Дипломдық ЖҰмыс тақырып «Қысқа және ұзақ мерзімді активтердің есебі мен талдауы» «Қаржы және Есеп»



бет4/7
Дата17.06.2016
өлшемі0.83 Mb.
#141477
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7

Шикізаттар мен материалдар шотында өндірілетін өнімнің құрамына кіріп, оның негізін жасайтын немесе өнімді дайындағанда оның керекті құрастырушысы болып табылатын шикізаттар мен негізгі материалдардың, өнім өндіруге қатысатын немесе шаруашылық қызметіне сондай – ақ техникалық мақсатқа пайдаланатын, өнім өндіру үдерісінде әсер ететін материалдардың ұйымдардағы есебі, олардың кіріске алынуы мен шығыс етілуі есептеледі.

Сатылып алынған жартылай фабрикаттар шотында өндіріліп шығарылатын өнімді жинақтау үшін сатылып алынған өңдеу және жинақтауды керек ететін жартылай фабрикаттардың, жинақтауыш бұйымдардың, бөлшектердің кәсіпорындағы есебі жүргізіледі.

Ыдыс және ыдыстық материалдар шотында ұйымдағы ыдыс және ыдыстық материалдардың барлық түрлерінің (шаруашылық құралы ретінде пайдаланылатындардан басқасы), сондай – ақ ыдыстарды өндіріп (жасап) шығаруға, оларды жөндеуге арналған материалдар мен бөлшектердің кіріске алынуы мен шығыс етілу есебі жүргізіледі. Жабдықтаушы, өткізуші немесе саудамен айналысатын кәсіпорындар тауарлар салынған ыдыстарды «Сатылып алынған тауарлар» шотында есептейді.

Қосалқы бөлшектер деп аталатын шотта ұйымның пайдаланудағы машиналар мен жабдықтарды, тасымалдау құралдарын және тағы сол сияқтыларды жөндеуге, мүжілген жерлерін ауыстыруға арналған қосалқы бөлшектердің кірісі мен шығысы және қалдығы есептеледі.

Басқадай материалдар деп аталатын шотта өндіріс қалдықтары, түзелмейтін өндіріс ақаулары, ұйымның өзінде материал, отын немесе қосалқы бөлшек ретінде пайдалануға жарамайтын есептен шығарылған негізгі құралдарды бұзғаннан алынған материалдардың, металл сынықтарының есебі жүргізіледі. Сонымен қатар бұл шотта ауыл шаруашылық кәсіпорындары өз өндірісіне қажетті тұқымдарды, отырғызылатын көшеттерді, мал азығын дайындаудағы тыңайтқыштарды, ауыл шаруашылық дақылдарын дайындауда зиянын тигізетін жәндіктермен күресу үшін пайдаланатын улы химикаттар мен дәрі-дәрмек және тағы да басқа материалдарды есептейді.

Өңдеуге берілген материалдар шотында қайта өңдеу үшін басқа ұйымдарға берілген, келешекте өңдеуден алынған бұйымның өзіндік құнының құрамына кіретін материалдар есептеледі.

Құрылыс материалдарды атты шотта тікелей құрылыс салуға және монтаж жұмыстарына, сондай – ақ құрылыс бөлшектерін дайындауға пайдаланатын материалдар және құрылыс қажетіне басқадай материалдар есептеледі.

Материалдар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін материалдардың номенклатуралық тізімі мен баға көрсеткішін дайындаған дұрыс.

Материалдардың номенклатурасы деп өндірісте пайдаланылатын материалдардың белгілі бір түрлеріне олардың аты, сапасы, мөлшері тағы да басқа көрсеткіштері бойынша жасалған жіктеу тізімін атайды. Номенклатуралық тізімінде әр материалдардың дұрыс аты, оған берілген нөмірі мен өлшем бірлігі көрсетіледі. Сонымен қатар номенклатуралық тізімде әрбір материалдардың бухгалтерлік есепте есептелетін бағасы көрсетіледі. Сондықтан номенклатуралық тізімді номенклатуралық баға көрсеткіші деп те атайды. Кәсіпорындар мен ұйымдарда пайдаланатын материалдар номенклатуралық тізімде, әдетте белгілі өздерінің топтары бойынша және ішкі топтары аттары, сапалары немесе мөлшерлері бойынша жіктеліп көрсетілуі тиіс. Әрбір топқа тиісті сан жүйесі яғни шифр белгіленеді. Шифр жүйесіндегі сандық белгілер саны әрбір топқа жататын материалдар санына байланысты. Материалдарға берілген шифрлар бұл материалдар жазылған алғашқы құжаттарда, есеп тіркелімдерінде және әр түрлі кестелерде (таблицаларда) көрсетілетін болғандықтан, есеп қызметінің жұмысын жетілдіру үшін сан жүйесінің (шифрлары) және оның цифрларының аз болуы ыңғайлы әрі дұрыс болады. Материалдарға шифрлар тағайындалғанда сол шифрдан материалдың қай шотқа, сондай – ақ қандай аралық шотқа жататынын көрсететіндей етіп тағайындау керек.

Кәсіпорындағы материалдық-қорларды түгендеу нәтижесі бухгалтерлік есепте түгендеудің біткен айында көрсетілуі тиіс. Кем шыққан және бүлінген материалдардың құны кінәлі адамнан қағида бойынша бөлшек сауда бағасымен өндіріледі.
Тауарлық-материалдық қорлар шоты бойынша жүргізілетін операциялар

кесте-2.2.3





Операциялар мазмұны

Дебиттелетін

шот

Кредиттелетін

шот

1

2

3

4

1

Жабдықтаушылар мен жеткізушілерден келген материалдар есеп айырысу құжатының келгеніне қарамастан кіріске алынады. Құны төленіп, ай соңында жолда қалған немесе жабдықтаушы қоймасынан әлі алынбаған материалдар ай аяғындақоймаға кіріске алынбай көрсетіледі. Келесі айдың басында бұл сома сторно етіледі. Төленген сома материалды құндылықтарды алғанға дейін алашақ борыш болып саналады.

20-шы бас шот (1310)



671 (3310)



2

Сатылып алынған материалдардың құны кассадан (қолма-қол ақшамен) төленеді

201-206

(1310-1340)



451,452

(1010,1020)



3

Есеп беруге тиісті тұлғалар арқылы сатылып алынған материалдық құндылықтардың құны

201-206

(1310-1340)



333

(1250)


4

Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан өтеусіз (тегін) келіп түскен материал

201-206

(1310-1340)



727

(6280)







кесте-2.2.3.

5

Негізгі құралды бұзғаннан, істен шығарғаннан алынған

материалдық емес



201-206

(1310-1340)



722 (6210)

6

Кәсіпорындар мен ұйымдардың өз өндірісінде өндіріліп, дайындалып өз қажетіне пайдалануға арналған материалдарды кіріске алу

(1310-1340)

201-208


8030 (920)

7

Алынған материалдар және олар үшін кеткен шығындар арнайы банктердегі шоттардан төленеді.

(1310-1340)

201-206


(1070)

421-423


8

Пайдалануға болатын өндірістік ақаулардан алынған материалдарды кіріске алу

201-208

(1310-1340)



900 (8010)

9

Түгендеу кезінде артық шыққан материалдарды кіріске алу

201-206,208

(1310-1340)



727 (6280)

10

Еншілес және тәуелді серіктестіктермен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардан келіп түскен кіріске алынған материалдар

201-206,208

(1310-1340)



641-643

11

Материалдық құндылықтарды дайындайтын жұмыскерлерге есептелінген еңбекақы

201-206

681 (3350)

12

Өндіріс пен шаруашылыққа пайдалану үшін жіберілген материалдар:

-негізгі өндіріске;

-қосалқы өндіріске;

-цехқа (үстеме шығын);

-ұйымның әкімшілік шығындарына.


901 (8011)

921 (8031)

931 (8041)

821 (7210)



1310

13

Салынып жатқан (аяқталмаған) құрылысқа жіберу мақсатымен есептен шығарылған материалдар

126 (2718)

201-206,208

(1310-1340)



14

Өндірістік ақауды жөндеу үшін есептен шығарылған материалдар

901 (8011)

921 (8031)



201-206

(1310-1340)



15

Түгендеу барысында бүлінген және жетпей қалған материалдарды есептеп шығару

821 (7210)

201-206,208

(1310-1340)



16

Басқа ұйымға әрі қарай жөндеуге берілген материалдар

207 (1316)

201-206

(1310-1340)



17

Кәсіпорындар мен ұйымдардың жөндеуге берілген материалдар

201-206

(1310-1340)



207 (1316)

18

Жөндеуден алынған материалдар үшін есептелінген (төленеілетін) сома

201-206

(1310-1340)



671 (3310)

687 (3370)



19

Сатылған, есептен шығарылған материалдық құндылықтардың нақты өзіндік құны

845 (7450)

201-206

(1310-1340)



20

Түгендеу барысында жоқ болған табиғи кему мөлшерінен артық кем шыққан материалдарға жауапты адам табылмаған жағдайда

821 (7210)

201-206

(1310-1340)



21

Түгендеу барысында жоқ болған материалдарға жауапты адам табылып, ол адамның төлеуге тиісті есептелінген сомасы

333

(1250)


201-206

(1310-1340)



22

Басқа заңды тұлғаларға, кәсіпорындар мен ұйымдарға немесе жеке адамдарға қайтарымсыз берілген материалдар

845

(7450)


201-206

(1310-1340)



23

Ақау немесе басқа да себептерге байланысты жабдықтаушыларға қайтарылған материалдар:

• жабдықтаушылардың шоты төленгенге дейін;

• жабдықтаушылардың шоты төленгеннен кейін.


671 (3310)

334 (1410)



201-206,208

(1310-1340)




2.3. Ұзақ мерзімді активтер есебі

«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының №234-III заңына сәйкес ұзақ және қысқа мерзімді активтер есебін ұйымдастырады. Және де қаржылық есеп беру халықаралық №38 «Материалдық емес активтер», №16 «Негізгі құралдар», Бухгалтерлік есеп №6 «Негізгі құралдар», №28 «Материалдық емес активтер» деп аталатын стандарттар негізінде есепті жүргізеді.

Ұзақ мерзімді активтер деп – кәсіпорынның шаруашылық қызметінде бір жылдан артық мерзімге пайдаланылатын және қайта сатып-өткізуге жатпайтын құралдарды айтады. Егер қандай да бір құндылықтар қайта сатып-өткізуге арналған болса, оларды тауарлы-материалдық босалқыларға, яғни айналым құралдарына жатқызу қажет. Ұзақ мерзімді активтерге: Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар, ұзақ мерзімді дебиторлық берешек, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер, өзге ұзақ мерзімді активтер жатады.

Мысалы, сатып-өткізу үшін жасалынған жазу столы оны жасаушы кәсіпорын үшін айналым құралы болып табылады, ал оны өзінің шаруашылық қызметіне пайдалану үшін сатып алған кәсіпорынның негізгі құралдарының бір бөлігін құрайды.

Ұзақ мерзімді активтерді мынадай категорияларға жіктеуге болады:

● Материалдық активтер (негізгі құралдар, табиғи ресурстар)

Материалдық емес активтер.

Материалдық активтердің табиғи натуралдық нысаны бар. Мысалы, оларға жерді жатқызуға болады. Жердің пайдалану мерзімі шексіз болғандықтан, оған амортизация (тозу) есептелінбейді. Ғимараттар, құрал-жабдықтар, құрылғылар амортизациялауға жатады, яғни пайдалану мерзімі ішінде олардың құнын бөліп-тарату үшін тозу есептелінеді. Тозудың есебі бағалау процессі емес, бөліп тарату процессі болып табылатындығын есте сақтау қажет. Бұл мәселелердің барлығы осы тауардың келесі параграфында егжей-тегжейлі қарастырылады.



Шоттар жұмыс жоспарынан үзінді

кесте-2.3.1.



2010

Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар

Ұзақ мерзімді қаржылық қарыздар



2020

Өтеуге дейін ұсталатын ұзақ мерзімді инвестициялар

2040

Өзге ұзақ мерзімді қаржылық активтер

2110

Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек

Сатып алушылар мен тапсырушылардың ұзақ мерзімді берешегі



2150

Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі

2160

Жалдау бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек

2170

Алуға арналған ұзақ мерзімді сыйақылар

2180

Өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек

2310

Жылжымайтын мүлікке инвестициялар

Жылжымайтын мүлікке инвестициялар



2320

Инвестициялардың амортизациясы және құнсыздануы

2410

Негізгі құралдар

2411

Жер

2412

Ғимараттар

2413

Машиналар мен жабдықтар

2414

Көлік құралдары

2415

Компьютерлер, перифериалық қондырғалар және деректі өңдеу жөніндегі жабдық

2416

Кеңсе жиһазы

2417

Өндірістік құрал-саймандар мен керек-жарақтар

2420

Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы

2421

Тозуы

2422

Ғимараттардың құнсыздануы

2423

Машиналар мен жабдықтардың тозуы

2424

Машиналар мен жабдықтардың құнсыздануы

2425

Көлік құралдарының тозуы

2426

Көлік құралдарының құнсыздануы

2427

Компьютерлер мен перифериалық қондырғылардың тозуы

2428

Кеңсе жиһазының тозуы

2429

Өндірістік құрал-саймандар мен керек-жарақтардың тозуы

2730

Материалдық емес активтер

Өзге материалдық емес активтер



2740

Өзге материалдық емес активтердің тозуы

2741

Өзге материалдық емес активтердің құнсыздануы

2810

Корпорациялық табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық активтер

2910

Өзге ұзақ мерзімді активтер

Берілген ұзақ мерзімді аванстар



2920

Алдағы кезеңдердің шығыстары

2930

Алынбаған құрылыс

2940

Өзге ұзақ мерзімді активтер

Бухгалтерлік есептің 28 «Матреиалдық емес активтердің есебі» стандарттарына сәйкес материалдық емес актив осы анықтамаға және төмендегі талаптарға сай келгенде ғана актив ретінде танылады (есепке алынады):

● Егер субъектінің келешекте тікелей осы объектіге байланысты экономикалық пайда табуының ықтималдығы жоғары болса;

● Егер активтің құны дұрыс анықталса.

Егер де материалдық емес активтің келешек экономикалық табыстың көбеюіндегі рөлі анықталған болса, активтің бұл түрін субъектінің пайдалану қабілеті және ниеті бар болса, сондай-ақ субъектіге келешек экономикалық табыс алуға мүмкіндік беретін техникалық, қаржы және басқа да ресурстары бар болса, ондай жағдайларда бұл материалдық емес актив пен тікелей байланысты келешек экономикалық табыстар алынады.

Материалдық емес активтерге ғылыми, әдеби, көркем шығармаларға және шектес құқықтар объектілеріне, электрондық есептеу машиналарының бағдарламаларына және тағы басқаларға авторлық басқа келісім-шарттардан туындайтын құқықтар, патенттер, өндірістік үлгілер, белгілері (таңбалары), лицензиялық келісімдер, ноу-хау, ұйымдастыру шығындары, гудвилл (фирма бағасы), жекелеген табиғи объектілерді (жер учаскелерін, табиғат ресурстарын, су, қазба байлықтар және т.б.) пайдалану құқықтары жатады.

Төменде материалдық емес активтердің кейбір түрлерінің анықтамасын келтіремін.

Авторлық куәлік (құқық) – ғылыми туындыны, әдеби, музыкалық шығарманы, көркем туындыны басуға, шығаруға, орындауға және басқадай пайдалануға құқық береді.

Патент – оны иеленушіге заңмен белгіленген мерзім ішінде өнімдерді немесе процестерді пайдалануға, өндіруге және сатып-өткізуге құқық береді. Патент авторға не болмаса автордың көрсетуімен жеке немесе заңды тұлғаға беріледі. Өндіріс, сауда немесе кәсіп ету құқықтарына патент берілген кезде патенттік алым есептелінеді.

Өндірістік үлгілерге берілетін құқық өнімнің сыртқы түрін айқындайтын көркемдік және конструкторлық шешімдерді (дизайнды) қолдануға ерекше құқық береді.

Тауар белгілері (таңбалары) – белгілі бір субъектінің өндірістік өнімдерін немесе көрсететін қызметтерін басқа субъектілердегі біртекті тауарлар мен қызметтерден айыру үшін қолданылатын белгілер. Тауар белгісі оны иемденуші кәсіпорынға өндіретін өнімдері мен көрсететін қызметін сол таңбамен белгілеу үшін ерекше құқық береді. Әдетте, тауар белгісі өндірістік немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы заңды тұлғаның атына тіркеледі.

Лицензиялық келісімдер – патент иесінің өзінің контрагентіне патенттік құқықтарының белгілі бір пайдалануға, қандай да бір өнімдерді сатып-өткізуге ерекше құқығы үшін лицензия беруіне байланысты жасалынатын келісім-шарт. Яғни, лицензиялық келісімдерге лицензиялық келісім-шартпне өндірістік меншік объектісінің өзі емес тек оны пайдалану құқығы беріледі.

Өндірістік меншік объектісін пайдалану құқығын лицензиат белгілі бір мөлшерде төлем жасау арқылы сатып алады. Лицензиялық төлем-заңды немесе жеке тұлғаның меншік иесіне немесе бір нәрсені жасаушыға осы меншікті коммерциялық мақсаттарға пайдалану құқығы үшін жасайтын төлемі.

Бағдарламалық жабдықтауға электрондық есептеу машиналарына арналған бағдарламаларға авторлық құқықтар жатады. Бағдарламаға авторлық құқықпен жеке тұлға болып табылатын авторлық шығармашылық қызметінің нәтижесі бекітіледі. Материалдық емес активтердің бұл тобына мүліктік құқығы авторлық келісім-шартпен рәсімделген бағдарламалық өнімдерді жатқызу керек. Бағдарламалардың сауда орындарынан немесе таратушылардан сатылып алынған (дискеттегі) данасына шығарылған шығындар және оларды орнатуға байланысты шығындар материалдық емес активтер құрамына есепке алынбайды, ондай шығындар кезеңдік шығындарға жатады.

Мүліктік авторлық құқық авторлық келісім-шарт жасау арқылы тапсырылады, сондықтан материалдық емес активтердің бұл түрін есепке алу келісім-шартпен расталуға тиісті.

Ноу-хау – субъектінің практикалық (тәжірибелік) қызметінде пайдаланылатын, бірақ әлі жалпы игілікке айналмаған ғылыми, техникалық, өндірістік, коммерциялық немесе басқадай сипаттағы әртүрлі білімдердің жиынтығы. Көп жағдайда ноу-хауды субъектінің құрылтайшылары мен қатысушылары оның жарғылық капиталына қосқан үлес ретінде береді.

Гудвилл (фирма бағасы) – фирманың іскерлік репутациясы. Фирма бағасы жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды тұтасымен немесе оның құрылымдық бөлімшесін сатып алғанда пайда болады. Әдетте мұндай кәсіпорындар активтерінің баланстық құнымен емес нарықтық құнымен сатылып алынады. Нарықтың құн деңгейі кәсіпорынның табыстылығымен, өндіретін өнімнің базардағы мәртебесімен, салық төлеудегі жеңілдіктермен, басқару персоналының және қатардағы мамандардың квалификациялық деңгейімен және басқа да факторлармен байланысты болады. Кәсіпорынның сатып алу бағасының оның барлық активтерінің баланстық құнынан асып түскен айырмасы-фирма бағасы болып табылады.

Ұйымдастыру шығындары – субъектінің құрылуымен байланысты (мемлекеттік тіркеуден өту сәтіне дейінгі) шығындар. Ұйымдастыру шығындарына тіркеуден өту үшін қажетті құжаттарды дайындау шығындары; құжаттарды дайындау және тіркеуден өткізу процесіндегі кеңесші қызметінің төлемі бойынша шығындар; мемлекеттік тіркеуден өту үшін төленетін төлемдер; субъектінің шаруашылық қызметінің қандай болмасын түрлеріне әртүрлі рұқсаттар алу үшін төленетін алымдар; акциялар шығару бойынша шығындар; міндетті ұйымдастыру төлемдері (құжаттарды нотариалдық растау, мөрлерді, штамптарды дайындау, банкте шот ашу, құрылтай құжаттарын көбейтіп алу және тағы басқалар); басқадай шығындар жатады.


Бухгалтерлік есептің 16 «Негізгі құралдар» деп аталатын халықаралық қаржылық есеп беру стандартына сәйкес негізгі құралдар дегеніміз – кәсіпорында өнім өндіру, тауарларды тасымалдау немесе қызмет көрсету үшін, басқа кәсіпорынға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланылатын және бір кезеңнен (бір жылдан) артық мерзім ішінде пайдаланылады деп болжанатын материалдық активтер.

Негізгі құралдарға қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптар мен қондырғылар, есептеу машиналары мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық екпе ағаштар, шаруашылықтың ішкі жолы, тағыда басқалар жатқызылады.

Негізгі құралдар объектісі төмендегі шарттарға сай келгенде ғана актив ретінде танылуға (есепке алынуға) тиісті:

● егер кәсіпорынның активпен байланысты келешек экономикалық пайда алатындығына аса үлкен ықтималдықпен сендіру мүмкін болса;

● егер кәсіпорын үшін активтің өзіндік (бастапқы) құнын сенімді түрде бағалау мүмкін болса.

Негізгі құралдар есебін ойдағыдай жүргізу үшін алдымен оларды жүйелеп топтастыру қажет. Бұл жүйелеп топтастырудың экономиканың барлық салаларында бірыңғай болғаны жөн.

Барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар – деп өндіріске қызмет ететін, яғни пайдаланылатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әртүрлі станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары жатқызылады. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар жатқызылады. Оларға тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар тағы да басқа негізгі құралдар жатады. Экономиканың салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық – техникалық жабдықтау және сату-өткізу кәсіпорындары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылыми және білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағыда басқа салалар бойынша топтастырылады.

Негізгі құралдарды экономиканың салаларына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түрінде жататындығы негізге алынады.

Егер шаруашылық субъектідегі негізгі құралдардың бәрі тек қана субъектінің негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет көрсететін болса, онда бұл субъектідегі негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол шаруашылық субъектінің атқаратын қызметі саласындағы топқа жатқызылады.

Мысалы: өнеркәсіптік шаруашылық субъектісіндегі өнеркәсіп өнімдерін өндіру процесіне тікелей байланысты негізгі құралдардың барлығы өнеркәсіп саласына жатқызылады.

Егер кәсіпорынның балансында оның негізгі қызметінен басқа салаларында қызмет атқаратын өндірістері мен бөлімшелері болса, онда осы бөлімшелер мен өндірістің атқаратын қызметтерінің сипатына сәйкес келетін экономика саласы қызметі түріндегі топқа жатқызылады.

Негізгі құралдар пайдалану мақсатында және атқаратын міндетті қызметіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:



  1. Жер (кәсіпорында пайдаланылатын барлық жер);

  2. Өндірістік ғимараттар мен құрылғылар (астық қоймасы, мал қоралары, мұнай қоймалары, автомобиль гараждары, мал азығын сүрлейтін аралар, суландыру жүйелері, кең қоймалары);

  3. Машиналар мен жабдықтар, өткізгіш тетіктер (тракторлар, күш бергіш қондырғылар, электр двигательдер, бумен жұмыс істейтін двигательдер, топырақ өңдейтін, егін салатын, тұқым себетін және егін жинайтын машиналар мен құралдар, жем-шөп әзірлейтін машиналар, мал фермасының жабдықтары, электр жүйелері, жылу энергиясын немесе газ тәрізді заттарды өткізуге арналған құралдар, телефон және радио жүйелер);

  4. Көлік құралдар (автокөліктердің барлық түрлері, автоприцептер, қайық және катерлер, мотоциклдер, велосипедтер, арба және шаналар);

  5. Басқадай негізгі құралдар (құрал-саймандар, шаруашылық құрал-жабдықтар, өндірістік құрал-жабдықтар, өнім малы, көпжылдық екпе ағаштар, тағы басқалар).

Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай меншікті, яғни кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып екіге бөлінеді. Қазіргі кезде пайдалану барысында қарай негізгі құралдар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған – деп үш топқа бөлінеді.

Жұмыс істейтіндерге өндіріс процесіндегі, яғни қолданыстағы негізгі құралдар жатады.

Жұмыс істемейтін негізгі құралдардың қатарына тоқтатылып қойылған, белгілі себептермен басқада жаққа әзірге берілмеген басы артық жабдықтар жатқызылады.

Сақтауда тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни алдағы уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты есептен шығатын негізгі құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар жатқызылады.


Кәсіпорындарда негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды бағалау қағидалары үлкен рөл атқарады.

Бухгалтерлік есептің жоғарыда аталған халықаралық стандартында негізгі құралдарды бағалаудың мынадай түрлері белгіленген: өзіндік (бастапқы) құн, жойылу құны, амортизацияланушы (тозушы) құн, әділетті (сатып-өткізу) құн, баланстық құн.

Өзіндік құн – төленген ақша қаражаттарының немесе ақша қаражаттарының эквиваленттері не болмаса активті сатып алу немесе салу сәтінде оны алуға берілген басқадай төлемдер әділетті құны.

Амортизациялық құн – жойылу құнын алып тастағаннан кейінгі активтің өзіндік құны немесе өзіндік құнының орнына қаржылық қорытынды есепте көрсетілетін басқа сома.

Жойылу құны – негізгі құралдардың тиімді қызмет ету мерзімінің аяғындағы оны кәсіпорыннан шығаруға байланысты жұмсалатын шығындарды алып тастағаннан кейінгі алынады деп күтілетін таза сома.

Әділетті құн – бір-бірінен жақсы хабардар тәуелсіз жақтардың арасында операцияны жүзеге асыру кезінде активті айырбастауға болатын сома.

Құнды төмендетуден шеккен зиян – активтің (негізгі құралдың) баланстық құнының оның төленген құнынан артық сомасы.

Баланстық құны – жинақталған тозу мен құнды төмендетуден шеккен зиянды алып тастағаннан кейінгі актив (негізгі құралдар) баланста есепке алынатын сома.

Бухгалтерлік есептің 16-ші «Негізгі құралдар» деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес актив ретінде танылуы (есепке алыну) мүмкін негізгі құралдар объектісі ең алғаш өзіндік (бастапқы) құны бойынша бағалануға тиісті.

Негізгі құралдар объектісінің өзіндік (бастапқы) құнына сатып алу бағасы, оның ішінде импорттық алым, сатып алуға байланысты орны толтырылмайтын салықтар, сондай-ақ активті белгілі бір мақсатқа пайдалану үшін оны жұмыс істейтін жағдайда жеткізуге байланысты тікелей шығындар кіреді; сатып алу бағасын анықтау кезінде кез-келген сауда жеңілдіктері алынып тасталынады.

Тікелей шығындарға төмендегідей шығындар жатады:

● Алаңды (құрылыс жүргізуге арналған участокты) дайындау шығындары;

● Тасымалдау және түсірумен байланысты бастапқы шығындар;

● Орнатуға байланысты шығындар;

● Архитектуралардың және инженерлердің жұмыстары сияқты кәсіби қызмет көрсетудің құны;

Кәсіпорынның өзінде шығарылған (жасалынған) негізгі құралдардың құны активтерді сатып алу кезіндегі қағидалардың негізінде анықталады. Егер кәсіпорын тура сондай активтерді өзінің шаруашылық қызметі барысында сатып-өткізу үшін өндіретін болса, онда активтің құны, әдетте, оның өзіндік құнына тең болады. Сөйтіп, кез-келген ішкі таза табыс (пайда) ондай негізгі құралдардың құнын есептеу кезінде есепке алынбайды.

Кәсіпорынға есепке алынған негізгі құралдардың өзіндік (бастапқы) құндары тек мына жағдайларда ғана өзгертіледі:

● негізгі құралдардың пайдалы қызмет атқаратын мерзімін ұзартатындай немесе қысқартатындай оның жалпы жағдайына әсер ететін қосымша күрделі қаржы жұмсағанда (кеңейткенде, жаңартқанда т.б.) немесе ішінара бұзғанда, жойғанда және бөлшектегенде;

● негізгі құралдардың қайта бағаланғанда.

Негізгі құралдар алғаш есепке алынған кезде оның өзіндік (бастапқы) құны мен қалпына келтіру құны тең болады, себебі оны есепке алған уақыт пен қайта бағалау уақытының арасында айырмашылық жоқ. Уақыт өткен сайын негізгі құралды өндіруге, салуға жұмсалынатын материалдың бағасы және ол үшін қолданылатын техниканың шығыны, жұмысшылардың еңбек ақысы жалпы негізгі құралды өндіру, салу жағдайы белгілі – бір себептермен

өзгеріп отырады.

Осыған байланысты есепті мерзімге негізгі құралдардың баланстық құнының әділетті (нарықтық) құннан елеулі айырмашылығы болмау үшін кәсіпорында негізгі құралдарды қайта бағалау түрі қажет. Негізгі құралдарды қайтадан бағалау кезінде оның осы кездегі әділетті құны анықталады. Егер машиналар мен жабдықтардың ерекше сипатының болуына байланысты олардың нарықтық құны жөніндегі ақпараттар болмаса, не болмаса бұл активтер сирек сатылатын болса, онда олар тозуды алып тастағаннан кейінгі жаңғырту құны бойынша бағаланады.

Қайта бағалау нәтижесінде негізгі құралдардың өзіндік құнының өсуі шоттар жұмыс жоспарындағы 2410 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің тиісті шоттарының дебетіне және 5321 «Негізгі құралдарды қайта бағалаудан резерв» шотының кредитіне жазылады.

Қайта бағалау жүргізілген күні кәсіпорында негізгі құралдарға есептелінген тозу сомасы олардың құндарының өзгеруіне қарай түзетіледі. Қайта бағалау сомасы негізгі құралдардың пайдалану мерзіміне қарай субъектіде қолданылатын амортизациялық аударым сомасын есептеу әдісіне сәйкес анықталған мөлшерде бөлінбеген табысқа апарылып отырылады. Қайта бағалаудың барлық сомасы бөлінбеген табысқа актив есептен шығарылған сәтте ғана ауыстырылады.

Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар бүтіндей теңгеге айналдырылған сомада әрбір инвентарлық объект бойынша көрсетіледі.

Негізгі құралдардың есебін жүргізуде екі маңызды міндет айқындалады.

Бірінші – ағымдағы есеп беру мерзімінде негізгі құралдар құнының қандай бөлігі шығынға жатқызылатындығы айқындалады.

Екінші – баланста көрсетілетін қалдық (баланстық) құнды есептеу.

Негізгі құралдар кәсіпорынға мынадай тәсілдермен (жолдармен) алынуы мүмкін:

● Нақты ақша қаражаттарына сатылып алынады;

● Несиеге алынады;
● Кәсіпорынның жарғылық капиталына салынған салым ретінде (акцияларына айырбастау жолымен) алынады;

● Басқа кәсіпорындардың, мемлекеттік органдардың берген сыйы ретінде (тегін) алынады;

● Салу (кұру), жасау арқылы алынады;

● Басқа активтерге айырбастау арқылы алынады.

Кәсіпорынға қабылданған негізгі құралдар «Негізгі құралдарды қабылдау – тапсыру актісін» (№ НҚ-1 нысанындағы) толтыру арқылы кіріске алынады. Бұл актіде кіріске қабылданып отырған негізгі құралдар туралы мәліметтер түгел көрсетіледі. Мысалы, құрылысы біткен ғимараттарды қабылдағанда мына мәліметтер: ғимараттардың жалпы ауданы, фундаменті, қабырғасы мен едендерінің, салынған жылы, көзге түскен кемшіліктері көрсетіледі. Қабылданған объектілердің әрқайсысына жеке инвентарлық нөмер бекітіледі. Акт тиісті комиссиямен толтырылады. Кәсіпорында негізгі құралдың есебін дұрыс жүргізу және олардың тиісті түрде сақталуын қамтамасыз ету үшін негізгі құралдың әрбір түріне инвентарлық нөмір беріледі. Олар тұрақты түрде белгіленеді. Инвентарлық нөмір негізгі құралға бекітілген жетонға немесе құралдың өзіне бояумен жазылады.

Кәсіпорынның бухгалтериясында негізгі құралдардың инвентарлық объектілері бойынша есебі типтік нысандағы мүліктік (инвентарлық) карточкаларда жүргізіледі (№ НҚ-6 нысанындағы).

Кәсіпорынға қабылданған негізгі құралдар шоттар жұмыс жоспарының «Негізгі құралдар» бөлімшесінің тиісті синтетикалық шоттарының дебеті бойынша кіріске алынады.

Жерді сатып алу кезінде оның құнының басқа төленетін қосымша шығындар жиі пайда болып отырады. Бұл шығындарды жердің құны сияқты «Жер» шотының дебетінде көрсету керек. Ондай шығындарға: агенттерге төленетін ақы, адвокаттар қызметінің төлемі, сатып алушы төлейтін салық сомасы, жерді құрғату, тазалау, тегістеу шығындары жатады.


Дайын ғимараттарды сатып алу кезінде оның өзіндік құнына сатып алу бағасы жөндеуге және басқада ғимаратты жұмыс істейтін жағдайда жеткізу үшін жұмсалған шығындар кіреді. Егер фирма ғимаратты өзі салатын болса, онда оның өзіндік (бастапқы) құнына барлық қажетті шығындар (материалдар, еңбек ақы, сәулетші қызметінің ақысы, құрылыс жүргізу мерзіміндегі сақтандыру шығындары, құрылыс жүргізу мерзімі ішіндегі объектіге берілген несие бойынша процент (үстеме), құрылыс жүргізуге берілген рұқсаттың құны) кіреді. Егер ғимаратты салу кезінде мердігерлердің қызметті қажет болса, онда оның өзіндік (бастапқы) құнына келісім бағасымен бірге салынып жатқан объектіні пайдалануға беруге қажетті шығындар да кіргізіледі.

Құрал-жабдықтардың құны оны сатып алуға және жұмысқа дайындауға байланысты барлық шығындар (шот-фактура бойынша құны, сақтандыру шығындары, салық сомасы, сатып алуға байланысты шығындар, монтаждау құны және құрал-жабдықтың жарамдылығын тексеру мақсатында жүргізілетін сынақтың бағасы) кіреді.

Кейде жер және басқа объектілер сома бойынша сатып алынады. Қандайда болмасын жеке объект үшін емес, олардың жиынтығы үшін төленетін сома. Жерге амортизациялық аударым сомасының есептелінбеуіне байанысты, ол бухгалтерлік есепте жеке синтетикалық шотта көрсетіледі. Осы себептен сатып алудың бағасы жермен онда тұрған ғимараттың арасында пропорционалды түрде бөлінуге тиісті.

Шаруашылық жүргізуші субъектідегі негізгі құралдардың барлық түрі шаруашылық процесіне қатыса отырып, бірте-бірте тозады, яғни бастапқы сапасын жоғалтады. Сөйтіп белгілі бір уақыт өткеннен кейін жұмыс істеуге жарамай қалады да оларды жарнамен алмастыруға тура келеді.

Тозу дегеніміз – негізгі құралдардың табиғи және сапалық сипатын (қасиетін) жоғалтуы.

Негізгі құралдардың тозуы табиғи және сапалық тозу деп екіге бөледі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы материалдық жағынан тозуы болып табылады. Жұмыс процесінде машиналар мен құралдардың жеке бөлшектері қажалады. Үйлер мен құрылыстар тозығы жетіп құлауға айналады. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың барынша көп пайдалануға ғана байланысты емес, сонымен қатар басқа табиғи факторлардың әсерінен де болады. Негізгі құралдардың сапалық тозуы машиналармен құралдардың толық табиғи тозығы жетпей-ақ құнсызданып, өндіріс процессінен шығып қалатындығы болып табылады. Бұл ең алдымен техникалық процесінің нәтижесі. Техникалық процестің нәтижесінде біршама арзан және өнімді машиналар пайда болып жұмысты арзан, шапшаң және сапалы орындауға мүмкіндік береді. Мұның өзі бұрын қолданып келген машиналарды табиғи тозығы жетпей-ақ ескеріп, құнсыздануына әкеліп соқтырады.

Бухгалтерлік есептің 16 «Негізгі құралдар» деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес, тозу деп – негізгі құралдың тозушы (тозған бөлігінің) құнын оның тиімді қызмет ету мерзімі ішінде жүйелі түрде бөліп таратуды айтады. Яғни, негізгі құралдар объектісінің тозған бөліндінің сомасы оның тиімді қызмет ету мерзімі ішінде жүйелі түрде есептен шығарылуға тиісті.

Негізгі құралдардың тиімді қызмет ету мерзімі дегеніміз – актив кәсіпорында пайдаланылады деп күтілетін кезең не болмаса активті пайдаланудан алынады деп күтілетін өнім бірліктерінің немесе сол сияқты көрсеткіштердің саны.

Негізгі құралдар объектісінің тиімді қызмет ету мерзімі кезең сайын қайта қаралып отыруға тиісті және де егер болжамдардың бұрынғы бағалаулардан елеулі айырмашылығы болса, ағымдағы және алдағы кезеңдерде тоуға жасалынатын аударым сомасы түзетілуге тиісті.

Барлық кәсіпорындар өздерінің негізгі құраладрының тозу дәрежесін анықтап және оны есептеп шығарып отырады.

Негізгі құралдар (ғимараттар, машиналар, көлік құралдары, т.б.) шаруашылық процесінде пайдалану нәтижесінде бірте-бірте тозуына байланысты құндарын өздерінің көмегімен өндірілетін өнімдерге біртіндеп ауыстырып отырады. Бұл процесс «амортизация» - деп аталады.

Бухгалтерлік есептің №6 «Негізгі құралдардың есебі» деп аталатын ұлттық стандартына және №16-«Негізгі құралдар» деп аталатын қаржылық есеп беру халықаралық стандартына сәйкес амортизация дегеніміз – активтердің амортизацияланған құнын олардың пайдалану мерзімі ішінде тұрақты таратып отыратын тозудың ақшалай көрінісі.

Негізгі құралдардың қайта қалпына келтіру үшін олардың тозған бөлігінің құны дайын өнімнің өзіндік құнына амортизациялық аударымдар ретінде қосылады.

Амортизациялық аударымдар дегеніміз – негізгі құралдардың амортизацияланушы құнынан есептеп шығарылған амортизацияның жылдық сомасы.

Жоғарыда аталған бухгалтерлік есеп стандартында амортизацияны есептеудің төмендегі әдістері ұсынылған:


  1. Негізгі құралдардың құнын бірқалыпты есептен шығару әдісі, яғни объектінің құны оның қызмет ету мерзімі ішінде өндіріс шығындарына біркелкі апарылады. Бұл әдіс негізгі құралдардың тозуы оның қызмет ету мерзімінің ұзақтығына байланысты деп пайымдауға негізделген және ол бухгалтерлік есептің отандық тәжірибесінде қолданылып жүрген әдіс. Әрбір мерзім үшін амортизациялық жарна сомасы амортизацияланушы құнды (объектінің бастапқы құнынан оның жойылу құнынан алып тастағандағы) объектіні пайдалану мерзіміне бөлу арқылы есептелінеді. Амортизациялау нормасы тұрақты болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет