Дипломдық ЖҰмыс «Тәрбиешінің 5-6 жастағы балалардың ата-аналарымен жұмыс жүргізу ерекшеліктері»


Балабақша тәрбиешісінің адам өміріндегі рөлі



бет4/32
Дата27.07.2023
өлшемі162.18 Kb.
#475840
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Рауана готовый (3)

1.Балабақша тәрбиешісінің адам өміріндегі рөлі
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2015-2025жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мәселесіне ерекше мән берілген.Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу үздіксіз білім беру жүйесінің бастапқы буынын іске асырушы-тәрбиеші маман болып табылады Жаңаша оқыту үрдісін ұйымдастыру, жаңа білім мен дағдыны меңгерген, шығармашылық қабілеті жоғары, дербес ізденіс нәтижесінде елеулі мәселелердің шешіміне қол жеткізетін, ойлау қабілетімен ерекшеленетін тұлғаны қалыптастыруды көздейді.Балабақша тәрбиешісі - арнайы дайындығы бар және педагогикалық іс-әрекетпен кәсіби айналысатын тұлға. Оның негізгі міндеті – мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үдеріс ұйымдастыру, кәсіби даярлығын үнемі жетілдіріп отыру. Осыған орай, қазіргі таңда балабақша тәрбиешілеріне келесі бірыңғай әдістемелік талаптар қойылады: педагогикалық және психологиялық деңгейін көтеру; оқыту мен тәрбиелеудің ең соңғы жаңа педагогикалық технологияларын зерттеп меңгеру және оны өзінің кәсіптік жұмысында қолдана білу; өз білімін көтеруге, шығармашылықпен жұмыс атқаруға ынталандыру; балалар табыстары мониторингісін жасау және оны диагностика қоюдың қазіргі тәсілдерін меңгеріп, қолдана білу; авторлық бағдарламалар, оқу құралдарын, мақалалық ізденістер жасауға ұмтылдыру; тәрбиешінің педагогикалық-кәсіптік оң көзқарастарының және құндылықтарының қалыптасуына жағдай туғызу.Жаңа заман тәрбиешісі – бұл сауатты маман, бағдарламаны және әдістемелік шараларды анықтай алатын білімді адам. Бұл бала және оның ата-анасымен тіл табыса білетін, қиын ситуациядан шыға білетін жақсы психолог.Тәрбиешіні үнемі алға талпынып, жас ұрпақ тәрбиесіне белсенді араласуға, балалар арасында беделді болуға міндетті. Оның адамға, балаға деген сүйіспеншілігі мол. Моральдық жағынан биік болуы, мамандығын жақсы көруі шарт.Қоғамды жан-жақты дамытатын өндіргіш күштің негізгі тұлғасы-адам,сондықтан адам факторына ерекше мән беріледі.Қоғам дамуы мен адамның жеке басының дамуы бір-бірімен тығыз байланысты.Қоғам адамды қаншалықты дәрежеде жетілдірсе,жетілген адам қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады.Тәрбиесіз қоғам қоғам болудан,адам адам болудан қалады.Материалдық және рухани байлық жасап,қоғамды дамытатын-адамдар. Ал,адамдарды соған дайындап,тәрбиелейтін-тәрбиешілер.Олай болса,тәрбиеші-қоғам мен қоғамды,ғасыр мен ғасырды жалғастыратын буын.Тарихты жасайтын-халық,халықтың көзін ашып,көңілін оятатын,саяси қырағылыққа, сенімділікке, адамгершілікке, ізгілікке, имандылыққа ,бауырмалдыққа, Отаншылдыққа,азаматтыққа баулитын тәрбиеші-ұстаз.Біздің еліміздің мектепке дейінгі мекемелерде, балалар үйлерінде, мектеп-интернаттарда, ұзартылған күн тобы бар мектептерде, кәсіптік-техникалық оқу орындарында, еңбек колонияларында тәрбиеші тағайындалады. Тәрбиеші тәрбиеленушілердің күнделікті оқу-тәрбие жұмысын,демалыс уақытын ұйымдастырады.Ал бөбекжай мен балабақша тәрбиешісі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейді,мектепке даярлайды,отбасына көмектеседі.Қай кезде болса да алдыңғы қатарлы ойшыл адамдар тәрбиеші еңбегін жоғары бағалап,оның қоғамдағы рөлін құрметті де маңызды деп санаған. Бұл жөнінде К.Д.Ушинский: "...тәрбиеші өзін өткен мен болашақтың арасында тірі дәнекермін, шындық пен жақсылықтың құдіретті жауынгерімін деп біледі және ол өз ісінің сырт қарағанда қарапайым екендігін, бірақ тарихтың ұлы істерінің бірі екендігін, бұл істен көптеген ұрпақтар нәр алатынын түсіндіреді" деп жазды. Тәрбиеші-ұстаздың адам өміріндегі рөлі туралы халқымыздың классик ақыны Абай:

Ақырын жүріп анық бос,

Еңбегін кетпес далаға,

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға...

десе, славянның ұлы педагогы Ян Амос Коменский:"Мұғалімнің атқаратын қызметі өте құрметті.Әрі тамашалығы соншалық,күн астында мұндай қызмет жоқ"-деп бағалаған.Тәрбиеші балалардың жақын досы болуы керек, ал еркелетуге сақтықпен қарағаны жөн.Тәрбиеші өз талабын жүйелі, табандылықпен жүргізіп, өз ісіне ыждағатты , ұқыпты болуы қажет. Бала тек адамның жеке басының тікелей тигізетін әсері арқылы ғана тәрбиеленеді.Тәрбиешінің өнегелі істері мен тәлім-тәрбиесінің адам өміріне әсері,ықпалы зор. Мысалы: Ұлы Отан соғысы батырының біріне:"Сіздің мүсініңізді туған ауылыңызға орнатамыз", дегенде, ол: "үкіметтен мүсінді маған өмірдің сырын,мағынасын ашып берген мұғаліміме орнатуыңызды сұраймын" деп жауап қайырған екен. Бұл мұғалім өз шәкіртінің жүрегінен өшпес орын алғанын дәлелдейді.


Қазақтың ғұлама ғалымы Әл-Фараби "Жаман мінез-құлық рухани кесел" десе,Жүсіпбек Аймауытов "...Дәрігерден де тәрбиешінің көп болғаны артық,дәрігер адамның денесін сауықтыратын болса,тәрбиеші адамның ақылын,мінезін,жанын сауықтырады",-деген.
Н.К.Крупская "Мұғалімнің тәрбиелеушілік рөлі" атты мақаласында мектепке,қоғамдық тәрбие орындарына тәрбиеші-мұғалімнің аса қажет екенін айта келіп,ол балаларға үнемі уағыз айтып,оларды ұстамды бол деп үйретіп,өзі ұстамсыз болатын,жолдастыққа үйретіп,өзі жолдас болудың үлгісін көрсетпейтін,сөзі мен ісі үйлеспейтін тәрбиешінің балаларға ықпалы аз екенін ескертеді.Балаға адамгершілік тұрғыдан қарап,оның барлық әрекетін қалт жібермей бақылау,дер кезінде ескертіп,кемшілігін жөндеуге ықпал етумен қатар,педагог балалардың кейбір қылықтарын елеусіз қалдырып,оларды қазымыр болмауға,бір-біріне адамгершілікпен қатынас жасауға үйрете білуі тиіс дейді.Сондай-ақол баланы зорлықпен саналалыққа тәрбиелей алмайсың,сондықтан оны қызықтырып,еліктіріп,сендіре білу,баланы зеріктірмей,істі батыл жолға қою керектігін педагогикалық кеңес ретінде айтқан.
Тәрбиешінің өнегелі істері мен тәлім-тәрбиесінің адам өміріне әсері,ықпалы зор.Мысалы,Ұлы Отан соғысы батырының біріне:"Сіздің мүсініңізді туған ауылыңызға орнатамыз",дегенде,ол:"үкіметтен мүсінді маған өмірдің сырын,мағынасын ашып берген мұғаліміме орнатуыңызды сұраймын " деп жауап қайырған екен.Бұл мұғалім өз шәкіртінің жүрегінен өшпес орын алғынын дәлелдейді.
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі балаларға білім-тәрбие беру,оларды мектепте оқуға дайындау ісін жүзеге асырады.Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орнын бітірген немесе жоғары білімі бар тәрбиеші Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы іс-әрекеттерін терең түсінетін,елдің қоғамдық-саяси өміріне өз деңгейінде белсене қатысатын,педагогтық шеберлігі жеткілікті маман болуы керек.
Тәрбиешінің саяси сауаттылығы оның бала тәрбиесіндегі еңбегі Отан мен қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуге,педагогикалық міндеттерді шешуге шығармашылықпен қарауға,өз шеберлігін үнемі жетілдіріп,қызметтесжолдастарына шын пейілмен көмектесуге мүмкіндік береді. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі теория мен тәжірибені ұштастыра алатын,табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын түсінетін,қоғамдық-саяси белсенділік,жалпы және мектепке дейінгі педагогиканы,балалар психологиясын,физиологиясын меңгерген,педагогикалық құбылыстарды талдауға ғылыми тұрғыдан қарайтын,баланы жан-жақты дамыту ісін ойдағыдай жүзеге асыратын маман болуы тиіс.Тәрбиеші-ұжым мүшесі,оның педагогтық шеберлігі,жеке қасиеттері ұжымда көрінеді.Мектепке дейінгі ұйым мақсаты мен міндеті арқылы ұжым шығармашылығын дамытуға,тәрбие тиімділігін арттыруға,әр педагогтың моральдық бейнесі мен педагогикалық шеберлігін жетілдіруге көмектеседі.Тәрбиеші өз міндеті мен жауапкершілігін түсінетін,мақсат қоя білетін,табанды,өзіне сын көзбен қарайтын педагог болуы тиіс.Сондай-ақ мектепке дейінгі балалармен жұмыс істеу үшін ән айтып,би билеу,сәнді қимылдау,дұрыс сөйлеу,көркем шығарма оқу маңызды.Тәрбиеші-мектепке дейінгі ұйым тапсырмаларынан бастап Отандық деңгейдегі мемелекеттік басқару ісіне қатысуға дейін мүмкіндігі бар азамат. Тәрбиеші тәрбиеленушілердің күнделікті оқу-тәрбие жұмысын,демалыс уақытын ұйымдастырады.Ал бөбекжай мен балабақша тәрбиешісі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейді,мектепке даярлайды,отбасына көмектеседі.Тәрбиеші балалардың жақын досы болуы керек,ал еркелетуге сақтықпен қараған жөн.Бір баланы еркелету басқа балалардың қызғанышын тудырады.Дегенмен,балалалрды ереклету қажет.Тәрбиеші өз талабына ұқыпты болуы қажет.Бала тек адамның жеке басының тікелей тигізетін әсері арқылы ғана тәрбиеленеді.Балабақша тәрбиешісі жас ұрпақты жан-жақты дамытып,тәрбие беру,оны өмірге,еңбекке даярлауда педагогикалық білімді көпшілік арасына насихаттау сияқты әрі жауапты,әрі қадірлі қоғамдық міндеттер атқарады.
Балабақша тәрбиешісінің міндеттері:
а)балаларды дұрыс тәрбиелеуді қамтамасыз етеді;
ә)өз тобындағы әрбір баланың қызығуы мен қажетіне ұқыптылықпен,қамқорлықпен қарайды;
б)балалардың денсаулығын сақтауға,қорғауға байланысты дәрігер талабын орындайды;
в)балаларды отбасында,балабақшада тәрбиелеу мәселелері туралы ата-аналарымен жұмыс жүргізеді;
г)аудандық,қалалық әдістемелік бірлестіктерде,балабақшада педагогикалық кеңестің жұмысына қатысады;
д)балалармен жүргізілетін өз жұмыстары туралы жоспар құрады,есеп береді,әрбір сабаққа ұқыпты дайындалады.
Балалар тобын тәрбиеші мектепке шығарып салғанға дейін жетелейді.
Тәрбиеші жас ұрпақтың бойына тәрбиенің алғашқы негіздерін қалыптастыра алатын,адамгершілігі жоғары,мәдениеті,ғылым жетістіктерін дұрыс бағалай алатын,әдебиет пен өнердің,техниканың даму жайын жақсы білетін,оны түсіндіре алатын адам болуы керек.Тәрбиешінің мәдениеттілігінің көрсеткіші-әдептілігі,қоғамдық орындарда өзін сыпайы,еркін,ортаға лайықты ұстай білуі,өнегелі тәртібі,сүйкімділігі,адамдармен өзара сыйластыққа,адалдыққа негізделген қарым-қатынасы.Ондай тәрбиешіні балалар жақсы көреді,сыйлайды,құрметтейді,оған жақын жүргісі келеді,оның балалар арасында беделі зор болады.
Тәрбиешінің жеке басының үлгісі-жас ұрпақ тәрбиесінде ең әсерлі әдістердің бірі,өйткені балалар тәрбиешіге барлық жағынан еліктейді.Сол себептен де ол үнемі жинақы,таза,ұқыпты жүріп,сөйлеген сөзі мәнді,ойлы,әдемі,салмақты келіп,асықпай,байыппен сөйлеуі керек.Бала еліктегіш болғандықтан,жақсыны да,жаманды да тез қабылдайды.
1988 жылғы еесп бойынша,Қазақстанда 9100 мектепке дейінгімекеме болды.Өкінішке орай,оның 8096-сында оқу тәрбие жұмысы орыс тілінде жүргізілсе,1185-інде ғана оқу-тәрбие жұмысы қазақ,т.б.ұлттардың тілінде жүргізілген.
Бұл қазір аздық етіп,халықтың мектепке дейінгі балалар мәкемелеріне деген сұранысын қанағаттандыра алмай отыр.
Қазақстан Республикасы Білім министірлігі 2000-жылға дейін республикамызда қазақ тілінде оқу,тәрбие жұмысын жүргізетін балабақша санын 1216-ға жеткізіп,онда 265 мың бүлдіршін тәрбиелеуді міндетті етіп қойып отыр.Бұл-болашақтың ісі.
Ал қазіргі таңда оқу,тәрбие ісін қазақ тілінде жүргізетін балабақшаларда ана тілін білетін арнаулы мамандар жетіспейді.Бүгінгі таңда Алматы қаласында 27 таза қазақша,80 аралас балалар мекемелері жұмыс істейді.Оларда істейтін арнаулы білімі бар тәрбиешілер тым аз.
Қазір талантты тәрбиешілер өз білімін жетілдіруге,өз саласын жан-жақты зерттеп,ғылыми үлес қосуына мүмкіндіктер туып отыр.
Тәрбиешілер курстарға,семинарларға,үйірмелерге қатысу арқылы да білімін,шеберлігін,іскерлігін арттырады.Тәрбиешілер үшін мезгіл-мезгіл оқу,тәрбие ісінің көкейкесті мәселелеріне арнап педагогикалық дәрістер,баяндамалар ұйымдастырылады.Жыл сайынғы өткізілетін қалалық,аудандық конференцияларда тәжірибе алысып,шеберлігін ұштауға мүмкіндіктері бар.Тәрбиешілердің білімін көтеру мүмкіндік тудыратын әдістемелік бірлестіктердің маңызы аса зор.Әдетте әдістемелік бірлестіктерде тәрбие жұмысының әдістемесі талқыланып,пікір алмасады.
Тәрбиешілердің әдіскерлік дәрежесің көтеру,мамандығын арттыру,аудандық,қалалық,облыстық оқу бөлімі жайында ұйымдастырылатын семинарлар мен үйірмелерде жүзеге асырылады,онда жүздеген тәрбиешілер әрбір 5 жылда мамандығын арттырып отырады.
Балабақшада тәрбиешілердің білімін жетілдіру,мамандығын арттыру тікелей педагогикалық мәжілістерде,педагогикалық кітаптарды талдау арқылы меңгерушінің,әдіскердің басшылығымен іске асады.
Балабақшаның барлық қызметкерлері қатысатын ашық тәрбие сағаттарының үлкен маңызы бар.Одан кейінгі өткізілетін бірқатар әдістемелік талдаудың да тәрбиешілердің әдіскерлік шеберлігін арттырудағы мәні ерекше.
Тәрбиешіге қойылатын талаптар:
1) тәрбиеші болатын адам өзінің мінезін,жүріс-тұрысын жөнге салып,балалар іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра білуі керек;
2) арнаулы білім,білік пен іскерлік-дағдыны меңгеруі керек;
3) баламен еркін,жақын тарта сөйлесе білуі керек;
4) ол өзінің көзқарасымен,ым-ишарасымен де өз ойын балаға жеткізіп,түсіндіре алуы керек;
5) жұмысты ұйымдастыра білетін,тиісті жерінде қатал талап қоя алатын болуы,кейде әзілдесіп,тиісті жерде көңіл аудара алатын болуы шарт;
6) тәрбиешінің әрбір қимылы,жүріс-тұрысының өзі балаларға өнеге,тәлім-тәрбие берерліктей болуы тиіс.
Жаңашыл педагог Ш.А.Амонашвили тәрбиешіге төмендегідей талап қояды:
-педагог тәрбиеші әріптестеріне мейрімді,жылы шырайлы,ықыласты болуы керек;
-әріптестерімен қарым-қатынас жасаудың әдебін,дауыс сарынын,жылы үнін игеруі керек;
-әріптестерінің табысына қызғанышпен,күншілдікпен қарауға құқы жоқ;
-әріптестерімен өз тәжірибесін бөлісуге міндетті,үйренуге ұялмауы керек;
-әріптестеріне жоғарыдан менсінбей қарауға құқы жоқ,әріптестерінің ар-намысын,атақ-даңқын сақтауы керек;
-балаға байланысты отбасы құпиясының бәрін білуі керек,бірақ оны ешкімге шашпау,айтпау керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет