-
Қазақстан өкілі 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап импорт секілді Қазақстан Республикасындағы экспорттық лицензиялаудың құқықтық негізін ЕАЭО туралы шарттың 7-қосымшасы атқарады, ол келесі келісімдердің:
(і) 2008 жылғы 25 қаңтардағы тарифтік емес ортақ шаралар туралы келісім; (іі) 2009 жылғы 9 маусымдағы үшінші елдерге қатысты ортақ кедендік аумақта тауарлардың сыртқы саудасын қозғайтын шараларды енгізу мен қолдану тәртібі туралы келісім; және (iii) 2009 жылғы 9 шілдедегі тауарлардың сыртқы саудасы саласындағы лицензиялау ережелері туралы келісімнің орнын алмастырды. «Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы кеден одағын бірыңғай тарифтік емес реттеу туралы» 2009 жылғы 27 қарашадағы № 132 шешімді алмастырған «Тарифтік емес реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық актілер туралы» Комиссия алқасының 2012 жылғы 16 тамыздағы №134 шешімімен «Үшінші мемлекеттермен сауда кезінде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден Одағына мүше мемлекеттердің әкелу және әкетуге тыйым салынған немесе шектеуіне жататын тауарлардың бірыңғай тізбесін» (бұдан әрі – Бірыңғай тізбе) бекітті. Бірыңғай тізбе 2010 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді (осы Баяндаманың 6-қосымшасы). Қазақстан өкілі осы Баяндаманың 6-қосымшасы толық болып табылатынын және қазіргі уақытта лицензия талаптарына жататын өзге экспорттың жоқ екенін растады.
-
Экспорттық лицензиялауға жататын тауарлар арасында: (і) қауіпті қалдықтар; (іі) минералогия мен палеонтология бойынша коллекциялық материалдар; (ііі) жабайы өсетін минеральды шикізат (өсімдіктер, өсімдіктер бөлігі, тұқымдары, жемістері); (iv) жабайы аңдар мен кейбір жабайы өсетін өсімдіктер; (v) ЕАЭО мүше мемлекеттерінің қызыл кітабына енгізілген жабайы аңдар мен жабайы өсетін өсімдіктер мен олардың бөліктері және (немесе) дериваттардың сирек және құрып кету қаупі бар түрлері; (vі) бағалы металдар мен тастар; (vіі) өңделмеген бағалы металдар, бағалы метал сынықтары мен қалдықтары, бағалы металл кендері мен концентраттары және құрамында бағалы металлы бар шикізат тауарлар; (viii) минеральды шикізат түрлері; (іх) есірткі заттары, писхотроптық заттар мен олардың прекурсорлары; (х) есірткі заттары мен писхотропты заттардың прекурсорлары болып табылмайтын улы заттар; (хі) ақпаратты құпия алуға арналған арнайы техникалық құралдар; (хіі) шифрлайтын (криптографиялық) құралдар; (хііі) мәдени құндылықтар, ұлттық мұрағат қорының құжаттары, мұрағаттық құжаттардың түпнұсқалары; (хіv) адамның ағзалары мен тіндері, қаны мен оның компоненттері; және (хv) қызметтік және азматтық қару, оның негізгі (құрама) бөліктері мен оған оқтары бар. Қазіргі уақытта автоматты лицензиялауға жататын тауарлар Қазақстанда жоқ. Осы Баяндаманың 6-қосымшасында тізбектелген «экспорттық лицензиялау» белгісі бар барлық тауарлар автоматтық емес лицензиялауға жатады.
-
Қазақстан өкілі ЕАЭО туралы шарттың 7-қосымшасының ІХ тарауына сәйкес Инвестициялар және даму министрлігі (Қазақстанда лицензия беруге жауапты министрлік) үш типті лицензия береді: біржолғы, негізгі және айрықша. Біржолғы лицензия экспорттық лицензиялауға жататын тауарларға қатысты сыртқы сауда мәмілелері негізінде беріледі. Негізгі лицензия Комиссия шешімі негізінде беріледі. Лицензияның бұл екі типі тауардың жеке түрлерінің экспортына құқық беретін, көлемі бойынша лицензиялауға жататын лицензияда белгіленген және бір жылға қолданылады, көлемдік шектеулер енгізілген тауарларға қатысты лицензияның қолданылу мерзімі келесі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарында аяқталады. Айрықша лицензия тауардың жеке түрлері экспортына ерекше құқық береді. Экспорттық лицензиялауға жататын тауарлар және олардың иелері Комиссиямен бекітіледі. Бүгінгі күнге дейін Қазақстан айрықша лицензия берген жоқ.
-
Біржолғы лицензияны – әскери мақсаттағы әскери өнімдер экспортына лицензияны, жаппай қырып-жою қаруын жасауда қолданылатын тауарларды, осы қаруларды тасымалдау құралдары мен басқа да қорғаныс өнімдерін қоспағанда Инвестициялар және даму министрлігі береді. Лицензия өтінім беруші ұсынған мына құжаттар негізінде: (i) лицензия беру туралы өтініш, (ii) өтініштің электронды көшірмесі, (iii) сыртқы сауда келісімшартының көшірмесі, (iv) салық органында есепке тұрғаны туралы құжат көшірмесі, (v) лицензиялайтын қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия көшірмесі, егер ол қолданылатын болса, (vi) және өзге де құжаттар, егер олар Комиссия шешімімен анықталып, осының негізінде тауарға лицензиялау жүргізілген жағдайда беріледі.
-
Қазақстан өкілі ЕАЭО туралы шарттың 7-қосымшасына толықтырумен қоса және Комиссия шешімімен Қазақстандағы экспортты лицензиялау Қазақстан Республикасының жөніндегі ұлттық заңнамасымен, оның ішінде «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 214 Заңымен реттеліп келе жатқандығын атап өтті.
-
Жұмыс тобының мүшесі лицензия беру рәсіміне және лицензия беруге байланысты алынатын алымға қатысты көбірек ақпарат сұрады. Қазақстан өкілі жауап ретінде импорттық лицензия беру мен алу тәртібі экспорттық лицензия беру мен алу рәсіміне сәйкес деп мәлімдеді (толығырақ ақпарат үшін осы Баяндаманың «Тауарлармен саудаға әсер ететін саясат» атты
IV-тарауының «Импортқа шектеулер, мөлшерлік тыйымдар, квоталар және лицензиялар жүйесі» (А) тармағын қоса алғанда «Импорты лицензиялау» тармақшасын қараңыз). Лицензиялау алымдарына келсек, кез келген тауарға импорттық және экспорттық лицензия беру мөлшерлемесінің көлемі бірдей. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының № 99-IV кодексіне сәйкес (бұдан әрі – Салық кодексі) лицензиялаудың алым мөлшерлемесі 10 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) тең. 2014 жылғы тауарлар импорты/экспортына лицензиялау алым мөлшерлемесі 18520 теңгені (шамамен 100 USD), лицензияны қайта рәсімдеу алым мөлшерлемесі 1 852 теңгені (шамамен 10 USD) құрайды.
-
Қазақстан өкілі елден фауналар мен флораның кейбір түрлерін әкету «Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның» І, ІІ және ІІІ-қосымшаларына енгізілген, Қазақстандағы CITES беретін рұқсат негізінде жүзеге асырылатынын атап өтті.
-
Қазақстан өкілі, Қазақстан ДСҰ-ға кірген күннен бастап, квота, тыйымдар, рұқсаттар, алдын-ала мақұлданатын талаптар, лицензиялау туралы талаптар (осы Баяндаманың 6-қосымшасында келтірілген талаптарды қосқанда), ішкі нарыққа жеткізілімнің талаптары және ДСҰ келісімінің ережелеріне сәйкес ақтала алмайтын бірдей маңызы бар шаралар сияқты экспортқа мөлшерлік шектеулер немесе экспорт үшін тауарлар сатуына шектеулер жойылатынын, енгізілмейтінін, Қазақстан да, ЕАЭО-ның құзыретті органдары да қайта қабылдайтынын немесе қабылдамайтынын растады. Осыдан соң Қазақстан өкілі, Қазақстан немесе ЕАЭО-ның уәкілетті органдары жүзеге асыратын экспортқа уақытша тыйым немесе басқа да экспорт шектеулерін енгізудің айрықша құқығын ДСҰ-ға кірген күннен бастап ДСҰ келісімінің ережелеріне сәйкес қолданылатынын растады. Сондай-ақ, Қазақстан 1994 жылғы Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің ХХ(і)-бабының ережелерін пайдаланатын жағдайда, Қазақстан немесе ЕАЭО-ның құзыретті органы қолданатын олардың жеткілікті ұлттық өңдеуші өнеркәсіп санын қамтамасыз ету мақсатында отандық материалдар экспортына кез келген шектеулер экспортты ұлғайту немесе осындай ұлттық өнеркәсіпті қорғау үшін қолданылматынын растады. Жұмыс тобы осы міндеттемені мәліметке алды.
Достарыңызбен бөлісу: |