Диссертация төлешбеков мәжід раушанбекұлы ХІХ ғ. Осман империясының Германиядағы сыртқы саясатының негізгі бағыттары


Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері



бет9/12
Дата09.06.2023
өлшемі48.13 Kb.
#474891
түріДиссертация
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Айнурға

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты ХІХ ғасырда Осман империясы мен Еуропа мемлекеттері арасындағы саяси және экономикалық байланыстар тарихын зерттеу болып табылады.
Зерттеу жұмысын жазуда аталған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
– ХІХ ғасырдың соңғы ширегіндегі Осман империясының саяси ахуалын көрсету;
– Осман империясы мен Германия арасындағы саяси байланыстардың дамуына негіз болған саяси және экономикалық факторларды айқындау;
– Герман империализмінің дамуы мен оның халықаралық саяси аренадағы орнын нақтылау;
– Осман империясы мен Германия арасындағы саяси байланыстардың себептері мен барысын және жалпы саяси процесті ашу;
– Осман-Герман саяси қарым-қатынастарын және екі ел арасында құрылған саяси-әскери одақтың саяси мәнін анықтау;
– Осман империясы мен Германия арасындағы сауда-экономикалық байланыстар мен оның осман экономикасы үшін нәтижелерін зерттеу;
– Осман империясы мен Германия арасындағы экономикалық байланыстардың саяси салдарын зерделеу;
– Берлин-Бағдат теміржолының салыну тарихын зерттеу;
– Осман империясы мен Германия арасындағы Берлин-Бағдат теміржолының саяси және экономикалық маңыздылықтарын көрсету;
– Бағдат теміржолының салынуына Осман империясы мен Германиядан өзге империялардың саяси ұстанымдары және теміржолдың халықаралық саясаттағы рөлін айқындау.
Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негізі. Зерттеу жұмысында отандық және шетелдік ғалымдардың іргелі теориялық пікірлері мен тұжырымдары қолданыс тапты. Ғылыми-зерттеудегі жалпы тарихи-салыстырмалылық, тарихи жүйелеу әдістері пайдаланылды. Сондай-ақ, теориялық және методологиялық негізі ретінде, тарихи оқиғаларды баяндау кезінде саяси тарихи процестерді қарастыруда зерттеу жұмысында сыннан өткен диалектикалық амал қолданылды.
Зерттеу жұмысын жазу барысында біз соңғы жылдары жалпы тарих ғылымында болып жатқан түбегейлі өзгерістерді негізге алдық. Дегенмен, Осман империясы мен Еуропа мемлекеттері арасындағы саяси қатынастар мен шиеленістердің тарихын қарастыруда жершілдік пен діншілдік көзқарастарға бет бұрмау басты назарда болды. Сондықтан да, біз зерттеу жұмысын жазу барысында еуропоцентристік, ұлтшылдық, түрікшілдік және діншілдік көзқарастардан бас тартып, жоғарыдағы мәселелерді объективті түрде қарастыруға барынша талпыныс жасалды.
Кейбір батыс тарихшылары мен ғалымдарының Осман империясында құрылғаннан бастап ешбір мемлекеттік жүйе мен тәртіптің болмағаны жайлы және Еуропа елдерімен саяси, дипломатиялық, экономикалық байланыстар орнату туралы жалған концепциялардан бас тартылды. Сонымен қатар, «Осман империясында капиталистік қатынастардың болмағаны, онда қатып қалған орта ғасырлық феодализм мен әскери деспотизмнің салтанат құрғаны және бүкіләлемдік саясат пен экономиканың даму процесінен кеш қалғаны туралы» марксистік теория мен таптық көзқарастар негізге алынбады. Сондай-ақ, субъективті принциптерге сүйенген кейбір түрік тарихшылары және шовинистік көзқараста жасалған кейбір Ресей тарихшыларының Ресей мен Осман империясы арасындағы туындаған саяси мәселелер мен орыс-түрік соғыстарына қатысты теориялық тұжырымдары қабылданбады. Жоғарыда аталған теориялық және методологиялық мәселелерді ескере отырып, зерттеу жұмысының басты ғылыми тұжырымдары позитивистік, плюралистік методологияның принциптері мен Тарих ғылымының дәстүрлі методологиялық принциптеріне сүйене отырып ұсынылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет