ДҮниежүзілік сауда ұйымы



бет14/78
Дата04.03.2016
өлшемі6.06 Mb.
#38185
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   78

Қорытынды





  1. Қазақстан өкілі ДСҰ-ға кірген күннен бастап Қазақстан не ЕАЭО-ның құзырлы органы қабылдаған, тауарлардың импорты мен экспортына әсер ететін барлық заңдарды, қағидаларды және басқа да шараларды қолдану ДСҰ-ның Импорттық лицензиялау рәсімдері бойынша келісімін және ДСҰ-ның 1994 жылғы Тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісімінің I, III, VIII және XI баптарын қоса алғанда, ДСҰ Келісімінің тиісті ережелеріне сай болатынын растады. Ол ДСҰ-ға кіргеннен кейін Қазақстан ЕАЭО туралы шартқа, ЕАЭО-ның құқықтық құралдарына, Комиссия шешімдеріне не қазақстандық заңнамаға сәйкес импортталатын тауарларды декларациялауға арналған құқығы бар тұлғаға импорттау үшін берілетін лицензияны және/немесе қызмет түріне арналған лицензияны кеден органдарына ұсынбай-ақ, алкоголь өнімдерін, дәрілік заттарды және шифрлау құралдарын қамтитын тауарларды импорттауға байланысты тиісті кедендік баждарды, төлемдер мен алымдарды төлеуге рұқсат етуді қамтамасыз ететінін және осы тауарларды импорттауға арналған тиісті лицензиясы және/немесе қызмет түріне арналған лицензиясы бар тұлға олардың Қазақстан Республикасы аумағында еркін айналымы мақсатында кедендік ресімдеу пункті аумағынан әкете алатынын растады. Жұмыс тобы осы міндеттемелерді назарға алды.



А. ИМПОРТТЫҚ РЕТТЕУ

  • Қарапайым кедендік баждар





  1. Қазақстан өкілі 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕАЭО туралы шарттың «Еуразиялық экономикалық одақтың Бiрыңғай кедендік тарифі» деген
    42-бабы және «Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы хаттама» деген 6-қосымшасы Қазақстанда кедендік тарифті қолдану үшін құқықтық негіз болып табылатынын түсіндірді. Еуразиялық экономикалық одақтың Бiрыңғай кедендік тарифі (БКТ) ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің «Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағын бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы» 2009 жылғы 27 қарашадағы № 18 шешімімен (бұдан әрі – ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің № 18 шешімі) белгіленген. ЕАЭО туралы шарттың 42-бабына сәйкес КО БКТ-ның негізгі мақсаттары мен міндеттері мыналар: (i) тауарларды ЕАЭО-ның кедендік аумағына әкелудің тауарлық құрылымын ұтымды ету; (ii) тауарларды ЕАЭО-ның кедендік аумағынан әкетудің және оған әкелудің ұтымды арақатынасын ұстап тұру; (iii) ЕАЭО-да тауарлар өндіру мен тұтыну құрылымындағы ілгерінді өзгерістер үшін жағдайлар жасау; (iv) ЕАЭО-ның әлемдік экономикаға тиімді интеграциялануы жағдайларын қамтамасыз ету, және (v) Одақ экономикасының салаларын қолдау болып табылады.




  1. ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің № 18 шешіміне сәйкес кедендік баждар мөлшерлемелерін Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – ЕЭК немесе Комиссия) белгілейді. Сонымен қатар, дамушы және нашар дамыған елдерге тарифтік преференциялар беру қағидалары 2008 жылғы
    12 желтоқсандағы Кеден одағының бірыңғай тарифтік преференциялар жүйесі туралы хаттамада (бұдан әрі – Тарифтік преференциялар бойынша хаттама) көзделген.




  1. ЕАЭО туралы шартқа сәйкес Комиссия БКТ-ның мөлшерлемелері бойынша шешімдерді ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы келіссөздердің нәтижелері негізінде қабылдайды. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің кедендік әкелу баждары мөлшерлемелерін біржақты тәртіппен өзгертуге құқығы болмайды. Қазақстан өкілі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер қолданатын тарифтік жеңілдіктер осы Баяндаманың «Тарифтік жеңілдіктер» және «Саудамен байланысты инвестициялық шаралар» деген бөлімдерінде сипатталғанын айтты.




  1. Қазақстан өкілі БКТ-ның мөлшерлемелері бойынша шешімдерді Комиссия, әдетте, олар бойынша шешім консенсуспен қабылдануы қажет сезімтал тауарларды (осы Баяндаманың 7-қосымшасында тізбеленген 5 012 тарифтік желілерді) қоспағанда, мамандырылған дауыс көпшілігінің үштен екісімен қабылдайтынын қоса айтты. Шешімді консенсуспен қабылдау ЕАЭО-ның құқықтық базасын құрайтын келісімдерде көзделген өзге де жағдайларда талап етілуі мүмкін. Ол БКТ-ға өзгерістерді және Қазақстан немесе ЕАЭО-ға мүше басқа да мемлекеттер ұсынатын тарифтік емес шараларды қоса алғанда, ЕЭК-тің құзырына берілген сауда саясаты бойынша Қазақстанның ұстанымын сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссиясы қарап, мақұлдайтынын қоса айтты.




  1. Жұмыс тобы мүшесінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы келісімнің 1-бабынан БКТ мақсатын «Кеден одағының экономикасын шетелдік бәсекелестіктің қолайсыз әсерінен қорғау» ретінде белгілейтін ережені алып тастау туралы сауалына жауап ретінде Қазақстан өкілі бұл ереже ЕАЭО туралы шартқа инкорпорацияланбаған және, тиісінше, ол 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылмайды деп жауап берді.




  1. Қазақстан Республикасының өкілі 2004 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан
    таңбалық номенклатураны 2002 жылғы Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жүйесінің (2002 ҮЖ) қайта қаралған нұсқасына негізделген
    10 таңбалық номенклатураға ауыстырғанын атап көрсетті. Кейін, Үкіметтің «Кедендік тариф және Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасы туралы» 2007 жылғы
    28 желтоқсандағы № 1317 қаулысымен кедендік әкелу баждарының жаңа мөлшерлемелері белгіленіп, олар 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды. 2002 – 2007 ҮЖ сәйкестік кестесін қоса алғанда, 2007 ҮЖ нұсқасындағы Кедендік тарифтер тізбесін ұсыну жөніндегі сауалға жауап ретінде Қазақстан өкілі БКТ мөлшерлемелері Комиссияның ресми сайтында (http://www.eurasiancommission.org/en/act/trade/catr/Pages/default.aspx) жарияланғанын айтты. 2002-2007 ҮЖ сәйкестік кестесі ДСҰ Хатшылығына бөлек жіберілді.




  1. Қазақстан өкілі 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап БКТ-ның қолданылатын мөлшерлемелері 2003 жылғы 11 маусымдағы ЕурАзЭҚ-тың сыртқы сауда қызметінің бірыңғай номенклатурасы туралы келісімде көрсетілгендей,
    2007 ҮЖ номенклатурасына негізделген Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауарлық номенклатурасында белгіленгенін қоса айтты. «Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауарлық номенклатурасының және Кеден одағының бірыңғай кедендік тарифінің жаңа редакциясы туралы» 2011 жылғы
    18 қарашадағы КО № 850 Комиссия Шешіміне сәйкес 2012 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан 2012 ҮЖ номенклатурасына негізделген БКТ мөлшерлемелерін қолдануда. ДСҰ-ның тарифтер бойынша келіссөздері Қазақстан келіссөздерді жүргізу басталған кезде пайдаланған номенклатураны көрсете отырып, 2002 ҮЖ номенклатурасының негізінде жүргізілді. Тауарлар нарығына қол жеткізу жөніндегі екіжақты келіссөздердің нәтижелерін негізге ала отырып, ДСҰ Хатшылығы Тарифтік құқық берулер мен міндеттемелердің шоғырландырылған тізбесінің жобасымен жұмысты аяқтап, оны 2007 ҮЖ номенклатурасына ауыстырды.




  1. Қазақстан Республикасының өкілі бүгінгі таңда БКТ 11 170 тарифтік желіден тұратынын мәлімдеді. Көптеген тарифтік желілерге (9208 желі) қатысты адвалорлық мөлшерлемелер, ал 216 тарифтік позиция бойынша – ерекше мөлшерлемелер қолданылады. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер оған қатысты тарифтік квоталар қолданатын етті: сиыр етін, шошқа етін және құс етін қоса алғанда, бірқатар тауарларды қоспағанда, адвалорлық мөлшерлемелердің 0-ден 30% -ға дейінгі диапазоны бар, онда ішкі квоталық мөлшерлемелер 0-ден 25% деңгейінде, квотадан тыс мөлшерлемелер – 50-ден 80%-ға дейін белгіленген. Ерекше мөлшерлемелер белгіленген тарифтік позициялар алманы, шоколадты, сыраны және күшті алкоголь ішімдіктерін қамтиды.




  1. Қазақстан өкілі БКТ-ның қалған 1 746 тарифтік жүйесі аралас мөлшерлемелерге жататынын айтты. Ол аралас мөлшерлемелер баламалы мөлшерлемелерді білдіретінін, онда бір мөлшерлеме – адвалорлық мөлшерлеме, ал екіншісі – мөлшерлеменің ең төменгі деңгейі болып табылатын ерекше мөлшерлеме, мысалы 5%, бірақ килограмына €1-дан кем емес екенін түсіндірді. Адвалорлық мөлшерлеме де, ерекше мөлшерлеме де тауарлардың кедендік құнына байланысты ғана қолданылатынын айтты. Қойылған сұраққа жауап ретінде ол аралас мөлшерлемелердің мыналарға: тірі шошқаларға, етке, балықтың кейбір түрлеріне, ферменттелген немесе ашытылған сүтке, қаймаққа, іріткіге, сары майға, ірімшікке, құс жұмыртқаларына, гүлдерге, қызанаққа, қиярға, бананға, цитрустарға, кофе мен шайға, күрішке, үгітілген ашытқыға және крахмалға, консервіленген жемістерге, өсімдік майларына, шұжықтарға және өзге де ет өнімдеріне, шырындарға, шай мен кофе сығындыларына, ашытқыларға, басқа жерде атауы аталмаған дайын өнімдерге (мысалы, 2106 позиция), суға және этил спиртіне, жануарлар азығына, шылым мен темекіге, натрий сульфидіне, резорцинге және оның тұздарына, малеинді ангидридке, ағартқыштарға және сабынға, декстринге және модификацияланған крахмалдарға, пластмассаларға және олардан жасалған бұйымдарға, резина шиналарға, иленген тері мен былғары бұйымдарына, қағаз бен картоннан жасалған бұйымдарға, мата емес материалдарға, кілемдер мен тоқыма еден төсеніштеріне, төсеніші бар маталарға, маталарға, аяқ киімдерге, бас киімдерге, жасанды гүлдерге, керамикалық бұйымдарға, бижутерияға, алюминийге және одан жасалған бұйымдарға, қалайыға және одан жасалған бұйымдарға, киім-кешектерге, тұрмыстық электроникаға, машиналарға, сағаттарға және жиһазға қолданылатынын атап көрсетті.




  1. Қазақстан өкілі аралас мөлшерлемелер бойынша баждар салуға жатпайтын тауарлар үшін Қазақстан не ЕАЭО-ның құзырлы органдары орташа кедендік құн базасында есептелген әрбір тарифтік желі үшін баждың ерекше бөлігінің адвалорлық эквивалентінің баждың Қазақстан Республикасының Тізбесіндегі тиісті тарифтік желі үшін белгіленген адвалорлық бөлігінен аспауын сақтауды мына ережелерге сәйкес қамтамасыз етілетінін растады:

(i) Қазақстан немесе ЕАЭО-ның құзырлы органдары баждың қолданыстағы ерекше мөлшерлемесінің қолданыстағы баждың адвалорлық бөлігінің деңгейінен аспауын қамтамасыз ету үшін оны азайту қажеттілігін жыл сайын айқындайды;

(ii) есептеулер Қазақстан ДСҰ-ға кірген күннен кейінгі күнтізбелік бірінші жылдан бастап әрбір күнтізбелік жыл өткенге дейін 2 ай қалғанда жүзеге асырылады;

(iii) соңғы 5 жылдық репрезентативтік кезеңдегі деректерді таңдау жолымен және одан ең жоғары және ең төмен сауда көрсеткіштері бар жылдардағы деректерді алып тастай отырып 3 жылдық кезеңнен алынған есептеу деректері;

(iv) Қазақстан солармен кеден одағында немесе еркін сауда туралы келісімде тұратын елдермен және аумақтармен сауда бойынша деректер есептеулерден алып тасталады;

(v) Деректер ДСҰ-ның Интеграцияланған Деректер Қорына (ИДҚ) берілетін Қазақстан Республикасының ресми кедендік статистикасынан іріктеліп алынады (мұндай деректер қолжетімді болмаған жағдайларды қоспағанда). Деректер қолжетімді болмағанда, ИДҚ немесе COMTRADE деректері пайдаланылады.


Қазақстан тарифтік желілер негізіндегі осындай есептеулердің нәтижелері жөнінде мүше елдерді хабардар етіп отырады және егер, мұндай нәтиже баждың ерекше бөлігін азайту қажеттілігін көрсетсе, ондай азайту есептеулер жүргізілген жылдан кейінгі жылғы 1 қаңтардан бастап жүргізіліп, автоматты түрде күшіне енетін болады. Ешбір жағдайда қолданыстағы баж (адвалорлық немесе ерекше нысандағы және Қазақстан не ЕАЭО-ның уәкілетті органдары белгілеген) аралас баждың байланысты мөлшерлемесінен аспайды. Егер жыл сайынғы қайта есептеуге негізделген азайтудан және мән-жайлардың өзгеруінен кейін баждың ерекше бөлігі баждың адвалорлық бөлігінен елеулі түрде төмен болып қалса, Қазақстан баждың нысанын осы тарифтік желі үшін байланысты деңгейге сәйкес келетін таза адвалорлық деңгейге біржолата өзгерту құқығын өзіне қалдырады. Жұмыс тобы осы міндеттемелерді назарға алды.


  1. Қазақстан өкілі Жұмыс тобының мүшелерін шығарылған жері белгісіз тауарлар импортына қатысты БҚР-дың екі еселенген мөлшерлемесі бойынша кедендік баждарды қолдануға рұқсат беретін ереженің «Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне өзгерістер енгізу туралы» 2007 жылғы
    8 қаңтардағы № 211-ІІІ Заңмен күші жойылғаны жайында хабардар етті. Яғни, мұндай импортқа қатысты БҚР-дың кәдімгі мөлшерлемесі қолданылады. Одан әрі ол ЕАЭО туралы шарттың «Дамушы елдерден және (немесе) нашар дамыған елдерде шығарылатын тауарларға қатысты тарифтік преференциялар» деген 36-бабына және Тарифтік преференциялар туралы хаттамаға сәйкес Қазақстан дамушы және нашар дамыған елдер үшін
    ЕАЭО-ның бірыңғай тарифтік преференция жүйесін (ЕАЭО БПЖ жүйесі) қолданады. ЕАЭО БПЖ жүйесін пайдаланатын дамушы (осы Баяндаманың
    8-қосымшасы) және нашар дамыған елдердің тізбелері (осы Баяндаманың
    9-қосымшасы), сондай-ақ ЕАЭО БПЖ жүйесінің қолданысына түсетін, дамушы елдерде және нашар дамыған елдерде шығарылған және солардан әкелінетін тауарлар тізбесі (осы Баяндаманың 10-қосымшасы) ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің № 18 Шешімімен бекітіліп, КО Комиссиясының «Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағын бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы» 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 Шешімімен (бұдан әрі – КО Комиссиясының № 130 Шешімі) қабылданған. ЕАЭО БПЖ жүйесіне сәйкес осы Баяндаманың 10-қосымшасында көрсетілген және дамушы елдерде шығарылған тауарларға қолданылатын кедендік әкелу баждары БҚР-дың кедендік баж мөлшерлемесінің 75 пайызы деңгейінде, ал нашар дамыған елдерде шығарылатын тауарлар үшін – 0% деңгейінде белгіленеді.




  1. Жұмыс тобы мүшесі қойған сұраққа жауап ретінде Қазақстан өкілі ЕАЭО БПЖ жүйесінің қолданысына түсетін, дамушы елдерде және нашар дамыған елдерде шығарылған тауарлар үшін тарифтік преференциялардың, егер тауарлар сол елде осы елдің резидентінен сатып алынған жағдайда берілетін болатынын түсіндірді. Мұндай тауарлар ЕАЭО аумағына тікелей не транзиттеу жағдайында осындай тауарларды сол үшінші елдерде еркін айналымға орналастырмай, үшінші елдер арқылы транзитпен жеткізілуге тиіс. 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Дамушы және нашар дамыған елдерде шығарылған тауарлардың шыққан жерін айқындау қағидалары туралы келісімге Қосымшада көзделгендей, егер тауарлар көрмеден немесе жәрмеңкеден сатып алынған болса да, тауар шығарылған елден сатып алынған болып есептеледі.




  1. Жұмыс тобының мүшелері қойған сауалдарға жауап ретінде Қазақстан өкілі ДСҰ-ға кіргеннен кейін дамушы және нашар дамыған елдер үшін БПЖ жүйесін Қазақстан немесе ЕАЭО-ның құзырлы органдары ДСҰ Келісімінің тиісті ережелеріне сәйкес қолданатынын растады. Жұмыс тобы осы міндеттемені назарға алды.




  1. Жұмыс тобының кейбір мүшелері КО Комиссиясының
    № 130 Шешімінің 2 және 7-тармақтары әкелу баждарын кемсітушілік тәртіппен не үшінші елдерге қатысты немесе инвестициялық жобалар үшін баж төлеуден босатылатын жекелеген импортқа қатысты қолдануға мүмкіндік беретініне өз алаңдаушылықтарын білдірді. Қазақстан өкілі, егер өңірлік сауда келісімдерімен немесе ЕАЭО БПЖ схемасымен өзгеше көзделмеген болса, Қазақстан барлық әкелу баждарын тарифтік сауда және ынтымақтастық туралы келісімдердің негізінде үшінші елдерге қатысты кемсітпеушілік негізде қолданатынын растады. Инвестициялық жобалар шеңберінде БКТ-дан алып қоюлар осы Баяндаманың тиісінше «Инвестициялық режим», «Тарифтік жеңілдіктер», «Саудамен байланысты инвестициялық шаралар» деген бөлімдерінде сипатталған.




  1. Жұмыс тобы мүшелерінің сауалдарына жауап ретінде Қазақстан өкілі Қазақстан ДСҰ-ға мүше болған кезде Қазақстанның Ақпараттық технологиялар туралы келісімге (ИТА) қосылуына мүмкіндік беруді тексеру үшін Қазақстанның ИТА рәсімдеріне сәйкес тексеру үшін ИТА Комитетіне ИТА үшін тізбені ұсынатынын растады. Жұмыс тобы осы міндеттемені назарға алды.




  1. Қазақстан Жұмыс тобының мүшелерімен тауарлар нарығына қол жеткізу жөніндегі екіжақты келіссөздер өткізді. Осы келіссөздердің нәтижелері WT/ACC/SPEC/KAZ/10/Rev.3 құжатта ДСҰ Хатшылығы
    2012 жылғы 26 қыркүйекте таратқан Тауарлар бойынша құқық берулер мен міндеттемелердің шоғырландырылған тізбесі жобасында сипатталған. Қазақстан ЕАЭО-ға қатысушы болғаннан кейін Жұмыс тобының кейбір мүшелері Қазақстан БКТ-ға сәйкес қолданатын баж мөлшерлемелерінің тауарлар нарығына қол жеткізу жөніндегі екіжақты келіссөздер барысында келісілген нәтижелерден өзгеше екенін атап көрсетті. Қазақстанда БКТ-дан шектеулі алып қоюлар бар екенін ескере отырып, Жұмыс тобының осы мүшелері Қазақстан тауарлар нарығына қол жеткізу жөніндегі екіжақты келіссөздер барысында келісілген баж мөлшерлемелерін қолданбайды деген алаңдаушылықтарын білдірді.




  1. Оған жауап ретінде Қазақстан өкілі Қазақстан солармен тауарлар нарығына қол жеткізу жөніндегі екіжақты хаттамалар жасасқан ДСҰ-ға мүше елдермен келіссөздердің нәтижесінде, ДСҰ-ға кіргеннен кейін:

(а) ДСҰ-ға мүше елдермен екіжақты келіссөздерде келісілген түпкілікті байланысты баж мөлшерлемесі бойынша Ресей Федерациясының Қосылу туралы хаттамасында белгіленген оның түпкілікті байланысты баж мөлшерлемесінен төмен болатын тауарлар бойынша Қазақстан өзінің түпкілікті байланысты баж мөлшерлемесін анағұрлым төмен деңгейде байланыстыратынын;


(б) Ресей Федерациясының Қосылу туралы хаттамасында белгіленген оның түпкілікті байланысты баж мөлшерлемесі баждар бойынша Қазақстан жүргізген екіжақты келіссөздерде келісілген Қазақстанның түпкілікті байланысты баж мөлшерлемесінен төмен болатын тауарлар бойынша Қазақстан өзінің тиісті түпкілікті байланысты баж мөлшерлемесін Ресей Федерациясының анағұрлым төмен түпкілікті байланысты баж мөлшерлемесі деңгейінде байланыстыратынын;
(в) (б) тармақшасында айқындалған тауарлар бойынша Қазақстан Ресей Федерациясының Қосылу туралы хаттамасында көзделген кезең-кезеңмен төмендетуді көрсету үшін өзінің байланысты деңгейлерін сәйкес келтіретінін; және,
(г) Ресей Федерациясының Қосылу туралы хаттамасында белгіленген оның қолданыстағы байланысты баж мөлшерлемесі Қазақстанмен баждар бойынша екіжақты келіссөздерде келісілген бастапқы немесе ағымдағы байланысты баж мөлшерлемесінен төмен болатын тауарлар бойынша Қазақстан өзінің тиісті бастапқы немесе қолданыстағы баж мөлшерлемесін имплементациялаудың әрбір кезеңінде Ресей Федерациясының анағұрлым төмен қолданыстағы деңгейімен байланыстыратынын растады.
(а-г) тармақшаларында қабылданған нарыққа қол жеткізу жөніндегі екіжақты келіссөздердің нәтижелері мен міндеттемелер CLXXII нөмірімен Тауарлар бойынша құқық берулер мен міндеттемелер тізбесінде қамтылған және Қосылу туралы хаттамаға 1-қосымшаны (бұдан әрі – «Қосылу жөніндегі тізбе») құрайды.


  1. Қазақстан БКТ шеңберінде қолданатын баждардың кейбір жағдайларда Қосылу жөніндегі тізбеде қамтылғаннан жоғары болып табылу фактісін атап көрсете отырып, Жұмыс тобының мүшелері Қазақстан ДСҰ-ға да, ЕАЭО-ға мүшеліктен туындайтын өз міндеттемелерін орындауды қалайша қамтамасыз ететін болады деп сұрады.




  1. Қазақстан өкілі ДСҰ-ға кіргеннен кейін Қазақстан Қосылу жөніндегі тізбеде қамтылған міндеттемелерді толық көлемде, атап айтқанда, 308-311 тармақтарға сәйкес уағдаласылған және келісілген, түзетілген баж мөлшерлемелері Қазақстанның модификацияланған тізбесімен байланысты болмайынша және ЕАЭО-ға имплементацияланғанша, солар бойынша ЕАЭО-ның баж мөлшерлемелері Қосылу жөніндегі тізбеге сәйкес емес тарифтік желілерге қатысты ЕАЭО БКТ-дан алып қоюларды сақтауды қоса алғанда, ЕАЭО-ның тиісті инструменттері арқылы орындайтынын растады. ЕАЭО түзетілген баж мөлшерлемелерін қолданбаған жағдайда, Қосылу жөніндегі тізбеде қамтылған міндеттемелер басымдыққа ие болады. Сондай-ақ, ол 305-тармақтың (а) тармақшасында көрсетілген, ЕАЭО аумағына Қазақстанға импорттау үшін әкелінетін тауарларды қоса алғандағы барлық тауарларға қатысты импортқа тыйым салуларға және шектеулер қоюға қарамастан, 1994 жылғы ГАТТ V бабын қоса алғанда, ДСҰ Келісімінде көзделгендей, транзиттеу қағидалары қолданылатынын және оларды ЕАЭО-ның жекелеген мүшесі өз аумағында қолдана алатынын растады. Жұмыс тобы осы міндеттемелерді назарға алды.




  1. Қазақстан өкілі, сондай-ақ, келесіні растады, тауарлар үшін Қосылу бойынша тізбеде көрсетілген 305 тармақтың (а) тармақшасымен көзделген кедендік тарифтің барлық қорытынды мөлшерлемелерін іске асыру күнінен бастап үш жыл алты айдан бұрын емес, Қазақстан Қолжетімділік тізбесін олардың Қолжетімділік туралы хаттамасында көрсетілгендей Ресей Федерациясы кедендік тарифтердің қорытынды мөлшерлемелерімен сәйкестендіруге талпынатын болады, демек, Қазақстанмен нарықтық тауарларға қолжетімділіктің екі жақты хаттамасына қол қойған ДСҰ мүшелерімен келіссөздер бастайтын болады, мұндай сәйкестік Қазақстанға ықпал ететін болады, яғни, келіссөздерді бастау құқығын иеленген, не болмаса келіссөздер жүргізуді бастаған мерзімге дейін жеткізілімге деген түбегейлі немесе негізделген мүддесі болғандар, не болмаса 2008-2013 жылдар ішінде тарифтік позиция үшін кем дегенде 175 000 долларға Қазақстанға жыл сайынғы орташа көлемді импорт жасаушылар (бұдан әрі – «Мүдделі мүшелер»). Бұл мақсат үшін келіссөздердің басталуынан 6 ай бұрын Қазақстан ДСҰ мүшелерін келіссөздерге қатысуға өзінің ниеті туралы хабардар етуі тиіс және Қазақстанмен тауарлар нарығына қолжетімділіктің екі жақты хаттамаларын жасасқан, Қол қойған мүшелерді сол келіссөздерді жүргізу үшін тиісті ақпаратпен қамтамасыз етеді, ол мыналарды қамтуы тиіс: баж мөлшерлемелері жөніндегі тиісті кодтары және ақпараттары бар, өзгертілуге жататын тарифтік жүйе тізбесі, сондай-ақ статистика қолданылатын соңғы үш жыл ішіндегі шыққан елі бойынша енгізілген тауарлардың импорттау статистикасы. Жұмыс тобы осы міндеттемелерді ескерді.




  1. 308-тармақта көрсетілген келіссөздер, 305-тармақтың
    (а) тармақшасының қолданысына жататын, тауарларға баж мөлшерлемесінің ұлғаюын қамтитын болады. 308-тармақта сөз болып отырған келіссөздер, 305-тармақтың (б) тармақшасының қолданысына жататын тауарларға баж мөлшерлемесінің көтерілуін қамтымайды. Келіссөздердің нысаны болатын тауарларға қатысты Қазақстан өкілі қазақстандық баждың әкелу мөлшерлемесімен байланысты ұлғаюға жататын бірде-бір тарифтік позиция алып тасталмайтынын растады. Жұмыс тобы осы міндеттемелерді ескерді.



  1. 308-тармақта көрсетілген келіссөздер, осындай келіссөздер басталғаннан бастап үш жыл бойы өтемақылық түзету бойынша өзара тиімді шешімге қол жеткізу мақсатында ізгі ниет түрінде жүргізілуі тиіс. Өтемақылық түзету бойынша келіссөздер нақты басым тариф позициясы бойынша формалық ұстаным мен талаптар қамтуы мүмкін. Әр мүдделі мүшеге қатысты өтемақы құндылығы неғұрлым қолайлы режим кезінде Қазақстанға жыл сайынғы орта көлемді импорт үшін төленуге тиесілі баждар сомасы мен үш жылдық есептік кезең ішінде пайда болған деректер негізінде, келіссөздердің басынан бастап қолжетімді болған, Ресей Федерациясы кедендік тарифтердің соңғы байланыстырылған мөлшерлемелер негізінде есептелген және Қазақстандағы кедендік тарифтің соңғы байланыстырылған мөлшерлемесі негізінде шығарылған сол бір ғана сауда қызметі бойынша төленуге тиесілі баждар ауқымы арасындағы айырмашылық ретінде айқындалуы тиіс. Осы келіссөздер барысында есептік кезең ішінде саудаға ықпал еткен және де ЕАЭО-да пайда болатын кез келген санитариялық және фитосанитариялық талаптар, не болмаса ерекше міндеттемелер ескерілетін болады. Егер тиімді өтемақылық түзету келіссөздерге арналған уақыт ішінде келісілмесе, іс ДСҰ-ның Бас кеңесіне жолдануы тиіс. Жұмыс тобы осы міндеттемелерді ескерді.




  1. Қазақстанның өкілі, кеден одағында Тізбе нәтижелерін теңестіру ретінде, ол ДСҰ-ға мүше болған ЕАЭО-ның барлық мүшелерін осы келіссөздерге қосылуға және баждарды өтемақылық түзету бойынша келіссөздерге қатысуын қамтамасыз етуге күш салатынын растады. Ол сондай-ақ, Ресей Федерациясы өкілінің, ЕАЭО мүшесі болып табылатын Ресей Федерациясы кеден одағы үшін қолданылатын ДСҰ міндеттемелерінің сақталуымен өтемақы реттеуіне қатысатыны туралы бірнеше рет мәлімдегенін айтты. Жұмыс тобы осы міндеттемелерді ескерді.




  1. Қазақстанның өкілі ЕАЭО тәртібіне сәйкес Қазақстанның қосылуы жөніндегі жұмыс тобының Баяндамасының 251 және 252-тармақтарында сипатталған және Ресей Федерациясының ДСҰ-ға Кіруі бойынша Жұмыс тобы баяндамасының 185 және 186-тармақтарында сипатталған ЕАЭО мүшесі қабылдаған ДСҰ міндеттемелері ЕАЭО-ның құқықтық құрылымы болып табылатынын растады. Ресей Федерациясының өкілі осы Баяндаманың 311 және 312-тармақтарында көрсетілген Қазақстан өкілінің мәлімдемелерін қолдады.




  1. Келіссөз нәтижелерін көрсету мақсатында, БКТ пен қосылу жөніндегі тізбе өзгертілетін болады. 309-тармаққа сәйкес келіссөздерге жататын тауарларға қатысты Қазақстан 1994 жылғы ГАТТ-тың XXIV: 6 немесе XXVIII баптарына жүгінбейтінін және өзінің кіру күнінен бастап және реттелген тарифтік мөлшерлемелер мүдделі мүшелермен талқыланып, уағдаласуы және келісілуіне дейін, Қазақстанның түрлендірілген тізбесінде байланыстырылуына дейін және ЕАЭО-да жүзеге асырылуына дейін Косылу бойынша тізбесінде қамтылған міндеттемелерді қолдануды жалғастыратынын растады. Егер ЕАЭО келісілген тарифті ұстанбаған жағдайда, Қосылу жөніндегі тізбеде қамтылған міндеттемелердің басымдық мәні болуы тиіс. Жұмыс тобы осы міндеттемелерді ескерді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет