- (iii) Импортқа рұқсат
-
Импортқа рұқсат беруге қатысты Қазақстан өкілі 2010 жылғы шілдеден бастап ЕАЭО импортына рұқсат беру режимі үшін құқықтық негіздер КО Комиссиясының №317 шешімімен қабылданған Ветеринариялық бақылау туралы ереженің VI бөлімінде бекітілетін болады деп түсіндірді. Аталған Ереже мынадай қағидаттарды белгілейді:
-
Ветеринариялық бақылауға жататын жекелеген тауарларды ЕАЭО-ға импорттың импорт үшін межелі пункт болып табылатын, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің құзыретті органы берген импортқа рұқсаты болуға тиіс, және
-
Рұқсатта көрсетілген көлемдегі күнтізбелік жыл ішінде рұқсат жарамды болып табылады.
Рұқсат өндіріс орнындағы эпизоотиялық жағдай ескеріле отырып және кәсіпорын тиісті тауарларды ЕАЭО аумағына әкелуге рұқсат етілетін кәсіпорындар Тізбесінде болған жағдайда беріледі. Оның үстіне, «Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды ескере отырып, тауарлардың импортына, экспортына және транзитіне рұқсат беру қағидалары» Үкіметтің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 132 қаулысымен ұлттық деңгейде белгіленген, ол Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 16-04/ 647 бұйрығымен (бұдан әрі: № 16-04/647 бұйрық) ауыстырылды.
-
Сонымен қатар ол, импортқа рұқсат тауардың кез келген көлемі үшін берілуі мүмкін екенін және сұратылған көлем рұқсат беруден бас тарту үшін негіз болып табылмайтынын түсіндірді. Импортқа рұқсаттың үш функциясы бар: біріншіден, импорттаушының импорт тауарға ұлттық талаптарға, мысалы карантиндік талаптарға сәйкес келетіндей қауіпсіз қарай алуы; екіншіден, экспорттаушы елдің эпизоотиялық жағдайын назарға алу; және үшіншіден, экспорттаушы елде эпизоотиялық жағдайға бейімделген ерекше жағдайлар импортты жүзеге асыру кезінде сақталуы керек. Бірінші функция оның пікірінше, кемсітушілікті емес, өйткені операторға қойылатын қажетті шарттар ЕАЭО аумағының шегінде ішкі сауда жасаған кезде де қойылады. Екінші функция экспорттаушы елде жануарлардың аса қауіпті аурулары тараған жағдайда импорттау, бұғаттау немесе шектеу үшін құқықтық құрал болып табылады. Үшінші функция, мәселен, эпизоотиялық жағдайы ерекше елдерден импортталатын жануарлардан алынатын жекелеген өнімді белгілі бір мекемелерде өңдеуді талап ету үшін пайдаланылуы мүмкін. Мұндай жағдайда, импортқа рұқсат осындай мекемелерге жүктерін жібере алған импорттаушыларға ғана берілетін болады. Импортқа рұқсат импорттаушылар үшін логистиканы да оңтайландырады және бақылаушы органдардың қызметін үйлестіруге арналған құрал береді.
-
№16-04/647 бұйрыққа сәйкес импортқа рұқсатты өзінің аумақтық бөлімшелерінің ұсынымы бойынша уәкілетті ветеринариялық орган (Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті) береді. Белгілі бір өңірдің Бас Мемлекеттік Ветеринариялық Инспекторы осы өңірдің эпизоотиялық және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігіне жауапты болады. Сондықтан, импорттаушылар импортқа рұқсат алу үшін импорттық тауарлар келіп түсетін жердегі тиісті өңірлік (аудан/қала) бөлімшенің уәкілетті органына тікелей жазбаша нысанда өтініш беруге тиіс. Бұл талап импорттаушыларға қолайлы болуы үшін де қолданылады. Өтініште тауарлардың өзіне тән белгілерін сипаттау, шығарылған елі мен орны (кәсіпорын), мақсаты, көлік құралының түрі, маршруты, Қазақстан шекарасындағы өткізу пункті (пункттері), өндіру немесе сақтау орнының атауы және тіркеу нөмірі көрсетілген Қазақстандағы межелі пункт көрсетілуге тиіс. Бұған қоса, № 16-04/647 бұйрық кәсіпорынның орналасқан жері, карантиндік жағдайлар, сақтауды өңдеу шарттары мен кәсіпорындардың тіркеу нөмірі, қажет болған жағдайда және/немесе экспорттаушы елдегі кәсіпорындардың атауы туралы талаптарды қосты. Өңірлік бөлімшелер тасымалдау және сақтау шарттарының ветеринариялық қағидаларға сәйкестігін тексеруге тиіс, орталық өкілетті орган өз кезегінде (i) экспорттаушы ел инфекциялық аурулардың таралуы салдарынан уақытша тыйым салуға жатты ма, жоқ па, (ii) ЕАЭО ветеринариялық және санитариялық талаптарын сақтамау болды ма, жоқ па және (iii) осындай талапты қолдану кезінде экспорттаушы кәсіпорынның Тізілімде бар-жоғын тексеруге тиіс. Егер импортталатын тауарлар қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін болса, экспортшы қажетті талаптарды орындағаннан кейін қайтадан өтініш бере алады. Уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде импортқа рұқсат беруге тиіс, бірақ ол негіздемелерін көрсете отырып, жазбаша нысанда импортқа рұқсат беруден бас тарта алады.
-
Белгілі бір мүшелер әкелуге рұқсаттан бас тартудың жалпы сипатына және осындай сәйкессіздіктерден туындаған, денсаулыққа төнген қатер қауіптілігінің қажеттілігі мен пропорционалдылығы сияқты пункттердің жоқтығына қатысты алаңдаушылық білдірді. Олар ДСҰ стандарттарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін қажетті, осы Ережеге жоспарланған өзгерістерде осы пункттердің болған-болмағанын түсіндіруді сұрайды. Қазақстан өкілі Қазақстанның № 16-04/647 бұйрықты қабылдағаны туралы ақпарат берді, онда әкелуге рұқсаттан бас тарту себептерін негіздеу бөлігінде, сәйкессіздіктен туындаған, денсаулыққа төнген қатер қауіптілігінің қажеттілігі және/немесе пропорционалдылығы сияқты элементтер қамтылған.
-
Жұмыс тобының мүшесі Қазақстаннан сәйкессіздік дегеннің нені білдіретінін және егер импорттаушы ұсынған ақпарат импортқа рұқсат беру талаптарына, мысалы сақтауға байланысты талаптарға сәйкес келмесе, рұқсат беруден бас тартылуы мүмкін бе екенін нақтылауды сұрады. Қазақстан өкілі № 16-04/647 бұйрыққа сәйкес импортқа рұқсат беруден мынадай себептер негізінде бас тартылуы мүмкін деп жауап берді: (і) ХЭБ нұсқаулықтарына, ұсынымдары мен стандарттарына және СФС жөніндегі ДСҰ келісіміне сәйкес, расталған, оның ішінде үшінші елдердің құзыретті органдарымен байланыс арқылы расталған, экспорттаушы елдегі қолайсыз эпизоотиялық жағдайға байланысты, жекелеген елдерге (өңірлерге) қатысты шектеу енгізу; (іі) ЕЭК Кеңесінің №94 шешімін, Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасын немесе қолданылатын жерінде екіжақты сертификаттарда келісілген санитариялық және ветеринариялық аттестаттауды қоса алғанда, ЕАЭО құқықтық шеңберінде айқындалған, ЕАЭО-ның ветеринариялық-санитариялық талаптарының сақталмауына байланысты санитариялық және фитосанитариялық тәуекелдің жол берілмейтін деңгейі немесе (ііі) осындай талапты қолдану кезінде үшінші елдер кәсіпорындарының Тізілімінде экспорттаушы кәсіпорынның болмауы; (іҮ) өтініште көрсетілген экспорттаушы кәсіпорынға қатысты уақытша шектеулер енгізу; (Ү) тауарлар арналған немесе сол арқылы транзит жүзеге асырылған Қазақстан аумағының бөлігіне шектеу шараларын енгізу. Мұндай жағдайда, егер импортталатын тауар сұрақта көрсетілген ауруды әкеле алатын болса ғана, импортқа рұқсат беруден бас тартылады. Қазақстан ЕАЭО-ға мүше мемлекет бола отырып, КО Комиссиясының №317 шешімімен бекітілген, ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды өзгерістерімен бірге сақтайды.
-
Кейбір Мүшелер Қазақстан билігі егер осы елде қолданылатын жаңа шарттар импортқа рұқсаттан бас тарту үшін негіз болып табылса, импортқа рұқсат беруге өтініштен бас тартылған кезде әрбір үміткер мен экспорттаушы елге бас тарту себептерін егжей-тегжейлі хабарлауды өтінді, Қазақстан өкілі уәкілетті органның өтінішті он жұмыс күні ішінде қарайтынын түсіндірді. Уәкілетті орган осы мерзім ішінде импортқа рұқсат береді немесе өтініш берушіге бас тартудың жазбаша түсініктемесін береді.
-
Қазақстан өкілі жекелеген өнімдерді импорттау шарттары туралы егжей-тегжейлі ақпарат импорттаушылар мен өнімдерді экспорттаушы үшінші елдер үшін Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми веб-сайтында: http://mgov.kz/napravleniya-razvitiya/information-for-third-countries қолжетімді болуы тиіс екендігін растады. Бұған қоса, мұндай ақпарат ЕАЭО-ның сайтында мынадай мекенжай бойынша орналасқан: http://www.eurasiancommission.org/en/act/texnreg/Pages/acts.aspx. Қазақстан өкілі ұлттық Ақпарат орталығының ресми сайтында осы мақсатта Қазақстан аумағына әкелуге рұқсат етілген тауарлардың тізімі, сондай-ақ Қазақстанға экспорттауға рұқсат алған елдер мен кәсіпорындардың тізбесі және импорт шарттары ағылшын тілінде жарияланатынын да растады. Егер импортқа рұқсат беруден бас тартылатын болса, Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті өтініш берушіге осындай шешім қабылданғаннан кейін он күн ішінде бас тарту себептері туралы хабардар етуге міндетті болады. Жұмыс тобы бұл міндеттемені назарға алды.
-
Жеке мүшелер Қазақстанның импортқа рұқсат беру жүйесі ХЭБ қағидаларына сәйкес болатынын, яғни жануарлардың ауруы бойынша мәселелерге қатысты ХЭБ-те танылмаған негіздер бойынша рұқсат беруден бас тартпайтындығын растауын өтінді. Бұған қоса, жүктерде рұқсат етілмеген заттардың табылуына қатысты Қазақстан СФС шараларын тек адамдардың өмірі мен денсаулығын немесе жануарларды қорғау үшін қажетті дәрежеде ғана қолдану қағидатын сақтайтын болады. Осы Мүшелердің пікірінше, тұтынушы үшін тікелей тәуекелсіз сәйкессіздікті бір рет анықтағаннан кейін импортқа рұқсат беруден бас тарту осы қағидатқа сәйкес келмейтін болады. Қазақстан өкілі импортқа рұқсат беруге өтініштерді қарау рәсімі Қазақстанның рәсімдері осы екі қағидатқа сәйкес болатынын растады. Жұмыс тобы бұл міндеттемені назарға алды.
-
Жұмыс тобының мүшесі ветеринариялық бақылауға жататын өнімдердің импортына рұқсат алу процесіне қатысты өз күмәндарын білдірді. Импортқа қойылатын басқа да ветеринариялық-санитариялық талаптар тұрғысынан (мәселен, келісілген ветеринариялық сертификат), ол импортқа рұқсат алу процесін СФС жөніндегі ДСҰ келісімінің ережелері бұзылған кезде саудада кедергі тудыруға әкеп соғатын керек емес талап деп бағалады. Жұмыс тобының осы мүшесі СФС жөніндегі ДСҰ келісіміне сәйкес ел аумағы шегінде адамның өмірі мен денсаулығын, жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға арналған СФС шараларын әзірлеу кезінде қатысушылар саудадағы кедергілерді азайтудан тұратын мақсатты назарға алуы тиіс екенін, сондай-ақ осы шаралардың саудаға СФС тиісті қорғау деңгейіне қол жеткізу үшін қажет мөлшерден көп әсер етпеуі тиіс екенін атап өтті. Жұмыс тобының мүшесі Қазақстан шараларының СФС жөніндегі ДСҰ келісімінің міндеттемелеріне сәйкестігіне күмән келдірд.
-
Қазақстан өкілі СФС жөніндегі ДСҰ келісімі импортты ветеринариялық бақылау органдарының импортқа рұқсат алу жүйесін пайдалануға тыйым салмайды деп жауап берді. Бұдан әрі, Қазақстан өкілі экспорттаушы елдердің ветеринариялық органдары өздерінің құзыретіндегі аумақта ғана өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатындықтан, импортқа рұқсат жолдағы импортталатын өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды элемент болып табылатынын түсіндірді. Ол импортқа рұқсат экспорттаушы елдің ветеринариялық органының құзыретінің шеңберінен шығатын мынадай ақпаратты қамтитынын атап өтті, олар: мақсаты, көлік типі, жол жүру маршруты, кесіп өтетін бақылау шекара пункттері, өндіру немесе сақтау объектілерінің атауы мен тіркеу нөмірін көрсете отырып, Қазақстандағы межелі пункт, қажет болған кезде, сондай-ақ СИТЕС қолданысына жататын тауарды әкелген жағдайда - импортқа рұқсаттың тиісті нөмірі. Осы ақпарат ветеринариялық сертификаттарда ұсынылмаған.
-
Мүшенің сұрағына жауап ретінде, Қазақстан Республикасының өкілі құжаттамада қамтылған негізгі деректерді өзгертпейтін құжаттардағы болмашы қателіктер импортқа рұқсат беруден бас тарту үшін негіз болып табылмайтынын растады. Импортқа рұқсаттың күшін жою үшін осы әкімшілік рәсімді бастауға негіз болып табылатын заңдық факт -импорттаушының ЕАЭО Шешімдерінің қадағалауындағы жүкті және Қазақстанның ветеринария саласындағы заңдарын (оның ішінде, қолдан жасалған ветеринариялық ілеспе құжаттарды көрсету немесе ұсынылған құжаттарға қадағалаудағы жүктің сәйкес келмеуі анықталған) жүйелі бұзу фактілерін анықтау болып табылады. Бұдан әрі ол импортқа рұқсатты тоқтата тұру, оның күшін жою немесе оны беруден бас тарту себептері халықаралық стандарттарға, ұсынымдар мен нұсқамаларға әрі Санитариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі ДСҰ келісіміне сәйкес болатынын растады. Жұмыс тобы бұл міндеттемені назарға алды.
-
Бұдан әрі, Қазақстан өкілі, Қазақстан ДСҰ-ға кірген күннен бастап, Қазақстанда қолданылатын ветеринариялық және карантиндік бақылауға жататын тауарлардың импортына рұқсаттар беру режимі жарияланған және жалпыға қол жетімді ЕАЭО шешімдеріне, ЕАЭО-ның басқа да актілеріне және Қазақстан заңының ережелеріне сәйкес іске асырылатынын және бұл шаралар Санитариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі ДСҰ келісімдерімен сәйкес әзірленетінін және қолданылатынын растады. Қазақстан өкілі импортқа рұқсат беруге өтініш үшін талап етілетін ақпарат тиісті мақұлдау және бақылау рәсімі үшін қажетті ақпаратқа дейін шектелетінін, тауардың жеке-дара үлгісін бақылауды жүргізу, инспекциялау және мақұлдау үшін талаптардың Санитариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі ДСҰ келісімінің С қосымшасында көрсетілгендей негізделген және қажетті шамада шектелетінін де растады. Сонымен қатар, ол Қазақстан Үкіметі нақты белгіленген рәсімді бекітетінін және ол туралы жұртшылықты хабардар ететінін растады, белгіленген рәсімге сәйкес импортқа рұқсат беруге өтініш беруші өтінішті тоқтата тұруға, оның күшін жоюға немесе оны қабылдаудан бас тартуға шағым жасай алады, сотқа шағымдана алады, түпкілікті шешім қабылдау және рұқсат алу үшін талап етілетін кез келген одан кейінгі әрекеттер үшін себептерін түсіндіре отырып, жазбаша жауап ала алады. Жұмыс тобы бұл міндеттемені назарға алды.
-
КО Комиссиясының № 317 шешіміне сәйкес шекарада ветеринариялық инспектор (i) құжаттарға бақылау жүргізеді және (ii) әкелінетін тауарларға физикалық жете тексеру жүргізеді. Шекарада сынамаларды іріктеу егер ветеринариялық инспектор көзге көрінетін органолептикалық өзгерістерді байқаса ғана жүргізіледі. Ветеринариялық инспектор уәкілетті органның тиісті облыстық филиалына (шекарада) ветеринариялық бақылауға жататын өнімдерді тексеру нәтижелері туралы, сондай-ақ тауардың соңғы межелі пункті туралы хабарлайды. Импортталатын тауарлар сосын межелі орынға тасымалданады, бұл жерде оларға жүкті көзбен шолып қарап тексеру жүргізіледі. Қарап-тексеруден өткеннен кейін шет мемлекеттің құзыретті органы берген ветеринариялық сертификат ЕАЭО-ның ветеринариялық сертификатымен алмастырылады. Ілеспе құжаттарға «Шығаруға рұқсат етеледі» немесе «Шығаруға тыйым салынған» деген жазба жазылған мөр басылады. Осылайша, ветеринариялық бақылаудан өткен импортталатын тауарлар ЕАЭО тауарлары ретінде қаралады және соңында отандық өндірістегі тауарлар сияқты режимге жатады. Ол «Ветеринария туралы» №339-ІІ Заңның 17-бабының 2-тармағына сәйкес, егер жүктің иесі ветеринариялық бақылау нәтижелеріне қанағаттанбаса, ол жоғары ветеринариялық мемлекеттік органдарда немесе жергілікті атқарушы органдарда және/немесе сотта ветеринариялық инспекторлардың әрекеттеріне (немесе әрекетсіздігіне) шағым жасай алады.
-
Мүшелердің бірінің сұрағына жауап бере отырып, Қазақстан өкілі Қазақстанның және ЕАЭО заңнамасында экспортшы елдерді экспортаушы тараптардың сыртқы шекараларында ветеринариялық-санитариялық тексеру жүргізуге міндеттейтін қағида қамтылмағанын түсіндірді.
-
Жұмыс тобының мүшесі Қазақстаннан негізсіз кідіріс туғызатын рәсімдердің болмауына және импорттық өнім үшін ұқсас отандық тауарларға сияқты қолайлылығы кем емес режимді қамтамасыз етуге кепілдік беру туралы өтініш жасады. Мүшелер бақылау жүйесі екі бақылауды білдіретінін мәлімдеді айтты – алдымен шекарада, сосын кедендік бақылауда. Осыған байланысты, осы мүше Қазақстан өкілінен аталған жүйеде ақталмаған кідірістердің болмайтындығын растауын өтінді. Жұмыс тобының осы мүшесі жүк ветеринариялық сертификатпен және импортқа рұқсатпен бірге жүруі, бекітілген объектіден келуі және экспорт жүзеге асырылғанға дейін қарап-тексерілуі тиіс екенін ескере отырып, қосымша тестілеу шамадан тыс сияқты деп пікірін білдірді.Бұдан әрі осы мүше Қазақстанның шекарада тексеру жүргізу үшін және сосын кедендік қарап-тексеруден өту кезінде барлық жүктерді толық қайта тексеру үшін қойылатын талаптары СФС таоаптарына сәйкес еместігі, саудаға жүктеме салуы және ұлттық режимге сәйкес келмеуі себептері бойынша негізсіз болып табылады деп атап айтты. Жұмыс тобының басқа мүшесі Қазақстан әрбір жекелеген жүктің сынамаларын іріктеудің орнына (қолданыстағы жүйе) іріктемелі тексерулер еттігін жоспарлап отырма және оны қалайша енгізбекші деп қызығушылық білдірді.
-
Бұған жауап ретінде Қазақстан өкілі КО Комиссиясының №317 шешімімен қабылданған Ветеринариялық бақылау ереженің 6.5-тармағына сәйкес, құжаттық, физикалық тексерулерді жүргізу іріктемелі негізде мынадай тәртіппен жүзеге асырылатынын мәлімдеді: он партия етке немесе балыққа бір партиядан және әрбір партиясы физикалық тексеруге ұшырайтын тірі жануарларды қоспағанда, жекелеген мемлекеттерден шығатын басқа бақылауға жататын өнімнің жиырма партиясына бір партиядан жиі емес. Шекарада физикалық тексеру жүктің қолжетімді бөлігін тексеру кезінде жүргізілуі мүмкін. Зертханалық сынақтар физикалық тексеру кезінде көзге көрінетін органолептикалық өзгерістер анықталған жағдайда ғана жүргізілуі мүмкін (3.14.3. тармақ). Қазақстан әрбір импортталатын партияға зертханалық тексерулер жүргізу қажеттілігінен бас тартты және оны үшінші елдердің экспорттайтын объектілерінің тізілімін жүргізу жүйесімен ауыстырды. Оның пікірінше, мұндай практиканы ДСҰ дамыған мүшелері кеңінен пайдаланады және ол СФС келісіміне қайшы келмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |