Джаншанло Р. Е



бет47/73
Дата27.11.2023
өлшемі0.77 Mb.
#484563
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   73
annotation101972 2

Инвестициялық қызмет бойынша таза ақша ағынының сомасы ұзақ мерзімді активтердің жеке түрлерін сату сомасы мен есептік кезеңдегі оларды сатып алу сомасының арасындағы айырма ретінде анықталады. Инвестициялық қызмет бойынша көрсеткіштің жылыстауын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:
ЧДПид = ΔОС - ΔНА - ΔНКВ - ΔДФИ - ΔДАпр,
мұндағы: ΔОС – негізгі қаржы сомасының өзгеруі; ΔНА – материалдық емес активтердің сомасының өзгеруі; ΔНКВ – аяқталмаған капиталдық қаржы сомасының өзгеруі; ΔДФИ – ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар сомасының өзгеруі; ΔДАпр – өзге ұзақ мерзімді активтердің сомасының өзгеруі.
Осы формуланың әрбір құраушысы ақша ағынының ұлғаюына немесе қысқаруына әсер етуі мүмкін. Тереңдетілген сараптама барысында инвестициялық қызметтің таза ақша ағынының негізгі жинақтарының өзгеру факторлары егжей-тегжейлі зерттеледі.
Қаржылық қызмет бойынша таза ақша ағыны сомасы сыртқы көздерден тартылған қаржы қорларының сомасы мен негізгі қарыз сомасы, сондай-ақ ұйымның меншік иелері төлеген дивидендтердің (пайыздардың) арасындағы айырма ретінде анықталады. Қаржылық қызмет бойынша осы көрсеткішті есептеу жүргізілетін формула:
ЧДПфд = ΔСК + ΔДК + ΔКК,
мұндағы: ΔСК – меншікті капитал сомасының өзгеруі; ΔДК - ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздар сомасының өзгеруі; ΔКК – қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар сомасының өзгеруі.
Ұйым қызметінің көрсетілген үш бағыты бойынша ақша ағындарының сомасы таза ақша ағынын түзеді. Таза ақша ағынының өлшемін өз қызметі нәтижесінде ұйымда болуы тиіс қаржы құралдарының әлеуетті көлемі ретінде қарастыруға болады:
ЧДП = ЧДПод + ЧДПид + ЧДПфд.
Ары қарай өнімнің өзіндік құнына енетін шығындарды қоса алғанда, мақсатты түрде кірістердің өзгеру факторларын, несиеге сату көлемін өзгерту; салықтардың есептелуі және т.б. саралау.
Соңғы табыс ақшаның қозғалысын суреттемейтін өзгерістерге және олардың көлеміне байланысты өзгереді. Ақша қозғалысын суреттейтін өзгерістерге басты фондтың және ақшалай емес активтердің өзгерістері,басты фондтарды және ақшалай емес активтерді құруға кеткен шығындар басты фондтан келген табыстар НИОКР-ға кеткен шығындар жатады. Табыстың өзгерістерін кері капиталды және қаржыны реттеу үшін алдын ала бірнеше есептеулер жүргізу керек.
Бірінші есептеу-ауқымдағы уақытқа керекті материалдарды сатып алу көлемін анықтау.
М=КҚп+ КҚ,
м ұндағы: КҚп - жеткізушімен есептесу(ауқымдағы уақыттағы кредиттік қарызды жабу); КҚ - кредиттік қарыздың көлемінің өзгерістері.
Екінші есептеу-материалды шығындардың өзіндік құнын қосқандағы шығыс сомасын анықтау:
МЗ=М - МШ,
м ұндағы МЗ - өндіріс қалдықтарының өзгерісі.
Үшінші есептеу – дебиторлардың түскен ақшаның сомасын есептеу:
ДҚ = Т - ДҚ,
М ұндағы Т- тауарды сатудан түскен табыс( МДС-сіз және акциозсыз); ДҚ - ағымдағы уақыттағы дебитордық қарыздың қалдығының өзгерісі.
Жанама әдісті пайдаланғанда таза табыснемесе шығын ақшалай емес операциялар,сонымен қатар кері капиталдағы операциялық өзгерістерге байланысты есептеледі.Бұл әдіс:

  • кәсіпорынның әртүрлі атқаратын жұмыстарының арасындағы қатынасты анықтайды.

  • ағымдағы уақыттағы таза кіріспен кері капиталдың өзгерістерінің байланысын анықтайды:

Төменде жанама әдісті қолдану арқылы ақша айналысын бағалау көрсетілген.
Қолма-қол ақша ағынын бағалау жанама әдіс соңғы ақша қаражаттарының таза қозғалысы(қолма-қол ақша қалдықтарының ұлғаюы) тең болады,оның нәтижесінде есептікезең таза пайда бойынша жүзеге асырылады.
Мұндай түзетулер шартты іскерлік операцияның сипатына сәйкес үш топқа бөлінеді;

  1. бухгалтерлік есептегі кірістер мен шығыстарды көрсетудегі уақыттардың дұрыс болмауы мен бұл операцияларға байланысты келген ақша мен кеткен ақшаның сомаларын өзгерту;

  2. шаруашылық операциялардың өзгерісі табысқа тікелей қатысы жоқ,ақша айналысына қатыспайтын;

  3. табысқа тікелей қатысы бар бірақ ақша айналысына қатыспайтын операциялар өзгерісі;

Методикалық түрде мұндай өзгерістердің белгілі бір ретпен орындалатынын байқауға болады.
Бірінші этапта байланысы бар ақшалай емес операциялардың таза қаржылық нәтиежеге ықпал етуін жою. Мысалы,басты қаржы мен материалдық емес активтерді алып тастау олардың қалдық сомасына тең есептік қалдыққа әкеледі.Мүліктің қалған бағасы қаржылай операциялары көлемімен алып тастау оған ешқандай әсер етпейді себебі барлық қаржы алу мүлікті сатып алған кезде тіркелді.Соған байланысты шығын есептелмей қалған шығын сомасы таза табыс көлеміне қосылу керек.
Екінші этапта,өзгеріс процедуралары қысқа уақыттағы атқарылатын жұмыстардағы өзгерістерге байланысты жүргізіледі.Бұның мақсаты қысқа мерзімде атқарылатын жұмыстардың қайсысы бастапқы есепті өзгерткеніне анықтау.Қысқа уақыттағы активтерді көбейту ақшаны пайдаланумен байланысты сондықтан шығын шығару деп бағаланады.Ал қысқа мерзімдегі активтерді азайту ақшаны босату сондықтан ол ақша кірісі деп бағаланады.
Өндірістің таза табыс нәтиежесімен таза ақша кірісін есептеу таза табыс немесе шығын мыналарға байланысты:

  • дебиторлық қарыздың өзгерісі қарыз тек кредитті есептемегендегі,қысқа уақыттағы қаржылай инвестициялардың қысқа мерзімдегі атқарылатын жұмыстар қорының өзгерісі.

  • ақшалай емес өзгерістер:ұзақ мерзімдегі активтердің өзгерісі;валюта бағасының өзгерістері есептелініп жатқан уақытқа байланысты алдыңғы жылдардағы табыспен шығыстары

  • инвестицияға және қаржылай өзгерістерді сипаттайтын басқа өзгерістер.Шаруашылық қаржылай және инвестициялық жұмыстары нәтижесінде таза табыстың өзгерісімен таза кіріспен( шығыс) анықталады.

Операциялық қызметтен түскен ақша қаражаттарының өсуі мен кемуін есептеу үшін мақсатты түрде келесі операцияларды жүзеге асыру қажет.
1)ақша ағымдарын бағалау әдісін ескере отырып, қысқа мерзімді активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелерді есептеу. Қысқа мерзіді активтердің баптарын түзету барысында салық салынғаннан кейінгі ұйымдар басқаруында қалған өсімді таза пайдадан шегеріп, ал талданып отырған кезеңдегі кемуін пайдаға қосу керек. Қысқа мерзімді міндеттемелерді түзету кезінде, керісінше өсімді таза пайдаға қосу керек, себебі бұл ақша қаражаттарының жылыстауын білдірмейді; бұл міндеттемелердің қысқаруы таза пайдадан шегеріледі.
2) ақша қаражаттарын төлеуді қажет етпейтін, шығыстарға кететін таза пайданы түзету. Ол үшін осы кезеңдегі шығыстарды (негізгі құралдардың амотртизациясы және материалды емес активтер) таза пайдаға қосу керек.
Ұзақ мерзімді активтер мен басқа эмитентті бағалы бағаздарды жүзеге асыратын қаржылық нәтиже сияқты операциялық емес қызметтен алынған кіріс пен шығыстардың әсерін алып тастау. Пайда пмен зиян есебінде таза пайданы есептеу барысында есепке алынған осы операциялардың әсері қайталау шотын алып тастау үшін келелесідей тәртіпте түзетіледі:
Бұл операциялардың шығынын таза пайдаға қосу қажет. Кірістерді таза пайда сомасынан шегеру қажет.
Сонымен қатар, бұл бөлімде шоттың қайталануын болдырмау үшін инвестицилық және қаржылық қызметтегі баптардың таза пайдаға әсері алынып тасталады.
Осылайша, негізгі құралдар мен материалды емес активтердің амортизациясы ақша ағымының көлеміне ықпал ететін маңызды акшалай емес фактор болып табылады. Бухгалтерлік есепте амортизаиялық аударымдар өнім мен қызметтің өзіндік құнымен түсіндіріледі. Сондықтан да кезеңдегі ақшалай қаражаттарды есептеу кезінде осы аударымдардың сомасын қайта қалпына келтіру қажет, яғни таза пайда көлеміне есептелген тозу сомасын қосу керек.
Ақшалай емес баптарадың ақша ағымдарының көлеміне әсерін келес түрде анықтауға болады:

  • Амортизацияцияланбаған негізгі құралдардар мен басқа да ұзақ мерзімді активтерді есептен шығарғанда олардың қалдық сомасын қаржылық нәтиженің төмендеуіне жатқызады. Әр түрлі мүліктердің сатылуы пайдада жүзеге асыру бағасы мен қалдық құн арасындағы айырмашылық түрінде көрінеді, есептілік кезеңіндегі ақша түсімі толықтай сомасында болса, онда мүліктің қалдық құны пайдаға қосылуы керек.

  • Өнімнің өзіндік құнына кіретін материалды шығындар олардың өндіріске шығарылуына қосылады, алайда олардың сатып алынуына шоттардың төленуі – бұл ақшаның шынайы жылыстауы, сондықтан өндірістік қорлар мен шығындарды жоғарлату сомасын пайдадан шегеру керек. Сол уақытта негізгі құралдарды тарату немесе өндірістегі матриаодардың кері қайтарылуы ақшаның жылыстатауына әсер етпейді, сондықтан да сомаға сәйкес пайда өседі.

  • Қысқа мерзімді міндеттемелер шотындағы қалдықтың өсуі орын алса ақшаның түсуі орынды, осыған байланысты сол сомаға пайданы арттыру қажет.

Жанама тәсілді қолдану барысында ұйымның таза пацдасы мен зияны ақшалай емес операция нәтижелеріне және капитал айналымындағы өзгерістерге байланысты түзетіледі.
Осылайша, осы тәсіл:

  • әр түрлі қызмет ұйымдары арасындағы байланысты көрсетеді;

  • таза пайда мен ұйымның есептілік кезеңіндегі капитал айналымындағы өзгерістер арасында тәуелділікті қалыптастырады.

Жанама тәсіл үшін келесі ережелерді есте сақтау керек: ақша қаражаттарының қозғалысы есебінде көрсетілген ақша ағымдарына шығу таза пайданы алып барлық ақшалай емес баптарға түзету жүргіземіз.. Жанама тәсіл үшін түзетудің үш түрі қолданылады:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет