Дипломдық ЖҰмыс «Тәрбиешінің 5-6 жастағы балалардың ата-аналарымен жұмыс жүргізу ерекшеліктері»



бет5/32
Дата27.07.2023
өлшемі162.18 Kb.
#475840
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Рауана готовый (3)

1.1. Тәрбиешінің – педагогтық бейнесі
Тәрбиешінің педагогтық бейнесі – бұл сауатты маман, бағдарламаны және әдістемелік шараларды анықтай алатын білімді адам. Бұл бала және оның ата-анасымен тіл табыса білетін, қиын ситуациядан шыға білетін жақсы психолог. Бұл бірлесіп еңбек етуге, ұжымдас жолдасына кез келген кезде көмек беруге даяр тұратын маман. Жаңа заман педагог дегеніміз үнемі ізденіс үстінде өз білімін жетілдіріп отыратын, жаңа әдіс жолдарын пайдалануға құштар және жақсы жетілген педагогикалық тәжірибені өз ісіне еңгізе білетін шебер маманды айтамыз. Атақты ұлы педагог Амонашвили «Тәрбиеші бұл- өзге адамның дамып жетілуін өз жауапкершілігіне алатын кәсіби адам» - деп атап өткен. Біз ата-аналармен бірге балаларды тәрбиелей отыра, еліміздің болашағын құрамыз [1].Сондықтан тәрбиеші ата-ана алдына талап қоя білетін, баланы ұйымдастырылатын оқу әрекетінде сауатты жүргізетін жақсы маман екенін дәлелдей білу керек. Тәрбиеші тек балаға белгілі бір дағдыларды қарапайым үйретуші, білім элементтерінен түсінік беруші ғана емес, ол баланы сүйеді, олар қуанса бірге қуанады, мұңайса себебін таба білетін маман. Бұның бәрі ата-анамен жүргізілетін тәрбиелік жұмыстарда ата-аналар жиналысында, жеке пікір алысуда, консультацияларда т.б. әр ата-ана баласының сабақтағы жетістіктерімен мінезі ғана емес ол бала қандай ойында кім болып ойнайды, құрдастарымен қарым-қатынасы, мінезіндегі ерешеліктері, жеке даму саласындағы жетістіктерімен кемшіліктері т.б. жөнінде айтылу керек [2].

Білім беру жүйесінің алғашқы баспалдағы мектепке дейінгі тәрбие ұйымы болғандықтан тәрбиешілерге мәдениетті, білімді, белсенді жеке тұлға тәрбиелеу міндеті жүктеледі. Бала тәрбиесі отбасынан басталады десек те, ғылымға негізделген әдіс-тәсілдермен берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, мектепте жан-жақты педагогикалық өрісін табады. Осыған орай кез келген бүлдіршін үшін балабақша тәрбиесі ата-анадан берілген тәлім-тәрбиені одан әрі жалғастырып, жандандыруы сөзсіз. Ал, бүлдіршіннің тілге, білімге деген қызығушылығы оның ойлау қабілеті, танымдық қажеттіліктері балабақшада қалыптасады. Әсіресе, балабақшадағы тәрбие бала табиғатына өшпестей із қадырады. Балабақшаның ең басты мақсаты: «Мемлекеттік білім беру бағдарламасына сай мектеп жасына дейінгі бүлдіршіннің жан-жақты эстетикалық дамуын қамтамасыз ету». Жаңа технологияны меңгеру тәрбиешінің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Жаңа технологияларды күнделікті ұйымдастырылған оқу әрекетінде пайдалану үшін әр тәрбиеші бүлдіршіндердің жас ерекшеліктерін ескеріп, педагогтың мақсат мүддесіне орай таңдап алады. Балабақшада тәрбиеші - бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға. Балаларды тәрбиелеуде тиімді жағдайлар жасау көбіне тәрбиешіге тікелей байланысты. Сол себепті де, мектепке дейінгі білім берудің - баланың жасын және өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейін құру талабы әрбір балабақша алдында тұрған басты міндет.Тәрбиеші – балабақшадағы басты тұлға. Балалар тобындағы психологиялық ахуал, балалардың өзара жарасымды қарым-қатынасы олардың балабақшаға келуінің ынталылығы, көптеген басқа да жәйттер тәрбиеші жұмысына байланысты. Ол ата-аналармен бірге баланың дұрыс өсіп жетілуін, қалыптасуын белгілі нысанда жүргізетін ықпалды тұлға. Мектепке дейінгі мекеме жүйесін қайта құру ісіне педагогтардың қатысуына жағдай жасау үшін шығарымпаздығын, жаңашылдығын, өзін іс жүзінде көрсете алуын қуаттай білуі қажет.Болашақ ұрпаққа жан-жақты, терең де жарасымды тәрбие берудегі басты тұлға — тәрбиеші-педагогтар мен ата-аналар. Қазіргі заман талабы ата-ана мен тәрбиешіден баланың жеке басын қалыптастыруды, оның көкірек көзін оятып, ата-бабадан қалған халқымыздың асыл мұрасын бойына сіңіруді, адамгершілік, ізеттілік қасиеттерге баулуды талап етеді. Ол үшін, ең алдымен, тәрбиешінің өзі жан-жақты білімді, ізденгіш, озық тәжірибені бойына жинақтаған, сезімтал, балаға жүрек жылуын бере білетін, оның ішкі дүниесін, жан сезімін аңғара алатын маман болуы керек. Себебі, бала өмірге қажетті дағдыны әуелі отбасында алғанымен, оны әрі қарай тереңдететін, білім мен тәрбиеге баулитын - тәрбиешілер.Тәрбиеші беделін қозғағанда, педагог этикасы туралы айтпай кету мүмкін емес.Тәрбиеші оқу-тарбие үрдісіндегі негізгі тұлға. Жас ұрпақ бойына тәрбиенің алғашқы негізін қалыптастыратын тәрбиеші адамгершілігі жоғары, мәдениетті, ғылым жетістіктерін дұрыс бағдарлай алатын әдебиет пен өнердің, техниканын даму жайын жақсы білетін, оны түсіндіре алатын болуы керек.Тәрбиешінің мәдениеттілігің көрсеткіші - әдептілігі, қоғамдық орындарда өзін сыпайы, еркін, ортаға лайықты ұстай білуі, өнегелі тәртібі, сүйкімділігі, адамдармен өзара сыйластыққа, адалдыққа негізделген қарым-қатынасы. Ондай тәрбиешіні балалар жақсы көреді, сыйлайды, құрметтейді, оған жақын жүргісі келеді, оның балалар арасында беделі де зор болады.Тәрбиешінің жеке басының үлгісі - жас ұрпак тәрбиесінде ең әсерлі әдістерінің бірі, өйткені балалар тәрбиешіге барлык жағынан еліктейді. Сол себептен де ол үнемі жинақы, таза, ұқыпты жүруге, сөйлеген сөзі мәнді, әдемі, салмақты келіп, асықпай, байыппен сөйлейді.Тәрбиешінің білімділігі - тәрбиешінің өмірге көзқарасы табиғат пен қоғамның даму заңдарын терең түсніп, тұрақты болуы үшін ол өзінің білімін үнемі жетілдіріп отыруы қажет. Педагогтың алдынғы қатарлы білімділігі оның өз ісіне сенімімен, іс-әрекетінен, принципінен, жүргізген оқу-тәрбие жұмысының мазмұны мен әдістерінен көрініс табады.Тәрбиешінің мәдениеттілігінің көрсеткіші - әдептілігі, коғамдық орындарда өзін-сыпайы, еркін, ортаға лайықты ұстай білуі, өнегелі тәртібі, сүйкімділігі, адамдармен өзара сыйластыққа, адалдыққа негізделген қарым-қатынасы.Тәрбиеші үнемі алға талпынып, жас ұрпақ тәрбиесіне белсенді араласуға, балалар арасында беделді болуға міңдетті. Онын адамдарға, балаға деген сүйіспеншілігі мол, моральдық жағынан биік болуы, мамандығын жақсы көруі шарт.Мектепке дейінгі мекеменің тәрбиешісі балаларға тәрбие беру және оларды мектепте ойдағыдай оқытуға дайындау ісін жүзеге асырады. Жоғары білімді тәрбиешіге тән қасиет педагогикалық шеберлік, елдің коғамдық-саяси өміріне белсенді қатысу болып табылады.Тәрбиеші - еңбек ұжымының мүшесі, оның іскерлік және жеке дара қасиеттері сол ұжымда көрінеді. Мектепке дейінгі мекеменің мақсат пен міндет бірлігі арқылы біріккен ынтымақшыл ұжым творчестволық инициативаны дамытуға, тәрбие процесінің тиімділігін арттыруға көмектеседі, әрбір қызметкердің моральдык бейнесі мен педагогикалык шеберлігін жетілдіруге ықпал жасайды. Мамандық борышын сезіну, өзінің мәртебелі міндеті мен жауапкершілігін түсіну, творчество, мақсат қоя білу мен табандылық, өз қызметін сын тұрғысынан бағалай білу - нағыз педагог үшін тән. Педагог - азаматтық, принциптілік, жолдас талғағыштық, адалдық пен шыншылдық секілді моральдық биік сапаға ие үлкен мәдениет адамы. Біз өмір сүріп отырған бүгінгі дәуір жаңаша көзқарасты, жаңашылдықты талап етеді. Білімнің дамуы – адамзат өркениетінің өлшемі. Білімі күшті ел озады, білімі әлсіз ел оған қызмет етеді. Олай болса, білім саласы үнемі жетілдіруді қажет етеді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Ел келешегі жас ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты,- » деп атап көрсеткен болатын. Мектептегі басты тұлға мұғалім мен тәрбиеші екендігі даусыз. Тіпті қазіргі технологиялар ерекше дамыған заманның өзінде білім мен тәрбие сапасын қамтамасыз етудегі мұғалім мен тәрбиешінің рөлін еш нәрсемен ауыстыруға болмайтынын халықаралық тәжірибелер көрсетіп отыр. Демек, педагог біліктілігі – еліміздің бүкіл білім беру жүйесін алға бастырып, оны заман талабына сай етіп құрудың негізгі алғышарты, басты кепілдігі болып табылады. Білімді ұрпақты, бәсекеге қабіліетті мамандарды білімді мұғалімдер, жан-жақты кемел тәрбиешілер ғана тәрбиелеп шығара алады.
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында өткізілетін сабақ барысында жаңа технология элеметтерін пайдалану тиімді.Бұл орайда баланы жалықтырып алмаудың жолдарын қарастырып,төмендегі тәсіледерді тиімді қолдану қажет:

-Бала қабілетін ашуда тіл шеберлігіне көңіл бөлу;

-Білімін қосымша әдебиеттермен толықтыру;

-Жылы сөздер арқылы үнемі балаға шабыт беріп отыру.

Яғни әр тәрбиешінің алдындағы сәулелі мұрат-шәкіртіне білім,тәрбие беріп қана қоймай,әр баланың «менін» ашу.Сол «менді» шығармашылық тұлғаға айналдыру. «Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы-тәрбиеленген адам» екені белгілі.Сәбиді жоғары деңгейдегі білім мен адамгершілікке баулитын тәрбиешінің бойында барлық асыл қасиеттердің табылуы тиіс.Өйткені тәрбиеші бала болмысын жүзін көріп тәрбиеші жаңашыл,білімді,іскер,қабілетті,жауапкершілік сезімді,жаңа технологияны толық меңгерген,өз ісінің шебері болуы керек.

Бала қабілеті ашылуы үшін:

1.Тәрбиеші білімнің ұдайы жетілдіріп,кәсіби шеберлігін шыңдауы тиіс.

2.Бала білімі мен қабілетіне сеніммен қарау керек.

3.баланы ақпарат,жаңалықпен қамтамасыз етіп отыру қажет.

4.Ата-анамен тығыз байланыс орнаған жөн.

5.Баланы өмірге бейімдеуде дәл,дұрыс бағыт беріп,жеке ерекшелігіне көңіл бөлінуі керек.
Оқу мен тәрбиенің егіз екенін бір сәт те естен шығармағаны жөн,соның нәтижесінде ғана сапалы білім мен саналы тәрбиеге қол жеткізуге болады.
Жапсыру балалардың эститикалық сезімін,көркемдік талғамын оятып,шығармашылық қиялын дамытатын салалардың бірі болып саналады.Балалардың жас ерекшеліктеріне сай әр берілетін жаңа сабақ ойын ретінде өткізіледі,немесе ойын элементтері қосылады.Ойын барысында баланың қиялы дамып,сөздік қорлары молайып,оған қатысушылар арасында белсенді қарым-қатынас жүреді. Мысалы, «Темір жол» тақырыбында өткізілген сабақ барысында тек қана көрнекілік материалдар қолданбай, «Біздің пойыз келе жатыр» қимылды ойынын ойнатып З.Джаббарадзенің «Пойыз» өлеңін оқуға болады.Бұл әдіс балалардың шығармашылық қиялын дамытады.
«Жапырақтар биі» атты сабақ барысында ,балалар,ең алдымен,табиғат материалымен танысып, «Жапырақ неге ұқсайды?» деген сынақ өткізеді.Бұл балалардың эститикалық сезімі мен шығармашылық қиялын дамытады.

Жапсыру сабақтарында үнемі айырықша өзек ретінде әйтеуір бір нәрсе болса,соның айналасында басқа әрекет түрлері жинақталып,образдары терең түсінуге,оларды түрлі мәнерлі тәсілдер арқылы жасауға көмектеседі.Жапсыру әр баланың түрлі көркемдік шығармашылық әрекетке қатысып,қоршаған ортаның көркемдігін меңгеруге көмектеседі.Мысалы, «Біздің үйіміз» тақырыбына өткізілген жапсыру сабағында балалар өздерінің үйлері жайлы қысқа әңгімелеп,қаланың зәулім үйлері мен ауылдағы ата-әжелерінің үйлерін салыстыра отырып бейнелейді.


Балалардың шығармашылық қабілеттерін арттырудың және бір тәсілі-сабақ барысында музыкалық шығармаларды тыңдау.Мысалы, «Гүлзар» тақырыбына өткізілген жапсыру сабағының алдында балалармен ауладағы гүлдерді,гүлзарларды тамашалап,сабақ барысында музыкалық шығарма тыңдатқан тиімді.Бұл әрекет балалардың шығармашылық қабілетін,сонымен бірге эмциясын,зеректігін,әлемнің әдемілігін терең түсінуге ынтасын тудырады.
Балалар шығармашылық арқылы белгілі бір нәтижеге жету және моральдық қанағаттанушылық пен сүйсіну сезіміне бөленеді. Баланың бойындағы ерекше қасиеті,шығармашылық қабілетті ашу-тәрбиешіге, жүктелетін жауапты міндет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет