ДҮниежүзілік сауда ұйымы


Көрсетілген қызметтерге алымдар мен төлемдер



бет17/78
Дата04.03.2016
өлшемі6.06 Mb.
#38185
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   78

Көрсетілген қызметтерге алымдар мен төлемдер





  1. Қазақстан өкілі Жұмыс тобының мүшелеріне КО Кеден кодексінің
    72-бабына сәйкес, кедендік алымдарды қолдану ЕАЭО мүше мемлекеттердің заңнамаларымен реттелетінін мәлімдеді. Қазақстанда қазіргі таңда баждар мен алымдар «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV кодексімен (бұдан әрі - ҚР Кеден кодексі) және «Кеден органдары алатын кедендік алымдардың мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
    2011 жылғы 21 қаңтардағы № 24 қаулысымен реттеледі. «Кеден органдары алатын кеден алымдарының, алымдар мен төлемдердің мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 шілдедегі № 669 қаулысы күшін жойған.




  1. Әрі қарай 2010 жылдың 1-ші шілдесінде күшіне енген ҚР Кеден кодексін қабылдағанға дейін кедендік алымдар (i) кедендік ресімдеу; (ii) тауарларды кедендік алып жүру; және (iii) кедендік қойма қызметтері үшін алынды. Сондай-ақ алымдар тауардың кедендік құнын және шығу елін анықтау әдістемесіне, санатына қатысты шығарылған алдын ала шешімдер үшін де алынды. ҚР Кеден кодексінің 116-шы бабына сәйкес (i) тауарларды кедендік декларациялау үшін; (ii) тауарды кедендік алып жүру үшін; және (iii) алдын ала жасалған шешім үшін төленетін ақы жатады.




  1. ҚР Кеден кодексі кедендік құннан алынатын 0.2% алымның күшін жойды. Қазіргі таңда «Кеден органдары алатын кедендік алымдардың мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
    2011 жылғы 21 қаңтардағы № 24 қаулысына сәйкес, қашықтыққа байланысты тауарларлы кедендік алып жүру үшін алынатын алымдардың мөлшерлемелерін және еуромен саналатын кедендік декларациялау үшін алынатын алымдардың тіркелген мөлшерлемелерін белгілейтін кедендік ресімдеу және тауарларды кедендік алып жүру үшін алынатын алымдардың мөлшерлемелері қолданылады. Оның пікірінше, мөлшерлемелердің мөлшері көрсетілген қызметтердің құнына негізделеді және тиісінше, 1994 жылғы ГАТТ VIII бабына сәйкес келеді. Бюджетке төленген тауарларды кедендік декларациялау, кедендік алып жүру, алдын ала жасалған шешім үшін алым төлеушіге қайтарылуға жатпайды.




  1. Қазақстанда тауарларды кедендік ресімдеу (және көлік құралдарын)
    (i) кедендк декларациялауды тіркеуді; (ii) терифтік және тарифтік емес реттеу шараларын бақылауды; (iii) кедендік режимге сәйкес орындарға орналастыру шарттарын сақтауды (кедендік транзит, кедендік қойма және т.б.); (iv) кедендік төлемдерді төлеу және алуды; (v) кедендік құнын анықтауды; (vi) кедендік тексеру мен кедендік сараптама жүргізу мақсатында тауарлардың санаттарын анықтауды қамтиды. ҚР Кеден кодексінің 115-бабының
    3-тармағына сәйкес, кедендік алымдардың мөлшері кедендік алымдар белгіленген іс-әрекеттерді жасағаны үшін кеден органдарының шамамен алынған шығындарының құнынан аспауға тиіс. Кедендік декларациялау үшін алынатын алым мөлшерлемесі кедендік декларациялаудың негізгі парағына 60 еуро мөлшерінде алым белгіленген және бір топтағы тауарларды бір мезетту декларациялаған жағдайда әр бір қосылған парақ үшін-25 еуро алым белгіленген. ҚР Кеден кодексінің 120-бабына сәйкес тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алым кедендік декларацияны бергенге дейін немесе сонымен бір мезгілде төленеді. Алдын ала шығарылған шешім үшін алынатын және кеден органымен шығарған елін анықтау үшін алынатын мөлшерлеме 70 еуро мөлшерінде белгіленген және көрсетілген шешімді бергенге дейін төленеді. Арнайы қойылған сұраққа Қазақстан өкілі Қазақстан түрі мен тауарды тазарту орнына, тасымалдау уақыты мен әдістемелеріне мқарамастан белгіленген мөлшерлемелерді қолданады деп мәлімдеді.




  1. Жұмыс тобының мүшесі қойған сұраққа Қазақстан өкілі кедендік алып жүру үшін алынатын кедендік алым ғана қашықтыққа байланысты алынады деп жауап берді. ҚР Кеден кодексінің 322-бабына сәйкес, кедендік транзит кедендік рәсімінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдарының лауазымды адамдары не өзге де ұйымдар жүзеге асыратын, тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдайтын көлік құралдарын алып жүру «кедендік алып жүру» болып табылады. Кеден органдары: (i) қатерлерді басқару жүйесі негізінде айқындалатын; (ii) кедендік баждар, салықтар төлеудің қамтамасыз етілуі ұсынылмаған не оның қамтамасыз етілуі жеткіліксіз болған; (iii) кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде тасымалдаушы міндеттерін бірнеше рет орындамаған; және (iv) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген жағдайда кедендік алып жүру туралы шешім қабылдауға құқылы.




  1. Кеден органдары кедендік алып жүру туралы шешім қабылдаған кезден бастап оны 24 сағаттан кешіктірмей ұйымдастырады. Кедендік алып жүру үшін алынатын кедендік алымдар жөнелту бекетімен тағайындау орнына дейінгі ара қашықтыққа байланысты есептеледі (50 км арақашықтыққа дейін 11 еуродан 2,000 км жоғары ара қашықтаққа
    878 еуро). Кедендік алып жүру үшін алынатын кедендік алымдарды есептеу әдістемесі осы Баяндаманың 13-Қосымшасында келтірілген және кеден қызметі қызметкерлерінің іс сапар шығындары, жанар-жағар май материалдарына кеткен шығындарды және көлік құралдарының өтемпұлдар шығындарын қамтиды, ол кеден органдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуді қамтымайды. Бірнеше көлік құралдарымен тасымалданатын тауарларды кедендік алып жүру кезінде кедендік алымның сомасы көлік құралдарының санына тепе-тең түрде бөлінеді. Кедендік алып жүру үшін алынатын кедендік алымдар кедендік алып жүруді ұйымдастыру басталғанға дейін кедендік алып жүру туралы шешімді қабылдағаннан кейін төленеді.




  1. Кедендік алымдарды салудан: (i) жолаушыларды және жүктердi тұрақты халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк құралдары, сондай-ақ жол жүру кезiнде қажеттi басқа мүлiк; (ii) теңiз кәсiпшiлiгiн жүргiзетiн Қазақстан теңіз кемелерінің немесе қазақстандық тұлғалар жалдаған (жалға алған) теңіз кемелерінiң өндiрiстiк қызметiн қамтамасыз ету үшiн ЕАЭО кедендік аумағынан тыс жерге әкетiлетiн материалдық-техникалық жабдықтау заттары, керек-жарақтар, отын, азық-түлiк және басқа мүлiк, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетін кәсiпшiлiк өнiмдерi; (iii) ұлттық және шетел валютасының банкноттары мен монеталары (мәдени-тарихи құндылық болып табылатын банкноттар мен монеталардан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздар; (iv) (акцизделетiн тауарларды қоспағанда), гуманитарлық көмек ретiнде әкелінетін басқа тауарлар; (v) акцизделетiн тауарларды қоспағанда, (әдейі медициналық мақсатқа арналған жеңіл автокөліктерді қоспағанда) қайырымдылық көмек ретiнде әкелінетін басқа тауарлар; (vi) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi ақша белгілерін жасау үшін әкелетiн шикізат; (vii) шетелдiк дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң, консулдық мекемелердің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы өкілдіктердің, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық қызметкерлерінің жеке пайдалануы үшiн әкелiнетiн және әкетілетін, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес алым салудан босатылатын тауарлар; (viii) мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік ресіміне мәлімделген тауарлар; (ix) мемлекеттердің, мемлекет үкіметтерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған халықаралық ұйымдардың желісі арқылы берілген гранттардың қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар босатылады.




  1. Қазақстан өкілі Қазақстан осы Баяндаманың 353-тармағында және
    13-қосымшасында көрсетілгендерді қоса алғанда, тауардың ипорты және экспортына байланысты бекітілген көрсетілген қызметтер үшін кез алымдар мен төлемдерді немесе болашақта 1994 жылғы тарифтер және сауда бойынша бас ДСҰ Бас келісімінің VIII және X баптарын атап айтқанда, ДСҰ келісімінің тиісті ережелеріне сәйкес енгізілгендерді қолданылуын қамтамасыз ететінін растады. Бұдан әрі, ол ДСҰ-ға кірген күннен кейін осындай кез келген алымдар мен төлемдердің қолдану тәртібі және мөлшеріне қатысты барлық заңдар және ережелер жарияланатынын растады. Бұдан әрі, мүдделі мүшенің жазбаша сұрауын алған кезде, Қазақстан нақты алымдар немесе төлемдерден алған кірістері және тиісті қызметті көрсетуге шығыстар туралы ақпаратты аталған мүшеге береді. Жұмыс тобы осы міндеттемелерді ескерді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет