ДҮниежүзілік сауда ұйымы



бет16/78
Дата04.03.2016
өлшемі6.06 Mb.
#38185
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   78

Тарифтік квоталар





  1. Жұмыс тобының жекелеген мүшелері тарифтік квоталарды (ТК) енгізу, ДСҰ кіретін елдің мақсаты болып табылуы тиіс сауданы ырықтандыруға қатысты жолда бір қадам артқа жүруге әкеп соқтырады деп өз пікірлерін білдірді және олардың пікірінше қарапайым тарифті қолдану орынды болып табылады, себебі нарыққа тауардың аса сапалы және тұрақты салыстырмалы сапаларын және бағаларын ұсынатын жабдықтаушыларды іріктеуде мүмкіндік береді. Олар тарифтік квоталарды белгілеуге және импорттаушылар арасында квоталарды бөлу ережелерін анықтауға жауапты қолданыстағы билік органдары туралы ақпараттарды, сондай-ақ Қазақстанда және ЕАЭО қолданылатын лицензиялаумен байланысты кез келген рәсімдер туралы ақпараттарды сұрады.




  1. Қазақстан өкілі ЕАЭО туралы шарттың «Тарифтік квоталардың»
    44-бабы және және «Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы хаттама»
    6-қосымшаның ІІІ бөлігі Қазақстанды қоса алғанда, ЕАЭО мүше мемлекеттерде тарифтік квоталарды енгізу үшін жалпы құқықтық щеңберді белгілейтінін айтты. Ұлттық заңнама «Сауда қызметін реттеу туралы»
    2004 жылғы 12 сәуірдегі №544-ІІ Заңды (бұдан әрі – № 544-ІІ Заң) және ЕАЭО қабылдаған өзге де құқықтық актілерін қамтиды.




  1. Қазақстан өкілі ЕАЭО туралы шарттың 6-қосымшасының I бөлігі
    2-тармағына сәйкес, тарифтік квота үшінші елдерден шығарылатын ауылшаруашылық тауарларының жекелеген түрлерін ЕАЭО кедендік аумағына әкелуді реттеудің белгілі бір кезең ішінде белгіленген шарасы деп ұсынды. Мұндай шара белгіленген көлем (заттай немесе құндық мәніндегі) шегінде және осы көлемнен артық әкелінетін тауарларға қатысты ЕАЭО ТК кедендік әкелу баждарының сараланған мөлшерлемелерін қолдануды көздейтін шарасы. Көрсетілген бапқа сәйкес, квота көлемі шегінде әкелінетін тауарлардың көлемі БКТ тиісті мөлшерлемелерімен салынады. 2010 жыл мен 2012 жылдары КО Комиссиясы жыл сайынғы негізде тарифтік квоталарда олардың ұсыныстары негізінде мүше мемлекеттер арасында бөлді. 2012 жылдың 1 ақпанынан бастап мүше мемлекеттер бұл өкілеттіктерді Еуразиялық экономикалық комиссияға өткізді.




  1. КО Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 865 шешімімен тарифтік квоталары белгіленген өнімдердің тізімі бекітілді (ет, шошқа жне құс еті), тарифтік квоталар бөлінген және ЕАЭО әр бір тараптарынан аталған тауарларды әкелуге қатысты 2012 жылға арналған тарифтік квоталардың көлемі белгіленген. «Еттің жекелеген түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталар көлемін бөлудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 наурыздағы № 269 қаулысымен жеткізушілер арасында тарифтік квота көлемдерін бөлу ережелері бекітілді. Қазақстан 2010 жылға дейін импортқа қатысты қандай да бір тарифтерді қолданбады.




  1. ЕАЭО туралы Келісімшарттың 6-қосымшасының III бөлігі 7 және
    8-тармақтарына сәйкес, сыртқы сауда қызметіне (жеткізушілер) қатысушылар арасында тарифтік квотаның көлемін бөлу әдісі олардың тарифтік квота алуға қатысты тең құқығына және меншік нысанының, тіркеу орнының немесе нарықтағы жағдайының белгілері бойынша кемсітпеуге негізделеді. Комиссия ауыл шаруашылығы өнімдеріне қатысты тарифтік квотаны белгілеу туралы шешім қабылдаған кезде мынадай шарттар сақталуы тиіс: (i) тарифтік квотаны белгілі бір мерзімге белгілеу; (ii) егер тарифтік квота көлемін үшінші елдер арасында бөлу туралы шешім қабылданған жағдайда, барлық мүдделі үшінші елдерді оларға бөлінген тарифтік квотаның көлемі жөнінде хабардар ету; (iii) тарифтік квотаны белгілеу, оның қолданылу мерзімі мен көлемі, оның ішінде үшінші елдерге бөлінген тарифтік квотаның көлемі, сондай-ақ тарифтік квота көлемі шегінде әкелінетін тауарларға қатысты қолданылатын кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері туралы ақпаратты жариялау.




  1. ЕАЭО туралы шарттың 6-қосымшасының III бөлігі 5 және
    6-тармақтарына сәйкес, ЕАЭО кедендік аумағына әкелінетін тарифтік квотаның көлемін Еуразия экономикалық комиссиясы белгілейді және тарифтік квотаның көлемі мұндай тауарды ЕАЭО кедендік аумағында тұтыну көлемі мен ұқсас тауарды ЕАЭО кедендік аумағында өндіру көлемі арасындағы айырмадан аспауы тиіс. Егер ЕАЭО кедендік аумағында ұқсас тауарды өндіру көлемі осындай тауарды ЕАЭО кедендік аумағында тұтыну көлеміне тең немесе одан асып кететін болса, тарифтік квотаны белгілеуге жол берілмейді. Бұл ретте, егер бір мүше мемлекет үшін ұқсас тауарды өндіру көлемі осындай тауарды тұтыну көлеміне тең немесе одан асып кететін болса, онда мұндай айырма ЕАЭО кедендік аумағы үшін тарифтік квотаның көлемін есептеу кезінде назарға алынбауы мүмкін.




  1. Қазақстан Республикасының өкілі тарифтік квоталар қолданылатын тауарларға қатысты тауарларды кедендік ресімдеу сыртқы экономикалық қызметке қатысушы өзінің тарифтік квотасын алған ЕАЭО мүше мемекеттің аумағында жүргізіледі деп түсіндірді. Тауар уәкілетті органмен – Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрлігімен берілген түпнұсқалы лицензиямен ілесіп отыруы тиіс. Осыған орай, ол лицензиялау туралы ереже ЕАЭО туралы шарттың «Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың» 7-қосымшасында қамтылғанын атап өтті. Лицензияны 15 күн ішінде ресімдеу үшін мынадай құжаттар мен мәліметтерді береді: (i) лицензия беру туралы өтініш; (ii), өтініштің электрондық көшірмесі; (iii) сыртқы сауда шартының (келісімшартының) көшірмесі; (iv), салық органында тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі; (v) лицензиялық жинақты төлегенін растайтын құжат. Лицензияны алу үшін көрсетілген құжаттар топтамасы Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрлігіне ұсынылуы тиіс. Лицензиялар олар берілген күнтізбелік күннің соңына дейін өз күшінде қалады.




  1. ЕЭК сондай-ақ, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер қолданылатын тарифтік квоталар олардың ұлттық заңнамасына сәйкес ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің Үкіметтерімен реттелуі тиіс деп белгіледі. Қазақстанда тарифтік квоталар № 544-ІІ Заңымен және Үкіметтің № 269 қаулысымен реттеледі. Үкіметтің 2011 жылғы 24 наурыздағы № 269 қаулысымен тарифтiк квоталардың көлемдерін әкелушілер арасында бөлу қағидалары бекітілген, ол «тарихи бөлу» қағидасы бойынша – алдыңғы жылға тепе-тең келетін импорттың көлемінде бөлуді көздейді. Ол Үкіметтің № 269 қаулысы сондай-ақ мынадай анықтамаларды қамтиды деп мәлімдеді:

(а) тарифтiк квота көлемi – оған қатысты кедендiк әкелу баждарының квотаiшiлiк мөлшерлемелері қолданылатын, Қазақстан Үкiметi жыл сайын айқындайтын тауарлар көлемi;

(б) сыртқы экономика қызметіне қатысушылар (жеткізушілер)–мынадай өлшемдерге сәйкес, алдыңғы кезеңде сиыр, шошқа және құс етін әкелуді жүзеге асырған заңды немесе жеке тұлғалар: (i) жеткізуші – елдерден әкелу; (ii) тарифтік квота белгіленген жылдың алдындағы жыл бойы


25 кг-нан кем емес көлемде; (iii) тарифтік квоталар белгіленген жылдың алдындағы жыл бойы әкелу.

(в) осының алдындағы кезең – тарифтiк квота белгіленетін жылдың алдындағы екi жылдық кезең.

(г) жеткізуші елдер – ЕАЭО қатысушы елдер еркiн сауда туралы келiсiм жасаспаған не сиыр, шошқа және құс етіне қатысты еркiн сауда режимiнен алып қою қолданылатын елдер.

(д) жеткізушінің әкелу көлемi – сыртқы сауда статистикасының деректері бойынша анықталған, жеткізуші елдерден әкелінген сиыр, шошқа және құс етінің нақты көлемі.




  1. Кейбір мүшелер ЕАЭО шеңберінде Қазақстанмен қолданылатын тарифтік квота тәртібіне қатысты алаңдауын білдірді, яғни ол нарықтың жаңа қатысушылары үшін квота шеңберінде ешқандайда үлестерді қамтымайды. Демек, жаңа импорттаушы тауары квоталалық мөлшерлемеден тыс бажды төлеу арқылы жеткізуге мәжбүр, бұл нарықты шектеуге алып келеді. Осылайша, келесі жылдары осы импорттаушы квоталарды бөлген кезде шамалы ғана мөлшердегі үлеске үміт арта алады, себебі аталған үлестер алдыңғы жыл үшін импорт көлеміне ғана негізделген. Олардың пікірінше, бұл нарықтың жеткілікті икемділігін қамтамасыз етпейді. Бұл жұмыс тобының мүшелері ТК-ды тарихи өнім берушілер арасында ғана бөлу қиындық тудыруы мүмкін екенін атап өтті, себебі кейбір өнім берушілер нарық қатысушылары болып табылмайды.




  1. Қазақстан өкілі «Еттің жекелеген түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталар көлемін бөлудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 қарашадағы № 1189 қаулысымен жаңа өнім берушілер үшін тарифтік квоталарды бөлудің тетіктерін белгілейтінін айтып өтті. Қаулыға сәйкес, жаңа өнім берушілер арасында тарифтік квоталар көлемдерін бөлу әкелуге жаңа өнім берушілердің лицензия алуға өтініштер беруінің кезектілігі тәртібімен жүзеге асырылады. Жаңа өнім берушілер үшін көзделген тарифтік квоталар көлемдерін сарқылғанға дейін әкелуге лицензияны сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті орган береді. Ол Лицензия алу үшін өтінім берілген тауардың көлемі жаңа өнім берушілер үшін бекітілген тарифтік квотаның жалпы көлемінің 15 %-ынан аспауы тиіс деп атап өтті.




  1. «Экономикалық тиімді мөлшерлер» бойынша ереже туралы сұраққа Қазақстан өкілі алдыңғы екі жылға импорттың жалпы көлемінен тарихи өнім берушілердің үлестерін есептеу кезінде 25 килограмнан асатын өнім берудің барлық есептері алынатынын айтты. Осылайша, тарифтік квоталар тарихи өнім берушілер арасында математикалық негізде есептелген үлестерге тепе-тең бөлінеді. Өнім беруші жыл сайын Үкіметпен белгіленетін ішкі квоталық көлем шегінде оның жылдық көлемінен аспайтын ішкі квоталық көлемді ұсына алады. Сондықтан оның пікірінше Үкіметтің № 269 қаулысымен белгіленген ТК бөлу тетігі Импорттық лицензиялау бойынша ДСҰ келісімнің ережелеріне толығымен сәйкес келеді.




  1. Қазақстан Республикасының өкілі Үкіметтің № 269 қаулысымен бекітілген қағидаларға сәйкес, сиыр, шошқа және құс етiн әкелу үшін тарифтік квоталарды бөлу көлемі 2 сатыға бөлінеді деп мәлімдеді. 1-саты: жыл сайын 31 желтоқсанға дейін айқындалған тарифтік квоталар көлемінің 25 пайызы бөлу бойынша тұжырыммен есептелінетін тарифтік квота белгілеуден 25 пайыз. 2-саты жылсайын 1 сәуірге дейін, 1-саты шеңберінде бөліген тарифтік квота көлемдерін шегере отырып, белгіленген тарифтік квота көлемінен 100% мөлшерде тарифтік квоталар қолданылады, алайда тарифтік квоталар көлемі мөлшердегі тұжырымға сәйкес бөлінеді. Жас және мұздатылған сиыр еті үшін ТК (СЭҚ ТН 0201) «бірінші келгенге бірінші қызмет көрсетіледі» қағидатына негізделеді. Жеткізушілер арасында ТК көлемін бөлуде қолданылған формула осы Баяндаманың 12-қосымшасында келтірілген.




  1. Қазақстан Республикасының өкілі тарифтік квоталардың көлемі жыл сайын белгіленеді деп атап өтті. Ол КО Комиссиясының 2010 жылғы
    18 қарашадағы № 505 және 2011 жылғы 18 желтоқсандағы
    № 865 шешімдерімен сиыр, шошқа және құс етіне қатысты тарифтік квоталар белгіленді деп мәлімдеді, сондай-ақ 2011 жыл мен 2012 жылдар үшін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер үшін ТК көлемі бекітілді. Қазақстан үшін белгіленген ТК-ның көлемі 2010 және 2011 жылдары бірдей болды. Қазақстан үшін сиыр мен шошқа етіне қатысты тарифтік квоталар көлемі ұлғайтылды. 2012 жылғы 20 қарашадағы «Бірыңғай экномикалық кеңістік пен Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында осы тауарларды әкелу үшін тарифтік квоталар көлемі туралы, сондай-ақ 2013 жылға арналған тарифтік квоталар көлеміне қатысты тауарлардың Тізімі туралы» ЕЭК № 229 шешімімен сүт сығындысына қатысты тарифтік квоталар белгіленді және 2013 жылға арналан тарифтік квоталардың көлемдері белгіленді. «Бірыңғай экномикалық кеңістік пен Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында осы тауарларды әкелу үшін тарифтік квоталар көлемі туралы, сондай-ақ 2014 жылға арналған тарифтік квоталар көлеміне қатысты тауарлардың Тізімі туралы» ЕЭК-тің 2013 жылғы 29 қазандағы № 242 шешімімен 2014 жылға арналған тарифтік квоталар көлемі белгіленді. 2010-2014 жылдар арналған тарифтік квоталар көлемі 1-кестеде келтірілген.

1-кесте – 2010-2014 жылдарға арналған тарифтік квоталар көлемі



СЭҚ ТН Коды

Тауардың атауы

2010-2013 жж. арналған тарифтік квоталар көлемі, мың тонна

2010

2011

2012

2013

2014

0201

Жас немесе мұздатылған сиыр еті

0,02

0,02

0,02

15,4

0,02

0202

Мұздатылған сиыр еті

10,0

10,0

13,9

15,3

0203

Шошқа еті

7,4

7,4

9,4

9,7

9,7

0203 29 550 2

0203 29 900 2



Шошқа етінен жасалған тримминг

0207

Құс еті

110,0

110,0

110,0

110,0

110,0




  1. Жұмыс тобының кейбір мүшелері 2012 жылға арналған тарифтік квоталардың көлемдерін бөлуге қатысты кідіртулер бойынша және кідіртулердің саудаға бөгер жасайтынына алаңдаушылықтарын білдірді. Сондай-ақ жұмыс тобының осы мүшесі аталған салалардың дереккөздері квоталанатын көлемдерді бөлетін қаулыға әлі қол қойылмағанан атап өтті. Ол қаулыға қашан қол қоятынын және бұл сұрақ жақын арада шешілетінін сұрады. Әрі қарай ол аталған кідіртуге қатысты келешекте мұндай кідіртулердің болмауын растауды өтінді. Қазақстан өкілі 2012 жылға арналған тарифтік квоталардың көлемдерін бөлу туралы Үкіметтің
    № 1085 қаулысына 2012 жылдың 24 тамызында қол қойылды деп мәлімдеді. Кідіртулер кедендік статистика мәліметтерінің нақтылығы проблемеларымен байланысты болды. Сонымен бірге, ол «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы
    29 қыркүйектегі № 239-V Заңына сәйкес шешім қабылдау билігінің елеулі бөлігі Үкіметтен орталық және жергілікті атқару органдарына берілгенін айтты. Осылайша, заң тауарлардың кейбір түрлерінің импорты мен экспорты бойынша тарифтік квоталарды орнату билігінің сауда әрекеттерін реттеу міндетін жоғарыда аталған органға берді және сол орган тарифтік квоталардың бөлетін әдістер мен рәсімдерді, олардың көлемі мен қолданылуын анықтайды. Қазақстан өкілі Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрлігі квота шеңберінде сиыр еті, шошқа еті және құс етін импорттауға лицензия беретін уәкілетті орган екенін мәлімдеді. Тарифтік квоталарды бөлу мерзімдерін азайтқан қаулы Ұлттық экономика министрлігімен қабылданды. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрлігіне тоқсан сайын әкелінген сиыр, шошқа және құс етінің көлемдері туралы есепті ұсынады. Баяндаманың 341, 343, 344,
    345 және 346-тармақтарында көрсетілгендей, тарифтік квоталарды бөлу рәсімдері мен механизмі бұрынғы қалпында қалады.




  1. Жұмыс тобының мүшесі құс етінен жасалған өнімдерге арналған тарифтік квота енгізу бойынша алаңдаушылығын білдірді және ДСҰ-на кіру кезінде жаңа сауда шектеулерін енгізу қосылу туралы келіссөздерді жүргізу кезінде сауда шектеулерін қолданбаудың жалпы қағидасына қарама-қайшы болып келетінін айтты. Қазақстан Республикасының өкілі құс етінің өндірісі елді мекен тұрғындарын мыңдаған жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін Қазақстанның ауыл шаруашылық саласының маңызды буыны болып табылады деп жауап берді. Осылайша, Қазақстанға құс етіне арналған тарифтік квоталары бөлу құқығын өзінде қалдыру аса маңызды. Ол Қазақстан барлық шешімдерді барынша қолайлы әзірлеу үшін Жұмыс тобының мүшелерімен тығыз ынтымақтастықта екенін айтты.




  1. Жұмыс тобы мүшесі қойған сұраққа Қазақстан Республикасының өкілі қазақстандық тауарлар бойынша жол берулер мен міндеттемелер Кестенің бірінші бөлігіндегі I-B тарауындағы тарифтік квоталары белгілеу тетігі сиыр, шошқа және құс етіне қатысты мынадай тарифтік квота өлшемдерін қамтиды деп түсіндірді: ішкі квоталық тарифтік мөлшерлеме қолданылуы мүмкін тауарлардың саны және ішкі квоталқ мөлшерлеме баждары. Қазақстан өкілі Қазақстан қазіргі таңда елдік қағида бойына ТРК бөлмейді деп мәлімдеді. Осылайша, тарифтік квота өнім берушілер – Қазақстан резиденттері арасында алдыңғы кезеңде әкелінген тауарларға тепе-тең келетін тарихи қағида бойынша бөледі. Осыған орай, Қазақстан қазіргі таңда қайта бөлу тетігінің қажеттілігі жоқ және мұндай тетік жоқ деп санайды.




  1. Жұмыс тобының мүшесі импорттық лицензиялау бойынша
    ДСҰ келісімі лицензиялау арқылы тарифтік квоталарды әкімшілендіру кезінде квоталарды бөлу мынадай тәсілмен, яғни жаңа импорттаушылардың квотаға қатысты қол жетімділік мүмкіндігін көздейтінін, сондай-ақ лицензияларды коммерциялық пайдалы шарттарды беру мүмкіндіктерін көздейтінінін атап өтті. Жұмыс тобының бұл мүшесі Қазақстанға оны елдік қағида бойынша бөлген жағдайда пайдаланылмаған квоталарды қайта бөлу ережелерін көздеу қажет екенін мәлімдеді. Бұл мүше Қазақстанға бөлу елдік қағида бойынша бөлінген жағдайда, ТК толығымен кәдеге жаратуды қамтамасыз ететін пайдаланылмаған квоталарды қайта бөлу ережелерін көздейтін және бөлінген көлемдердің коммерциялық пайдалы болып табылатындай етіп қамтамасыз ететін нарыққа жаңа қатысушылар үшін ТРК қатысты рұқсат етілген қол жетімділік тетіктерін көздеу қажет деп қосып айтты.




  1. Қазақтан өкілі, ЕАЭО-ның уәкілетті органдары немесе Қазақстанның мемлекеттік билігі органдарымен қолданылуына тәуелсіз 1994 жылғы ГАТТ және басқа ДСҰ-ның тиісті келісімдеріне, соның ішінде Импорттық лицензиялау рәсімдері бойынша келісімдерге және Ауыл шаруашылығы бойынша келісімге сәйкес Қазақстанның ДСҰ-ға кіргеннен кейін Қазақстанда импорттық тарифтік квоталар тәртібі қолданылатынын растады. Бұдан әрі, ол тарифтік квоталарды қолдану кезінде Қазақстан жаңа қатысушылар үшін тарифтік квоталарға қатысты қол жетімділік мүмкіндіктерін және Ауыл шаруашылығы бойынша келісімнің 2-бабында көзделгендей, ауыл шаруашылығы тауарларына арналған Тарифтік квоталарды әкімшілендіру бойынша ережелер туралы келісімнің
    5-тармағымен көзделгендей коммерциялық пайдалы сандарда тарифтік квоталарды бөлуді қамтамасыз ететінін растады. Егер Қазақстан елдік квота бойынша тарифтік квоталарды бөлуді көздейтін болса, онда ол ДСҰ-ның мүшелерімен тарифтік квоталарды толығымен бөлуді қамтамасыз ететін заманауи және транспарентті бөлу тетігін қамтамасыз етеді. Жұмыс тобы осы міндеттемелерді ескерді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет