-
Жұмыс тобының кейбір мүшелері Қазақстанға, ДСҰ-ға кіргеннен кейін, азаматтық авиотехниканың саудасы бойынша келісімге қосылу және азаматтық ұшақтар мен олардың жинақтауыштары импортына қойылатын баж салығының нөлдік мөлшерлемесін бекіту талабымен өтініш айтты. Жұмыс тобының аталған мүшелері азаматтық ұшақтардың сатылымы және лизингі қатынасында барлық ішкі салықтарды импортталған және отандық тауарлар, сонымен қатар үшінші жақтан әкелінген тауарлар арасындағы кемсітушіліксіз негізде қолдану талабын қойды. Ақыр соңында, импортталған азаматтық авиатехника мен оның жинақтауыштары бойынша Қазақстанның кедендік талаптарына, яғни, импортты лицензиялау, лизинг және кедендік баж салықтарына қатысты, оның ішінде Қазақстанның ЕАЭО-қа мүшелігі тұрғысынан мұндай импорттаушы тауарлардың Қазақстан нарығында болуына қатысты қосымша ақпарат сұралды.
-
Жауап ретінде Қазақстан өкілі Қазақстан ДСҰ-ға кіргенге дейін азаматтық авиотехниканың саудасы бойынша келісімге қосылуды жоспарламайтынын атап өтті. Қолданыстағы кедендік баж салықтары және импортты лицензиялаудағы талаптар ЕАЭО БКТ және ЕАЭО туралы шарттың 7-қосымшасына сәйкес келеді. Қазақстанда импортталатын азаматтық авиотехника мен оның жинақтауыштары үшін лицензия талап етілмейді. БКТ сәйкес, Қазақстан басқа да ЕАЭО-қа мүше мемлекеттер сияқты, қазірғі уақытта ұшақтардың белгілі түрлері, оның ішінде үлкен емес ұшақтар (яғни, орны-50-ден аз, 2000-20000кг), 300 адамнан асатын орыны бар ұшақтар, 50-300 орыны бар, салмағы- 90 000-120000 болатын ұшақтар, ірі ұшақтар (салмағы120000 кг-нан жоғары) импортына нөлдік кедендік мөлшерлемелер қолданады. Басқа да азаматтық жолаушылар ұшағы қатынасында, Қазақстан ЕАЭО-қа мүше басқа да мемлекеттер сияқты, қазірде 20% көлемінде БКТ қолданады. 12% көлеміндегі қосымша құн салығы ЕАЭО өндірілген және импортталған авиотехниканың сатылымы қатысында төленеді.
-
Сонымен бірге, КО Комиссиясының 2010 жылдың 18 маусымындағы №331 шешімі бойынша 8802 40 003 2, 8802 40 004 2, СЭҚ ТН кодтарымен жіктелетін, 50-111 орыннан 170-219 орынға дейінгі болатын, әкелінген кедендік баж салықтарынан шартты түрде босатылған ұшақтарды уақытша тасу қарастырылды. Келесідей шарттар сақталды: (і) импорттаушылар ішкі саудалық келісім шартқа отырды (яғни, лизингті келісімшарт); (іі) ұшақтар 2013 жылдың 31желтоқсанына дейін, көрсетілген күннен 5 жылдан аспайтын мерзімде уақытша тасымалдың кедендік шараларына орналастырылды. Сонымен қатар, шешім бойынша әкелінген кедендік баж салықтарын төлеуден босатылған, орны 19-дан аспайтын, шетелдік тұлғалардың меншігіндегі және ЕАЭО кедендік аумағында коммерциялық емес ұшулар үшін қолданылатын азаматтық жолаушылар ұшағы (СЭҚ ТН кодтары 8802 30 000 2 және 8802 40 001 1) импорттары қарастырылған.
-
Қазақстан өкілі ЕЭК Кеңесінің 2014 жылдың 31 қаңтарындағы шешімімен, Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылдың 18 маусымындағы № 6 шешіміне сәйкес ішкі экономикалық әрекеттер қатысушалары мен ЕАЭО мүшелері келісім шартқа отыруы кезінде және ұшақтардың 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін уақытша тасымалдың кедендік шаралары аясында орналастырылуы кезінде СЭҚ ТН 8802 40 003 5, 8802 40 003 6 және 8802 40 004 6 кодтарымен жіктелетін, 50-ден көп, 110-нан аз орыны бар Азаматтық жолаушылар ұшақтарымен толықтырылғанын атап өтті. Мұндай ұшақтардың кедендік баж салықтарын төлеуде шартты түрде толық босатылу мерзімі олардың уақытша тасымалдың кедендік шаралары аясында орналастырылған күнінен бастап 5 жылды құрайды. ЕЭК Кеңесінің 2014 жылғы 4 наурыздағы №20 шешіміне, Кеден одағы Комиссиясының № 331 шешіміне сәйкес жүк рампасымен жабдықталған, максимальды ұшу массасы 60 000 кг-нан төмен емес, 80 000 кг-нан жоғары болмайтын (СЭҚ ТН кодтары 8802 40 003 9), немесе 370000 кг-нан аспайтын (СЭҚ ТН кодтары 8802 40009 6), 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін уақытша тасымалдың кедендік шараларына орналастырылған азаматтық жүк ұшақтарымен толықтырылды.
-
«Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының Кеден одағының бірыңғай кедендік-тарифтік реттеуі» Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылдың 27 қарашасындағы №130 шешіміне сәйкес (соңғы рет ЕЭК Кеңесінің 2013 жылғы 25 қыркүйектегі №55 шешімімен түзетілген), СЭҚ ТН кодтары 8802 40 003 5 және 8802 40 003 6 жіктелетін азаматтық жолаушылар ұшақтағын халықаралық тасымалда немесе мемлекет аумағындағы ішкі тасымалдау, Кеден одағына мүше мемлекеттер аумағындағы ұшуларда қолдану мақсатында мыналар кедендік баж салықтарынан босатылды: (і) жолаушылар орны 50 адамнан көп, 300 адамнан аз, 2014 жылдың 1 шілдесіне дейін Беларусь және Қазақстан Республикаларына тасылған; (іі) жолаушылар орны 110 адамнан көп, 300 адамнан аз, 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін Беларусь және Қазақстан Республикаларына тасылған; (ііі) жолаушылар орны 110 адамнан көп, 300 адамнан аз, жолаушыларды орналастыру схемасына (LOPA) сәйкес белгіленетін, 2017 жылдың 1 қаңтарынан 2019 жылдың 30 маусымы аралығында Беларусь және Қазақстан Республикаларына тасылған. 2014 жылдың 4 наурызындағы ЕЭК Кеңесінің №29 шешіміне сәйкес, ең жоғары салмағы 60 000 кг-нан асатын, 80 000 кг-нан аз болатын, СЭҚ ТН кодтары 8802 40 003 9, 2017 жылдың 31 желтоқсанынан Қазақстан Республикасына тасылған азаматтық жүк көліктері кедендік баж салықтарын төлеуден босатуға жатады.
V. САУДАМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІКТІҢ РЕЖИМІ
- Жалпы ережелер - Өндірістік меншік объектілерін қорғау -
Қазақстанның өкілі зияткерлік меншік құқығын қорғау саласындағы Қазақстанның саясаты мыналарға: (і) оның заңнамасын халықаралық стандарттарға сәйкес келтіруге; (іі) тиісті құқық қолдану тетіктерін әзірлеуге; және (ііі) осы салада сарапшыларды даярлауға бағытталғанын атап өтті. Мұндай саясаттың мақсаты Үкіметтің 2001 жылғы 26 қыркүйектегі №1249 қаулысымен бекітілген Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау тұжырымдамасында жазылғандай зияткерлік меншік құқықтарының Қазақстан аумағында құқыққа сыйымды пайдаланылуы мен қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады.
-
Ол зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін қолданыстағы заңнама 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 269-XII Азаматтық кодекстен (жалпы бөлім) (бұдан әрі – Азаматтық кодекс), 1999 жылғы
1 шілдедегі № 409 Азаматтық кодекстен (ерекше бөлім) (бұдан әрі - Азаматтық кодекс (ерекше бөлім), 1999 жылғы 13 шілдедегі № 411-I Азаматтық іс жүргізу кодексінен (бұдан әрі - Азаматтық іс жүргізу кодексі), 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодекстен (бұдан әрі – Қылмыстық кодекс), 2001 жылғы 21 қаңтардағы № 155-II Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстен (бұдан әрі - Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі), 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» кодексінен (бұдан әрі – Қазақстанның Кеден кодексі), «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы № 6-I Заңынан (бұдан әрі – авторлық құқық туралы Заң), «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» 1999 жылғы 26 шілдедегі № 457-I Заңынан (бұдан әрі – Тауар белгілері туралы Заң), 1999 жылғы 16 шілдедегі № 427-I «Қазақстан Республикасының Патент Заңынан» (бұдан әрі – Патент заңы), «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі
№ 422-I Заңынан, «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» 2001 жылғы 29 маусымдағы №217-II Заңынан тұратынын толықтырып айтты. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 586-II Заңмен зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелерін реттейтін негізгі заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Оған қоса, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 22 қарашадағы № 90-III Қазақстан Республикасының Заңымен зияткерлік меншік құқықтарын бұзу үшін әкімшілік және қылмыстық санкцияларды күшейту бөлігінде өзгерістер енгізілді, қолданыстағы қылмыстық рәсімдер жетілдірілді және оңайлатады. Сондай-ақ ол Қазақстан қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу және құқық қолдану практикасын жақсарту жалғастыратынын атап өтті. Зияткерлік меншік саласындағы ведомствоаралық үйлестіруді жақсарту үшін 2005 жылғы қыркүйекте бірқатар бірлескен бұйрықтар қабылданды. Аталған бұйрықтар прокуратура, қаржы полициясы, ішкі істер, кеден, салық және әділет органдарының өзара іс-қимылы мен ынтымақтастық тәртібіне қатысты болды.
-
Зияткерлік меншік құқықтары мәселелері бойынша халықтың хабардар болушылығын арттыру үшін қолданылатын шараларға қатысты Қазақстанның өкілі зияткерлік меншік құқықтарын қамтамасыз ету мәселелермен айналысатын адамдардың біліктілігін арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында Әділет министрлігі зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелеріне арналған өңірлік және республикалық семинарларды тұрақты негізде өткізетінін түсіндірді. Семинарлар жұмысында әділет органдары, кеден органдары қызметкерлері, судьялар, зияткерлік меншік құқықтарының тікелей иелері, сондай-ақ пайдаланушылар мен бұқаралық ақпарат құралдары белсенді қатысады. Ол, бұдан әрі, Әділет министрлігі Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (БЗМҰ), Зияткерлік меншікті қорғау жөніндегі коалиция (CIPR), Фонограмма шығарушылардың халықаралық федерациясы (IFPI), Халықаралық даму бойынша АҚШ агенттігі (ЮСАИД) сияқты халықаралық ұйымдармен бірлесіп, семинарлар өткізілетінін айтып өтті. Бұдан басқа, Әділет министрлігінің қызметкерлері Қазақстанда зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелеріне арналатын радио және телебағдарламаларға белсенді қатысады. Әділет министрлігі жылына екі рет «Интеллект» деп аталатын Республикалық іс-шара өткізеді. Бұл басқа мүдделі мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық ұйымдардың, жоғарғы оқу орындарының, бұқаралық ақпарат құралдарының және Қазақстанның барлық халқының қатысуымен Әділет министрлігі өткізетін тұрақты кең ауқымды акциясы. Зияткерлік меншікті насихаттау, қарақшылықтың орын алуына және контрафактілік өнімдердің таралуына қоғамның төзбеушілігін дағдыландыру, зияткерлік меншіктің рөлін арттыру және авторлардың, жаңашылдардың, өнертапқыштардың дәрежесін нығайту аталған іс-шараның мақсаты болып табылады.
-
Бұдан басқа, Қазақстанның өкілі қазіргі уақытта авторлық құқық пен сабақтас құқықты тіркеуге де, авторлық құқық пен сабақтас құқықты пайдалану бойынша лицензиялық келісімдерді тіркеуге де түсетін өтінімдер саны едәуір ұлғайғандығын атап көрсетті. Оның пікірінше, бұл авторлық құқық пен сабақтас құқық туралы хабардар болатын авторлар мен тұлғалар көлемінің артқанын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |