғанымен, онымен ауру процесі жеңіл өтетіндігі туралы түсіндірілді.Сонымен қатар аймақтық мейіргерлерге вакцина жайлы пациенттерге пайдалы, анық ақпараттар беру туралы кеңестер айтылды.
Достарыңызбен бөлісу: |