Диссертация төлешбеков мәжід раушанбекұлы ХІХ ғ. Осман империясының Германиядағы сыртқы саясатының негізгі бағыттары



бет6/12
Дата09.06.2023
өлшемі48.13 Kb.
#474891
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Айнурға

Ағылшын тарихнамасы. Тақырыпқа қатысты ғылыми мәселелер ағылшын тарихшылары тарапынан да зерделеуге түскен. Аталған кезеңдегі Осман империясының Еуропадағы сыртқы саяси бағыттары мен империяның Германиямен саяси байланыстарына қатысты ағылшын тарихшылары да тікелей және жанам түрде зерттеулер жүргізіп, бірқатар ғылыми тұжырымдар ұсынды. Ағылшын зерттеушілері арасында, ешқандай діни, саяси және басқа да көзқарастардан аулақ болып тек шынайы түрде түрлі ғылыми тұжырымдар ұсынған тарихшылар көп болды. Солардың негізгілерін атап өтсек, тақырыпқа қатысты ғылыми тұжырымдар ағылшын тарихшыларының ішінде, белгілі османтанушы ағылшын тарихшысы Кэролайн Финкельдің зерттеулерінде кездеседі. К.Финкель өзінің «Осман империясының тарихы» атты көлемді еңбегінде түрік халқының тарихын және Осман империясының Еуропадағы саясаты және осман-герман саяси байланыстары туралы тың тұжырымдар жасаған. Ол орта ғасырларда Еуропада үлкен саяси күшке ие болған Осман империясын Жаңа заманда ұзаққа созылған құлдырау процесін бастан кешірді дей отырып, басты саяси жағдайын Германиямен ұстанған саяси және экономикалық байланыстардың нәтижесінде тіктеп алды деп тұжырымдайды [21].
Сонымен қатар, Англияда Осман империясының Еуропа мемлекеттерімен дипломатиялық саясаты туралы Манчестер университетінің профессоры Ф.Ясами көлемді зерттеулер жүргізді. Зерттеушінің ІІ Абдулхамит сұлтан тұсындағы Осман империясының сыртқы дипломатиясына қатысты ғылыми мақалалар жинағы осман дипломатиясы тарихын зерделеген ең ірі ғылыми жұмыстардың бірі болды [22]. Бұл еңбекте 1876-199 жылдар аралығында Осман империясының сұлтаны болған ІІ Абдулхамиттің Еуропадағы сыртқы саясаты қарастырылып, онда сұлтанның Германиямен сыртқы байланыстарына қатысты тұжырымдар орын алған. Ф.Ясами мұнымен бірге осман дипломатиясына қатысты көптеген ғылыми мақалалар жариялады. Сонымен қатар, ағылшын тарихшысы Чарльз Шоллоудың Осман империясына қатысты өзінің ғылыми еңбегінде осман-герман байланыстарына бойынша ғылыми тұжырымдар келтірген. Автор бұл ғылыми-зерттеу жұмысын Шығыс мәселесіне байланысты Осман империясы мен Еуропа мемлекеттерінің арасында саяси жағдайдың шиеленісуіне арнап онда осындай саяси шиеленістерге байланысты [23] Осман империясының Германиямен жақындасуы туралы фактілерді талдауға түсірген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет