Диссертация төлешбеков мәжід раушанбекұлы ХІХ ғ. Осман империясының Германиядағы сыртқы саясатының негізгі бағыттары


Зерттеу жұмысының деректік негізі



бет8/12
Дата09.06.2023
өлшемі48.13 Kb.
#474891
түріДиссертация
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Айнурға

Зерттеу жұмысының деректік негізі. Зерттеу жұмысын жазу барысында, бірқатар мұрағат деректері мен мұрағат деректері негізінде дайындалған құжаттық және қолжазба деректер қолданылды.
Османлы деректері. Қолжазба деректері Түркия Республикасының Министрлер кеңесі құзіретіне қарасты Османлы (Başbakanlı Osmanlı Arşivi – ВОА) мұрағатынан алынды. Онда негізінен, Осман мемлекеті мен Германия арасындағы келісімшарттар мен саяси және экономикалық байланыстарға қатысты мәліметтер алынды. Сонымен қатар, зерттеу жұмысында түрік, орыс, австриялық т.б. тарихшылар тарапынан аударылған Осман мұрағаттары материалдарының аудармалары негізінде жазылған еңбектер де қолданылды.
Осман империясының ішкі және сыртқы саяси тарихын зерттеудегі басты ерекшелік, онда мемлекеттік іс-қағаздармен айналысатын арнайы кеңселер жақсы жұмыс жасаған. Оның нәтижесінде османдық билеушілердің жазба құжаттары әрқашан сақталып отырған. Сондықтан, қазіргі кездегі Түркия республикасындағы Осман мұрағаты мұрағаттық құжат қорларына өте бай. Осман тарихшылары өз заманында Осман мемлекетінің ішкі және сыртқы саясаттағы әрекеттері туралы көптеген дерек көздерін қалдырып отырған. Ал одан кейін де көптеген түрік тарихшылары Осман империясының тарихы туралы мұрағат құжаттарын жарыққа шығарды.
Османлы мұрағатында аса үлкен мұрағат каталогтарының бірі Хатти-и Хумаюн мұрағат каталогы болып табылады. Хатти-и Хумаюн – Осман империясында сұлтандардың арнайы бұйрығы бойынша жазылған маңызды құжаттарды қамтыған мұрағат қоры. Қордың бұлай аталу себебі, осман сұлтандарының жариялаған жарлықтары мен шешімдері осылай аталған. Сондықтан да, бұл қорда сұлтанның бұйрықтары, оның қабылдаған заңдары мен қаулылары, шетелдік билеушілерге жазған хаттары мен шетелдік билеушілердің осман сұлтаны мен үкіметіне жолдаған хаттары және Осман империясының провинциялары басшыларынан сұлтан атына арнайы жазылған хаттар мен осы секілді өте маңызды құжаттар сақталған. Сонымен қатар қорда сұлтанның жеке бұйрығымен жазылған үкіметтің [50] қаулы-шешімдері бар. Қазіргі таңда олардың жалпы саны 100 мыңға жуықтайды.
Неміс деректері. Диссертациялық зерттеу жұмысының ғылыми мәселелерін шешуде неміс деректері де қолданыс тапты. Зерттеу жұмысында қолданылған неміс деректерінің ең маңыздылары Осман империясы мен Германия арасындағы саяси байланыстар тарихын зерттеуге ұйытқы болатын құжаттар жинақтары болып табылады. Осман үкіметі Германияның бірігуіне дейін Пруссиямен жақсы байланыста болып, Пруссия билігі Осман империясына өзінің әскери адамдары мен саясаткерлерін және елшілерін жіберіп отырған. Солардың бірі Гельмут Мольтке болды. Мольтке өзі саяси және әскери тұлға болып, ол Осман империясы мен Пруссияның жақсы саяси байланыстар орнатуының негізінде осман астанасына келген. Мұнда бірнеше жыл бойы саяси және әскери қызметте болып, көптеген құжаттар жазып қалдырған. Мольткенің құжаттар жинағы [51] зерттеу жұмысында пайдаланылды. Сонымен бірге Осман империясының Отто фон Бисмарк құрған біртұтас Германиямен саяси байланыстары және Герман империясының Осман империясына деген саяси ұстанымы туралы деректік құжаттар жинағы неміс тілінде жарияланған ең маңызды құжаттық жинақтардың бірі болып табылады. Сол жинақтардың ең негізгілері Ганс Йорг Корнрумфтың 1878 жылғы Берлин конгресі кезінде қабылданған халықаралық құжаттар мен конгресс кезіндегі Германияның Осман империясына деген саяси ұстанымы туралы жариялаған бірқатар құжаттар мен материалдар жинақтары болды [52]. Екі мемлекеттің саяси байланыстары мен ұстанымдарына бағытталған құжат жинақтарының үлкен бөлігі зерттеу жұмысының осман-герман саяси байланыстарының ғылыми міндеттерін шешуге көмектесті.
Осман империясының тарихына қатысты дерек көздерін жинақтаған тарихшылардың бірі австриялық тарихшы Йозеф вон Хаммер болды. Йозеф фон Хаммердің осман және өзге тілде жазылған мұрағат құжаттарын ешбір өзгеріссіз неміс тіліне аударып жариялағандықтан, ол да неміс тіліндегі құжаттар жинағының қатарынан орын алады. Ол өзінің зерттеу жұмыстарын осман мұрағаттарынан бөлек еуропалық мұрағаттардың көпшілігін аралап Осман мемлекетінің тарихына қатысты деректер жинағын да жарыққа шығарған. Оның еңбегі негізінен құнды деп айта аламыз. Өйткені, Осман империясының тарихын зерттеген көптеген ғалымдар, тіпті түрік тарихшыларының өзі де оның еңбектерінен сілтеме жасайды. Өйткені, ол осман түріктерінің тарихын зерттеу жұмыстары барысында мұрағат материалдары жинағын да жарыққа шығарған [53]. Зерттеу жұмысында Йозеф фон Хаммердің зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жарияланған құжаттар жинақтары пайдаланылды. Оның ішінде, Осман империясы мен Германия арасындағы саяси және экономикалық байланыстар мен оның Осман империясы үшін саяси нәтижелерін зерделеуге қатысты мәліметтер алынды.
Ағылшын деректері. Зерттеу жұмысында ағылшын деректері де қолданысқа енгізілді. Зерттеу жұмысында қолданысқа енген ағылшын тілінде жазылған деректер негізінен Англия мұрағаттары деректерінің көшірмелері болып саналды. Жалпы ХХ ғасырда Еуропаның мұрағаттары өз құжаттарын нақты тарихи кезеңдер бойынша көшірмелерін жариялауды қолға ала бастады. Бұл үрдіс қазіргі кезге дейін жалғасып келеді. Онда құжаттардың түпнұсқаларын көшіріп, кітап түрінде түптеп басып шығарады. Алайда, бұл құжаттар деректік құжаттың түпнұсқасы болмағаны үшін оларды деректану ғылымында екінші деңгейдегі деректер деп көрсетеді. Зерттеу жұмысында ағылшын тіліндегі деректердің ең негізгісін Британияның сыртқы істер министрлігі мұрағаты құжаттарының көшірме жинақтары құрады. Солардың бірі Британ империясының сыртқы істеріне қатысты Британ құжаттарының көшірмелері (BDFA - British Documents on Foreign Affairs: Reports and Papers from the Foreign Office Confidential Print) болып [54] табылады. Бұл құжаттар жинағы Кеннет Борн мен Камерон Уоттың ұйымдастыруымен жарияланып, онда ХІХ ғасырда Британ империясының Осман империясы, Балқан, Таяу Шығыс, Иран және басқа да Шығыс елдері мен халықтарының тарихымен байланысты болған құжаттардың көшірмелері қамтылған. Жинақ отыз алты томнан тұрады. Мұндағы құжаттық деректер сол қалпында, өзгеріске ұшырамай көшіріліп жарияланған. Бұл құжаттар жинағы ағылшын деректерінің ең маңызды бөлігін құрап, қазіргі кезде Осман империясы мен Шығыс тарихын зерттеуде құнды деректер базасы болып табылады.
Француз деректері. Зерттеу жұмысында қолданылған деректердің келесі бір тобы француз деректері болып табылады. Зерттеу жұмысында, Францияның Ұлттық мұрағаты (Archives Nationales) мен Сыртқы істер министрлігінің мұрағат құжаттарының көшіріліп жинақталған құжаттар жинақтары қолданылды. Мұрағат құжаттарын жинақтау арқылы Францияда жарияланған көлемді құжат жинақтарының бірі Осман империясының сыртқы саяси тарихына қатысты төрт томнан тұратын аса көлемді құжаттар жинағы болып табылады. Бұл құжаттар жинағын (RDILO - Recueil D'actes Internationaux de L'Empire Ottoman – Осман империясының халықаралық байланыстары бойынша актілер) Габриель Норадук жинақтаған [55]. Бұл жинақ, Осман империясының құрылуынан бастап құлауына дейінгі сыртқы саяси тарихына қатысты құжаттарды қамтитынымен ерекшеленеді. Құжаттардың негізін келісімшарттар, фирмандар, арыз, хаттама, конвенциялар және осы секілді құжат түрлері құрайды. Жинақтың 2-4 томдарында жарияланған құжаттар ағылшын және неміс деректерімен салыстырылып талдауға түсті.
Топкапы сарайы мұрағаты мен музейінің деректері. Осман империясының тарихына қатысты деректердің келесі бір үлкен бөлігін Түркия Республикасы Стамбул қаласындағы Топкапы сарайының мұрағаты мен музейінде сақталған құжаттар құрайды. Топкапы сарайы осман сұлтандарының резиденциясы болып мұнда Осман империясының Еуропа елдерімен саяси және дипломатиялық байланыстар тарихы үшін өте маңызды болып табылатын құжаттар сақталған. Сонымен бірге, Осман империясының Еуропада саяси, дипломатиялық қызметте болған осман елшілерінің қызметі жайлы және жалпы хат алмасу үрдісінен хабар беретін құжаттар да көптеп сақталған. Зерттеу жұмысында Топкапы сарайы мұрағатының Осман империясы мен Еуропа мемлекеттері арасындағы дипломатиялық байланыстарға қатысты құжаттары қолданылды. XVI ғасырда өзінің дамуының шарықтау шегіне жеткен Осман империясы Еуропаның мәдениетінің, экономикасының, дамуы мен құлдырауында және сыртқы саясатында елеулі роль атқарды. Ал ХІХ ғасырда керісінше Осман империясының саяси және экономикалық өмірінде Еуропа мемлекеттері елеулі роль атқарды. Соның ішінде Осман империясының саяси және экономикалық тағдырына тікелей әсер еткен Германия болды. Бұл жайлы сол кезден осы уақытқа дейін жетіп келген қолжазба деректері мен Топкапы сарайының деректері негізінде дайындалған құжаттар жинақтары бар. Өйткені, осман сұлтандары іс-қағаздарға құжаттарға ерекше мән беріп отырған.
Топкапы сарайының деректерін жинақтап елшілер мен дипломаттарға және жалпы Осман империясының сыртқы саяси байланыстарына қатысты құжаттарды арнайы жинақтаған түрік ғалымы Файк Решит Унаттың жинағында тақырыпқа қатысты көптеген мәліметтер берілген [56].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет