Дипломдық жұмыстың нысаны:Балабақша аясында тәрбиешінің адам өміріндегі орынын анықтай отырып, ата-аналармен ұйымдастырылатын жұмыстар жүйесіне назар аудару;
Дипломдық жұмыстың мақсаты:Бала тәрбиесіндегі ұстанымдарды жүйелі қалыптастырып, ата-аналармен педагогикалық және психологиялық танымдар аясында жұмыс жасау;
Дипломдық жұмыстың міндеттері:Жас бүлдіршіндердің ата-аналарын оқу-тәрбие жұмыстарына белсенді жаңа технологиялар аясында тиімді әдіс-тәсілмен рухани жағынан көмектесу;
-Балабақшадағы ата-аналармен жүргізілетін жұмыстар аясында ерекшеліктерін анықтау;
-Ата- аналарға арналған тәжірибелік жұмыстардың бағытталған әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану;
-Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс формасын дамытудағы тиімді жаттығулар мен әдістемелік көрнекіліктермен жұмыс жасау;
-Осыған дейінгі әдіскерлер мен тәлімді тәрбиешілердің тәжірибелері мен әдіс - тәсілдерін саралау;
Дипломдық жұмыстың әдістері: Негізгі педагогикалық және психологиялық пайымдаулармен жұмыс жасап, жаңа әдіс-тәсілдер ойлап табу;
Дипломдық жұмыстың теориялық құндылығы: Ата-аналармен жұмыст жасаудың әдістерін жүйелі түрде қарастырып,тәрбие жұмыстары аясындағы еңбектер мен теориялық тұжырымдарға сүйену;
Дипломдық жұмыстың практикалық құндылығы: Ата-аналар арасында жиналыстар ұйымдастырып, сауалнамалар өткізу.Жеке топтық және балабақшадағы жалпы конференция аясында «ашық есік» күндерін үйымдастыру;
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс: кіріспеден, жүйелік-танымдық негіздерден, екі тараудан және жүйелікке байланысты әр үш бөлімнен,практикалық пайымдаулардан,қорытынды сонымен қоса пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізбегінен тұрады.Дипломдық жұмысымда кіріспе бөлімінде негізгі зерттеу жұмысымның алғышарттары мен жүйелік-танымдық негіздері сараланса,мақсат-міндеті жайлы бағыты және практикалық бөлімге негізделген жоба аясында қарастырылған эксперименттік нәтижелер болады.
Достарыңызбен бөлісу: |