Дістемелік кешені



бет56/73
Дата05.12.2022
өлшемі0.63 Mb.
#466476
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   73
tzha keshen-2022-2023

Сабақтың мақсаты: Ұлттық идея мен көркемдік шешім, ұлттық таным туралы түсінік беру. Ұлттық болмыс көрініс табатын прозалық шығармаларға талдау жасау.
Сабақ жоспары:
6.1 Әлібек Асқар, Көсемәлі Сәттібайұлы, Қ.Түменбай әңгімелеріндегі әлеуметтік сарын мен стильдік ерекшеліктері.
6.2 Қазіргі қазақ прозасының зерттелуі.
Бақылау сұрақтары:
Ұлттық болмыс дегенді қалай түсінесіз?
Ұлттық идея көркем шығармада қалай көрініс табады?
Қазіргі кезеңдегі романдар,ондағы өмір белестері?
Қазіргі қазақ прозасындағы жаңа туындылардың бірі – Әлібек Асқардың «Өр Алтай мен қайтейін биігіңді» повестегі әлеуметтік талдау барысында бірден көзге түсетіні жазушының стильдік ерекшелігі. Өр Алтай төріндегі бір кезде айдарынан жел ескен, төрт құбыласы сай болған ауылдың бүгінгі мүшкіл халін суреткер сатылап көрсетеді. Кеңсе, ауылдың мектебі, дүкен, дәрігерлік пункт жабылады, яғни әлеуметтік құлдырау жолымен тұрмыс тауқыметі үдемелі жолмен беріледі. Жазушы әр алуан кейіпкерлерін болып жатқан өзгерістерге қатыстырып, көзқарас пен дүниетанымық ерекшеліктеріне тереңдеп бойлау арқылы өтпелі кезеңнің шындығын аша білген. Тіл, образ, сюжет, композиция тұтас бір өрілімде берілген. Бір кездері азан-қазан боп жататын базарлы ауылдан небәрі жеті үй қалғанымен, осы азғана шоғырдан тұратын сегіз отбасының басынан өткерген қилы, мұңлы да мұңсыз тағдыры бір повеске толық жүк болған. Жұртта қалған жеті үйдің жыры да жеті түрлі. Жазушы бір кездегі базары тарқамаған ауылдың қалай жетімсірегеніне тоқталып, сюжет желісін жетім қыз Сәлиманың тағдырымен ұштастыра суреттеумен жалғайды. Қоғам назарынан тыс қалса да, Алланың кең пейілінен кенде қалмаған алақандай ауылдың өгей тірлігі пошташы Сәлима қыздың пайымы арқылы берілген.
Жазушы Қуандық  Түменбайдың «Қобыз мұңы» атты әңгімесі де ұлттық таным тұрғысында жазылған туынды. Мұнда автордың баса назар аударатыны – жалғыздық мәселесі. Жалғыздық сипатын өзгеше көрсету үшін онда әкелі-балалы екі ұрпақ өкілінің көзқарас алшақтығы негіз етілген.
Н.Дәутайұлы соңғы кезде прозаның шағын жанры әңгімеге жиі қалам тартып жүр. Жазушының «Айғыркісі» атты көлемді әңгімесі ұлттық идеяның алтын қазығын айналшықтап шықпай қоюымен, қазақтықтың жаратылысын сүйіп жазуымен де дараланады.
Жылқы культі арқылы ұлттық рух асқақтайды. Ат мінсе, қазақ өз қалыбын сақтайды. Жаяу қазақ – жартылай қазақ. Әңгіме бір әулеттің өмір сүру пәлсәпасы арқылы ұлттық идеяның қайнар көзін ашады. Жылқы мен қазақ – бұл әңгімеде синоним, бір символға айналған, Жалғас Жылқыны құрту – қазақты ұлт есебінде құрту деген астарлы ойға жетектейді. Ауылдың күні батып барады. Урбандалу қазақты еңсеріп келеді, – дейді автор.
Әңгімедегі ұлының антиподы – әкесі. Жалғас пен Бұлди екеуі – екі түрлі адам. Қазіргі заманғы көкейін ақша тесіп, санасын тұрмыс билеген, ұлттық жаратылысын жатсынған, жат тұлыпқа емінген кейіпкер суреттеледі.
Көсемәлі Сәттібайұлының «Жылқыбай жездемнің сақалы» атты әңгімесінің астары – бүгінгі ұсақталып кеткен қазақ қоғамының бейбіт күнгі мінез-құлқы, тыныс-тіршілігі. Жазушы қазақтағы ескіліктің қалдығын юмор арқылы шенеуге шебер. Мәтіндегі үш төбеге бөліну – қазақтың үш жүзге бөлініп, трайболистік ойларға ден қойғанын тұспалдап тұрғандай тәрізді. Шығармада қазақтың бүгінгі өмірінің ауыр сыйқы суреттеледі. Қазақ қызын қытай жігіті алған. Қазақтың ұлттық тұтастығына зияны тиетін көріністер көз алдыңызға тізбектеледі. «Бұрын орыс келін мен неміс күйеу балаға бет шымшитын апаларым, қазір африкалық абысындарының «амбициясына» да үйренген. Ол жазғандар да анда-санда ат сабылтып келіп тұрады. Мынау қақсаған ханзу бала да әлгі жампоздар шошып жүрген үдерістің біздің ауылға тән бір сипаты» [9]. Жаһандануға салмаса, әңгіме астарынан күрсініс аңғару қиын емес.
Туындыда дін тақырыбы да қозғалады. Қазақ қоғамының өркениет көшіне ілесе алмай, жақсы мен жаманның, асыл мен жасықтың арасын бөліп, ажырата алмай жүргенін жазушы ұлттық қасіретке балайды. Ұтыла беретініміз де сол жақсы, құнды дүниелерді өз деңгейінде бағалай алмай, соның себебінен қоршылыққа ұрынатынымыздан. Ұлттық идея бұл әңгімеде өте бір нәзік һәм сырты юмор, іші зар, астыртын ағыстармен көркем берілген. Бұл әңгімедегі оқиға – қазақтың әр ауылының басындағы хал. Жазушы мұны шебер жеткізе алған.
. Сәттібайұлы К. «Жылқыбай жездемнің сақалы» әңгімесі // Қазақ әдебиеті. – 2008. – №13, – Б. 90-95.
2. Шапай Т. Қазақтың жаны. Астана: Елорда, 2001. – 284 б.
3. Құдайбердіұлы Ш. Үш анық. – Алматы: Жазушы, 1990. – 640 б.
4. Отарбаев Р. Дауысыңды естідім. – Алматы: Өлке, 2008. – 240 б.
5. М.Мағауин. Ұлт аралық жанжал. 13 том шығармалар жинағы. – Алматы: Қағанат, – 454 бет.
6. Елеукенов Ш. Әдебиет және ұлт тағдыры. – Алматы: Жалын ЖСШ, 1997. –368 б.
8 практикалық сабақ тақырыбы. Қазіргі қазақ прозасындағы исламдық сарындардың көркемдік ерекшеліктері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет