Дипломдық жобаның тақырыбы: «Алматы қаласы Гоголь көшесі бойындағы жол-көлік оқиғаларын төмендету бойынша іс-шаралар жасау»



бет5/14
Дата15.06.2016
өлшемі1.16 Mb.
#137265
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Қаза болған


Жарақат алған

Жүргінші

1

10

1

7

Жолаушы

1

5

-

-

Велосипедші

1

2

1

1

Барлығы

3

17

2

8

2003-2005 жылдарда Алматы қаласының қарастырылып жатқан көшесінде барлығы 3 бала қайтыс болды. Бұл сол жылдардағы барлық қайтыс болған адамдардың 42% құрайды. Соның ішінде 2 бала өз кінәсінен, ал біреуі жүргізушінің кінәсінен қайтыс болды. Сонымен қатар, сол жылдары 17 бала жарақат алған. Бұл барлық жарақат алғандардың 29% құрайды. Егер жарақат алғандардың тікелей автомобиль ішінде отырған және ЖКО болдырмауға әсер етуге мүмкіндігі болмаған 5 баланы есептегенде, онда қалған 12 баланың 8-і (66%) өз кінәсынан жарақат алған.

Бірақ бала қаншалықты өзі кінәлі болса да, оны кінәлауға болмайды. Бұл жағдайлар балалардың жол қозғалысының ережелерін білмегендігімен немесе біле тұра, оны орындамаумен түсіндіріледі.

Балалармен болатын ЖКО-ларды кеміту үшін мектептерде жол қозғалысы ережелері бойынша сыныптар ұйымдастыру қажет. Сонымен қатар, баланың жолдағы өзін-өзі ұстаудағы жауапкершілігін әр ата-ана балаға кішкентай жасынан үйретіп, оларды орындауын бақылау қажет. Бұл баланың өмірін сақтауда орасан зор ықпал болады.


1.4. Дипломдық жобаның негізгі мақсаттары
Дипломдық жобаның негізгі мақсаты Алматы қаласындағы Гоголь көшесінің қарастырылатын учаскесінде көлік құралдарының қозғалыс қауіпсіздігін жоғарылатуға арналған іс-шараларды өңдеу болып табылады:

  1. қарастырылатын учаскеде соңғы 3 жылда болған ЖКО-ларды талдау;

  2. қарастырылатын учаскедегі көшелердің қақтығыс нүктелері мен қозғалыс қарқындылығын зерттеу;

  3. қарастырылатын учаскедегі көлік құралдарының қозғалыс қауіпсіздігін жоғарылатуға арналған іс-шараларды өңдеу;

  4. экологиялық жағдайды зерттеу және қоршаған ортаға пайдаланған газдардың әсерін төмендету әдістерін қарастыру;

  5. қарастырылатын учаскедегі енгізуге ұсынылған іс-шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау.



2. КӨШЕ-ЖОЛ ТОРАБЫНЫҢ ТАЛДАМАСЫ
2.1. Қақтығыс нүктелерi мен тар орындарды талдау
Көп көшелер мен қала сыртындағы жолдар өздерiнiң параметрлерiмен қазіргi техникалық нормативтерге сєйкес келмейдi. Бұл жағдайлар қозғалыс үшiн ынғайсыз жағдайлар туғызады жєне жол қозғалысын ұйымдастырудың инженерлiк жұмыстарын қиындатады. Қозғалысты ұйымдастыру тапсырмаларын шешу кезiнде келесiдей сипаттамалар үлкен мєнге ие: қарастырылатын жердегi тұрғындардың тығыздығы жєне оның геометриялық сызба-нұсқасы, сонымен қатар көше жол торабының ортасынан шеткi нүктесiне дейiнгi орташа қашықтық, шеткi нүктелерiнiң ара-қашықтығы жєне жол торабының түзу сызықтық коэффициентi.

Тар орындарды көше-жол торабында аныктаудың негiзгi кемшiлiгi тек болып өткен ЖКО туралы ғана қорытындылар жасау мүмкiндiгi болып табылады, ал жол қозғалысын ұйымдастырудың басты мiндетi оларды алдын-алуға негiзделген көптеген зерттеулер ЖКО-ның єсiресе қақтығыс нұктелерi деп аталатын орындарда, яғни жол қозғалысына қатысушылардың өзара спецификалық єсерлесуi орын алатын жерлерде жиi болатындығын көрсетiп отыр. Осылайша, потенциалдық қақтығысу нүктелерiн анықтау жєне оларды алыстату ЖКО-ның пайда болуын күтпей-ақ, қозғалыс жағдайларының қауіпсiздiгiн арттыруға мүмкiндiк бередi. Бұл жағдайда, єсiресе жол қиыласулары ерекше мєнге ие болады.

Қиылыс – бiр деңгейдегi жолдардың қиылысуынан туындайтын аймақ. Қиылыс тротуардың немесе жол шеттерiнiң сыртқы шекараларын байланыстыратын құрастырылған сызықтармен шектелiнедi. Қиылыстар үшiн ағындары єртүрлi бағыттар бойынша бөлу, тоғысу жєне қиылысу нүктелерi немесе тұтас алғанда қақтығыс нүктелерi деп атайды. Єрбiр қақтығыс нүктесiне тән ерекшелiгi ЖКО-ның пайда болуының потенциалдық қауiпi ғана емес, сонымен қатар көлiк құралдарының кiдiру ықтималдығы болып табылады.

Осылайша, қозғалыстың бiр жолағына ие болатын кєдiмгi реттелмейтiн екі жолақты қиылыстың єрбiр бағытында ауытқудың жєне тоғысудың 8 нүктелерi мен қиылысудың 16 нүктесi, яғни барлығы 32 қақтығыс нүктелерi болады. Бұдан басқа, 8 нүктеде көлiк жєне жүргiншiлер ағындары өзара қиылысады (сурет 2.1).




Сурет 2.1. Барлық бағыттардағы қозғалысы рұқсат етілген жағдайлар-дағы 2-жолақты қиылыстардағы қақтығысу нүктелерi:

  • қиылысу нүктесі;

  • тоғысу нүктесі;

  • ауытқу нүктесі;

  • көліктер мен жүргіншілердің қиылысу нүктесі.

Қарастыларып отырған Гоголь көшесінің Сейфуллин және Байзақов көшелері қиылыстарының арасындағы барлық қиылыстардағы қақтығысу нүктелерiнiң талдамасын жасаймыз.

2.2-шi суретте Гоголь – Байзақов көшелерiнiң қиылысындағы қақтығысу нүктелерiнiң талдамасы жасалған.


Сурет 2.2 Гоголь – Байзақов көшелерiнiң қиылысындығы қақтығыс нүктелерi.
Гоголь – Байзақов көшелерi қиылысындағы қақтығыс нүктелерiнiң талдамасi: мұнда 8 ауытқу, 8 қосылу жєне 24 қиылысу нүктелерi бар. Ал жүргiншiлер мен көлiк ағындары 12 нүктеде қиылысады.

Қиылыстың қүрделiлiк дєрежесiн келесi теңдiкпен анықтаймыз:


m=5nқ+3nт+nа, (2.1)

мұндағы nқ, nт және nа – сєйкесiнше қиылысу, тоғысу жєне ауытқу нүктелерiнiң саны.


Егер m < 40 шарты орындалса, онда торап қарапайым, m = 40…80 шарты орындалса – орташа күрделi жєне m = 80…150 шарты орындалса – торап күрделi, ал m > 150 шарты орындалса, торабымыз өте күрделi болып саналады.

Алынған мєндердi (2.1) формулаға қойып, Гоголь – Байзақов көшелерi қиылысындағы күрделiлiк дєрежесiн анықтаймыз:



m = 5 24+3 8 + 8=152

Яғни, m>150 шарты орындалғандықтан, бұл қиылысымыз өте күрделі болып саналады.

2.3-шi суретте Гоголь – Мұқанов көшелерiнiң қиылысындағы қақтығысу нүктелерiнiң талдамасы келтiрiлген.



Сурет 2.3. Гоголь – Мұқанов көшелерiнiң қиылысындағы қақтығыс нүктелерi.

Гоголь – Мұқанов көшелерiнiң қиылысындағы қақтығыс нүктелерiнiң талдамасының қорытындысы мынадай: 8 ауытқу, 8 қосылу жєне 24 қиылысу нүктелерi бар. Сонымен қатар, 12 нүктеде көлiк пен жүргiншiлер ағындары қиылысады. (2.1) формулаға алынған мєндердi қоя отырып, бұл қиылыстың күрделiлiк дєрежесiн анықтаймыз:



m = 5 24 + 3 8 + 8 = 152
Яғни, Гоголь – Мұқанов көшелердiн қиылысы өте күрделі болып саналады, себебі m>150.

Келесi қарастыратынымыз Гоголь – Мұратбаев көшелерiнiң қиылысы. Гоголь – Мұратбаев қиылысының қақтығыс нүктелерi 2.4-шi сүретте көрсетiлген.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет