Джаншанло Р. Е



бет46/73
Дата27.11.2023
өлшемі0.77 Mb.
#484563
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   73
annotation101972 2

Ақша ағындарын бағалаудың жанама әдісі ұйымның ақша құралдарыныңқозғалысымен байланысты операцияларды сәйкестендіру мен есепке алуға және таза кірісті бірізді түзетуге негізделеді, яғни бастапқы элемент кіріс болып табылады.
Жанама әдістің мәні таза кірістің өлшемін қаржы құралдары өлшеміне түрлендіруде болып табылады. Осы ретте, әр ұйымның қызметінде оның қаржы құралдарының өлшеміне қатысы жоқ кірісті төмендететін (ұлғайтатын) жеке, көбіне өлшемі бойынша үлкен шығындар мен кірістер болатынын есепке алу қажет.
Талдау кезінде көрсетілген шығындар (табыстар) сомасына қаржының жылыстауымен байланысы жоқ шығындардың баптары және олардың түсімдерімен ілесетін кірістер баптары таза табыстың өлшеміне әсер етпейтіндей түзету жүргізіледі.
Оперативті басқаруда қолдану барысында жанама әдістің артықшылығы оның қаржылық нәтиже мен өз айналымындағы құралдарының арасында сәйкестік орнатуға мүмкіндік беретіндігінде болып табылады.Ұзақ мерзімді перспективадажанама әдіс мұздатылған қаржы құралдарының барынша проблемалық «тұтасқан орындарын» анықтауға мүмкіндік береді, және соған байланысты қалыптасқан жағдайдан шығу жолын анықтауға мүмкіндік береді.
Жанама әдіс ұйымның есептік кезеңдегі таза ақша ағынын сипаттай»тын мәліметтерді алуға бағытталған. Оған есептік баланстан есеп айырысу, кіріс пен шығындар туралы есеп нәтижесінде алынған қаржы құралдаының түсуі енеді. Тек кейбір ақша құралдарының ағыны нақты көлемі бойынша көрсетіледі: амортизациялық аударымдар; өз акцияларын сатудан түскен түсімдер, дивидендтерді алу және төлеу, несие иен қарыздар алу және төлеу, негізгі қорға капиталдық қаржы жұмсау, материалдық емес активтер, қаржылық инвестициялар, айналымдағы қаржының өсімі; негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, қаржылық инвестицияларды сату. Осы әдіспен ұйымның қаржы құралдарының қозғалысы туралы есепті әзірлеуге арналған ақпарат көзі «Бухгалтерлік баланс» 1 формасы мен «Кіріс пен шығыттар жөніндегі есеп» 2 формасы болып табылады.
Есептерді жүргізу үшін бухгалтерлік есептің шоттары бойынша айналым тізімдемесі мәліметтерін пайдалану қажет.
Есептеу негізінде – таза кіріс, амартизациялық аударымда, сондай-ақ, ұйымның активтерінің және пассивтерінің өлшемінің өзгеруі. Қаржы құралдарының түсімі талдаудың жанама әдісіне сәйкес баланс пассивінің баптарының ұлғаюымен және баланс активінің баптарының төмендеуімен туындауы мүмкін. Жылыстау, керісінше, актив баптарының ұлғаюымен және пассив баптарының төмендеуімен туындайды.
Жанама әдіс арқылы таза ақша ағынын есептеу қорлардағы, дебиторлық берешектегі, кредиторлық берешектегі, қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардағы және операциялық қызметке қатысты активтің басқа баптарының өзгерістері сомасына таза кірісті сәйкесінше түзету жолымен тұтастай ұйым мен қызмет түрлері бойынша жүзеге асырылады. Бұл әдіс қызметтің әр алуан түрлерін үйлестіруге және таза кіріс пен есептік кезеңдегі ұйымның балансының активтері мен пассивтеріндегі өзгерістердің арасында өзара қатынасты орнатуға мүмкіндік береді.
Жалпылай түрде ақша құралдарының қозғалысын есептеуге арналған формуланы келесі түрде жазуға болады:
ЧДП = ЧП + АО + ΔДЗ + ΔМЗ + ΔКЗ,
мұндағы: ЧП – таза кіріс; АО – негізгі құралдар амортизациясы; ΔДЗ – дебиторлық берешектің өсімі( төмендеуі); ΔМЗ – материалдық қысқа мерзімді активтердің қорларының өсімі (төмендеуі).
Қаржы құралдарының қозғалысы қандай қызметпен (операциялық, инфестициялықнемесе қаржылық) байланысты екенін анықтау үшін баланс пен ұйым қызметінің түрлерінің арсындағы келесі өзара байланыстарды пайдалануға болады.
Операциялық қызмет бойынша жанама әдіспен ұйымның таза ақша ағынын есептеудің негізгі элементі есептік кезеңде алынған оның таза кірісі болып табылады. Түзетулер енгізу жолымен таза кіріс ары қарай таза ақша ағыны көрсеткішіне түрлендіріледі. Қарастырылып отырған кезеңдегі операциялық қызметтің таза ақша ағынын мына формула бойынша есептеуге болады:
ЧДПод = ЧП + АО - ∆МЗ - ∆ДЗ + ΔКФИ + ∆КЗ,
мұндағы: ∆МЗ – қорлар өсімі; ∆ДЗ - дебиторлық берешек өсімі; ΔКФИ – қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар сомасының өзгеруі; ∆КЗ – кредиторлық берешек өсімі.
Осылай, жанама әдіс ұйымның таза қаржылық нәтижесі мен таза ақша ағыны арасындағы айырманы анық көрсетеді. Бірқатар түзету процедураларының көмегімен ұйым нәтижесі (таза кіріс немесе шығын) операциялық қызметтің таза ақша ағынының өлшеміне түрлендіріледі. Бір мезетте таза ақша ағынының ұлғаюы мен қысқартылуына әсер ететін факторлар көрінеді.
Осыдан соң, таза ақша ағынының әр құрамдас бөлігінің өзгеру себебін егжей-тегжейлі зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет