Дипломдық жұмысты орындауға тапсырма Студент (аты, жөні)



бет3/37
Дата23.05.2024
өлшемі0.78 Mb.
#501771
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
гр8

Қысқартылған сөздер

мл – миллилитр


мг – миллиграмм
% - пайыз
м – метр
кг – килограмм
г – грамм
АР – агглютинация реакциясы
КБР – комплементті байланыстыру реакциясы
УЗДН-1 – ультрадыбыс аппараты
АСД-2 – ВДМ – дезинфекциялау аппараты


1 Кіріспе
Әлемді шарпыған азық-түлік дағдырысын Қазақстанды да айналып өтпеді. Алдымызда тұрған басты мәселе – тұйықтан шығудың жолын іздеу. Шет елдермен іргелес жатқан елдер облыстар жеңіл, оңай жолды таңдап алуда көкөніс, азық-түліктерді шеттен таси бастады. Облыстың бюджеттен бөлінетін қаржыны шетел асырғанша, өзіміздің фермерлерге, жеке кәсіпкерлерге бөлу, сөйтіп отандық ауыл шаруашылығын қолдау, өз өнімдерімізді өндіру орынды болады деп есептеймін.
Мәселен, Жапонияда өсірілген өнім Қытайда өсірілген өнімге қарағанда қымбат. Күріш өндіру экономикалық тұрғыда жапондар үшін тиімсіз. Бірақ олар бұл ұлттық тағам түрінен бас тартқан емес неге? Өйткені, ауылшаруашылығындағы адамдарға жұмыс беріп отыр, әрі отандық өнімді өндірушілерді қорғайды. Қазақстандағы кейбір облыстар азық-түлік тауарлардың соның ішінде, сүт, ет өнімдерін, шұжықтың 50-60% Ресейден әкеліп отыр. Ресейде шығатын азық-түлік өнімдерінің 17% электр энергиясына тиесілі. Бізде бұл көрсеткіш 70%. Сондықтан бізде шығатын өнімнің өзіндік құны шетелдік тауарлармен бәсекелесе алмай отыр. Сонымен қатар Қазақстанда малдың 4-5% ғана асыл тұқымды Израильде әрбір сиырдан 12 мың литр сүт алса бізде бұл көрсеткіш 2-2,5 мыңнан аспай отыр. Жалпы ауыл шаруашылығына Қазақстанда көзқарас түзеліп келеді. Үкімет ауыл шаруашылығына қатысты үш жылдық бағдарлама қабылдады. Бұл салаға 250 миллиард теңге бөліп отыр.
Ең басты мәселе ғылымды, биотехнологияны дамытуға тиіспіз. Дамыған елдер жері аз болса да, биотехнологиялық өнімдерді өндіріп, әжептеуір табыс тауып отыр.
Жасыратыны жоқ соңғы жылдары тыңайтқыштарды пайдалану зиянкестермен күрес кенжелеп қалды. Біз бір гектардан 10-13 центнер астық алсақ, АҚШ пен Канада да 60 центнерге дейін жеткізеді. Бұл үшін жалпы тұқым, технология керек. Екі алып елмен қоңсы отырмыз. Олардың екеуінің де экономикасы өте қарқынды дамып келеді. Бәсекелесу қиын дей тұрғанмен, алпауыт Американың іргесінде тұрған Канададан үлгі алсақ, артық болмас. Канаданың жері, климаты географиялық орналасуы бізге өте-мөте ұқсас. Агроөнеркәсіп саласында бұл елмен байланыс біршама жақсарып келеді. Канададан асыл тұқымды сиырлар әкеліп, Астана, Алматы өңірлерінде жерсіндіріліп жатыр.
Қазіргі мал шаруашылығындағы өзекті мәселелердің бірі, бірегейлі жұқпалы мал ауруларымен күрес, оның диагностикасы және профилактикасы болуды «Бруцеллез» (сарып) зооантропогенезі ауру ретінде адамдар үшін қауіп туғызып келеді. Қазіргі таңда қоздырғышының кейбір түрлері басқа түрге ауыса бастауы аурудың қауіптілігін күшейте түсуде. Мысалы, қой ешкінің - metitensisi ipi қараға ауысқан, яғни осы түрмен сиырлар ауыра бастады. Бұл жағдай облыс, аудан көлемінде эпизоотиялық және эпидимиологиялық ахуалды нашарлата бастады. Диплом жұмысындағы көрсетілген талдаулар зерттеу нәтижелері, қорытындылау мен ұсыныстар сараланып тиімділері шаруашылықтарға ұсынылды.
Диплом жұмысы тиісті талаптарға сай жасалынып кестелермен, диаграммалармен өрнектелген.
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстанда бруцеллез ауруының үлкен ауқымда тарап, ауылдың эконномикасының өркендеуіне орасан зор шығын келтіріп отырғандығы жайлы ғылыми деректерден жиі көруге болады. Жалпы «бруцеллез» ауруы Оңтүстік өңірінде де мал шаруашылығына елеулі қауіп туғызуда. Әсіресе бұл аурудан жас балалардың жапа шегуі кімді болса да ойландыруы керек. Аталған аурумен ертеде малға қатысы бар азаматтар ауыратын еді. Қазіргі таңда бұл аурумен қарасында малы жоқ қала халқы ауыра бастаған тіпті бір отбасы мүшелері толық ауырған жағдайлары кездесуде. Бруцеллез адамдарға әр түрлі малдармен жұғады. Індет көбінесе жанасқанда (ауру малмен немесе олардың өнімдері, шикізаттарды пайдалнғанда) немесе элиментарлық жолмен жұғады.
Қазақстан ғалымдары сарып ауруының эпизоотлогиясы, аурудың белгілері, қоздырғышының биологиясы, анықтау және алдын алу шаралары жөнінде бүгінгі таңда бірқатар жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Соған қармастан бұл ауру ветеринария ғылымы мен практикасында әлі де болса толық шешуін таппаған мәселе болып табылады.
Диплом жұмысында сарып ауруының қоздырғышының оның төзімділігі мен таралуы, микробиологиясы ауруды анықтау жолдары және онымен күресу шаралары туралы көрсетіледі.
Жұмыстың мақсаты: Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданындағы ауылшаруашылығы малдары арасында «бруцеллез» (сарып) ауруының індетттік жағдайын анықтап, ұсыныс беру болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей зерттеулерді орындау жоспарланды.
1. Сайрам ауданында ауыл шаруашылығы малдар арасында «бруцеллез» (сарып) ауруына індет-танулық зерттеу жүргізу 3 жылға (2005, 2006, 2007).
2. Түрлі мал аурулары арасында бруцеллезге тексеру жұмыстары ауруына диагностикалық ветеринарлық іс шараларға тікелей қатысы ұсыныс беруі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет