ДҮниежүзілік сауда ұйымы


ТАУАРЛАР САУДАСЫ САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТ



бет11/78
Дата04.03.2016
өлшемі6.06 Mb.
#38185
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   78

ТАУАРЛАР САУДАСЫ САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТ




Импорт және экспорт бойынша операцияларды жүзеге асыру үшін тіркеу талаптары





  1. Қазақстан өкілі барлық ұлттық және шетелдік жеке және заңды тұлғалардың Қазақстанда сыртқы сауда қызметін жүзеге асыруға құқықтары және осындай құқықтарды кез келген болғызбау немесе шектеу ЕАЭО туралы шартта (бұдан әрі - ЕАЭО туралы шарт), Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі – ЕЭК немесе Комиссия) шешімдерінде, ЕАЭО-ның басқа да заңнамалық актілерінде және ұлттық заңнамада белгіленеді деді. Жалпы, 1994 жылғы 27 желтоқсандағы 269-XII Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 2-бабында (Жалпы бөлім) тауарлар, қызмет көрсетулер және ақша Қазақстан аумағында еркiн қозғалыста болады делінген және Қазақстан Республикасының «Кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV кодексі (бұдан әрі - Қазақстанның Кеден кодексі) осы тақырыпты егжей-тегжейлі түсіндіреді. Сондай-ақ, ол 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕАЭО туралы шарттың күшіне енуі нәтижесінде тауарларды елге (елден) әкелуге (әкетуге) қатысты негізгі талаптар ЕАЭО туралы шарттың «Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттама» деген
    7-қосымшасына негізделетінін және ол Кеден одағының (КО) мынадай Келісімдерінің ережелерін ауыстырғанын атап көрсетті: 2008 жылғы
    25 қаңтардағы Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісім, 2009 жылғы 9 маусымдағы Үшінші елдерге қатысты бірыңғай кеден аумағында тауарлардың сыртқы саудасын қозғайтын шараларды енгізу және қолдану тәртібі туралы келісім, сондай-ақ,
    2009 жылғы 9 шілдедегі Тауарлардың сыртқы саудасы саласындағы лицензиялау қағидалары туралы келісім. Бұл Келісімдер ЕАЭО туралы шарт 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгенде өз қолданыстарын тоқтатады. Ал мынадай Шешімдер өз қолданыстарын жалғастыруда: КО Комиссиясының «Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы Кеден одағында бірыңғай тарифтік емес реттеу туралы» 2009 жылғы 27 қарашадағы №132 шешімі (бұдан әрі –
    № 132 шешім) және Комиссия Алқасының «Тарифтік емес реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер туралы» 2012 жылғы
    16 тамыздағы № 134 шешімі (бұдан әрі – № 134 Алқа шешімі). Этил спирті және алкоголь өнімдері, шифрлау қасиеті бар тауарлар (криптографиялық тауарлар), сондай-ақ дәрілік заттар және фармацевтикалық субстанциялар сияқты жекелеген тауарларды әкелуге арналған рәсімдер №132 Шешіммен бекітілген және № 134 Алқа шешімімен қайта бекітілген Ережелерде белгіленеді. Қазақстандағы импорттық және экспорттық режимге қатысты осы Баяндаманың жекелеген бөлімдері ЕАЭО туралы шарттың ережелеріне, Комиссия шешімдеріне және әкелуді немесе әкетуді автоматтық емес лицензиялауға арналған талапты және/немесе автоматтық лицензиялауды (рұқсат беруді) қоса алғанда, ЕАЭО-ның басқа да заңнамалық құжаттарына сипаттама береді. Қазақстан өкілі 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕАЭО туралы шарттың № 7 қосымшасына, осы Шешімдерге және Ережелерге сәйкес ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекеттің уәкілетті органы әкелуге немесе әкетуге автоматтық емес лицензиялар беру және/немесе автоматтық лицензиялау (рұқсат беру), сондай-ақ қызмет түріне лицениялар беру үшін жауапты болатынын түсіндірді.




  1. Қазақстан өкілі декларанттар (импорттаушылар/экспорттаушылар) немесе осындай мақсаттар үшін тіркелген олардың өкілдері ғана тауарды әкелумен және әкетумен байланысты кедендік әрекеттерді ұсынуы (кедендік құжаттарды ұсыну, кедендік құны мен шығару елін мәлімдеу, кедендік баждарды және салықтарды төлеу, тауарлар шығаруды қамтамасыз ету, апелляция жасау құқықтары және басқалар) мүмкін екенін айтты. Декларанттардың (импорттаушылардың/экспорттаушылардың) талаптары мен құқықтары «Кеден одағының Кеден кодексі туралы» 2009 жылғы
    27 қарашадағы шартпен (бұдан әрі – КО Кеден кодексі) реттеледі. Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 284-бабына, КО Кеден кодексінің
    186-бабына сәйкес декларант ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің импорт немесе экспорт (немесе тапсырыс бойынша) туралы шарты бар не әкелінетін немесе әкетілетін тауарларды иеленетін жеке немесе заңды тұлғасы болуға тиіс. Қазақстанда заңды тұлға ретінде тіркелу жөнінде тұлғаға немесе ұйымға қойылатын талаптар «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді статистикалық есепке алу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2198 Заңда (бұдан әрі - № 2198 Заң), «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы № 57-ІІІ Заңда (бұдан әрі –
    № 57-ІІІ Заң), 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 95-IV Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде (бұдан әрі – Бюджет кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексте (бұдан әрі – Салық кодексі) ұсынылған.




  1. Жұмыс тобының кейбір мүшелері Қазақстан аумағынан тысқары жерлерде болатын заңды және жеке тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар әкелу кезінде декларант (тауарларды импорттаушы) ретінде болу мүмкіндігіне қатысты алаңдаушылық білдірді. Әсіресе, олар Қазақстан жүйесі мұндай тұлғаларға декларант ретінде болуға, сондай-ақ, тауарлар әкелумен байланысты барлық кедендік ресмиліктерден өтуге жауапты болып қалуға мүмкіндік бермейтінін айтты. Жұмыс тобының мүшелері осындай құқықтарды қаматамасыз ету үшін қандай шаралар қабылданатынын түсіндіруді сұрады.




  1. Қазақстан өкілі КО Кеден кодексінің 186-194-баптары ЕАЭО-ның кедендік аумағына тауарлар әкелетін тұлғаларға қойылатын талаптарды және кедендік баждар мен алымдар төлеуді қоса алғанда, барлық қажетті кедендік рәсімдерді ұсыну талаптарын белгілейтінін түсіндірді. КО Кеден кодексінің 186-бабында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің тіркелген заңды тұлғасы ғана декларант ретінде бола алатындығы айтылған. Яғни, Қазақстанның заңды тұлғасы ретінде тіркелген шетелдік компанияның құрылымдық бөлімшесі декларант бола алады. Дегенмен, шетелдік тұлғаға жеке қажеттіліктері үшін тауарларды әкелу үшін Қазақстанның заңды тұлғасы ретінде тіркелудің қажеті жоқ.




  1. Қазақстан өкілі әкелу мен әкетуді қоса алғанда, коммерциялық қызмет үшін жеке және заңды тұлғаны тіркеу туралы қойылатын талаптар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің ұлттық заңнамасының айрықша нысанасы болып табылатынын және бұл жағдайды өзгерту көзделіп отырмағанын түсіндірді. Ол Қазақстанда тіркелу туралы талаптың кеден заңнамасын, оның ішінде Қазақстан аумағына тауарларды шартты түрде шығару және кедендік өткізу бекеттері мен кедендік ресімдеу орындарында жеделдетілген кедендік рәсімдерді жүргізуге мүмкіндік беретін кейіннен бақылау туралы оның ережелерін тиісті түрде іске асыруды қамтамасыз ету үшін қажет екенін атап көрсетті.




  1. Тіркеу бойынша қойылатын талаптарға қатысты, Қазақстан өкілі
    № 2198 Заңның 3-бабына сәйкес өздерiнiң құрылу мақсатына, қызмет түрi мен сипатына қарамастан, Қазақстанда құрылған барлық заңды тұлғалар мемлекеттiк тiркеуге жататынын мәлімдеді. Мемлекеттік тіркеу мынадай мақсаттар үшін: (i) заңды тұлғаның, филиалдар мен өкiлдiктердiң құрылу, қайта ұйымдастырылу және қызметiн тоқтату фактiсiн куәландыру және оларды есепке алу үшін; (ii) заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімін және филиалдар мен өкілдіктер тізілімін жүргізу үшін; (iii) ұлттық заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстанда тіркелген заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері туралы ақпаратты (қызметтік немесе коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда) тарату үшін жүзеге асырылатынын айтты.




  1. № 2198 Заңның 9-бабына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілерін, сондай-ақ өз қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiлерін мемлекеттік тіркеу қажетті құжаттарды қоса бере отырып өтініш берілген күннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал мемлекеттік қайта тіркеу – үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. Өз қызметін үлгілік емес жарғының негізінде жүзеге асыратын орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiлерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттарды қоса бере отырып өтініш берілген күннен кейін жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. № 2198 Заңның 6-бабына сәйкес заңды тұлға тіркелу үшін мынадай құжаттарды: (i) нысан бойынша өтінішті; (ii) құрылтай құжаттарын; (iii) алымды төлегенін растайтын құжатты;
    (iv) заңды тұлғаның немесе оның агентінің орналасқан жерін куәландыратын құжатты; және (v) табыстау актісін немесе бөлу балансын, қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның кредиторларды осындай қайта ұйымдастырылу туралы хабардар еткенін растайтын құжатты үш данада ұсынуға тиіс. Арнайы қойылған сұраққа жауап ретінде Қазақстан өкілі былай деп түсіндірді: № 2198 Заңның 6-бабына сәйкес мынадай құжаттардың біреуі заңды тұлғаның орналасқан жерін растайтын құжат болып табылады: (i) жалдау шартының нотариалдық түрде куәландырылған көшірмесі; (ii) сатып алу-сату шартының нотариалдық түрде куәландырылған көшірмесі; (iii) жеке меншік құқығын растайтын өзге де құжат. Егер де үй-жайдың иесі жеке тұлға болса, онда жеке тұлғаның үй-жайды заңды тұлғаның орналасқан жері ретінде бергені туралы нотариалдық түрде куәландырылған келісім ұсынылады. Одан әрі ол «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді статистикалық есепке алу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 60-V Заңға сәйкес акционерлік қоғамдарды қоспағанда, барлық коммерциялық заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу бір жұмыс күні ішінде жүргізілетінін атап көрсетті. Сондай-ақ, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу үшін акционерлік қоғамдарды қоспағандағы жарғы және заңды тұлғаның (офистің) немесе оның агентінің орналасқан жерін растайтын құжаттар талап етілмейтінін айтты.




  1. Егер халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбеген болса, шетелдік қатысуы бар заңды тұлғаларды тіркеу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа мыналар ұсынылуға тиіс: (i) құрылтайшының – шетелдік заңды тұлғаның шетелдік мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, нотариалдық түрде куәландырылған қазақ және орыс тілдеріне аудармасы бар заңдастырылған құжат; және (ii) құрылтайшының – шетелдік жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын, нотариалдық түрде куәландырылған қазақ және орыс тілдеріне аудармасы бар құжат (яғни, паспорт, куәліктер, тұруға ықтиярхат алу үшін берілген рұқсат). Мұндай талаптар шетелдік қатысуы бар барлық заңды тұлғаларға біркелкі қолданылады және шынайы кемсітушілікті білдірмейді.




  1. Құрылтай құжаттарының Заңға сәйкес келмеуі және заңды тұлғаны құрудың заңда белгіленген тәртібін бұзу заңды тұлғаны тіркеуден бас тартудың жалғыз себебі болуы мүмкін. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуден және қайта тіркеуден бас тартудың негіздері № 2198 Заңның 11-бабында тізбеленген. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуден немесе қайта тіркеуден бас тартудың нақты негіздері қамтылған уәжді бас тарту өтініш берушіге өтінішті берген күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жазбаша түрде беріледі және оған сот тәртібімен шағымдануға болады.




  1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2004 жылғы 18 наурыздағы № 537 Заңға сәйкес заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері тіркеу туралы куәліктерді бір терезе қағидаты бойынша алуы мүмкін. Оларға мемлекеттік тіркеу туралы; салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркелгені туралы; статистика органдарында мемлекеттік статистикалық тіркелімге енгізілгені туралы куәліктер жатады. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік шектелмеген мерзімге беріледі және бірыңғай тіркеу Қазақстанның бүкіл аумағында танылады. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік мемлекеттік қайта тіркеу немесе орналасқан жері өзгерген кезде ғана ауыстырылуға жатады. Алымдардың шарттары мен мөлшерлемелерін қоса алғанда, заңды тұлғалардың әртүрлі құқықтық нысандарын тіркеу кезінде қолданылатын талаптары бар кесте осы Баяндаманың 5 (А) қосымшасында ұсынылған.




  1. Жұмыс тобының кейбір мүшелері қайта тіркелуге және мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алуға қатысты талаптардың адвалорлық қағидат бойынша әзірленгеніне және шетелдік компаниялар мен ұйымдар үшін қосымша ауыртпалық болып табылатынына алаңдаушылық білдірді. Олар Қазақстандағы өзінің жеке мұқтаждықтарын қоспағанда, коммерциялық тіркеудің тауар әкелу мен әкету талабы болып табылатынын ескере отырып, ДСҰ-ға кіргенге дейін Қазақстан тіркеу төлемдерін 1994 жылғы ГАТТ
    VIII бабының талаптарына сәйкес келтіретінін растауды сұрады. Қазақстан өкілі Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2005 жылғы 28 қазандағы № 135 бұйрығымен бекітілген «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алымдардың мөлшерлемелерін есептеу әдістемесіне» сәйкес шағын бизнес субъектілерін қоса алғанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алымдар мөлшерлемелерін есептеу көрсетілетін қызметтердің құнына негізделеді деп жауап берді. Дәл осындай әдістеме тауарларды әкелу немесе әкету үшін қажетті қызмет түрдерімен белгіленген лицензиялау үшін алынатын алымдар мөлшерлемелерін есептеу кезінде де қолданылады. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алымдар мөлшерлемелері Салық кодексінде белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) мөлшері негізінде есептеледі. Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін тіркеу алымы 2 АЕК
    (2014 жылы шамамен ~20 АҚШ доллары), басқа заңды тұлғалар үшін –
    6.5 АЕК (2014 жылы шамамен ~65 АҚШ доллары). Мұндай айырмашылық жұмсалатын ресурстар мен шығындардың әртүрлі деңгейде болуына негізделген. Шағын бизнесті тіркеу үшін талап етілетін құжаттардың аз болуына байланысты шағын бизнес ұсынған құжаттарды талдау үшін аз уақыт және аз ресурстар қажет болады. Яғни, көрсетілетін қызметтер құны басқа заңды тұлғаларды тіркеу құнынан аз болады. Тіркеу алымдарының мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында бірдей болады. Алымдар мөлшерлемелерін есептеу әдістемелері осы Баяндаманың
    5 (B) қосымшасында ұсынылған.




  1. Жұмыс тобының бір мүшесі шағын бизнес субъектілерін және басқа заңды тұлғаларды тіркеу ұзақтығындағы елеулі айырмашылықты атап көрсетті және барлық шаруашылық жүргізуші субъектілері үшін тіркеудің біркелкі мерзімін белгілеу мақсатында Қазақстанның одан әрі өзгерістер енгізу мүмкіндігін қарастырып жатқанына ризашылығын білдірді. Жауап ретінде Қазақстан өкілі шағын кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу үшін оңайлатылған рәсім көзделіп отырғанын және соның нәтижесінде тіркеу үшін алынатын алымдардың мерзімі мен мөлшерлемелері азаятынын мәлімдеді. Тіркеудің осындай оңайлатылған рәсімі өз қызметін үлгілік жарғының негізінде жүзеге асыратын субъектілердің құрылтай құжаттарына заңдық сараптама жүргізу қажеттілігінің жоқтығымен түсіндірілетінін айтты. Ол өз Үкіметінің бүгінгі таңға дейін осы рәсімдерге қатысты шағымдар мен қарсылықтар алмағанын да атап өтті. Мұндай преференциалдық режим Үкіметтің кедейшілік деңгейін азайту және қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті жою жөніндегі мейлінше ауқымды стратегиялық міндеттерді шешуге, орта класты нығайтуға бағытталған стратегиялық бағдарламаның бір бөлігі және басқа елдерде қолданылатын, шағын бизнесті қалыптастыру мен дамытудағы арнайы көмекті қамтамасыз ететін саясат болып табылады. Оның пікірінше, осы шаралар барлық отандық және шетелдік субъектілерге кемсітпеушілік негізде қолданылады және осылайша, ДСҰ нормаларына қайшы келмейді. Сондай-ақ, ол «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді статистикалық есепке алу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 60-V Заңға сәйкес акционерлік қоғамдарды қоспағанда, барлық коммерциялық заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу бір жұмыс күні ішінде жүргізілетінін тағы да бір айтып өтті.




  1. Жұмыс тобы мүшелерінің біреуі қойған сұраққа жауап ретінде Қазақстан өкілі «уәкілетті экономикалық оператор» деген ұғымның ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің кедендік баждар мен салықтардың төленуін қамтамасыз етуді ұсыну жөніндегі талаптарды, сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру тарихын, орындалмаған міндеттің немесе кеден органдары алдында борышының жоқтығын, жүгінген күнге дейінгі бір жыл ішінде әкімшілік құқық бұзушылықтарының болмауын, тауарлар есебі жүйесінің болуын, сондай-ақ, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің, нақ осы жағдайда - Қазақстанның заңды тұлға соларға сәйкес құрылған басқа да қажетті талаптарды сақтауын қоса алғанда, КО Кеден кодексінің 39-бабында және Қазақстанның Кеден кодексінің 6-тарауында белгіленген талаптарға жауап беретін заңды тұлғасын білдіретінін түсіндірді. КО Кеден кодексінің 41-бабына және Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 65-бабына сәйкес уәкілетті экономикалық оператордың оңайлатылған және жеделдетілген кедендік рәсімдерге, оның ішінде транзиттелетін тауарларға қатысты құқығы бар. Уәкілетті экономикалық оператордың мәртебесі және оңайлатылған рәсімдерге қол жеткізу осы мәртебені берген ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумақтарында қолданылады. Сондай-ақ, Қазақстан өкілі уәкілетті экономикалық оператор, егер оның оңайлатылған рәсімдер қолданылатын осындай тауарларға қатысты декларант ретінде болуға құқығы бар болса, сол тауарларға ғана қатысты оңайлатылған рәсімдерді пайдалана алатынын атап көрсетті.




  1. Жұмыс тобының бір мүшесі Қазақстан өкіліне компанияның немесе кәсіпорынның Қазақстанда тіркелуі басқа ТМД елдерімен преференциалдық сауданы жүзеге асыру үшін «резидент» мәртебесін алуды білдіре ме деген сұрақ қойды. Жұмыс тобының бұл мүшесі «резидент» мәртебесі мен тіркеу кезінде алынатын Қазақстандағы заңды мәртебе арасындағы нақты айырмашылықты айқындап беруді сұрады. Қазақстан өкілі, егер ратификацияланған халықаралық шартта «резидент» термині осындай шарттың мақсаттары үшін айқындалмаған болса, «резидент» мәребесі Бюджет кодексінің, № 57-ІІІ Заңның және Салық кодексінің ережелерімен реттеледі деп жауап берді. Көрсетілген заңнамалық актілерге сәйкес компаниялар, егер олар Қазақстанда салық төлеуші ретінде тіркелген болса, ТМД елдерін қоса алғанда, еркін сауда аймақтары туралы келісімдер бойынша преференциалдық режимді пайдалана алатынын айтты.




  1. Жұмыс тобының жекелеген мүшелері тауарлар саудасы құқығына, «тіркеу талаптарына» немесе «қызметті лицензиялауға» қатысты заңдар мен қағидалар қажеттігіне қарағанда мейлінше ауырпалықты болмауға тиіс және осылайша, 1994 жылғы ГАТТ XI:1 бабында көзделген сандық шектеулерді қолдануға жалпы тыйым салуды бұза отырып импортты шектемеуге, сондай-ақ, 1994 жылғы ГАТТ III:4 бабының ережелерін бұза отырып импортталатын тауарларды кемсітпеуге тиіс екенін атап көрсетті. Сонымен қоса, тауарларды импорттау құқығы үшін алынатын төлемдер мен алымдар 1994 жылғы ГАТТ VIII:1(a) бабында және VIII:4(с) бабында көзделгендей, көрсетілген қызметтер құнынан аспауға тиіс, ал импортталатын тауарлар саудасына құқық үшін ішкі салықтар мен өзге де ішкі алымдар 1994 жылғы ГАТТ III:
    2-бабы талап ететіндей, осы сияқты отандық тауарлармен салыстыру бойынша кемсітушілікке әкеп соқтырмауға тиіс екенін айтты.




  1. Сондай-ақ, жұмыс тобының мүшелері шетелдік заңды тұлғаның Қазақстаннан «тауарларды импорттаушы және экспорттаушы» бола алатынын және шетелдік импорттаушы және экспорттаушы Қазақстанда жеке қатысуы арқылы шетелдік тұлғамен импорттық/экспорттық келісімшарттарға заңды түрде қол қоя алатынын растауды сұрады. Қазақстан өкілі шетелдік заңды тұлғалар тауарларды импорттаушы және экспорттаушы бола алады және өздерінің коммерциялық қатысуын Қазақстанның заңды тұлғасы ретінде тіркеген мұндай импорттаушылар мен экспорттаушылар шетелдік тұлғалармен импорттық/экспорттық келісімшарттарға қол қоя алады, сондай-ақ, тауарларды әкелу және әкету мақсатында декларант ретінде бола алады деп жауап берді.




  1. Мүшелердің одан әрі қойған сұрақтарына Қазақстан өкілі ДСҰ-ның басқа мүшелерімен тауар саудасын қозғайтын шараларға қатысты Үкімет орындалуы ауыртпалық түсірмейтін транспарентті және болжамды талаптарды тіркеу мен қолданудың жеделдетілген тәртібін сақтау саясатын жалғастыратын болады деп мәлімдеді. Ол Қазақстанның тіркеу талаптарын заңды тұлғалардың импорттық және экспорттық операцияларға қатысу мүмкіндіктерін шектеу мақсатында қолданбайтынын және Қазақстанда бір рет тіркелген заңды тұлғалар осы Баяндамада сипатталғандай, тауарлар әкелуді және әкетуді жүзеге асыра алатынын қоса айтты. Қазақстан өкілі заңды тұлға ретінде тіркеу жөніндегі талаптар мен рәсімдерді Қазақстанның қажеттігіне қарағанда оларды мейлінше ауырпалықты ете отырып қиындатпайтынын және тіркеуге қатысты сұратулар мақұлданған кезде отандық және шетелдік өтініш берушілер арасында айырмашылық жасамайтынын, сондай-ақ, транспаренттілік бойынша міндеттемелерді қоса алғанда, ДСҰ Келісімінің қолданыстағы басқа да ережелеріне сәйкес әрекет ететінін растады. Жұмыс тобы осы міндеттемелерді назарға алды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет