1149. Жұмыс тобы кейбір мүшелері ДСҰ-ның қозғалған келісімдеріне сәйкес барлық ДСҰ мүшелері ДСҰ түрлі органдарына хабарламалар беруге міндетті екенін атап өтті. Жұмыс тобының мүшелері Қазақстан Республикасы ДСҰ-ға кіргеннен кейін барлық ДСҰ келісімдерібойынша бастапқы наразылық білдіру хабарламаларын ұсынатыны, сондай-ақ ЕАЭО келісімі мен Комиссия шешімдеріне қатысты хабарламалар беру туралы ДСҰ келісімінің талаптарын орындайтыны, ДСҰ-ның қандайда бір келісімінен іске асырылып жатқан және Қазақстан Республикасы қабылдаған ішкі ережелер, жарғылар, қаулылар, шешімдер мен жалпы сипаттағы әкімшілік бұйрықтар туралы ерекше міндеттемелер қабылдау туралы сауал жолдады.
1150. Қазақстан Республикасының өкілі, Қазақстан Республикасы ДСҰ-ға кірген күннен кейін, Кестеде көрсетілген мерзімге сәйкес ұсынылатын 4-кестеде көрсетілген хабарламаларды қоспағанда, ДСҰ келісімнің бір бөлігі болып табылатын келісімдердің талаптарына сәйкес барлық бастапқы наразылық білдіру хабарламаларды ұсынатынын растады. Барлық бастапқы хабарламаларын ұсынғаннан кейін Қазақстан ДСҰ келісімінің тиісті ережелері мен рәсімдерінің негізінде кезектегі хабарламаларды ұсынады. Жұмыс тобы осы міндеттемені назарға алды.
4-ші кесте. Хабарламалар беру мерзімдері
Хабарлама туралы талаптар
|
Шаралар түрлері
|
Беру мерзімі
|
1994 ГАТТ-тың VII бабын қолдану бойынша келісім
-мәселелердің бақылау тізбесі туралы шешім
|
Мәселелердің бақылау тізбесіне жауаптар
|
ДСҰ-ға кіргеннен кейін 90 күн ішінде
|
Субсидиялар мен өтемақы шаралары бойынша ДСҰ келісімі (ASCM)
-
25.1- бабы, жыл сайынғы;
- ГАТТ-94, XVI:1 бабы жыл сайынғы
|
1:1 Келісімнің бабында анықталған 2- бап мәнінің шеңберінде ерекше кез келген көмекқаржы, сонымен қатар экспорттың ұлғайып импорттың өсуін туындататын 1994 жылғы ГАТТXVI:1 бабы (Формат: G/SC) мәнінің шеңберінде кез келген басқа көмекқаржы
|
ДСҰ-ға кіргеннен кейін 180 күн ішінде
|
ДСҰ саудамен
байланысты инвестиция шаралары туралы
келісімі
- 5.1-бап
|
1994 жылғы ГАТТ-тың ІІІ немасе ХІ бабының ережелерімен келіспейтін және 1994 жылғы ГАТТ-тың (Формат: G/TRI) алып тастаулар санына кірмейтін саудамен байланысты инвестициялық шаралар (ТРИМС)
|
ДСҰ-ға кіргеннен кейін 90 күн ішінде
|
ДСҰ импорттық лицензиялау рәсімдері жөніндегі келісімі
- 7.3- бап
|
Импорттық рәсімдер бойынша жыл сайынғы сұраулыққа жауаптар
|
ДСҰ-ға кіргеннен кейін 90 күн ішінде
|
ДСҰ тауардың шығу ережелері туралы келісімі
-
5:1-бап
- II Қосымша, 4- тармақ
|
Қолданыстағы преференциалдық емес шығу ережелері: преференциалдық емес шығу ережелеріне қатысы бар сот шешімдері мен жалпы сипаттағы әкімшілік өкімдер
|
ДСҰ-ға кіргеннен кейін 90 күн ішінде
| IV.САУДА КЕЛІСІМДЕРІ 1115. Қазақстан өкілі Қазақстан ТМД, Грузия мен Сербия елдерімен еркін сауда туралы келісім жасады, Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясымен бірге Кеден одағын, содан соң Еуразиялық экономикалық одақ құрды деп атап өтті. Бүгінгі таңда көрсетілген келісімдер тізімі мыналарды қамтиды: ТМД қатысушы елдерімен еркін сауда туралы екіжақты келісім, Грузиямен еркін сауда туралы екіжақты келісім, Сербия Республикасымен еркін сауда туралы екіжақты келісім, 1994 жылдың 15 сәуіріндегі ТМД елдері арасындағы еркін сауда аймағын құру туралы келісім (бұдан әрі - 1994 жылғы ТМД еркін сауда аймағы туралы келісім); ТМД мүше мемлекеттердің сегізімен жасалған 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы келісім 4 (бұдан әрі - 1991 жылғы ТМД еркін сауда аймағы туралы келісім), ол 1994 жылғы ТМД еркін сауда аймағы туралы келісімді алмастырды. 1995 жылдың 20 қаңтарындағы Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы Кеден одағы туралы келісім. 2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және Кеден одағын қалыптастыру туралы шартты( бұдан әрі-КО туралы шарт) іске асыру 2010 жылдың 1 қаңтарында Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасында Бірыңғай кеден тарифын (БКТ) енгізу мен Кеден одағының (КО) Кеден кодексін және КО институттарын қабылдаудан басталды. Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы 2014 жылғы 29 мамырда Астанада қол қойған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт 2015 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді. Қазақстанның сауда келісімдерінің толық тізбесі осы Баяндаманың 24-қосымшасында көрсетілген.
1552.Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының арасындағы Кеден одағына қатысты Қазақстан өкілі Кеден одағын қалыптастыру бойынша бірінші қадам 1995 жылдың 6 қаңтарындағы Ресей федерациясы мен Беларусь Республикасы арасындағы Кеден одағы туралы келісімді және 1995 жылдың 20 қаңтарындағы Ресей федерациясы, Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы Кеден одағы туралы келісімді бекіту болды, деді. Қосымша, Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы мен Тәжікстан Республикасы 1999 жылдың 26 ақпанында Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік туралы шартқа қол қойды.Ол Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың мемлекетаралық кеңесінің «Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қызметін тоқтату туралы» 2014 жылғы 10 қазандағы №652 шешімімен өз қолданысын 2015 жылдың 1 қаңтарында тоқтатты.
Шарт уақыт өте келе тек тауар саудасын ғана емес, сонымен қатар қызмет көрсетулер (заңды және жеке тұлғаларға қатысты қазіргі шектеулерді біртіндеп тоқтатуды қоса, қызмет көрсету нарығына қол жеткізуге қатысты ұлттық режим) мен капитал қозғалысын қамтитын еркін сауда мен кеден одағы аймағын біртіндеп құруды қарастырды. Атап айтқанда, шарт ДСҰ келісіміне сәйкес рұқсат етілген шаралардан басқа, Тараптар арасындағы тауар саудасына қатысты барлық кеден баждарын және басқа шектеулерді жоюды және Бірыңғай кедендік тарифті енгізуді бастапқы мақсат етіп қойды.
1153. Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік құру жолындағы алдағы ілгерілеу мақсатында Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (ЕурАзЭҚ) құру туралы шартқа 2000 жылдың 10 қазанында қол қойылып, 2001 жылдың 19 қыркүйегінде ол күшіне енді. 2003 жылдың 19 қыркүйегінде Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы мен Украина президенттері Бірыңғай экономикалық кеңістік құру туралы келісімге қол қойды. Келісім тараптары ДСҰ ережелерін қоса алғанда, халықаралық құқықтың іргелі қағидаттары мен нормалары негізінде өзара сауда мен инвестицияға көмектесуге, сондай-ақ еркін сауда аймақтарын, соның ішінде, мүмкін, кеден одағын құру арқылы өз экономикаларының бәсекеге қабілеттіліктерін жоғарылатуға ниеттенді. Келісімге сәйкес, Келісімнің жүзеге асырылу шарттарының жылдамдығын және Тараптар арасындағы интеграция деңгейін есепке ала отырып, Бірыңғай экономикалық кеңістік кезең-кезеңмен құрылуға тиіс болды. Кезеңнен кезеңге көшуді алдыңғы кезеңде қарастырылған барлық шараларды орындаған мүше елдер ғана жүзеге асырмақ. Әр мүше қандай интеграция шараларын іске асырудан бастау керегін, сонымен қатар сондай интеграцияның жылдамдығы мен дәрежесін жеке анықтай алды. Сонымен бірге, бұл төртжақтық Бірыңғай экономикалық кеңістікті іске асыруға бағытталған ешқандай нақтылы кейінгі келісімдер әлі жасалған жоқ және келісімді іске асыру әрекеттері тоқтатыла тұруда.
1154. 2003 – 2006 жылдарға арналған Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру жөніндегі іс-шаралар тізбесінде қарастырылған іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында ЕурАзЭҚ Үкіметтерінің басшылары бұрын қабылданған шешімдерді, жаңа халықаралық шарттар мен келісімдер жасасуды іске асыруды, сондай-ақ жаңа құжаттарды дайындауды мақұлдады. 2007 жылдың 6 қазанында Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы КО туралы шарт жасасты. КО туралы шартқа сәйкес Бірыңғай кеден аумағын құру бірнеше кезеңде жүзеге асып, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы кедендік шекара жойылған 2011 жылдың 1 шілдесінде аяқталды. Бұрынырақта Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы жасасқан келісімнің ережелері және 2010 жылғы 10 желтоқсандағы ЕурАзЭҚ құру туралы шартқа (бұдан әрі - ЕурАзЭҚ туралы шарт) қайшы келмейтін басшы органдардың шешімдері өз әрекеттерін жалғастыруда. ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің №652 шешіміне сәйкес, ЕурАзЭҚ туралы шарт күшін жоғалтты. Қазақстан өкілі Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясы 2009 жылдың аяғына дейін келісілген КО туралы шарт, келісімдер мен басқа актілер ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағының құқықтық негізін қалыптастыруды аяқтады, сыртқы сауда режимін, кедендік саясат пен сауданы қорғау шараларын бірдейлендіру жоспарларынан бастап, мүшелер субъектілерінің арасындағы экономикалық ықпалдастықты біртіндеп ұлғайту үшін құқық алаңын жасады ; және де қаржы мен банктік жүйелердің арасындағы, әлеуметтік және гуманитарлық салаларда, сондай-ақ, құқықтық реттеу саласындағы ықпалдастыққа бастамашылық етті және Бірыңғай экономикалық кеңістік қалыптастырудағы ілгерілеу жалғасын тауып, 2015жылғы 1 қаңтарда ЕАЭО орнатумен аяқталды деп көрсетті.
1155.Жұмыс тобының мүшесі ЕурАзЭҚ мүшелері қолданатын импорт тарифінің 62% үйлестірілгенін ескертті, қалған тарифтік ұстанымдар бойынша үйлестіру қашан жүзеге асырылады деген сұрақ қойды. Жұмыс тобының бұл мүшесі қалған тарифтік ұстанымдарды келістірудің ресми кестесі бар ма екенін білгісі келді. Қазақстан өкілі бүгінгі таңда тарифтік үйлестіру бірыңғай БКТ шеңберінде өтеді деді. Импорттық баждардың 100% дерлік мөлшерлемелері сәйкестендірілді. Қазақстанға БКТ –тен берілген алып тастаулар қолданыстағы БКТ 11 119 тарифтік жүйеден 10 белгі деңгейдегі 72 тарифтік жүйемен шектелген. Бұл тауарларға импорттық баж мөлшерлемелері 2015 жылдың қаңтарына БКТ деңгейіне дейін көтерілетіні жоспарланған. Импорттық баждардың нөлдік мөлшерлемелері ретінде БКТ-дан алып тастау медицина жабдығына, фармацевтикаға, полиэтиленге, жылыжайларға, алюминий қақтамасына және теміржол вагондарына (сәйкес өтпелі кезеңдерін белгілеумен БКТ-нен алып тастауға жататын тарифтік жүйе тізбесі осы Баяндаманың 10-қосымшасында) қатысты берілген. Шығару кедендік баждарына қатысты бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясы үшінші елдерге қатысты экспорттық кеден баждары бөлігінде жеке режимдер қолданады.
1156. 2009 жылдың 27 қарашасында ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесі де Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясында 2010 жылдың 1 шілдесінде күшіне енген, ал Беларусь Республикасында – 2010 жылдың 6 шілдесінде күшіне енген Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартты мақұлдады. Кеден кодексін жүзеге асыру мақсатында қосымша келісімдер, шешімдер мен ұлттық кеден ережелері әзірленді. Қазақстан өкілі 2007 жылдың 6 қазанындағы Бірыңғай кеден аумағын құру мен Кеден одағын қалыптастыру туралы шартта көрсетілгендей, Мемлекетаралық кеңес Бірыңғай кедендік аумақ құру мен Шартта қарастырылған міндеттер орындалып біткеннен кейін кеден одағын қалыптастыруды аяқтау туралы шешім қабылдады деп түсіндірді. Кеден одағы 2010 жылы жүзеге асырылды. Кеден одағы 2015 жылғы 1 қаңтарда Еуразиялық экономикалық одағына (ЕАЭО) алмастырылды. Қазақстан өкілі, сондай-ақ, сауда саясаты мен ЕАЭО ережелерінің толық сипаттамасы осы Баяндаманың сәйкес бөліктерінде келтірілгенін атап өтті.
1157. ЕАЭО институцоналды және заңнамалық құрылымдары Қазақстан Республикасының сауда тәртібіне және ДСҰ шеңберіндегі міндеттемелерді жүзеге асыруға қатысты бөлігінде, «Саясатты тұжырымдау мен жүзеге асыру тетігі» ІІІ бөлімінде сипатталды.
1158. Жұмыс тобының мүшесі Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында Бірыңғай экономикалық кеңістік құру туралы ақпарат беруді өтінді. Қазақстан өкілі 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында Бірыңғай экономикалық кеңістік (бұдан әрі – ЕЭК) құру үшін құқықтық негіз белгілейтін 17 келісім күшіне енді деп жауап берді. Өкіл ЕЭК келісімдері өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық секторларын, мемлекеттік сатып алуларды, табиғи монополиялармен берілетін қызмет көрсетулерге қол жеткізу, әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету, қызмет көрсетулер саудасын, жеке тұлғалардың, инвестициялардың т.б. орын ауыстыруын мемлекеттік қолдау саласында ЕЭК мүшелерінің заңнамаларын үйлестіру үшін құқықтық негізді қамтамасыз етті деп баяндады.
1159. Өкіл Келісімдер ЕЭК-ге мүше мемлекеттер бизнесі үшін тең бәсекелестік жағдайды қамтамасыз ету ортақ мақсатымен ЕЭК тараптары арасындағы үйлестірілген саудалық және экономикалық саясат жүргізу жағдайларын құруға бағытталған деп толықтырды. Ол бұл Келісімдер 2015 жылы 1 қаңтарда күшіне енген ЕАЭО туралы шартқа енгізілгенін ескертт.
1160. Қазақстан өкілі ЕАЭО туралы шарттың 108-бабында қарастырылғандай, ЕАЭО жаңа серіктестерді енгізуге ашық екенін баяндады. Мүшелік ЕАЭО туралы шартта және ЕАЭО шеңберінде әрекет ететін басқа шарттарда қарастырылған міндеттемелерді қабылдап, орындауға дайын кез келген мемлекетке ашық.
1161. ТМД елеріне келсек, Қазақстан өкілі 1994 жылдың 15 сәуірінде ТМД-ға қатысушы елдер 1994 жылғы Еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қойды, деп баяндады. Бұл Келісім кедендік баждарды, салықтар мен алымдарды және тауарлардың еркін қозғалысына бөгет болған басқа да шектеулерді біртіндеп жоюды қарастырды. Келісім толығымен іске асқан жоқ және кейіннен 1999 жылдың 2 сәуіріндегі Еркін сауда аймағын құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттамамен толықтырылды. Хаттамамен еркін сауда аймағы қазіргі не келешек алып тастау туралы екіжақты келісімдер мен хаттамалар арқылы іске асуға тиістігі белгіленді.
1162. Қазақстан Республикасы Грузиямен және Түрікменстаннан басқа ТМД елдерінің барлығымен (Әзербайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы мен Украина) екіжақты келісім жасасты. Бұл Келісімдер Тараптар арасында тауар саудасының айтарлықтай бөлігін жабатын еркін сауда режимін орнатты. Еркін сауда туралы осы екіжақты келісімдер шеңберінде Қазақстаннан экспортталатын немесе импортталатын бұл елдерден шыққан тауарлар кедендік бажды төлеуден босатылады, ал тиісті алып тастау тізбесінде көрсетілген кейбір тауарлар кәдімгі кеден бажын, салықтар мен алымдарды алуға жатады. Еркін сауда режимінен алып тастауға жататын тауарлар тізімі Еркін сауда туралы екіжақты келісімге қосылған еркін сауда режимінен алып тастау туралы хаттамаларда қарастырылған. Тиісті хаттамаларға сәйкес, Қазақстан Республикасы алкогольді сусындар импортында (2201, 2202, 2209 қоспағанда, код СЭҚ ТН 22), темекі мен темекінің өнеркәсіптік алмастырушысына (код СЭҚ ТН 24) Әзербайжан мен Украинадан; алкогольді сусындардың жеке түрлеріне (код СЭҚ ТН 2203, 2205, 2206, 2207), темекі мен темекінің өнеркәсіптік алмастырушысына (код СЭҚ ТН 24) және ақ қантқа (код СЭҚ ТН 1701 99 100) Грузиядан, алып тастауларды қолданды. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Өзбекстаннан шығарылған импортында күрішке (код СЭҚ ТН 1006), алкогольді сусындарына (код СЭҚ ТН 2203, 2205, 2206, 2207), темекі мен темекінің өнеркәсіптік алмастырушысына (код СЭҚ ТН 24) алып тастауларды қолданады. Тиісті Хаттамаларға сәйкес, Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының экспорттық тарифтік реттеуіне жататын тауарларға олардың Қырғыз Республикасына, Молдова Республикасына және Тәжікстан Республикасына әкетуде баж қолдану құқығын резервке қалдырды. Экспорттық тарифтік реттеуге жататын тауарлар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы бажсыз сауда режимінен алынып тасталды (1992 жылдың 22 қазанындағы хаттама). Алайда, бұл ерекшеліктер ешқашан тәжірибеде қолданылған емес, себебі Хаттаманың жүзеге асырылуы тоқтатыла тұруда. Ешбір алып тастауларсыз Еркін сауда режимін құру туралы жаңа хаттамаға қол қойылуына байланысты, 1995 жылдың 20 қаңтарында аталған Хаттама жойылды.
1163. Жұмыс тобының мүшесі еркін саудадан алып тастау сияқты шектеулерді кезең-кезеңмен жою кестесі Өзбекстан Республикасына қатысты әлдеқашан жоспарланғанын баяндады да, сондай шектеулерді алып тастаудың деңгейлік кестесі Грузия, Украина, Әзербайжан Республикасы және Молдова Республикасына қатысты жоспарланды ма, әлде бұл мәселе қосымша келіссөзді қажет ете ме деп сұрады. Қазақстан өкілі қазіргі кезге дейін Қазақстан мен Өзбекстан арасында алып тастауды кезең-кезеңімен жою туралы хаттама жасалған жоқ деп жауап берді. Алып тастауды кезең-кезеңімен жою туралы хаттамаға 2004 жылы 11 қарашада Грузиямен қол қойылды, грузиндік импортқа қатысты Қазақстан қарастырған еркін сауда режимінен алып тастаулар 2005 жылы 1 сәуір күні жойылды. 2005 жылдың 24 мамырында Әзербайжан Республикасымен жасасқан Хаттамаға сәйкес Әзербайжан Республикасынан алкогольді сусындары, темекі мен темекінің өнеркәсіптік алмастырушысы импортына қатысты 2012 жылдың 1 қаңтарында жойылды. Қазақстан Республикасы мен Молдова Республикасы импорт бөлігіндегі еркін сауда режимінен алып тастау қарастырған жоқ, бірақ өзара саудада экспорт бөлігіндегі алып тастауларды қарастырды.Алып тастаулар туралы хаттамаға Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы де қол қойды, деді өкіл. Хаттама бір жылдық мерзімге жасалып, ұзартылған жоқ.
1164. Қазақстан өкілі, сондай-ақ, Жұмыс тобын 2011 жылдың 18 қазаны күні Армения Республикасы, Беларусь Республикасым, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Украина ТМД елдері арасындағы2011 Еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қойғанын хабарлады. Басқа ТМД елдері келісімге кейін қосыла алады. Жаңа келісім күшіне енгеннен кейін ТМД елдері мен Қазақстан Республикасының арасындағы еркін сауда туралы жекелеген келісімдерді алмастырады да, ТМД-ның барлық кеңістігінде көпжақты форматта артықшылықты сауда режимін орнатады. 2011 жылғы ТМД Еркін сауда аймағы туралы келісіміне сәйкес, Қазақстан Республикасы Украинадан келетін импорт бөлігіндегі арақ пен қантты еркін сауда режимінен алып тастауды қолданатын болады. Украиндық араққа қатысты алып тастаулар 2015 жылдың 1 қаңтарынан қолданылатын болады. Украинаның импорты бөлігіндегі қантты алып тастау Ресей Федерациясына , Беларусь Республикасына де қолданылатын болады. Өз кезегінде Украина Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасынан шыққан қантқа қатысты импорттық бажды қолданатын болады. Келісім шеңберінде Қазақстан Республикасы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден басқа, осы шартқа қатысушыларға қатысты 2011 жылғы ТМД Еркін сауда аймағы туралы келісімінің1-қосымшасында тізілген жекелеген тауарлар экспортында баждар қолдану құқығын өзіне қалтырды. Ол ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерді қоспағанда, Келісімнің басқа Тараптарына экспортталған жағдайда мына тауарларды қамтиды: соя бұршағы, рапс кольза мен күнбағыс дәні, шикі мұнай, жеңіл, орта және ауыр дистилляттар, мұнай битумы, табиғи және тас көмір газы, мұнай газы мен газ тәріздес көміртектер, ІҚМ, ҰҚМ өңделмеген терілері, мал жүні мен қылы, қара металл, алюминий, жез қалдықтары мен сынықтары, теміржол мен трамвай жолдарына, теміржол локомотивтерінің бөліктеріне қолданылатын қара металдан жасалған бұйымдар, алюминийден жеке бұйымдар (сонымен қатар ұнтақтар мен қабыршақтар, қақтама, шыбықтар, пішіндер, құбырлар, түтіктер және т.б.). 2011 жылғы ТМД Еркін сауда аймағы туралы келісімі ДСҰ ережелеріне негізделген бірыңғай құқықтық құрылым жасайды. Келісім негізінен, импорттық кеден баждарының айтарлықтай қысқарту арқылы біртіндеп жойылуын, өзара саудада шектеулерді, қолдануды және экспорттық кеден баждарының деңгейін реттейтін міндеттемелерді, өзара саудада қорғау шараларын қолдануды, бәсекелестік пен жәрдемақы ережелерін, саудада техникалық бөгеттерге қатысты қағидаларды, санитариялық және фитосанитариялық шараларды, дауларды реттеудің тиімді тетіктерін және т.б. қарастырады.
1165. Жұмыс тобының мүшесі Қазақстанның 2011 жылғы ТМД Еркін сауда аймағы туралы келісімі шеңберінде ДСҰ нормаларына негізделген бірыңғай құқықтық құрылым құруға қалай қол жеткізетінін нақтылауды өтінді. Бұл мүше, сондай-ақ, Қазақстан 2011 жылғы ТМД Еркін сауда аймағы туралы келісімді ТМД кеңістігіндегі еркін сауда аймағы туралы алдыңғы келісімнің жалғасы ретінде қарастыра ма дегенді нақтылауды және 2011 жылғы ТМД Еркін сауда аймағы туралы келісімді жүзеге асыруда 1994 жылғы ТМД Еркін сауда аймағы туралы келісімнің мәртебесіне қатысты хабардар етуді сұрады.
1166. Жауабында Қазақстан өкілі 2011 жылғы ТМД Еркін сауда аймағы туралы келісімі Келісім Тараптарының ДСҰ ережелерін сақтау міндеттемелерін растайтын қағидаларды қарастырады деді. Жекелеген ережелер дәйексөздер мен 1994 жылғы ГАТТ-қа сілтемелер және де тауар саудасына қатысты басқа да ДСҰ келісімдерін құрайды. Мысалы, 2011 жылғы ТМД Еркін сауда аймағы туралы келісімі ДСҰ ережелеріне негізделген келесі басты ережелерді қарастырады:
-
басқа Тараптан импортталатын тауарларға ұлттық режим беру;
-
V бабының түсінігінде Тараптар аумағы арқылы транзит еркіндігін беру;
-
1994 жылғы ГАТТ ХІ бабына сәйкес сандық шектеулерді ортақ жою;
-
экспорттың нәтижесімен байланысты көмекқаржыларды немесе импорттың орнына отандық тауарларды қолдануға тыйым салу;
-
ДСҰ ережелеріне сәйкес саудалық шаралар, СФС, СТК шараларының қолданылу, т.б.
1167.Атап айтқанда, деді өкіл, 2011 жылғы 2011 жылғы ТМД Еркін сауда аймағы туралы келісімнің 5-бабы Тараптар 1994 жылғы ГАТТ-тың ІІІ бабына сәйкес бірі-біріне ұлттық режимді қамтамасыз етуін қарастырады. 5-бапқа сәйкес, Тараптар ішкі салық, құқық және реттеу мен ішкі өндірістегі тауарларды қорғаудың алдын алу үшін кемсітпеушілік негізінде импорттық тауарлар саудасына ықпалын тигізетін талаптар қолдануға міндеттемелер алады. 2011 жылғы 2011 жылғы ТМД Еркін сауда аймағы туралы келісімінің 10-бабына сәйкес, Тараптар ДСҰ көмекқаржылар мен өтемақылық шаралар жөніндегі келісімінің 3-бабына сәйкес тыйым салынған көмекқаржыларды сақтамау немесе ұсынбау керек. Тыйым салынған көмекқаржыларды қолдануды сақтаған Тараптар 2011 жылғы 2011 жылғы ТМД Еркін сауда аймағы туралы келісімінде қарастырылған өтпелі кезең біткеннен кейін мұндай шараларды жоюға міндеттемелер алуы керек. Келісім шеңберінде Қазақстан Республикасы жергілікті қамту талаптарын қолдану құқығын мыналар бойынша өзіне қалдырды:*(і) ДСҰ-ға кіру шеңберінде қабылданған Қазақстан міндеттемелерімен сәйкес жойылғанша, жер қойнауын пайдаланушылар мен ішінара не толықтай үкімет бақылайтын кәсіпорындар сатып алулары; (іі) 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін еркін қойма режимі не арнайы экономикалық аймақ шеңберінде берілген преференция және (ііі) Премьер-Министрдің орынбасары мен Индустрия және сауда министрінің 2010 жылдың 11 маусымындағы № 113 Бұйрығына сәйкес жасасқан өнеркәсіптік құрастыру жөніндегі келісім шеңберінде берілетін тарифтік преференциялар– 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін.
1168. 1994 жылғы 2011 жылғы ТМД Еркін сауда аймағы туралы келісімі мәртебесіне қатысты, Қазақстан өкілі2011 жылғы ТМД Еркін сауда аймағы туралы да келісімі 1994 жылғы ТМД Еркін сауда аймағы туралы келісімді ауыстыру мақсатында жасалғанын баяндады. 1994 жылғы ТМД Еркін сауда аймағы туралы келісімі жүзеге толықтай асқан жоқ, ТМД кеңістігінде көп-жақты еркін сауда аймағын құру аяқталмады. 1994 жылғы ТМД Еркін сауда аймағы туралы келісімі ортақ негіздемелік келісім болып қалды да, сонымен қатар ТМД қатысушы елдері екіжақты келісімдер негізінде өзара еркін сауда аймағын құрды. Осыған байланысты, 2011 жылдың 18 қазанында барлық ТМД қатысушы елдер арасында еркін сауда жүргізу мақсатында келісім жасалды, онда ДСҰ нормаларының қағидаттары мен ережелері негізге алынды. 2011 жылғы ТМД Еркін сауда аймағы туралы келісімінің 23-бабына сәйкес, 1994 жылғы ТМД Еркін сауда аймағы туралы келісімінің қолданысы 2011 жылғы ТМД Еркін сауда аймағы туралы келісімінің қатысушылары арасында тоқтатылады деп түсіндірді өкіл. 2011 жылғы ТМД Еркін сауда аймағы туралы келісімінің қатысушылары арасында жасалған еркін сауда туралы екіжақты келісімдер де 2011 жылғы ТМД Еркін сауда аймағы туралы келісіммен ауыстырылады. Сонымен қатар, 1994 жылғы ТМД Еркін сауда аймағы туралы келісім, еркін сауда туралы екіжақты келісімдер сияқты, 2011 жылғы ТМД Еркін сауда аймағы туралы келісімінің Тараптары арасында және 2011 жылғы ТМД Еркін сауда аймағы туралы келісіміне қол қоймаған ТМД қатысушы елдері мен 2011 жылғы ТМД Еркін сауда аймағы туралы келісіміне қол қойған, бірақ әлі ратификацияламаған қатысушылар арасында да күшінде қалады.
1169. Қазақстан өкілі Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасымен сауда режимін бірдейлендіру мақсатында, 2010 жылдың 7 қазанында Қазақстан Сербия Республикасымен еркін сауда туралы екіжақты келісімге қол қойды және Черногориямен еркін сауда туралы келіссөздерге қатысуда, деді. Сербия Республикасымен еркін сауда туралы келісімге сәйкес, Сербия Республикасында немесе Қазақстан Республикасында шығарылған барлық тауарларды дерлік (ауыл шаруашылық өнімдерін қоса) басқа елдерге кіргізуде бажсыз режимін қолданады.
1170. Өкіл Қазақстан Республикасы Беларусь Республикасымен, Ресей Федерациясымен бірлесіп, сауданы ырықтандыруға бағытталған келісімдерді көбейту ниетінде екенін айтты. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасымен және ЕАЭО шеңберіндегі оның серіктестерімен еркін сауда туралы келісім жасау мақсатында Жаңа Зеландиямен, ЕЕСА, Вьетнаммен келіссөздер басталды.
1171.Жұмыс тобының мүшесі Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық ұйымы сауда келісіміндегі (ЭЫҰСК) қатысуы туралы және 2020 жылға қарай өз мүшелері арасында еркін сауда туралы келісім құру бойынша Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) жоспары туралы ақпарат беруді өтінді. Қазақстан өкілі Қазақстан ЭЫҰ-ға ресми түрде 1992 жылдың қарашасында қосылды, алайда, ЭЫҰСК мүшесі болып табылмайды және Қазақстан ЭЫҰ-ға мүше елдерге БҚЖ негізінде сауда режимін ұсынады, деп жауап берді. Бұдан басқа, ЭЫҰ-ға 10 мүше елдің төртеуі ЕАЭО дамыған және ең нашар дамыған елдерінің Ортақ преференция жүйесінің бенефициары болып табылады. Қазақстан Республикасы қалған төрт ЭЫҰ мүшесімен еркін сауда туралы екіжақты келісімге қол қойды – Әзербайжан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы. Ол бүгінгі таңда ШЫҰ шеңберінде еркін сауда туралы келісімдер жасау бойынша ешқандай жоспар жоқ екенін атап өтті.
1172.Қазақстан өкілі, сондай-ақ, БҚЖ тәртібі Қазақстанмен екіжақты преференциялық емес сауда келісімдерін жасаған барлық елдермен қарастырылғанын ескерді. Сонымен қатар, Қазақстан БҚЖ режимін қай жақтық болмасын, екіжақты келісімдер болмағандығына қарамай, барлық үшінші елдерге қолданады.
1173.Жұмыс тобының мүшесі Қазақстан Республикасы 1993 жылы 23 желтоқсанда Ашхабад қаласында барлық ТМД елдері қол қойған Өндірістік кооперация туралы келісімге қатыса ма, сондай-ақ сауда жүргізу шарттары қалай және де Қазақстан осы Келісімге қатысқан жағдайда, қазақстандық сауданың қандай бөлігі осы келісіммен реттеледі деген сұрақ қойды. Қазақстан өкілі Тәуелсіз мемлекеттер достастығының қатысушы мемлекеттерінің кәсіпорындары мен салаларының өндірістік кооперацияларын дамытуды қолдаудағы ортық шарттар мен тетіктерітуралы келісімге Қазақстан Республикасы 1993 23 жылдың желтоқсанында қол қойып, ол 1995 жылдың 10 мамырында күшіне енді деп жауап берді. Келісім КСРО кезіндегі орнатылған тікелей өндірістік байланыстар негізінде барлық меншік түріндегі кәсіпорындар, ТМД елдерінің өндірістік кешендері арасындағы қазіргі және құрылатын технологиялық және кооперациялық байланыстардың дамуын сақтау және қолдау мақсатында жасалды. Келісім ынтымақтастық шеңберінде17 және қайта өңдеу18 мен қызмет көрсетулер19 бойынша кедендік режим шеңберінде импорттық баж, салық, ТМД кедендік аумағынан жеткізілетін тауар санына шектеу қолданылмауын қарастырады. Келісім тиісті үкіметаралық, салалық және министрлікаралық келісімдер жасау қажеттілігін болжайды. Осы келісімдер шеңберінде жасаған келісімшарттар бойынша жеткізілетін тауарлар жоғарыда көрсетілген преференцияға жатады. Алайда, Қазақстан Республикасы мұндай үкіметаралық, салалық және министрлікаралық келісімдер жасасқан жоқ, демек, Өндірістік кооперация туралы келісімді тәжірибе жүзінде қолданбайды.
1174. Қазақстан өкілі, ДСҰ-ға кірген күнінен бастап Қазақстан өзінің преференциялық сауда келісімдерінің қатысуы кезінде 1994 жылғы Тарифтер және сауда жөніндегі ДСҰ Бас келісімнің XXIV бабымен және Қызметтер саудасы жөніндегі ДСҰ Бас келісімнің V бабымен шектелмей, бірақ қоса алғанда, ДСҰ ережелерін сақтайтын болады және де, кірген күнінен бастап ДСҰ келісімінің хабарлама, консультация және еркін сауда аймағы мен кедендік одақтарға қатысты талаптары бөлігіндегі басқа да ережелерін сақтауды қамтамасыз ететінін растады. Ол, ДСҰ-ға кіргеннен кейін, Қазақстан хабарламалар мен өзінің еркін сауда келісімдерінің, ЕАЭО туралы шарттың және оның қосымша келісімдерінің көшірмелерін Аймақтық сауда келісімдері бойынша ДСҰ-ның комитетіне (CRTA) беретінін растады. Жұмыс тобы осы міндеттемелерді назарға алды.
ҚОРЫТЫНДЫ:
1175.Жұмыс тобы осы Баяндамада көрсетілгендей, Қазақстанның өз сыртқы сауда режиміне қатысты түсіндіруін және өтінішін назарға алды. Жұмыс тобы: 59, 87, 101, 142, 170, 208, 209, 250, 274, 288, 298, 301, 303, 307, 308, 309, 310, 311, 313, 317, 351, 359, 383, 431, 434, 435, 438, 439, 443, 445, 464, 467, 469, 483, 493, 521, 526, 527, 540, 559, 585, 590, 625, 631, 634, 641, 650, 651, 653, 657, 670, 704, 711, 712, 716, 720, 721, 722, 724, 736, 738, 747, 753, 762, 764, 765, 766, 772, 777, 784, 785, 788, 789, 797, 803, 812, 830, 833, 835, 838, 841, 848, 849, 856, 859, 872, 874, 875, 896, 897, 933, 934, 947, 949, 962, 986, 987, 988, 989, 1013, 1061, 1063, 1067, 1079, 1081, 1102, 1114, 1116, 1127, 1131, 1132, 1133, 1134, 1146, 1147, 1148, 1150 және 1174- тармақтарда ұсынылған жекелеген ерекшелік мәселелерге қатысты Қазақстан Республикасының міндеттемелерін назарға алды.
1176. Жұмыс тобы осы міндеттемелер Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға қосылу туралы хаттамасының 2- тармағына енгізілетінін айтты.
Қазақстан Республикасының сыртқы сауда режимін бағалай отырып және Қазақстан өкілінің міндеттемелер мен шегінулер жөнінде жасаған түсіндірулер бойынша Жұмыс тобы Қазақстан Республикасы ДСҰ құру туралы Марракеш келісімінің 12-бабына сәйкес қосылуға шақырылады деген қорытындыға келді. Осы мақсатта, Жұмыс тобы аталған Баяндамаға Қосымшада берілген шешім жобасын және Кіру туралы хаттаманы дайындады және осы Хаттамаға қосымша болатын Тауар бойынша басқаға берулер мен міндеттемелердің тізбесін (WT/ACC/KAZ/Add.1-толықтыру құжаты) және оның Қызметтер бойынша ерекше міндеттемелерінің тізбесін (WT/ACC/KAZ/Add.2-толықтыру құжаты) назарға алды. Бас Кеңес баяндаманы қабылдаған кезде, осы мәтіндердің қабылдануы ұсынылды (2015 жылдың Х айы). Шешім қабылданған сәттен бастап, Қосылу туралы хаттама Қазақстан Республикасы қабылдау үшін ашық болады, ол осы Хаттаманы қабылдағаннан 30 күннен кейін мүше болады. Жұмыс тобы ДСҰ құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы бойынша келіссөздерге байланысты өзінің жұмысы аяқтағандығымен келіседі.
1-ҚОСЫМША
Достарыңызбен бөлісу: |