Диссертация төлешбеков мәжід раушанбекұлы ХІХ ғ. Осман империясының Германиядағы сыртқы саясатының негізгі бағыттары



бет3/12
Дата09.06.2023
өлшемі48.13 Kb.
#474891
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Айнурға

Тақырыптың зерттелу деңгейі. XІХ ғасырда Осман империясы мен Германия арасындағы сыртқы саяси және экономикалық байланыстар тарихына қатысты ғылыми тақырыптар бойынша әлем тарихшылары тарапынан ғылыми зерттеулер жүргізіліп, көптеген ғылыми тұжырымдар ұсынылған. Олардың ішінде, түрік, ағылшын, неміс, кеңес және ресейлік тарихшылар мен шығыстанушы ғалымдар шұғылданған.
Түрік тарихнамасы. Осман империясының Германиямен сыртқы саяси және экономикалық байланыстары жайлы түрік тарихшылары тарапынан ғылыми талдаулар жасалған. ХХ ғ. Түркияда Осман империясы мен Германия арасындағы сыртқы саяси және экономикалық қатынастар тарихы бойынша да ғылыми жұмыстар жүргізілді. ХХ ғасырда Германия мен Түркия арасындағы саяси байланыстар жоғары деңгейде болып, бұл мемлекеттер бір-бірінің тарихын, өзара саяси және экономикалық байланыстар тарихын зерттеуге үлкен құлшыныс танытты. Мемлекеттер арасында білім мен ғылым саласында түрлі байланыстар орнап, ол екі мемлекеттің тарихын ерте заманнан бастап күні бүгінге дейінгі тарихын зерттеуге мүмкіндік берді. ХХ ғасырда осман-герман байланыстар тарихын зерттеуде көш бастайтын ғалымдар Ильбер Ортайлы, Рефат Өнсой, Мұрат Өзйүксел және басқалар болды. Бұл тақырып бойынша іргелі ғылыми еңбектердің бірі Ильбер Ортайлының еңбегі болды. Зерттеуші, құлдырау дәуіріндегі осман-герман саяси қатынастарын зерттеп, сонымен бірге Осман империясындағы немістер тарихын зерделеген. Зерттеу жұмысында, сұлтан ІІ Абдулхамит пен герман канцлері ІІ Вильгельм арасындағы саяси байланыстар жайлы ғылыми тұжырымдар көптеп орын алған [1].
ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында Түркияда Осман империясы мен Германияның экономикалық байланыстар тарихы жаңадан қолға алынған тақырыптардың бірі болды. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы Осман империясы мен Германия арасындағы экономикалық байланыстар тарихын зерттеген тарихшылардың бірі Рефат Өнсой болып, [2] зерттеуші аталған сала бойынша империялар арасындағы байланыстардың даму қарқыны жайлы бірнеше ғылыми тұжырымдар ұсынған. Оның 1871-1914 жылдар аралығындағы осман-герман экономикалық байланыстары жайлы еңбегінде екі мемлекеттің экономика саласында одақтастық байланыстар орнатуы мен оның себептері анықталған.
Осман империясы мен Германия арасындағы сыртқы саяси және экономикалық байланыстар тарихын жеке-жеке қарастырып, Құлдырау дәуіріндегі осман-герман экономикалық байланыстарын жаңа қырынан танытып жүрген түрік тарихшысы Тракия университетінің профессоры Фахри Түріктің ғылыми зерттеулері [3] тақырыпқа қатысты маңызды зерттеулердің қатарынан орын алады. Фахри Түрік Осман империясының Құлдырау дәуіріндегі, дәлірек айтқанда ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Германияның ірі кәсіпкерлерінің Осман империясына ірі экономикалық жобалар әкеліп, оны әрі қарай дамыту жоспарлары туралы неміс тілінде жарияланған монографиясында осман-герман экономикалық байланыстары тыңғылықты зерттелген. Монографияда аталған кезеңдегі осман-герман экономикалық байланыстарына нақты ғылыми талдау жасалған. Фахри Түрік қазіргі уақытта да Жаңа замандағы осман-герман экономикалық байланыстарын зерттеумен шұғылданып келеді.
Сонымен қатар, түрік тарихшылары арасында Өндер Дениз, [4] Вехби Имамоглы, сынды зерттеушілер аталған кезеңдегі Осман империясы мен Германияның экономикалық байланыстарын зерттеумен шұғылдануда.
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ асыр басында Осман империясы мен Германия арасында саяси және экономикалық байланыстардың дамуына Берлин-Бағдат теміржолының салынуы зор үлес қосты. Теміржол екі мемлекетті саяси және экономикалық салада одақтастық қатынастарға жетеледі. ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап күні бүгінге дейін Түркияда Берлин-Бағдат теміржолының салыну тарихы мен оның екі мемлекеттің саяси және экономикалық салаларда тығыз байланыс орнатуына қосқан үлесі туралы зерттеулер жүргізілуде. Бұл тақырып әлі толық ашылмаған тақырыптардың бірі болып саналады. Германия мен Осман империясы арасында салынған Берлин-Бағдат теміржолының тарихы мен оның саяси және экономикалық маңыздылығын тарихын зерттеген түркиялық тарихшылардың бірі Мурат Өзйүксел болып табылады. Мурат Өзйүксел екі мемлекет арасындағы саяси және экономикалық қатынастарға өзінің үлкен септігін тигізген Берлин-Бағдат теміржолының салыну тарихын зерттеді [5].
Берлин-Бағдат теміржолын салудағы басты саяси және экономикалық жоспарлар М. Өзйүкселдің зерттеулерінен кең көрініс тапқан. Сонымен қатар, Берлин-Бағдат темір жолының салынуы мен теміржолды салудағы басты саяси және экономикалық жоспарлар мен оның нәтижелері туралы қазіргі кезде де түрік тарихшылары тарапынан бірқатар зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Олардың ең негізгілерін атап өтсек, бұл тақырыпта Исмаил Йылдырым, [6] Кемал Гурбуз, [7] Муса Гумуш, [8] сынды тарихшы ғалымдар зерттеу жүргізген. Бұл зерттеушілер ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде Осман империясының теміржол саясатын зерттеп, сонымен бірге Берлин-Бағдат теміржолының тарихын зерттеген және оның сыртқы саясат пен экономикаға тигізер мол пайдасы туралы тұжырымдар жасаған.
ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде Осман империясы мен Германия арасындағы саяси және экономикалық процестер Түркияда атақты түрік тарихшыларының зерттеулерінде де көрініс тапқан. Олар аталған мәселеге қатысты арнайы тақырып көтеріп зерттемегенімен, тақырыпқа қатысты фактілерді өз зерттеулерінде атап өткен. Олар, Яшар Йүжел, Халил Иналжык және басқалар болды. Яшар Иүжел өзінің «Түркия тарихы» [9] деген зерттеулер жинағында осы кезеңдегі империяның ішкі саяси тарихымен қоса сыртқы саясатын да шынайы бағалаған. Түрік тарихшыларының бірі Халил Иналжык Осман империясының саяси, әлеуметтік-экономикалық және әскери тарихын кең көлемді жүргізген ғалымдардың бірі. Ол, XІХ ғасырда Осман империясының сыртқы саясатта Еуропа мемлекеттерімен жүргізген сауда-экономикалық қарым-қатынастар мен сыртқы саудадағы Осман мемлекетінің ықпалы туралы көлемді зерттеу жүргізген. Оның «Осман империясының саяси-экономикалық тарихы» [10] атты еңбектерінде осы кезеңдегі Осман империясының Германиямен сыртқы саяси бағыттарын жүйелі түрде зерделеген.
Осман империясының тарихын бір жүйеге түсіріп, империя тарихына қатысты түрік мұрағаттарындағы деректер мен құндылығы жоғары деңгейде болған зерттеу жұмыстарын пайдалана отырып, көп томдық Осман империясының тарихын жазуға басшылық еткен түрік тарихшыларының бірі Исмайл Хаккы Узунчаршылы мен Энвер Зия Карал болды. Аталған авторлар Осман империясының тарихын зерттеуге басшылық еткен. Олардың басшылығымен жариялаған тоғыз томдық Осман империясының тарихы қазіргі кезде жетінші рет басылып отыр. Оның ең соңғы бесінші басылымы 2011 жылы басылып шыққан. Бұл кітаптың сегізінші томында осман-герман саяси және экономикалық байланыстары қамтылған [11].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет