1.2. Ата-аналармен ұйымдастырылған жұмыстар жүйесі
Оқу-тәрбие ісін жоғары нәтижеге жетуге мүмкіндік тудыратындай етіп ұйымдастыра білген тәрбиешіні шебер тәрбиеші дейді.Тәрбиешінің шеберлігі талантты қажет ететін ерекше бір өнер меес,бірақ ол-дәрігер мен музыкантты шеберлікке баулитындай етіп үйретуді қажет ететін мамандық (А.С.Макаренко).Шебер тәрбиешінің жұмысы өз ісін терең білумен,белгілі стилі мен даусы дауыс ырғағынан,тәжірибеде тексерілген әдіс-тәсілдер жиынтығынан,күнделікті оқу-тәрбиенің мақсат,міндетін анықтауынан байқалады.Шебер тәрбиеші тәрбие жұмысының әрбір кезеңінде не істейтінін,не үшін істейтінін,қандай дәрежеге жеткісі келетінін саналы,анық және дәл біледі.
Шебер тәрбиешінің бөлмелерді жабдықтауы,тәрбие жұмысына қажетті көрнекі құралдардың түгел болуы,педагогикалық мақсатқа сәйкестелінген болады.Олардың өз орындарында тұруы жемісті еңбек етуге жағдай жасайды.Шебер тәрбиешінің негізгі қасиеттерінінң бірі-педагогикалық әдептілік.Педагогикалық әдептілік бала психологиясын және оның жас ерекшеліктерін жете білуді талап етеді.А.С.Макаренкокейбір тәрбиеші баланың жіберген кемшіліктерін тек қана айту,үйрету әдістерімен түсіндіріп,ұзақ уақыт адамгершілік жайлы өсиеттер айтуын педагогтық әдептілікке жатпайды.Пледагогтық әдептіліктің қайнар көзі-балаларды сүю және қадірлей білу.
Педагогтік әдептілік дегеніміз балаларға ілтипатты,сезімтал болып,азамат ретінде олардың жеке басынынң қасиеттерін қадірлеу,олармен қарым-қатынаста өзінің жақсы жақтарын көрсете,сөйлесе,түсінсе білу.Тәрбиешіде қажетті әдептіліктің болмауы балаларды алдау мен өтірік айтуға итермелейді.Педагогикалық әдептіліктің бір көрінісі-шамамен сезу қасиеті онда тәрбие әдістерінің көпшілігі нәтижелі болады.
Қолайлы әдіс таба білу-педагогикалық шеберлік пен әдептіліктің көрінісі.Нағыз беделді педагогтың күші оның ұжымды ұйымдастыра білуі мен сол арқылы балаларға әсер ете білу қабілетінде жатыр.Шеберлік бірден емес жылдар өтіп тәжірибе жинақтаумен келеді.Шеберлік үйретумен,үйренумен,өз ісіне деген сүйіспеншілік пен тәжңрибемен,жұмысқа ұқыпты қараумен,саналы,ойлы,еңбекпен қалыптасады.Бұл жөнінде А.С.Макаренко "Шеберлікке қол жетеді,атақты шебер металл жонушы тамаша шебер дәрігер болған сияқты,тамаша шебер педагог та болады,болуға тиіс"деген.
Білікті маман дайындау үшін жоғары оқу орындарында педагогті тәрбиелеу,үйрету,қажетті педагогикалық техниканы меңгерту керек.Олай болса,шеберлікке жетудің жолы-педагогті жоғары оқу орындарында тәрбиелеу,үйрету,өздігінен педагогикалық теорияларды меңгерту,балаларды,өз мамандығын жақсы көру,шығармашылық еңбек ету,тәжірибе жинақтау.
Тәрбиеші қызметінің ерекшелігі.Жас ұрпақ тәрбиесі сияқты заманымыздың "ұлы ісін"атқарушы тәрбиеші мамандығының қыры да,сыры да көп,қиын да қызықты.Бұл іс тәрбиешіден балалардың күн санап өсуін,ақыл-ойының дамуын,психологиясының,дене құрылысының жетілуін,мінез-құлқының қалыпиасуын,дүние танымының кеңеюін үнемі көріп,сезіп отыруды талап етеді.Сондықтан тәрбиеші күнделікті жұмысында балаларының үздіксіз өсе беруін,білімінің молайып,идеялық көзқарасының,сенімінің артуын көздеп,оларға жүйелі ықпал етуді қарастырады.
Тәрбиеші әрбір тәрбие сағаты сайын балаларға "жұмбақ дүниенің"құпия сырын ашады,алғашқы білім сатысына жетелеп,қиялын дамытады.Әрқашан да білуге құштар,көңілі шат,еліктегіш балалардың талабы мен мүддесінен шығып,дұрыс басшылық етіп,бағыт беру үшін тәрбиеші терең білімді,өнерлі,жан-жақты жетілген,өз ісінің шебері болуға міндетті.
Қызметінің ерекшелігіне байланысты тәрбиеші педагогтың әдепті игеруі керек.Әдеп-мораль,оның шығуы табиғаты туралы,белгілі адмгершілік принциптермен нормалардың негіз туралы ғылым.Ал педагогтік әдептен педагогикалық мораль құралады.
Педагогтік әдепке оның жақсылық пен жамандық,педагогтік парыз,педагогтік әділеттілік,кәсіптік намыс пен абырой,педагогтік бедел,ар-ождан,тәрбиешінің еңбек тәртібі сияқты котегориялары негіз болады.
Жақсылық категориясының мағынасы-ел үшін ерлікпен еңбек ету,Отанның қуатын нығайту,абырой-даңқын арттыру еңбек сүйгіштік,адалдық,шыншылдық,сыпайылық,адамдарға деген сүйіспеншілік,жамандық атаулыға,Отанымыздың дұшпандарына ымырасыз болу.
Педагогтық бедел категориясының мағынасы-тәрбиешінің жеке басының кәсіби қасиеттеріеің жиынтығы:қоғамға,табиғатқа,балаларға,педагогтер ұжымына,ата-аналарға,жұртшылыққа адамгершілік қарым-қатынасының көрінісі.Педагогтың беделі оның білімін,мінез-құлқын,жеке басының қадір-қасиетінмойындауға негізделеді.
Педаго әдептілігінің негіне педагог еңбегінің әлеуметтік мәні,жеке басының адамгершілік мазмұны,психологиялық жағынан қалыптасуы,кәсіптік жағынан қарулануы,өзгелермен қарым-қатынасының сипаты,мінез-құлқы,жасы,жынысы,мамандығы,отбасы жағдайы және т.б.жатады.
Педагогтың жеке басының психологиялық жағынан қалыптасуы,кәсіптік бақылампаздығы,жүйке жүйелерінің ерекше төзімділігі,ұстанымдылығы,ұжымдағы қарым-қатынас стилі,табиғатқа,қоғамға,өнерге,әдебиетке,ғылымға,т.б. қызығушылығы,эмоциялылығы,педагогтік оптимизмі,артистігі,денсаулығы,дене бітімі,сыртқы келбеті,жинақтылығы,белсенділігі,ұқыплығы,кез-келген жаста жарқын жүзділігін,жағымды көңіл-күйін,шығармашылық қабілетін жалпы мәдениетін сақтауы.Бұл мәнді компонент мамандыққа байланысты жан-жақты қарулануды талап етеді.
Ата-аналармен жүргізетін жұмыстардың мазмұны,формасы,әдістеріне тоқталамыз.Отбасы-бұл баланың өмір сүру ортасы:қамқорлықтың тұрақты көзі,тәрбиелеумен,қарапайым біліммен қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адамдардың мейірім шуағын сезінетін орын.Отбасында барлығы жақсы болған жағдайда-балалар жақсы жетістіктерге жетіп,өзінің даму әлеуметіне көтеріле алады.
Отбасымен педагогикалық ынтымақтастық-баланың қанағаттану деңгейі мен тәрбиешінің жұмысының сапасын арттырады,ол төмендегі жағдайларға негізделеді:өзара сапалы қарым-қатынас,өзара сыйластық,әлемге деген түсіністік көзқарас және оның тиімділік ықпалын ұзақ уақыт бойы сезіну,бір-біріне серіктестік барлық қатысушыларға жағымды әсер ететіндей болуы тиіс,сонда ғана тәрбие мен білім беру өз нәтижесіне жетеді.Осы орайда,балабақшаның ата-аналармен жұмысының мазмұны төмендегідей:
* ата-аналардың педагогикалық,психологиялық білімдерін көтеру; (дәрістер оқу,семинарлар ұйымдастыру,жеке топтық кеңестер,тәжірибелік жұмыстар, т.б.);
* ата-аналарды оқу-тәрбие жұмыстарына қатыстыру;
(ата-аналар жиналысы,бірлескен шығармашылық жұмыстар,материалдық-техникалық база жасауға көмектесу);
* балабақшаның әкімшілігімен бірлескен жұмыстар
(ата-аналар комитеті,ата-аналар кеңесі,аталар алқасы,әжелер клубы).
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың формасы мен әдістері олардың педагогикалық мәдениетін көтеруге,балабақша мен отбасының өзара ынтымақтастығына және тәрбие жұмысының әлеуметін арттыруға бағытталған болуы керек.
Ата-аналармен жұмыстың әдістері:бақылау,әңгіме,пікірлесу,тест жүргізу,сауалнама жүргізу.
Ата-аналарменқарым-қатынасстртегиялары:
Арнайыұйымдастырылатынжұмыстар:
1.Ай сайынөткізілетіната-аналаржиналыстары.
2.Ата-аналар комитетінсайлауғаарналғаннұсқаулықжиналыстар.
3.Бағдарлама бойыншаата-аналарғаарналғанконференциялар.
4.Белгіленген үлгібойыншаесеп беру.
5.Ата-аналар портфолиосыменжұмыс.(Жылжымалы папка).
6.Жеке кеңестер,шағын топтық кеңес,үйге бару.
Ата-аналарменжүргізілетінжұмыстардыңформалары
Дәстүрлі
|
Дәстүрден тыс
|
-ата-аналар жиналыстары;
|
-ата-аналармен тренингтер өткізу;
|
-жеке топтық және балабақшаның жаплы конференцияларын ұйымдастыру;
|
-психологиялық демалыс сәттері ( разминка)
|
-тәрбиеші-педагогтің жеке кеңесі;
|
-пікірсайыстар жүргізу;
|
-балалардың үйінде болуы;
|
-дөңгелек үстел;
|
-ашық есік күндері;
|
-ауызша журнал;
|
|
-ата-аналар кештері;
|
|
-ашық сабақтар;
|
Педагогикалықбілім беру-бұл бала тәрбиесініңкөкейкестімәселелерімената-аналардытаныстырадыжәнеолардыңнегізгіпедагогикалықмәдениетінқалыптастыруға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |