- (ii) Тәуекелді бағалау -
Тәуекелді бағалауға келер болсақ, жекелеген мүшелер СФС жөніндегі ДСҰ келісіміне, халықаралық стандарттарға, нұсқаулықтар мен ұсынымдарға сәйкестігіне тәуекелге талдау жүргізу қажеттігін атап өтті. Олар Кодекс стандарттарын қолданудың маңызы мен қажеттілігін атап көрсетті: CAC/GL-62-2007 – Ұлттық үкіметтің қолдануы үшін тағам өнімдерінің қауіпсізді үшін тәуекелдерді талдаудың жұмыс қағидаттары, CAC/GL/30-1999 – Тәуекелдерге микробиологиялық бағалау жүргізу жөніндегі қағидаттар мен нұсқаулықтар, сондай-ақ ФАО, WHO-EHC-240.5 құжаты – Тағам өнімдеріндегі химиялық заттардың тәуекелін бағалау қағидаттары мен әдістері; 2-тарау - Тәуекелдерді бағалау және тәуекелдерді талдаудағы оның рөлі. Осы мүшелердің пікірінше, тәуекелдерді бағалау импорттаушы ел қолданатын шараларды зерттеумен шектелуі тиіс. Ол қабылданатын шаралардың сипаты мен мазмұнына қатысты біржақты пікірлермен бұрмаланбауы тиіс және бұған дейін қабылданған шешімді негіздеу мақсатында бейімдеу және жүргізу міндеттеріне айналмауы тиіс.
-
Осы Мүшелердің пікірі бойынша, тағам өнімдері қауіпсіздігінің биологиялық, химиялық немесе физикалық тәуекелдері нысанасына тәуекелді бағалауды жүргізу маңыздылығын сипаттау және ғылыми негізделген шешімдерді түсіну бойынша алдын ала қабылданған неғұрлым ауқымды күш-жігердің бір бөлігі болып табылады. Тәуекелдерді талдау реттеуші органдарға адам денсаулығын қорғау үшін анағұрлым тәуекелді білдіретін тәуекелдерге шектелген ресурстарды шоғырландыруға мүмкіндік береді. Тәуекелді бағалау көптеген факторлардың әсерін ескеріп, осы тәуекелдердің ықтимал әсерін болжай отрып және халықтың денсаулығы үшін әлеуетті зиянды бағалай отырып, осы елдерде кеңінен тараған тағам өнімдері қауіпсіздігі тәуекелдеріне шоғырлануға мүмкіндік береді. Мемлекеттік әкімшілік өкілдері мен мемлекеттік емес ұйымдардың нақты салалардағы сарапшыларын қоса алғанда, тәуекелді бағалауға қатысатын сарапшылар өздерінің ғылыми жұмысында объективті болуға және бағалаудың тұтастығына қауіп төндіруі мүмкін мүдделер қақтығысынан қашуға тиіс. Көрсетілген сарапшылар кәсіби тәжірибесі мен мүдделі тараптарға қатысты пайымының тәуелсіздігі негізінде ашық, оның ішінде жүргізілетін тәуекелдерді бағалауға байланысты мүдделер қақтығысының болуы немесе жоқ екендігі туралы тергеп-тексеру базасында таңдалуға тиіс. Тиімді бағалау элементтері және осы бағалауды талдау тәуекелдерді бағалауды ұйымдастыру тәсілі, қабылданатын шешімдерді құжаттау және осы құжаттамаға жұртшылықтың қол жеткізуін қамтамасыз ету рәсімі туралы қосымша ақпаратты алу үшін қоғамдық процесті қамтуға тиіс. Сараптамалық бағалау рәсімінде сарапшылар жүргізілетін шараларға сыни тұрғыдан талдап, оларды жақсарту жөнінде ұсыныстар айтады. Сараптамалық бағалау және қоғамдық тыңдау сияқты осындай қосымша шаралар транспаренттілікті күшейтуге, талдау сапасын жақсартуға көмектеседі, сондай-ақ сенімді арттыруға және нәтижелерді тануға ықпал ете отырып, ықтимал тәуекелдер туралы халықты құлақтандыру процесін қамтамасыз етеді. Тәуекелді бағалауға байланысты барлық шешімдерді ресми құжаттау және тәуекелдерді бағалау жөніндегі басқа сарапшылар сәтті тәжірибені қабылдай алуы немесе жұмыс туралы сыни пайымдаулар шығара алуы үшін мүдделі тәуелсіз тараптарға ұсыну қажет. Ресми есеп және қысқаша баяндау кез келген шектеулерді, қателікті, жол берулерді және олардың тәуекелді бағалауға әсерін атап көрсетуі тиіс. Мүшелер ЕАЭО және Қазақстан Республикасы аумағында импортқа қолданылатын белгілі бір нормалар мен белгілі бір санитариялық және фитосанитариялық шаралардың халықаралық стандарттарға, нұсқаулықтар мен ұсынымдарға сәйкес келмейтіндігіне және тәуекелді бағалау жоғарыда сипатталғандай халықаралық танылған қағидаттар мен ұсынымдарға сай жүзеге асырылмайтынына алаңдаушылық білдірді. Осы мүшелер Қазақстаннан осы халықаралық танылған қағидаттар мен ұсынымдар Қазақстан Республикасы аумағында қабылданатын және қолданылатын СФС шараларына қатысты тәуекелдерге бағалау жүргізу кезінде пайдаланылатына кепілдік беруді сұрады.
-
Қазақстанның өкілі 842 және 843-тармақтарда сипатталғандай тиісті халықаралық ұйымдар әзірлеген қағидаттар мен ұсынымдардың ҚР-да импортқа қолданылатын СФС шаралары үшін тәуекелге бағалау жүргізу кезінде пайдаланылатынын растады. Бұдан әрі Қазақстанның өкілі КО Комиссиясының «Санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық шаралардың барабарлығы туралы және тәуекелге бағалау жүргізу туралы» 2011 жылғы 18 қазандағы №835 шешімі (бұдан әрі: Барабарлық және тәуекелдерді бағалау туралы шешім) қабылдағанын түсіндірді. Осы шешімге сәйкес, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер СФС жөніндегі ДСҰ келісімінің 5-бабына сай, санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық шаралардың Кодексті, ХЭБ және ӨҚХК-ні қоса алғанда, тиісті халықаралық ұйымдар әзірлеген тәуекелді бағалау техникасын назарға ала отырып, адамның денсаулығы немесе өмірі, жануарлар немесе өсімдіктер үшін әсер ететін мән-жайларға, тәуекелдерге байланысты бағалауға негізделуін қамтамасыз етуге тиіс. Бұдан әрі ол тәуекелге бағалау жүргізу жөніндегі ЕАЭО талаптары адамның өмірі немесе денсаулығы, өсімдіктер мен жануарлар үшін ықтимал тәуекелдерді бағалау және осындай қауіп түрінен санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық қорғанудың тиісті деңгейіне қол жеткізу үшін қолданылуға тиіс шараларды айқындау бойынша СФС жөніндегі ДСҰ келісімінің 5.3-тармағында көрсетілгендерді қоса алғанда, СФС жөніндегі ДСҰ келісімі 5-бабының ережелеріне сәйкес келетіндігін түсіндірді, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер маңызды экономикалық факторларды: өндірістің көлемін азайту немесе жәндік-паразиттер немесе аурулар кірген, өршіген немесе таралған жағдайда сату, оларға қарсы күрес бойынша шығындар түріндегі ықтимал залалды, сондай-ақ тәуекелдерді шектеу үшін қолданылатын баламалы тәсілдердің салыстырмалы экономикалық тиімділігін ескеруге тиіс.
-
Жұмыс тобының жекелеген мүшелері 732-тармақта сипатталған Тізімге енгізілген кәсіпорындардан импортты жүргізу үшін ветеринариялық бақылауға жататын тауарлар Тізілімінде көрсетілген белгілі бір тауарларға қатысты қолданылатын талапты атап көрсетті. Сол мүшелер ветеринариялық бақылауға жататын тауарлар Тізіліміндегі белгілі бір тауарларға қойылатын осы талаптың ғылыми негізсіз немесе тәуекелді бағалаусыз қолданылатынына алаңдаушылық білдірді. Бұдан басқа, егер ветеринариялық сертификат, импортқа рұқсат және мемлекеттік тіркеу ЕАЭО қажетті қорғаныс деңгейіне қол жеткізу үшін талап етілгенге қарағанда сауданы неғұрлым шектейтін болса, ЕАЭО аумағына тауарларды экспорттауға рұқсат берердің алдында кәсіпорындарды Тізілімге енгізу талап етілуі мүмкін. Оның үстіне, Мүшелер халықаралық стандарттар, нұсқаулықтар мен ұсынымдарға қарағанда неғұрлым шектеулі болып табылатын, ЕАЭО және Қазақстан пайдаланатын шаралардың тәуекелін бағалау мен ғылыми негізінің жоқтығына қатысты алаңдаушылықты қайтадан білдіріп отыр.
-
Мүшелердің тәуекелді бағалауға қатысатын органдар туралы ақпаратты ұсыну туралы өтінуіне жауап ретінде, Қазақстанның өкілі мынадай мекемелерді санамалады:
-
ветеринария саласында:
-
Қазақстанның ғылыми-зерттеу ветеринариялық институты;
-
Республикалық ветеринариялық зертхана;
-
Ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталық; және
-
ҚазАгроИнновация; және
-
Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты
-
фитосанитария саласында:
-
Қазақстандық өсімдіктерді қорғау және олардың карантині ғылыми-зерттеу институты;
-
Өсімдіктер карантині жөніндегі республикалық зертхана;
-
Фитосанитариялық диагностика және болжам жасаудың республикалық әдістемелік орталығы, және
-
«Фитосанитария» мемлекеттік кәсіпорны
-
Тағам өнімдері қауіпсіздігі саласында:
-
Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторингілеу ұлттық ғылыми-практикалық орталығы;
-
Қазақ тамақтану академиясы, және
-
Қазақ гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы.
-
Мүшелердің біреуі тәуекелдерді бағалау ЕАЭО/Қазақстанға әкелуге шектеулер енгізілгенге дейін жүргізілетінін және Қазақстан/ЕАЭО сұрау салу бойынша экспорттаушы мемлекетке осы тәуекелді бағалауды ұсынатынын растауды сұрады. Қазақстанның өкілі жауап ретінде ЕАЭО туралы шарттың 56-бабының 1-тармағына сәйкес СФС шаралар ғылыми негіздемелер негізінде және тек адамдардың өмірімі мен денсаулығын, жануарларды және өсімдіктерді қорғау үшін қажетті көлемде әзірленетінін және қолданылатынын атап көрсетті. «Ветеринария туралы» Заңның 26-1-бабының 2-тармағына сәйкес, ветеринариялық шаралар ғылыми негіздемелерге, тәуекелді объективті бағалауға немесе халықаралық стандарттарға негізделуге тиіс. Қазақстан өкілі тәуекелдерді бағалау импортқа шектеулерді енгізге дейін жүргізілетінін, ал тәуекелді бағалау нәтижелері сұрау салу бойынша, ДСҰ келісімінде көзделгендей, экспорттаушы елге берілетінін растады.
-
Қазақстанның өкілі Қазақстан ДСҰ-ға кірген күні, егер ветеринариялық шараларды қолдану халықаралық стандарттарға, нұсқаулықтар мен ұсынымдарға сәйкес келетін болса немесе сол бойынша тауарлар санаты ветеринариялық шаралар қолдануға жататын Санитариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі ДСҰ келісіміне сәйкес келетін ғылыми деректермен немесе тәуекелді бағалаумен негізделетін болса ғана, тауарлар ветеринариялық бақылауға жататын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілетінін растады. Осылайша, тауарлардың әрбір санатына қолданылатын ветеринариялық шаралар халықаралық стандарттарға, ұсынымдар мен нұсқаулықтарға сәйкес жүзеге асырылатын болады немесе ғылыми деректерге немесе тәуекелді бағалауға негізделетін болады. Бұған қоса, Қазақстан өкілі, егер Тізбеде тауарлардың сақталуы халықаралық стандарттарға, нұсқаулықтарға және ұсынымдарға сәйкес болмаса немесе Санитариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі ДСҰ келісіміне сәйкес ғылыми деректермен немесе тәуекелді бағалаумен негізделмесе, Қазақстан өзі ДСҰ-ға кірген күні ветеринариялық бақылауға жататын тауарлар Тізбесінен өнімді шығарып тастайтынын растады. Оның үстіне, Қазақстанның өкілі Санитариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі ДСҰ келісіміне сәйкес тәуекелді бағалау тиісті халықаралық ұйымдар мен оларға ведомстволық бағынысты ұйымдар әзірлеген тәуекелді бағалау техникасын назарға ала отырып жүргізілетінін растады. Жұмыс тобы осы міндеттемелерді назарға алды.
-
Қазақстанның өкілі Қазақстан ДСҰ-ға кірген күні Санитариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі ДСҰ келісіміне сәйкес ЕАЭО және Қазақстанның СФС шаралары - мән-жайларға байланысты, тиісті халықаралық ұйымдар әзірлеген тәуекелді бағалау әдістерін ескере отырып, адамның денсаулығы немесе өмірі, жануарлар немесе өсімдіктер үшін тәуекелді бағалауға негізделетінін растады. Сондай-ақ ол Санитариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі ДСҰ келісіміне сәйкес бұл бағалаулар Кодекстің, ХЭБ-тің және ӨҚХК-нің стандарттарын, нұсқаулықтары мен ұсынымдарын назарға алатынын растады, атап айтқанда: Мемлекеттік органдар үшін тамақ өнімдері қауіпсіздігі саласында тәуекелдерге талдау жүргізудің практикалық қағидаттары (CAC/GL 62-2007); 2.1-тарау ХЭБ жер бетіндегі жануарлардың саулығы кодексін импорттау тәуекелдерін талдау; 2.2-тарау. ХЭБ су жануарларының саулығы кодексін импорттау тәуекелдерін талдау; № 2 «Фитосанитариялық тәуекелді талдау құрылымы» фитосанитариялық шаралар жөніндегі халықаралық стандарттар (ФШХС), ФШХС № 11, 21 және ФШХС № 32 белгіленген фитосанитариялық тәуекелге сәйкес өнімдердің санаттары. Жұмыс тобы осы міндеттемлерді назарға алды.
Достарыңызбен бөлісу: |