Дістемелік кешені



бет61/73
Дата05.12.2022
өлшемі0.63 Mb.
#466476
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   73
tzha keshen-2022-2023

Сабақтың мақсаты: Көркем шығармадағы психологизмге түсінік бере отырып, С.Елубайдың «Ақ боз үй» роман-трилогиясындағы кейіпкер психологизмдеріне талдау жасау.
Сабақ жоспары:
11.1 С.Елубайдың «Ақ боз үй» роман-трилогиясындағы деректен туындайтын қосындылардың нанымдылығы
11.2 Ж.Шаштайұлы мен Б.Шаханов повестерінің тақырыптық ерекшеліктері
Бақылау сұрақтары:
Қазақ прозасындағы психологизмді қалай түсіне аласыз?
«Ақ боз үй» роман-трилогиясы кейіпкерлерінің ерекшелігі?
С.Елубайдың “Ақ боз үй” роман-трилогиясында қазақтың ұлттық-этнографиялық діл болмысының ата-бабалық дәстүрлі мәдениет ерекшеліктері мол қамтылған. Роман-трилогияның басталуынан аяқталуына дейінгі идеялық-композициялық желіде қазақтың көшпелі тұрмысындағы өмірлік шындық көріністері табиғи шынайылығымен берілген. Алғашқы кітабының “Ақ боз үй ”аталуы да трилогияның ортақ атауы болған. Романның басталуындағы пейзаждық суреттеу мен этнографиялық бейнелеу тұтастығы эпикалық күрделі шығарма композициясының идеялық, поэтикалық мегзеулі мағыналық бағдарын да айқындайтындай әсер береді.
“Елсіз жым-жырт бос жатқан құла түз. Көз байланып, қараңғы үйіріле бастаған. Қадау-қадау қалқиған сирек бұталар. Ымырт көрпесін үстіне тартып, жай созылған кең сахара бейбіт ұйқыға бой ұсынған шақ. Төңіректі қоршап, қоймалжың ұйыған осынау тыныштықты сәл дір еткізе елеңдетіп, әлден уақытта әрегірек қалтарыстан сыңғыр етіп тұншығып қоңырау үні естілді. Түн ішінен құмығып талып жетті. Көп ұзамай қоңырау ашық сыңғырлап, жақындай берді. Түйелері шұбап тізіліп, түн ішінде келе жатқан керуен шалынды. Ауыр жүк тиелген атан, нарлар. Үнсіз жолаушылар. Түйе мойындарындағы жез қоңыраулар жүріске бір ырғақпен тербетіліп сыңғыр қағады. Шертпе күйдей жаяу қоңыр әуен таратады. Тыныш кештің шырқын бұзбай осынау бейуақ сәттің тылсым кейпіне әдемі үйлесіп жарасатындай.
Керуен көп ұзамай жолдан шықты. Құмсақ шағылға іркілді. Түйелерін шағын алаңға айналдыра шөгеріп, ортаға қапшық, қоржын жүктерін түсірді” (С.Елубай, 2005).
Романның “Құдық басында” тақырыбымен басталған осы алғашқы бөліктің жоғарғы жағында орналасқан эпиграфтың “...Қаратаудың басынан көш келеді, көшкен сайын бір тайлақ бос келеді» “Елім-ай”) жолдары да шығарманың қазақ тағдырының тарихи-поэтикалық баламалаумен романға желі болғанын аңғартады. Бұл – мыңжылдықтар бойы кең байтақ Тұран кеңістігін, Алаш жұрты мекендеген атақоныстар бойынша дамылсыз көшкен қазақ ұрпақтарының тарихи тағдырының поэтикалық баламалы көрінісі.
Тест тапсырмалары:
1) М.Мағауин үй образын қалай сипаттайды?
a) «Тірі жан»
b) «Береке»
c) «Базар»
d) « Бақыт»
e) « Мемлекет»
2) М.Мағауиннің үйді игеру, иелену, қоныстану (обретение) мотивінің ерекшелігі:
a) үй – адам баласының кіндік қаны тамған жер немесе ыстық пен суықтан қорғайтын қорған ғана емес, ол адам жан-дүниесіне тұрмыстың, өмірдің үйлесімін сіндіретін қасиетке ие.
b) Үй – шағын мелекет. Әкімі әке, халық балалар.
c) Үй – жылулық пен махаббат мекені.
d) Үй – отбасымыз қайда болса, сонда біздің үйіміз.
e) Үй - адам баласының кіндік қаны тамған жер немесе ыстық пен суықтан қорғайтын қорғаны.
3) Серік Ақсұңқарұлының «Адам Ата, Хауа ана» поэмасы қай сарындағы шығарма?
a) Психологиялық
b) діни-психологиялық
c) лиро-психологиялық
d) махаббат
e) эпостық шығарма
4) Ғ.Мүсіреповтің «Ана жыры» өлеңіндегі әлем кеңістігі?
a) Жұмақ
b) Жер
c) Алла
d) Ана
e) Ана құшағы
5) А.Кемелбаевтың «Ғибадат» өлеңінде қандай тақырып арқау етілеген?
a) діни-психологиялық
b) исдамдық
c) табиғат
d) ана
e) өлеңге табыну
6) Қалдым деме,оздым деме өзгеден,
Тек нысанын айқын болсын көздеген,- деген үзінді қай өлеңдер жинағынан алынған?
a) Дария дәурен
b) Қалдым деме
c) Жүрекжарды
d) Хикмет
e) Адам бол
7) «Түн Астана», «Бесін Орал», «Бозала таң Өскемен» өлеңдерінің авторы?
a) Б.Әлімжанов
b) С.Ақсұңқарұлы
c) Т.Медетбек
d) Ө. Оразбайұлы
e) Д.Нұрперзент
8) Д.Сарыбайұлының өлеңдерін талдап «сап толғау», «марқайыш толғау», «намыс толғау» деп анықтама берген ақын?
a) А.Байтұрсынұлы
b) М.Жұмабев
c) С.Сейфуллин
d) Қ.Мырза Әли
e) Б.Майлин
9) «Заман-ай», «Өткелдер» поэмасының авторы?
a) Дулат
b) Мұрат
c) С.Сейфуллин
d) Қадыр Мырза Әли
e) Т.Медетбек
10) Г.Шойбекованың ертегі айтып отырғандай ерекше бір пішінмен бастайтын әңгімесі
a) «адамгершілік»
b) «Өткелдер»
c) «Заман»
d) «Үй»
e) «Ғибадат»
12 практикалық сабақ тақырыбы. Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» роман-хамсасындағы тарихи бейнелер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет