Дипломдық ЖҰмыс тақырып «Қысқа және ұзақ мерзімді активтердің есебі мен талдауы» «Қаржы және Есеп»


Қаржы салымдары (инвестициясы) шоты



бет3/7
Дата17.06.2016
өлшемі0.83 Mb.
#141477
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7

Қаржы салымдары (инвестициясы) шоты

бойынша жүргізілетін операциялар

кесте-2.1.1





Операциялар мазмұны

Дебиттелетін

Кредиттелетін

1

Сатылып алыну құны бойынша акциялар кіріске алынады

1150

1050,1040,1010,

3310,3390



2

Берілген материалдық құндылықтар үшін сатып алу құны бойынша кіріске алынған акциялар

1150

1311-1317

3

Акциялар үшін есептелінген дивиденд сомасы

1270

6120

4

Сатылған акциялар:

-баланстық құны бойынша

-сатқаннан алынатын табыс сомасына


7410,1010

1040,1050



1150

6210


5

Сатылып алынған облигациялар және басқадай бағалы қағаздар

1130,1150

1010,1040,1050

6

Қысқа мерзімді қаржы салымдарының ағымдағы құнының өзгеруіне байланысты алынатын табыс сомасына

1550

6160

7

Қысқа мерзімді қаржы салымдарының ағымдағы құнының өзгеруіне байланысты шеккен зиян сомасына

7470

1550


Мысалы:кәсіпорындардың сатып алушысы болып табылатын заңды тұлға 2006 жылдың 13 желтоқсанында алған тауарлары үшін 5000 (бес мың) АҚШ доллары көлемінде кәсіпорынның кассасына ақша төлеген (сол күнгі доллардың теңгеге шаққандағы бағамдық айырмашылығы 119-ға тең) деп алатын болсақ бухгалтерлік есепте мынадай жазу жазылады:

Дт: Касса $ 5000 (595000 тг.)

Кт: Тауарларды сатудан алынған

Табыс $ 5000 (595000 тг.)

Мұндағы 595000 тг. = 149 х 5000

Жалпы кәсіпорынның кассасындағы шетел валютасы түріндегі ақшалардың есебі кассадағы ұлттық валюта түрінде нақты ақша қаражаттарының есебіне ұқсас жүргізіледі.

Кәсіпорындардың кассасындағы ақшаларын есептейтін шоттар бойынша жүргізілетін операциялар кредиті бойынша нөмірі бірінші журнал-ордерде, ал дебиті бойынша осы журнал-ордердің тізімдемесінде жүргізіледі.

Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің ақшаларын сақтау үшін өздері қалаған банк мекемелерінен есеп айырысу шотын ашулары тиіс. Кез келген кәсіпорындар үшін әрбір банк мекемесінен бір ғана есеп айырысу шотын ашуына болады.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың бағамдық айырмашылықтан алатын табысы «Бағамдық айырмашылықтан алынатын табыс» деп аталатын шотта, ал бағамдық айырмашылықтан шеккен шығыны «Бағамдық айырмашылық бойынша шығын» деп аталатын шотта есептелінеді. Бағамдық (курстық) айырма кәсіпорындар мен ұйымдар үшін оң (жағымды) нәтижелі болған жағдайда кәсіпорындардың бухгалтериясында:

Д-т: Валюталық шоттағы ақшалар

К-т: Бағамдық айырмашылықтан алынатын табыс корреспонденциясы жазылатын болса, бағамдық (курстық) айырма кәсіпорындар үшін теріс (жағымсыз) нәтижелі болған жағдайда:

Д-т: Бағамдық айырмашылық бойынша шығын

К-т: Валюталық шоттағы ақшалар түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

Меншік түріне қарамастан барлық шетел ақша бірлігімен (валютамен) операциялар жасайтын кәсіпорындар мен ұйымдар тиісті органдарға (үлгілі түрі №1-валюта) валюталық қорлардың қозғалысы жайлы (туралы) есеп беріп отыруы тиіс.

Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің ақшаларын сақтау үшін банк мекемесінен арнаулы шот ашуына болады. Бұл шотта ашылған аккредитивтердегі ақшалар, чек кітапшаларындағы ақшалар, банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалар және басқадай шоттардағы (вексельден басқа) ақшалар есептеледі.

Банктердегі арнайы шоттардағы ақшалар шоты бойынша жүргізілетін операциялар

кесте-2.1.2.






Операциялар мазмұны

Дебет

Кредит

1

2

3

4

1

Ақшалар бойынша ашылған аккредитивтер

1070

1040,1050

2

Банк несиесі есебінен қойылған аккредитивтер

1070

3010

3

Ашылған аккредитивтер арқылы жабдықтаушыларға жіберген тауарларының және материалдарының құны төленді.

3310

1070

4

Ашылған аккредитивтің пайдаланылмай қалған сомасы есеп айырысу шотына қайтарылды.

1040

1070


Жолдағы ақшалар шоты бойынша жүргізілетін операциялар

кесте-2.1.3





Операциялар

Дебет

Кредит

1

Кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу шотына әзірге келіп түспеген есеп беруге тиісті адамның (банк, пошта тағы да басқа мекемелер арқылы) төлеген ақшалары

1030

1250

2

Сатып алушылар төлеген, бірақ есеп беретін уақытқа дейін кәсіпорынға келіп түспеген сома

1040

1210

3

Кәсіпорынның есеп айырысу шотына жолдағы деп есептелген ақшалары кіріс етілді

1040

1030



2.2. Қысқа мерзімді дебиторлық берешектер мен қорлар есебі

Дебиторлық берешектер – бұл басқа заңды тұлғалардың немесе жеке азаматтардың шаруашылыққа берешек қарыздары. Дебиторлық борыштар шаруашылықтың ішінде және сыртқы заңды тұлғалармен және жеке азаматтармен де пайда болады. Есептеу әдісін қолданып, қолма-қол емес есеп айырысу операциялары кезінде дебиторлық борыштардың пайда болуы заңды құбылыс болып табылады.


Дебиторлық берешектердің операциялары бойынша шоттар корреспонденциясын келтіреміз

кесте-2.2.1.




Рет

Шаруашылық

Шоттар корреспонденциясы

дебет

кредит

1

Тауарлар, жұмыстар, қызметтер сатылды: - ҚҚСсомасына (14%)

7010,2110

(801,301)



8010,1330,3130,6010,

(900,222,701,633)



2

Сатылған тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге вексель алынды

1130

(302)


2110

(301)


3

Алынуға тиесілі, марапаттау сомасы есептелінді

1270(332)

4420(611)

Бұл мәліметтерді берілген вексель мәліметтерімен салыстыруға болады




4



Ай сайынғы марапаттау сомасы табыс сомасы ретінде танылады

(611) 3520

(724) 6120

5

Мерзімі жеткеннен кейін вексельдің де, марапаттаудың да сомасы өтелді

(441) 1040

(302,332) 1130,1270

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары, сату үшін сатып алған тауарларды, сатып алған бірақ әзірге ұйымға келіп түспеген тауарлары (жолдағы тауарлар), аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау, және қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектерді, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдары сол ұйымның тауарлық-материалдық қоры түріндегі ағымдағы активі болып табылады.

Олардың өндіріс құралдарынан өзге еңбек заттар өндірісте пайдаланған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады. Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнының көп бөлігі еңбек заттарының құнынан тұрады. Сонымен қатар еңбек заттары қор болып табылады.

Материалдарды есептеудің негізгі міндеттері:

1. Дайындалған, келіп түскен және өндіріске немесе сыртқа босатылған материалдарды уақытында есептеп, кіріске алу немесе есептен шығару.

2. Материалдардың қоймада және тасымалдау кезінде түгел сақталуын бақылау.

3. Материалдық қорлар қалдығының белгіленген мөлшерден артып немесе төмендеп кетпеуін бақылау.

4. Материалдарды өндірісте пайдаланған кезде олардың техникалық жолмен анықталған мөлшерін және тұтыну мөлшерінің қорын анықтау.

5. Материалдардың өндірісте ұтымды пайдаланылуын бақылау.

6. Дайындалған материалдардың өзіндік құнын ақтап және олардың жоспарлы есептеу бағасынан айырмашылығын тауып, пайдаланылған материалдар құнын әр объектінің шығынына қосу. Жақсы және дұрыс ұйымдастырылған есеп материалдардың түгел сақталуына, үнемді пайдалануына көмегін тигізеді. Материалдардың түгел және дұрыс сақталуы, сондай-ақ ұтымды пайдалануы, жұмсалуы үшін алдын ала мыналарды жасау қажет:


● Тиісті түрде жабдықталған материалдық-қорларды сақтайтын қойма немесе бөлме болуы қажет және бөлмелердің әрқайсысы материалдардың белгілі бір түрін сақтауға арналған болуы керек;

● Материалдар қойманың әр бөлігінде өздерінің түрлері, сорттары, өлшемдері бойынша керекті кезеңде тез алуға және босатқаннан кейінгі кезде қалдығын тексеруге қамтамасыз ететіндей етіп орналастырылуы керек.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың әкімшілігі материалдарды сақтайтын жерді таразымен, өлшеу аспаптарымен және ыдыстармен жабдықтап және оларды жиі тексеріп, дұрыстығын қадағалап отыру керек. Ұйымның басшысы материалдарды қабылдайтын және босататын адамдардың топтарын белгілеп, олармен материалдарға жауапкершілік туралы шарт жасайды. Сондай-ақ кәсіпорын басшысы материалдарға жауапты адамдарды жұмысқа алу, жұмыстан босату барысында ұйымның бас бухгалтерімен алдын ала келісіп отыруы қажет. Материалдарды кіріске алу және қоймадан бастау құжаттарына қол қою құқығына ие болған қызмет иелерінің тізімін белгілеу кәсіпорын басшысының немесе ол сенім білдірген адамның жұмысы болып табылады.

Материалдардың есебін дұрыс және ұғымды ұйымдастыру үшін мыналар керек:

● Материалдардың бірыңғай номенклатурасы мен жоспары есеп айырысу бағасын белгілеу;

● Құжат айналымының дәл жүйесін белгілеу және материалдарды есепке алу мен есептен шығару операцияларының тәртібін сақтау;

● Бірыңғайланған алғашқы есеп құжаттары нысандарының түрлерін белгілеу және олармен ұйымның барлық бөлімін қамтамасыз ету.

Сонымен қатар материалдарды алдағы уақыттарда пайдалану үшін өндіріске босату және басқа жаққа берілетін мөлшерін белгілеп, оларды жетілдіріп отыру керек. Белгіленген тәртіп бойынша материалдардың қалдығын жаппай түгендеу, бақылау арқылы тексеріп және олардың нәтижесін дер кезінде есепке алып отыру қажет.

Еңбек заттары біртекті емес. Олардың бір-бірінен өндірісте атқаратын міндеттеріне қарай, сондай-ақ физикалық және химиялық қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары бар. Сондықтан да материалдар есебінен дұрыс ұйымдастырудың ең басты мәселесі – оларға экономикалық жағынан дәлелденген жіктеу жасау болып табылады. Өздерінің өзгешеліктері мен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай материалдар:


    • шикізат;

    • негізгі материал;

    • көмекші материал;

    • жартылай фабрикат және тағы да басқалар болып бөлінеді.

Негізгі материалдар мен шикізаттар өндірілетін өнімнің құрамына кіріп оның материалдық негізін жасайды.

Негізгі материалдардың қатарына өнімнің өзіндік құнын құрайтын өндеуші өнеркәсіп өнімдері – ұн, мата, кірпіш және тағы да басқалар жатады.

Өндірістік үдерістің бір сатысынан өтіп әрі қарай өндеуді қажет ететін материалдар жартылай фабрикаттар деп аталады. Материалдардың бұл түрін әрі қарай өндеу арқылы дайын бұйымдар алынады. Олардың аяқталмаған өнімнен айырмашылығы, оны сол күйінде сатуға болады. Бұндай жағдайда жартылай фабрикатты сатып алған ұйымдар оны әрі қарай өндейді. Сондықтан да әрі қарай өндеуге арналған ұйымның өзінің өндірген немесе басқалардан сатып алған заттары еңбек заттарының қатарында есептеледі. Жартылай фабрикаттар қатарына құрылыс ұйымдарында – бетон және ағаш бұйымдарын, металлургияда – шойын мен болатты жатқызуға болады.

Көмекші материалдарға - әр түрлі химикаттар мен майланатын, сүртетін және жөндеуге керекті басқа да материалдар жатады. Көмекші материалдардан өзгешелігі, олар өнімнің материалдық негізін құрамайды. Олар өндіріс үдерісінде қолданылуы барысында негізгі материалдарға өзінің қандайда бір тиісті әсерін тигізіп, негізгі материалдың түсін тағы да басқа жақтарын өзгертеді. Материалдың бұл түріне бояуларды, әктерді (известь) жатқызуға болады.

Материалдық қорлардың ішінде бөлек топ болып отындар, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдарды және тағы да басқалар есептеледі. Отындар тобына техникалық мақсатта энергия өндіруге, үй – жайларды жылытуға жылытуға райдаланатын материалдардың барлық түрі жатады.

Қорлардың есебі қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты №2 «Қорлар» негізінде жүргізіледі.

Қорлар – бұл активтер:


    • қарапайым шаруашылық жүзінде сатуға арналған;

    • мұндай сатуға өндіру процесінде;

    • өндірістік процесте немесе қызмет көрсетуде қолдануға арналған шикізат немесе материалдар түрінде.

Таза сату құнының мүмкіндігі дегеніміз – бұл қарапайым шаруашылық түріндегі есепті сату құны, бұған жетілдіру шығындары мен активті сату бойынша шығындарды есептеу кірмейді.
Салыстырмалы кесте кесте-2.2.2.

Р/с



Шоттар

(ХҚЕС)


Шоттың атауы

Талдама

Шоттар

(ҚБЕС)


1

2

3

4

5

1

1310

Қорлар

Шикізат және материалдар



-сақтау орындары

бойынша


201

2

1311

Сатып алынатын жартылай фабрикаттар және жиынтықтаушы бұйымдар

-сақтау орындары

бойынша


202










кесте 2.2.2.жалғасы

3

1312

Отын

-сақтау орындары

бойынша


203

4

1313

Ыдыс және ыдыстық материалдар

-сақтау орындары

бойынша


204

5

1314

Қосалқы бөлшектер

-сақтау орындары

бойынша


205

6

1315

Өзге материалдар

-сақтау орындары

бойынша


206

7

1316

Ұқсатуға берілген материалдар

-сақтау орындары

бойынша


207

8

1317

Құрылыс материалдары және басқалар

-сақтау орындары

бойынша


208

9

1330

Тауарлар

-сақтау орындары

бойынша


222,223

10

1340

Аяқталмаған өндіріс

-тапсырыстар,

объектілер бойынша



211-213

11

1360

Қорларды есептен шығару бойынша резерв








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет