(а) Импорт 964. Қазақстан өкілі 2013 жылы Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өнімдері импортының көлемі 1,6 млн тоннаны құрғандығын атап өтті, бұл көрсеткіштің жалпы сомасы 1,3 млрд АҚШ долларын құрайды, атап айтқанда: жемістер, көкөністер, құс еті, тірі малдар, сүт өнімдері және басқалары. Сыртқы экономикалық қызмет үшін жауапты уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі болып табылады. -
Қазақстан өкілі ауыл шаруашылығы өнімдерінің импорты, ауыл шаруашылығына жатпайтын тауарларға қолданылатын басқа да жалпы ережелер, шаралар және рәсімдермен реттелетінін және ауыл шаруашылығы өнімдеріне Бірыңғай кеден тарифінің мөлшерлемелері бойынша әкелім бажы салынатынын айтты. Өсімдіктердің, жануарлар мен олардан алынған дайын өнімдердің импорты ЕАЭО туралы шартқа, Кеден одағы комиссиясының және ЕАЭО шешімдеріне, ЕАЭО басқа да құқықтық актілері және ұлттық заңнамаға сәйкес (толығырақ ақпарат алу үшін осы Баяндамадағы «Санитариялық және фитосанитариялық шаралар» бөлімін қараңыз) санитариялық және фитосанитариялық негіздегі талаптарға сәйкес болуы тиіс. Тыйым салулар немесе сандық шектеулер ешқандай ауыл шаруашылығы өніміне қатысты қолданылған жоқ.
-
Қазақстан тарифтік квоталарды 2010 жылы ЕАЭО-ның кеден аумағына үшінші елдерден сиыр, шошқа және құс етін әкелу мақсатында енгізді (осы Баяндаманың «Тауарлар саудасы саласындағы саясат» IV тарауының «Импорттық реттеу» А бөлімін, «Тарифтік квоталар» бөлігін қараңыз).
(b) Экспорт 967. Қазақстан өкілі, 2013 жылы Қазақстан Республикасынан ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі 5,8 млн тоннаны құрағандығын айтты, сөйтіп оның көрсеткіші 1,6 млрд АҚШ долларын құраған, атап айтқанда: астық, майлы дақылдардың тұқымдары,арпа, күріш, кептірілген жемістер, балық, жүгері және басқалары. -
Қазақстан өкілі ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты ауыл шаруашылығы өнімдеріне жатқызылмайтын тауарлардың экспортынан қандай да бір айырмашылығы жоқ екендігін айтты. Ол, үй жануарлардың терісі мен жүніне экспорттық баж салынады деп қосты. Тыйым салулар, сандық шектеулер, квоталар, ең төмен экспорттық бағалар және лицензиялау бойынша талаптар ауыл шаруашылығы өніміне қолданылмайды (осы Баяндаманың «Тауарлар саудасы саласындағы саясат» IV тарауының «Экспорттық реттеу» (В) бөлімін қараңыз).
-
қашықтық 1200 км құрайды, жұмсалатын көлік шығындарының көлемі м/тоннасына 130 АҚШ долларын құрайды. Қытай арқылы немесе осы елге тасымалданатын бидай көлемі айтарлықтай көп емес және қазақстандық бидай экспортының жалпы көлемінің 3% аспайтын бөлігін ғана құрап отыр.
-
Сонымен қоса, Қазақстанның өкілі, Қазақстанның экспорттық субсидиялар жөніндегі сұратулары Ресей Федерациясы аумағы арқылы өтетін бидай тасымалдаумен байланысты шығындарға негізделіп отырғандығын және бұл Қазақстан Үкіметі үшін отандық ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қолдау көрсету, яғни әлемдік нарыққа шығу жолындағы жоғары мөлшерлі көлік шығындарын төмендету түрінде қолдау жасау өте маңызды мәселелердің бірі екенін қосып айтты.
(c) Ішкі саясат -
Қазақстан өкілі ауыл шаруашылығы саласына байланысты мемлекет саясаты жоспарлы экономика жылдары сала бойынша туындаған мәселелерді шешуге бағытталған, оның ішінде, баға мен пайда арасындағы құрылымдық теңгерімсіздік, рентабелдіктің төмендігі, өндіріс пен әлеуметтік инфрақұрылымның жеткілікті мөлшерде дамымауы,технологиялық жаңғырту деңгейінің төмендігі,ауыл шаруашылық өндірісінің ұсақтығы, жеке инвестициялардың жоқтығы, білікті мамандар тапшылығы және т.б. Әрі қарай ол, туындап отырған осы проблемаларды шешу мақсатында төмендегідей нормативтік-құқықтық актілердің қабылданғанын айтты:
-
«Агроөнеркәсіптік кешен және ауыл аумақтарын дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 8 шілдесіндегі №66-ІІІ Заңы;
-
«Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес 2020 бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 ақпандағы №151қаулысы.
-
«Агроөнеркәсіптік кешен және ауыл аумақтарын дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі №66-ІІІ Заң АӨК және ауыл аумақтарын дамытуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асырудың құқықтық негізін белгілейді. «Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Үкіметтің 2013 жылғы 12 ақпандағы қаулысымен бекітілген бағдарлама мемлекеттің ауыл шаруашылығы саласын тұрақты және бәсекеге қабілетті етіп дамытуға бағытталған аграрлық сектордағы орта және ұзақ мерзімді саясатының негізгі мақсаттарын жүзеге асыруға арналған басты қадам болып табылады.
-
Қазақстан өкілі ауыл шарушалығы Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуында маңызды рөлге ие болып отырған басты сектор екендігін атап көрсетті, себебі Қазақстан халқының 50%-ға жуығы ауылды жерлерде өмір сүруде. Еңбекке жарамды жастағы халықтың үштен бір бөлігі ауыл шаруашылығында еңбек етіп жүр және бұл мәселе елдегі кедейлікпен күрес және азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты мәселелерді шешу кезінде де айтарлықтай маңызды рөл атқарады. Үкіметтің алдында тұрған басты мақсаттардың бірі экономиканы әртараптандыру жөніндегі стратегия аясында аграрлық сектордың өнімділігін арттыру болып табылады. Қазақстан Үкіметі республикалық деңгейде болсын, жергілікті деңгейде болсын аграрлық секторға қолдау көрсетуде. «Жасыл себет» шараларының аясында қарастырылатын шаралар негізінен ауыл шаруашылығы зиянкестерімен және ауру түрлерімен күрес жүргізуге және инфрақұрылымдық қызмет көрсетулер түрлеріне қатысты болып табылады. «Сары себет» аясындағы қолдау, негізінен, төмендегідей түрлермен жүзеге асырылды: (i) ауыл шаруашылығы өнімдерін тікелей ауыл шаруашылығы өндірушілерінен сатып алу мақсатында республикалық бюджеттен қаражат бөлу арқылы келесі бағдарламалар бойынша жүзеге асырылатын нарықтық бағаға қолдау көрсету: (а) мемлекеттік резервке сатып алу (бидай) және; (б) ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қолдау көрсету үшін жүргізілетін сатып алулар (ауыл шаруашылығы дақылдары, мал шаруашылығы өнімдері) ; (ii) жанар-жағар май материалдары, су, құрамажем, асыл тұқымды мал, элиталық тұқымдар және минералды тыңайтқыштар (тыңайтқыштар мен пестицидтер) секілді ауыл шаруашылығы өндірісі факторларына байланысты жұмсалатын шығын көлемін азайту; және, (iii) нарықтық бағадан төмен мөлшерлемелері бар жеңілдікпен берілетін кредиттер.
974. Бұдан әрі ол, Үкімет тарапынан тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары аграрлық секторда көптеген нарықтық реформалардың жүргізіліп жатқандығына қарамастан, саланы дамыту деңгейцінің әлі де болса реформаға дейінгі көрсеткіштерге жете алмай келе жатқандығын, әсіресе, бұл мал шаруашылығы секторында анық байқалатындығын атап өтті. Мысалы, мүйізді ірі қара мал басы 1991 жылдың деңгейімен салыстырғанда 40% төмен. Бұл төмендеу көрсеткіші ірі қара мал санының 80% астамы негізінен қол еңбегі мен сапасы төмен малды пайдаланатын тұрғындардың жеке шаруашылығында болунан туындап отыр. Қазақстандық сиырлардың өнімділігі орта есеппен индустриалды өндірісі дамыған елдермен салыстырғанда 4 есеге дейін төмен (Қазақстанда – бір сиырдан жылына 2000 литр сүт алынатын болса, индустриалды дамыған елдерде – бұл көрсеткіш 7000 литрден асады).
-
Өсімдік шаруашылығы саласына қатысты, Қазақстан өкілі Қазақстан ауыл шаруашылығы дақылдарын құрғақ және қатал континентальды климат жағдайында қатерге баруға тура келетін аймақта өсіріп отырғанын айтты. Осы себепті, бірнеше жыл қатарынан Қазақстанның қуаң жерлерінің көлемі елдің жалпы аумағының 86% құрап отыр. Қазіргі уақытта Қазақстандағы суармалы жерлердің аумағы 1991 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 1,5 есеге дейін төмен. 800 мың гектарға жуық жер төмендегі себептерге байланысты пайдаланылмайды: (i) топырақ құрамындағы тұздар концентрациясының жоғары болуы; (ii) ирригациялық және дренажды жүйелердің нашарлап кетуі; (iii) су ресурстарының жеткіліксіздігі; (iv) қаржы ресурстары мен заманауи құрал-жабдықтың тапшылығы. Ауыл шаруашылығы өндірушілерінің 90% жуығын шағын фермалар мен жекеменшік қосалқы шаруашылықтар құрайды, олар жоғары сапалы тұқым алуда, заманауи ауыл шаруашылық құрал-жабдықтарын және заманауи қарқынды өндіріс жүргізу үшін қажет болып табылатын басқа да өндірістік ресурстарға қол жеткізуде көптеген қиындықтарға тап болып жатады. Осындай факторлардың бәрі де топырақ сапасының нашарлап кетуіне әкеліп соқты, мысалы, қолданыста жүрген жер телімдерінің 74% қанағаттанарлықсыз жағдайда. Бұған қоса, қазіргі кезде ауыл шаруашылығы үшін жарамды болып табылатын жерлер жаһандық экологиялық апат болып табылатын – Арал теңізінің құрғап кетуі салдарынан да зардап шегіп отыр. Арал теңізінің тартылуы оған жақын жатқан жерлердің тұзданып кетуіне, деградациялануына және шөл далаға айналуына себеп болуда, ал бұл аталған жерлердің бәрінде де ауыл шаруашылығы секторы қамтылған.
-
Қазақстан өкілі ДСҰ-ға кіру үдерісі барысында Қазақстанның 1996-1998 жылдардан бастап 2006-2012 жылдарға дейінгі ауыл шаруашылығы секторындағы экспорттық субсидиялар және ішкі қолдау көрсету мүмкіндіктері бойынша ақпарат ұсынған болатын. Қазақстан 2010-2012 жылдары ең соңғы және одан кейінгі базалық кезеңді өткерді, бұл кезеңде елдің ішкі қолдау көрсету мүмкіндіктері есептелді және экспорттық субсидиялар туралы деректер ұсынылды.Бұдан кейін өкіл, ол ішкі қолдау көрсету пакетінің ауыл шаруашылығы секторындағы ағымдағы мәселелерін шешуге бағытталған Мемлекеттік «Агробизнес 2020» бағдарламасымен қарастырылған іс-шараларды дамытуға мүмкіндік беретін қолдау көрсету деңгейіне негізделгендігін атап айтты.
-
Ұйымға мүшенің бірі Қазақстанның «жасыл себет» аясында шығыстарын ұлғайту мүмкіндігін қарастыра ма, деп сұрақ қойды. Бұған жауап ретінде, Қазақстан өкілі «Агробизнес 2020» бағдарламасын жүзеге асыру барысында секторды жалпы қаржыландыру көлеміне шаққанда жасыл себетке қолдау көрсету үлесін арттыру жоспарланғанын айтты. Негізгі басымдық сектордың ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігіне қолдау көрсететін шараларға беріліп отыр. Бағдарлама төмендегідей нақты мақсаттарға бағытталған: (i) келесі салалар бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге арналған қызмет түрлері мен негізгі ресурстарға қол жеткізу мүмкіндіктерін жақсарту: өсімдік шаруашылығы өнімдері өндірісі, мал шаруашылығын дамыту, астық сақтау орындары, сумен қамтамасыз ету қызметтері, қаржы қызметтері, инвестициялық жобалар, білім беру қызметтері, ауыл шаруашылығын зерттеу және консультациялар беру қызметтері; (ii) фитосанитариялық және ветеринариялық қауіпсіздік жүйелерін жақсарту; (iii) сумен қамтамасыз ету жүйелерін салу; (iv) тыңайтқыштардың сапасын жақсарту және ақпараттық қызмет түрлерін жіктеу және жетілдіру тиімділігін арттыру; (v) органикалық жер игеруді дамыту; (vi) ауыл шаруашылығы зерттеу жұмыстары; және (vii) сумен қамтамасыз ету жүйелері. Бұған қоса, құрғақшылық қаупінің болуына байланысты жерді пайдаланушылар мен мал шаруашылығы саласында жүргендер жасанды су жүйелеріне тәуелді болып отыр. Туындап отырған мәселелерді шешу үшін, бағдарлама алыстағы мал шаруашылықтары үшін ирригациялық жүйелер құрылысын қарастырды және тиісті нормативтік-құқықтық базаны нығайту мәселелерін алға қойды.
-
Жұмыс тобының кейбір мүшелерінің ауыл шаруашылығы тәжірибесіне байланысты Кеден одағының құқықтық базасы туралы неғұрлым толығырақ ақпарат беру жөніндегі өтініштеріне жауап ретінде, Қазақстан өкілі 2014 жылдың 29 мамырындағы ЕАЭО шартына «Ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсету шаралары туралы хаттама» №29 қосымшасы аталған саясатқа негіз болып табылатынын атап көрсетті. Бұл Қосымша ЕЭК-тің ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсетудің бірыңғай тәртібі туралы келісімін алмастырды, бұл Келісім 2010 жылдың 8 желтоқсанында КО Комиссиясының №482 шешімімен қабылданған және ЕАЭО туралы шарт 2015 жылдың 1 қаңтарында күшіне енгеннен бастап өзінің күшін жойған болатын. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕАЭО туралы шарт ЕАЭО мүше болып табылатын елдердің өзара саудасына әсер ететін ауыл шаруашылығы түрлеріне мемлекеттік қолдау көрсету шараларын ұсынудың бірыңғай ережелерін белгіледі және ДСҰ ауыл шаруашылығына жөніндегі келісімдерінің басты ережелерін өзара жинақтады. Атап айтқанда, ЕАЭО туралы шарт ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсету шараларын үш санатқа бөліп көрсетеді: (i) ЕАЭО мүше болып табылатын елдер арасындағы ауыл шаруашылығы тауарлары саудасын бұрмаламайтын шаралар; (ii) сауда жағдайларын біршама бұрмалайтын шаралар; (iii) сауданы бұрмалайтын шаралар. ЕАЭО туралы шарт, сондай-ақ н жоғарыда аталған мемлекеттік қолдау көрсету санаттарын ЕАЭО мүше елдердің қолдануы үшін талаптар белгілейді. Бірінші санатқа жататын шараларды ЕАЭО мүше мемлекеттер ұсына алады. Екінші санатқа жатқызылатын шараларды өзара сауда барысында пайдалануға тыйым салынады. Үшінші санат шеңберінде ЕАЭО мүше елдерде мемлекеттік қолдау көрсету деңгейі («Жасыл себет» шаралары) ЕАЭО мүше елдердегі өндірілген ауыл шаруашылығы тауарларының жалпы құнының 10% аспауы тиіс. ЕАЭО туралы шарт сондай-ақ, ЕАЭО мүше болып табылатын ел ДСҰ-ға кіргеннен кейін, бұл мүше мемлекеттің міндеттемелері ДСҰ алдында басым болатындығын қарастырады.
-
Қосымша беріліп отырған DS:1 кестесінде көрініс тапқан азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы мемлекеттік резервтер құруға бағытталған шаралар арасындағы және DS:5 (мемлекеттік резервке сатып алу үшін нарықтық бағаларға қолдау көрсету) шаралар арасындағы өзара байланыстар мәселелері туралы сұраққажауап ретінде Қазақстан өкілі қорға сатып алуға байланысты акцияларға қоғамдық тұрғыда иелік еду мүмкіндіктерін құру және қосымшаларында көрсетілген шаралар арасындағы өзара байланысты көрсете аласыз ба деген сауалға Қазақстан өкілі астыққа арналған мемлекеттік резерв жыл сайын «Азық-түлік Келісімшарт Корпорациясы» арқылы жаңартылып отыратындығын,ол азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік резерв құру, оны жаңарту және бөлу жөніндегі үкімет агенті функциясын атқаратынын айтты.
Мемлекеттік резервтерді сақтау және жекеменшік астық қабылдау кәсіпорындарынан «Азық-түлік келісімшарт rорпорациясы» басқаратын астық қабылдау кәсіпорындарына тасымалдау ДС:1 кестесінің қосымшасында көрсетілген. Мемлекеттік қор үшін сатылып алынған бидайдың сатып алу бағасы мен бидайға байланысты белгіленген сыртқы бағаның арасындағы айырмашылық ДС:5 кестесіне қосымшада көрсетілген.
Бұдан әрі Қазақстан өкілі астықты мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік қордан әкімшілік бағаларға сәйкес сату көрсеткіштерінен тұратын ұлттық азық-түлік қауіпсіздігі бағдарламасының ДСҰ ауыл шаруашылығы жөніндегі келісімінің 2- қосымшасы 3-тармағында көрсетілген критерийлерге сәйкес келмейтіндігін көрсетті. Осыған байланысты, бұл қолдау көрсету шарасы Қоса ұсынылған DS:5 кестесінде Біріктірілген қолдау көрсеткіштерінің есебіне енгізілді.
деАМП бірге есептеуге жатқызылды. Мемлекеттік астық қорын жаңарту және астықты сақтау жөніндегі қызмет түрлеріне байланысты бюджеттік шығыстарбүл резервте транспаренттілік мақсатында Қоса ұсынылған DS:1 кестесінде берілген.
-
Кейбір Жұмыс тобыны мүшелердің пікірінше, Қоса ұсынылған DS:9 кестесінде көрсетілген бірқатар шаралар тауарлық-спецификалық емес қолдау көрсету ретінде сыныпталуы мүмкін, себебі олар белгілі бір өніммен бірігеді болмаса барлық ауыл шаруашылығы өнімдеріне қолайлы ықпал ете алмайды. Жұмыс тобынының осы мүшелер келесі шараларға сілтеме жасады: (i) минералды тыңайтқыштарға, тұқым дәрілеріне, және гербицидтерге байланысты субсидиялар; (ii) ЖЖМ субсидиялары; (iii) құрама жемге арналған субсидиялар; (iv) асыл тұқымды мал шаруашылығына арналған субсидиялар; (v) элиталық тұқымдарға байланысты субсидиялар.
-
Қазақстан өкілі жоғарыда көрсетілген бағдарламаның белгілі бір ауыл шаруашылығы дақылы немесе мал шаруашылығы өнімі үшін қарастырылып отырмағандығын айтты. Сол себепті, бұл бағдарламалар бойынша субсидиялар өсімдік шаруашылығы немесе мал шаруашылығы үшін деп бөліне алмайды. Мысалы, минералды тыңайтқыштарға, тұқым дәрілеріне, және гербицидтерге байланысты субсидиялаға қатысты, ол бұл субсидиялардың субсидияланған бағалар бойынша ауыл шаруашылығы өндірушілеріне ауыл шаруашылығы химикаттарын жеткізушілер тарапынан сатылатын химиялық өнімдердің бағасын ішінара өтеу арқылы жүзеге асырылатындығын айтты. Субсидиялар Ауыл шаруашылығы министрлігі белгілеген нормативтер шегінде, тыңайтқыштардың, тұқым дәрілерінің, және гербицидтердің әрбір түріне төленеді. Бағдарлама ауыл шаруашылығы дақылдарына байланысты әрбір дақыл түрі бойынша субсидиялармен қамтамасыз етпейді.
-
Өкіл мемлекет ішінара құрама жемнің құнын қайтарып беретінін айтты. Бұл субсидиялар ауыл шаруашылығы өндірушілеріне сататын сиыр, шошқа және тауықтардың нақты саны негізінде (таза салмағы бойынша) беріледі. Шекті нормативтерді Ауыл шаруашылығы министрлігі белгілейді.
-
Асыл тұқымды мал басына төленетін субсидияларға қатысты ауыл шаруашылығы өндірушілері сататын келесі өнім түрлері құнын мемлекет ішінара қайтарып бергендігін айтылды: асыл тұқымды мал өсіру; асыл тұқымды жұмыртқа; тұқым мөлшерлемесі. Сонымен қатар, келесі шаралардың жүзеге асырылуына байланысты жұмсалған қаражаттың толық көлемде орнын толтыру қамтамасыз етілген: асыл тұқымды бұқаларды сатып алу және өсіру; асыл тұқымды бұқалардың эмбриондары мен шәуеттерін сатып алу, сақтау және іске жарату; өсіру үшін құс балапандарын сатып алу; селекция орталықтарынан асыл тұқымды қойларды сатып алу және өсіру; үй құстарын өсіру орталықтарындағы құстар үшін азықтық жем-сатып алу; асыл тұқымды бизнесті дамытуға арналған арнайы зертханалық құрылғылар мен арнайы ауыл шаруашылығы технологиясын сатып алу; асыл тұқымды жылқыларды ұстау және дайындау.
-
Сонымен қоса, мемлекет бағасын төмендету мақсатында тұқым және жеміс ағаштарының көшеттеріне де субсидиялар ұсынады. Мұндай субсидиядар, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өндірушілері сатып алатын элиталық тұқымдардың бағасын төмендету үшін де беріледі.
-
Кейбір мүшелердің тауарлық-спецификалық емес деп сыныпталған белгілі бір бағдарламаларға қатысты алаңдаушылықтарына орай, қазақстандық өкіл бұл бағдарламалардың республикалық деңгейде де, жергілікті жеңгейде де әкімшілік бақылауға алынғандығын айтты. Нәтижесінде, Қазақстанда деректерді жинақтаудың бірыңғай жүйесі қалыптаспағандықтан аталған бағдарламалар шеңберінде өнім түрлері бойынша жергілікті атқарушы орандардан қандай да бір деректерді алғанда қиындықтар туындап отырады.
-
Қазақстан өкілі ауыл шаруашылығы өнімдеріне субсидия қолдануды, ДСҰ ауыл шаруашылығы бойынша келісімінің ережелерін, Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жөніндегі хаттамасына қосымша берілген Тауарлар бойынша шегінулер мен міндеттемелер тізбесінде (CLXXII) көрсетілген Қазақстанның ішкі қолдау көрсету және экспорттық субсидиялар бойынша міндеттемелерін қоса алғанда, ДСҰ ережелеріне сәйкес жүзеге асыратынын растады. Жұмыс тобы осы міндеттемені назарға алды.
-
Қазақстан өкілі, ДСҰ-ға кірген күннен кейін, Қазақстан өзінің ауыл шаруашылығы өнімдеріне байланысты экспорттық субсидияларын Тауарлар бойынша басқаға берулер мен міндеттемелер тізбесінде (CLXXII) нөлдік деңгейден бастайтынын және ауыл шаруашылығы өнімдеріне қатысты мұндай субсидиялар бермейтіндігін растады. Жұмыс тобы бұл міндеттемені назарға алды.
-
Ауыл шаруашылығы бойынша ДСҰ келісімінің 6.2-бабын қолдануға қатысты, Қазақстан өкілі Қазақстан 6.2-бапта көрсетілген мемлекеттік шаралар түрінде қолдау көрсеткен кезде, осындай қолдаудың мөлшері Қазақстанның Ағымдағы жалпы біріктірілген қолдау көрсеткіші есебінде міндеттемелерден босатылмайтын болып енгізіледі. Сондай-ақ, Қазақстан өкілі Қазақстанның тиісті жыл ішінде ауыл шаруашылығы өндірісінің жалпы құнынан 8,5 пайыз мөлшеріне баламалы өнімге негізделген қолдау үшін de minimis-ті алып тастайтынын растады. Қазақстанның өкілі тиісті жыл ішінде ауыл шаруашылығы өндірісінің жалпы құнынан 8,5 пайыз мөлшеріне баламалы өнімге негізделмеген қолдау үшін de minimis-ті алып тастайтындығын растады. Тиісінше, бұл пайыздар ДСҰ ауыл шаруашылығы бойынша келісімінің 6.4-бабына сәйкес Қазақстанның de minimis-ті алып тастастауы болып табылады. Сондай-ақ, ол Қазақстанның БҚК жалпы міндеттемелерінің деңгейі Қазақстанның тауарлар бойынша басқаға берулер мен міндеттемелері тізбесінің (CLXXII) IV бөлімі, І тарауында қарастырылғандығын айтты. Жұмыс тобы осы міндеттемені назарға алды.
-
Қазақстан өкілі Қазақстанның ДСҰ-ға кіру шарттарын ескере отырып, Қазақстанның ауыл шаруашылығы бойынша Доха даму күн тәртібі келіссөздері раундында және оның нәтижелерінде толықтай қатысатындығын растады. Жұмыс тобы осы міндеттемені назарға алды.
Достарыңызбен бөлісу: |