ДҮниежүзілік сауда ұйымы



бет38/78
Дата04.03.2016
өлшемі6.06 Mb.
#38185
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   78


- (iv) Транзитке рұқсат


  1. Транзитке қатысты Қазақстан өкілі 2010 жылғы 1 шілдеден бастап транзиттік рұқсаттарды беру үшін құқықтық негіз КО Комиссиясының № 317 Шешімінде КО Комиссиясының 2011 жылғы 22 маусымдағы № 724 Шешімімен енгізілген өзгерістермен бірге, «Кеден Одағының шекарасында ветеринариялық бақылаудың бірыңғай жүйесі туралы ереже» деген ҮІІ тарауда белгіленген. ЕАЭО деңгейінде жазылған қағидаттар мыналар болып табылады:




  • Транзитке рұқсат тірі жануарлар мен жануарлардан алынатын шикізаттың транзитіне қатысты ғана талап етіледі. Транзитке рұқсатты аумағында бірінші әкелу пункті тұрған ЕАЭО-ға мүше мемлекет береді;

  • Өткізу пункттерінде бақылауға жататын тауарларға ветеринариялық бақылау тауарлық-көліктік жүкқұжаты және (немесе) ветеринариялық сертификат ұсынылғаннан кейін жүргізіледі;

  • Құжаттарды тексеру аяқталғаннан кейін жануарларды ветеринариялық бақылау, оның ішінде ветеринариялық сертификаттарда көрсетілген нөмірлермен жануарлардың сәйкестендіру нөмірлерін (таңбасын, чиптерін, құлақтағы ендерін, мөртабандарын және т.б.) салыстыру, тасымалдау шарттарын, жануарлардың жағдайын және оларды одан әрі тасымалдау мүмкіндігін тексеру жүргізіледі;

  • Бақыланатын тауарларды (жануарларды қоспағанда) транзиттеу кезінде сараптаманы мемлекеттік реттеуші органдар ғана бақылау-өткізу пунктінде немесе бақылауға жататын тауарлардың мәлімделген тауарларға сәйкессіздігі туралы ақпарат болған кезде жүзеге асырады;

  • Мониторинг нәтижелері бойынша, шекаралық бақылау пунктінің қызметкері шешім қабылдайды және тауарға ілеспе құжаттар мен ветеринариялық сертификатқа № 3 қосымша нысанына сәйкес: «Транзитке рұқсат» немесе «Транзитке тыйым салынады» деген мөртаңба басады және ЕАЭО кедендік аумағынан шығу пунктінде «Транзит аяқталды» деген мөртаңба басылып, содан кейін осы қызметкердің аты-жөні көрсетіліп, мөрмен және қолтаңбамен куәландырылады;

  • Барлық қажетті деректер осы Ереженің № 9 қосымшасына сәйкес нысанға сай Транзит тізіліміне енгізілген және электрондық құжаттар жүйесіне енгізілген, сондай-ақ

  • ЕАЭО аумағы бойынша бақылауға жататын тауарлардың транзитіне рұқсат алған бақылауға жататын тауарлардың иесі ЕАЭО-ның ветеринария туралы заңнамасын сақтауға тиіс.




  1. № 16-04/647 бұйрыққа сәйкес транзитке рұқсат жазбаша өтініш негізінде 30 жұмыс күні ішінде мынадай ақпарат көрсетіле отырып беріледі:




  • транзиттік тауарларды тасымалдайтын заңды тұлғалар үшін: атауы, өндірістік объектінің мекенжайы және тіркеу нөмірі, транзиттік тауарларды тасымалдайтын жеке тұлғалар үшін: тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), өндірістік объектінің мекенжайы және тіркеу нөмірі;

  • транзиттік тауарлардың атауы;

  • транзиттік тауарлардың саны және оларды өлшеу бірлігі;

  • экспорттаушы немесе импорттаушы ел немесе шығарылған елі;

  • көлік түрі;

  • сол арқылы тауарлар өтетін Қазақстанның шекаралық пунктерінің тізімі; және

  • сол арқылы тауар өтетін әкімшілік-аумақтық бірліктің бас ветеринариялық инспекторымен немесе оның орынбасарымен келісілген транзит маршруты, аялдайтын, тиеу-түсіру жүргізілетін орны, жануарларды азықтандыру орындары, жануарларды немесе тауарларды тасымалдау шарттары.

№ 16-04/647 бұйрыққа сәйкес транзитке рұқсат беруден мынадай себептер бойынша ғана бас тартылуы мүмкін: (i) жоғарыда келтірілген кез келген ақпараттың болмауы; (ii) ХЭБ басшылыққа алынатын қағидаттарына, ұсынымдары мен стандарттарына сәйкес, елдегі немесе шығарылатын өңірдегі және транзит жерлеріндегі қолайсыз эпизоотиялық жағдай және (iii) импорттаушы ел импортқа рұқсат етпейді.




  1. Кейбір Мүшелер тексерілген және мөрленген түрде берілген, транзиттегі бақылауға жататын тауарлар ЕАЭО ветеринариялық талаптарына сәйкес болуы тиіс деген талапқа алаңдаушылық білдіреді. Осы Мүшелердің көзқарасы бойынша, бұл талап қауіпсіздік шарасы ретінде негізделе алмайды және үшінші елдермен сауда жасауды шектейді.




  1. Қазақстан өкілі Мүшелердің транзиттегі бақылауға жататын тауарлардың ЕАЭО ветеринариялық талаптарына сәйкес болу талаптарына қатысты алаңдаушылығын атап өтті және КО Комиссиясының «Кеден одағында ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану туралы» 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешіміне КО Комиссиясының 2011 жылғы 22 маусымдағы № 724 шешімімен осы талаптың күшін жою мақсатында, ЕАЭО аумағы арқылы тасымалданатын, кедендік мөрі бар бақылауға жататын тауарларға ЕАЭО ветеринариялық талаптарының қолданылуына жатпайтындай етіп өзгерістер енгізілгенін растады. Бұған қоса, Қазақстан өкілі КО Комиссиясының «Кеден одағында ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану туралы» 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімінің тиісті ережелері, әкімшілік қағидалар және Қазақстан аумағы арқылы ветеринариялық бақылауға жататын тауарлардың транзитіне қатысты басқа да шаралар ХЭБ кодексі мен Санитариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі ДСҰ келісіміне сәйкес қолданылатынын растады. Жұмыс тобы бұл міндеттемені назарға алды.


(e) Фитосанитариялық бақылауға жататын тауарлармен сауда


  1. Қазақстан өкілі ЕАЭО туралы шарттың XI тарауы (56, 59-баптар) мен 12-қосымшасы Қазақстанда өсімдіктер карантині үшін құқықтық негіз ұсынатынын айтты. Осы ережелер тиісті халықаралық және өңірлік стандарттарға, нұсқаулықтарға және/немесе ұсынымдарға негізделген шараларға қарағанда, тиісті ғылыми негіздер негізінде карантиндік фитосанитариялық қорғаудың неғұрлым жоғары деңгейін қамтамасыз ететін карантиндік фитосанитариялық шаралар қолданылатын жағдайларды қоспағанда, ережелердің халықаралық және өңірлік стандарттарды, нұсқаулықтарды және/немесе ұсынымдарды ескеруі тиіс екенін көздейді. ЕАЭО өсімдіктер карантині жөніндегі шаралар КО Комиссиясының «Кеден Одағының өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету туралы» 2010 жылғы 18 маусымдағы № 318 шешімімен (2014 жылғы 9 қазандағы ЕЭК Кеңесінің № 93 шешімімен енгізілген соңғы өзгерістермен бірге) қосымша белгіленген. КО Комиссиясының № 318 шешімі мынадай құжаттарды қамтиды:




  • Карантинге жататын, яғни Кеден Одағы/ЕАЭО кедендік шекарасында және Кеден Одағы/ЕАЭО кедендік аумағында карантиндік фитосанитариялық бақылауға (қадағалауға) жататын өнімдердің тізбесі (реттелетін тауарлар, реттелетін өнімнің реттелетін позициялары);

  • Кеден Одағы/ЕАЭО кедендік шекарасында фитосанитариялық карантиндік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру туралы ереже, сондай-ақ

  • Кеден Одағы/ЕАЭО кедендік аумағында фитосанитариялық карантиндік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру туралы ереже.




  1. Қазақстан өкілі бұдан әрі ЕАЭО-ның бірыңғай фитосанитариялық талаптарының жоқ екенін және ұлттық деңгейде іске асырылғанын түсіндірді. Өкіл ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер үйлестіруді одан әрі жалғастыруда екенін түсіндірді. Мысалы, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер 2015 жылға дейін карантинге жататын өнімдерге қойылатын бірыңғай фитосанитариялық талаптарды кейіннен енгізе отырып, карантиндік зиянды организмдер мен аурулардың тізбесін үйлестіру мақсатында фитосанитариялық тәуекелді қарау және жүргізу процесінде. Карантиннің зиянды организмдер мен аурулардың бірыңғай тізбесінің жобасы әзірленген және 2012 жылғы шілдеде жариялы талқылаудан өтті. Бүгінгі таңда, жоба ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің келісуінде жатыр. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер өздерінің карантиндік зиянды организмдер мен аурулар тізбесін үйлестіргенге және бірыңғай фитосанитариялық талаптарды енгізгенге дейін карантиндік зиянды организмдер мен аурулардың ұлттық тізбесі және карантинге жататын өнімге қойылатын фитосанитариялық талаптар қолданылатын болады.




  1. Жұмыс тобының мүшесі Қазақстаннан Қазақстан Республикасының заңнамасы шын мәнінде КӨҚХК әзірленген халықаралық стандарттарға негізделе ме, жоқ па түсіндіруді сұрады. Қазақстан өкілі жауап ретінде Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині туралы заңнамасы едәуір дәрежеде СФС жөніндегі ДСҰ келісімінде көзделген ережелер мен қағидаларға, Өсімдіктерді қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияға және өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі Еуропалық және Жерорта теңізі ұйымын құру жөніндегі конвенцияға негізделеді деп мәлімдеді. Мысалы, «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы № 344 –І Заңның (бұдан әрі: «Өсімдіктер карантині туралы» Заң) 13-бабында және «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі ережелерді бекіту туралы» Үкіметтің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1730 қаулысында № 12 «Фитосанитариялық сертификаттар жөніндегі нұсқаулық», № 23 «Инспекциялау жөніндегі нұсқаулық» және № 7 «Экспортқа сертификаттау жүйесі» сияқты ҚӨҚХК стандарттарына сәйкес, құжаттарды беру, инспекциялау және бақылау рәсімдері көзделген. Қазақстан ҚӨҚХК № 12 стандартының талаптарына сәйкес келетін фитосанитариялық сертификаттарды қабылдайды және экспорттаушы елдің ҚӨҚҰО кепілдіктеріне сүйенеді. Сонымен қатар ол зиянды организмдер мен арамшөптерге зертханалық сараптама мерзімдері - үш жұмыс күніне дейін, ал өсімдіктер ауруларына зертханалық сараптама мерзімдері – он жұмыс күніне дейін қысқартылғанын айтты. Бұған қоса, ЕАЭО шеңберінде карантинге жататын өнімнің импортына және оны әкелуге карантиндік рұқсаттың күші жойылған.




  1. Қазақстан Республикасының аумағында карантинге жататын өнімдер саудасы ЕАЭО Ережесіне қосымша мынадай ұлттық заңнамамен реттеледі: «Оларға қатысты өсiмдiктер карантинi жөнiндегi iс-шаралар белгiленетiн және жүзеге асырылатын карантиндi объектiлер мен бөтен тектi түрлердiң тiзбесiн және ерекше қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн бекiту туралы» Үкiметтiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1295 қаулысы, Үкiметтiң «Карантиндi объектiлермен залалданған, залалсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтiн карантинге жатқызылған өнiмдi алып қою және жою жөнiндегi қағидаларды бекiту туралы» 2011 жылғы 3 қарашадағы № 1287 қаулысы, Үкiметтiң «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi ереженi бекiту туралы» 2009 жылғы 30 қазандағы № 1730 қаулысы, Үкiметтiң «Әкелiнетiн карантинге жатқызылған өнiмге қойылатын фитосанитариялық талаптарды бекiту туралы» 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1674 қаулысы және Үкiметтiң «Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу, өндiрiстiк сынақтарын жүргiзу және мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекiту туралы» 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1396 қаулысы.




  1. Қазақстан өкілі Фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті фитосанитариялық қауіпсіздік саласында стратегиялық жоспарлауға және осы саладағы қағидалар мен нормаларды әзірлеуге жауапты екенін атап өтті. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті фитосанитариялық карантиндік шекаралық бақылау (қадағалау), өсімдіктерді зиянкестерден қорғау, ауыл шаруашылық алқаптарын зиянкестер мен өсімдік ауруларынан қорғау шараларын қоса алғанда, бюджетті жасауға және фитосанитариялық бақылау жүргізуге жауапты. Бұған қоса, фитосанитариялық бақылауға (i) мемлекеттік карантиндік мекемелер; (ii) «Фитосанитария» мемлекеттік кәсіпорыны, (iii) облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының мемлекеттік инспекция филиалдары; (iv) облыстардың, аудандардың (немесе қалалардың), Астана мен Алматының аумақтық инспекцияларының фитосанитариялық инспекторлары және (v) өткізу пункттары мен фитосанитариялық бақылаудың ішкі бекеттері тартылады. «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжам орталығы» мемлекеттік кәсіпорыны Қазақстан аумағында ауру ошағын анықтау мақсатында мониторинг жүргізеді. «Республикалық карантиндік зертхана» мемлекеттік кәсіпорыны карантиндік зиянкестер мен аурулардың түрлік құрамын анықтайды. «Республикалық жерсіндірілген жеміс-жидек дақылдары өсімдіктерінің питомнигі» және «Республикалық жерсіндірілген егістік дақылдары өсімдіктерінің питомнигі» мемлекеттік кәсіпорындары өсімдік тектес өнімдердің (тұқымдық және егетін материал) жасырын ауру жұқтыруын анықтау үшін жауапты. «Фитосанитария» мемлекеттік кәсіпорыны карантиндік зиянкестер мен ауруларды оқшаулауды және олардың ошақтарын жоюды жүргізеді. Қосымша сұраққа жауап ретінде, Қазақстан өкілі нақтылап айтты, аудандардың (немесе қалалардың), облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының мемлекеттік инспекция бөлімдері мыналарға жауапты: (i) аумақтың фитосанитариялық жағдайына бақылау жасауға және өсімдік карантині жөніндегі шараларға; (ii) жер учаскелерін, ауыл шаруашылығы алқаптарын, астық қоймалары мен басқа да объектілерді байқауға; (iii) фумигация шараларын ұйымдастыруды бақылауға; (iv) карантиндік инспекцияға, зертханалық сынақтар үшін сынамаларды іріктеуге, фитосанитариялық сертификаттар беруге; (v) тұлғалардың фитосанитариялық қағидаларды сақтауын бақылауға және (vi) фитосанитариялық қағидалардың бұзылғаны үшін жауапты жеке және заңды тұлғаларға қатысты әкімшілік шаралар қабылдауға. Шекаралық бақылау пункттері мен ішкі фитосанитариялық бақылау пункттеріндегі инспекторлар мыналарға жауапты: (i), фитосанитариялық бақылауға жататын импортталатын және экспортталатын тауарларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы шегінде өткізілетін тауарларды, құжаттық тексеруді қоса алғанда, фитосанитариялық бақылауға, тексеруге, тиісінше, (ii) өсімдіктер карантині саласындағы заңнамаға сәйкес, өсімдіктер карантинінің қажетті шараларын жүргізуге жүк иелеріне өкімдер беруге және (iii) фитосанитариялық қағидалардың бұзылғаны үшін жауапты жеке және заңды тұлғаларға қатысты әкімшілік шаралар қабылдауға.




  1. Мүшенің сұрағына жауап ретінде, Қазақстан өкілі санитариялық немесе фитосанитариялық қорғаудың тиісті деңгейі – нақты ғылыми-негізделген тәуекелдерді болғызбауға бағытталған, өнімдерге техникалық нормаларда және Қазақстан аумағында өндірілген бақылауға жататын өнімдерге қойылатын фитосанитариялық талаптарда белгіленген, қорғаудың талап етілетін деңгейі ретінде анықталған. Қазақстан өкілі ЕАЭО келісімінде, ЕАЭО актілерінде және Қазақстан заңнамасында ЕАЭО өнімдері үшін белгіленген талаптардан асатын импортталатын өнімдер немесе отандық өнімдер үшін СФС саласында қосымша талаптар белгіленбеген және болашақта да белгіленбейді деп растады. Жұмыс тобы бұл міндетті назарға алды.




  1. Халықаралық практикаға сәйкес, белгілі бір өңірлерде карантиндік организмдердің таралу жағдайы тіркелген елдерден фитосанитариялық бақылауға жататын өнімді импорттау кезінде, егер өнім № 4 ФШХС сәйкес және № 20 ФШХС 10 нормалары мен қағидаттарын қолдану кезінде айқындалған, зиянкестер жоқ аймақтардан немесе зиянкестер жоқ өндіріс орындарынан немесе зиянкестер жоқ өндірістік учаскелерден келген болса және егер экспорттаушы ел экспортталатын өнімде карантиндік организмдердің болмауын қамтамасыз ететін Қазақстанның/ЕАЭО-ның заңнамасында көзделген шаралардың жүргізіліп жатқанына кепілдік берсе, өсімдіктер карантиндік бақыланатын өнімдердің импортына жол беріледі. Егер фитосанитариялық бақылау кезінде фитосанитариялық бақылауға жататын реттелетін өнімдердің карантиндік организмдерді жұқтырғаны байқалса, бұл өнімдер межелі пункттерде немесе шекарада дезинфекцияланады (зарарсыздандырылады). Егер карантинге жататын өнімдер қатерсіздендіруден өтпеген болса, олар жойылады немесе экспорттаушы елге қайтарылады. Импортталатын бақылауға жататын өнім қолданыстағы фитосанитариялық қағидалар мен ережелерге қандай да бір шамада сәйкес келмеген немесе осындай өнім Қазақстанға импорттау үшін тыйым салынған болса, олар жойылады немесе экспорттаушы елге қайтарылады. Сонымен қатар, егер импортталатын өнімнен карантиндік организмдер табылса және экспорттаушы ел тиісті шараларды қабылдамаса, Қазақстан ҚӨҚХК 7-бабының 6-тармағына сәйкес, осындай өнімдерді әкелуді шектеу немесе тыйым салу үшін кезек күттірмейтін (шұғыл) фитосанитариялық шараларды қолдану құқығын өзіне қалдырады. Қазақстан 13 ФШХС сәйкес осындай шараларды қолдану туралы тиісті мүшелерге хабар береді. Кез келген жеке немесе заңды тұлға осы мәселе бойынша Үкіметтің лауазымды адамдарының әрекетіне (немесе әрекетсіздігіне) шағым жасай алады.




  1. Халықаралық практикаға сәйкес, белгілі бір өңірлерде карантиндік организмдердің таралу жағдайы тіркелген елдерден фитосанитариялық бақылауға жататын өнімді импорттау кезінде, егер өнім № 4 ФШХС сәйкес және № 20 ФШХС 10 нормалары мен қағидаттарын қолдану кезінде айқындалған, зиянкестер жоқ аймақтардан немесе зиянкестер жоқ өндіріс орындарынан немесе зиянкестер жоқ өндірістік учаскелерден келген болса және егер экспорттаушы ел экспортталатын өнімде карантиндік организмдердің болмауын қамтамасыз ететін Қазақстанның/ЕАЭО-ның заңнамасында көзделген шаралардың жүргізіліп жатқанына кепілдік берсе, өсімдіктер карантиндік бақыланатын өнімдердің импортына жол беріледі. Егер фитосанитариялық бақылау кезінде фитосанитариялық бақылауға жататын реттелетін өнімдердің карантиндік организмдерді жұқтырғаны байқалса, бұл өнімдер межелі пункттерде немесе шекарада дезинфекцияланады (зарарсыздандырылады). Егер карантинге жататын өнімдер қатерсіздендіруден өтпеген болса, олар жойылады немесе экспорттаушы елге қайтарылады. Импортталатын бақылауға жататын өнім қолданыстағы фитосанитариялық қағидалар мен ережелерге қандай да бір шамада сәйкес келмеген немесе осындай өнім Қазақстанға импорттау үшін тыйым салынған болса, олар жойылады немесе экспорттаушы елге қайтарылады. Сонымен қатар, егер импортталатын өнімнен карантиндік организмдер табылса және экспорттаушы ел тиісті шараларды қабылдамаса, Қазақстан ҚӨҚХК 7-бабының 6-тармағына сәйкес, осындай өнімдерді әкелуді шектеу немесе тыйым салу үшін кезек күттірмейтін (шұғыл) фитосанитариялық шараларды қолдану құқығын өзіне қалдырады. Қазақстан 13 ФШХС сәйкес осындай шараларды қолдану туралы тиісті мүшелерге хабар береді. Кез келген жеке немесе заңды тұлға осы мәселе бойынша Үкіметтің лауазымды адамдарының әрекетіне (немесе әрекетсіздігіне) шағым жасай алады.




  1. Мүшелердің бірі Қазақстаннан Қазақстан ФШХС № 12:2011 халықаралық стандарттарында көзделгендей ауыстырылып берілген сертификаттарды қабылдайтындығын растауын өтінді. Қазақстан өкілі жауап ретінде, Қазақстан егер экспорттаушы елдің өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі ұлттық органы (бұдан әрі-ӨКҚҰО) № 12 ФШХС сәйкес, мыналарды: (i) карантинге жататын өнімнің фитосанитариялық қауіпсіздігін, (ii) карантинге жататын өнімнің экспортын жүзеге асырғанға дейін экспорттаушы елдің ӨКҚҰО Қазақстан Республикасының фитосанитариялық талаптарын сақтау үшін қажетті сынамаларды іріктеуді, карантинге жататын өнімді зерттеуді және өңдеуді жүргізуді және (iii) карантинге жататын өнімді тиеген кезден бастап әкелгенге дейін карантинге жататын өнімнің тұтастығын қамтамасыз етсе және растаса, заңды фитосанитариялық сертификаттардың орнына берілген легитимді фитосанитариялық сертификаттарды танитынын мәлімдеді. Сонымен қатар, ол ЕЭК Кеңесінің 2013 жылғы 16 тамыздағы № 50 шешімімен Кеден Одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 318 шешімімен бекітілген «ЕАЭО кедендік шекарасында карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) тәртібі туралы ереженің» 4.1.6-тармағына түзетулерді растағанын атап өтті, онда ауыстыру ретінде берілетін фитосанитариялық сертификат танылады.




  1. Сұраққа жауап ретінде Қазақстан өкілі «тиісті ақпарат» дегеніміз - бақылауға жататын тауарлар зиянды карантиндік организмдер жоқ аймақтарда өсірілгенін және/немесе өндірілгенін растайтын, фитосанитариялық сертификаттың «Қосымша декларация» бөлімінде берілген ақпарат, сондай-ақ Қазақстанның басқа да фитосанитариялық талаптарын сақтау туралы ақпарат.



  1. Жұмыс тобы мүшелерінің бірі Қазақстан тиісті ҚӨҚХК ұсынымдарында көзделгендей, салдарларды жұмсарту бойынша белгілі бір шаралар қолданылған жағдайда, карантиндік зиянды организмдердің әсеріне ұшыраған аудандардан реттелетін тауарлардың импортына рұқсат ете ме және осындай жағдайда, Қазақстан зиянды организмдер мен тауарлардың әрбір комбинациясына қабылданған жұмсарту шараларын айқындайды ма деп сұрады. Қазақстан өкілі салдарларды жұмсарту жөніндегі шаралар қолайлы болып табылады деп жауап берді. Алайда, бүгінгі таңда, Қазақстанның нормативтік құқықтық актілері әрбір нақты жағдайда салдарларды жұмсартудың нақты қандай шаралары қолданылатынын айқындамайды. Қазақстан халықаралық стандарттарға, нұсқаулықтар мен ұсынымдарға сәйкес, экспорттаушы елдер ұсынған салдарларды жұмсарту жөніндегі шараларды ақылға қонымды уақыт кезеңі ішінде бағалауға әзір екенін растады.




  1. Уәкілетті орган төтенше жағдайларда (аурулар тараған кезде) экспорттаушы елдің фитосанитариялық жағдайына байланысты, фитосанитариялық бақылауға жататын өнімді әкелуге алдын ала шектеу немесе тыйым салу енгізе алады. Уәкілетті орган мұндай жағдайларда, экспорттаушы елдің тиісті қызметіне өз әрекеттері туралы барлық қажетті ақпаратты беріп отыратын болады. Фитосанитариялық бақылауға жататын ауру жұқтырылған өнімнің қайталап берілгенін тіркеу кезінде тиісті тауардың импортына тыйым салу қолданылады. Ол даулы мәселелерді талқылау үшін әдеттегідей ашық екенін айтты.




  1. Қазақстан өкілі кейбір жағдайларда, импорт талабы - экспорттаушы елдің ӨКҚҰО-мен ынтымақтасу кезінде экспорттаушы елде импорттаушы елдің Ұлттық өсімдікті қорғау жөніндегі ұлттық органы (ӨКҚҰО) жүргізетін аудит мынадай элементтерді қамтуы мүмкін: (і) өндіріс жүйесі; (іі) өңдеу; (ііі) жеке тексеру рәсімі; (iv) фитосанитариялық басқару; (v) аккредиттеу рәсімі; (vі) талдау рәсімі; (vіі) байқау. Сонымен қатар, ол № 20 ФШХС 5.1.5.1-тармағында көзделген мұндай шаралар ҚӨҚХК қағидаттары мен нормаларына сәйкес келетінін мәлімдеді. Мүше Қазақстаннан бұл Баяндаманың осы тармағында сипатталған осындай аудиттің ерекше жағдайларда және экспорттаушы елдің фитосанитариялық жүйесін тексеру мақсатында жүргізілетінін, бірақ та экспортқа жеке-дара рұқсат беру жүйесіне әкелмейтінін растауды сұрады.




  1. Қазақстан өкілі оған жауап ретінде 810-тармақта сипатталған аудиттің Қазақстан Республикасының аумағына карантиндік объектілерді әкелу тәуекелін төмендетуге бағытталғанын растады. Аудит Қазақстан Республикасының аумағына карантиндік объектілердің кіру тәуекелі мен карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік нормалар мен қағидаларды сақтамау тәуекелі Қазақстан Республикасы үшін қолайлы болатындай қажетті көлемде жүргізілетін болады. Бұған қоса, фитосанитариялық бақылауға жататын тауарлар Қазақстанның өсімдіктер карантині жөніндегі қағидалары мен нормаларына сәйкес жабдықталған, бақылау-өткізу пункттері арқылы ғана импорттала алады. Қазақстан 810-тармақта сипатталған аудиттер ерекше жағдайларда ғана, мысалы, жаңа сауда қатынастары белгіленген немесе проблема туындаған кезде, сондай-ақ бірнеше мәрте бұзушылықтар анықталған немесе карантиндік фитосанитариялық талаптар сақталмаған жағдайда жүргізілетін болады.




  1. Қазақстан өкілі тәуекелге бағалауды жүргізуді қоса алғанда, фитосанитариялық шараларды қабылдау кезінде Қазақстанның мемлекеттік органдары ҚӨҚХК мен Санитариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі ДСҰ келісімінде көрсетілген тиісті халықаралық практика мен ережелерге сүйетінін мәлімдеді. Ол Қазақстан ДСҰ-ға енген күнен бастап, егер Қазақстанның фитосанитариялық талаптары тиісті халықаралық стандарттарға, ұсынымдарға немесе нұсқаулықтарға негізделген шаралар арқылы қол жеткізілгенге қарағанда, қорғаудың неғұрлым жоғары деңгейіне әкелетін болса, Қазақстан өзінің фитосанитариялық талаптарын Санитариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі ДСҰ келісіміне сәйкес қолданатынын растады. Сонымен қатар, ол Қазақстан органдары, егер қажет болса, даулы шараларға қатысты экспорттаушы мүшелермен консультация жүргізетінін растады. Бұған қоса, Қазақстан ДСҰ-ға кірген күннен бастап, егер Қазақстанда қолданылатын фитосанитариялық талаптар тиісті халықаралық стандарттарға, ұсынымдарға немесе нұсқаулықтарға негізделген шаралар арқылы қол жеткізілгенге қарағанда, қорғаудың неғұрлым жоғары деңгейіне әкелетін болса, Қазақстан екіжақты негізде, Санитариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі ДСҰ келісімінің 5.8-бабына сәйкес экспорттаушы мүшеден сұрау салуды алғаннан кейін тәуекелді тиісті бағалауды қоса алғанда, осындай фитосанитариялық шаралардың себептерін түсіндіруді ұсынатын болады.




  1. «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі № 331-II Заңға сәйкес, пестицидтер Қазақстанның ғылыми-зерттеу (және басқа) ұйымдары жүргізген тіркеу және өндірістік сынақтардан өткізілуі тиіс; сынақтардың оң нәтижесін алған жағдайда, кейінгі тіркеуден өтуге тиіс. Сынақ Агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық бөлімшелерінің бақылауымен, «Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу, өндiрiстiк сынақтарын жүргiзу және мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекiту туралы» Үкiметтiң 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1396 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеуді, өндірістік сынақтарын жүргізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы қағидаларға» сәйкес жүргізілуге тиіс. Тіркеу сынақтары (i) пестицидтердің биологиялық тиімділігін айқындау және (ii) Қазақстанның топырақты-климаттық жағдайына және ауыл шаруашылық дақылдарына арналған өндірістік мақсаттарда ұсынылатын мөлшерлері мен оларды пайдалану әдістерін анықтау мақсатында жүргізіледі. Өндірістік сынақтар тіркеу сынақтарында әзірленген ұсынымдар бойынша әзірленген далалық сынақтарды білдіреді. Тіркеу және өндірістік сынақтарды екі-үш жылда жүргізу талап етіледі. Энергетика министрлігі мен Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті адамның денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау мақсатында тіркеуге жататын пестицидтерді тексереді. Қазақстан Республикасында қолдануға тиым салынған, Ықтимал қауіпті химиялық заттар тізіліміне енгізілген пестицидтер тіркелмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет