ДҮниежүзілік сауда ұйымы


Жөнелту алдындағы инспекция



бет23/78
Дата04.03.2016
өлшемі6.06 Mb.
#38185
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   78

Жөнелту алдындағы инспекция


  1. Қазақстан өкілі қазіргі уақыттта Қазақстанда жөнелту алдындағы инспекция жүйесі жоқ екендігін мәлімдеді. Жөнелту алдындағы инспекция 1996-1999 жылдар аралығында «Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларға жөнелту алдындағы тәуелсіз инспекция жүйесін енгізу туралы» Үкіметтің 1995 жылғы 4 қазандағы № 1301 қаулысына сәйкес қолданылды. Үкіметтің №1301 қаулысына сәйкес, тауарлардың жөнелту алдындағы инспекциясын «Societe Generale de Surveillance S.A.» компаниясы жүзеге асырды. Қазақстан Республикасындағы жөнелту алдындағы инспекция схемасы ТМД елдерінен әкелінетін (і) тауарларды; құны 3000 АҚШ долларынан аспайтын (іі) тауарларды; стратегиялық мақсаттағы (ііі), қосарлы мақсаттағы (іv) және баспа өнімі (v) тауарларын қоспағанда, барлық импортты қамтыды. Үкіметтің 1999 жылғы 24 қарашадағы № 1778 қаулысымен Үкіметтің № 1301 қаулысының күші жойылды.




  1. Сондай-ақ ол 2001-2005 жылдар аралығында әкелінетін тауарлардың кедендік құнының тәуелсіз сараптамасы «ICS Inspection and Control Service Kazakhstan» жеке меншік компаниясы жүзеге асырғандығын атап өтті. Бұл жүйе, тауарларды сұрыптағаннан кейін 30 күннің ішінде жүргізілгендіктен, жөнелту алдындағы инспекция болған жоқ. Тәуелсіз сараптама құрамына стратегиялық мақсаттағы тауарлар және дәрілік заттар кірген, Тәуелсіз сараптамаға жатпайтын тауарлар тізбесіне енген тауарларды қоспағанда, барлық әкелінетін тауарларға қатысты қолданылды. Қазіргі уақытта мұндай жүйе жоқ.




  1. Қазақстан өкілі қазіргі уақытта әкелінетін тауарларға қатысты жөнелту алдындағы инспекцияны қайтадан енгізу жоспарда жоқ екендігін, бірақ Қазақстан Үкіметі өз қарауына қарай қажет болған жағдайда, бұл тәжірибені қолдану құқығын сақтап отырғандығын атап өтті. Жөнелту алдындағы инспекция белгілеу бойынша өкілеттіктер ЕАЭО құқық құралдарында бар. ЕАЭО туралы шартқа «Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің шаралары туралы хаттама» №7-қосымшаның VII бөлімі 2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісімнің тиісті ережелерін алмастырды. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕАЭО ережелері халықаралық келісімдерге қайшы келмейтін ұлттық заңнаманы орындау мақсатында шараларды қолдану сияқты ұлттық мүдделер негізінде реттеудің тарифтік емес шараларын қолдану мүмкіндігін береді. ЕАЭО туралы шартқа №7 қосымшаның ІІ бөлімі 2009 жылдың 9 маусымындағы КО келісімінің қол қойылған үшінші елдерге қатысты бірыңғай кедендік аумақта тауарлардың сыртқы саудасын қозғайтын шараларды енгізу және қолдану тәртібі туралы тиісті ережелерін алмастырды. ЕАЭО-ның бұл ережелері Комиссияға ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ұсынысымен үшінші елдерге қатысты тауарлармен саудаға әсер ететін экономикалық емес шараларды енгізуге уәкілеттік береді. ЕАЭО туралы шартқа №7 қосымшаның Х бөліміне сәйкес, Қазақстан жөнелту алдындағы инсекцияны енгізу туралы ұсынысты енгізе алады. Комиссия ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің ұсынысын қабылдамаған жағдайда, шаралар біржақты тәртіпте, бірақ ЕАЭО туралы шартқа №7 қосымшаның Х бөлімінде белгіленгендей, 6 айдан аспайтын мерзімге енгізіле алады.




  1. Қазақстан өкілі, ДСҰ-ға кіру күнінен бастап, егер болашақта Қазақстан немесе ЕАЭО-ның құзыретті органы жөнелту алдындағы инспекцияны енгізсе, аталған шаралар, Жөнелту алдындағы инспекция бойынша ДСҰ келісімін қоса алғанда, ДСҰ-ның келісімдерінің талаптарына сәйкес, сонымен қатар, 1994 жылғы ГАТТ-тың VII бабын қолдану жөніндегі ДСҰ-ның келісімдері, атап айтқанда, ДСҰ-ның талаптарының дәлелдігі және транспаренттілігінен, әсіресе, 1994 жылғы тарифтер және сауда бойынша ДСҰ бас келісімінің Х бабын және 1994 жылғы ГАТТ-тың VII бабын қолдану бойынша келісімінен және алынған ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етуді есепке ала отырып, қатал түрде жүзеге асырылатынын растады. Бұдан басқа, Қазақстан немесе ЕАЭО-ның құзыретті органдары жөнелту алдындағы инспекцияны жүргізу үшін алымдар және төлемдердің 1994 жылғы ГАТТ-тың VIII бабы талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуі керек, сондай-ақ, Жөнелту алдындағы инспекция бойынша ДСҰ келісімінің 2.21-бабында көзделген мемлекеттік органдардағы шағым беру механизмін жүзеге асыруын және бұндай схема Қазақстан аумағында тауарларды экспорттаушылар немесе импорттаушылар үшін ақталмайтын және қосымша ауыртпалық болмайтынын қамтамасыз етуі керек. Бұдан әрі, ол осындай кез келген схемалардың ұзақтығы үш жылмен шектелетінін және егер бұндай шешімдер, егер олар деректер мен қорытындыларға негізделсе, импорттаушылар мен экспорттаушылар Қазақстанның мемлекеттік органдары немесе ЕАЭО-ның құзыретті органдарының шешімдеріне әкімшілік тәртіпте шағым берудің бөлігі ретінде жөнелту алдындағы инспекцияның, органдардың анықтаған дәлелдеріне және қорытындыларына дауласу құқықтарынан айырмайтынын айтты. Жұмыс тобы аталған міндеттемелерді қаперлеріне алды.


Демпингке қарсы, өтемақы және арнайы қорғау шаралары


  1. Қазақстан Республикасының өкілі демпингке қарсы, өтемақы және арнайы қорғау шараларын қолдану келесі құқықтық актілермен реттелетінін атап өтті: (і) «Сыртқы сауда саясаты» ІХ бөлімінің 48-50-баптары және ЕАЭО туралы шартқа, «Үшінші мемлекеттерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақыақы шараларын қолдану туралы хаттамаға» №8 қосымша; (іі) «Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдануының кейбір мәселелері туралы» ЕЭК Алқа комиссиясының 2012 жылғы 7 наурыздағы №1 шешімі (бұдан әрі - ЕЭК Алқасының №1 шешімі); сондай-ақ келесі ұлттық заңнамамен: «Демпингке қарсы шаралар туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі № 421-1 Заң (бұдан әрі – «Демпингке қарсы шаралар туралы» заң); «Субсидиялар және өтемақы шаралары туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі № 441-1 Заң (бұдан әрі – «Субсидиялар және өтемақы шаралары туралы» заң), «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне субсидиялар, өтемақы шаралары және демпингке қарсы шаралар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 9 қаңтардағы
    № 114-ІІІ Заңы; «Тауарлар импорты кезінде ішкі нарықты қорғау шаралары туралы» 1998 жылдың 28 желтоқсанындағы № 337-1 Заң (бұдан әрі – «Қорғау шаралары туралы» заң), «Тауарлар импорты кезінде ішкі нарықты қорғау шаралары туралы» 2005 жылғы 16 маусымдағы № 53-ІІІ заңының редакциясында және «Арнайы қорғау, өтемақы және демпингке қарсы шараларды енгізудің алдында тексерістерді өткізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Респуликасы Үкіметінің 2000 жыл 9 қыркүйектегі № 1374 қаулысы (бұдан әрі – Үкіметтің №1374 қаулысы). Ол Қазақстан «Тауарлар импорты кезінде ішкі нарықты қорғау шаралары туралы» Заңын, «Демпингке қарсы шаралар туралы» Заңын және «Субсидиялар және өтемақы шаралары туралы» заңды ЕАЭО туралы келісіміне және ДСҰ-ның тиісті келісімдеріне сәйкес келтіру мақсатында қайта қарау барысында екенін растады. ЕАЭО туралы шарттың ережелері Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы 2008 жылғы 25 қаңтардағы келісімді (бұдан әрі – Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісім) және «Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын енгізу алдындағы тергеу мақсаттары үшін тергеу жүргізетін органға мәліметтерді, оның ішінде құпия ақпаратты қамтитын мәліметтерді беру тәртібі туралы» 2010 жылғы 19 қарашадағы хаттаманы алмастырды, олар 2015 жылдың 1 қаңтарында ЕАЭО туралы шарт қолданысқа енгеннен кейін қолданыстан шығарылды.




  1. Қазақстан Республикасының өкілі Кеден одағы болған кезде (2010-2014) Кеден одағында арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын бірегейлендіру шеңберінде, 2010 жылдың 19 қарашасындағы «Өтпелі кезеңде үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы» қосымша келісіммен (бұдан әрі – Өтпелі кезеңнің келісімі) көзделген өтпелі ережелер қолданылғанын атап өтті. Өтпелі кезең біткеннен кейін, ұлттық заңдар мен ережелердің қағидалары Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы келісімге қайшы келмейтін дәрежеде қолданылды. Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы келісім қолданысқа енгізілген күнге жүргізілетін тергеулер, ұлттық заңнама сол келісімнің ережелеріне қайшы келмейтіндей дәрежеде жаңа ережелерге және ұлттық заңнамаға сәйкес жалғасты. Осылайша, егер отандық сала келісіммен көзделген Кеден одағы саласының өлшеміне сәйкес келсе тергеу жалғасты, өзге жағдайларда тергеу тоқтатылды. Қазақстан өкілі қазіргі уақытта Қазақстан мен ЕАЭО-да қолданылатын сауда шаралары бойынша қосымша ақпаратты осы Баяндамаға 16-қосымшада ұсынды.




  1. Қазақстан Республикасының өкілі ЕЭК Алқасының №1 шешіміне сәйкес 2012 жылдың 17 сәуірінен бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаменті (бұдан әрі – Департамент немесе тергеу жүргізуші орган) Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында жаңа арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын өткізуге уәкілетті екендігін хабарлады. Бұл уәкілеттік ЕАЭО туралы шартта да көзделген.

(а) Өтпелі режим


  1. Өтпелі кезең келісімімен 2010 жылдың 19 қарашасында қолданыста болған барлық арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары Кеден одағының отандық саласының өлшеміне сәйкестігін айқындау мақсатында ұлттық уәкілетті органның қайта қарауына жатқызатындығы көзделді. Егер де ұлттық шараны қолдануға өтініш берген отандық өндіруші Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы келісіммен көзделген Кеден одағының отандық саласы өлшеміне сәйкес келсе, ондай шара КО Комиссиясының шешімімен бастапқыда белгіленген мерзімге Кеден Одағының кеден аумағына таратылуы мүмкін. Егер де отандық саланың өлшеміне сәйкес келмеген жағдайда, шара ұлттық деңгейде қолданыла берді. Қазақстан өкілі арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларды қолданудың алдындағы ұлттық тергеулер Өтпелі кезең келісіміне қол қою күніне дейін аяқталған, бірақ шаралар қабылданбаған жағдайда, ол шаралар ұлттық уәкілетті органның шешімімен ұлттық деңгейде қолданылып, Өтпелі кезең келісімінің ережелеріне сәйкес қайта қарауға жатқызылатынын қосып айтты. Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларды қолданудың алдындағы тергеулер Өтпелі кезең келісіміне қол қою күніне дейін аяқталмаған жағдайда, шаралар Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы келісім келісімге сәйкес қолданылды. Өтпелі кезең келісімімен көзделген өтпелі кезең барысында Қазақстан Республикасының ұлттық уәкілетті органы басталған тергеулерді жалғастырып, Кеден одағы отандық саласының сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасында жаңа тергеулерді жүргізді. Алайда, сауда шараларын енгізу, ұзарту немесе жою бойынша барлық шешімдерді Комиссия КО-ның тергеу жүргізген Үкіметінің ұсыныстары негізінде қабылдайды.




  1. Жұмыс тобы мүшесінің «өтпелі кезең» мәртебесіне қатысты сұрағына жауабында Қазақстан өкілі «өтпелі кезең» термині Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында қолданыстағы ұлттық шараларды қайта қарау үшін қажетті кезеңді білдіретінін айтты. 2012 жылдың 1 тамызында аяқталған өтпелі кезең, сондай-ақ, КО-ға мүше мемлекеттердің ұлттық үкіметтеріне тергеулерді жүргізуге және сауда шараларын енгізуге уәкілеттіліктерді ұлттық органдардан – ұлтүстілік орган – Еуразиялық Экономикалық Комиссияға тапсыруға мүмкіндік берді.




  1. Комиссияның 2012 жылғы 16 наурыздағы № 44 шешіміне сәйкес, сол уақыттағы барлық ағымдағы тергеулер 2012 жылдың 31 шілдесіне дейін Департаментке тапсырылды. Осылайша, 2012 жылдың 1 тамызынан бастап Департамент КО бірыңғай кеден аумағында арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы тергеулерін өткізетін жалғыз уәкілетті орган болып табылады. Бұл уәкілеттілік ЕАЭО туралы шартта да көзделген.

- (b) ЕАЭО туралы шартқа сәйкес белгіленген режим




  1. Қазақстан Республикасының өкілі ЕАЭО туралы шарттың ІХ бөлімінің ережелері ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің – Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Беларусь Республикасының үшінші елдерге қатысты сауда шараларын қолдану қағидаттарын көздейтінін мәлімдеді. Оның пікірінше, ЕАЭО туралы шарт ережелері ДСҰ келісімінің қағидаттарына сәйкес келеді.




  1. ЕАЭО туралы шарттың ІХ тарауы 48-бабына сәйкес, ЕАЭО мүше мемлекеттердегі бірыңғай сауда шараларына қатысты барлық шешімдерді Комиссия қабылдайды. Комиссия шешімдері үшінші елдерден импортқа қатысты ЕАЭО кеден аумағында ЕАЭО-ға барлық мүше мемлекеттермен ұжымды түрде қолданылатын болады.




  1. ЕАЭО туралы шартқа №8 қосымшаға сәйкес, (і) демпингке қарсы тергеу демпингтік импорт және сондай импорттың салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залалдың, залал тигізу қаупінің немесе дамуының баяндауына дәлелдер болған кезде басталуы мүмкін; (іі) арнайы қорғау шарасын енгізудің алдындағы тергеу отандық өндіріске қатысты абсолютті немесе салыстырмалы қатынаста сондай ұлғайған көлемдерде және ұқсас немесе тікелей бәсекеге түсетін тауарды өндіретін мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залал тигізетін немесе тигізу қаупі бар жағдайларда ЕАЭО аумағында тауар импортының бар болуы туралы дәлелді ұсынған жағдайда басталуы мүмкін, және (ііі) өтемақы шарасын енгізудің алдындағы тергеу айрықша субсидияның және ЕАЭО кедендік аумағына субсидияланған импорттың бар болуы салдарынан мүше мемлекеттердің экономикасы саласына материалдық залалдың орын алуын дәлелдеген жағдайда басталуы мүмкін.




  1. ЕАЭО туралы шартқа №8-қосымшаға сәйкес мүше мемлекеттер экономикасының саласы келесідей: (і) ұқсас тауарды барлық өндірушілер – демпингке қарсы және өтемақылық тергеудің мақсаттары үшін; (іі) ұқсас тауарды өндірушілер немесе тікелей бәсекелес тауарларды барлық өндірушілер – арнайы қорғайтын тергеу мақсаты үшін; немесе (ііі) ұқсас тауарларды өндірушілер - демпингке қарсы және өтемақы тергеулері, және ұқсас тауар және тікелей бәсекелес тауарларды өндірушілер – үлесі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердегі жалпы өндіріс көлемінің 25%-нан төмен емес үлесті құрайтын қорғаушы тергеулер мақсатында айқындалады. Бұл кезде тиісті импорт ЕАЭО барлық кеден аумағына импорттық ағын ретінде қарастырылады.




  1. Жұмыс тобының мүшесі ұлттық заңнамаға сәйкес тергеудің басталу рәсіміне қатысты сұрақ қойды. Қазақстан Республикасының өкілі ЕАЭО кеден аумағындағы барлық тергеулер ЕАЭО-ң құқықтық базасына сәйкес басталады және жүргізіледі деп мәлімдеді. Сондай-ақ, Қазақстан өкілі ЕАЭО туралы шартқа №8-қосымшаға сәйкес, демпингке қарсы және өтемақылық тергеудің басталуы туралы өтініш, егер де ол жалпы көлемі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердегі өтінішке қатысты өз пікірін (қолдау немесе келіспеушілігін) білдірген ЕАЭО мүше мемлекеттердегі ұқсас тауарды өндірушілердің өндіріс көлемінде жиынтық көлемі 50 пайыздан астамын құрайтын өндірушілердің қолдауына ие болған жағдайда, «мүше мемлекеттер экономикасы саласының атынан» берілген болып есептелетінін атап өтті. Бұл кезде өтінішті қолдайтындарын білдірген ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердегі ұқсас тауарды өндірушілер өндірісінің үлесі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттеріндегі ұқсас тауарды өндірудің жалпы көлемінің 25 пайызынан кем болмауы тиіс.
    Өтінішті қолдаған ЕАЭО мүше мемлекеттеріндегі ұқсас тауарды өндірушілер өндірісінің үлесі ЕАЭО мүше мемлекеттеріндегі ұқсас тауарды өндірудің жалпы көлемінің 25 пайызынан кем болмаған жағдайда, «мүше мемлекеттер экономикасы саласының атынан» өтініш берілді деп саналады.




  1. Жұмыс тобының мүшесі отандық өндірушілер берген арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтінішті қабылдау немесе бас тарту мерзімдері туралы сұрақ қойды. Атап айтқанда, Жұмыс тобының мүшесі уәкілетті орган тергеудің басталуы туралы шешімді өтініш берген күннен бастап 45 күннің ішінде қабылдап, хабарламаны ресми БАҚ-да жариялауға міндетті ме, деген сұрақ қойды. Сондай-ақ ол өтініште қажетті ақпарат болмаған және тергеуді бастамау туралы шешім қабылданған жағдайда, уәкілетті орган өтініш иесі өтініш берген күннен бастап 10 күн ішінде хабардар етуі тиіс пе деп сұрады. Қазақстан өкілі ЕАЭО туралы шарттың №8 қосымшасына сәйкес, тергеу жүргізуші орган, арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтінішті тіркеген күннен бастап күнтізбелік 30 күннің ішінде өтініште көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын зерттейді деп жауап берді. Ондай мерзім ұзартылуы мүмкін, бірақ жалпы алғанда күнтізбелік 60 күннен аспауы керек. Егер де өтініш беруші барлық қажетті құжаттарды толық ұсынбаса, өтініштен бас тартылады. Бұл ретте 30 күндік мерзімге тергеудің басталуы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлау рәсімі мен ресми жарияланымдар кірмейді. Өтініштен бас тартқан жағдайда, тергеуді жүргізуші орган өтініш беруші ондай шешімді қабылдаған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде бас тартудың себептері жайлы өтініш иесін хабардар етеді. Егер де тергеудің басталуы туралы шешім қабылданса, тексеру жүргізуші орган экспорттаушы шетел мемлекетінің уәкілетті органын және басқа мүдделі тараптарды хабардар етіп, ондай шешімді қабылдаған күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде хабарландырудың Комиссияның ресми сайтында жариялануын қамтамасыз етеді.




  1. Жұмыс тобының мүшесі мүдделі тараптарды хабардар ету үшін 30 күндік мерзім уәкілетті органның тергеуді бастау туралы шешім қабылдаған күнінен басталады ма деп сұрады. Сонымен бірге, ол бұл мерзімнің тергеудің басталуы туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға арналған 45 күндік мерзімге қатысы бар ма, деп сұрады. Оған берген жауабында Қазақстан Республикасының өкілі ЕАЭО туралы шартқа №8 қосымшаға сәйкес, мүдделі тараптар тергеу туралы шешім қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде хабардар етілетінін атап өтті. Тергеу жүргізуші орган, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердегі мүдделі тұлғаларға хабарлап, барлық мүдделі тұлғаларды тарту мақсатында тергеудің басталуы туралы жариялайды. Бұл кезеңнің тергеу жүргізуші органның өтінішті бастау немесе бас тарту туралы 30 күндік қарау мерзіміне қатысы жоқ. Тергеу жүргізетін орган, Комиссияның ресми сайтында тергеудің басталуы туралы шешім қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде мүдделі тараптарға хабарлап, тергеудің басталуы туралы хабарламаны Комиссияның ресми сайтында жариялайды.




  1. Бұдан әрі Жұмыс тобының мүшесі Қазақстан Республикасының «Демпингке қарсы шаралар туралы» Заңы мен «Субсидиялар және өтемақы шаралары туралы» Заңында 1994 ГАТТ VI бабын қолдану жөніндегі ДСҰ келісімінің 6.8-бабына сәйкес (бұдан әрі – Демпингке қарсы келісім), белгіленген мерзімде қажетті ақпаратты беруден бас тартқан немесе тергеудің жүргізілуіне айтарлықтай кедергі келтіретін мүдделі тұлғаға қатысты уәкілетті орган қандай әрекет қолданатынын көздемейтіндігін атап өтті. Сонымен қатар, Жұмыс тобының мүшесі ДСҰ-ның демпингке қарсы келісімінің ІІ қосымшасы Қазақстан Республикасының заңнамасында қалай көрініс тапқандығын түсіндіруді сұрады.




  1. Оған берген жауабында Қазақстан Республикасының өкілі «Демпингке қарсы шаралар туралы» заңға және «Субсидиялар және өтемақы шаралары туралы» заңға сәйкес, егер мүдделі тұлға белгіленген мерзімде қажетті ақпаратты ұсынбаса немесе тергеудің жүргізілуіне өзгеше кедергі келтірсе, уәкілетті орган өзінде бар ақпарат негізінде тергеуді жүргізе алатындығын атап өтті. ЕАЭО туралы шартқа №8 қосымша сондай-ақ, мүдделі тұлға тергеу жүргізуші органға қажетті ақпаратқа қол жеткізуге бас тартса, оны белгіленген мерзімде ұсынбаса немесе тергеудің жүргізілуін өзгеше қиындатқан жағдайда, ондай мүдделі тұлға ынтымақтастыққа түспейтін болып танылып, тергеу жүргізетін орган алдын ала немесе ақырғы қорытындыны өзінде бар ақпараттың негізінде жасайтындығын көздейді. Демпингке қарсы келісімнің ІІ қосымшасына қатысты, бұл ереже ЕАЭО туралы шартқа №8-қосымшаның, тергеу барысында деректерді жинау сипатталатын 239-243-тармақтарында қамтылған. ЕАЭО туралы шартқа №8-қосымшаның 239-тармағы тергеудің басталуы туралы шешім қабылданғаннан кейін КО-да тергеу жүргізуші орган белгілі бір мүдделі тұлғаларға олар жауап беруі тиіс сұрақтар тізбесін жібереді. Тергеу барысында, тергеуші орган мүдделі тұлғалардан келіп түскен ақпарттың нақтылығы мен анықтығына көзін жеткізеді.




  1. Нақты сұраққа берген жауабында Қазақстан өкілі тергеу барысында тергеу жүргізші орган мүдделі тараптардан қосымша ақпаратқа сұрау салуға құқығы бар екенін түсіндірді. Сұрау салу мүдделі тараптардың өкілдеріне жіберілген немесе тапсырылған күннен бастап күнтізбелік жеті күн өткеннен кейін сұрау салу алынған болып есептеледі. Ол ЕАЭО туралы шартқа №8-қосымшаға сәйкес, жауаптар тергеу жүргізуші органға сұрау салу алынғаннан кейін күнтізбелік 30 күннің ішінде берілуі тиіс қосып айтып өтті. Егер де жауаптар бұл мерзім өткеннен кейін берілген жағдайда, тергеу жүргізуші органның ол ақпаратты қарастырмауға құқығы бар.




  1. Жұмыс тобы мүшесінің сауда шаралары бойынша тергеулерде құпия ақпараттың қорғалуын көздейтін заңдық негіздемені ұсынуға қатысты сұрау салуына берген жауабында, Қазақстан өкілі мүдделі тараптардың тергеуші органға беретін құпия ақпараты Еуразиялық Экономикалық Комиссияның ішкі ережелерімен және ЕАЭО туралы шартқа №8-қосымшаның 254-258-тармақтарымен қорғалатынын мәлімдеді. Атап айтқанда, ЕАЭО туралы шартқа №8-қосымшаның 258-тармағы құпия ақпарат оны ұсынған мүдделі тараптың рұқсатынсыз ашылмайтындығын көздейді. Құпия ақпаратты ұсынатын мүдделі тұлғалар оған қоса ақпараттың құпия емес нұсқасын ұсынуы керек. Қазақстан өкілі ЕАЭО туралы шарттың №8- қосымшасының 258-тармағына сәйкес, тергеу жүргізуші органның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттармен көзделген артықшылықтар мен иммунитеттерден айырылып, Комиссия бекіткен тәртіпте жауапқа тартылуы мүмкін екендігін растады.




  1. Жұмыс тобының басқа мүшесі, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген құпия ақпарат жариялануы мүмкін жағдайларды сипаттауды сұрады. Қазақстан өкілі ондай жағдайлар Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V Қылмыстық Кодексінде сипатталған деп жауап берді. Қылмыстық тергеу жүргізіп жатқан тиісті құзырлы органның құпия ақпартты беру туралы сұрау салуынан оның құпиялылығын сақтау қажеттілігіне сілтеме жасап, бас тартуға болмайды. Алдын ала қылмыстық тергеу нәтижелері, соның ішінде коммерциялық құпия да құпия сипатқа ие. Коммерциялық құпиясы бар дәлелдер мүдделі тұлғалардың өтінішімен жабық сот процесінде қарала алады. Сот процесінен кейін коммерциялық немесе басқа құпиялары бар процестік құжаттар іспен бірге сақталады.




  1. Жұмыс тобының мүшесі «Демпингке қарсы шаралар туралы» заңмен демпингке қарсы шараның ретробелсенділігі, ұзақтылығы және қайта қарауы, кеңес берулер және дауларды шешу туралы ережелер көзделген бе деп сұрады. Оған берген жауабында Қазақстан Республикасының өкілі ЕАЭО туралы шартқа №8-қосымшаның 104 және 105-тармақтары ДСҰ келісімінің 10.2 және 10.6-баптарымен көзделген жағдайларда, демпингке қарсы шаралардың ретробелсенділігін қолдануды көздейтіндігін атап өтті. ЕАЭО туралы шартқа №8-қосымшаның 104-тармағына сәйкес, демпингке қарсы баж кеден рәсімдеріне орналасқан тауарларға қатысты, егер тергеу нәтижелері бойынша келесі: 1) ертеркте залал келтірген демипинг импорты орын алса немесе импорттаушы экспорттаушының тауарды қалыпты құнынан төмен бағамен жеткізетінін және ондай импорт мүше мемлекеттердің экономика саласына залал келтіруі мүмкін екендігін білсе немесе білуі керек болғандығы; 2) ұзақтылығы мен көлемдерін, сондай-ақ басқа мән-жайларды (соның ішінде импортталатын тауардың қоймадағы қоры тез өсуін) ескергенде, демпингке қарсы бажды енгізуден қалпына келтірудің нәтижесін айтарлықтай төмендетуі мүмкін салыстырмалы қысқа уақыт кезеңінде анағұрлым өскен демпинг импортымен залал келтірілгендігі анықталса, алдын ала демпингке қарсы баж енгізілген күнге дейін 90 күннен кешіктірілмей демпингке қарсы бажды төлеу қолданыла алады. Демпингке қарсы шаралардың ұзақтылығы мен қайта қарауына қатысты ЕАЭО туралы шартқа №8-қосымшаның 107-тармағы демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі демпинг тигізген залалды жоюға қажетті мерзімнен аспауын көздейді. Бұл кезең сонымен қатар оны енгізгеннен немесе қайта қарағаннан бастап бес жылдан аса алмайды. Егер де демпингке қарсы шара отандық өндірушілерге келтірілген залалды жоймаса, демпингке қарсы бажды қолдану ұзартыла алады. ЕАЭО туралы шартқа №8-қосымша демпингке қарсы шараны қайта қарау рәсімі демпингке қарсы баждың қолданылуы тоқтатылғанға дейін 6 ай мерзімнен кешіктірілмей берілген, мүдделі тараптардың өтініші негізінде және тергеу жүргізуші органның жеке бастамасымен жүргізілетіндігін көздейді.




  1. Кеңес берулер туралы сұраққа берген жауабында Қазақстанның өкілі «Демпингке қарсы шаралар туралы» заңның 29-бабымен және ЕАЭО туралы шартқа №8 қосымшаның 215-тармағымен белгіленгендей, демпингке қарсы тергеу барысында барлық мүдделі тұлғаларға өз мүдделерін қорғауға мүмкіндік берілетінін мәлімдеді. Осы мақсатта және мүдделі тұлғалардың сұрау салуымен, тергеу жүргізуші орган қарама-қайшы мүдделері бар тұлғаларға тергеу құжаттамасын талқылауға және тергеудің барысын бұзбайтын мерзім барысында қосымша ақпарат ұсынуға мүмкіндік береді. Тергеу жүргізуші орган тиісті тәртіпте барлық мүдделі тұлғаларға, олар іс бойынша дәлелдер дайындау үшін тергеу жүргізетін орган пайдаланатын құпия емес мәліметтермен танысуға мүмкіндік береді.




  1. Дауларды шешуге қатысты Қазақстан өкілі КО Комиссия шешімдері мен әрекеттеріне апелляция рәсімдерін реттейтін ережелер Еуразиялық экономикалық одақтың Сот Жарғысында көзделгенін түсіндірді. Атап айтқанда, Жарғының 39-тармағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің және басқа да мүдделі тұлғалардың, соның ішінде шетелдік шаруашылық жүргізуші субъектілердің ЕАЭО мүше мемлекеттерде ЕАЭО Сотына жүгінуге және КО Комиссиясының шешімдерімен келіспеу және дауласу құқығын көздейді. Жарғыға сәйкес, отандық және шетелдік шаруашылық жүргізуші субъектілердің Сотқа жүгінуі, сондай-ақ құқық рәсімдерінің ерекшеліктері Еуразиялық экономикалық одақ Сотының Жарғысымен айқындалады.




  1. Жұмыс тобының мүшесі тергеу басталғанға дейінгі консультацияларға қатысты олар Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісімнің 4-бөлімінде ДСҰ-ның Субсидиялар мен өтемақы шаралары бойынша келісімінің (бұдан әрі – СӨШ) 13-бабында көрініс табады ма, тапса қалай көзделгенін түсіндіруді сұрады. Оған ҚР өкілі 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕАЭО туралы шартқа №8- қосымшаның 225-тармағымен кеңес берулерді өткізу көзделген деп жауап берді. Атап айтқанда, тергеу басталғанға дейін тергеу жүргізуші орган шет елдердің мүдделі тараптарына жағдайдың басын ашу және өзара қолайы шешімге қол жеткізу мақсатында кеңес берулерге қатысуға шақыру жібереді. Тергеу барысында шет елдерге тергеу жүргізуші органмен консультациялар өткізуге рұқсат беріледі. Консультациялар тергеудің басталуына және алдын ала немесе ақырғы өтемақы шараларын қолдануға кедергі келтірмеу керек.




  1. Қазақстан өкілі ЕАЭО туралы шартқа №8-қосымшаның 90- тармағына сәйкес, тергеу жүргізуші орган тергеу объектісі болып табылатын тауар экспорттаушыдан тауар бағаларын қайта қарау немесе тауардың ЕАЭО аумағына оның қалыпты құнынан төмен бағамен экспорттауды тоқтату туралы баға міндеттемелерін жазбаша түрде алған жағдайда, егер ондай экспорттаушының міндеттемелері ЕАЭО мүше мемлекеттерінде аффинирленген тұлғалардың қолдауына ие болса және тергеу жүргізуші орган ондай міндеттемелерді қабылдау демпингті импортпен келтірілген залалды жояды деген қорытындыға келіп, оларды мақұлдау туралы шешімді қабылдаса, тергеу жүргізуші орган демпинге қарсы баждарды енгізусіз тергеуді тоқтата тұра немесе толықтай тоқтата алады. Осылайша, экспорттаушылар екі жолдың біреуін таңдай алады: демпингке қарсы баждарды төлеу және ЕАЭО кедендік аумағына тауарларды әкелуді жалғастыру; немесе, демпингтен келген залалды жоятын бағалық міндеттемелерді қабылдайды. Баға міндеттемелері міндетті болып табылмайды. Тергеу жүргізуші орган демпингтік маржадан жоғары болып табылатын баға міндеттемелерін қабылдауды талап етуге құқығы жоқ. Егер ондай өсу ЕАЭО мүше мемлекеттер экономикасының саласына келтірген залалды жоюға жеткілікті болса, тауар бағасының өсуі демпинг маржасынан жоғары бола алады. Субсидияланатын тауарларға қатысты тергеу (і) шетелдік экспорттаушы мемлекеттен субсидиялауды тоқтату немесе азайту немесе субсидиялау салдарынан ЕАЭО мүше мемлекеттерінің экономикасы саласына келтірген залалын жою бойынша шараларды қолдану туралы; (іі) қарастырылып жатқан тауарларды экспорттаушыдан ЕАЭО мүше мемлекеттер экономикасы саласына келтірілген залалды жоюға мүмкіндік беретін сол тауарларға деген бағалардың ұлғаюы туралы міндеттемелерді жазбаша түрде алғаннан кейін тергеу жүргізуші орган өтемақы баждарын енгізусіз тоқтата немесе толық тоқтата алады.




  1. Қазақстан өкілі түсіндіргендей, демпингке қарсы және өтемақы баждарын есептеген кезде баждың көлемі отандық салаға келтірілген залалды жоюға жеткілікті болуы керек; демпингке қарсы баж есептелген демпинг маржасынан жоғары бола алмайды, ал өтемақы бажы шетелдік экспорттаушы мемлекеттің тауар бірлігіне қатысты есептелген субсидия көлемінен жоғары бола алмайды. Егер де арнайы қорғау шарасы импортқа арналған квотаны белгілеу арқылы қолданылса, ондай импорттық квотаның көлемі, саладағы елеулі залалды жою үшін импорттық квотаның аз көлемін анықтау қажеттілігі жағдайларынан басқа, статистикалық ақпаратына қолжетімді тергеуді өткізуге өтініш берілген күнге дейінгі үш жылдың ішінде тергеу объектісі (сандық немесе құндық мәнінде) болып табылатын тауар импортының орташа жылдық көлемінен төмен бола алмайды.




  1. Жұмыс тобының мүшесі Қазақстан Республикасының «Демпингке қарсы шаралар туралы» заңы ДСҰ-ның демпингке қарсы келісімнің 6.10.2-бабында көзделгендей, уәкілетті орган мүдделі тараптардың қарастырылуын «орынды жауапкерлер санына» дейін шектегендіктен, міндетті жауапкер ретінде таңдалмаған компания үшін жеке демпингке қарсы мөлшерлемені есептеуді көздемейтіндігін атап өтті. Қазақстан өкілі бұл жағдайдың «Демпингке қарсы шаралар туралы» заңда көзделмегенін атап өтті. Алайда бұл жағдай ЕАЭО туралы шартқа №8-қосымшада көзделген. ЕАЭО туралы шартқа №8 қосымшаның 50-тармағына сәйкес, егер де компания міндетті жауапкер ретінде таңдалмаған жағдайда, жеке демпингтік маржаны айқындау үшін таңдалмаған, бірақ белгіленген мерзімде қажетті мәліметтерді ұсынған шетелдік экспорттаушылар немесе шетелдік өндірушілерге қатысты есептелген демпинг маржасының көлемі жеке демпинг маржасын айқындау үшін таңдалған демпинг импортының нысаны болып табылатын шетелдік тауар өндірушілер немесе шетелдік экспорттаушыларға қатысты айқындалған орташа өлшенген демпинг маржасының көлемінен аспауы керек. Жоғарыда аталып өткендей, ұлттық заңнама мен ЕАЭО туралы шарт арасында қарама-қайшылықтар туындаған жағдайда, ЕАЭО туралы шарт ережелері басым болады.




  1. Жұмыс тобының мүшесі үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы келісімнің 10-бабының 11-тармағы және 16-бабының ң-тармағы «барлық басқа» мөлшерлемелер мен баждар тергеу барысында белгіленген ең жоғары демпинг маржасы негізінде айқындалатынын көздейтінін атап өтті. Осыған байланысты, мүше Қазақстан өкілінен неліктен Кеден Одағы анағұрлым бейтарап (мысалы, барлық қатысушы тараптар үшін орташа өлшенген маржаны пайдалану сияқты) тәсілге қарағанда «барлық басқалар» үшін бажды белгілеуде қолайсыз қорытындыларды пайдалануға (яғни, ең жоғарғы демпинг маржасы) негізделетіні туралы сұрады. Сонымен қатар ол Қазақстан өкілін ондай әдіснаманы қолдану 1994 ГАТТ VI бабын қолдану бойынша келісімнің 9.4-бабына қалайша сәйкес келетінін түсіндіруді сұрады.




  1. Қазақстан өкілі, егер құзырлы орган мүдделі тарап тергеу барысында ынтымақтастықтан бас тартатындығын анықтаса, құзырлы орган қолайсыз қорытындылар негізінде шешім қабылдауға құқылы деп жауап берді. Құзырлы орган сонымен бірге демпинг маржасын барлық тараптар үшін орташа өлшенген маржаның көлемін қоса алғанда, онда бар кез келген басқа ақпараттың негізінде айқындай алады. Бұл ережелер ЕАЭО туралы шартқа №8 қосымшаның 51 және 212-тармақтарында қамтылып көрсетілген.




  1. Қазақстан өкілі, егер де мүдделі тарап тергеу барысында ынтымақтастық танытқан жағдайда, бірақ жеке демпинг маржасын айқындауға таңдалмаса, оған қатысты 1994 жылғы ГАТТ-тың VI бабын қолдану бойынша келісімнің 9.4-бабына сәйкес демпингке қарсы баж қолданылатынын растады. Жұмыс тобы осы міндеттемені қаперлеріне алды.




  1. Қазақстанның өкілі тергеу жүргізуші орган демпингтік маржа ең төменгі мүмкін мөлшерлемеден аз немесе оған тең екендігін (яғни, екі пайыз) анықтаса немесе демпингтік импорттың көлемі шамалы екендігін анықтаған жағдайларда, демпингке қарсы тергеу тоқтатылады деп мәлімдеді. ЕАЭО кедендік аумағына келетін импорттың жалпы көлеміндегі әрқайсысының жеке үлесі тергеу нысаны болып табылатын тауар импортының жалпы көлемінен 3 пайыздан кемін құраған жағдайда, белгілі бір шетелдік экспорттаушы мемлекеттен демпингтік импорттың көлемі, егер де ол ЕАЭО кедендік аумағына ұқсас тауар импортының жалпы көлемінен 3 пайыздан төмен құраса және барлығын қосқанда ЕАЭО кедендік аумағына ұқсас тауар импортының 7% артық болмаса шамалы болып есептеледі. Оның пікірінше бұл ереже Демпингке қарсы келісімнің 5.8-бабына сәйкес келеді.




  1. Қазақстан өкілі ДСҰ-ның демпингке қарсы келісімнің ережелеріне сәйкес, «Демпингке қарсы шаралар туралы» заңға өзгерістер енгізілгенін түсіндірді. «Қалыпты баға» термині «қалыпты құн» терминіне ауыстырылды және сауданың қалыпты барысы ұғымы ДСҰ-ның демпингке қарсы келісіміне сәйкес өзгертілді. ДСҰ-ның демпингке қарсы келісіміне сәйкес, ең төменгі демпинг маржасы 5%-дан 2%-ға дейін төмендеді. Ашықтық пен құпиялылықты қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган бір мүдделі тарап ұсынған, құпия ақпараттарды қоспағанда, жазбаша дәлелдерді басқа мүдделі тараптар үшін шұғыл түрде қолжетімді етуі керек.




  1. Қазақстан өкілі «Субсидиялар және өтемақы шаралары туралы» заңға өзгерістер енгізілді және «отандық өндірушілер», «ұқсас тауар» және «айрықша субсидия» терминдерінің жаңа анықтамалары енгізілгенін атап өтті. Оның пікірінше, Заң ережелері рұқсат етілген субсидияларға қатысты ДСҰ-ның Субсидиялар және өтем шаралары туралы келісімінің 8-бабының ережелеріне сәйкес келтірілді. Субсидиялар және өтемақы шаралары туралы келісімнің 13-бабында көзделгендей, тергеу жүргізілгенге дейін өзара тиімді шешімге жетуге бағытталған консультациялар өткізу бойынша ережелер жаңа түзетулермен енгізілді. Тергеу барысында, шетел мемлекеттеріне ондай консультациялар өткізуді жалғастыру мүмкіндігі беріледі. Нақты сұраққа берген жауабында өкіл «пайда» ұғымы «Субсидиялар және өтемақы шаралары туралы» заңның 1-бабының 16-тармағында бар екендігін айтты. Бұл Заңдағы субсидиялардың анықтамасы ДСҰ-ның Субсидиялар және өтемақы шаралары туралы келісімнің 1-бабында көзделген анықтамаға сәйкес келеді.




  1. «Қорғау шаралы туралы» заңына бірқатар маңызды өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, заңға пайдаланылатын басты терминдердің – мысалы, отандық сала, елеулі залал және елеулі залал келтіру қаупі анықтамалары ДСҰ-ның Қорғау шаралары бойынша ДСҰ-келісімінің анықтамаларына сәйкес өзгертілді. Алдын ала қорғау шараларын енгізу рәсімі, атап айтқанда, депозиттерді қайтару рәсімі де түзетілді. Барлық мүдделі тараптарға дәлелдер ұсынуға және өз пікірін білдіруге мүмкіндік берілетін болады. Сондай-ақ, бірінші жыл қолданылғаннан кейін арнайы қорғау шараларын біртіндеп ырықтандыруды көздейтін ереже қосылды. Қазақстан өкілі сауда шаралары бойынша ұлттық заңнама ережелері ЕАЭО туралы шартқа қайшы келмейтін дәрежеде қолданылатынын атап өтті.




  1. Жұмыс тобының мүшесі Қазақстан Республикасының кейбір тауарларға қатысты арнайы қорғау шараларын қолдануына қатысты алаңдаушылығын білдіріп, ондай шараларды қолдану Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы «Ішкі нарықты тауарлар импортынан қорғау шаралары туралы» № 337-І қолданыстағы Заңына, 1999 жылғы 2 сәуірдегі өзгерістермен 1994 жылғы 15 сәуірдегі Еркін сауда аймағы туралы келісімнің 13а бабына және ДСҰ-ның Арнайы қорғау шаралары жөніндегі келісімінің ережелеріне қайшы келеді деп есептейді. Қазақстан өкілі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі «Кондитерлік өнімдердің кейбір түрлерін әкелуге қатысты қорғау шараларын енгізу туралы» № 1055 қаулысы Қазақстан ДСҰ-ға кірген күннен бастап қолданыстан шығарылатындығын растады. Жұмыс тобы осы міндеттемені қаперлеріне алды.




  1. Қазақстан Республикасының өкілі, Қазақстан ДСҰ-ға кірген күннен бастап, ДСҰ-ның 1994 жылғы ГАТТ-тың VI бабын орындау бойынша келісім және ДСҰ-ның Субсидиялар және өтемақы шаралары туралы келісімінің, сонымен бірге, ДСҰ-ның Арнайы қорғау шаралары туралы келісімінің ережелеріне толық сәйкестілік Қазақстанның құзыретті органдары тарапынан да, ЕАЭО-ның уәкілетті құрылымдарымен қамтамасыз ететінін растады. Сонымен қатар, ол Қазақстан ДСҰ-ға кіргеннен кейін өзінің аумағында қолданылатын барлық тиісті заңдар мен ережелерді сол келісімдердің ережелеріне сәйкес хабарлап, іске асыратындығын растады. Ол ДСҰ-ға кірген күннен бастап, Қазақстанда демпингке қарсы, өтемақы және ДСҰ-ның Арнайы қорғау шаралары жөніндегі келісімінің талаптарын Қазақстанның құзыретті органдары да, ЕАЭО-ның құзыретті органдары да сақтайтынын растады. Одан кейін ол, ДСҰ-ға кірген күннен кейін Қазақстанның құзыретті органдары немесе ЕАЭО-ның құзыретті органдары қабылдаған қолданысқа енгізілетін сауда қорғанысының кез келген шаралары, сондай-ақ сауда қорғанысы шараларына қатысты ДСҰ-ға кіргенге дейін енгізілген кез келген рәсімдер, сондай-ақ олардан шығатын сауда қорғанысы шаралары толықтай ДСҰ-ның тиісті келісіміне сәйкес келетіндігін растады. Сонымен қатар, Қазақстан өкілі ДСҰ келісімінде белгіленгендей, барлық мүдделі тараптар Қазақстанның ДСҰ-ға кірген күнге қолданылатын немесе тергеулер немесе кіргенге дейін басталған қайта қараулардың негізінде болашақта қабылданған сауда қорғанысы шараларына қатысты барлық құпия емес ақпаратқа қол жеткізе алатындығын айқындады. Қазақстан өкілі, сондай-ақ, Қазақстан ДСҰ-ға кірген күннен кейін барлық мүдделі тараптар, олардың пікірінше, ДСҰ-ның жоғарыда келтірілген келісімдеріне сәйкес келмейтін сол шаралардың ерекшеліктерін көрсетумен, кірген күнге қолданылатын немесе тергеулер немесе Қазақстанның ДСҰ-ға кіргенге дейін басталған қайта қараулардың негізінде болашақта қабылданатын сауда қорғанысы шараларын қайта қарау туралы сұрау салулармен жүгіне алатынын растады. Жұмыс тобы осы міндеттемелерді қаперлеріне алды.


В. ЭКСПОРТТЫ РЕТТЕУ

- Ұсынылатын қызметтер үшін алынатын кедендік баждар, алымдар және экспортта ішкі салықтарды қолдану




  1. Қазақстан өкілі экспорттық баждың «Кедендік баж мөлшерлемелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 520 қаулысына сәйкес алынатынын атап өтті. Осы қаулыға сәйкес экспорттық баждар қалдықтар мен қара және түсті метал сынықтары, жүн және үй жануарларының терісі, мұнай өнімдері сияқты шикізат тауарларына қолданылады. Аталған тауарларға экспорттық баж мөлшерлемелері 10%-дан (таралмаған жүн) 30% (мыс қалдықтары мен сынықтары) дейін өзгеріп отырады. Үкімет мақұлдағаннан кейін экспорттық баждар жарияланады және ресми жарияланғаннан кейін 30 күннен соң күшіне енуге тиіс. Қазіргі кезде Қазақстанда қолданылатын экспорттық баждар осы Баяндаманың 17 (А) қосымшасында келтірілген.




  1. Ол Кеден Одағының құрылуы шеңберінде мүше мемлекеттердің «Үшінші елдерге қатысты кедендік әкету баждары туралы» 2008 жылғы 28 қаңтардағы келісімді (бұдан әрі - Әкету баждары туралы КО келісімі) әзірлегенін атап өтті және бұл мүше мемлекеттер Келісім заңды күшіне енген кезден бастап экспорттық баждарды мүшелерден үшінші елдерге экспортталаты тауарларға қолданғанда әкету баждары туралы КО келісімінің ережелерінің негізі болуына келіскенін, сонымен қатар, күшіне енбеген атқарушы маңызды уағдаластықтар жасалғанын қосып айтты. Сонымен бірге әкету баждары туралы КО келісімі КО шеңберінде экспорттық баждарды қолданудың жалпы шарттарын белгілейтін негіздемелік келісім болып табылады, ол экспорттық баждардың құрама мөлшерлемелерін белгілемейді. Алайда, ол экспорттық баждарды бірыңғай реттеуді және олардың бірыңғай мөлшерлемесін көздемейді. Осылайша, 2010 жылы 1 қаңтарда КО құрылғаннан бастап экспорттық баждар ұлттық деңгейде реттелетін нысана болып табылады. Әкету баждары туралы КО келісімінің 1 бабы күшіне енген күннен бастап 60 күн ішінде мүше мемлекеттерді экспорттық баж салынатын тауарлардың жиынтық тізбесін (бұдан әрі – Тауарлардың жиынтық тізбесі) жасауға міндеттейді. Тиісінше, әрбір мүше мемлекет өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес белгіленген баждардың мөлшерлемелерін көрсетумен экспорттық баж қолданылатын тауарлардың тізімін әзірлеу процесінде болады. Әзірленгеннен кейін бұл тізім ЕЭК-ға жіберіледі. ЕЭК мүше мемлекеттер берген ақпаратқа сәйкес тауарлардың құрама тізімін жасайды. Тауарларға әкету баждары туралы КО келісімінің 3-бабына сәйкес осы тауарға қатысты экспорттық баждар қолданылатын мүше мемлекеттердің бірінде шығарылған тауар экспорттық бажды қолданбайтын төменгі мөлшерлемелерді қолданатын үшінші ел аумағына шығарылғанда онда мүше мемлекет экспорттық баждар: (і) тауар өндірілген елдегі қолданылатын және (іі) қолданылатын тауарлардың жиынтық тізбесіне енгізуді қамтамасыз етуі тиіс.




  1. Осы саладағы бірыңғай саясатты бұдан әрі дамытуға қатысты ЕАЭО-ға әрбір мүше мемлекеттің қабылдаған ДСҰ-ның міндеттемесі бірыңғай экспорттық баждарды белгілеуде жоғары маңызы бар екенін Жұмыс тобы мүшелері атап өтті. Қазақстанның өкілі осы баяндаманың «Саясатты тұжырымдау және жүзеге асыру тетігі» ІІІ тарауының 251 және 252-тармақтарында және Ресей Федерациясы жұмыс тобы баяндамасының «Саясатты тұжырымдау және жүзеге асыру тетігі» ІІІ тарауының 185 және 186-тармақтарында ұсынылған ЕАЭО режимі шеңберінде ЕАЭО мүше мемлекет қабылдаған ДСҰ міндеттемелері ЕАЭО-ның құқықтық базасының бөлігіне айналатынын растады. Ресей Федерациясының өкілі Қазақстан өкілінің осы мәлімдемесін қолдады.




  1. Қазақстан өкілі экспорттық баждарды Қазақстан БҚР принциптері негізінде қолданатынын атап өтті. Алайда, ЕурАзЭҚ мүше елдері арасындағы еркін сауда аймағы шеңберінде, сондай-ақ Молдоваға экспортталатын тауарлардан басқа ТМД-ның барлық басқа да қатысушы елдерімен қолданылатын екі жақты келісімге сәйкес экспорттық тауарлар экспорттық кедендік баж салығынан босатылады. Сонымен бірге ТМД-ның қатысушы елдерімен (Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей Федерациясы мен Украина) қол қойылған 2011 жылы 18 қазандағы еркін сауда аймағы туралы көп жақты келісімдерге сәйкес, Қазақстан ЕАЭО-ға мүше елдерінен басқа келісім тараптарына қатысты кейбір тауарлардың экспортына баждарды қолдану құқығын өзіне қалдырып отыр. Жаңа келісім күшіне енген мезеттен бастап Қазақстанның ТМД-ның қатысушы елдерімен ЕСА бойынша екі жақты келісімдерді алмастырады (толық ақпарат алу үшін осы баяндаманың «Сауда келісімдері» тарауын қараңыз). Бұдан әрі ол Үкіметтің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 738 қаулысымен қабылданған Қазақстан Үкіметі мен Еуропалық Одақтың арасындағы Құрамдас номенклатурасы келісімне сәйкес 7204 позицияда классифицияланған қалдықтар мен қара метал сынықтарына қатысты кедендік баждың, алымдардың мөлшерін және оған ұқсас шараларды шектеулердің күшін жойды (2-бап 3-тармақ).




  1. Жұмыс тобының кейбір мүшелері, сірә, шетелдік тауарларды отандық тауарларға алмастыру немесе сауданы бұрмалайтын басқа да мақсаттар үшін экспорттық баж енгізілген болуы керек деп атап өтті. Жұмыс тобының бұл мүшелері экспорттық баждың қолданылуы тиімсіз және 1994 жылғы ГАТТ II және XXIII баптарының ережелеріне қайшы деп ойлайды. Жұмыс тобының кейбір мүшелері өздерінің көзқарасы бойынша, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге қатысты экспорттық бажды дискриминациялық жеңілдікпен қолдану тәжірибесі 1994 жылғы ГАТТ I бабының ережелеріне қайшы деп мәлімдеді. Одан басқа, Жұмыс тобының бір мүшесі қара металл сынықтарына кедендік баж қазіргі нарықта мұндай шектеулерді қолданбайтын елдерге қысым көрсетеді деген алаңдаушылығын білдірді. Және де ол Қазақстанның ЕО-ға қара металл экспортына қатысты БҚР режимінің жоқтығын және бұл тәжірибенің ДСҰ-ға кіргенге дейін жойылуы керектігін атап өтті. Соңында Жұмыс тобының бұл өкілі ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекет жағдайы сияқты ЕАЭО-ға экспорт кезінде экспорттық бажды төлеуден неге босатылатынын түсіндіруді сұрады. Қазақстанның ТМД-ның өзге де елдерімен еркін сауда аймағы туралы келісімі бар екенін ескере отырып, жеңілдік берілген сауда серіктестер арасында баж бен алымдарды жоюға қатысты дискриминациялау шарасы 1994 жылғы ГАТТ XXIV бабына сай келмеуіне байланысты салдарлары болады.




  1. Қазақстан өкілі экспорттық кедендік баж шектеулі тауарлар тізіміне ең бастысы қазыналық, реттеушілік және экологиялық мақсатта енгізілді және де осылайша 1994 жылғы ГАТТ ережелеріне қайшы келмейді деп жауап берді. Ол экспорттық баж салынатын тауарлар тізімін тарылту бойынша Үкіметтің қадам жасауға кіріскенін қосып айтты. Осы мақсатта алюминий мен бериллий лигатурасына (ТН 7601 20 100 0) экспорттық баж жойылды.




  1. Сонымен қатар Қазақстан қара металл сынықтарына (ТН 7604) экспорттық бажды төмендетуді жоспарлауда. Қазақстан өкілі 7204 тобына жататын қара металл қалдықтары мен сынықтарына экспорттық баж мөлшерлемелерін төмендету екі жақты келіссөздің нәтижесі екенін атап өтті. Жұмыс тобының бір мүшесі Қазақстанның ДСҰ-ға кіру мәнмәтінінде жоғарыда аталған тауарларға экспорттық баждарды төмендету бойынша екі жақты келіссөздерге қатысуға Қазақстанның шақыртуын қабыл алғанын айтып өтті. Аталған келіссөздің нәтижесі осы баяндаманың 17 (B) қосымшасында келтірілген, Жұмыс тобы мүшесінің пікірінше бұл нәтижелер Қазақстанның ДСҰ-ға кіру шеңберінде жеңілдіктер мен міндеттемелер тізімінің теңгерімді бөлігі болып табылады. Егер Қазақстан ақырында экспорттық бажды белгіленген деңгейден жоғары көтеретін бола, ол Қазақстанның ДСҰ-ға кіру шеңберінде екіжақты және көп жақты келіссөздермен белгіленген жол беру теңгерімін бұзатынын Жұмыс тобының мүшесі атап өтті және бұл мүше жол беру теңгерімін өзгерту үшін тиісінше шара қолдануға құқылы болады. Басқа мүшелер де ДСҰ келісімі шеңберіндегі экспорттық баждардың мәртебесі мен заңдылығына залал келтірмеуге тиіс екендігін мәлімдеді.




  1. ТМД-ға қатысушы елдерге қатысты Қазақстан өкілі экспорттық бажды қолдануға қатысты ЕСА-дан ТМД қатысушы елдері бойынша алып тастау 1994 жылғы ГАТТ XXIV бабына сәйкес жүргізілетінін айтты. Атап айтқанда, Қазақстаннан ТМД-ға қатысушы елдерге экспорттық баж төлеуге жатқызылатын экспорт көлемі ТМД елдеріне экспортталатын жалпы тауарлар көлемінің 1 пайызынан төмен. Бұдан әрі Қазақстан өкілі ЕСА қатысушылары арасындағы барлық саудаға баж негізінен жойылғандықтан Қазақстанның ЕСА келісімдеріне қатысуы XXIV:8(b) бабына сәйкес деп атап өтті. Еуропалық одаққа қара металл сынықтарын экспорттауға қатысты Қазақстан өкілі болаттан жасалған кейбір бұйымдардың саудасы туралы Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақтың арасындағы екі жақты келісім орнына басқа келісім жасалмастан, 2006 жылы 31 желтоқсанда күшін жойды және сол уақытта аталған келісімге сәйкес артықшылықтар режимін беру тоқтатылғанын атап өтті.




  1. Ішкі немесе халықаралық саудада бұрмалауға әкелмеу үшін Қазақстанның тауарлар экспортына кедендік бажды қандай жолмен қолданатынын түсіндіру туралы сұраққа жауап ретінде Қазақстан өкілі экспорттық баждың Қазақстанда фискальды мағынада маңызды роль атқара беретінін атап көрсетті. Ол экспорттық баждың экспортталатын тауарлардың (яғни мұнай, мұнай өнімдері, түсті металдар) шет елде сатып алынатын бағасына әсер етпейтінін атап өтті. Осылайша, Қазақстан экспорттық бажды ол ішкі немесе халықаралық сауданың бұрмалануына әкеліп соқпайтындай қолданатыны түсіндірілді.




  1. Жұмыс тобының кейбір мүшелері мұнай операцияларына жаңа салықтық режимді сипаттап беруге өтініш білдірді. Одан басқа Жұмыс тобының бір мүшесі шикі мұнайға экспорттық бажды қайта қарау мақсатында, оның әлемдік бағасының қалай құрылатыны туралы қосымша ақпарат беруді сұрады.




  1. Қазақстан өкілі шикі мұнай экспортынан мемлекеттік бюджетке түсімді өсіру мақсатында Қазақстан мұнай операцияларына жаңа салық салу режимін енгізгенін айтты. Мұнай операцияларына жаңа салық салу режимі үкімет пен жер қойнауын пайдаланушылар арасында 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін жасалған Өнімдерді бөлу туралы келісімдерден (ӨБК) басқа барлық келісімшарттық міндеттемелерге қатысты қолданылады. ӨБК шеңберінде жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу ӨБК-да белгіленген шарттар бойынша және ӨБК қол қойылған күні қолданыста болған салықтық заңнама ережелеріне сәйкес жүргізіледі. ӨБК шарты нақты бекітіледі және заңнаманың келесі өзгерістерінде де тараптардың келісімінсіз өзгертіле алмайды (толығырақ ақпаратты «Экономикалық саясат» ІІ тарауының «Ақша-кредит және салық-бюджеттік саясаты» бөлімінде қараңыз).




  1. Жаңа салық режимі шеңберінде қызмет ететін жеке және заңды тұлғалар (жер қойнауын пайдаланушылар) жай салық төлеушілерге қатысты салықтарды, сондай-ақ экспортталатын шикі мұнай мен газ конденсатына рента салығын, үстеме табыс салығын, пайдалы қазбаларды өндіруге салықты, корпоративтік табыс салығы мен бонустарды қоса алғанда ерекше салықтарды төлейді. Рента салығы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 303-бабына (бұдан әрі – Салық кодексі) сәйкес белгіленген. Ол шикі мұнай, газ конденсаты экспортының нақты физикалық көлемі мен әлемдік (нарықтық) бағасы негізінде белгіленетін экспортталатын мұнай мен газ конденсатының құны негізінде есептеледі. Шикі мұнайдың нарықтық (әлемдік) бағасы күнделікті бағаны түзетудің орташа арифметикалық шамасы және тиісті шетел валютасына айырбастағандағы KZT (теңге) орташа арифметикалық бағамының туындысы ретінде анықталады. Атап айтқанда, баға түзетілуі «Platts Crude Oil Marketwire» немесе «Argus Crude» дереккөздерінде жарияланған салық кезеңіндегі Brent Dtd немесе Urals Med шикі мұнайдың әрбір стандартты сортының шетел валютасындағы шикі мұнайдың баға түзілімі рента салығын есептеу үшін пайдаланылады. Рента салығының мөлшерлемелері баррель үшін 20 АҚШ долл. (нарықтық баға) кезінде 0% бастап баррель үшін 20 АҚШ долл. жоғары әлемдік баға кезінде 32%-ға дейін өзгереді. Рента салығы шикі мұнай мен газ конденсатын экспорттайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады. Экспортқа рента салығы жер қойнауын пайдаланушылардың артық кірістерін алып қоюға бағытталған.




  1. Қазақстан өкілі ДСҰ-ға кірген уақыттан бастап Қазақстан тауарлары бойынша Шегінулер және міндеттемелер ізбесінің V бөлімінде көзделген мөлшерлеме бойынша өзінің шегінулер және міндеттемелеріне сәйкес орындайтынын растады. Тиісінше, осы Тізбенің V бөлімінде көрсетілген тауарлар тізбенің осы бөлімінде көзделген мерзімдерге, шарттарға және ескертулерге сәйкес осы құжатта қарастырылған әкету бажынан асатын баждардан босатылатынын растады. Қазақстан өкілі, сонымен бірге, Қазақстанның осы тауарларға әкету баждарына барабар әсер ететін өзге шаралар қолданбайтынын растады. Ол ДСҰ-ға кірген уақыттан бастап Қазақстан ДСҰ келісіміне сәйкес, сондай-ақ 1994 жылғы ГАТТ-тың І бабына сәйкес әкету баждарын қолданатынын растады. Тиісінше, экспортқа және оған байланысты салынатын қандай да болмасын әкету баждары мен алымдарға қатысты Қазақстан ұсынатын қандай елге болмасын арналған барлық тауарларға бар басымдықтар, қолайлылық, артықшылық немесе босату ДСҰ-ның басқа мүшелеріне арналған ұқсас тауарларға қатысты сөзсіз және кешіктірмей ұсынылуы тиіс. Қазақстан өкілі алдағы уақыта 530-тармақта көзделгендей, экспорттық баждар саласында ЕАЭО-ның бірыңғай саясаты құрылған жағдайда, Қазақстан Тауарлар бойынша Шегінулер мен міндеттемелер тізбесінің V бөлігінде көрсетілгендей экспорттық баждар бойынша және Тізбенің осы бөлігінде белгіленген мерзімдерге, талаптар мен ескертпелерге сәйкес ДСҰ міндеттемелерін толық көлемінде орындайтынын растады. Атап айтқанда, Қазақстан Тауарлар бойынша Шегінулер және міндеттемелер тізбесінің V бөлігінің (б) тарауында, егер ЕАЭО-ның құзыретті органдары осы тарифтік ұстанымға арналған экспорт баждарын біріздендіру туралы шешім қабылдаса, Қазақстан мөлшерлемелерін Ресей Федерациясының анағұрлым төмен мөлшерлемелерімен сәйкестендіруді көздейді. Қазақстан біріздендіруге дейін Қазақстан тауарлары бойынша Шегінулер және міндеттемелер тізбесінің V бөлігінің (б) тарауында көрсетілген міндеттемелерге ғана байланысты болады. Қазақстан өкілі Қазақстан ақпарат жарияланған күннен бастап және басқа да жағдайларда осындай өзгерістер күшіне енетін күннен 30 күн бұрын барлық тиісті ақпараттарды ұсына отырып балаламалық әсері бар экспорттық баждар мен шаралардағы барлық өзгерістер туралы ДСҰ-ны хабардар ететінін растады. Қазақстан өкілі ДСҰ-ға кіргеннен бастап Қазақстан ДСҰ келісімімен және 1994 жылғы тарифтер мен сауда бойынша бас ДСҰ келісіміне және Импортты лицензиялау рәсімдері бойынша ДСҰ келісіміне сәйкес кедендік әкету баждарының мөлшерлемесін (тарифтік квоталар) реттейтінін растады. Жұмыс тобы осы міндеттемелерді ескерді.


- Тыйым салулар мен квоталарды қоса алғанда, экспортқа қойылатын сандық шектеулер


  1. Қазақстан өкілі 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕАЭО-тан үшінші елдерге экспорталатын тауарларға экспорттық шектеулерді қолдану үшін құқықтық негізді ЕАЭО туралы шартқа 7-қосымша «Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттама» құрайтынын атап өтті, ол мына Келісімдерді алмастырды: 2008 жылғы 25 қаңтардағы (і) «Тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы; (іі) 2009 жылғы 9 маусымдағы Үшінші елдерге қатысты бірыңғай кедендік аумақта тауарлардың сыртқы саудасын қозғайтын шараларды енгізу мен қолдану тәртібі туралы»; және (ііі) 2009 жылғы 9 маусымдағы Тауарлардың сыртқы саудасы саласында лицензиялау тәртібі туралы. ЕАЭО туралы шарттың 7-қосымшасына сәйкес ЕАЭО мүше мемлекеттерден үшінші елдерге экспортталатын тауарларға қатысты тарифтік емес шараларды қолдану бойынша шешімдерді Комиссия қабылдайтын болады. «Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы Кеден одағындағы бірыңғай тарифтік емес реттеу туралы» 2009 жылғы 27 қарашадағы №132 шешімді алмастырған «Тарифтік емес реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық актілер туралы» Комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 тамыздағы №134 шешімімен Комиссия «Үшінші елдермен сауда кезінде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден Одағына мүше мемлекеттердің әкелуіне және әкетуіне тыйым салулар немесе шектеулер қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесі» (бұдан әрі – Бірыңғай тізбе) бекітілді. Бірыңғай тізбе бастапқыда 2010 жылғы 1 қаңтарда күшіне енді. Экспорттық тыйым салуға жататын тауарлардың ішінде мыналар бар: (і) Қазақстан Республикасының саяси немесе экономикалық мүддесіне, оның мемлекеттік қауіпсіздігіне, азаматтардың денсаулығы мен адамгершілігіне зиян келтіруі мүмкін баспа ақпараты немесе аудио-бейне және өзге да құрылғылардағы ақпарат; (іі) ағаш, макулатура, картон мен қағаз қалдықтары, және (ііі) табелдік және азаматтық қару, оның негізгі бөліктері мен оқтары. Қазақстан өкілі мыналарды қоса айтты, ЕАЭО туралы шартқа №7 қосымшаның ІІІ және VII бөлімдеріне сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес КО аумағына экспортталатын тауарларға тарифтік емес шаралар енгізілуі мүмкін, егер олар: (і) ішкі нарықта маңызды болып табылатын азық-түлік немесе өзге де тауарлардың ішкі нарықта жетіспеушілігі жағдайының алдын-алу не азайту үшін қажет; (іі) қоғамдық мораль мен құқықтық тәртіпті ұстап тұру үшін қажет; (ііі) азаматтардың өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, жануарлар мен өсімдіктердің өмірі немесе денсаулығын қорғау үшін қажет болса; (iv) алтын немесе күміс экспортына жатқызылса; (v) мәдени құндылықтар мен мәдени мұраларды қорғауда қолданылса; (vі) орны толмайтын табиғи ресурстардың бітуінің алдын алу үшін қажет және орны толмайтын табиғи ресурстарды қолданумен байланысты ішкі өнеркәсіпті немесе тұтынуды бір уақытта шектеумен жүргізілсе; (vii) үкіметтің тұрақтандыру жоспарын іске асыру нәтижесінде осындай материалдарға ішкі бағаны әлемдік бағаға қарағанда ең төмен деңгейде ұстап тұрған кезде кезеңдер аралығында ішкі өңдейтін өнеркәсіпті осындай материалдармен жеткілікті қамтамасыз ету үшін отандық материалдарды шектеумен байланысты; (viii) тауарлардың жалпы немесе жергілікті тапшылығында оларды алу немесе бөлу үшін қажет; және (xi) кедендік заңнаманы, қоршаған ортаны қорғау, зияткерлік меншікті қорғау, және өзге де құқықтық актілерді қолдануға қатысты құқықтық актілердің халықаралық міндеттемелеріне қайшы келмейтін ұстанымдарды қамтамасыз ету үшін қажет; және (xii) егер ол халықаралық саудадағы классификация стандарттары немесе қағидаларына, тауарларды сорттау мен сатуға қолданумен байланысты қажет болса.




  1. Одан кейін ол ЕАЭО туралы шартқа 7-қосымшаның VIII бөліміне сәйкес Комиссия сыртқы қаржылық жағдайды қорғау және төлем балансының тепе-теңдігін ұстап тұру мақсатында жеке тауарлар экспортына тыйымдар мен сандық шектеулер енгізуге құқылы екенін айтты. Осы мақсаттарда Комиссия ЕАЭО мүше мемлекеті ұсынысы негізінде экспортқа сандық шектеулер енгізуге немесе жеке тауар түрлері экспортына ерекше лицензиялар беруге құқылы.




  1. Қазақстан өкілі 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕАЭО туралы шарттың 7-қосымшасының ІІ тарауына сәйкес ЕАЭО мүше мемлекеттердің жекелеген тауарларды әкетуге қатысты тарифтік емес реттеу шараларын қолдану туралы шешім қабылдау өкілеттігі ЕАЭО-тан Комиссияға берілетінін қоса айтты. ЕАЭО мүше мемлекеттің бастамасымен де, Комиссия бастамасымен де тарифтік емес реттеу шараларын енгізу туралы ұсыныс берілуі мүмкін. Комиссия тарифтік емес шара енгізу туралы шешімді ұсыныс берілген күннен бастап 30 күннен кешіктірмей қабылдайды. Шешім қабылданған жағдайда олар жарияланған күнінен бастап 45 күннен кешіктірілмей күшіне енеді. Мұндай тарифтік емес шаралары үшінші елдерге арналған тауарларға қатысты қабылданады және экспортқа теңестіріліп барлық елдерге қолданылады.




  1. Қазақстан өкілі ЕАЭО туралы шарттың 7-қосымшасының Х бөліміне сәйкес ЕАЭО мүше мемлекеттер, егер біржақты тәртіппен тарифтік емес реттеудің уақытша шаралары 541-542 тармақтарда көрсетілген себептер бойынша енгізілсе, оларды енгізе алады. Одан басқа ЕАЭО туралы Шарттың 7-қосымшасының Х бөліміне сәйкес ЕАЭО мүше мемлекеттердің әрқайсысы экспортқа тарифтік емес шараларды енгізуді Комиссиядан сұрай алады. Егер Комиссия ЕАЭО мүше мемлекетінің ұсынысын қабылдамаған жағдайда онда мүше мемлекет ЕАЭО туралы шарттың 7-Қосымшасының VII және VIII бөлімдерінде көзделген мұндай шараларды біржақты тәртіппен енгізу туралы шешім қабылдай алады. Осы ережелер шеңберінде біржақты шаралар 6 айдан аспайтын мерзімге енгізілуі мүмкін. Бұл ретте таритік емес шараларды қолданбайтын ЕАЭО мүше мемлекеттер бұл шараларды қолданатын ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағынан үшінші елдерге бұл тауарлардың әкетілуін болдырмауға бағытталған қажетті шаралар қолданады. Бұл шараларды қолданбайтын ЕАЭО мүше мемлекеттер тиісті аумақтың уәкілетті органы берген лицензиясыз және/немесе рұқсатсыз бұл тауарлардың әкетілуіне жол бермейді.




  1. Қазақстан өкілі Қазақстанның тарифтік емес реттеу шараларына жататын ортақ тауарлар тізіміне кірген ағаш материалдары, кесілген ағаш материалдары, ағаштан жасалған өзге де бұйымдар, қалпына келтірілетін қағаз, картондар, макулатура мен қалдықтарды әкетуіне шектеулер қолданатынын атап өтті. Жұмыс тобының мүшесі Қазақстаннан ғана немесе ЕАЭО барлық мүше мемлекеттерінен де ағаш материалдары мен кесілген ағаш материалдарын әкетуіне шектеулер қолданылатынын Қазақстаннан растауды сұрады. Қазақстан өкілі ағаштарды әкетуіне тыйымдар тек Қазақстанмен қолданылатынын растады. Бұл шара «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда» (ЕҚТА) ағаштарды кесуге тыйыммен бірге қолданылады. ЕҚТА – ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылық болып табылатын ерекше назардағы географиялық аумақтарды білдіреді, сондықтан бұл аумақтарға ерекше қорғалатын режим қолданылады («Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы
    7 шілдедегі №175-ІІІ Заңы). Көрсетілген шектеулер орманы аз аумақты ескере отырып экологиялық теңгерімді сақтау, ағаштарды заңсыз кесумен байланысты ұрлық жасау көлемін азайту мақсатында енгізілген. Қазақстан өкілі бұл шектеулерді ТСБК (тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім)
    ХХ-бабының (b) және (g) тармақтарына сәйкес енгізілген деген пікірде, олар жөнсіз немесе қисынсыз кемсітушілік сипатта емес және халықаралық сауданы шектемейді. Экспорттық шектеулерге жататын тауарлар осы Баяндаманың 6-қосымшасында келтірілген.




  1. Қазақстан өкілі, Қазақстан бидай немесе кез-келген басқа аграрлық өнімдерге сандық немесе өзге де шектеулер қолданбайтынын қоса айтты.




  1. Жұмыс тобының мүшесі Қазақстанның 2008 жылдың қыркүйегінен бастап майлы дақылдар мен бидай тұқымына экспорттық шектеулерді қолданғанын атап өтті. Жұмыс тобының бұл мүшесі осындай шектеулер қазіргі уақытта да қолданылады ма екендігіне және Қазақстан өкілінен оларды қолдануға негіздеме келтіруді сұрады. Қазақстан өкілі ішкі нарықтағы бидайдан жасалған өнімдердің өткір тапшылығына байланысты, 2008 жылы Қазақстан Үкіметі бидайдың кейбір түрлерінің экспортына шектеу енгізгенін айтты. Атап айтқанда, Үкімет 2008 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қолданылған «Бидайға экспорттық шектеулер туралы» 2008 жылғы
    15 сәуірдегі № 343 және 2008 жылғы 28 тамыздағы № 777 қаулыны қабылдады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 қазандағы «2003 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің №681 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 930 қаулысымен май дақылдарына 2009 жылдың 1 сәуіріне дейін қолданылатын экспорттық шектеулерді қабылдады. Алайда, 2009 жылғы ақпанда май дақылдары тұқымының экспортына тыйымдар алып тасталды. 2001 жылдың қазанында Қазақстан Республикасының Үкіметі ішкі нарықтағы тапшылықты және бағаның өсуін болдырмау үшін «Май дақылдары, өсімдік майы мен қарақұмық тұқымдарынынң экспортына шектеулер туралы» №1042 қаулыны қабылдады. Бұл қаулы 2011 жылдың 18 сәуіріне дейін күшінде болды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында ауылшаруашылық өнімдеріне экспорттық шектеулер қолданылмайды. Бұдан басқа, Қазақстан бидайдың экспортына қолданылатын қандай да бір санкциялар/рұқсаттар/лицензиялар талап етпейдіндігін де атап өтті.




  1. Қазақстан өкілі Қазақстан аумағынан мұнай өнімдерінің экспортына уақытша тыйымдарға қатысты бір мүшесінің сұрағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылдың 27 маусымындағы №713 қаулысы жеңіл дистилляттардың (СЭҚ ТН 2710 12), керосиннің
    (СЭҚ ТН 2710 19 210 0 - 2710 19 250 0), дизель отынының (СЭҚ ТН 2710 19 420 0 - 2710 19 480 0, СЭҚ ТН 2710 20 110 0 - 2710 20 190 0) және басқа мұнай өнімдерінің (СЭҚ ТН 2710 20 900 0) кейбір түрлеріне, мұнай еріткіштері (СЭҚ ТН 2710 12 210 0-2710 12 250 0) мен тұрмыстық сұйық отыннан басқалардың экспортына уақытша тыйым салды деп жауап берді. Ол уақытша тыйымдардың ішкі нарыққа қажетті тауарлардың тапшылығы жағдайын болдырмау үшін енгізілді, себебі отандық мұнай өңдеуші зауыттардың мұнай өнімдеріне ішкі қажеттілікті толық қанағаттандыру үшін жеткілікті әлеуеті жоқ. Қазіргі уақытта Қазақстан елдегі тұтынатын мұнай өнімдерінің 50%-нан астамын импорттайды. 2018 жылға дейін өзінің нарығында мұнай өнімдерінің өткір жетіспеушілігін жою мақсатында
    «2014-2018 жылдарға мұнай және газ секторын дамыту бойынша кешенді жоспарды бекіту туралы» Үкіметтің №567 қаулысына сәйкес, Қазақстан мұнай өңдейтін зауыттарды жаңғырта бастады. Оның ойынша Қазақстанмен қолданылатын уақытша шаралар 1994 жылғы ГАТТ ХІ бабының
    2(а) тармағына толық сәйкес келеді.




  1. Жұмыс тобының мүшесі тауарларға экспорттық тыйымдар мен мөлшерлік шектеулер, егер олар ақталмаған болса 1994 жылғы ТСБК шеңберінде тыйым салынғанын атап өтті. Қазақстанның ДСҰ-ға кіргеннен бастап Қазақстанның экспортық шектеулерді қолдану тәжірибесі
    1994 жылғы ТСБК XI-бабымен қоса ДСҰ-ның нормаларына сәйкес болатыны туралы міндеттемені қабылдауды сұрады.




  1. Қазақстан өкілі Қазақстан ДСҰ-ға кіргеннен бастап 1994 жылғы ТСБК ХІ-бабына және «Ауылшаруашылығы туралы» ДСҰ келісімінің 12-бабына сәйкес экспорттық шектеулерді қолданады, сондай-ақ экспорттық шектеулер саласындағы ұлттық заңнаманы 1994 жылғы ТСБК ХІ бабы нормаларына сәйкес келтіреді деп жауап берді. Одан кейін ол ЕАЭО туралы шарттың
    7-қосымшасының 15-тармағы ауылшаруашылығы бойынша келісімнің
    12-бабы ережелерін қайталап көрсететіндігін атап өтті. Үкімет алюминий мен никельдің қалдықтары және қоқыстарының экспортына тыйымдарды жоюды көздейтін 2004 жылғы 27 желтоқсандағы №1404 қаулысы қабылданғанын қоса айтты.




  1. Жұмыс тобының кейбір мүшелері бұдан бұрын экспорттық бағаның ең төменгі деңгейі жойылғанға қарамастан мемлекеттік органдардың бұрынғысынша ұқсас нәтижелермен жүйені қолданып жүргенін атап өтті. Қазақстан өкілі Үкіметтің 1997 жылғы 19 шілдедегі № 994 қаулысымен тауар биржасында келісімшарттарды тіркеу туралы талап жойылды және Қазақстанда астыққа ең төменгі бағаға қатысты ешқандайда талаптар жоқ және жалпы Қазақстан экспорттық бағаның ең төменгі деңгейін белгілемейді деді.



1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет