Атаулар мен ресурстар көрсеткіщтерінің домендік жүйесі.
Желі компьютерлерінің физикалық адрестерін пайдалану ыңғайсыз (адамдардың ұзақ цифрлар тізбегін есте сақтауы қиын), сол себепті физикалық адрестерге сәйкес әріптерден тұратын мағынасы бар символдық (домендік) адрестер жасалған. Домендік адрестің жазылу ережесі мынадай:
хаттама://компьютер аты. домен аты [/каталог/ішкікаталог/файл аты]
Бірінші болып қолданылатын хаттама көрсетіледі, мысалы, http. Келесі компьютер аты жазылады да, одан кейін домен аты тұрады, мысалы, microsoft.com. Адрес соңында кейде сервердегі каталог аттары мен файл аттары жазылады, мысалы /mprses/cpnew.htm. Тік жақша ішіндегі адрес бөлігі жазылмаса да болады. Бірнеше нақты адрестермен мысал келтірейік:
http://www.microsoft.com
http://www.narod.ru
ftp://mathsoft.com
Аймақтық домен аттары
-
Kz
|
Қазақстан
|
Us
|
АҚШ
|
Uz
|
Өзбекстан
|
Ru
|
Ресей
|
Ua
|
Украина
|
Домен аттары 2-4 сөздерден тұрады, ең оң жақтағы жоғарғы (шеткі) домен мемлекет атына сәйкес келеді немесе мекеме типін (АҚШ-тағы) көрсетеді.
Қызмет бабына қарай қойылған домен аттары
-
Домен
|
Мекеме типі
|
com
|
Коммерциялық ұйымдар
|
edu
|
Білім мекемелері
|
gov
|
Мемлекеттік ұйымдар
|
mil
|
Әскери ұйымдар
|
org
|
Басқа мекемелер
|
net
|
Желіні басқару мекемелері
|
int
|
Халықаралық ұйымдар
|
Аттардың домендік жүйесі (Domain Name System, DNS) домендік аттарды санмен жазылатын ІР-адреске түрлендіреді. Осындай түрлендіру ісін атқаратын компьютерлер DNS-серверлер деп аталады.
DNS жүйесі жасалғанға дейін домендік аттарды ІР-адреске ауыстыруға қажетті ақпарат hosts файлында сақталатын еді.
Интернетте көптеген қызмет түрлері бар. Олардың ішіндегі ақпаратты таратуға арналғандары: WWW, ҒТР, Telnet. т.б.; электрондық мәлімет үшін: E-mail, Usenet, ISQ, IRC, IP-телефония және басқалары. Интернеттің әр қызмет бабы мәлімет таратудың немесе алмасудың әртүрлі функцияларын атқарады, оның үстіне олардың кейбірі ескіріп жойылса, кейбірі жаңадан туындап келеді. Осылардың қазіргі желілерде жұмыс істейтін негізгілерінің қысқаша сипаттамаларын қарастырып өтейік.
ҒТР. Қашықта орналасқан машинаның каталогтарымен және файлдарымен жұмыс істейтін хаттама (File Transfer Protocol – файлдарды тасымалдау хаттамасы) мен программалар осылай аталады. ҒТР құралдары сервер каталогтары мен файлдарын көріп, олардың бірінен біріне ауысып, керектілерін көшіріп алуға, жаңартуға мүмкіндік береді.
Telnet. Бұл термин арқылы клиенттің алыстағы сервер-компьютермен қатынасуын қамтамасыз ететін хаттама мен программа белгіленеді. Байланыс орнатылғаннан кейін тұтынушы қашықтағы компьютердің операциялық жүйесіне кіріп, сондағы орнатылған программалармен өз программалары тәрізді жұмыс істей алады.
E-mail. Бұл электрондық поштаның ағылшынша аталуы, ол - желі қызметтерінің ішіндегі электрондық мәлімет алмасудың ең негізгісі. Электрондық пошта көмегімен барлық құрылықтарда тұратын адамдар бір-біріне электрондық хаттар мен файлдар жібере алады.
Электрондық пошта жұмысы кәдімгі тұрмыстағы поштаға ұқсас болғандықтан, оның жұмыс істеу принциптерін меңгеру тұтынуылар үшін аса көп қиындықтар туғыза қоймайды. Оның негізгі айырмашылығы – физикалық заттар емес, ақпараттық мәліметтер, бейнелер жөнелтіледі.
Электрондық пошта географиялық адрестеуді қолданбайды. Электрондық поштаның адресі төмендегідей түрде болады:
Тұтынушы__аты @домен__аты.
Мысалы: ibm@mail.ru, ibm@narod.ru
Usenet жүйесінің бірнеше анықтамалары бар, олар – тармақталған дскуссия клубы, телеконференция, жаңалықтар тобы. Мұның электрондық поштадан айырмашылығы – мәліметті бір адамға ғана емес, бірнеше абоненттер тобына (телеконференциялар) жолдайсыз. Әртүрлі мәселелерді талқылау кезінде конференцияға қатынасушылар тең құқықты болып саналады. Әрбір телеконференция бір тақырыпқа (ғылымда, өнерде, спортта, т.с.с.) арналады және оның өзіндік адресі болады, мұндағы қарастырылатын мәселелер ауқымы әр түрлі бола береді – өте ауқымды тақырыптан (бір сұрақтың барлық жағы) тек бір ғана сұраққа дейін (мысалы, филателия) қамтылады.
ISQ (I seek you – мен сені іздеймін) – желі тұтынушыларына нақты уақыт кезеңінде хат-хабарлармен алмасып, бірден чат (chat- әңгіме) құрып, файл жіберіп, әңгімелесуге мүмкіндік беретін қызмет түрі.
IRC (Internet Relay Chat) – нақты уақыт кезеңінде телеконференция өткізудің бір түрі, тұтынушылардың бір-бірімен әңгіме-дүкен құруға болатын қызметі. IRC-серверлері мен IRC-клиенттері көмегімен тұтынушылар бір-бірімен «виртуальды» әңгіме өткізуді пернетақтада сөздерді теру арқылы жүргізеді.
IP-телефония. Интернетте телефондағы дауыс арқылы мәлімет алмасуды өте тиімді деп айтуға болмас, бұл тек TCP/IP хаттамалары негізінде электрондық мәлімет алмасудың жеке бір түрі ғана. Адамның дауысы цифрлы файлға түрлендіріледі де, желідегі қарапайым мәліметтер пакеттері тәрізді түрде тасымалданады. Қазақстан Республикасы байланысының ұлттық операторы болып саналатын «Қазақтелеком» ААҚ-ы осы байланыс түрін практикада пайдаланып жүр.
Достарыңызбен бөлісу: |