ДҮниежүзілік сауда ұйымы


(d) Ветеринариялық бақылауға жататын тауарлар саудасы



бет35/78
Дата04.03.2016
өлшемі6.06 Mb.
#38185
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   78

(d) Ветеринариялық бақылауға жататын тауарлар саудасы


  1. Қазақстанның өкілі жоғарыда атап өтілгендей, Комиссия адам денсаулығы мен жануарлар саулығын қорғау үшін құқықтық негізді қамтамасыз ететін бірқатар шешімдерді шығарғанын мәлімдеді. КО Комиссиясының «Кеден одағында ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану туралы» 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімі ЕЭК Кеңесінің 2014 жылғы 9 қазандағы №95 шешімімен енгізілген өзгерістермен бірге (бұдан әрі: КО Комиссиясының №317 шешімі) ЕАЭО-да ветеринариялық шаралар үшін құқықтық негізді белгілейді және 2010 жылғы 1 шілдеде күшіне енді. КО Комиссиясының №317 шешімі Ветеринариялық бақылауға жатуы ықтимал тауарлардың тізбесін белгілейді және мыналар туралы ережелерді бекітеді: (i) ЕАЭО кедендік шекарасында және ЕАЭО кедендік аумағында ветеринариялық бақылауды жүргізудің бірыңғай жүйесі туралы; (ii) ветеринариялық бақылауға (қадағалау) жататын объектілерге бірлескен тексерулер жүргізудің және тауарлар сынамаларын іріктеудің бірыңғай жүйесі туралы, бұл КО Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы № 834 шешімімен алмастырылды; (iii) ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлар үшін бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар туралы; (iv) ветеринариялық сертификаттардың бірыңғай нысандары туралы (ЕАЭО шеңберінде орнын ауыстыру үшін); және (v) Ветеринариялық бақылауға (қадағалау) жататын тауарлардың бірыңғай тізбесі туралы. Қазақстанның өкілі ЕЭК Кеңесінің «Ветеринариялық бақылауға (қадағалау) жататын объектілерге бірлескен тексерулер жүргізудің және тауарлар (өнімдер) сынамаларын іріктеудің бірыңғай жүйесі туралы ереже туралы» 2014 жылғы 9 қазандағы № 94 шешімі (бұдан әрі: ЕЭК Кеңесінің № 94 шешімі) инспекциялау жөніндегі арнайы нұсқаулықтарды қоса алғанда, тексерулер жүргізудің жаңа тәртібін бекітті және КО Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы №834 шешімімен қабылданған тексерулер туралы алдыңғы ереженің күшін жойды. ЕЭК Алқасының 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 6 шешімімен енгізілген соңғы өзгерістермен бірге КО Комиссиясының «Кеден одағында санитариялық шараларды қолдану туралы» 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімінде (бұдан әрі: КО Комиссиясының № 299 шешімі) қамтылған, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға (қадағалау) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптар бақылауға жатқызылған тауарлар үшін қалдықтардың ең жоғары рұқсат берілген деңгейлерін белгілейді.




  1. Қазақстанның өкілі Бірыңғай ветеринариялық талаптардың «Жалпы ережелерінде» көрсетілгендей, Кеден одағының аумағына әкелінетін, ветеринариялық бақылауға жататын өнімге қатысты осы талаптарға қосымшада көзделген реттеу шаралары қолданылатынын одан әрі түсіндіріп өтті. Ал ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің бір аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің басқа аумағына тасымалданатын тауарларға қатысты, «Жалпы ережелерге» сәйкес олар: (i) ЕАЭО-ға мүше экспорттаушы мемлекеттің құзыретті органы берген ЕАЭО бірыңғай нысанындағы ветеринариялық сертификат бірге жүру қажет; (ii) әкелу ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің бір аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің басқа аумағына тасымалданатын Тауарларды өндірумен, өңдеумен және/немесе сақтаумен айналысатын кәсіпорындар мен тұлғалар тізіліміне енгізілген кәсіпорындардан жүзеге асырылуы қажет; (iii) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген рұқсатты талап етпейді.



  1. Адам денсаулығы мен өмірін және жануарларды қорғау үшін құқықтық негізді мынадай негізгі ұлттық нормативтік құқықтық актілер құрайды: «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 20 шілдедегі № 339-II Заң (2014 жылғы 29 қыркүйектегі соңғы өзгерістермен бірге), «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі № 301-III Заң (2014 жылғы 9 қыркүйектегі соңғы өзгерістермен бірге), сондай-ақ мынадай заңдарды іске асыру мақсатында бекітілген, ветеринария саласындағы заңға тәуелді құқықтық актілер: Үкіметтің 2003 жылғы 28 сәуірдегі №407 қаулысы, онда мыналар бекітілді: (i) Мемлекеттік ветеринариялық және санитариялық бақылау мен қадағалау туралы ереже; (ii) Адам денсаулығына және жануарларға жоғары дәрежеде қауiп төндiретiн жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың мiндеттi түрде алып қойылуы және жойылуы немесе оларды алып қоюсыз мiндеттi түрде зарарсыздандыру (дезинфекциялау) және қайта өңдеу қағидалары; (iii) Адам денсаулығына және жануарларға жоғары қауiп төндiретiн залалданған жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың алып қойылу және жойылу құнын заңды және жеке тұлғаларға өтеу қағидалары мен шарттары; (iv) Анықталған кезде адам денсаулығына және жануарларға жоғары қауiп төндiретiн жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың мiндеттi түрде алып қойылуы және жойылуы жүргiзiлетiн жануарлардың анағұрлым жұқпалы ауруларының тізімі; (v) Профилактикасы, диагностикасы және жойылуы бюджет есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізімі; (vi) Объектiлердi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу кезiндегі мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау қағидалары; және (vii) Мемлекеттiк шекара және кеден бекеттерінде ветеринариялық бақылау бекеттерін ұйымдастыру қағидалары; Үкіметтің «Кейіннен сатуға арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» 2009 жылғы 4 қарашадағы № 1754 қаулысы; Үкіметтің «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысы; Үкіметтің «Аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауға қатысты объектілердің әкетілуіне, әкелінуіне және транзитіне рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 132 қаулысы; Үкіметтің «Қазақстан Республикасының аумағында объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру) қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 149 қаулысы; Үкіметтің «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық құжаттар беру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 22 қыркүйектегі № 1230 қаулысы.


i) Ветеринариялық сертификаттар





  1. Мүшелер ветеринариялық сертификаттарды әзірлеу мен іске асыруға қатысты ЕАЭО талаптары туралы ақпаратты сұрады. Мүшелер осындай сертификаттардың халықаралық стандарттарға, ұсынымдар мен нұсқаулықтарға сәйкестігін қамтамасыз етуді сұрайды. Мүшелер Қазақстанмен келісілген қолданыстағы екіжақты сертификаттардың қолданылу мерзімдерінің жалғастыру туралы ақпаратты да сұратты. Олардың пікірі бойынша осы екіжақты сертификаттар алмастыратын сертификаттар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен келісілгенге дейін күшін сақтау қажет.




  1. Ветеринариялық сертификаттарға қатысты Қазақстанның өкілі КО Комиссиясының «Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағының кедендік аумағына үшінші елдерден әкелетін бақылауға жатқызылған тауарларға бірыңғай ветеринариялық сертификаттардың нысандары туралы» 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешімімен КО Комиссиясының № 317 шешімімен белгіленген, ветеринариялық бақылауға жататын тауарлар санаттарының әрқайсысына арналған, кез келген үшінші елден ЕАЭО аумағына әкелу үшін ЕАЭО ветеринариялық сертификаттарының 42 бірыңғай нысаны бекітілгенін мәлімдеді. Осы сертификаттар кейіннен КО Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы № 832 және 2011 жылғы 9 желтоқсандағы №892 шешімдеріне, ЕЭК Алқасының 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 262, 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 308, 2013 жылғы 10 қыркүйектегі № 193, 2013 жылғы 29 қазандағы № 245 және 2014 жылғы 11 ақпандағы № 19 шешімдеріне сәйкес жаңартылды. Ол КО Комиссиясының «Ветеринариялық шаралар туралы» 2011 жылғы 15 шілдедегі № 726 шешіміне сәйкес (бұдан әрі: КО Комиссиясының № 726 шешімі) экспорттаушы елдер мен Қазақстан арасында 2010 жылғы 1 шілдеге дейін келісілген ветеринариялық сертификаттар кемінде 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін ЕАЭО аумағына әкелу үшін қолданыста болатынын растады.




  1. Сонымен қатар, КО Комиссиясының «Ветеринариялық шаралар туралы» 2011 жылғы 15 шілдедегі № 726 шешімінде, егер экспорттаушы ел 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін осындай экспорттық ветеринариялық сертификат туралы келіссөздер жүргізу туралы негізделген сұрау салу жіберсе, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің құзыретті органдары келіссөздер жүргізе алатыны және ЕАЭО-ның Бірыңғай нысанынан және ЕАЭО-ның жекелеген Бірыңғай ветеринариялық талаптарынан ерекшеленетін талаптармен ветеринариялық сертификаттарды келісе алатыны көзделеді. Шешімде, егер ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің уәкілетті органы 2010 жылғы 1 шілдеге дейін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бірі парафирлеген ветеринариялық сертификатты келісу туралы сұрау салуды 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін алған жағдайда, екіжақты экспорттық ветеринариялық сертификаттар, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше осындай мемлекеттің уәкілетті органымен келісілген осындай сертификаттарға енгізілген кез келген кейінгі өзгерістер экспорттық сертификат ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің келісілген позицияларының негізінде ЕАЭО-ға мүше мемлекетпен келісілгенге дейін ЕАЭО-ның кедендік аумағына тиісті елден экспортты жүзеге асыру кезінде өз күшін сақтайды. 2010 жылғы 1 шілдеден 2010 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі кезеңде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бірі парафирлеген екіжақты экспорттық ветеринариялық сертификаттар, егер экспорттаушы елдің уәкілетті органы ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің келісілген позицияларының негізінде ЕАЭО-ға мүше осы мемлекетпен екіжақты экспорттық ветеринариялық сертификаттар келісілгенге дейін 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің уәкілетті органына сұрау салу жіберген жағдайда, сертификатты парафирлеген ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағында ғана тиісті тауарлардың импорты және айналысы үшін қолданыста болады. Екіжақты экспорттық ветеринариялық сертификат ЕАЭО-ның бірыңғай нысанынан және ЕАЭО-ның бірыңғай талаптарынан ерекшеленетін талаптарды қамтыған кезде мұндай сертификаттар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер анықтағандай қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз етуге тиіс. Сондай-ақ, осы жаңа сертификаттар, тиісті өнімдер туралы ережелерді қоса алғанда, 2010 жылғы 1 шілдеге дейін ЕАЭО-ға мүше мемлекет пен үшінші ел арасында жасалған халықаралық шартта көзделгеннен мейлінше қолайлы шарттарды қамтуға тиіс. Жұмыс тобы осы міндеттемелерді назарға алды.




  1. Мүшенің нақты сұрағына берген жауабында Қазақстанның өкілі, мүшенің сұрау салуына толықтыру ретінде, ветеринариялық бақылауға жататын тауарларға үшінші елдермен ЕАЭО ветеринариялық сертификаттары күшіне енгенге дейін Қазақстан ветеринариялық бақылауға жататын, Қазақстан аумағына әкелінетін тауарларға екіжақты ветеринариялық сертификаттар бойынша үшінші елмен келіссөздер жүргізетінін және өзара келісетінін растады. Қазақстан келіскен осындай екіжақты сертификаттардың негізінде Қазақстан аумағына әкелінетін осындай тауарлардың ЕАЭО шегіндегі айналысы Қазақстан аумағымен шектелуі мүмкін. Жұмыс тобы осы міндеттемені назарға алды.




  1. Ветеринариялық сертификаттарды қолдану туралы анағұрлым толық ақпаратты ұсыну туралы өтінішке ол ЕАЭО құқықтық базасы ЕАЭО ветеринариялық сертификаттарының 42 Бірыңғай нысанынан және ЕАЭО Бірыңғай талаптарының жекелеген ережелерінен ерекшеленетін ветеринариялық сертификаттар бойынша экспорттаушы елдің құзыретті органымен келіссөздер жүргізуге рұқсат беретінін хабарлады. Егер үшінші ел ЕАЭО-ға мүше мемлекетке ветеринариялық бақылауға жататын ЕАЭО тауарларының Бірыңғай тізбесіне және ЕАЭО Бірыңғай ветеринариялық талаптарына сәйкес ветеринариялық сертификат талап етілетін, алайда оған қатысты ЕАЭО сертификатының Бірыңғай нысаны және ЕАЭО Бірыңғай талаптары жоқ тауарды экспортқа шығарғысы келсе, мүдделі елдер ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің келісілген позициялары негізінде екіжақты сертификаттарды келісе алады және осындай екіжақты сертификаттар КО Комиссиясының «Халықаралық стандарттарды, нұсқаулықтар мен ұсынымдарды қолдану туралы» 2011 жылғы 22 маусымдағы №721 шешімімен көзделгендей, тиісті халықаралық стандарттарға, нұсқаулықтар мен ұсынымдарға негізделеді. Егер ветеринариялық бақылауға жататын ЕАЭО тауарларының Бірыңғай тізбесіне және ЕАЭО Бірыңғай ветеринариялық талаптарына сәйкес тауарға ветеринариялық сертификат талап етілмесе немесе егер тауар ЕАЭО-ның көрсетілген Бірыңғай тізбесіне енгізілмесе, Қазақстан ветеринариялық сертификатты талап етпейді. Сонымен қатар, Қазақстанның өкілі үшінші елден ветеринариялық сертификаттар бойынша келіссөздерге бастамашылық жасауға сұрау салуды алған ЕАЭО-ға мүше мемлекет немесе ЕЭК, егер үшінші ел ЕЭК-ге сұрау салуды жіберсе, сертификаттар бойынша ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің келіссөздер позициялары бойынша келіссөздерді үйлестіруге, сондай-ақ ветеринариялық сертификаттарға қатысты ұсыныстар мен сұрау салулар бойынша үшінші елдерге кері байланысты дайындау және ұсынуға жауапты болатынын атап өтті.



  1. Мүшелердің бірі Бірыңғай ветеринариялық талаптарға енгізілген соңғы өзгерістер туралы ақпаратты ұсынуын сұрап, осы талаптардың кейбір ережелері ХЭБ ұсынымдарына сәйкес келмейтінін атап өтті. Ол осы өзгерістер ХЭБ талаптарына сәйкес келтіру мақсатында енгізілгені жөнінде қызығушылық білдірді.




  1. Кейбір мүшелер Комиссияның ветеринариялық сертификаттардың 40 бірыңғай нысанын және бірыңғай ветеринариялық талаптардың 38 тарауын қабылдағанынан алаңдаушылық білдірді, олар халықаралық стандарттарға, ұсынымдар мен нұсқаулықтарға, атап айтқанда, ХЭБ стандарттарына, ұсынымдары мен нұсқаулықтарына сәйкес келмейді. Осы мүшелер СФС бойынша ДСҰ келісімі талаптарының бұзылуына қарай, мүшелерді қоса алғанда, мүдделі тараптарға олар қабылданғанға дейін осы шаралар бойынша өз ескертулерін ұсыну мүмкіндігі берілмегеніне алаңдаушылық білдірді. Қазақстанның өкілі ЕЭК Алқасының 2013 жылғы 9 сәуірдегі №77 шешімімен енгізілген соңғы өзгерістермен бірге КО Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы №319 шешімімен бекітілген «Техникалық реттеу, санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі үйлестіру комитеті туралы ережені» алмастырған ЕЭК Алқасының 2012 жылғы 18 қыркүйектегі №161 шешімімен бекітілген Техникалық реттеу, санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі консультативтік комитет туралы ереженің 16-тармағында ұсынылатын СФС шараларына қатысты қоғамнан түсіндірмелер алу процесі көзделетінін атап өтті. Сонымен бірге, өкіл КО Комиссиясының «Кеден одағының санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық саласындағы құқықтық актілерін халықаралық стандарттармен үйлестіруді қамтамасыз ету туралы» 2011 жылғы 7 сәуірдегі №625 шешімінің (бұдан әрі: КО Комиссиясының № 625 шешімі) 2-4 тармақтарында шаралардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін қарау процесі және халықаралық стандарттарға сәйкес келмейтін шараларға өзгерістер енгізу күшінде қалу көзделеді.




  1. Қазақстанның өкілі Бірыңғай ветеринариялық талаптарға және Сертификаттардың бірыңғай нысандарына өзгерістер енгізу олардың халықаралық стандарттарға, ұсынымдар мен нұсқаулықтарға, атап айтқанда, ХЭБ стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін қатарлас дайындалғанын растады. Ол бірыңғай ветеринариялық талаптарға және сертификаттардың бірыңғай нысандарына өзгерістер Қазақстан ДСҰ-ға кірген күннен кешіктірілмей бір мезгілде күшіне енетінін растады. Жұмыс тобы осы міндеттемелерді назарға алды.




  1. Кейбір мүшелер Қазақстан ЕАЭО-ның кейбір бірыңғай ветеринариялық талаптарына ғана ұсынылатын өзгерістерді дайындағанын атап өтті. Осы мүшелер осы ұсынылатын түзетулер мейлінше шектеулі екеніне, ДСҰ мүшелерінің түсіндірмелерінің ескермегеніне, ғылыми қағидаттарға негізделмегеніне алаңдаушылық білдірді, бұл ерікті немесе негізсіз кемсітуге әкелуі мүмкін және ең бастысы, ЕАЭО бірыңғай ветеринариялық талаптары халықаралық стандарттарға, ұсынымдар мен нұсқаулықтарға, мысалы, жануарлардың ауруларына қатысты талаптар белгілеу бөлігінде сәйкес келтірілмеген, олар ХЭБ Кодексінде көрсетілмеген немесе тиісті тауар үшін ХЭБ Кодексінде сауда үшін аз шектеулі сауда шарттары келісілген кезде шыққан аумағының еркіндігін талап етеді. Мүшелер ЕАЭО бірыңғай ветеринариялық талаптарына және бірыңғай нысандарға қатысты 716-тармақтағы Қазақстан міндеттемелерін атап өтті және Қазақстан ЕАЭО-ға мүше бірінші мемлекеттің ДСҰ-ға қосылу күніне халықаралық стандарттарға, нұсқаулықтар мен ұсынымдарға, атап айтқанда ХЭБ стандарттарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті өзгерістерді қабылдамағанына және бұл өзгерістер 716-тармақта көзделгендей, күшіне енбейтініне алаңдаушылық білдіреді. Осы мүшелер Қазақстанды елеулі күш салуды, оның ішінде 716-тармақтағы міндеттемелерді уақтылы орындауды қамтамасыз ету үшін ДСҰ мүшелерімен консультациялар жүргізу жолын ұсынды.




  1. Қазақстанның өкілі ЕАЭО Бірыңғай ветеринариялық талаптарын үйлестіру Ресейдің ДСҰ-ға кіру бөлігі ретінде 2012 жылы жүргізілгенін түсіндірді. Атап айтқанда, бақыланатын өнім үлгісі бойынша жануарлар ауруларының болмау мерзімдері аймақтандыру қағидаты назарға алына отырып, азайтылды. Үйлестіру процесінің бөлігі ретінде ДСҰ-ның кейбір мүшелерімен консультациялар жүргізу нәтижесінде ЕАЭО Бірыңғай ветеринариялық талаптарының 20-дан астам тарауына өзгерістер енгізілді. Бұған қосымша, ХЭБ ұсынымдарымен одан әрі үйлестіру мақсатында Бірыңғай ветеринариялық талаптардың кейбір тарауларына өзгерістер енгізілді. Бұдан әрі Қазақстанның өкілі ЕАЭО ветеринариялық талаптарын үйлестіру үздіксіз процесс болғанын түсіндіріп өтті. Ол ЕАЭО Бірыңғай ветеринариялық талаптарында белгіленген жануарлардың ауруларына қойылатын талаптар ХЭБ ұсынымдарына сәйкес келетінін сеніммен айтты. Ол ХЭБ Жерүсті жануарларының саулығы кодексінің (бұдан әрі: ХЭБ Кодексі) 5.1.1-бабына сәйкес елде жануарлар саулығының мәртебесіне байланысты тауарлар импортының әр түрлі нұсқалары (ұсынымдары) бар екенін атап өтті. Бұдан басқа, ХЭБ Кодексі жануарлар саулығының жағдайына қарай елдер арасындағы айырмашылықтарға байланысты түрлі нұсқаларды ұсынады. ХЭБ Кодексінде көрсетілгендей: «Экспорттаушы елде, транзиттік елде/елдерде және импорттаушы елде жануарлар саулығының жағдайы саудаға қойылатын талаптар айқындалғанға дейін қаралуға тиіс. Халықаралық сауданың санитариялық аспектілерін үйлестіруді арттыру үшін ДСҰ-ға мүше мемлекеттердің ветеринариялық қызметтері өзінің импорттық талаптарын ХЭБ стандарттарына негіздеуге тиіс.» Ол ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер ЕАЭО елдері қажет деп есептейтін қорғау дәрежесін назарға ала отыра, белгілі бір ауруларға қатысты ХЭБ Кодексінде ұсынылған нұсқалардың бірін таңдағанын атап өтті. Қазақстанның өкілі бұдан әрі КО Комиссиясының «Ветеринариялық шаралар туралы» 2011 жылғы 15 шілдедегі № 726 шешімі (бұдан әрі: КО Комиссиясының №726 шешімі) ЕАЭО мен экспорттаушы ел арасында екіжақты ветеринариялық сертификаттарды келісуге мүмкіндік беретінін түсіндірді, бұлар сауданы дамыту мақсатында экспорттаушы елде жануарлар саулығының түрлі мәртебелерін көрсету мақсатында Бірыңғай ветеринариялық талаптардан өзгеше талаптарды қамтуы мүмкін.




  1. Кейбір мүшелер өздерінің КО Комиссиясының №726 шешіміне сәйкес олар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен жекелеген сертификаттар бойынша келіссөздер бастағанын атап өтті. Мүшелер ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер ғылыми негіздемені ұсынбай, ХЭБ ұсынымдары шеңберінен тыс талаптарды сұратуды жалғастыратынын және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер ЕАЭО бірыңғай талаптарынан ерекшеленетін сертификат талаптары бойынша келіссөздер жүргізгісі келмейтін секілді екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, мүшелер сертификаттар бойынша келіссөздер процесі көп уақыт алатынын және әрбір келіссөз сессиясына қатысатын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің позицияларында келісімге келуге кепілдік беруге болмайтынын мәлімдеді. Бұдан басқа, осы мүшелер жекелеген сертификаттар бойынша келіссөздерге қатыспаған ЕАЭО-ға мүше мемлекет қандай негізде қорытындыға және сертификатта халықаралық стандарттарға сәйкес келетін ережелер қамтылған болса да, сертификаттарды қабылдауға қарсы шыға алатыны туралы ақпаратты сұратты. Мүшелер жекелеген сертификаттар бойынша келіссөздерде тиімділіктің болмауына байланысты алаңдаушылық білдірді. Қазақстанның өкілі келіссөздер барысында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер, бұл СФС бойынша ДСҰ келісімімен көзделгендей, тәуекелді бағалау жолымен ақталған жағдайларды қоспағанда, ХЭБ ұсынымдарына сәйкес аттестацияны ұсынатыны жөнінде жауап берді. Өкіл Қазақстанның қолжетімді уақыт пен ресурстарға сүйене отырып, келіссөздерге қатысатынын және таяудағы келіссөздерде бірқатар екіжақты ветеринариялық сертификаттар парафирленгенін атап өтті.




  1. Қазақстанның өкілі, егер экспорттаушы мүше ЕАЭО-ның немесе Қазақстанның СФС талаптары халықаралық стандарттарға, нұсқаулықтарға немесе ұсынымдарға негізделген шаралармен қол жеткізілетін қорғаудың анағұрлым жоғары деңгейіне әкеледі деп ұйғарса, Қазақстан осындай СФС талаптары бойынша экспорттаушы мүшемен консультация жүргізуге дайын екенін және қажет болса, осындай консультациялар нәтижелері бойынша тиісті сертификатқа енгізілген талаптарға оны санитариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану бойынша ДСҰ келісіміне сәйкес халықаралық стандарттарға, нұсқаулықтарға немесе ұсынымдарға сәйкес келтіру үшін өзгерістер енгізетінін растады. Жұмыс тобы осы міндеттемені назарға алды.




  1. Жұмыс тобының мүшесі тірі ірі қара мал үшін қолданыстағы екіжақты сертификаттарда, сондай-ақ ЕАЭО-ның Бірыңғай ветеринариялық сертификаттарында белгіленген ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясы жөніндегі талаптар (BSE) ХЭБ стандарттарына сәйкес келмейтіні жөнінде алаңдаушылық білдірді, өйткені олар жануарларды BSE-ге зерттеуге тиісінше ұсыныс береді және BSE жұққан жануарлармен генетикалық байланыстың жоқтығын талап етеді. BSE-ге қатысты Қазақстанның өкілі Қазақстан ДСҰ-ға кірген күннен бастап екіжақты сертификаттар, сол сияқты ЕАЭО-ның бірыңғай ветеринариялық сертификаттары санитариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану бойынша ДСҰ келісімінде көзделгендей, ХЭБ стандарттарына сәйкес келтірілетінін түсіндіре кетті. Жұмыс тобы осы міндеттемені назарға алды.




  1. Кейбір мүшелер ветеринариялық сертификат халықаралық стандарттарға, ұсынымдар мен нұсқаулықтарға сәйкес, ЕАЭО актілерінің міндетті талаптары болып табылмайтын немесе ЕАЭО-ның міндетті талаптары болмаған жағдайда, мысалы, ЕАЭО актілерінің объектілері болып табылмайтын ауруға сертификаттау болмаған жағдайда немесе сертификатта талап етілгендей, ЕАЭО шеңберінде немесе Қазақстан аумағында қадағалаудың осындай деңгейіне жатпайтын ережелерге сертификаттауды талап етпеуге тиіс екенін мәлімдеді. Егер Қазақстан немесе ЕАЭО жануарлар саулығына қойылатын талаптардың ХЭБ-те көрсетілгеннен анағұрлым қатаң болуына ниет білдірсе, Қазақстан немесе ЕАЭО тәуекелдерді бағалау негізінде, сол сияқты Қазақстан немесе ЕАЭО аумағында болуы мүмкін жануарлар ауруларына арналған Қазақстанда немесе ЕАЭО аумағында активті немесе пассивті қадағалау негізінде нақты ауру бойынша жануарлар саулығының жағдайы бойынша Қазақстанның немесе ЕАЭО-ның мәртебесі осындай қатаң талаптарды негіздейтінін көрсетуі қажет. Қазақстанның өкілі ветеринариялық сертификаттар тиісті өніммен берілмейтін/тиісті өнімге қатысы жоқ және қолданылатын міндетті талаптар мен Қазақстанның немесе ЕАЭО-ның бүкіл аумағында жүргізілген қадағалау негізіне негізделмеген ережелерді сертификаттауды талап етпейтін аурулар туралы ережелерді қамтымайтынын растады. Жұмыс тобы осы міндеттемені назарға алды.




  1. Кейбір мүшелер тауарлардың: ЕАЭО-ға экспортқа уәкілеттік берілген кәсіпорындарды көрсете отырып, экспорттық ветеринариялық сертификаттар, сәйкестік туралы декларациялар, сәйкестік сертификаттары, импортқа рұқсаттар және мемлекеттік тіркеу арқылы тамақ өнімдерінің ұлттық қауіпсіздік шараларымен және ЕАЭО тамақ өнімдерінің қауіпсіздік шараларымен сәйкестігін растау үшін Қазақстан талап ететін шаралардың бірдей болуына қатысты алаңдаушылық білдірді. Осы мүшелер талаптарға сәйкестікті тексеру мақсатында осындай қайталанатын, көптеген және бірдей талаптардың пайдалылығына күмән келтірді. Олардың пікірі бойынша сәйкестік туралы декларацияның және сәйкестікті бағалаудың басқа нысандарының және экспорт сертификатының немесе қосымша талаптардың болуы ауыртпалық, міндетті емес болып табылады және сауданы шектейді. Мүшелер Қазақстаннан осы артықшылықты жоюды өтінді.




  1. Қазақстанның өкілі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті қызметтің қайталануын болғызбау үшін Қазақстанның аумағына тауарлар импорты кезінде ветеринариялық және санитариялық мәселелерге қатысты өкілеттіктерді жүзеге асыратынын түсіндірді. Оның атап өтуінше, ветеринариялық сертификаттар ветеринариялық та, санитариялық та талаптарды қамтиды және тауарларды шекарадан алып өту үшін бір ветеринариялық-санитариялық құжат қана талап етіледі. Сондай-ақ, ол бақылауға жатқызылған тауарларды мемлекеттік тіркеу отандық, сол сияқты импорттық тауарларға қолданылатынын және өнімдердің шектелген тізбесіне ғана қатысты екенін түсіндірді. Қазіргі кезде ЕАЭО ветеринариялық сертификатты және сәйкестік туралы декларацияны талап ететін тауарларға қатысты ол ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер қазіргі уақытта әзірленіп жатқан ЕАЭО-ның техникалық регламенттеріне сәйкес, әрбір техникалық регламентте көрсетілгендей, өнімнің ЕАЭО талаптарына сәйкестігін растайтын тек бір құжатты талап ететінін растады. Мысалы, ЕЭК Кеңесінің 2013 жылғы 9 қазандағы №67 шешімімен қабылданған «Сүт және сүт өнімдері туралы» техникалық регламентінде және ЕЭК Кеңесінің 2013 жылғы 9 қазандағы №68 шешімімен қабылданған «Ет және ет өнімдері туралы» техникалық регламентінде өңделмеген және өңделген сүт пен ет өнімдері үшін ғана ветеринариялық сертификат қажет екені көрсетіледі. Жұмыс тобы осы міндеттемені назарға алды.




  1. Кейбір мүшелер Қазақстаннан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер ХЭБ Кодексінің 5.2.3-бабының 9-тармағына сәйкес алмастыруға берілген сертификатты қабылдайтынын растауды сұрады және нормативтік құқықтық базаны ұсынуын сұрады.




  1. Қазақстанның өкілі берген жауабында, Қазақстан ХЭБ Кодексінің 5.2.3-бабының 9-тармағына сәйкес алмастыруға берілген сертификаттарды тану туралы ережені енгізу мақсатында КО Комиссиясының №317 шешіміне өзгерістерге бастамашылық жасағанын айтты. Осы өзгерістер ЕЭК Кеңесінің «Кеден одағының кедендік шекарасында және Кеден одағының кедендік аумағында ветеринариялық бақылау жүргізудің бірыңғай рәсімінің ережесіне өзгерістер енгізу туралы» 2014 жылғы 9 қазандағы № 95 шешімімен қабылданды.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет