ДҮниежүзілік сауда ұйымы


C. СЫРТҚЫ САУДАҒА ӘСЕР ЕТЕТІН ІШКІ САЯСАТ



бет25/78
Дата04.03.2016
өлшемі6.06 Mb.
#38185
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   78

C. СЫРТҚЫ САУДАҒА ӘСЕР ЕТЕТІН ІШКІ САЯСАТ

    • Субсидияларды қоса алғандағы өнеркәсіптік саясат





  1. Қазақстан өкілі 2015 жылғы 1 қаңтардағы ЕАЭО туралы шарттың «Өнеркәсіптік субсидиялар» 93-бабы және «Өнеркәсіптік субсидия берудің ортақ ережелері туралы хаттаманың» №28 қосымшасы ЕАЭО шегінде өнеркәсіптік субсидиялар берудің негізгі қағидаларын белгілейді деп мәлімдеді. Бұл ережелер 2010 жылғы 9 желтоқсанда қол қойылған және Біртұтас экономикалық кеңістік шенберінде 2012 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген және 2015 жылдың 1 қаңтарында ЕАЭО туралы шарт күшіне енгенде күшін жоғалтатын Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы өнеркәсіптік субсидиялар берудің ортақ ережелері туралы келісімнің орнын алмастырды. 93-бап пен
    28-қосымша ЕАЭО аясында сауда кедергілері болмаған жағдайда әрекет ететін компаниялар үшін тең бәсекелестік жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған. ЕАЭО туралы шартқа 93-бап пен 28-қосымша субсидиялар мен өтемақы шаралары бойынша ДСҰ келісімінің негізгі қағидаттары енгізілген және ерекше субсидияны нотификациялау рәсімдері, мониторинг, дауларды шешу мен ұлттық уәкілетті органдармен тергеу жүргізу көзделген.
    2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕАЭО мүше мемлекеттері Еуразиялық Экономикалық Комиссиядан (бұдан әрі – ЕЭК немесе Комиссия) олардың ерекше субсидияларын келісу туралы сұрау сала алады. Басқа мүше мемлекеттер Комиссиямен келісілген субсидияларға дау айта алмайды. Ол субсидия беру бюджеттік, салықтық, кедендік және инвестициялау заңнамаларымен реттелетінін қоса айтты. Қазақстан экономикасының өнеркәсіптік секторын мемлекеттік қолдау республикалық (орталық) бюджет есебінен жүргізіледі. Жұмыс тобы мүшелерінің өңірлік субсидиялар беруді реттейтін мақсаттар, критерийлер мен нұсқаулар туралы және жергілікті органдармен олардың қолданылуы туралы сұраққа жауабында Қазақстан өкілі 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексіне сәйкес жергілікті инфрақұрылымды құру, мектептерді басқару және тауарлар өндірісімен байланысты емес мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу сияқты мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыру мақсатында Республикалық және облыстық бюджетпен бекітілген сомма шегінде жоғары тұрған бюджеттен төменгі тұрған бюджетке берілетін ресми трансферттер облыстық субвенциялар болып табылатынын айтып түсіндірді.




  1. Қазақстан өкілі өнеркәсіптік саланы мемлекеттік қолдау негізінен экономиканың басым секторларына, өнеркәсіптің инновациялық салаларын дамытуға, шағын және орташа бизнесі қолдауға және өңірлерді дамытуға инвестиция тартуға бағытталғанын атап өтті. Мемлекеттік қолдаудың негізгі құралдарына: (і) импортта салықтық және кедендік баждан босату түріндегі инвестициялық жеңілдіктер; (іі) мемлекеттік заттай гранттар;
    (ііі) стратегиялық инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін жерге және мүлікке салықтық жеңілдіктер түрінде;
    (iv) коммерциялық кредит пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау және кредитті жартылай кепілдендіру; (v) жеңілдік шарттарымен лизинг беру;
    (vі) өндірістік инфрақұрылымды дамыту; (vіі) әлеуметтік және экономикалық осал өңірлерде стратегиялық инвестициялық жобаларды іске асыратын заңды тұлғаларға өнеркәсіпті жеңілдіктер; (vііі) бизнесті сервистік қолдау;
    (хі) салық төлеу мерзімін кейінге қалдыру; және (х) инновациялық гранттар кіреді.




  1. Жұмыс тобының мүшесі Қазақстаннан мұнай-химиялық секторды инвестициялайтын салаларға берілетін, сонымен қатар ақпараттық технологияларды зерттеу мен дамыту саласында, арнайы экономикалық аймақтарда (АЭА) жұмыс жасайтын компанияларға ерекше салықтық режим бойынша корпоративті табыс салығына қатысты жеңілдіктер бойынша толығырақ ақпарат беруді сұрады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексі (бұдан әрі – Салық кодексі) бойынша инвестициялық және өнеркәсіптік қызметке берілетін жеңілдіктер бойынша көбірек ақпарат сұрады. Қазақстан өкілі мұнай-химиялық сектордағы салалар үшін жеңілдетілген салықтық режим өңдеуші өнеркәсіпті дамыту жолымен ұлттық экономиканың әртараптануына мүмкіндік жасайды деп жауап берді. Ол бұрын компания кірісінің 90% Қазақстанда алынған мұнай мен газды өңдеуде алынған өнімдерді сатудан түскен жағдайда ғана корпоративті тбыс салығына қатысты жеңілдіктер режимі мұнай-химиялық сектордағы компанияларға берілгенін растады. Алайда, бұл ереже «Салық салу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар туралы» 2005 жылғы 22 қарашадағы 89-III Заңымен алып тасталды. АЭА тіркелген компанияларды салықтық және кедендік баждан босату осы Баяндаманың IV тарауы «Тауарлармен сауда саласындағы саясат», (С) бөлімі «Сыртқы саудаға әсер ететін ішкі саясат», «Еркін аймақтар, Арнайы экономикалық аймақтар» тармақшаларында да қарастырылатынын атап өтті.




  1. Қазақстан Эксимбанкінің жеңілдік кредиттеріне, яғни субсидияланған пайыздық мөлшерлемесі бар кредиттерге қатысты Жұмыс тобының кейбір мүшелері бұл кредитттердің экспорт немесе импорт алмастыруға тәуелділігі жағдайымен байланысты олар субсидиялар мен өтемақы шаралары туралы келісімнің 3.1-бабына (бұдан әрі – СӨШ) сәйкес тыйым салынған субсидияны көрсетуі мүмкін деген ерекше алаңдаушылығын білдірді. Сонымен қатар Қазақстаннан Эксимбанкпен қамтамасыз етілген қаржыландыру Субсидиялар мен өтемақы шаралары туралы келісімнің
    І қосымшасының (j) және (k) тармағында анықталған ережелерге сәйкес келетінін растауды сұрады. Бұған Қазақстан өкілі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік экспорт-импорт банкін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 16 шілдедегі
    №1815 Жарлығына сәйкес Эксимбанктің негізгі міндеті үкіметтік кепілмен халықаралық нарықта капиталды алып пайдалану және ел ішінде кредит беру болып табылабынын айтты. Эксимбанк экономиканың басым секторларындағы барлық кәсіпорындарға ортақ шарттар мен ережелерді қолданды. Атап айтқанда, Эксимбанктан отандық компаниялар
    (і) ауылшаруашылығы жабдықтары мен қант қызылшасын өндіруге арналған машиналар импортына; (іі) құрылыс жобалары мен құрылыс материалдарын өндіруші құрылғылар имортына; (ііі) минералды тыңайтқыштар импортына; (iv) электр желісі компаниялары мен сорғырлар шығаратын электр станциялары құрылысына; және (v) тамақ өнімдерін өндіруге алған кредиттер. Эксимбанк үш/бес-жылдық инвестициялық жобаларды алты пайыздан төмен пайыздық мөлшерлемемен және екі жылдан үш жылға дейін жеңілдік берумен қаржыландырды. Ол кредитпен қамтамасыз ету экспортты жүзеге асыру немесе импорттың орнын алмастыру талаптарына тәуелді болмағанын растады. 2004 жылдан бастап Эксимбанк жекешелендірілді және Үкіметтің атынан операциялар жүргізбейді және қарыздар бойынша үкіметтік кепілдіктер алмайтын болды. Қазір банк Қазақстанның кез-келген коммерциялық банкі сияқты қаржы қызметтері нарығында жалпы банктік қызметтер көрсетеді.




  1. Түсті металдар мен алтынды өндіру мен экспортын қолдау үшін Қазақстан даму банкімен берілетін жеңілдік кредиттері бойынша Қазақстан өкілі жасаған мәлімдемеге қатысты Жұмыс тобының кейбір мүшелері осы банкпен берілетін қаржыландырудың ерекшелігі (мысалы, экспортқа жеңілдік) туралы қосымша ақпарат сұрады. Олар Даму банкімен қамтамасыз етілетін қаржыландыру ДСҰ келісімінің І қосымшасы (k) тармағында белгіленген субсидиялар мен өтемақы шаралары туралы ережелерге сәйкестігін растауды сұрады. Қазақстан өкілі Даму банкінің экспорттық операцияларды қаржыландыру шарттары «Қазақстанның даму банкі туралы» 2001 жылғы 25 сәуірдегі №178-ІІ Заңымен (бұдан әрі – Даму банкі туралы заң) реттелетінін айтты. Ол Қазақстан даму банкі қаржылық қызметтерді ұсынғанда, коммерциялық шарттармен отандық және халықаралық коммерциялық нарықта алынған қаражатты пайдаланатынын мәлімдеді. Оның үстіне «Даму банкі туралы» заңның 12-бабына сәйкес берілетін кредитке сыйақы мөлшерлемесі Банктің алынған қаражат пен пайдалану шығындарының орташа құнына негізделеді. Осылайша, заң бойынша Банк оның қарыздары мен кредитке сыйақы мөлшерлемесін субсидиялай алмайды. Оның ойынша экспорттық кредитті қосқандағы банк кредиті
    3.1-бапта және ДСҰ СӨШ келісімінің І-қосымшасында көрсетілген мағынада экспорттық субсидия ретінде қарастырылмайтынын ол мәлімдеді.




  1. Жұмыс тобының мүшесі Қзақстанның теміржол тасымалы тарифтеріне төмендету коэффициенті (дисконттар) жүйесін қолдануы экспорттық бағытта тасымалдау үшін ғана берілетін күкірт қышқылы мен темір кені өндірушілері үшін тарифтердің төмендеуіне әкеліп соғатынын атап өтті. Жұмыс тобының осы мүшесі бұл жеңілдіктердің экспорт шарттарымен шектелгендіктен (егер бұл заңнаманың ерекше мақсаты болып табылмаса да) олар ДСҰ СӨШ келісімінің 3.1-бабына сәйкес тыйым салынған экспорттық субсидиялар болуы мүмкін деп мәлімдеді. Жұмыс тобының осы мүшесі бұл бағдарламаны ДСҰ ережелеріне қалай сәйкес келтіретінін түсіндіруді сұрады. Қазақстан өкілі мұнайды тазарту процесі нәтижесінде алынатын жанама өнім болып табылатын және отандық нарықта сұранысқа ие емес күкірт қышқылы мен темір кенінің теміржол тасымалы тарифтерін төмендету коэффициенті (дисконттар) жүйесін қолдану отандық өндірушілердің экспортын қолдауға бағытталмағанын айтты. Төмендету коэффициенті Қазақстанның экологиясына ықтимал жағымсыз әсері проблемасын шешу мақсатында күкірт қышқылын экспорттық бағытта тасымалдауда қолданған еді. 2003 жылдан бастап күкірт қышқылын тасымалдауда төмендету коэффициенті қолданылған жоқ. Темір кенін тасымалдауда төмендету коэффициентін қолдану теміржол бойынша темір кенін тасымалдаудың жоғары көлемімен байланысты критерийлерге негізделді. Қазақстан өкілі 2004 жылдың
    22 ақпанынан 31 желтоқсанына дейін экспорттық бағыттарда темір кені тасымалына уақытша төмендету 0,25 коэффициенті қолданылғанын. Сол кезден бастап Қазақстаннан темір кені өнімдерінің тасымалы бойынша төмендету коэффициенті (дисконттар) қолданылған жоқ.




  1. 2004 жылы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының м.а. 2004 жылғы 8 қыркүйектегі № 375-OD бұйрығына сәйкес «Магистральды теміржол бойынша тасымалдау тарифтеріне уақытша төмендету коэффициентін белгілеуді және тоқтатуды реттейтін ережелер» қабылданғанын қоса айтты. Осы жаңа ережелер табиғи монополия сияқты айқындалатын магистральды теміржол желісі қызметтеріне ғана қатысты болды. Уақытша төмендету коэффициенті мына шарттардың біреуіне сәйкес келгенде: (і) мәлімделген айналым жоғары немесе өткен жылғы тәріздес кезеңдегі нақты айналым сияқты болды; (іі) магистральды теміржол желісі учаскелерін пайдаланудың еркін/төменгі коэффициентпен пайдалану мүмкіндігі болды; (ііі) өнеркәсіптік өндірістің ілеспе тауарлары қоршаған ортаға зиян келтіреді; (iv) концессия шарты бойынша теміржол көлігі объектілерімен магистральды теміржол желісі және теміржол жолдарының реттеуші қызметтеріне қолжетімділікті тең тарифтік шарттармен қамтамасыз ету; және (v) жолаушылар тасымалы әлеуметтік маңызды болғанда белгіленеді. Белгілі бір тауарлардың теміржол тасымалы үшін төмендету коэффициенті белгіленгеннен кейін олар осы жүктерді тасымалдайтын барлық компанияларға (жүк жіберушілерге) таралады және барлық ішкі, импорттық экспорттық бағыттарда жарамды. Қазақстан өкілі магистральды теміржол қызметтері тарифтеріне төмендету коэффициентін қолдану үшін падаланылған критерийлер де-юре мен де-фактоға, экспорт көрсеткіштеріне немесе отандық тауарларды импорттың орнына пайдалануға тәуелді емес деп мәлімдеді. Оның ойынша, негізінен бұл шаралар ДСҰ СӨШ келісімінің
    3-бабында және 1994 жылғы ТСБК ХІV-бабында көрсетілген мағынадағы тыйым салынған субсидияны беру сияқты қарастырылмауы керек. Ол теміржол тарифтерінің осы Баяндаманың «Бағаны белгілеу саясаты» тарауында сипатталғанын атап өтті.




  1. Жұмыс тобының кейбір мүшелері Қазақстанның сары фосфор, фосфоритті ұн және фосфатты тыңайтқыштардың экспорттаушыларына қатысты салықтық жеңілдіктер беретінін және бұл салықтық жеңілдіктер экспортқа тәуелді екеніне алаңдаушылық білдірді және ДСҰ СӨШ келісімінің 3-бабына сәйкес тыйым салынғанын атап өтті. Қазақстан өкілі бұған ТОО «Қазфосфат» ЖШС экономиканың ерекше секторында басым қызметті іске асырғандықтан, 1999-2000 жылдары жасасқан инвестициялық келісімшарттарға сәйкес корпоративті табыс салығына 2008 жылдың
    31 тамызына дейін 50 пайыз, мүлік салығына және жер салығына
    2007 жылға дейін 50 пайыз инвестициялық жеңілдіктер алғанын айтты.
    2008 жылдан бастап мұндай жеңілдіктер берілмейді. Ол көрсетілген салықтық жеңілдіктерге қолданылатын нақты және заңды түрдегі критерийлердің экспорт көрсеткіштерімен немесе импорт орнына отандық өнімдердің жеңілдікпен қолданылуына байланысты еместігін, керісінше ұлттық экономиканың әртараптануы үшін стратегиялық маңыздылығына орайластырылғанын мәлімдеді.




  1. «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қорғау туралы» 1997 жылғы
    28 ақпандағы №75-І Заңына сәйкес салықтан босатылғанын атап өткен Жұмыс тобының кейбір мүшелерінің алаңдаушылығына, Қазақстан өкілі «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қорғау туралы» 1997 жылғы
    28 ақпандағы № 75-І Заңы, сонымен қатар 1994 жылғы 27 желтоқсандағы «Шетел инвестициялары туралы» 266-ІІІ Заңы «Инвестициялар туралы»
    2003 жылғы 8 қаңтардағы №373 Заңымен күші жойылғандығын айтты. Ол «Инвестициялар туралы» заңның қабылдануына дейін берілген салық жеңілдіктерінің уәкілетті орган мен инвесторлар арасындағы қол қойылған келісімшарттардың мерзімі аяқталғанға дейін (яғни, қалған келісімшарттар үшін 2009 жылғы бас кезіне дейін) күшінде болғанын растады. Ол жаңа Заңда инвестициялық жеңілдіктер алу үшін инвестицияның ең төменгі көлеміне қатысты талаптардың жоқ екенін қоса айтты. Ол «Инвестициялар туралы» заңға сәйкес берілетін инвестициялық жеңілдіктер бойынша толық ақпарат осы Баяндаманың «Инвестициялық режим» тарауында бар екенін айтты.




  1. Жұмыс тобының кейбір мүшелері Қазақстаннан ДСҰ СӨШ келісімінің 25-бабына сәйкес хабарлануы тиіс субсидиялар туралы толық ақпарат беруді сұрады. Атап айтқанда, алдыңғы тармақтарда сипатталғаннан өзге Қазақстанда өнеркәсіптік жеңілдіктерге және өзіндік ерекше субсидияларға жататын әкімшілік бағдарламалар бар ма деп сұрады. Қазақстан өкілі Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы
    № 1958 жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі» 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада қарастырылған салықтық жеңілдіктер, гранттар, ғылыми-зерттеулік және тәжірибелік-конструкторлық қаржыландыру және Даму банкі мен екінші деңгейлі банктер арқылы ұлттық экономиканы әртараптандыруға бағытталған басым секторларды жеңілдікпен несиелендіруді қосқанда кейбір инвестициялық және өнеркәсіптік жеңілдіктердің бар екенін айтты. Атап айтқанда, 2012 жылғы 9 қаңтардағы №543-IV «Индустриалды-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңы индустриалды-инновациялық жобаларды, яғни технология трансфертін, жаңа және жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар мен қызметтерге бағытталған жобаларды мемлекеттік қолдау шараларын айқындап берді.




  1. Жұмыс тобының бір мүшесі «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі» 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кейбір салалық жобалар, атап айтқанда, «қазақстандық машина құрылысы өнімдерінің экспортын ілгерілету үшін қаржылай ынталандыру» жоспарында экспорттық субсидия элементтері бар. Жұмыс тобының мүшесі егер бағдарлама шеңберінде бұл субсидиялар экспортқа тәуелді болған жағдайда олар ДСҰ СӨШ келісімнің 3-бабына сәйкес тыйым салынуы мүмкін деген пікірін айтты. Жұмыс тобының мүшесі ДСҰ-ға кіргенге дейін осы бағдарламаны ДСҰ СӨШ келісіміне қалай сәйкес келтіретінін түсіндіруді сұрады.




  1. Қазақстан Республикасының өкілі «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі» 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама негіздемелік құжат болып табылады, ол Қазақстанның 2010-2014 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық дамуының негізгі мақсаттары мен бағыттарын белгілейді деп жауап берді. Бағдарлама дамудың басым секторларын, секторлардың әрқайсысы үшін мақсаттар мен көрсеткіштерін белгілейді және қойылған мақсаттар мен көрсеткіштерге жету үшін қолданылатын құралдарды қарастырады. Мемлекеттік бағдарламада белгіленген мақсаттарды іске асыруға бағытталған нақты тетіктер бөлек құқықтық актілерде және «Бизнестің жол картасы-2020», «Өнімділік-2020» бағдарламасы, Қазақстанға
    2010-2014 жылдары инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөнiндегi бағдарлама секілді бағдарламаларда жазылып кеткен. Осыған байланысты «қазақстандық машина құрылысы өнімдерінің экспортын ілгерілету үшін қаржылай ынталандыру» – бұл жалпы мақсат, оған жету қажет, бірақ бұл субсидияның нақты тетігі емес. Аталған жағдайда қаржылай ынталандыру, Қазақстандағы машина жасау өнімінің өндірушілеріне өзінің өндірісін кеңейтуге және өз өнімінің сапасын жақсартуға жол беретінін білдіреді, ол оларға өз өнімін тек ішкі нарықта өткізуге ғана емес, сондай-ақ экспорттауға мүмкіндік береді. Машина жасау өнімдерін субсидиялаудың нақты схемасы «Бизнестің жол картасы-2020», «Өнімділік-2020» деген сияқты бағдарламалардың шеңберінде, арнайы экономикалық аймақтардың (АЭА) және «еркін қойма» тәртібінің жеңілдіктерінде қарастырылған болатын. Бұл бағдарламаларда тыйым салынған экспорттық субсидиялар қарастырылмаған.




  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі
    № 301 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы өнеркәсіптің жаңа өңдеуші секторларының дамуына және бар өнеркәсіпті жаңғыртуға бағытталған. Бағдарлама коммерциялық қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау және ішінара кепілдік беруді, индустриалдық инфрақұрылымының дамуын, бизнесті сервистік қолдау нысанында мемлекеттік қолдауды көздейді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысымен бекітілген «Өнімділік - 2020» бағдарламасы экономиканың басым секторларында еңбек өнімділігінің ұлғайту арқылы өнеркәсіптік кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін ұлғайтуға бағытталған. Аталған бағдарламамен қарастырылған негізгі тетіктер, кешенді инвестициялық жобаларды әзірлеу және сараптама жасауда жұмсалған шығындардың жартысын орнын толтыруды көздеген инновациялық гранттарды, қаржылық лизингті, заманауи басқаруды және өндірістік технологияларды енгізуге арналған гранттарды қосады. Бұл бағдарламада экономиканың өңдеуші секторларында инвестициялық жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын шаруашылық жүргізуші субъектілер мен кәсіпкерлер қатыса алады.




  1. Аталған бағдарламаларды іске асыру үшін Қазақстан арнайы даму институттары мен қорларды құрды, олар Қазақстандық инвестициялық қоры, Ұлттық инновациялық қоры, «Даму» кәсіпкерліктің дамыту қоры. Қазақстан өкілі, Қазақстан ДСҰ СӨШ келісімінің 25-бабына сәйкес барлық субсидиялар туралы ақпаратты Жұмыс тобына нотификация түрінде бергендігін атап өтті.




  1. Жұмыс тобының мүшесі «Өнімділік-2020» бағдарламасына сәйкес, ретінде экономиканың басым секторларында әрекет етеін және басқалармен қоса «экспортқа бағдарланған» бағытта қызметті жүзеге асыратын өндірушілер Бағдарламаның қатысушылары бола алатындығын айтты. Егер бұл ынталандырулар экспортпен байланысты болса, ДСҰ СӨШ келісімінің
    3-бабына сәйкес рұқсат етілмеген болып табылады.




  1. Қазақстан Республикасының өкілі «Өнімділік-2020» бағдарламасының шеңберінде келесі критерийлерге:




  • Бағдарламаның 1-қосымшасында тізбектелген экономиканың басым секторларында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды жоспарлайтын және (немесе) жүзеге асыратын;




  • Бағдарламаның 2-қосымшасында тізбектелген тауарлардың өндірісін, машиналарды және жабдықтауды орнату және жөндеу бойынша қызметтерді көрсету саласында инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын кәсіпкерлерді қоспағанда, жүзеге асыруды жоспарлайтын және (немесе) жүзеге асыратын;




  • қаржылай-орнықты (банктердің алдында және банк филиалының алдында барлық міндеттемелер түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқтығы және салық берешегінің жоқтығы және т.б.);




  • келесі көрсеткіштерді қарастыратын, инвестициялық жобасының кешенді жоспары бар:




  1. инвестициялық жобаның қаржылай өтемділігі;

  2. еңбек өнімділігінің жоғарылауы;

  3. өнімі бәсеке қабілетті кәсіпкерлер субсидияларды ала алады деп жауап берді.




  1. Қазақстан өкілі «Өнімділік-2020» бағдарламасы шеңберіндегі критерийлер жергілікті қамту немесе экспорт талаптарын қоспайтындығын атап өтті. Осылайша, бағдарламаның шеңберінде ұсынылатын субсидиялар рұқсат етілмеген субсидиялар санатына жатпайды.




  1. Жұмыс тобының мүшесі Қазақстанды экспортты ынталандыруға бағытталған бағдарламалар, сауданы қаржыландыру және сақтандыру, сондай-ақ экспортты сервистік қолдау бойынша көбірек ақпарат беруді сұрады. Жұмыс тобының мүшесі сауданы қаржыландыру және экспортты сақтандыру шарттары осы тектес қолдау үшін халықаралық нормалармен сәйкес келе ме деген сұрақ қойды.




  1. Қазақстан өкілі Үкіметтің 2012 жылғы 2 тамыздағы «Отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша экспорттаушылар шығындарының бір бөлігін өтеу қағидасын, сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша экспорттаушылардың шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлар тізбесін бекіту және экспорттаушылардың шығындарын өтеу жолымен отандық өнімді сыртқы нарықтарға шығару бойынша мемлекеттік қолдау көрсетудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
    №1017 қаулысы (Үкіметтің №1017 қаулысы) олардың тауарлары мен қызметтерін шетелде ілгерілету үшін, индустриалдық-инновациялық қызметке қарастырған, компаниялармен келтірілген шығындардың ішінара өтеуін қарастырады (50% дейін) деп түсіндірді. Келесі шығындар ішінара өтеле алатын болады: шетелде өнімді және сауда белгілерін тіркеу және мамандарды оқыту, шетел өкілеттіктерін қамту, шетелдік көрмелерге қатысу, жарнамаға шығындар, маркетингтік зерттеулер. Субсидия қазақстандық тауарларды шетелде ілгерілетуге бағытталған. Сонымен қатар, ол компаниялар үшін олардың белгілі бір мөлшердегі өнімін сыртқа шығару үшін талаптарды қарастырмайды. Осылайша, субсидияны алу шарттары экспорт көрсеткіштерінен байланысты емес және сәйкесінше субсидия ДСҰ СӨШ келісімінің 3-бабына сәйкес рұқсат етілмеген субсидиялар санатына жатқызылмайды.




  1. Экспорттаушылардың сервистік қолдауына қатысты, Қазақстан Республикасының өкілі, ол өзіне бар және әлеуетті сыртқы сауда қызметінің шағын және орта бизнестің қолдауына бағытталған қызметтерді қосатынын түсіндірді. Бұл қызметтер өзіне маркетингтік және талдамалы көмекті, сұраныс бойынша шетелдік нарықтарда мәліметті ұсынуды, қазақстандық өндірушілердің сауда белгілерін ілгерілету бойынша таныстырылымды ұйымдастыруды және т.б. қосады. Оның пікірі бойынша, сервистік қолдау рұқсат етілмеген субсидия ретінде қарастырылмайды, себебі аталған схема өзімен экспорт көрсеткіштерімен байланыстырылған өнеркәсіптің салаларына немесе кәсіпорындарына Үкіметтің айқындалған қаржылай жәрдемін көрсетпейді.



  1. Экспорттық операцияларды қаржыландырудың мемлекеттік қолдауы «Экспорттық-кредиттік сақтандыру компаниясы «ҚазЭкспоГарант» АҚ арқылы ұсынылады және өзіне келесі элементтерді: 1) шетелдік импорттаушылармен экспорттық келісімшарттарды жүзеге асыру барысында туындаған коммерциялық және саяси тәуекелдерге қарсы экспорттық кредиттерді сақтандыру; 2) экспорттықтан кейінгі қаржыландыруды ұсынуды (экспорттық кредиттерді) қосады деп атап өтті. Бұл қаржылық құралдар ресми қолдайтын экспорттық кредиттер бойынша ЭЫДҰ уағдаластығын қоса отыра, халықаралық тәжірибе негізінде ұсынылады. Демек, олар ережелерге және субсидиялар мен өтемақы шаралары бойынша ДСҰ келісімінің нормаларына сәйкес келеді.




  1. Жұмыс тобының мүшесі сондай-ақ «Қазақстан Республикасына инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама» туралы көбірек мәліметті, аталған бағдарламаның шеңберінде экспортты ынталандыруға бағытталған бағдарламаларға ерекше назар аудара отыра субсидияларды алу үшін компанияларға арналған критерийлер туралы мәліметті беруді сұрады. Жұмыс тобының мүшесі Бағдарлама мақсаттарының бірі «экспорттаушыларды қаржылай қолдау» болып табылатындығына алаңдаушылығын білдірді және 2015 жылға дейін жетуге тиіс болатын мақсатты көрсеткішінің арасында мыналарды: (1) АЭА ұлғайып жатқан өндірісі экспортын ең кем дегенде 50% қамтамасыз ету және
    (2) өңделген өнімнің экспортын ең кем дегенде 40% ұлғайту. Сондай-ақ, экспорттаушыларды қаржылай қолдау шараларының осы немесе өзге де қазақстандық даму бағдарламаларының ешқайсысы экспорттың нәтижесі түріндегі субсидияларды алушылардың белгілі бір мақсаттарға жетуін қамтамасыз етуге бағытталмағаны туралы растама беруін сұрады.




  1. Қазақстан өкілі жауап ретінде Үкіметтің 2010 жылғы 30 қазанда
    №1145 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасына инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламада» қарастырылған инвестиция мен экспортты дамытуға бағытталған көптеген шаралар ДСҰ СӨШ келісімінде қарастырылған айқындамасына сәйкес субсидияны болып табылмайтынын түсіндірді. Осы шаралар өзіне мыналарды: (i) Үкіметтің бизнес ахуалды жақсарту бойынша іс-шараларының тиімділігін бағалау бойынша шараларды; (ii) кеден және шекаралық қызмет істерін жақсартуды; (iii) Қазақстан аумағында шетелдік жұмыс күшінің келу шарттарын жетілдіру; (iv) кейбір мемлекеттік органдардың инвесторлармен жұмысына мониторинг жасау; (v) құқықтық актілерлі әзірлеу; (vi) экспорттаушыларды сервистік қолдау (17-тармақта көрсетілген); (vii) шетелде сауда миссиясы мен жәрмеңкені ұйымдастыру; (viii) қазақстандық өндірушілер мен олардың өнімі туралы кітаптар мен кітапшаларды шығаруды қосады. Бағдарламада «экспорттаушыларды қаржылай қолдау» деп 580-бапта сипатталғандай «ҚазЭкспоГарант» Экспорттық-кредиттік сақтандыру компаниясы арқылы экспорттық операциялардың қаржыландырудың мемлекеттік қолдауы түсінілетінін атап өтті. 2015 жылға дейін жетуге тиіс болатын «АЭА ұлғайып жатқан өндірісінің ең кем дегенде 50% қамтамасыз ету» және «өңделген өнімнің экспортын ең кем дегенде 40% ұлғайту» деген мақсатты индикаторлар экспорттық субсидияларды білдірмейді. Олар бағдарламаны жүзеге асырудың жалпы мақсаттары болып табылады және сәйкесінше белгілі бір субсидияларды ұсыну шарттары ретінде пайдаланылмайды. Ол, АЭА құрудың негізгі мақсаты – бұл жоғары қосылған құнымен өнім өндіруді дамыту арқылы экономиканы әртараптандыру. Осыған байланысты, АЭА шеңберінде ұсынылатын мемлекеттік қолдау экспорттың нәтижелерімен байланыстырылған өндірісті ынталандыруға және инвестицияларды тартуға бағытталған салық және кедендік жеңілдіктерді қосады. АЭА шеңберінде қолданылатын жеңілдіктер толық сипаттамасы осы Баяндаманың «Тауарларды сатуға әсер ететін саясат» тарауында, «Сыртқы саудаға әсер ететін ішкі саясат» (С) бөлімінде, «Еркін аймақтар, арнайы экономикалық аймақтар» тармақшасында ұсынылған. Қазақстанның даму бағдарламаларында, дәлірек айтқанда «Қазақстан Республикасына инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламада» қарастырылған преференциялар экспорттың нәтижелерімен байланысты емес және сәйкесінше рұқсат етілмеген субсидиялар ретінде қарастырылмайтынын Қазақстан өкілі растады.




  1. Жұмыс тобының мүшесі Қазақстандағы субсидиялаудың екі бағдарламасы – «Бизнестің жол картасы-2020» және Үкіметтің
    №1047 қаулысына қатысты алаңдаушылығын білдірді. Оның пікірінше осы бағдарламалардың белгілі бір аспектілері ДСҰ CӨШ келісіміне сәйкес рұқсат етілмеген экспорттық субсидиялар болып табылады. Жұмыс тобының мүшесі Қазақстан тарпынан өз заңнамасын қарастыруды және келіссөздер аяқталғанға дейін оған мүмкін болатын рұқсат етілмеген субсидиялауды болдырмау үшін өзгерістер енгізуді сұрады. Қазақстан өкілі ДСҰ СӨШ келісіміне сәйкес субсидиялауды өз бағдарламаларын сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Үкіметі осы екі заңнамалық актілерге өзгерістерді енгізу бойынша жұмыс жасалып жатқандығын түсіндірді. Атап айтқанда, экспортты ілгерілетуге байланысты мақсатты көрсеткіштер және экспорттың нәтижелері туралы мәселелер «Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасынан алып тасталатынын айтты. Үкіметтің №1017 қаулысының күші жойылатын болады. Аталған өзгерістер Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кіру қарсаңында енгізілетін болады.




  1. Жұмыс тобының мүшесі Қазақстаннан ДСҰ-ға кіру қарсаңында импорттық тауарлардың орнына экспортпен немесе отандық тауарларды пайдалану нәтижелерімен байланысты барлық үкіметтік деңгейлерде
    ДСҰ СӨШ келісімінің 3-бабында көрсетілген бүкіл тыйым салынған субсидияларды және 1994 жылғы Тарифтер мен сауда бойынша Бас келісімінің XVI-бабында көрсетілген барлық рұқсат етілмеген субсидиялардың күшін жоятыны туралы растауын сұрады. Сондай-ақ, Қазақстаннан ДСҰ СӨШ келісіміне сәйкес барлық үкіметтік деңгейлерде ДСҰ-ға кіргеннен кейін қабылданған немесе бар субсидиялар бойынша кез келген бағдарламаларды реттейтінін растауын сұрады. Жұмыс тобының осы мүшесі Қазақстаннан ДСҰ СӨШ туралы келісімінің 25-бабына сәйкес субсидиялар туралы хабарлама жобасын, мұндай хабарламасыз «Субсидияны қоса алғандағы өнеркәсіптік саясат» тармақшасы бойынша пікірталасты тоқтатуға байланысты кейін қиындықтар туындауы мүмкін екендігі туралы ескерте отырып, қарастыру үшін ұсынғанын айтты.




  1. Қазақстан өкілі ДСҰ-ға кіргеннен кейін, Жұмыс тобының баяндамасында қарастырған жағдайларды қоспағанда Қазақстан өзінің аумағында Субсидиялар және өтемақы шаралары бойынша келісімнің
    3.1-бабының реттеуіне жататын субсидиялаудың барлық бағдарламаларын, экспорттаушы компаниялар үшін даму бағдарламаларын қоса алғанда алып тастайтынын немесе осы бағдарламалар кез келген ұсынылған субсидия экспортының нәтижелерімен немесе импорттық тауарлардың орнына отандық тауарларды пайдаланумен заң жүзінде немесе іс жүзінде байланыспайтындай өзгертетінін растады. Сондай-ақ, Қазақстан аумағының шеңберінде ДСҰ-ға кіргеннен кейін кез келген бар немесе енгізілген субсидиялау бағдарламасы Субсидиялар және өтемақы шаралары бойынша ДСҰ келісімінің ережелеріне сәйкес жүргізілетінін растады. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы субсидиялар туралы хабарлама осы Баяндаманың
    4-кестесінде қарастырылғандай, Қазақстанның қосылуы туралы хаттаманың күшіне ену кезінде Субсидиялар және өтемақылық шаралары туралы келісімінің 25-бабына сәйкес дайындалған Субсидиялар және өтемақылық шаралары туралы Комитетіне субсидиялар туралы хаттаманы ұсынады. Қазақстан СӨШ ДСҰ келісімінің 27 және 28-баптарын қолданбайтынын растады. Жұмыс тобы осы міндетемелерді ескерді.



1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет