Джайшибеков Г. З., Майлыбаева Э. У., Айтбаева А. Ж



бет1/5
Дата03.01.2022
өлшемі1.1 Mb.
#450683
  1   2   3   4   5
Практика ӘН Өсімдік шаруашылығы өңдеу және сақта


Ф.7.03-03



Коммерциялық емес акционерлік қоғамы «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті»

Джайшибеков Г.З., Майлыбаева Э.У., Айтбаева А.Ж.

«Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдеу және сақтау» пәнінен практикалық жұмыстарды орындауға арналған



ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ



Ш ымкент – 2018ж

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОНТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК

УНИВЕРСИТЕТІ


ТАМАҚ ИНЖЕНЕРИЯСЫ КАФЕДРАСЫ
Джайшибеков Г.З., Майлыбаева Э.У., Айтбаева А.Ж.

«Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдеу және сақтау» пәнінен практикалықжұмыстарды орындауға арналған


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
5В072800- «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандығының студенттеріне арналған

Оқу түрі: кредиттік, күндізгі

Ш ымкент 2018 ж.

ОӘЖ 664.65

ББК 36.81
Құрастырғандар:Джайшибеков Г.З., Майлыбаева Э.У., Айтбаева А.Ж.

«Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдеу және сақтау» пәнінен практикалықжұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау.




Әдістемелік нұсқау 5В072800-«Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандығының студенттеріне арналған.
Пікір жазғандар: Орымбетов Э.М.-М.Әуезов атындағы ОҚМУ доценті, т.ғ.к.

Көбжасарова З.И. -М.Әуезов атындағы ОҚМУ доценті, т.ғ.к.



ТИ кафедрасының мәжілісінде талқыланып бекітілген

№ хаттама 6 «24» 12. 2018ж, Тоқыма және тамақ инженериясы ЖМ кеңесінде талқыланып, бекітілген

М.Әуезов атындағы ОҚМУ әдістемелік советінің шешімен баспаға ұсынылды.

Хаттама №5 «28» 12. 2018 ж

© М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2018






Мазмұны


Кіріспе..........................................................................................................................

6

Практикалық жұмыс №1Элеваторлардың схемалары мен сызбалары...............


7

Практикалық жұмыс №2 Сусымал дененің қоршаған бетке қысымы...............

11

Практикалық жұмыс №3 Қойма қабырғасындағы бидай қысымы.....................

14

Практикалық жұмыс №4 Силос қабырғасындағы бидай қысымы.....................


18

Практикалық жұмыс №5 Бидай қабылдау және орналастырудағы технологиялық картаны жасау.................................................................................

21

Практикалық жұмыс №6 Бидайды қайта өңдеу және қабылдау құрал-жабдықтардың технологиялық желісінің эксплуатациясын анықтау..................

27

Пайдаланылған әдебиеттертізімі....................................................................

31


Кіріспе

Еліміздің экономикасындағы құрылымдық қайта құрулар өңдеу өндірістері саласында елеулі өзгерістер әкелді.Жаңа шағын-комплекстер салынып, қолданылып жүрген механикаландырылған қырман, қабылдау-тазалау, тазалау-кептіру және басқа да шағын кәсіпорындар қайтадан жабдықталып, кеңейтілуде. Олардың құрамында мини-элеваторлар, астық шикізатын өңдейтін мини-зауыттар жұмыс істеуде.

Өсімдік өнімдері және тамақ өнеркәсібінің негізгі шикізаты болып табылады.

Ауыл шаруашылығы өсімдік өнімдерінің ішінен кластерлік бағытта дамыған, өнімдері дүниежүзілік экспорт жүйесінде ең алғы орындарға ие болған астық және оның өнімдері. Астықты өсіріп, оны өңдеп өнім алу еліміздің стратегиялық дамуының басты бағыттарының бірі. Тамақтық қауіпсіздік мемелекет үшін бірінші орында тұрады. Осы салада технолог мамандарын дайындау үшін «Өсімдік өнімдерін өңдеу және сақтау» пәні астық қоймалары мен элеваторларда, ұн, жарма, құрама жем, нан, макарон, кондитер, қант, крахмал-сірне, сыра, спирт және шарап шығаратын кәсіпорындардағы мамандықтарға алғашқы тұтас түрде білім береді және өндірістің шикізаттарымен танысудың, одан өнім шығарудың бастапқы ұғымын, негізін қалыптастырады. Сондықтан оқулық осы атаумен ТМД және алыстағы шетелдермен салыстырғанда бірінші рет дайындалды.

Әдістемелік нұсқау өңдеу өндірістерінің көп салаларын қамтиды, олардағы жалпы басты мәселелердің бірі- шикізат ретінде қолданылатын өсімдік өнімдерін өңдеу және оларды шығынсыз сақтау. Осы талаптарға сәйкес оқулықта өсімдік өнімдерін өңдеу және сақтаудың мақсаттары мен талаптарынан бастап, қоймалардың техникалық және технологиялық даму жолдарын, астықты, қабылдау, жайғастыру, сұрыптау, салқындату, тазалау, кептіру, ұзақ сақтау технологияларының әдістерін және орындалу тиімділігін, қойылатын талаптарын, зиянкестермен күресу жолдарын, өсімдік өнімдерінің физикалық, биохимиялық, технологиялық, физиологиялық қасиеттерімен танысу, микроорганизмдердің сақтау кезіндегі өздігінен қызуын тудыратын себептерін, сақтау кезіндегі болатын үрдістерді, әдістері мен тәртіптерін оқырман студенттерге, магистранттарға, осы саладағы ғылыми ізденушілерге, кәсіби мамандарға таныстырады. Тақырыптың мазмұнын толық ашу үшін, оқулықта сызбалар, кестелер және суреттер берілген.

Ұсынылып отырған бұл әдістемелік нұсқау қазақ тілінде тұңғыш рет жарық көріп отыр. Сонымен қатар өсімдік өнімдерін өңдеу мен сақтауда өндіріске керекті технолог мамандарына теориялық және практикалық білім берумен қатар тәжірибе жүзінде үйренуге көмектеседі.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет