Джайшибеков Г. З., Майлыбаева Э. У., Айтбаева А. Ж


Практикалық сабақ №1. Элеваторлардың схемалары мен сызбалары



бет2/5
Дата03.01.2022
өлшемі1.1 Mb.
#450683
1   2   3   4   5
Практика ӘН Өсімдік шаруашылығы өңдеу және сақта

Практикалық сабақ №1. Элеваторлардың схемалары мен сызбалары
Кәсіпорындарды дұрыс орналастыру қазіргі кездегі басты проблемалардың бірі болып саналады. Ол үшін орналастырудың негізгі принциптерін ғылыми жолмен шеше білу керек.

Негізгі принциптің бірі - өнеркәсіп орындарын шикізаттарға және тұтынушы аудандарға жақын орналастыру. Бұл принцип астық қабылдайтын кәсіпорындар мен элеваторлар жұмысына толық әсерін тигізеді. Өндірілген астықты толық әрі сапалы сақтау үшін кәсіпорындардың көпшілігі өндірілетін шикізаттардың көлеміне байланысты орналастырады.Астықтың сапасын сақтаумен қатар оны тұтыну принциптері де ескеріледі. Бұл принцип, яғни еңбектің ұтымды бөлінісіне және экономикалық аудандардың комплексті дамуына толық жағдай жасайды.

Астық қабылдайтын кәсіпорындар мен элеваторлар шикізаттардың яғни өндірілген астықтың көлеміне сай белгіленеді. Олардың орналасуы қатынас жолдар үшін де ыңғайлы болуы тиіс. Сонымен қатар бұл кәсіпорындардың күнделікті пайдалану үшін энергетикалық және су көздері, құрылыс материалдары толық жеткілікті болуы керек. Кәсіпорындардың жобаларында мынадай көрсеткіштер болады: сыйымдылығы, тәуліктегі жүк айналымы, тәулігіне және бір сағатта жұмсайтын суы, жылуы, электр қуаты, тағы басқалары.

Дайындау мекемелері мен министрліктер, жоспарлау орындары көптеген экономикалық деректер негізінде экономикалық аудандарда оларды орналастырудың тиімділігін анықтады. Ол үшін мына көрсеткіштерге сүйенеді: бір өлшем сиымдылыққа келетін күрделі қаржы мөлшері, шикізаттар яғни астық дайындау шығыны, айналыс шығыны, күрделі қаржының өтелу мерзімі, тұтынушыларға жеткізуге байланысты шығындар.

Астық қабылдайтын кәсіпорындардың өндірістік -техникалық базасын жасау дәнді дақылдар өнімін мол алуға, оны дайындау мөлшерінің артуына тікелей байланысты. Қазақстанда астықты өндіру мен дайындаудың артуына қарай астық қабылдайтын кәсіпорындардың сыйымдылығы да артты. Кейінгі он жылдан астам уақыттың ішінде Қазақстанда элеватор салу қарқыны өте жоғары.

Үлкен астық қоймаларын, яғни элеваторлар салудың экономикалық тиімділігі жоғары. Мысалы, элеваторлар салғанда бір тонна сиымдылыққа келетін күрделі қаржы жай қоймаларды салғанда бір тонна сиымдылыққа келетін күрделі қаржыдан 1,5-2,0 есе, жұмыс істейтін адамдар саны 48%, ал айналыс шығыны 15% аз.

Еліміздегі астық дайындайтын және өндірістік элеваторлардың түрлеріне, техникалық жарақтануын талдау жасап өттік. Енді Қазақстандағы элеваторлардың сапалық құрамын, санын, техникалық сипаттамаларын және орналасуын қарастырайық (1-кесте)

 1 кесте - Республикадағы элеватор түрлері



Элеваторлардың түрлері

Қазақстан бойынша

Экономикалық аудандар










солтүстік

шығыс

оңтүстік

батыс

орталық

























1924 жылғы

7/100

3/49,7

-

-

4/50,3

-

Мемлекеттік банктікі

1/100

-

-

-

1/100

-

ДЛ-75

10/100

8/81,8

1/9,1

1/9,1

-

-

Л-2×100

10/100

6/57,5

3/38,4

1/4,1

-

-

Л-3×100

6/100

4/67,9

-

-

1/22,3

1/9,8

Л-4 × 175

12/100

10/79,8

1/7,3

-

1/12,9

-

Л-3 ×175

10/100

9/89,5

-

-

1/10,5

-

ЛВ-4 ×175

10/100

8/82,4

-

-

2/17,6

-

ЛВ-3 × 175

30/100

25/83,5

-

1/5,6

3/9,2

1/1,7

ДЛ-100

2/100

2/100

-

-

-

-

ДЛ-66

1/100

1/100

-

-

-

-

СКС-3× 144

4/100

2/57

-

-

2/43,0

-

РЗС-4 ×175

5/100

4/82,5

-

1/17,5

-

-

РЗС-5 ×175

4/100

2/52,8

1/23,6

-

1/23,6

-

РЗС-3× 176

2/100

1/51,7

-

1/48,3

-

-

Ескерту: алымы – элеваторлардың саны бөлімі – сыйымдылығы, %

 

7-кестеге қарағанда элеваторлардың 70% Солтүстік Қазақстан аймақтарында, одан соң Батыста, Оңтүстікте, Шығыста, ең азы орталық экономикалық ауданда орналасқан.



Қазақстанда элеваторлардың көп салынуына тың және тыңайған жерлерді игерудің әсер еткені белгілі. Осы уақытта жаңа типті ( Л-3×100, Л-3×175, Л-4×175 ) 28 элеватор пайда болды. Олардың негізгі қызметі – астықты қабылдап, тазартып, кептіріп, астық қоймаларының басқа түріне жөнелту.

1961 жылданбастап ЛВ-3×175, ЛВ-4×175, Л-4×175 типті элеваторлар салына бастады. Қазіргі кезде Қазақстанда жалпы сыйымдылығы 1457,4 мың тонна астық сақтайтын ЛВ-3×175 типті отыз элеватор, 692,1 мың тонна астық сақтайтын ЛВ-4×175 типті он элеватор бар.

Тың игеру басталғаннан кейінгі он жыл ішінде республикамызда элеваторлардың сыйымдылығы 1 млн 192 мың тоннаға, ал механикаландырған қоймалардыкі 11млн 72 мың тоннаға дейін жетті.

1965 жылдан бастап (СКС-3×144, РЗС-4 ×175, РЗС-5 ×175 6, РЗС-3 ×175) салына бастады.Республикамызда мұндай он бес элеватор бар, оның тоғызы солтүстік экономикалық ауданда орналасқан, жалпы сыйымдылығы 1млн 336 мың тонна.

Орта Азия мемлекеттік «Промзернопроект» институты 1967-68 жылдары ЛСК-100 типті элеватордың жобасын жасады. Ондай элеватор Қараадыр астық қабылдайтын кәсіпорынына салынып, іске қосылды. Осы институт 1975 жылы елімізде тұнғыш рет 75 мың тонналық РЗС-5×175 жұмыс үйі бар күріш қабылдайтын типтік элеваторлың жобасын жасады.

Сонымен қатар ұн заводтарын қамтамасыз ететін элеваторлар көп салынды. Оладың қатарына мынадай типті элеваторлар жатады: М-2×100, М-3×100,М-2×175,М-3×175 жәнеМС-3×175.

Республика бойынша бұлардың жалпысаны он екі, олардың астық сақтайтын сыйымдылығы да артып келеді.

1971 жылы елімізде Қазақстанның солтүстік аудандарына, Сібірге және Алтай өлкелеріне арналып ЛСВ-4×175 типті, сыйымдылығы 140 мың тоннаға дейін жететін элеватордың жобасы жасалынып бекітілді. Бұл элеватор республикамызда тұңғыш рет Целиноград облысының Краснознаменский астық қабылдайтын кәсіпорнында сыйымдылығы 113мың тонналық құрастырмалы темірбетон маттериалдарынан салынып іске қосылды.

Республикамызда құрастырмалы темірбетон маттериалдарынан салынған элеваторлардың сыйымдылығы 3 млн 763 мың тоннаға жетеді. Көкшетау, Қостанай, Торғай (тиісінше 769,5; 789,1; 725,6 мың тонналық) облыстарында элеваторлар сыйымдылығы бар, ал оңтүстік облыстарда аз.

Құрастырмалы темір бетоннан силостардың мынадай түрлері салынады: силос корпусы квадратты (3×3м) түрінде құрылыс элементтерінен тұрады; силостық корпустар диаметрі 6м сақиналардан (3×6м)торымен бірге құрастырылады;

силостық корпустар диаметрі 12м сақиналардан (2×3) торымен салынады. Осы көрсетілген силостық корпустарды үш түрлі элементтерден құрастыру жұмыстарын жүргізгенде артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де бар. Бірінші бағыттағы силостық корпустарды салудың артықшылықтары:

- индустриялық базаның болуы;

- құрастыру технологиясының толықтығы;

- конструкцияның универсалдығы;

- құрылыс алаңының жақсы пайдалануы;

- жұмыс істеп тұрған силостық корпустарға оңай қосылуы;

-динамикалық ауырлықтың жоқтығы және астықты тиеп жіберудуң оңайлығы.

Кемшіліктері: технологиялық машиналар көп және транспорт құралдары сапалы қолданылмайды. Екінші бағыттағы силостық корпустарды салу артықшылықтары біріншідегідей; кемшілігі – индустриялық базасы толық емес.

Үшінші бағыттағы силостық корпустарды салу артықшылықтары алдыңғылардыкімен бірдей, бірақ бірінші мен екіншіге қарағанда онда қолданылатын технологиялық машиналар аз.

Сонымен қатар қазіргі кезде мынадай кемшіліктері анықталды:

-индустриялық базасы толық емес;

- құрастыру технологиясы толық меңгерілмеген;

- динамикалық ауырлық бар;

-конструкциясы универсалды емес;

-құрылыс алаңы жақсы пайдаланылмайды.

1980 жылдан бері Қазақстанда элеваторлар темір материалдарынан салына бастады. Сол үшін Алматыда Бүкілодақтық « Казэлеваторстрой» тресі құрылып, көптеген облыстарда жұмыс қызу қолға алынуда. Сонымен Қазақстанда элеватор өндірісінің күшті дамыған жері біздің республикамыз деп айта аламыз.

Бірақ оның әлі де шешеілмеген көптеген проблемасы бар. Оларды қазіргі астық қабылдайтын кәсіпорындарға талдау жасап анықтауға болады.

Астық қабылдайтын кәсіпорындардың құрылымына көз салсақ, бес таблицада көрсетілген элеваторлар бар кәсіпорындарда күнделікті жұмыстар өз алдына бөлек әр түрлі технологиялық тізбектерде жүргізіледі. Типтік өте жоғары дәрежеде механикаландырылған элеватор да өндірістік процессті толық атқаруға қуаты жетпейді, яғни элеватордың әрқайсысы өз алдына бөлек жұмыс алаңын құрайды. Осы жағдай ең үлкен кемшілік болып табылады.

Типтік жобамен салынған элеватордың барлығына ортақ кемшілік – олардың қазіргі кездегі астық өндірісінің оперативтік жұмыстарын толық атқара алмауында.

Көптеген элеваторлар астық автомашинадан жұмыс үйіне қабылдап, транспортирлер арқылы тікелей норияға береді. Астықты қалыптастыру үшін қондырғыда жинақтайтын сиымдылықтар қарастырылмаған. Астықтың ылғалы көп болатын аудандарда кептіруге арнаулы қондырғының қуаты әлі күнге дейін жетпейді.

Қазіргі ғылыми жұмыстар элеваторлардың параметрлік қатарын анықтауға бағытталуда. Ол үшін алдымен әр түрлі кәсіпорындағы астық қабылдау мөлшері, оның техникалық жағынан жарақтандыру жағдайы, құрылымы анықталмақшы.

Келешекте астық шаруашылығының дамуына байланысты элеваторларға өте үлкен талаптар қойылады, соған сәйкес қоймалар салу басты жұмыс болып саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет