Диссертация төлешбеков мәжід раушанбекұлы ХІХ ғ. Осман империясының Германиядағы сыртқы саясатының негізгі бағыттары



бет4/12
Дата09.06.2023
өлшемі48.13 Kb.
#474891
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Айнурға

Неміс тарихнамасы. Зерттеу жұмысының тақырыбы Германияның тарихына қатысты болғандықтан, бұл тақырып бойынша неміс тарихшылары тарапынан көптеген ғылыми мәселелер көтерілген. Осыған байланысты неміс тарихнамасы арнайы зерттеу жұмысында жеке пунктті құрайды. ХХ ғ. басында неміс тарихшылары мен шығыстанушылары осман-герман қатынастары бойынша көптеген ғылыми мәселелер көтерді. Аталған тақырыпқа қатысты ғылыми мәселелерін Павел Линденберг өз зерттеу жұмыстарында көтеріп, онда [12] ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде Германияның Осман империясының Шығыс провинцияларындағы саясаты зерделенген. Зерттеушінің тұжырымы бойынша бұл уақытта, өзге де еуропалық империялар секілді Кайзерлік Германия да Осман империясының шығыс провинцияларының байлығын игеруге күш салған. Зерттеу жұмысында Германияның Шығысты игеру жоспарларына талдау жасалады. ХХ ғасырдың басында Осман империясы тарихының аталған тақырыптарына арналған ғылыми мәселелерін Шығыс тарихы аясында көтеріп, бірқатар ғылыми тұжырымдар мен жаңалықтардың авторы Мартин Хартманн болды. Неміс шығыстанушысы, этнографы М. Хартманн, Осман империясының Шығыс провинцияларының тарихын, мәдениетін, этнографиясын зерттей отырып, сонымен бірге Германия мен Шығыс провинциялары арасындағы мәдени байланыстар туралы зерттеген [13]. Сонымен қатар, дәл осындай мәселелермен айналысқан зерттеушілердің бірі шығыстанушы, географ Уго Гроте болып, ол Осман империясы мен Германия арасындағы сыртқы байланыстарға қатысты зерттеулер жүргізген. Уго Гроте 1902 жылы Берлин-Бағдат теміржолының географиялық және этнографиялық маңыздылығы тақырыбы бойынша докторлық диссертация қорғаған. Өзінің негізгі ғылыми-зерттеу саласы Осман империясы мен Германия арасындағы сыртқы саяси байланыстарды және Осман империясы халықтарының тарихы мен олардың орналасу географиясын зерттеуге арнаған [14].
ХХ ғ. бірінші жартысында неміс ғалымдары Германия мен Осман империясы арасындағы сыртқы саяси байланыстардың үлкен көпірі болған Берлин-Бағдат теміржолының құрылу мәселелері мен оның Шығыс пен Батыс арасындағы қатынастарға тигізген мол көмегі жайлы арнайы ғылыми зерттеулер де жүргізілді. Бұл тақырып бойынша Павел Рурбах арнайы ғылыми жұмыстар жүргізген тарихшылардың бірі болды. П. Рурбахтың ғылыми жұмысында Берлин-Бағдат теміржолының салыну жоспарлары мен оның салыну барысы жайлы мәселелер көтеріліп, бірқатар тың тұжырымдар қабылданған. Автор өз зерттеуінде [15] басты басымдылықты бұл жолдың саяси маңыздылығына беріп өткен. Сонымен қатар, бұл тақырып бойынша германиялық тарихшылардың бірі Бекир Сыткы арнайы зерттеулер жүргізіп, ол «Берлин-Бағдат теміржолының құрылуы мәселелері» [16] атты тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Зерттеушінің негізгі ғылыми объектісі бұл теміржолды құрудағы негізгі жоспарлар жолдың құрылу мәселелері болып табылады. Автор, ең алдымен бұл теміржолдың құрылу қажеттігін туындатқан саяси және экономикалық факторларды негізге алып, сол бойынша талдау жүргізген.
ХХ ғ. 60-70 жылдары Германияда, ХІХ ғасырда Еуропадағы халықаралық қатынастар тарихын зерттеп, сонымен бірге Осман империясының сыртқы саяси жағдайын, оның халықаралық қатынастардағы ролін зерттеген тарихшылардың бірі Андреас Биркен болып, ол осы мәселелерге арнап бірқатар зерттеулер жүргізді. А.Биркеннің «Осман империясының провинциялары» және «ХІХ ғ. Еуропа мен Таяу Шығыс арасындағы экономикалық қатынастар» [17] атты зерттеу жұмыстарында аталған тақырыпқа қатысты түрлі мәселелер көтерілген. Сонымен қатар, ХІХ ғ. соңғы ширегінде Еуропадағы халықаралық қатынастардың бұзылуы мен еуропалық мемлекеттердің Осман империясына саяси қысым жасауы туралы зерттеулер Григор Шолгеннің еңбектерінде де кездеседі. Зерттеушінің негізгі саласы тарихшы-саясаттанушы болып, ол ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. Еуропадағы халықаралық қатынастар тарихын зерттеумен айналысқан. Осындай ғылыми жұмыстардың нәтижесінде, Григор Шолген 1984 жылы «Империализм және тепе-теңдік. Германия, Ұлыбритания және Шығыс мәселесі» [18] атты ғылыми еңбегін жариялады. Бұл зерттеу жұмысында автор Шығыс мәселесінің туындауы, Шығыс мәселесінің басты кейіпкері болған Осман империясының құлдырау тарихы және бұл мәселені шешуде Ұлыбритания мен Германияның ролі зерттеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет