Диссертация төлешбеков мәжід раушанбекұлы ХІХ ғ. Осман империясының Германиядағы сыртқы саясатының негізгі бағыттары


ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................89-91 ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



бет2/12
Дата09.06.2023
өлшемі48.13 Kb.
#474891
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Айнурға

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................89-91
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................92-100


КІРІСПЕ


Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстанның тарих ғылымында әлем тарихының мәселелерін зерттеу жұмыстары қазіргі уақытта қарқынды түрде жүргізіліп келеді. Соның ішінде Түркі әлемінің тарихын зерттеу отандық тарихнамада іргелі тақырыптардың біріне айналып отыр. Түркі мемлекеттері мен түркі халықтарының тарихы бойынша отандық тарихшылар тарапынан жаңаша көзқарас тұрғысынан зерттеуге ірі ғылыми қадамдар жасалуда. Түркі мемлекеттерінің ішінде ең ірі империялардың бірі болған Осман империясының тарихын зерттеу әлемдік және отандық тарихнамада өзекті тақырыптардың қатарынан орын алады. Түркия тарихының үлкен бөлігін құрайтын осман тарихының мәселелері Қазақстанның тарих ғылымындағы күн тәртібінде тұрған тақырыптардың бірі болып табылады. Түрік халқы бізге түбірі бір бауырлас халық болғандықтан, тәуелсіз Қазақстанның тарих ғылымында, Осман империясының сыртқы саяси, экономикалық және әскери тарихын мұқият, шынайы түрде зерттеп, оны идеологиялық тұрғыдан да жан-жақты қарастыру істері біз үшін жақсы нәтиже болмақ. Соның негізінде диссертациялық зерттеу жұмысында Құлдырау кезеңіндегі, нақтырақ айтқанда ХІХ ғасырдың соңғы ширегіндегі Осман империясы мен Германия арасындағы саяси және экономикалық байланыстар тарихы басты ғылыми нысанға алынды.
Бұл тақырып, Осман империясының сыртқы саяси тарихына қатысты ең өзекті тақырыптардың бірі болып отыр. Себебі, Осман империясының сыртқы саяси тарихы кеңестік тарихнамада кешегі күнге дейін маркстік-лениндік методологияның аясында біржақты көзқараспен бұрмаланып жазылып, мұнда, көптеген тарихшылар Осман империясына деген негативті көзқарас қалыптастырды. Бұған қарай отырып, кеңестік кезеңде Отан тарихын зерттеумен қатар, әлем тарихын зерттеуде де үлкен бұрмалаушылықтар орын алғандығын байқау қиын емес. Яғни кеңестік-коммунистік идеология өз кезегінде Отан тарихымен қатар әлем тарихының беттеріне де көптеген өзгерістер енгізіп отырған. Осылайша, коммунистік идеологияның қысымына ұшыраған кеңестік тарихшылар, онымен санасуға тура келіп, өз теориялары мен концепцияларын ашық ұсына алмады. Осман империясына қатысты, кеңестік тарих ғылымының мұндай жағдайларға баруының саяси астары көп болды. Сонымен қатар, ХІХ ғасырда Осман империясының Еуропадағы сыртқы саяси тарихы, оның ішінде Германиямен сыртқы саяси және экономикалық байланыстары тарихына қатысты еуроцентристік көзқараста болған бірқатар еуропалық тарихшылар Осман мемлекетінің Еуропа елдерімен жүргізген саясатына оң баға бермейді. Өз кезегінде еуропалық тарихшылардың мұндай біржақты ұстанымдар зерттеу тақырыбының өзектілігін арттырып отыр. Осман империясының аталған кезеңде Германиямен сыртқы саяси және экономикалық байланыстар тарихының объективті түрде зерттеу қазіргі кезде әлемдік османистикадағы басты тақырыптардың бірі болып отыр.
Алайда, Кеңес мемлекеті ыдырап, маркстік-лениндік идеология өмір сүруін тоқтатқан соң, Осман мемлекетінің тарихына да объективті талдаулар жасалынып, соның негізінде Осман империясының көптеген еуропалық елдермен түрлі салалар бойынша байланыста болғандығы айқындала бастады. Солардың бірі Жаңа заманда Осман империясының Германиямен орнатқан саяси және экономикалық байланыстар тарихы еді.
Бұл кезең, яғни ХІХ ғасыр Осман империясында қоғамдық өмірдің барлық салаларында құлдырау процесі орын алған кезең болды. Сондықтан, көп әдебиеттерде Осман империясының бұл кезеңін Құлдырау дәуірі деп атайды. Империяның құлдырауы бір ғасырдан астам уақытты қамтып, ол ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басына қарай құлауға дайын тұрды. Алайда, Осман империясы өзінің құлау жағдайында тұрғанына қарамастан, еуропалық империялардың саяси және экономикалық қолдауына сүйеніп, сол арқылы өзінің саяси тұрақтылығын реттеп алуға тырысты. Бұл кезеңде Осман империясына саяси және экономикалық қолдау білдірген еуропалық империялардың бірі Германия болды. Осман мемлекеті мен Германия арасындағы саяси және экономикалық байланыстардың негізі мен оның басты факторлары зерттелу үстінде сондай-ақ, оған қатысты жаңа тұжырымдар ұсынылуда. Өз кезегінде түрік және еуропалық тарихшылар арасында аталған кезеңдегі осман-герман байланыстарына қатысты ғылыми концептуалды мәселелер аз емес. Мұндай ғылыми мәселелер зерттеу жұмысының басты ғылыми өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алып егемен мемлекет болып, БҰҰ мен басқа да әлемдік және халықаралық ұйымдардың белді мүшесі болып қабылданғандықтан, Қазақстанда дүние жүзі тарихының ғылыми мәселелерін зерттеу мен оқытудың негізгі бағыттарын алға қоюы отандық тарих ғылымындағы маңызды қадамдардың бірі болып саналады. Себебі, ғаламдық интеграция мен модернизация және жаһандану үрдісі барысында, әлем елдерінің арасында лайықты орын табуда, Қазақстанда әлем елдерінің тарихын зерттеу мен оқыту өте маңызды шара болып табылады. Дүние жүзіндегі елдер мен халықтардың, ұлттар мен ұлыстардың корольдіктер мен империялардың этникалық, мәдени, ішкі және сыртқы саяси тарихын зерттеп оны ЖОО мен орта мектептерде оқыту, тәуелсіз Қазақстанда тарих ғылымының ірі прогрессивті көрінісі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет