Сабақтың мақсаты: Ә. Нұрпейісов, С.Жұбатырұлы,Жиенбай шығармаларымен таныстыру. Шығармаларындағы адам мен табиғат байланысын талдау.
Сабақ жоспары:
9.1 Ә.Нұрпейісовтың «Соңғы парыз» романындағы Жәдігер, Бәкизат, Әзім бейнелері
9.2 Қ.Жиенбайдың «Даңқ түрмесінің тұтқыны» романындағы қазақ әйелдері мен жастар образы.
9.3 С.Жұбатырұлының «Абыржы» романындағы әлеуметтік -психологиялық сарын және экология
Бақылау сұрақтары:
Жазушы Арал қасіретін қалай береді?
Шығармадағы адамгершілік қасиет қалай көрініс табады?
Адам мен табғат арасында қандай сабаұтастық бар?
Қазақ әдебиетінің XX ғасырдың ақырғы он жылында проза жанрында да іргелі туындылар жарық көрді. Алдымен тілге оралатын туынды жазушы Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» роман-дилогиясы (1999). Бұл шығарма Кеңес дәуірінде жазыла бастағаны белгілі. Алғашқы нұсқалары кітап болып жарияланып үлгерген. Арал қасіреті – адамзаттың экология мәселесін елемеуден туған немқұрайдылықтың бір ғана көрінісі. Роман күнәнің арғы тегін адам баласының күнкөріс тірлігінен іздейді. Табиғат ананы аялап, қастерлеп, қадірлеудің орнына оған жыртқыш көзбен қарайды. «Техникалық өрлеу» алдымен табиғаттың ықылым заманнан уыздай ұйып тұрған тамаша тепе-теңдігін тас-талқанын шығарды. Жәдігер бейнесін сомдағанда жазушы Арал төңірегінің ерекшеліктерін, табиғатын, кейіпкерлердің қалыптасқан мінез-сипатын суреттейді. Жәдігер бейнесі адамзаттық биіктен көрінсе, бұл қасиет оған бала кезден табиғатты сүюден, қадірлеуден орныққан. Жәдігер характері – ұлттық характер. Қазаққа тән жуас, ұяң мінездері де, ашуы келсе бұрқ ете түсетін шамшылдығы да бір басына жетерлік. Жәдігер сонымен бірге табанды да өр мінездің адамы. Жас баланың еңбегіндей былқылдаған мұз үстінен жүк машинасын жүргізіп, балықты түбекке шығаратын көзсіз ерлігі, әйелінің қарсылығына қарамастан, балықшылар еңбегінің ыстық-суығына бірдей төзіп, үйіне қарасын көрсетпей кететіндігі іштей рухы берік жан екенін білдіреді. Жәдігер бейнесі қазақы көрікте шыңдалған нағыз азаматтың бейнесі. Ал, оның әйелі Бәкизат болса басқа адамға тұрмысқа шықпақшы. Өйткені ол Жәдігерге сүймей қосылған. Өзі ғашық болған Әзім мансаптың соңында жүріп, бұған теріс қарап кетті. Романда Бәкизаттың жан дүниесінің жұтаңдығы аңғарылып қалады. Қандай жағдайда да күйеуінің беделін сақтау – қазақ әйелінің ежелден қасиет тұтқан әдеті. Ал, Бәкизат болса адал еңбек етіп жүрген Жәдігерді өзінен төмен санап, кемсітіп отырады. Сөйлесе қалса: «Әй, осы сенің ит мінезің-ай», «Сен дені дұрыс кісі болғанда» деген сияқты сөздер шығады.
Жазушы С. Жұбатырұлының «Абыржы» романының тақырыбы – Арал теңізі тартылуынан туындаған экологиялық-әлеуметтік дағдарыс, идеясы – табиғат құбылыстары мен тіршілік иелеріне қалыптасқан жүйенің, бұзылуынан туындаған апат қаупі зардаптарын сездіру.
Роман – ХХ ғасырдың 90-жылдарындағы қазақ елінің қоғамдық-әлеуметтік жағдайын реалистікпен бейнелеген көрнекті туынды.
Романның идеялық-композициялық құрылымындағы сюжеттік бөліктер сабақтасқан желідегі басты кейіпкер – Медет Мөңкеұлы Жармекенов, 43 жаста, Алматыдағы жоғары оқу орнын оқып, бітіріп су шаруашылығының мамандағын иеленген маман. Туған жері – Арал теңізі жағалауы атырабындағы Бөкен ауылы. Су шаруашылығы саласындағы республикалық мекемелерде ұзақ жылдар бойы жауапты қызмет істеген ол 1993 жылы өзінің туған ауылына оралады.
Жазушы Сайлаубай Жұбатырұлының «Абыржы» романының аталуы да ХХ ғасырды 90-жылдарындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-тұрмыстық хал-ахуалының, поэтикалық баламасындай алынған секілді. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі (Т. 1. А-Ә) анықтамасы бойынша: «Абыржы ет. Сасу, қысылу, әбігерлену, не істерін білмей абдырау» [148, 39 б].
Шынынды да, «Абыржы» романы – Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі жарияланғаннан кейінгі ХХ ғасырдың 90-жылдарындағы еліміздің, оның ішінде Арал теңізі жағалауы алқаптарын мекендеген қазақ ауылдарының тұрмыстық жағдайларын көркем шындықпен бейнелеген.
Басты кейіпкердің адам құқығын шектеген озборлыққа қарсы тұра алатын қайсарлығы шынайылығымен баурайды. Баймырзаның әке-шешесінің басына барып, кешірім сұрағаны, мектеп директорының кабинетінен аттестатын ұрлап алғаны, пойызға ұрланып мінгені, жол бойы милициясының Жамбылға түсіріп тастағаны, сол қаладағы мелиорация және су шаруашылығы институтына оқуға қабылданғаны – сол кезеңнің шындығы екендігіне кәміл сенеміз. Себебі, жан әлеміндегі алға бағытталған ұмтылыстары, бұлқыныстары бар қазақ жастарының осындай әрі романтикалық, әрі реалистік болмысы тұтасқан іс-әрекеттерінің осылайша жүзеге асқандығы да ақиқат.
Роман композициясындағы әр кезең оқиғаларынан құралған сюжеттік бөліктерде Баймырза тағдырынан туындаған екі желілі сала егізделе өріліп отырады: біріншісі – әйелі Салтанат пен одан туған баласы Ғафизге байланысты оқиғалар; екіншісі – Барсакелмес аралына барған кезекті іс сапарында сондағы көңіл қосқан келіншек Ұмытхан мен содан туған баласы Қабыл-Қабылан тағдыры.
Басты кейіпкер Баймырзаның тағдыр жолындағы, қызметте жүрген кезіндегі өзгелерден дараландырып тұратын жақсы қасиеті – туған атамекені Арал теңізін, оның атырабын, табиғатын, Сырдария өзенін сол өлкенің азып-тозбауын ойлаған алаңжар көңілінің азаматтық-перзенттік көңіл тазалығымен дараланатыны да анық. Бұл – шығарманың көркемдік шешімі. Басты кейіпкер Баймырзаға дәуіріне тән ықпалдардың кемшіліктерін туындатқанын көрсете отырып, бірақ туған топырағын, атамекенін, тартылып бара жатқан Аралын ойлаған азаматтық ойлылығы жоғалмаған діл тазалығы шынайылығына оқырман назарына ұсынып отырады. Үлкен лауазым иесі Баймырзаны аса зор дайындықпен қарсы алған жерлестерінің қошеметтерін (арнайы аспаздық қызметі, қаладан аулақ ғимаратты қонақ үй ету, дайындығы мықты асабаны табу, қонаққа арнап мадақ термесін толғаған жырауды жырлату) артықтау көргенмен, көңіліндегі ризалық толы сезімін білдіреді.
Бұл романдарда адамға да, табиғатқа да тән құбылыстарды, қайшылықтарды көркем әрі шынайы суреттеген туынды. Роман түйініндегі Жәдігердің қазасы, Бәкизаттың жан дүниесінің жаңаруы символикалық суреттеулермен астасып, тың тәсілмен берілген.
1.Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. А., 1979
2. Бисенғали З.Қ. ХХ ғ.б. қазақ романы. А., 1997
3. Нұрпейісов Ә. «Соңғы парыз» романы
№10 практикалық сабақ тақырыбы. Қазіргі қазақ прозасындағы деректілік сипат мен көркемдік жүйе.
Достарыңызбен бөлісу: |