ДҮниежүзілік сауда ұйымы



бет43/78
Дата04.03.2016
өлшемі6.06 Mb.
#38185
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   78

(v) Кемсітпеушілік


  1. Жекелеген мүшелер Қазақстанда қолданылатын санитариялық және фитосанитариялық шаралар отандық және ұқсас шетелдік тауарларды өндірушілер үшін бірдей болып табылатынына қатысты түсінік беруді сұратты. Қазақстан өкілі кемсітпеушілік туралы талап Қазақстанның қолданыстағы заңнамасында, сондай-ақ ЕАЭО келісімдерінде, Комиссияның шешімдерінде және ЕАЭО өзге нормативтік құжаттарында көзделгені туралы пікірін мәлімдеді. ЕАЭО келісімдері, Комиссия шешімдері және ЕАЭО-ның басқа да нормативтік құжаттары импортталатын өнімге қатысты жекелеген санитариялық және фитосанитариялық шараларды белгілемейді. Санитариялық-эпидемиологиялық, ветеринариялық және фитосанитариялық қағидалар, өлшемшарттар, шаралар және талаптар барлық өнімге және бүкіл өнім берушіге – шетелдікке және ЕАЭО-ға тепе-тең және кемсітушіліксіз қолданылады. Ол СФС талаптары шет мемлекеттерден импортталатын тауарларға қатысты да, отандық шығарылған ұқсас өнімдерге қатысты да бірдей қолданылатындығын мәлімдеді. ЕАЭО келісімдері, Комиссия шешімдері, ЕАЭО-ның басқа да нормативтік құжаттары және Қазақстанның ветеринариялық/санитариялық саладағы қолданыстағы заңнамасы (2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» № 339-II Заңының 23-бабы) бірізді және және шетелдік, отандық және Кеден аумағында өндірілетін өнімдерге және өндірушілерге, оның ішінде ішкі нарықта өнімді шығару мәселесіне де қойылатын талаптардың бірыңғай тәртібін белгілейді. Сайып келгенде, фитосанитариялық талаптар Қазақстанда шығарылған бақылауға жататын тауарларға қандай шамада қойылса, шетелдік бақылауға жататын тауарларға да сол шамада қойылады.




  1. Кемсітпеушілік қағидаттары импортталатын және отандық өнімдерге қатысты зертханалық сынақтар жүргізудің бірдей талаптарын белгілейтін ЕЭК Кеңесінің № 94 шешімінің 127, 142 және 153-тармақтарында берілген.




  1. Қазақстан өкілі Қазақстанның немесе ЕАЭО-ның құзыретті органдары Қазақстанда әзірленген және қолданатын барлық СФС шаралардың ұлттық режимнің және неғұрлым қолайлылық режимінің қағидаттарына байланысты шараларды қоса алғанда, санитариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі ДСҰ келісімінің кемсітпеушілік талаптарына сәйкес келетіндігін растады. Жұмыс тобы осы міндеттемені назарға алды.


(h) Ақпараттық орталықтың ашықтығы, хабарламалары және өкілеттіктері


  1. СФС келісімінің ашықтығы қағидатын сақтау талаптарына қатысты Қазақстан өкілі СТК/СФС бойынша Бірыңғай ақпарат орталығы 2005 жылдың шілдесінен бастап жұмыс істейтінін атап көрсетті. Ақпарат орталығы ДСҰ мүшелерін қолданылатын және әзірленетін СФС шаралар туралы хабардар етеді. ДСҰ Хатшылығынан, ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттерден және басқа да халықаралық ұйымдардан хабарламалар алған кезде Ақпарат орталығы оларды тоқсан сайын уәкілетті органның ресми басылымында (Ақпарат орталығының жаршысы) және ай сайын бірыңғай ақпараттық жүйеде (http://www.memst.kz/en/services/tbtsfs.php or немесе http://wto.memst.kz/en/tbtsfs/reg) жариялайды. Хабарламаларды дайындау «Қарастырылатын (қабылданатын) техникалық регламенттер мен стандарттар бойынша хабарламалар дайындау қағидалары мен рәсімдеріне» сәйкес жүзеге асырылады. Осы қағидалар СФС және СТК жөнідегі ДСҰ келісімдерінің хабардар ету туралы ережелеріне сәйкес әзірленді және түсініктемелер осы ұсынылған ережелер қабылданғанға және қолданысқа енгізілгенге дейін назарға алынуы мүмкін ерте сатысында хабарламалардың берілуін қамтамасыз етеді. Ақпарат орталығы мына мекенжай бойынша орналасқан:

Мекенжайы: Орынбор көшесі, 11

010000 Aстана

Қазақстан Республикасы

Телефон: +(771) 7222 6482

Teл/факс: +(771) 7220 5640

Эл.пошта: enquirypoint@mail.ru



Веб-сайт: http//wto.memst.kz/en


  1. Жұмыс тобы мүшелерінің біреуі Қазақстан өкілінен «ДСҰ-дағы хабарламалар толтыру және ұсыну қағидаларының» 2.3-тармағындағы «ниет білдіре отырып танысу» деген сөз орамы түсініктемелер беру мүмкіндігін қамтиды ма деп сұрады. Қазақстанның өкілі Қағидалардың қолданылу аясы СФС хабарламаларын толтыру әдіснамасы ғана болып табылады деп жауап берді. Түсініктеме беру мүмкіндігі Үкіметтің «Саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпарат орталығын құру және оның жұмыс істеу ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы қыркүйекте енгізілген өзгерістермен 2005 жылғы 11 шілдедегі № 718 қаулысында айқындалған. Атап айтқанда, Ақпарат орталығы қағидаларының 11-тармағында Ақпарат орталығы ДСҰ хатшылығының, ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің және басқа да халықаралық ұйымдардың сұрау салуы бойынша стандарттар, сәйкестікті бағалау (растау) рәсімдері, СФС шаралары бойынша ақпаратты (түсіндіруді) ұсынуға тиіс екендігі айтылған.




  1. Жұмыс тобының мүшесі 2.8-ережеге және Қосымшаға енгізілген Тәртіпке қатысты осы Тәртіп СФС және СТК бойынша ДСҰ келісімдеріне сәйкес хабарламалар үшін қолданылатын хабарлама нысанына өте ұқсас екендігін, дегенмен, кейбір айырмашылықтардың бар екендігін атап өтті. Мәселен, Тәртіп түсініктеме беруді аяқтау мерзімдері бойынша бөлімді қамтымайды. Осыған орай, Жұмыс тобының мүшесін Қазақстанның неліктен СФС және СТК жөніндегі комитеттер әзірлеген нысандарды қолданудың орнына, өзінің жеке нысанын әзірлегені қызықтырды. Осыған жауап ретінде Қазақстанның өкілі хабарламаның көрсетілген нысаны техникалық регламенттердегі мерзімді шаралар, СФС шаралар немесе оларға өзгерістер туралы хабарламаларға қатысты екендігін айтты. Мұндай хабарламалардың мақсаты ДСҰ-ның мүдделі мүшелерін адам денсаулығы мен өмірін және жануарларды қорғау, өсімдіктер мен қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын кезек күттірмейтін шаралар туралы хабардар ету болып табылады. Ол СФС және СТК бойынша ДСҰ комитеттері әзірлеген мерзімді хабарламалардың нысандары түсініктеме беруді аяқтау мерзімдері бойынша бөлімді қамтымайтынын атап көрсетті. Сондай-ақ Аяқтау және ұсыну қағидаларының 1-қосымшасында көрсетілген тұрақты хабарлама нысаны – түсініктемелер қабылдауды аяқтаудың соңғы мерзімі бойынша бөлімді қамтиды.

  2. Шұғыл шараларға қатысты, Қазақстанның өкілі Қазақстан СФС бойынша ДСҰ келісімі B қосымшасының 6-тармағын басшылыққа алатынын растады.




  1. Ақпарат орталығының қызметіне қатысты аталған мүшесі Комитетте ДСҰ мүшелері талқылайтын мәселелердің бірі агенттіктердің ынтымақтастығының маңыздылығы болып табылатындығын түсіндірді. СТК және СФС жөніндегі ақпарат орталығын Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті құрды. Осыған байланысты Жұмыс тобының мүшесі Техникалық реттеу және метрология комитетінің СФС шараларын әзірлеуге тартылған басқа органдармен қызметін қалай үйлестіретіндігін сұрады.




  1. Қазақстанның өкілі СТК және СФС жөніндегі Ақпарат орталығы Үкіметтің 2005 жылғы 11 шілдедегі № 718 қаулысымен құрылды, ол Ақпарат орталығына ДСҰ мүшелерінің түсініктемелеріне жауаптар беруді қоса алғанда, СФС шаралар туралы хабарламалар мәселелері бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің қызметін үйлестіруге өкілеттік береді деп жауап берді. Қаулыға сәйкес мемлекеттік органдар (Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетін қоса алғанда) мұндай ақпаратты ДСҰ Хатшылығына, ЕурАзЭҚ-ке мүше елдерге, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге және басқа халықаралық ұйымдарға жіберу үшін СФС және СТК шараларын қабылдағаннан және қолданғаннан кейін екі күн ішінде Ақпарат орталығына қажетті ақпаратты ұсынады.




  1. Мүше Қазақстаннан СФС шаралары бойынша ЕЭК жобаларын хабарлау кезінде алдын ала қабылданатын қадамдарды егжей-тегжейлі сипаттап беруді сұрады: алынған түсініктемелерді хабарлау және қарау рәсімі. Осыған жауап ретінде Қазақстан өкілі Қазақстанның ЕЭК-тің СФС шаралары бойынша ДСҰ мүшелерін СФС жөніндегі құжаттың бірінші жобасын жұмыс тобы мақұлдап, одан соң жария талқылау үшін Консультациялық кеңестің отырысында мақұлданғаннан кейін дереу хабарлайтынын түсіндірді. Осылайша, СФС/СТК жөніндегі Қазақстан Ақпарат орталығы СФС жөніндегі құжаттың жобасын ЕЭК жария талқылауға жариялайтын уақытқа шамалас кезде ДСҰ-ға хабарлама жібереді. Бұл ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге екі тетік арқылы түсініктемелерді қабылдау процесін үйлестіруге мүмкіндік береді. Оның үстіне, Қазақстан ДСҰ-ға кіргеннен кейін Ақпарат орталығы сол бір құжаттың хабарламаларына белгіленген түсініктемелерді берудің ұқсас күнін қамтамасыз ету үшін хабарлама процесін Ресей Федерациясының органымен үйлестіретін болады. Ол ДСҰ-ға хабарлау кезінде түсініктемелерді беруге 60 күн мерзім, егер тіпті ЕЭК жария талқылау кезеңін аяқтаса да, сақталатындығын нақтылады. ЕЭК-тің нотификацияланған құжаты бойынша кері байланыс ұсыну үшін байланыс орталығы хабарламада көрсетілетін болады және бұл не СФС/СТК жөніндегі Ақпарат орталығы не ЕЭК не екеуі де болуы мүмкін. СФС/СТК жөніндегі Ақпарат орталығы ДСҰ-ға мүшелерден алынған түсініктемелер мен ұсыныстарды Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті органдарына жібереді, бұлар өз кезегінде оларды ЕЭК-ге одан әрі жібереді. Сондай-ақ ол алынған түсініктемелер мен ұсыныстардың ЕЭК жұмыс тобының отырысында қаралатындығын түсіндірді. «Санитариялық, карантиндік фитосанитариялық және ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану саласындағы Еуразиялық экономикалық комиссияның актілерін қабылдау процесінде ашықтықты қамтамасыз ету туралы» ЕЭК Алқасының 2013 жылғы 5 наурыздағы № 31 шешіміне сәйкес Комиссияның Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаменті жария талқылау кезеңі аяқталғаннан кейін 30 күн ішінде жария талқылаулар кезеңінде және СФС ДСҰ хабарламаларының құралдары арқылы алынған түсініктемелердің жиынтық кестесін және осы түсініктемелерге жауаптарды жасайды және оны ЕЭК ресми сайтында жариялайды. Бұдан басқа, Ақпарат орталығы СФС мәнмәтінінде берілген хабарламаларды ДСҰ мүшелерінің түсініктемелеріне жауаптар ретінде ұсынады.

  2. Ол Үкіметтің 2000 жылғы 30 қазандағы № 1627 қаулысына сәйкес, ауыл шаруашылығы өндірушілері, мемлекеттік органдар және ауыл шаруашылығы нарығына басқа да қатысушылар арасында талдамалық маркетингілік ақпаратты тұрақты алмасу жолымен; сондай-ақ халықаралық ұйымдармен кеңейтілген өзара іс-қимыл жасау жолымен ашықтықты арттыру мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі Маркетингтің ақпараттық жүйесін құрды деп айтты. СФС пен СТК-ның барлық тиісті алдын ала, түзетілген және қорытынды ережелері мен қағидалары (ауыл шаруашылығына байланысты) Министрліктің мына сайтында http://mgov.kz/napravleniya-razvitiya/information-for-third-countries, сондай-ақ http://www.memst.kz/en/pb сайтында берілген. Барлық мүдделі тараптар Министрлікке мынадай веб-мекенжайы бойынша сұрақтар мен түсініктемелерді жібере алады: office@minagri.gov.kz. Сондай-ақ Ақпарат орталығы өзгертілген және түпкілікті СФС шараларының барлық жобаларының тоқсан сайынғы жаршысын шығарады. Ауыл шаруашылығы министрлігі «Агроинформ» талдамалық жаршысын шығарады, онда ветеринария, карантин және өсімдіктерді қорғау бойынша заңнаманы қоса алғанда, Ауыл шаруашылығы министрлігі мақұлдаған нормативтік актілердің бәрі қамтылған. Бұдан басқа, жұқпалы аурулар деңгейіне және ауыз су мен тамақ өнімдерінің кездейсоқ зертханалық сынақтар нәтижелеріне қатысты дерекқор мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жүйесінде тұрақты түрде жаңартылып отырады. Осы ақпарат барлық мүдделі тараптар үшін қолжетімді.



  1. Мүшелердің біреуінің қағидалар мен ережелерді әзірлеуге қоғамдық қатысу фактісіне қатысты сұрағына ол «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 124-III Заңда жеке кәсіпкерлердің мүдделерін қозғайтын нормативтік актілерді әзірлеуге жеке сектордың қатысуы көзделген деп жауап қайтарды. Оның пікірінше, осы Заңның ережелеріне сәйкес, жұртшылық өз ұсыныстарын тиісті уәкілетті органның қарауына шығара алады. Бұдан басқа, жоғарыда көрсетілген заңға сәйкес заңнамалық актінің жобасы аккредиттелген Кәсіпкерлер қауымдастықтарында сараптамадан міндетті түрде өтуге тиіс. Белгілі бір сұрақтарға жауап ретінде Қазақстанның өкілі Қазақстан заңнамасы санитариялық және фитосанитариялық стандарттарды әзірлеуге (мысалы, түсініктемелерді бере отырып, техникалық комитеттер отырыстарына қатысу) шетелдік қатысуға шектеуді қамтымайды деп жауап берді. Ұсыныстар мен түсініктемелер Ақпарат орталығы арқылы ұсынылуы тиіс. Бұдан басқа, 2010 жылғы 18 маусымдағы КО Комиссиясының № 319 шешімін 2011 жылғы 7 сәуірдегі КО Комиссиясының № 625 шешімімен енгізілген өзгерістермен ауыстырған 2012 жылғы 18 қыркүйектегі ЕЭК Алқасының № 161 шешімінде қоғамдық талқылаудың кемінде 60 күн кезеңімен ЕАЭО-ның СФС шараларының жобасын жариялайтыны көзделген. Осы кезеңде кез келген мүдделі тарап жобалар бойынша өз ескертулерін ұсынуға алады. Бұдан әрі Қазақстанның өкілі ЕАЭО техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, түзетулер енгізу және қайтарып алу рәсімдерін белгілейтін 2012 жылғы 20 маусымдағы № 48 шешімге Қосымшаның 8-бабына сәйкес техникалық регламенттердің жобалары ЕЭК-тің ресми сайтында жариялануы тиіс және кемінде екі ай жария талқылауға қолжетімді болуы тиіс екендігін түсіндірді. Мүдделі мүшелерден алынған түсініктемелер назарға алынады және техникалық регламенттер жобасына енгізіледі.




  1. Мүшелер техникалық регламенттердің жобалары бойынша көптеген ескертулер ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге және ЕАЭО мекемелеріне жария талқылау тетігі арқылы берілгенін атап көрсетті. Мүшелер ұсынылған түсініктемелердің аз ғана бөлігі, егер тіпті түсініктемелердің халықаралық стандарттармен алшақтығын атап өткен немесе көбіне халықаралық стандарттарға және саудаға жәрдемдесуге сәйкес келетін баламалы тәсілдерді ұсынған жағдайларда, түпкілікті қабылданған техникалық регламенттерге өзгерістер енгізуге алып келетініне алаңдаушылығын білдірді. Сондықтан бұл мүшелер түсініктемелердің қаралатыны, ал КО Комиссиясының № 625 шешімінде көзделген тетіктердің халықаралық стандарттармен келісу үшін толық көлемде орындалатындығы туралы растау алғысы келді.




  1. Қазақстанның өкілі ЕЭК Алқасының № 48 шешімімен Кеден одағының техникалық регламентін әзірлеу, қабылдау, өзгерту және күшін жою туралы жаңа ереженің бекітілгенін айтты. Осы Шешімге сәйкес қоғамдық консультациялар нәтижесінде алынған ескертулер мен ұсыныстар кестесі тиісті жауаптармен бірге ЕАЭО-ның ресми сайтында жарияланады, ЕЭК Алқасының 2013 жылғы 5 наурыздағы № 31 шешімі СФС шаралар үшін ұқсас рәсімді, атап айтқанда ЕАЭО-ның ресми сайтында түсініктемелер мен жауаптардың қорытынды кестесін жариялауды көздейді. Сондай-ақ ол КО Комиссиясының № 625 шешімінде белгіленген халықаралық стандарттармен ЕАЭО-ның СФС шараларын келісу тетігі ЕЭК Алқасының «Санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық шаралар саласындағы Кеден одағының құқықтық актілеріне сараптама жүргізудің бірыңғай тәртібі жөніндегі ереже туралы» 2012 жылғы 6 қарашадағы № 212 шешімімен іске асырылғандығын, ол КО комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 801 шешімін ауыстырғанын нақтылады.




  1. Мүшелердің сұрақтарына жауап ретінде Қазақстан СФС бойынша ДСҰ комитеті ұсынған СФС бойынша келісімнің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді іске асыруға арналған рәсімдерді қолданатындығын растады (G/SPS/7/Rev3).

  2. Қазақстан өкілі Қазақстан Санитариялық және фитосанитариялық шаралар бойынша ДСҰ келісімінің B қосымшасына және ДСҰ-ның СФС жөніндегі комитеті ұсынған СФС бойынша келісімнің ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді іске асыруға арналған рәсімдердің (G/SPS/7/Rev.3) қағидаттарын басшылыққа алып, ЕАЭО-ның СФС шараларын қоса алғанда, Қазақстанға әкелінетін импортқа қолданылатын СФС шарларының жобалары туралы ДСҰ-ның Санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі комитеті хабардар болуын қамтамасыз ететін растады. СФС шаралары, оның ішінде инспекцияға қатысты шаралар 867-тармақта көрсетілгендерге ұқсас ақпарат көздерінде жарияланған. Санитариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі ДСҰ келісіміне В қосымшада көзделгендей барлық қаралып отырған және қолданыстағы СФС шаралар туралы ақпаратты немесе СФС шаралары саласындағы хабарламалар бойынша Қазақстан органынан немесе Қазақстанның СФС шаралар бойынша ақпараттық орталығынан алға болады. Жұмыс тобы бұл міндеттемелерді назарға алды.


(i) Мөлшерлестік, қажеттілік және ақылға қонымдылық

  1. Жұмыс тобының кейбір мүшелері Қазақстан және ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттер қолданатын СФС шаралар Қазақстанның экспортына белгілі бір тәуекелді әрдайым пропорционал жасамайтынына алаңдаушылығын білдірді. Осы мүшелер халықаралық қағидаларға сай емес немесе өзгеше түрде үйлеспейтін шаралардың мынадай мысалдарын келтірді:

  • ветеринариялық немесе стандарттық қауіпті білдірмейтін тауарларды қамтитын ветеринариялық бақылауға жататын тауарлар тізбесі осы тауарларға қойылатын талаптарды кәсіпорындарды Бірыңғай тізбеге қосу, Мемлекеттік тіркеуден өту, әкелуге рұқсаттар алу және ветеринариялық сертификат талаптарын сақтау үшін дәлелдейтін еді;

  • кәсіпорынды тоқтата тұру немесе міндетті экспорт алды тестілеу сияқты осындай шектеуші сауда шараларын енгізу тамақ өнімдері қауіпсіздігі стандарттарын халықаралық стандарттармен үйлестіргеннен кейін немесе тамақ өнімдері қауіпсіздігі мәселелерін шешуге арналған шаралар қабылданған кезде қаралмаған және жойылмаған;

  • инспекторлардың экспорттаушы кәсіпорындарға шикізатты мониторингілеуге қосымша қайта өңдеу өнімдеріндегі ветеринариялық дәрілік препараттардың қалдықтарын мониторингілеу нәтижелерін ұсыну талабы;

  • Кодекс нұсқаулықтарында көзделгендей, бірақ экспорт алды сынақтарды сұрататын зақымдау қаупін басқару құралы ретінде қалдықтарды мониторингілеу жоспарын пайдаланбайтын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер;

  • КӨҚХК-де көзделген, ұқсас алдын ала инспекциялау үшін негіздер болмаған кезде отырғызуға арналған өсімдіктерді Қазақстанға экспорттауға рұқсат берердің алдында жүйелі тексеруді сұрайтын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер; және

  • тексерулер кезінде инспекторлардың шамадан тыс толық және керек емес талаптары.

Осы мүшелер мөлшерлестік, қажеттілік және ақылға қонымдылық қағидаттарының 2.1, 2.2, 5.3, 5.4, 5.6-баптар және осы Келісімнің С қосымшасы сияқты СФС бойынша ДСҰ келісімінің бірқатар баптарында бекітілгенін және олардың пікірінше, Қазақстан оны қауіпке неғұрлым мөлшерлес және ақылға қонымды етіп, өз практикасын өзгерткені дұрыс деп естеріне салды.




  1. Осы алаңдаушылықтарға жауап ретінде, Қазақстан өкілі, Қазақстан немесе ЕАЭО-ның құзыретті органы қабылдаған барлық СФС шаралар Санитариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі ДСҰ келісіміне сәйкес қолданылатынын растады. Атап айтқанда, көрсетілген СФС шаралар адамның өмірін немесе денсаулығын, жануарларды немесе өсімдіктерді қорғау үшін қажетті көлемдерде ғана қолданылатын болады және ЕАЭО мен Қазақстанның санитариялық немесе фитосанитариялық қауіпсіздігінің тиісті деңгейіне қол жеткізу үшін қажет болғанға қарағанда көбірек шектеуге әкелмейтін болады. Соңында, санитариялық, ветеринариялық немесе фитосанитариялық қорғаудың тиісті деңгейін анықтау кезінде Қазақстан немесе ЕАЭО-ның құзыретті органдары Санитариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі ДСҰ келісіміне сәйкес саудаға теріс әсер етуді мейлінше азайту жөніндегі міндеттерді назарға алатын болады. Жұмыс тобы осы міндеттемелерді назарға алды.


(j) Қорытынды

  1. Қазақстан өкілі Қазақстан ДСҰ-ға кірген күннен бастап, Қазақстан немесе Қазақстанда қолданылатын ЕАЭО-ның құзыретті органдары әзірлейтін барлық СФС шаралар ДСҰ келісіміне, атап айтқанда Санитариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі ДСҰ келісіміне сәйкес болатынын растады. Атап айтқанда, СФС шаралар тек адамдардың өмірі мен денсаулығын, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау үшін қажетті көлемде қолданылатын болады; ғылыми қағидаттарға және мүмкіндігінше, халықаралық стандарттарға, нұсқаулықтарға және ұсынымдарға негізделетін болады және Қазақстанды қорғаудың тиісті деңгейін қол жеткізу үшін қажет болғанға қарағанда, сауданы көбірек шектеуге әкелмейді. СФС шаралар Қазақстанның және басқа мүшелердің аумақтарын қоса алғанда, бірдей немесе ұқсас жағдайлар басым жағдайда жосықсыз және ДСҰ-ның мүшелері арасында ақталмаған кемсіту мақсатында қолданылмайды. СФС шаралар халықаралық сауданың заңсыз шектелуін білдіретін тәсілімен қолданылмайды және Санитариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі ДСҰ келісімінің
    5.7-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеткілікті ғылыми негіздемесіз қолданылмайды. Жұмыс тобы осы міндеттемелерді назарға алды.


Саудаға қатысты инвестициялық шаралар

  1. Қазақстан өкілі Қазақстан ұлттық экономиканы әртараптандыру мақсатында жергілікті жерде өндірілген тауарды сатып алу үшін преференциялар нысанында жергілікті қамту талаптарын қолданатынын атап өтті. Қазақстанның заңнамасына сәйкес, осы Баяндаманың «Мемлекеттік меншік, мемлекеттік сауда ұйымдары және жекешелендіру» және «Мемлекеттік сатып алу» бөлімдерінде жазылған жергілікті қамту талаптарымен қатар, жергілікті қамту талаптарын мұнай-газ және тау-кен секторларындағы инвестициялық келісімшарттары аясында жер қойнауын пайдаланушылар тауарлар мен қызметтерді сатып алуда қолданады және инвестициялық келісімдерге сәйкес автокөлік секторында қолданылады. Осы Бөлімде айтылған Саудаға байланысты инвестициялық шаралар және мемлекеттік кәсіпорындар мен ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың мемлекет 50 және одан көп пайыз қатысатын акционерлік қоғамдар (АҚ) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (ЖШС) сатып алуындағы жергілікті қамту талаптары қайта сату үшін немесе тауарлар өндірісінде сату үшін қолдану тәсілі емес, мемлекеттік қолдануда шұғыл немесе түпкі тұтыну үшін сатып алудағы Үкімет қолданатын шараларды қоспағанда, Қазақстан заңнамасында белгіленген тауарлардағы жергілікті қамтудың бірден бір талабы болып табылады.


Мұнай-газ және тау-кен секторларындағы ТРИМс

  1. Мұнай-газ және тау-кен секторларындағы жергілікті қамту талабы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 Қазақстан Республикасының Заңын ауыстырған «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» № 291-IV 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі - «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заң) реттеледі. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңың 69-бабына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау құжаттамасында айқындалатын мерзімге жасалады және олардың қолданылу мерзімін ұзарту мүмкіндігі туралы ережені қамтиды. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңға сәйкес бұл келісімшарттар жобалау құжаттамаларының және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес болу шартымен жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу кезінде жергілікті жерде өндірілген тауарларды пайдалану бойынша жер қойнауын пайдаланушыларға қойылатын талаптарды қамтуы тиіс. Қол қойылған келісімшарттарға өзгерістер енгізу уәкілетті орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасындағы келіссөздердің нысанасы болып табылады және тараптар арасындағы консенсус негізінде енгізілуі мүмкін.



  1. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңның
    77-бабына сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды сатып алу мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырылуы мүмкін: і) ашық конкурс; іі) баға ұсыныстарын сұрату; ііі) бір көзден сатып алу; іv) электрондық сатып алу жүйесі арқылы; немесе v) тауар биржалары арқылы. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңның 78-бабында жергілікті қамту талаптарын көздейді және ашық конкурстың жеңімпазын айқындау кезінде конкурсты ұйымдастырушы Қазақстанда өндірілген тауардың бағасын шартты түрде 20% азайтуға тиіс екенін белгілейді.




  1. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңның 16-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Үкіметтің 2013 жылға
    14 ақпандағы №134 қаулысымен бекітілген жаңа «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарлар қызметтер сатып алу қағидаларын» (бұдан әрі осы Бөлімде - Қағидалар) қабылдады, ол Үкіметтің «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарлар қызметтер сатып алу қағидаларын бекіту туралы» 2007 жылғы 28 қарашадағы № 1139 қаулысын ауыстырды. Қағидалармен енгізілген негізгі өзгерістер мұнай-газ секторындағы сатып алу рәсімдерімен байланысты, мұнда жер қойнауын пайдаланушылар барлық тауарлар мен қызметтерді сатып алуды электронды форматта жүргізуге міндетті. Қағидаларға сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар конкурстық құжаттамаларды мемлекеттік ақпараттық жүйеде – Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдалынатын тауарлар мен қызметтердің және олардың өндірушілерінің тізілімінде (бұдан әрі – Тізілім) орналастырады. Осы ереже әлеуетті берушілерге конкурстық құжаттаманы, тауарлар мен қызметтердің техникалық ерекшеліктерін қоса алғанда, онлайн режимінде өтеусіз алуға мүмкіндік береді. Алайда, осы кезеңде, тау-кен секторындағы жер қойнауын пайдаланушылар қазіргі таңда, Тізілімді электрондық сатып алу әдісімен тауарлар мен қызметтерді сатып алу үшін ғана қолдана алады.




  1. Сонымен қатар, Қағидалар жергілікті қамту талаптарына қатысты ережеге белгілі бір өзгерістер енгізді. Олар ашық конкурста (немесе баға ұсыныстарын сұрату) жергілікті қамту жөніндегі келісімшарт міндеттемелерін орындай алуы үшін Қағидаларда жер қойнауын пайдаланушылардың конкурстық құжаттамаға әрбір лот бойынша пайызбен (0-ден 100-ге дейін) көрсетілген, тауарлар мен қызметтердегі жергілікті қамту талаптарын енгізу құқығы көзделген. Қағидаларға сәйкес ашық конкурс екі кезеңмен жүргізіледі: (i) әлеуетті өнім берушілерді біліктілік алдындағы іріктеу, (ii) конкурс жеңімпазын анықтау. Бірінші кезеңде конкурс комиссия ұсынылған тауарлар мен қызметтердің конкурстың құжаттамалардың техникалық талаптарына, әлеуетті өнім берушілердің «тауарлардың жергілікті өндірушісі» немесе «қызметтердің жергілікті өндірушісі» санатына сай келетінін тексеруді қоса алғанда, сәйкестігін анықтайды. Екінші кезеңде конкурстық комиссия конкурстық өтінімнің ең төмен бағасы негізінде жеңімпазды анықтайды. Тауарлардың жергілікті өндірушісі 20 пайыздық шартты жеңілдікті алады. Одан бөлек, Қағидаларда баға өтінімдері тең болған жағдайда ашық конкурс жеңімпазын анықтау рәсімі туралы ереже нақтыланған. Мәселен, 20 пайыздық шартты жеңілдік қолданғаннан кейін (і) бірнеше жергілікті өндірушінің немесе баға өтінімдеріне шартты жеңілдік алмайтын (іі) бірнеше өндірушінің баға өтінімдері тең болған жағдайда, жеңімпаз ұсынылған тауарлар мен қызметтердегі жергілікті қамтудың ең жоғарғы пайызы негізінде анықталады.




  1. Қағидаларда сатып алу бір көзден жүзеге асырылуы мүмкін жағдайлар тізбесі кеңейтілген. Уақыт жағынан ұзақ және кемінде 30 күнді алатын ашық конкурспен салыстырғанда, бір көзден сатып алу аз уақытты алады және жер қойнауын пайдаланушыларға жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларда бөгеліссіз тауарлар мен қызметтерді сатып алуларды жүргізуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, Қағидалардың
    94-тармағының 37) тармақшасына сәйкес, тау-кен секторындағы жер қойнауын пайдаланушылар тауарлар мен қызметтерді Инвестициялар мен даму министрлігі жүргізетін жергілікті тауарлар мен қызметтер және олардың өндірушілерінің дерекқорында жалғыз тіркелген болып табылатын жергілікті тауарлар мен қызметтерді өндірушіден тікелей сатып ала алады. Қағидалардың 272-тармағының 37) тармақшасына сәйкес мұнай-газ секторындағы жер қойнауын пайдаланушылар, егер сатып алынатын тауардағы жергілікті қамту кемінде 65% құрайтын болса, осы әдісті тауарларды сатып алу үшін қолдана алады. Осымен қатар, бір көзден сатып алу мынадай жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін: (і) жергілікті қамту аталған қызметте кемінде 65% құрау шартымен, жергілікті өндірушілерден зерттеу және әзірлеу жөніндегі жұмыстарды сатып алу; (іі) мұнай-газ секторындағы жер қойнауын пайдаланушылардың жергілікті білім беру институттарынан жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды іске асыру аясында жұмысқа орналастырылған Қазақстан азаматтарын оқыту жөніндегі келісімшарттық міндеттемелерді орындау мақсатында білім беру қызметтерін сатып алу.

  2. Қазақстан өкілі тауарлардағы жергілікті қамту Қазақстан Республикасының аумағындағы өндірілетін түпкі өнімнің құнындағы отандық материалдар мен ресурстардың пайыздық қатынасы ретінде анықталатынын түсіндірді. Тауарлардың жергілікті шығарылған жері Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіптік палатасы шығаратын «СТ-KZ» сертификатымен анықталады. Мәселен, 2012 жылы инвестициялық келісімшарттар аясында жер қойнауын пайдаланушылар сатып алатын тауарлардың жалпы көлеміндегі жергілікті қамту үлесі 12,6%- ды құраған. Конкурстық рәсімдер Қазақстан аумағында өткізілуі тиіс. Конкурсқа отандық компанияларға да және шетелдік компанияларға да теңдей жағдайда қатысуға рұқсат етілген. Оның пікірінше, осы ережелер кемсітушілікке болып табылмайды және импорттық тауарлар үшін мүмкіндік береді. Алайда, жер қойнауын пайдаланушылардың барлығы да жергілікті қамту талаптары бойынша өздерінің келісімшарттық міндеттемелерін орындай бермейді, бұл айыппұл санкцияларына немесе келісімшартты бұзуға әкелуі мүмкін. 2012 жылы мұнай-газ секторының жер қойнауын пайдаланушыларына қатысты 500 000 АҚШ доллары сомасында айыппұл салынған, олардың 8 000 АҚШ доллары төленген.



  1. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңымен енгізілген өзгерістерге туралы сұраққа жауабында Қазақстан өкілі басқалардың арасында Заң өзіне «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 Заңның жергілікті қамту талаптары туралы ереженің барлығын бірлестіріп жүйелеген деп жауап берді. Одан әрі ол «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңда тауарлардағы, қызметтердегі және кадрлардағы жергілікті қамтудың анықтамасына нақтылау енгізілгенін қоса айтты. Атап айтқанда, екі жаңа термин қосылды: (і) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды және оларды өндірушілерді бақылау және оның мониторингі үшін құрылған, мемлекеттік ақпараттық жүйе болып табылатын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі; және (іі) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін рәсім болып табылатын ұйымдардың тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңның 76-бабына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы инвестициялық келісімшартты іске асыру үшін сатып алынған тауарлар мен қызметтер туралы сатып алудың жылдық бағдарламасы мен есебін ұсынып отыруы тиіс.




  1. Қазақстан өкілі 2012 жылғы қаңтарда «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңға енгізілген түзетулермен қосылған құны жоғары тауарлар мен қызметтер өндірісінің ғылымды қажетсінетін салаларын дамыту мақсатында жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан зерттеулер мен әзірлемелерді қаржыландыру туралы бар талаптарға нақтылау енгізілгенін атап өтті. Сондай-ақ ол түзетулерге сәйкес: (і) жер қойнауын пайдаланушының зерттеулер мен әзірлемелерін қаржыландырудың жыл сайынғы көлемі келісімшарттық қызмет шегінде жылдық жиынтық табыстың кемінде бір пайызын құрауы тиіс; және (іі) қаржыландыру тікелей жергілікті тауарлар мен қызметтерді өндірушілерге бағытталуы тиіс екенін түсіндірді.




  1. Қазақстан өкілі көмірсутектер мен минералдық шикізаттар өндіру мен өңдеу салалары қазақстандық экономика құрылымында басымдыққа ие саналатынын және мұнай секторы шетелдіктерге де, отандық инвесторлар үшін де ең қызықтыратын сала екенін мәлімдеді. Болжамдық деректер бойынша басқа экономика секторлары дамымай отырған уақытта, мұнай өндіруге шетелдік инвестициялар көлемі өсіп келеді. Осыған байланысты, оның Үкіметі: (і) жер қойнауын пайдалануды ұтымды қайта бөлуді қамтамасыз ету, (іі) экономиканы әртараптандыру мен минералдық ресурстар экспортына деген әлемдік бағаның тұрақсыздығына жоғары экономикалық тәуелділікті азайту жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу және (ііі) өңдеу өнеркәсібі мен қосылған құны жоғары өнім өндірісіне қолайлы орта жасау мақсатында отандық өндірілген тауарларды пайдалануға жәрдемдесу үшін жергілікті қамту талаптарын енгізді. Ол қазақстандық экономиканы әртараптандыру бағдарламасының маңызын атап көрсетті және оған қоса, өңдеу өнеркәсібін дамытуға қолайлы ахуал жасау оның Үкіметі үшін басымдық болып табылатынын айтты.




  1. 1990 жылдардың басындағы экономикалық тұрақсыздық кезеңінде Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар тарту мақсатында және барланбаған мұнай кенорындарын әзірлеу үшін оның Үкіметі халықаралық ірі мұнай компанияларымен шетелдік жер қойнауын пайдаланушыларға мұнай операцияларында пайдаланылатын импорттық тауарларға ҚҚС-ты және салынатын кедендік баждарды алып тастау түріндегі жеңілдіктер беру шартымен ұзақ мерзімді инвестициялық келісімшарттарға (40 жылға дейін) қол қойғанын айтты. Инвестициялық келісімшарттардың талаптары кейінгі күнмен (келісімшарттың тұрақтылығы туралы бапқа сәйкес) өзгертілмейтіндіктен, Қазақстан өкілі «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңның ережелері қосылған құн салығы салынатын отандық тауарлар үшін тиімсіз жағдай жасаған бұрынғы жасалған инвестициялық келісімшарттардың кемсітушілік әсерін жоюға бағытталғанын атап айтты.

  2. Жұмыс тобы мүшесінің сұрауына Қазақстан өкілі «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңың 50-бабына сәйкес барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық ұсыныстар, басқалардың ішінде, мынадай ұсыныстарды қамтуы тиіс екенін айтты: (і) келісімшартты іске асыру үшін қажетті тауарлар мен қызметтерде сатып алудағы жергілікті қамту; (іі) оқу бағдарламаларының іске асырылуына қарай өсуі тиіс, кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелер; және (ііі) қазақстандық кадрларды оқыту бойынша міндеттемелер. Жоғарыда тізбеленген барлық ережелер жер қойнауын пайдалануға жасалатын келісімшарттарға енгізілуі тиіс.




  1. Қазақстан өкілі келісімшартты іске асыру үшін қажетті тауарлардың ерекшеліктеріне байланысты, жер қойнауын пайдалануға жасалған әрбір келісімшартта жергілікті қамту ережелері дербес белгіленетінін айтты. Қазіргі уақытта Қазақстан Үкіметі мен жер қойнауын пайдаланушылар арасында 565 келісімшартқа қол қойылған: оның 203 келісімшарт көмірсутек шикізаты бойынша және 362 келісімшарт тау-кен секторында. Көмірсутек шикізаты бойынша 203 келісімшарттың: 2020 жылға қарай 94-нің қолданылу мерзімі және 109-нікі - 2021-2053 жылдары аяқталады. Тау-кен секторындағы 362 келісімшарттың: 114-нің мерзімі – 2020 жылға қарай және 218-нікі – 2021-2060 жылдар аралығындағы кезеңде аяқталады. Одан әрі ол көмірсутек шикізаты бойынша 203 келісімшарттың 193-і жергілікті қамту бойынша сандық міндеттемелерді және 10-ы жергілікті қамту бойынша мәтіндік міндеттемелерді қамтитынын да қоса айтты. Тау-кен секторындағы 362 келісімшарттың 351-і жергілікті қамту бойынша сандық міндеттемелерді және 11-і жергілікті қамту бойынша мәтіндік міндеттемелерді қамтиды. Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттардағы жергілікті қамтудың үлгілік мәтіндік міндеттемелері мынадай болады: «Жобалау құжаттамасы мен Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келген жағдайда Қазақстан Республикасында өндірілген жабдықтарды, материалдар мен тауарларды пайдалану». Жергілікті қамту бойынша сандық міндеттемелерді үлгілік тұжырымдау мынадай болады: «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде келісімшартқа сәйкес жергілікті қамтудың әрбір фискалдық жыл үшін мөлшері тауарларға қатысты х (...) пайыздан кем болмауы тиіс, жұмысқа қатысты кемінде у (...) пайыз және көрсетілетін қызметтерге қатысты кемінде z (...) болуы тиіс».




  1. Мүше Қазақстаннан «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңның ережелеріне сәйкес инвестициялық келісімшарттар аясында қолданылатын ДСҰ ережелеріне қайшы келетін шаралардың қолданылуын тоқтату қалай болатынын түсіндіруді сұрады, сондай-ақ, егер «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңға болашақтағы енгізілетін өзгерістерде келісімшарттардың ДСҰ нормаларына қайшы болатын бөлігінің ғана күшін жоюға қатысты қызығушылығын туғызды. Қазақстан өкілі «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңның ережелеріне сәйкес қолданыстағы инвестициялық келісімшарттарда қолданылатын, ДСҰ-ға қайшы келетін шаралардың кезең-кезеңімен күшін жою үшін Қазақстан ДСҰ-ға кірген күннен бастап өтпелі кезеңді сұрап отыр деп жауап берді. Бұл шаралардың қолданысы: (і) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңға жаңа келісімшарпттар шеңберінде тауар сатып алу бөлігінде ТРИМС жөніндегі ДСҰ келісімінің ережелеріне қайшы келетін шаралардың күшін жоюға және бағытталған өзгерістер енгізу; және (іі) инвестициялық келісімшарттардан тауарлар сатып алу бөлігінде ТРИМС шаралар жөніндегі ДСҰ келісіміне қайшы келетін шараларды алып тастайтын және оларды Қазақстан ДСҰ-ға кірген күннен бастап өтпелі кезең аяқталатын күнге қарай ТРИМС жөніндегі ДСҰ келісіміне қайшы келетін шаралармен ауыстыратын жер қойнауын пайдаланушылармен жасалатын келісімдерге қол қою арқылы тоқтатылатын болады. Өтпелі кезең аяқталғанға дейін бітетін келісімшарттар ТРИМС жөніндегі ДСҰ келісіміне қайшы келетін шаралармен жаңартылмайды.

- Автокөлік секторындағы ТРИМс



  1. Автокөлік секторына қатысты Қазақстан өкілі көлік құралдары, олардың бөлшектері мен құрамбөліктері үшін өнеркәсіптік құрастыру режимінде әкелінген және пайдаланылатын бөлшектер мен құрамбөліктерді кедендік баждар мен салықтардан босату үшін Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың «Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының кеден одағын бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы» 2009 жылғы 27 қарашадағы № 18 шешімімен бекітілген және Кеден одағы комиссиясының «Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының кеден одағын бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы» 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімімен және ұлттық заңнама нормаларымен қолданысқа енгізілген Кеден одағы Бірыңғай Кедендік тарифі (БКТ) құрылды.




  1. Қазақстанда Премьер-Министр орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010 жылғы 11 маусымдағы №113 бұйрығымен (бұдан әрі – №113 бұйрық) бекітілген Моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидаларына сәйкес өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасалды. Осы қағидаларға сәйкес моторлы көліктік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру екі ауысымды жұмыста жылында кемінде 25 мың бірлік өндірістің жобалық қуатын қамтамасыз ететін және мынадай технологиялық операциялардың орындалуын қамтитын технологиялық процестер негізінде сериялық өндіріс жүйесін білдіреді:

- шанақты дәнекерлеу, бояу және жинау;

- салон жабдығын монтаждау;

- күш агрегатын, руль механизмін және шығару жүйесін монтаждау;

- электр жабдығын, аспа құрамбөліктерін монтаждау;

- сыртқы элементтерді монтаждау; және

- дайын автомобильдерге бақылау сынақтарын жүргізу.




  1. «8701-8705 тауар позициясының моторлы көлік құралдарын, олардың тораптары мен агрегаттарын өнеркәсіптік құрастыру үшін» Бірыңғай кедендік тарифінің (БКТ) позициялары бойынша автомобиль құрастыру кезінде пайдаланылатын бөлшектер мен құрамбөліктерді импорттау кезіндегі преференциялық тарифтік мөлшерлемелерге (0-ден 5%-ға дейін) арналған біліктілікке ие болу үшін өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімге қол қойған заңды тұлғалар мынадай шарттарға сәйкес келуі тиіс:

  • келісімге қол қойылған күннен бастап кемінде 2 миллиард теңге сомаға өндірістік активтерінің болуы; және

  • келісімге қол қойылған күннен бастап 84 айдан аспайтын мерзімде міндеттемелерінің болуы;

  • КО СЭҚ ТН 8703 тауар позициясының моторлы көлік құралдарының кемінде бір моделін өнеркәсіптік құрастыруды іске қосу;

  • «8701-8705 тауар позициясының моторлы көлік құралдарын, олардың тораптары мен агрегаттарын өнеркәсіптік құрастыру үшін» БКТ позициялары бойынша Кеден одағының қатысушысы болып табылмайтын мемлекеттерде жасалған өнеркәсіптік құрастыру үшін КО СЭҚ ТН 8707 тауар позициясы бойынша жіктелетін шанақтың құнын ескере отырып, өндіріс үшін пайдаланылатын автоқұрамбөліктер жалпы құнының 70%-нан аспайтын көлемде автоқұрамбөліктер енгізу.




  1. Қазақстан өкілі бүгінгі күні автомобиль секторында төрт компания Инвестициялар және даму министрлігімен №113 бұйрыққа сәйкес өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасағанын айтты. Бұл компаниялар: «Агромашхолдинг» АҚ, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС, «АзияАвто» АҚ және «АзияАвто Қазақстан» АҚ. «Агромашхолдинг» АҚ-мен, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-мен және «АзияАвто» АҚ-мен жасалған келісімдерге 2010 жылы және «АзияАвто Қазақстан» АҚ-мен 2013 жылы одан әрі ұзарту мүмкіндігімен 8 жыл мерзімге қол қойылды. Жұмыс тобы мүшесінің сұрағына жауабында Қазақстан өкілі №113 бұйрық КО СЭҚ ТН 8701-8705 тауар позиция бойынша автомобиль құрастыруға ғана көзделгенін түсіндірді. Жеке сұраққа берген жауабында Қазақстан өкілі «Peugeot» және «Toyota» автомобильдерін өнеркәсіптік құрастыру «Агромашхолдинг» АҚ-мен және «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-мен жасалған қолданыстағы өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімдер шеңберінде іске қосылып, олардың қолданысы тиісінше 2018 жылғы 1 шілдеде аяқталатынын түсіндірді.

  2. Жұмыс тобының кейбір мүшелері отандық тауарларды пайдалану туралы талаптарды ТРИМС жөніндегі ДСҰ келісіміне қайшы келетін ережелер ретінде қарайды. Осы мүшелер бұл талаптар Субсидиялар мен өтемақы шаралары жөніндегі ДСҰ келісімінің 3.1-бабына сәйкес тыйым салған экспорттық субсидия болып табылатынын қоса айтты. Осы мүшелер Қазақстаннан Қазақстан қолданыстағы заңнаманы және қолданыстағы келісімшарттарды қандай жолмен ДСҰ талаптарымен сәйкес келтіретінін түсіндіруді сұрады. Осы мүшелер Қазақстаннан ДСҰ-на кірген күннен бастап Қазақстан ТРИМС жөніндегі ДСҰ келісіміне қайшы келетін шараларды қолдамайды не осындай шараларды қамтитын келісімшарттарды енгізбейтін болады деген міндеттемелерді күтеді.




  1. Қазақстан өкілі ЕАЭО туралы шартқа сәйкес 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан жер қойнауын пайдаланушылармен жаңа келісімшарттарға тауарларды сатып алудағы жергілікті қамту туралы талаптарды қоспайтын болады деп түсіндірді. Осыған байланысты, ЕАЭО туралы шартты ратификациялаумен қатар, Үкімет Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңға 2015 жылғы 1 қаңтардан кейін жасалған жер қойнауын пайдалану келісімшарттарындағы тауарларды сатып алуға қатысты жергілікті қамту туралы ережені алып тастайтын «өзгерістер енгізуге бастама жасауды жоспарлап отыр. Одан әрі ол «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңның ережелеріне сәйкес 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған инвестициялық келісімшарттарда және №113 бұйрыққа сәйкес өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімдерде жергілікті қамту жөніндегі талаптарды қолдану экономиканы әртараптандыру үшін маңыздылығын назарға алып, аталған шараларды кезең-кезеңімен алып тастау үшін өтпелі кезең керек екенін атап өтті.




  1. Қазақстан өкілі ДСҰ-ға кірген күннен бастап Қазақстан саудамен байланысты, Қазақстан немесе ЕАЭО-ның құзыретті органдары қабылдаған Инвестициялық шаралар жөніндегі ДСҰ келісімін реттеу саласына жататын Қазақстанда қолданылатын барлық заңдарды, нормативті-құқықтық актілерді және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы №291-IV Заңға сәйкес 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған инвестициялық келісімшарттар шеңберінде, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары – резиденттерімен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасудың, оның талаптары мен үлгі нысанының кейбір мәселелері туралы» Премьер Министрдің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010 жылғы 11 маусымдағы № 113 бұйрығының ережелеріне сәйкес 893-тармақта көрсетілген өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімдер шеңберінде қолданылатын шараларды қоспағанда, басқа да шараларды саудамен байланысты Инвестициялық шаралар жөніндегі келісімді қоса алғанда, ДСҰ келісімінің тиісті ережелеріне сәйкестігін қамтамасыз ететінін растады. Сондай-ақ Қазақстан өкілі 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан саудамен байланысты Инвестициялық шаралар жөніндегі ДСҰ келісім қоса алғанда, ДСҰ-ның тиісті ережелеріне сәйкес келмейтін ережелерді кез келген секторда инвесторлармен жасалатын қандай да бір жаңа инвестициялық келісімшарттарға немесе өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімдерге енгізбейтінін кез келген қолданыстағы инвестициялық келісімшарттарды немесе өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімдерді жаңарту кезінде енгізбейтін немесе қолдамайтынын растады. Жұмыс тобы осы міндеттемелерді назарға алды.




  1. Қазақстан өкілі «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-IV Заңға сәйкес 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған инвестициялық келісімшарттар шеңберінде қолданылатын ДСҰ-ға сәйкес келмейтін барлық шаралар қайсысының ерте болатынына қарай, келісімшарттардың бастапқы қолданылу мерзімі аяқталғаннан бастап немесе 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылуын тоқтататынын растады. Одан әрі ол «Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары – резиденттерімен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасудың, оның талаптары мен үлгі нысанының кейбір мәселелері туралы» Премьер-Министр орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010 жылғы 11 маусымдағы № 113 бұйрығының ережелеріне сәйкес жасалған өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімдер шеңберінде қолданылатын, ДСҰ нормаларына сәйкес келмейтін, 893-тармағында көрсетілген барлық шаралардың 2018 жылғы 1 шілдеге қарай алып тасталатынын растады. Қазақстан өкілі 893-тармақта тізбеленген, «Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары – резиденттерімен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасудың, оның талаптары мен үлгі нысанының кейбір мәселелері туралы» Премьер-Министр орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010 жылғы 11 маусымдағы № 113 бұйрығының ережелеріне сәйкес жасалған өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімдер шеңберінде және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы №291-IV Заңына сәйкес 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған инвестициялық келісімшарттар шеңберінде қолданылатын шараларға қатысты Қазақстан ДСҰ-ның мүдделі мүшелерімен 2016 жылғы 1 шілдесі мен 2019 жылғы 1 қаңтарынан кешіктірмей тиісінше қолданылуы мүмкін ДСҰ нормаларына сәйкес келетін шараларға қатысты консультациялар жүргізетін болады және ДСҰ мүшелерін ДСҰ нормаларына сәйкес келмейтін шараларды ауыстыру жоспарлаған кез келген шаралар туралы мұндай жаңа шараларды қабылдауға дейін кемінде 6 ай бұрын хабардар ететінін растады. Жұмыс тобы бұл міндеттемелерді назарға алды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет